Домой Блог Страница 311

Эммиде GOT рекорды: 12 жүлде!

gameofthrones15_186

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Лос-Анжелесте өткен биылғы ЭММИ сыйлығында GOT (Game of Thrones / Тақтардың ойыны) «Үздік драмалық сериал» атағын жеңіп алды. Соңғы 2 жылда Breaking Bad сериалынан оза алмай жүрген GOT биылғы ЭММИде 12 жүлде жинап, рекорд істеп кетті.

Үздік драмадан бөлек Дэвид Бениофф и Д.Б. Уайсс «Үздік драма сценарийі» атағына лайық деп танылды. Сондай-ақ Дэвид Наттер «Үздік драма режиссурасы» номинациясын жеңді. Ал, Тирион Ланнистер ролін сомдаушы Питер Динклэйдж «Екінші пландағ үздік актер» атағын жеңіп алды. Бұлардан басқа «Үздік дыбыс», «Үздік визуал эффект», «Үздік драма кастингі», «Үздік дизайн» сияқты техникалық номинациялар да GOT сериалына бұйырды.

Исаның артындағы Ай

0

potd-christ_3442961k

Риодағы Иса Пайғамбар статуясының артындағы жаңа туған ай.

Фото: TASSO MARCELO/AFP/Getty Images

Жазбен қоштасып тұрған тиін

0

potd-squirrel_3441915k

Кішкентай қолшатыр астында жазбен қоштасып тұрған тиін. Бұл қызық суретті швед фотографы Геерт Вегген түсіріп алыпты.

Сенегалдағы қазақтар қазып берген құдық

0

12039506_10200760040080510_5653888086975986322_n

Африкадағы ауыз суы тапшы елдердің бірі Сенегалдағы мына құдық Астана қазақ-түрік лицейінің түлектерінің демеушілігімен қазылған. Қазір бұл құдық 8 ауылды тұщы сумен қамтамасыз етіп отыр.

Қала күніне орай Алматыда үлкен жәрмеңке өтті

ArhG4WwTT4y4f0NW9WXfRhtLOAauNCA4tp8jpLEdvGh9«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген мақалды ұстана отырып, бүгін алматылықтар таңертеңгі сағат 8-ден бастап Төле би мен Абылай хан даңғылының қиылысында орналасқан «Астана» алаңының бойына жиналды. Жиынның басты себебі Алматы облысы тауар өндірушілерінің Алматы қаласындағы ауылшаруашылық жәрмеңкесінің ұйымдастырылуы болатын. Сонымен қатар аталмыш шара Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен өтті. Күздің алғашқы жәрмеңкесіне Алматы облысының тауар өндірушілерінің 280,3 тонна сапалы және экологиялық таза өнімнің 70 түрлері қойылды. Қала тұрғындарының қолайлы жағдайда өсірілген, өндірілген, сапасы жоғары, экологиялық жағынан тазалығына күмән тудырмайтын, әрі бағасы да тиімді өнімдерге күнделікті қол жеткізе бермейтіні рас. Сол себепті де күннің суықтығына қарамай, демалыс күндерін арнап келіп, сауда жасағандар легі көп болды. Онымен қоса баса назарда ұстайтын жәйт: жәрмеңкеге қойылған ет-сүт, жеміс-жидек, көкөніс, балық және басқа да өнімдердің бағасы нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен болып, Алматы облысының аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары және «Жетісу» СПК, Алматы қаласының бірнеше сауда орындары өз тауарларын халыққа ұсынды.

«Біріншіден, баршаңызды қала күнімен құттықтаймын! Бүгін мемлекет басшылығының тапсырысымен ауылшаруашығы өнімдерінің бағасы 33 негізгі позиция бойынша түсіріліп, жәрмеңкеге қойылған болатын. Көп жағдайда 20-30 пайызға дейін төмендетілген бағамен өз өнімдерін ұсынған Алматы облысының тауар өндірушілеріне алғысымды білдіремін. Бұл – қала күніне орай жасалған ең үлкен сыйлықтардың бірі болды. Оның үстіне бүгін және ертең біз «Апорт мерекесін» тойлаймыз. Ең сапалы әрі дәмді алмалар бүгінгі жәрмеңкенің басты ерекшелігі болды деп ойлаймын. Және тағы бір мәрте естеріңізге сала кеткім келеді, келесі аптаның сәрсенбісінде жұмыс күні екеніне қарамастан Жамбыл облысы өз тауарларымен келіп, халыққа ұсынатын болады. Құрбан айттың алдында өткізіліп отырған бұл мерекемен баршаңызды құттықтағым келеді. Таңертеңнен кешке дейін қолдары тимейтін жұмыскер қауым үшін бұл жәрмеңке өте тиімді болғаны үшін, әрі Құрбан айт мерекесінде жайылатын дастарханның сәнін келтіретін тағамдардың барлығы дерлік осы жерден табылғанына мен қуаныштымын», — деді қала әкімі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Биылғы жәрмеңкенің осы уақытқа дейін өткізілген жәрмеңкелерден басты айырмашылығы жаңа әкім Бауыржан Байбек мырзаның сатылымға шығарылған азық-түліктерді аралау барысында қарапайым халықпен етене араласып, тауарлардың сапасы мен бағасы жайында ой-пікірлеріне құлақ түріп, қазіргі хал-ақуалдарын сұрауы болды. Жиылған жұрт та алғыстарын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мәз-мейрам боп қалды. Қарапайым халыққа пайдасы көп осындай іс-шаралар көп болса екен дейміз, ендеше.

