Домой Блог Страница 34

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалында Саяси кеңестің жаңа құрамы сайланды

20160718162344

Талдықорғанда І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Нұр Отан» партиясының хатшысы З. Тұрысбековтің қатысуымен Алматы облыстық партия филиалының XIX есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиын барысында Мәдениет сарайы фойесіне аймақтық партия ұйымдарының жұмысына арналған көрме қойылды.

Конференцияда облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов партия филиалы Саяси кеңесінің 2015-2016 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есеп берді.

А. Баталов партия Елбасы Жолдауында айтылған стратегиялық міндеттердің орындалуына ерекше назар аударатынын атап өтті. Мәселен, Алматы облысында есепті кезеңде 513,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілген. 48 жаңа өнеркәсіп орны іске қосылып, 26 кәсіпорын кеңейтілген. Сонымен ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту бағыттарында да атқарылған ауқымды жұмыстар аталып өтілді.

Облыстық мәслихат хатшысы, партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы С.Мұқанов, партияның Іле аудандық филиалы төрағасының орынбасары Е. Тұрымбетов, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері К. Горичева, Түрген ауылдық округінің әкімі Б. Елеусізова және басқа да азаматтар баяндаманы талқылауға қатысып, сөз соңында партия Саяси кеңесінің жұмысына қанағаттанарлық деп баға берді. Конференцияға қатысушылар жарыссөзге шыққандардың бұл бағасын бірауыздан қолдап, көпшіліктің дауысқа салуымен конфенерцияның қаулысы қабылданды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша бақылау-тексеру комиссиясының атқарған жұмысы туралы В. Сапожниковтың есебі тыңдалды.

Конференция соңында Саяси кеңестің, бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды.

Астанада қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлері ағылшын тілін меңгеруде

c-4ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық шеңберінде қоғамдық тамақтану саласында ағылшын тілін білу ерекше маңызға ие. Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері халықаралық көрмеге өз үлестерін қосуда бастама көтерді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Астана Конвеншн Бюро» ЖШС тренингтік орталықтардың бірімен бірлесіп мейрамханалар мен кофеханалардың қызметкерлерін ағылшын тіліне тегін оқыту курстарын өткізді. Нәтижесінде қызмет көрсету саласының 56 қызметкері курстан өтті. Оқыту қызмет көрсету, қонақтарды қарсы алу, тапсырысты қабылдау, есеп айырысу, даулы мәселелерді шешу және т.б. жағдайларда қолдану үшін базалық грамматикалық және лексикалық конструкциялар бойынша жүргізілді.

Жоба әрбір нақты мейрамханадан бір даяшыдан оқытуға бағытталған. Бағдарламаның барысында мейрамханаларда болатын жағдайларға сәйкес ағылшынша сөйлемдердің негізгі құрылымдары талданады, арнайы сөз қоры мен диалогтар пысықталады, дейді ұйымдастырушылар.

Ғимаратта жөндеу жұмыстары басталды

almata12Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Л. Базарқұлованың айтуынша, өрттен Бағанашыл балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері зардап шеккен жоқ. Олардың барлығы да ғимараттың екінші блогына орналастырылып, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілді.

Еске салсақ, Алматы қаласындағы Бағанашыл шағын ауданындағы балалар үйінен бүгін түнде өрт шыққан болатын.

—  Өрт болған кезде ғимаратта осында тәрбиеленетін 161 баланың 154-і болған. Себебі 161 баланың 3-еуі Есіктегі көзі нашар көретіндерге арналған мектеп-интернатта, 4-еуі «Бөбек» орталығында демалысқа жіберілген. 154 баланың 4-еуі ауруханаға жеткізілді. Олардың 3-еуі емдеу мекемесіне жеңіл жарақаттармен, 1-еуі сынықпен түскен. Олардың жағдайы қазір бірқалыпты, денсаулықтарына қатысты қауіп жоқ. Оқиға орнына «Дәулет Серпін» ЖШС өкілдері келіп, құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына облыстың басқа да оқу орындарының мамандары тартылуда. Ас әзірлеу блогы стандартты режимде жұмыс істеп тұр, — деп атап өтті Л. Базарқұлова.

Жағдайды Алматы облысының әкімі тұрақты бақылауына алды.

«Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жағдайды ерекше  қадағалауға алып, қысқа мерзім ішінде ғимараттың жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу үшін Төтенше жағдайлар қорынан қаржы қарастыруды тапсырды. Балалар үйіне барлық қажетті көмек пен қолдау шаралары көрсетілуде», — деп қорытындылады сөзін Л. Базарқұлова.

Көрмеде Чехия Республикасының Ұлттық күні өтеді

f766ffc04aa1df2c1347081351b6535021 қарашада Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімовтің Чехияның өңірлік даму министрі Карла Шлехтовамен кездесуі өтті.

Кездесуде тараптар Чехия Республикасының ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуын талқылады.

Кездесу барысында А.Есімов Чехия делегациясын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындықтың қорытынды кезеңі туралы хабардар етті.

«Біздің Көрмеде Чехия елі өзінің баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы мықты дүниелерін көрсететіндігіне  қуаныштымыз. Бұл біздің елдер арасындағы достық қатынастарды нығайтатындығына және екі ел үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтетіндігіне сенемін», — деді Ахметжан Есімов.

«Көрме арқылы Қазақстан әлемдегі аса маңызды мәселелердің бірін – баламалы энергия көздерін пайдалану мәселесін көтеріп отыр. Біз өзіміздің осы бағыттағы ең жаңа технологияларымызбен таныстырамыз. Біздің министрлік осы мәселемен айналысуда. Көрмеге мейлінше дайындалып жатырмыз. 2017 жылы Көрме аумағында Чехия Республикасының Ұлттық күнін өткізетін боламыз», — деп атап көрсетті министр.

Чехияның Өнеркәсіп және сауда министрлігінің деректері бойынша, Чехиядағы жаңартылатын энергия көздерінің даму үлесі 13% құрайды. Чехия Республикасына ауданы 292,5 шаршы метр жеке павильон бөлінді.

Бүгінгі күнге Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатынасатындықтарын 106 ел растады, 101 ел өз комиссарларын тағайындады, 90 ел көрмеге қатысу шартына қол қойды.

Қауіпсіздікті сақтау шаралары жалғасуда

politsejskie-astany-provodyat-rejdy-po-proverke-soderzhaniya-selskohozyajstvennyh-zhivotnyh-na-territorii-astanyОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) мамандары Шымкент қаласы мен Сайрам ауданындағы мал базарларына рейдтік іс-шаралар жүргізуді бастады, деп хабарлайды ОҚО ІІД ЖПҚ баспасөз қызметі. Облыс прокуратурасымен, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қалалық аумақтық инспекция инспекторлары қызметкерлерімен бірлескен шараның мақсаты мал ұрлығына нәтижелі тосқауыл қою болып табылады.

Тексеру нәтижесінде, сатуға алып келінген қара және уақ малдардың құжаттары болмағаны, сондай-ақ, олардың сырғаланбағаны анықталды. Бұл мәселе бойынша мал иелеріне  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ҚР ӘҚБтК 406 бабымен 17 әкімшілік хаттама түзілді. ОҚО ІІД ЖПҚ қызметкерлерімен мал тасымалдаумен айналысатын 8 автокөлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар базарларда әрі қарай өз жалғасын табуда.

Сонымен қатар, таяуда Шымкент қаласы аумағында криминогенді ахуалды жақсарту, қылмыстардың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз қала» жедел профилактикалық сауықтыру іс-шарасы өткізілді. Шара барысында Шымкент қаласы аумағындағы кафелердің сағат 23:00-ден кейін жабылуына байланысты 90 кафеге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Рейд жұмыстарының нәтижесінде, 208 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 136 азаматтың қол саусақ іздері алынып, ІІО-на 79 азамат жеткізілді. Ал, тексерілген жертөлесі – 9, тексерілген автокөліктер — 70-ті құрап отыр. Сондай-ақ, қорғау нұсқамасымен 12 азамат есепке алынып, 41 — «Уақытша уытсыздандыру орталығына», 9 азамат жеке басы анықталмағаны және тұрақты мекенжайы болмағандықтан, қабылдап-тарату  орталығына жеткізілген. Бұл іс-шара алдағы уақытта әр жұма, сенбі күндері және ерекше талапқа сәйкестендірілгенше жалғасын табады.

