«Свадьба на троих» атты комедиядан кейін танымалдыққа ие болған режиссер Асқар Бисембиннің «Адель» атты жаңа туындысы кинотеатр экрандарына 15 қазанда шығады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Картина қайсар әрі бірбеткей Адель есімді қыз бен атақты композитор Бекжанның арасындағы романтикалық оқиғаларды баяндайды. Екі ғашықтың ролін әнші Әсел Сәдуақасова мен актер Берік Айтжанов сомдайды. Айта кетейік, дәл осы роль үшін Берік мырза өз имиджін түбегейлі өзгерткен, яғни шашын өсіріп, сақал-мұрт қойған. Ал Әсел Сәдуақасова өз рөлімен бірге фильмнің продюсері деген міндетті қатар алып жүр.
Кино түсірілімі Алматы қаласында өтті. Сценарийін жазғандар Асқар Бисембин және Сергей Пак, композиторы — Павел Ли. Сонымен бірге, «Адель» фильміне екі саундтрек жазылды, оларды Дильназ Ахмадиева мен Қайрат Нұртас орындайды.
Берік Айтжанов «Адель» фильміне түсті
Теңгені қолдауға арналған жоба пайда болды
Алматылық Павел Ткаченко экономикалық қиын кезеңде ұлттық валютамызды қолдау мақсатында сайт ашты.
Павел идеяның 16 қыркүйекте, доллар бағамы 300 теңгеге дейін көтерілген күні келгенін айтты. Ол бұл кезде студенттер асханасында тамақтанып отырған екен.
«Университет асханасында тамақтанып отырып теңгенің құлдырап бара жатқанын көрдім. Көңіл-күйім түсіп кетті. Фотошопты ашып теңгені бейнеледім. Оған «сырқатынан айықсын» деген мақсатта жолжелкен жабыстырдым. Адамдарға теңгенің тезірек қалпына келуін тілеуге неге мүмкіндік бермеске деген ой келді. Tengeneboley.kz доменін сатып алып, 16 қыркүйек күні кешке сайтты іске қостым. Адамдар біртіндеп қызығушылық таныта бастады», — деді Павел Ткаченко.
«Ең бастысы — адамдарға көңіл көтеруге мүмкіндік беру. Жағымды пікірлер көп болған сайын, соғұрлым жағдай жақсарады. Сайтты қосқаннан кейін теңге де қайтадан орнына келе бастады. Бұл тек Ұлттық банктің еңбегінің ғана емес, біздің де тілегіміздің арқасында болды», — деді ол.
Асқар Құранбек: ҚОШТАСУ
ҚОШТАСУ. Асқар Құранбектің туындысы. Кеше көрсеткенде көзіме еріксіз жас келіп, жүрегім суып қоя берді… Сооондай бір аянышты сурет Асқардың айтуынша, жерде байлаулы жатқан жылқыны союға дайындап қойған екен. Сонда өзге жылқылардың барлығы оның келмеске кетіп бара жатқандығын сезгендей қайта-қайта айналып келіп осылай қосшатысып жатқан сыңды жанынан шықпайды екен… Сол сәтті түсіріп алған Асқар бұл суретін «Қоштасу» деп атаған екен.
Facebook журналистердің жағдайын жасай бастады
Facebook компаниясы БАҚ журналистері мен қызметкерлеріне ақпарат іздеу жүйесін жасады. Жаңадан құрылған Signal жобасы Facebook және Instagram желілеріндегі жаңалықтар мен әйгілі тақырыптарды бақылап отыруға мүмкіндік береді.
«Әлеуметтік желіміздің ауқымдылығы мен ондағы сақталған ақпараттардың құндылығын ескере отырып, осы материалдарға журналистердің жылдам қол жеткізуін жеңілдетуді мақсат етіп отырмыз», — дейді Facebook компаниясы жаңалықтар және ғаламдық медиа бөлімінің басшысы Энди Митчел.
Signal жобасының арқасында журналистер Facebook және Instagram желілерінде жарияланған фото және видеоматериалдарды дембе-дем алып отырады.
Айта кету керек, журналистер жаңа жүйеге сауал жібергеннен соң тіркеледі.
Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің байқау бағдарламасына 10 кинокартина енді
Қыркүйектің 19 мен 25 аралығында өтетін XI халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің байқау бағдарламасына 10 кинокартина енді.
Олардың ішінде: «Жат», режиссері Ермек Тұрсынов (Қазақстан), «Норвегия» Яннис Веслемес (Грекия), «Көктегі қоныс» Мирлан Әбдіқалықов (Қырғызстан), «Мустанг» Дениз Гамзе Эргювен (Франция, Германия, Түркия, Катар), «Сүйікті ісім» Адитья Викрам Сенгупта (Үндістан), «Набат» Эльчин Мусаоглу (Әзербайжан), «Мельбурн» Нима Джавиди (Иран), «Несие шегі» Саломэ Алекси (Грузия, Франция, Германия), «Мен Ноджюм, менің жасым онда және мен ажырасқанмын», Хадиджа аль-Салями Йемен (БАӘ, Франция), «Арвентур» Ирина Евтеева (Ресей).