Шайқақ Риза Ерлікқызы

Ертең Алматыда «APPLE FEST» дәстүрлі алма фестивалі өтеді

almaЕртең Тұңғыш Президент саябағында өтетін «APPLE FEST» дәстүрлі алма фестивалі биыл да қызыққа толы мерекелік бағдарламаларымен ерекше есте қалмақ.

Алматылықтардың ең сүйікті мерекесіне орай ұйымдастырылатын «Аpple Базарға» биыл 100 тонна алма жемісі әкелінеді. Саябақ алаңдарында өтетін әртүрлі мәдени шаралар алматылықтардың демалыс күндерін көңілді өткізуіне септігін тигізеді. «APPLE FEST» аясында саябақ алаңында қала тұрғындары мен қонақтары үшін 11 мәдени шара ұйымдастырылады. Мереке күні көрермен парк алаңындағы арнайы бөлінген негізгі сахна, «Аpple ART», «Қазақ ауылы», «Қалалық дәм жәрмеңкесі» фестивалі, «Аpple FAMІLY», «Apple MUSІC», «Apple Dancе», «Аpple Драйв», «Apple Karaoke» аймақтарында мерекелік бағдарламаларды тамашалай алады. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ ауылы» көрерменнің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған алаңда киіз үйлер тігіліп, батырлар шеруін өткізу жоспарланған.

Мерекелік шаралардың картасы:

almatyday2015-applefest

www.almaty-akshamy.kz

Ақмола облысында бүркітшілердің халықаралық сайысы басталды

3255b138d06e81d3817ccce2a9ead04dҚыркүйектің 19-20 күндері Ақмола облысында Бүркітшілер сайысы өтеді. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған шараға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры демеушілік көрсетіп отыр.

Сайыста 10 мемлекеттен келген бүркітшілер бақтарын сынайды деп жоспарланып отыр. Атап айтар болсақ, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғыз Республикасы секілді алыс-жақын шет елдерден келген бүркітшілер шеберлік байқасады.

Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші, бүркітші қыран құсын қоян және түлкіге салып аңшылық шеберлігін көрсетсе, келесі бөлімдерде құсын қолына қондырып, көкке еркін ұшыру секілді сатылардан өтеді.

bnews.kz

Талдықорғанда қала күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілуде

image-17-09-15-04-17-1Талдықорғанның төл мерекесі – қала күні қарсаңында қалалық әкімдік өкілдерінің  Ұлы Отан соғысының ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтап, ақсақалдардың көңілін сұрап шығуы дәстүрге айналған.

Бүгін бұл игі іске Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Қалық та үлесін қосып, Түлепқұлов Смағұл Шәріпұлы мен Кошкин Сергей Степановичті келе жатқан мерекемен құттықтап қайтты. Қос ардагердің қалын сұраған қала басшысы мерекелік сыйлықтарын табыстап, бастысы дендеріне саулық тілеп, ерліктің өшпес өнегесі болған қарияларға амандық тіледі.

Айта кетелік, қалыптасқан дәстүрге сай, қала әкімдігі мен оған қарасты бөлімдердің өкілдері, бұл үрдісті жалғастырып, алдағы уақытта Талдықорғандағы барлық ҰОС ардагерлерін қала күнімен құттықтап шығады.

01

02

Еуропаның ең «семіз» және ең «сымбатты» ұлттары

20120618102904Дәрігерлердің халықаралық ұжымы Еуропаның ең «семіз» және ең «сымбатты» ұлттарын атады. Авторлар зерттеулерінің нәтижелерін Nature Genetics журналында жариялады.

Дәрігерлер өз жұмысында Еуропадағы 14 елде тұратын шамамен 250 мың адам, сондай-ақ 17,5 мың туыстық жұп бойынша мәліметтерді талдаған. Зерттеу қандай да бір ұлт өкілінің орташа бойы неғұрлым төмен болса, оның өкілдері соғұрлым арық және дене бітімінің индексі (ДМИ) аз. Соңғысы дене салмағына (келімен өлшегенде) бойының ұзындығына  (метрмен өлшегенде) сәйкес белгіленіп, артық салмақты анықтайды. Мысалы, дененің салмағы 67 келі және бойы 1,7 метр болған жағдайда, ДМИ 23-ке тең.

Скандинавия елдері — Норвегия, Швеция және Дания тұрғындарының бойлары ең ұзын және сымбатты болып танылса, ең семіз және бойлары тапалдар испандықтар, итальяндықтар, португалдықтар және гректер болып шықты. Француздар мен британдықтар орташа позицияларда тұрақтады.

inform.kz

Германияда болашақ заманның көліктері таныстырылды

20150918130050Германияның Франкфурт қаласындағы атақты көлік салонында әлемнің жетекші автоконцерндері жаңа қуатты модельдерін таныстырды.

Көліктердің барлық дерлігі талғампаздардың дизайнымен ғана емес, инновациялық табыстарымен де ерекшеленді.

Көрмеде «Nissan Gripz», Audi e-tron quattro, Tesla Model X, Q6 электр кроссовері, Toyota C-HR көліктерінің жаңғыртылған нұсқасы жарыққа шықты.