Домой Блог Страница 58

«Тәрбиелеу өнері» байқауында талдықорғандық топ жарды

fd4fd9f17b7f36cec0b3e24485520411Талдықорғандық педагог Татьяна Луценко Мәскеуде өткен «Тәрбиелеу өнері» авторлық әдістемелік еңбектердің халықаралық байқауынан жүлделі оралды.
Мектепке дейінгі білім қазақстандық бірлестігі мен «Асыл бала» республикалық бірлестігі «Мәскеу қалалық педагогикалық университеті»  ЖБ МАБМ білім берудегі педагогика және психология институтымен бірлесіп, «НаШа Буся» білім беру қауымдастығының ақпараттық және техникалық қолдауымен  биылғы жылдың сәуір айынан қазан айына дейін мектепке дейінгі педагогика саласында «Тәрбиелеу өнері» авторлық әдістемелік еңбектердің халықаралық байқауын өткізді.
Байқауға Мәскеуден, Мәскеу облысынан, Санкт-Петербургтан, Саха Республикасынан (Якутия), Беларусь,  Қазақстан мемлекеттерінен 230-ға жуық педагог қатысты.
Қазақстанның әр өңірінен байқауға 30 авторлық әдістемелік жұмыс жіберілді. Байқаудың соңғы турына қазақстандық 10 автордың жұмысы өтті.
Байқаудың мәресі жуырда Мәскеу қаласында VI Бүкілресейлік ғылыми фестиваль мен XI ғылым фестивалі аясында ұйымдастырылды.
Қазылар алқасының құрамында Қазақстаннан Мектепке дейінгі мекемелердің қазақстандық бірлестігінің төрайымы Л. Куленова болды.
Сарапшылар комиссиясы мен байқау төрешілерінің шешімі бойынша Талдықорғаннан қатысқан Татьяна Луценконың авторлық жұмысы Халықаралық байқаудың үздік жұмысы деп танылып, жеңімпаз атанды. Жұмыстың атауы «3-6 жас аралығындағы балаларды өз бетінше білім алу жүйесінде интеллектуалдық тұрғыда дамыту үшін өз қолдарымен әзірлеген Монтессори-материалдар аналогын пайдаланудың дәстүрлі емес әдісі» деп аталды.
Іріктеуден өткен қатысушылардың барлығы да «Конкурс финалисі» Дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, байқау нәтижесі бойынша шығарылатын ғылыми-әдістемелік жинаққа материалдарын жариялауға мүмкіндік алды
Конкурс аяқталғаннан кейін Мектепке дейінгі ұйым қазақстандық бірлестігі «Мәскеу қалалық педагогикалық университеті» ЖБ МАБМ білім берудегі педагогика және психология институтымен мектепке дейінгі педагогика саласында түрлі шаралар өткізу қарастырылған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

ОҚО-да ана мен баланы қорғау мәселелері талқыланды

SAMSUNG CSC

Шымкентте ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ мен Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік сақтандыру: ана мен баланы қолдау» тақырыбында Республикалық семинар өтті. Шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері мен халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Семинардың мақсаты – отбасылық және демографиялық саясат саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, ана мен баланы қолдаудағы үздік тәжірибені зерделеу, сонымен бірге, отбасы институтын нығайту мен туу, өмір сүру ұзақтығы және халықтың көші-қон саласындағы тұрақты әрі жағымды динамикасын сақтау.

Семинарда сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова Үкіметтің демографиялық даму мен әлеуметтік саясат саласындағы жүзеге асырып жатқан шаралары туу көрсеткішін ұлғайтуға, өлім-жітім деңгейін төмендетуге, халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыруға, көші-қон көрсеткішінің жағымсыз сальдодан жағымды сальдоға өтуіне ықпал етіп отырғанын атап айтты.

«2002 жылдан бастап туу көрсеткішінің едәуір ұлғаюының, көші-қонның жағымды динамикасының нәтижесінде халықтың өсімі байқалды: 2016 жылғы 1 қаңтарда 17 млн. 670,9 мың адам болды», — деді ол.

Сонымен бірге, Светлана Жақыпова соңғы жылдары халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің күшейгенін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі жетекші бағыттардың бірі болғанын атап айтты. Тек биылғы жылы зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге 2 трлн. теңге бөлінді.

Әлемдегі экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстанда мемлекеттің азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалып жатқанын айтып өту керек», — деді Вице-министр.

Ана мен баланы қолдауға аса зор көңіл бөлінеді. 2016 жылы Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ол әйелдер мен балаларға медициналық және әлеуметтік кешенді қызмет көрсету үшін босандыру мен балаға көмек қызметінің біріктірілген моделін қарастырады. «Сондай-ақ, министрлік ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және өзге де мүдделі органдардың көмегімен Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатының тұжырымдамасын жасап жатыр», — деп айтты Светлана Жақыпова.

