Үстіміздегі жылдың 16-17 қазан күндері Жаңақорған ауданының Машбек ауылында «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының X чемпионаты аяқталды.
Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 16 команда, 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Жарыстың қорытындысы бойынша 55 келі салмақта І орын – Жандос Ғизат (ШҚО), ІІ орын – Абылайхан Кеулімжай (Жамбыл обл.), ІІІ орындар – Әлішер Мұханбетжанов (Қостанай обл.) және Дәулет Ниетбай (Алматы қ.), 60 келі салмақта І орын – Нұрболат Ізімғалиев (Атырау обл.), ІІ орын – Олжасбек Ілесбеков (Алматы қ.), ІІІ орындар – Нұрлыбек Алдабергенов (Қызылорда обл.), Медет Калиев (Қостанай обл.), 66 келіде І орын — Әбілқайыр Мауленин (Алматы обл.), ІІ орын – Ерлан Жақсыбеков (Қызылорда обл.), ІІІ орындар – Ерасыл Сәкенұлы (Алматы қ.), Мейіржан Тұрарбеков (Алматы обл.), 74 келі салмақта І орын – Еркінбек Бөлен (ОҚО), ІІ орын – Ғалымжан Әбдірахманов (Қызылорда обл.), ІІІ орындар – Мерей Советқазин (ШҚО), Данияр Темірханов (Астана қ.) 82 келі салмақта І орын — Дәулет Пахриденов (Жамбыл обл.), ІІ орын – Ғалымжан Өтешов (ОҚО), ІІІ орындар – Әсет Жүнісов (Ақмола обл.), Нұрсұлтан Сәлімжанов (Қостанай обл.), 90 келі салмақта І орын – Шыңғысхан Жақып (Жамбыл обл.), ІІ орын — Елдар Мұқан (Алматы обл.) ІІІ орындар – Көбеген Айдосұлы (Ақтөбе обл.) және Абылайхан Қасымхан (Қостанай обл.), 100 келі салмақта І орын – Мақсат Исақабылов (Қызылорда обл.), ІІ орын — Айбек Серікбаев (Қызылорда обл.) ІІІ орындар – Самат Есен (ОҚО) және Абай Ерболұлы (Жамбыл обл.), +100 келі салмақта І орын – Айбек Калибеков (ШҚО), ІІ орын — Нұрым Сәлімгереев (Қызылорда обл.) ІІІ орындар – Арман Сәрсенбеков (Қызылорда обл.) және Исланбек Ілиясқажы (Алматы қ.).
Сондай-ақ, 23 жасқа дейінгі жастар арасында қазақ күресінен түйе палуандар сайысында ақмолалық Бекбол Нұрланұлы бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды қызылордалық Нұрым Сәлімгереев алса, жамбылдық Жамбыл Тұрғанәлиев үшінші орынды еншіледі.
Сонымен қатар, Еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған волейболдан және шағын-футболдан облыстық ашық турнирлер өтті. Волейболға 8 команда, шағын-футболға 13 команда қатысты.
Волейболдан өткен турнирдің қорытындысы бойынша:
І орын – Ақтөбе қаласының командасы
ІІ орын – Байкен-У командасы (Жаңақорған ауданы)
ІІІ орын – Қызылорда қаласының командасы
Турнирдің «Үздік ойыншылары» — Әсет Медеуов (Байкен-У командасы), Александр Беркин (Ақтөбе қ.), Бақберген Нәжім (Әбдіғаппар ауылы), Берік Өтегенов (Қызылорда қ.).
Шағын-футболдан жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Машбек ауылының командасы
ІІ орын – Қызылорда қаласының командасы
ІІІ орын – Жаңақорған ауданының командасы
Турнирдің «Үздік ойыншылары» — Әділбек Абдулханов (Машбек ауылы), Асхат Кулебаев (Ақтөбе қ.), Әділжан Қосжанов (Қызылорда қ.), Азат Алтынбеков (Жаңақорған ауданы).
Қазақ күресінен өткен Қазақстан чемпионаты мен волейболдан және шағын-футболдан облыстық ашық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, 18 қазан күні «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен түйе палуандар арасында халықаралық турнир болып өтті. Оған Белоруссия, Ресей, Грузия, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 35 палуан қатысты.
Нәтижесінде Грузия палуаны Левани Матиашвили бас жүлдені иеленіп, оған Нексиа жеңіл автокөлігінің кілті табысталды. Екінші орынға ие болған қарағандылық Ержан Шынкеевке Нива жеңіл автокөлігінің кілті берілсе, қола жүлдегер атанған Моңғолия палуаны Даваньям Алтангерелге 700 мың теңгенің сертификаты табысталды. Сондай-ақ, «Көрермендер көзайымы» номинациясымен Евгений Бедулин (Белоруссия) және «Үздік әдіс көрсеткені үшін» — Грузия палуаны Александр Заалишвили марапатталды.