Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясында 2017-2019 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасы қаралды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Жүсіпованың айтуынша, «2017-2019 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық мәндегі қала, астана бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы» ҚР Заңының жобасына сай Ұлттық экономика министрлігі Астана қаласы үшін 73,8 млрд. теңге сомасындағы бюджеттік алуларды белгіледі.
Қала бюджеті жұмсайтын негізгі шығындар — бұл елорда азаматтарының өмір сүру деңгейін жақсарту, ал ол денсаулық сақтау да, білім беру де, әлеуметтік қорғау да, бюджеттегі қаражаттар, сонымен қатар, мәдени және қала халқының бос уақытын ұйымдастыру саласындағы іс-шараларды жүргізуге жұмсалды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісов тұрақты комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап бере отырып, «Туберкулезбен, жұқпалы аурулармен, жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуымен және, соның ішінде психикалық белсенді заттектерді пайдаланумен байланысты өзін ұстау жұмысының бұзылуымен азаптанушы тұлғаларға медициналық көмек көрсету» бағдарламасы туралы айтты. Оның айтуынша, қала бюджетіндегі денсаулық сақтау бөлігіне денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығындарына жұмсалатын «Денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарының күрделі шығындары» бағдарламасы белгіленген. Тағы бір маңызды мәселелердің бірі Астана қаласының шет аймақтарына медициналық көмек көрсету болды.
Халықты әлеуметтік қорғау бөлігінде де бірнеше бағдарламалар қарастырылған. Ведомство басшысы Ермек Оспанов «Жалпы түрдегі медициналық-әлеуметтік мекемелердегі (ұйымдардағы) қарттар мен мүгедектерге арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету» бағдарламасы туралы баяндама жасады. Бұл ретте мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуді, сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуді белгілейтін бағдармаларды жүзеге асыруға арналған шығындар қарастырылып жатыр.
Жалпы, тұрақты комиссия мүшелері басқармалардың бюджеттік бағдарламаларының алдағы 2017-2019 жылдарға арналған әкімшілер бюджетін мақұлдады.