Шара барысында сөз алғандар әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық тәжірибемен бөлісіп, ересектер мен балалардың денсаулығын қорғау бойынша, оның ішінде халықтың репродуктивті денсаулығы туралы ұсынысдар жасады, Сонымен қатар, Қазақстанның демографиялық саясат саласындағы, ана мен баланы әлеуметтік сақтандыру, мектепке дейінгі және мектептегі білім беру мен баланы тәрбиелеудегі негізгі жетістіктері талқыланды.

ОҚО-да жедел медициналық көмек қызметі дамымақ

60000_3Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Hemogens Health Care» түрік компаниясының Бас директоры Наджие Арпаджи ханыммен  кездесті.

Кездесуде «Hemogens Health Care» компаниясы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі арасында өңірде жедел медициналық көмек қызметін жетілдіру бойынша мемарандумға қол қойылды.
Түркияда және БАӘ осыған ұқсас жобаларды ендіруде үлкен тәжірибесі бар туркиялық кәсіпкер Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жедел медициналық көмектің үлгілік кіші станцияларын салу, бірегей құралдармен және көлікпен жабдықтау, медицина мамандарын оқыту, бірыңғай ақпараттық-талдамалық диспетчерлік орталық құру сынды жобаларды жүзеге асырмақ.
Жоба аясында өңірдің денсаулық сақтау саласына 3,5 млрд. теңге инвестиция салынып, келер жылы оның 1,8 млрд. теңгесі жедел медициналық көмектің орталық станциясының кіші станцияларын салуға және жабдықтау мен санитарлық автокөліктің 25 бірлігін сатып алуға жұмсалатын болады.
Сондай-ақ, жедел медициналық көмек көрсету бойынша жаңа е-форматта бірыңғай қалалық ақпараттық-талдамалық диспетчерлік орталық құру, медицина қызметкерлерін оқыту, медициналық туризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Бұл жоба Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласын және медициналық туризмді дамытуға септігін тігізеді. Меморандум біздің өңірдің түрік инвестициялық институттарымен ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтереді.
Қазіргі уақытта, Түркия санитарлық авиация мен жедел медициналық көмек қызметі тұрғысынан әлемдегі ең дамыған ел болып табылады. Түркия қалаларында 94% жағдайда шұғыл көмек 10 минут ішінде, ал ауылдық жерлерде 96% жағдайда шұғыл көмек 30 минут ішінде көрсетіледі.

Сарыағашта 320 орындық балабақша пайдалануға берілді

600_144Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесінің аясында Сарыағаш қаласының Самал мөлтек ауданындағы №30 бөбекжай балабақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Нысанның ашылу рәсіміне аудан басшысы Қ.Әбдуалиев, «Нұр Отан» Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Тұрсындаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сүлейменовтер қатысып жаңа ғимараттың лентасын қиды.

Балабақша 320 орындық, құрылыс  жұмыстары 2014 жылы басталып 2015 жылы тапсырылған. Республикалық бюджеттен 529 млн 988 мың теңге қаржыға салынған. Заманауи үлгіде салынған балабақшада толық құрал-жабдық, бүлдіршіндерге арналған жиһаздармен қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында берген тапсырмасына сәйкес «Балапан» бағдарламасы бойынша Сарыағаш ауданы аумағында 28 мемлекеттік, 162 жекеменшік балабақша мен 30 шағын орталық жұмыс істеп, аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту деңгейі 83,4  құрап отыр. 