Маяқұм жұртшылығы «Тәуелсіздік — ұлт рухының жемісі» тақырыбында ой толғады

50_%d0%bd%d0%b5%d0%b7%d0%b0%d0%b2%d0%b8%d1%81%d0%b8%d0%bc%d0%be%d1%81%d1%82%d1%8cЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына қарасты Маяқұм ауылында «Тәуелсіздік — ұлт рухының жемісі» атты оқырмандар конференциясы өтті.

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесін ұлықтау, осы жылдардағы барлық еңбектерді, жетістіктерді халыққа кеңінен жеткізіп, халықпен бірге болу мақсатында өткен шараға ауыл ақсақалдары, тұрғындары және ауыл кітапханасының тұрақты оқырмандары қатысты.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Пердебек Жаппарқұлов ашып, сөз сөйледі. «Тағдырдың тарам-тарам уыс жолайрығында болдық, экономиканы қайта қалыптастыру мәселесі алдымызда тұрды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында даму бағытымызды жоспарлап, осы жолға түстік. Міне, содан бері 25 жыл уақыт өтті. Осы таңдаған жолымыздың дұрыс болғандығын қазіргі жағдайымыз дәлелдей түседі», — дей келе, конференцияға қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.

Шара барысында оқырмандармен еліміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері талқыланып, Ш.Уәлиханов мектебінің мұғалімі А.Қабылова «Қазақ — ежелден еркіндікті аңсаған ел» атты баяндамасын оқыды. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Арғынбаев, ауыл биі М.Дәрменовтер сөз алып, Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгеніміз туралы баяндай келе, өскелең ұрпаққа бірліксіз тірлік болмайтынын айтты. Ақын Тәушен Әбуованың қызы Фарида Әбуова «Тәуелсіздік деп жырлайды жүрегім» атты өлеңін тарту етті. Елбасымыздың ұлттық рухта тәрбиеленгенінің арқасында Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді және кейінгі ұрпаққа сондай тәрбие беру керектігін ортаға салды. Ол сондай-ақ осы мәселені жастарға насихаттауда аянбай еңбек ету керектігін атап өтті.

Конференция соңында жиынға қатысушылар «Ұлт рухынан мықты жәдігер жоқ» атты кітап көрмесімен танысып, қолөнерші Ш.Әуелбекованың өз қолынан шыққан бұйымдарымен танысты. Ал, ауыл өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынып, жиылған көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

ҚазАқпарат

Алматы облысының каратэшілері ел біріншілігінен жүлделі оралды

20160808161624Алматы облысының каратэшілері ел біріншілігінен жүлдемен оралды. Жасөспірімдер құрамасы Астанада өткен жарыста 1 алтын 4 қола медалды иеленді.

Ал, ерлер командасы Семейде ұйымдастырылған Қазақстан кубогы жолындағы турнирде өнер көрсетті. Қоржында  3 медаль бар.

Бұл қатарда Әсет Ахмәдиев шеберлігімен көзге түсті. Ол 75 келі салмақ дәрежесінде чемпиондық атақпен бірге, әлем біріншілігіне берілер жолдаманы да жеңіп алды.

Дүниежүлізік жарыс келер жылы Елордада өтеді.

ҚазАқпарат

Талдықорғанда кең көлемде флешмоб ұйымдастырылды

20161121221520Талдықорғанда «Жұлдызды 25 күн» акциясы аясында кең көлемде флешмоб ұйымдастырылды, хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жастар» спорт сарайында өткен шараға 1 мыңға жуық жастар қатысты. Қатарында жоғары оқу орындарының студенттері мен Тәуелсіздік құрдастары бар. Олар түрлі-түсті қолшатырмен сап түзеп, 25 KZ және жүрек бейнелерін көрсетті.

Флешмобты облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» белсенділері ұйымдастырды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткен шара  мақсаты — өскелең ұрпақ бойында еліне, Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Елордада «Конституция — Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» акциясы басталды

c-3Еліміздің облыстық достық үйлерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Конституция  -Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» акциясы басталды. Ауқымды шараның шеңберінде Астанада еліміздің Ата заңын талқылау арқылы қазақстандық бірегейлікті насихаттауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Дөңгелек үстел басындағы әңгімеге кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, заңгерлер және елорданың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

«Демократиялық қоғамның биік идеалдарына ұмтылу, ежелгі қазақ жерінде тұрып жатқан халықтар арасындағы өзара құрмет пен достық, мәдениеттердің өзара байланысуы  осының бәрі Ата заңда көрініс тапқан», — деп атап көрсетті «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ кәсіби медиаторы Фатима Ахмедова.