Оған қоса, фестивальдің ашылу салтанатында Ақан Сатаевтың «Хакер» фильмінің әлемдік премьерасы өтеді. Аталмыш туындының түсірілімі Нью-Йорк, Торонто, Дубай мен Бангкок қалаларында өткен болатын.
Әнші Луина Түркияда өтіп жатқан танымал шоудың үшінші кезеңіне өтті
Қазақстанның атынан әйгілі Rising Star Turkey шоуына қатысып жатқан отандық әнші Луина келесі турға өтті.
Луина екінші турда Алиша Киздің Empire State of Mind атты композициясын орындады. Оған тікелей эфир көрермендері мен бүкіл зал қолдау көрсетті, сондай-ақ әділ қазылар алқасының төрт мүшесі де дауыстарын Луинаға берді. Осылайша, ол күзде түрік телеарнасының эфирінде өтетін үшінші кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, Rising Star — жаңа форматта өткізілетін интерактив шоу. Әнші сахнаға шыққан кезде алдында тұрған қабырғадан ол қазылар алқасын көре алмайды, бірақ қатысушы 70 пайыздан жоғары дауыс жинаса қабырға көтеріледі.
Бірінші кезеңде әнші Луина Beyonce-тың Halo композициясын орындап, 86 пайыз дауыс жинады. Еске сала кетейік, қазылар алқасы құрамында Мустафа Сандал, Демет Акалын, Ойку Сертер және Фуат сияқты Түркияның танымал тұлғалары бар.
Джон Сноу тірі!
Game of Thrones сериалының танымал актеры Кит Харингтон бельгиялық Huma жастар журналына берген сұхбатында Джон сноудың әлі тірі екенін жанамалап айтқандай болыпты. Актердың айтуынша сериал әлі де оның өмірінің бір бөлшегі болып қала бермек. «Сериал аяқталған кезде 30-дан асатын шығармын» депті. Кит Харингтон қазір 28 жаста.
Шілде айында сериал фанаттарының бірі актерды түсіру алаңында көргенін айтққаннан кейін HBO арнасының басшысы Майкл Ломбардо «Джон Сноу еш шүбәсіз өлді» деп мәлімдеген болатын. Алайда сериал түсіріліп жатқан Белфаст қаласында 8 қыркүйек күні бір фанат оны жеміс дүкенінде көргенін жазды.
Көкшетауда Ақан серінің туысы Науан Хазіреттің құрметіне мешіт ашылды
«Ұлы дала елі» экспедициясының мүшелері Көкше өңірінің тарихын жіті зерттеу үшін өлкені аралап жүріп, жергілікті халықпен танысты. Олар тұрғындар мен имамдардың шақыруымен Науан Хазірет атындағы мешіттің ашылуына арналған тойдың қонағы болып қайтты.
Көкшетау қаласының төрінде қасиетті Көкше жерінің тумасы, ағартушы Науан Хазіреттің құрметіне мешіт ашылды.
«Көкше өлкесінде, солтүстік Теріскей өңірлерде Науан Хазіреттің есімі кеңінен танымал. Ол ағартушы, мұсылмандықтың шапағатын жаюға бүкіл өмірін арнаған қайраткер. Наурызбай Таласұлы оқымысты, ғұлама болғандықтан халық арасында Науан Хазірет деп аталып кеткен. Ол туралы мәліметтер Ақан серінің кейбір шығармаларында кездеседі. Науан Хазірет пен Ақан серінің бажа болғандығы белгілі», — деп мәлімдеді Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәнібек.
Мәліметке сәйкес, Наурызбай Таласұлы 1843 жылы Жылкелді ауылында, қазіргі Ақмола облысы Баратай ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан Талас Құттымбетұлының отбасында дүниеге келген. Хазірет екі рет некелі болған. Алғаш қарауыл Тінәлі қажының үлкен қызы Бәтимаға үйленген, бірақ ол жастай дүние салған. Ал Тінәлінің екінші қызы Үрқияға Ақан сері үйленген, деген мәлімет бар.
«Науан Хазрет имам болған, Бұхарада 12 жыл оқып келген. Елімізде имам болмай, халқымызды орыстандыру, христиандандыру, басқа дінге кіргізу деген саясат жүргізілді. Соған қарама-қарсы тойтарыс беретін ешкім де болмады. Сол кезде зиялы адамдар, имамдар да қамауға алынып жатты. Науан Бұхарадан елге келіп, бүкіл елді аралағанда барлық үйлерден христиандардың кітапшалары табылды. Ол соның барлығын жоюға әрекет қылып, жалпы бұл үрдіске қарсы шықты. Осы себептен бірнеше жыл қудалауда болды», — деді Бұлақ ауылдық округі мешітінің имамы Ербол Сейітжанов.