ОҚО әкімі Сайрам ауданындағы бірқатар нысандарда болды

f043109d-6926-4a5b-af35-55e267a2fdd2ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болып, бірқатар шаруашылықтардың жұмысымен танысты.
Ең алдымен, әкім ауданның Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі «Қайып-Ата» ЖШС-не барып, ет комбинатын аралады. Ет өндіріп, оны буып-түюмен айналысатын серіктестікте 30 адам жұмыспен қамтылған. Жылына 320 тонна ет өңдеуге қауқарлы комбинатта тәулігіне 300 бас ірі қара сойылады. Қожалық басшылығы келесі жылы кәсіпорынды кеңейтіп, ет өңдейтін құрал-жабдықтар қою арқылы шұжық өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр.
Шаруашылықтың мән-жайына қанық болған Ж.Түймебаев Сайрамға жақын аудандарда бордақыланған төрт түлікті аталған ет комбинатында сойып, жұмысты орталықтандыру туралы тапсырма берді.
Айта кетейік, «Қайып ата» ЖШС-і мал бордақылау алаңы ретінде 2011 жылы Қазығұрт ауданынан ашылған шаруашылық. Бастапқыда 1 мың бас ірі қараны бордақылаған қожалықта бүгінгі таңда 3 мың бастан астам мал бар. Қыс мезгіліне дейін мұндағы ірі қараның басын 5 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.
Мұнан соң, өңір басшысы Айтеке би ауылындағы «Dala-frut.kz» ЖШС-нің (Green Land) жеміс бауын тамашалады. 100 гектардан астам жерге үш жылдан бері алма және қара өрік жемістерінің көшеттері егілген. Баққа заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған  тамшылатып суғару әдісі және шпалерлі жүйе қолданылуда.
Кәсіпорын бүгінгі таңда 1 га жер телімінде «Заманауи технологиялы сыйымдылығы 10 мың тоннаға дейін көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қойма» жобасының құрылысын бастады. Оны соғу үшін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының сусидиялау бағыты бойынша қолдау алып отыр. Сондай-ақ, болашақта 7 га жерге қияр мен қызанаққа арналған жылыжай салуды жоспарлап қойған.
Бұл ретте, аймақ басшысы аталған қарқынды баудың жұмыс тәжірибесімен өзге де аудандардың танысуы қажеттігін алға тартып, мұндағы шетелдік көшеттерді ондағы шаруалар да егуі керектігін айтты.
Жұмыс сапары барысында Жансейіт Қансейітұлы жұмыс тәртібіндегі жоспардан тыс Сайрамның Қарабұлақ ауылына қарасты Ұлықбек атындағы №81 мектепте болды. Ондағы жылу жүйесінің қаншалықты деңгейде жұмыс істеп жатқанын бақылаған әкім электр қуатының үздіксіз беріліп жатқанына көзін жеткізді. Ақсукент ауылындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы да облыс басшысының назарынан тыс қалған жоқ. Шағын және орта бизнесті дамытып, аудандағы кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту керектігіне тоқталған аймақ басшысы жүйені оңтайландыруды жүктеді. Сондай-ақ, ол орталықта түрлі іс-шаралар өткізуді тапсырды.
Сапар соңында Ж.Түймебаев Сайрам ауданының активімен кездесіп, аудан басшысы Самат Сапарбаевтың 9 айда атқарған жұмыстарының барысын тыңдады. Сайрамның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері айтылған жиында алдағы жылға межеленген жоспар жайы да мәлім етілді.
Келтірілген мәліметтерді мұқият тыңдаған өңір басшысы бірқатар салалар бойынша аудан басшылығына сын, ескертпелер айтты. Әсіресе, Сайрамның тазалық мәселесіне көңілі толмаған Ж.Қансейітұлы облыс орталығы – Шымкентке жақын орналасқан аудан ретінде Сайрам ауданын қоқыстан тазартуды жүктеді. Сонымен бірге, жер қойнауын пайдалану жұмыстарын ретке келтіруді тапсырды. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша аудан көрсеткіші төменгі деңгейде екенін айтқан әкім әрбір мемлекеттік қызметкер өз міндетіне жауапты болуы керектігін ескертті.

Астанада бала асырап алушы ата-аналардың жыл сайынғы Форумы өтеді

c-72016 жылдың 29 қазанында Астана қаласында «Асырап алушы отбасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру институты ретінде» екінші жыл сайынғы асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер форумы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сұхбат алаңы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиімді көмек беруге қатысты мәселелерді бірлесіп талқылауға бағытталған. Форум жұмысына әлеуметтік жетімшілік саласындағы сарапшылар, халықаралық сарапшылар және мүдделі асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер қатысады. Шақырылған халықаралық сарапшылар қатарында Ресей мен Украинаның балалар үйі тәрбиеленушілерінің әлеуметтендірілуі мен сәтті өткен тәлімгерлік жобаларының өкілдері бар.

Шараны Астана қ. әкімдігі, «Бала жанұяда өмір сүруі тиіс» қоғамдық қозғалысы, «ДАРА» қайырымдылық қоры, Қазақстанның асырап алушы ата-аналарының қазақстандық бірелстігі және ҚР БҒМ бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті ұйымдастырады.  Форум қатысушылары Қазақстандағы әлеуметтік жетімшілік мәселесі қалай

шешілуде, асырап алушы отбасыларының түрі мен айырмашылығы, кәсіби іріктеу қызметін құру өзектілігі, асырап алушы ата-аналарды оқытып, оларға қолдау көрсету секілді мәселелерді талқылайды.

40-қа жуық елордалық жұмыс беруші мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа қабылдауға дайын

c-640-қа жуық елордалық жұмыс беруші мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа қабылдауға дайын екенін білдірген.

Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы мамандарының хабарлауынша, бүгінгі күні мүгедектігі бар 549 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған. Оның ішінде 327 адам — қоғамдық жұмыстарға, 194-і  тұрақты жұмысқа орналастырылса, 16 адам әлеуметтік жұмыс орындарына алынды. Бұл ретте бастапқы жұмыс тәжірибесіне ие болу мақсатында 6 адам жастар тәжірибесінен өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елордалық Жұмыспен қамту орталығының мәліметтер базасында мүгедектерге арналған 100-ге жуық бос орын бар, онда жұмыс мамандықтарынан басқа, логист, маркетолог, несиелік менеджер, бағдарламашы, компьютерлік тігу маманы, лаборант, дизайнер, механик-бақылаушы, ағылшын тілін білетін оқытушының көмекшісі, түрлі разрядтағы тігіншілер, және артистердің бос орындары бар.

Елордада Мұқаметқали Тналиннің шығармашылық кеші өтті

c-5Астанада сазгер, дирижер, композитор Мұқаметқали Тналиннің шығармашылық кеші өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт бағдарламасында «Есілім-еркем», «Жайлау биі», «Классикалық вальс», «Жақсылық» күйі, «Құлпырған елім», «Интермеццо», «Айтар ой», «Шілдедегі шілдехана» және т.б. танымал әндер мен күйлер орындалды.

Тналин Мұқаметқали Хасенұлы – сазгер, дирижер, композитор, педагог және «Мәдениет үздігі» марапатына лайықталды.

Мұхаметқали Тналин 20-дан астам ән мен 30-дан артық күй, он шақты классикалық және оркестр туындыларының авторы.

«Оның әндерін Мемлекеттік академиялық филармонияның солистері мен эстрада жұлдыздары Күнсұлу Тұрлыбекова, Нұрай Танабаев, Данияр Мұқан бүкіл Қазақстан бойынша орындап жүр. Композитордың еңбектері ерекше, музыкасы ойнақы, жайдары», – дейді Қазақ оркестрінің дирижері Нұрлан Бекенов.

Мұқаметқали Тналин концерттік бағдарламамен барлық Қазақстанды шарлап, қазақ әуенін Мәскеу, Ленинград, Киев, Ростов на Дону, Оренбург, Алжир мен Чехословакияға гастрольдік сапары кезінде орындаған. Қазіргі кезде өзінің шығармашылығын жалғастырып, «Ақ жауын» Мемлекеттік камералық оркестрінің дирижері.

Елорданың сауда орталықтарында қан қысымын тегін өлшеуге болады

c-4Астанада Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне орай инсульттың алдын алуға бағытталған акция өтіп жатыр.

2016 жылдың 29 қазанынан бастап бес ірі сауда орталығында («Хан Шатыр», Mega, «Сарыарқа», Astana Mall, «Керуен») артериалды қан қысымын өлшеуге арналған электрондық тонометрі бар тіректер орнатылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Акцияны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, «ADHARA» ЖШС СӨС ҚО-мен бірлесіп ұйымдастырады.

Шара халық арасында инсульттың алдын алу жүйесінің тиімділігін, қазақстандықтардың өз денсаулығы мен қан айналымы жүйесінің ауруларын және олардың ушығуларын уақытында анықтау үшін ортақ жауапкершілігін арттыруға; қоғамн назарын инсульттардың өршуінен туындаған проблеманың өзектілігіне аударуға бағытталған.

Мамандардың айтуынша, инсульттардың басты себебі жоғары қан қысымы болып табылады, осыған байланысты оны бақылап, уақытында өлшеп тұру алдын алудың өзекті міндеті болып табылады. Профилактика ауруға әсер етумен байланысты ғана емес, сонымен қатар қауіп факторларына да әсер ететін нәтиже береді. Бұл аурудың алдын алуға немесе ықтимал асқынуларға жол бермей, ерте кезеңде аурудың өтуін тиімді бақылауға алуға мүмкіндік береді.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылдың 9 айында алғаш рет анықталған инсультпен 161 адам диспансерлік есепке алынған.

Астанада «Жайдарман» сайысы өтеді

14610872_10211213995335909_7873512658643454661_n30 қазанда «Жастар» сарайында «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» кубогына арналған «Мемлекеттік тіл – барлық салада» атты жас мамандар арасында «Жайдарман» сайысы өтеді.

Шығармашылық байқау барлық салаларда мемлекеттік тілді қолдануды дамыту мен оның мәртебесін көтеруге бағытталған.

Конкурсты ұйымдастырушы — Астана қаласының әкімдігі, «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі.

«Жайдарман» сайысына мемлекеттік және қоғамдық мекемелер, ұйымдар, оқу орындарының жас мамандарынан құралған командалар қатысады.