Жайдарман: Астана чемпионы анықталды

Астана қаласында «Жайдарманның» қалалық чемпионатының финалы 20-қараша күні сағат 17:00-де «Жастар» сарайында өтті.

Жыл бойы сайысқа түскен 18 команданың ішінен ақтық сынға дейін жеткен 5 команда өзара чемпиондық атаққа таласып, ойын өте тартысты болды.  Қатысушылар  сәлемдесу, жамбы ату және жұлдыз жайдарманшымен  үй тапсырмасы конкурстары бойынша сайысты. Шын мықты ғана әр конкурста ілгері шығып отырды.

Қатысқан «Корпус», «Энерго», «Тұран жастары», «Сарыарқа ауданының құрамасы» және «Жібек жолы» командалары арасынан үш сайыс қорытындысы бойынша,

Сарыарқа ауданының құрамасы
Сарыарқа ауданының құрамасы

10,2 ұпаймен 3-орынды «Сарыарқа ауданының құрамасы» иеленсе,

"Энерго" командасы
«Энерго» командасы

10,9 ұпаймен  С.Сейфуллин атындағы Қазақ  агротехникалық университетінің «Энерго» жайдарман тобы вице-чемпион атанды,

Тұран жастары
Тұран жастары

ал ЧЕМПИОН атағын  толық 11 ұпаймен «Тұран жастары» командасы иеленді.

Сонымен  қатар, жылдың үздік ойыншысы болып «Энерго» командасының капитаны Асхат Мухаметқалиев таңдалды. Асхат осымен екінші рет жыл үздігі болып отыр, 2014-жылы да «үздік ойыншы» номинациясын алған еді.

Асхат Мұхаметқалиев және Елжан Халиуллин
Биылғы үздік ойыншы Асхат Мұхаметқалиев және Елжан Халиуллин

Финалдық ойынның қазылары да мықты болды: тележүргізуші, танымал телебағдарламалардың авторы, ардагер жайдарманшы Нұрмахан Мұқанұлы, Жоғары және премьер лига ойындарының тұрақты қазысы, ардагер жайдарманшы Алдан Жылгелді, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Ақұлан Тастемір, «Қазақ аруы-2016» байқауының жеңімпазы Альмира Ахатова және Жоғары лига ойындарының чемпионы Әділет Төлеутаев.

Бұл ойындағы ерекше сайыс жұлдыз жайдарманшымен үй тапсырмасы: Сарыарқа ауданының құрамасы және «Тұран жастарымен»  Жоғары лиганың биылғы  финалистері «Байдың балалары» командасының ойыншысы Ұлан Мықтыбек және «Сырдария құрамасының» капитаны Марат Сәрсенбаев өнер көрсетті. Ал,  «Энерго» «Грант» командасының ойыншысы Елжан Халиуллинмен бірге ойнаса, «Корпус» командасы Жоғары лига чемпионы Бекзат Дүйсеновпен көрініс қойды.

Басқа үй тапсырмалардан өзгеше, тапқырлықпен  есте қалғаны — «Жібек жолының» «Элемент» командасының капитаны Эльдар Жұмағалиевпен біріккен үй тапсырмасы.

Тұран жастарымен Марат Сәрсенбаев
Тұран жастарымен Марат Сәрсенбаев

Соңында алтыншы болып, қонақ команда ретінде Жоғары лиганың биылғы финалисі, былтырғы Премьер лига вице-чемпионы «Байдың балалары» өнер көрсетті.

Ойын қонақтары - Байдың балалары
Ойын қонақтары — Байдың балалары

Бір деммен өткен керемет ойыннан кейін финалист жайдарманшылар үшін «afterparty» ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға құттықтаулар айтылып, достар арасындағы қалжың-әңгімеге толы шағын әдемі отырыс болды.

Дастархан басында финалистер
Дастархан басында финалистер

Финалдық бәсеке желтоқсан айының екінші жартысында «НТК» телеарнасы арқылы қалың көрерменге жол тартпақ.