Осындай ұлы тұлғаның құрметіне мешіттің ашылуына халық көп жиналды. Бұл атаулы шараға еліміздің бас муфтиі Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, мұсылман қауымын осындай игі іспен құттықтады. Мешіттің ашылуына орай Көкшетау маңындағы Қызылжар елді мекенінде үлкен бәйге ұйымдастырылып, ат құлағында ойнаған шабандоздар жарысқа түсті. Ақан серінінің «Құлагеріндей» самал желмен жарыса шапқан сәйгүліктер жиналған халықтың делебесін қоздырды. Жеңімпаздарға түйе, ақ бас бұқа мен жылқы тарту етілді. Бәйгемен қатар, бір жақта балуандар қазақша күрестен күш сынасып жатса, екінші жерде жілік шағу ойыны өткізілді. Тойға бүркіттер, алабай мен тазы тұқымдас иттер ерекше сән берді. Тойға арналып 40 киіз үй тігіліп, ас берілді. Экспедиция мүшелері ұлы тойға өз үлесін қосу үшін дайындық барасында бір киіз үй тұрғызды.
Айта кетейік, «Ұлы дала елі» өкілдері осы мекенге дейін жолдың алғашқы мың шақырымын жүріп өтті.
Гүлжан Молдажанова әлемдегі ең ықпалды қазақ әйелі болып танылды
Әлемнің ең ықпалды әйелдері рейтингінде Гүлжан Молдажанова АҚШ ханымы Лора Буш пен Ұлыбритания ханшайымы II Елизаветаны және бірнеше президенттерді шаң қаптырған.
Әлемнің ең ықпалды әйелдер тізімін үш жыл қатарынан Германия канцлері Ангела Меркель бастап келеді. 2005 жылы бірінші орында болған АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс бүгінде 7 орынға түскен. 17 орында Украинаның премьер-министрі Юлия Тимошенко, ал 21 орынға Үнді ұлттық конгресі партиясының көшбасшысы Соня Ганди тұрақтаған.
Бұдан өзге тізімде 6 президенттің есімі де аталған. Рейтингке БАҚ-та жиі есімдері аталып жүрген қалталы әйелдер ғана кіреді.
Қазақ әйелі Гүлжан Молдажанова тізімде 37 орынды иеленген. Ол бүгінде ресейлік «Базовый элемент» холдингінің бас директоры қызметін атқарады.
Батыстың басылымдары оны «әлемдегі ең қалталы азаматтардың бірі, алюминий патшасы Олег Дерипаскидің оң қолы» деп атап жүр. Әлемдік танымалдыққа ие болғанына қарамастан, Гүлжан Молдажанованы Қазақстанда білетіндер көп емес.
Forbes Молдажанованың өз мансабын хатшылық қызметтен бастағанын жазады.
«Қазақстанда дүниеге келген Гүлжан Молдажанова Дерипаскидің көлікке қосалқы бөлшектер, құрылыс және ядролық энергетиканы қамтамасыз ететін корпоративті жоспарларына айтарлықтай әсер етеді», – деп жазады Forbes.
Гүлжан 1966 жылдың 11 маусымында Алматыда дүниеге келген. Мамандығы – физик. 27 жасында ғылым кандидаты атанған Гүлжан Мәскеуде ғылыми жұмыстармен айналыса бастайды.
Неміс басылымы Handelsblatt 1995 жылы Гүлжанға өзінің бұрынғы курстасы Олег Дерипаскеге жалданып жұмыс істеуіне тура келгендігін жазған. 200 доллар жалақыға хатшылық қызмет еткен Гүлжан екі аптадан кейін қаржы директорының көмекшісі болып көтеріледі.
1990 жылдың аяғы мен 2000 жылдың басы аралығында Молдажанова Олег Дерипаскидің компанияларында басшылық қызметтер атқарады. 2005 жылы ол Ресейдегі ең ірі қаржылық «Базовый элемент» компаниясын басқарады. Бүгінде Дерипаскидің алюминий компаниясы әлемдік нарықта екінші орында тұр.
Гүлжанды Forbes-тан бөлек америкалық Fortune журналы да екі рет әлемнің ең ықпалды 50 әйелінің тізіміне енгізген. Оның есімі Wall Street Journal-да да кездеседі.
Ал ресейлік «Известия», «Финанс» және «Карьера» басылымдары оны «алюминий ханымы» атап кеткен.
Гүлжан өз мансабын Қазақстанда жасау мүмкін еместігін жасырмайды.
“Қазақстанда мансап жасау мүмкін емес: экономика өзгешелеу дамыған, шығыс дәстүрінің әсері көп. Бізде әйелдің бизнесте болуын қабылдай бермейді. Ал ғылым қуаласа, нәзік жандыларға жол ашық”, – дейді Гүлжан.
Тиматидің «Лада Седан» бейнебаянындағы ару қазақ қызы болып шықты
Танымал рэпер Тиматидің YouTube видеохостингінде хитке айналған «Лада Седан. Баклажан» бейнебаянындағы ару қазақ қызы болып шықты. Қыздың есімі Шаира Құлжабаева, қазіргі уақытта ол Мәскеуде тұрады екен. Бұл мәліметті Instagram желісіндегі парақшасында Құлжабаеваның өзі жазды.
Қыздың айтуынша, ол Таразда дүниеге келіпті. Ал пікір жазғандар оның әкесінің қазақ екенін, ал шешесінің өзбек екенін айтып жатыр.