Домой Блог Страница 65

ОҚО-да «Көлік, логистика және инфрақұрылым» — «Silk Way Transport, Logistics Infrastructure» атты II халықаралық көрмесі өтуде

600_138Шымкентте «Көлік, логистика және инфрақұрылым» — «Silk Way Transport, Logistics Infrastructure» атты II халықаралық көрмесі басталды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Шараны ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Марат Қарабаев пен «Көлік-логистикалық аумағы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары Марат Телғозы ашты.

Бұл көрмеде көлік және логистикалық компаниялар өздерінің қызметтері мен жабдықтарын ұсынып, өзара тәжірибе алмасуда. Олардың ішінде Nimex-Trans, CK Logistics, Giansar, Алем Тат, STI Logistics, Elite Logistics, Спец-Авто, K2 — Кранпоставка, Transasia Systems KZ, Instar Logistics,  Камаз Евро Сервис, Omega Story Group Logisoft, Казахстан Логистик Групп, Зерде ҒӨБ, Евротранзиттерминал, Continental Logistics, Scat, Стеллажи.KZ, Союзтранслинк және басқа компаниялар бар.

Шара аясында Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдерінің және көлік кәсіпорындары басшыларының қатысуымен өңірдің көлік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Шараның қатысушылары көлік инфрақұрылымын дамытудың жоспарларымен және Оңтүстік Қазақстан облысында көлік-логистикалық аумағын салудың болашағымен танысады.

ОҚО аумағында бірнеше индустриялық және көлік-логистикалық аумағы жұмыс істейді. Сондай-ақ «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автокөлік дәлізі де бұл саланың дамуын ілгерілетеді.

Болашақта Шымкент қаласы жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өнімді шығаруға мамандандырылған Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталығына айналатынына сенімді ұйымдастырушылар. Халықаралық қөрме екі күнге жалғасады.

Білім министрлігі мектептерде ақша жинау мәселесі бар екенін мойындады

91bfee11819dcc2b7ac443b1cafb06f2_resize_w_520_h_Мектептерде әр-түрлі жағдайларды сылтау етіп, оқушылардан ақша жинау даулы мәселеге айналғаны белгілі. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Бұған дейін осы мәселеге қатысты министр бір емес, бірнеше рет бұйрық шығарған болатын. Құжаттың мазмұнымен барлық өкілетті орындар танысты. Бірақ қанша жерден тыйым салынса да, мәселе шешімін таппай отыр. Дегенмен мұндай жағдай тіркеле қалған жағдайда біз дереу жергілікті әкімшілік және атқарушы органдармен бірлесіп қатаң шара қолданамыз. Мұндай жағдайды болдырмау үшін ата-аналарды да жұмыла жұмыс істеуге шақырып отырмыз»,- деді арнайы брифингте вице-министр.

Ал осы мәселе турасында Астана әкімі Әсет Исекешев Facebook-тегі жеке парақшасында: «Мектептерде ақша жинау мәселесіне қатысты арнайы комиссия жұмысын бастады. Кез келген жағдай жіті назарға алынатын болады. Біз бұл мәселені тексереміз. Даулы мәселе төңірегінде кез келген тұрғынмен кездесіп, пікірлесеміз. Қалада қанша мектеп болса, соның барлығы бақылауда болады», — деп жазды.

Кез келген ата-ана білім басқармаларының сайтына кіріп, қажетті ақпаратты ала алады.

Мектепте ақша жиналып жатқандығынан хабардар бола қалсаңыз, Астана қаласы бойынша мына сенім телефондарына хабарласуға болады: 55-01-62, 87782550162

Астанада аудан әкімдері тағайындалды

c-5Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елордалық үш ауданның активіне жаңа әкімдерді таныстырды, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бүгін олардың кандидатураларын қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан бекіткен болатын.

«Есіл» ауданының әкімі болып Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулұлы тағайындалды.

«Алматы» ауданының әкімі болып Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы тағайындалды.

«Сарыарқа» ауданының әкімі болып Тұрлыбек Арман Алашұлы тағайындалды.

*****

Сәрсембаев Ә. З. 1978 ж. 25 тамызында Целиноград қ. туған. Білімі жоғары, заңгерлік, экономикалық. Саяси ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҚМ салық инспекциясында бастаған.

2000-2006 жж. Астана қ. әкімдігінің жүйесінде түрлі қызметтер атқарған.

2006-2007 жж. ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы.

2007-2009 жж. Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

2015 жылдың мамырынан «Астана қ. табиғат ресурстарын және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасы» ММ басшысы.

«А» корпусының кадрлық резервіне енгізілген.

Бөлекпаев Е.К.1975 жылдың 2 қырқүйегінде туған, Қарағанды облысының тумасы, білімі жоғары экономикалық, заңгерлік. Еңбек жолын 1996 жылы банк саласында бастаған.

1998-2009 жылдары ҚР орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарған.

2009 — 2013 жылдары ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша және Астана қаласы бойынша аумақтық басқармасының бастығы.

2013 жылдың шілдесінен 2015 жылдың қарашасына дейін Астана қ. «Сарыарқа» ауданының әкімі. 2015 жылдың қарашасынан Астана қ. «Алматы» ауданының әкімі.

Тұрлыбек А.А 1971 жылдың 6 мамырында туған, Қарағанды облысының тумасы, білімі жоғары экономикалық, техникалық. Еңбек жолын 1993 жылы бизнес саласында бастаған. 1999 жылдан бері Қарағанды облысы әкімдігінің жүйесінде жұмыс істеген: Энергетика және коммуналдық шаруашылық Департаментінің директоры, Сәтпаев қ. әкімі, облыс әкімінің орынбасары. 2010 жылдан ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жауапты қызметтер атқарған.

Елорда әкімдігі мен «Назарбаев Университеті» Астананы бірлесе дамытпақ

c-3Астана әкімдігі және «Назарбаев Университеті» елорданы дамыту бойынша бірлескен бағдарламалар әзірлеумен айналысатын бірлескен жұмыс тобын құрады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл бағыттағы ықпалдастық мәселелерін бүгін Әсет Исекешев пен ЖОО президенті Шигео Катсу талқылады. Атап айтқанда, тараптар «Назарбаев Университетінің» оқытушылары, ғалымдары мен мамандарын тарта отырып, медициналық кластерді бірлесіп дамыту, мамандар даярлау, СМАРТ-Сити және өзге де маңызды мәселелер бойынша келісімге келді.

Алдағы бес жылда Астанада сумен жабдықтау және су бұру тарифтері қымбаттамайды

c-2Алдағы бес жылда елордада сумен жабдықтау және су бұру тарифтері қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін «Астана Су Арнасы» ҚМК нысандарына пресс-тур кезінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Астана Су Арнасы» АҚ үшін тарифтер 2016 жылдың 1 қаңтарында бекітілді. 2017 жылдың 1 мамырынан бастап пайдаланылған су тарифі 86,87 теңгені, және сумен жабдықтау қызметтеріне 94,25 теңгені құрайды. Алдағы бес жылда бұл тариф бекітілген бағалар деңгейінде сақталуға тиіс», — деп атап көрсетті монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Нұрлан Айтбаев.

2016 жылдың 1 мамырынан бастап елорда тұрғындарына қызметтерге тафритерді төмендету арқылы өтемақы төленеді. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті өкілдерінің айтуынша, өтемақы тариф жалпы сомасы 205 млн теңге болатын 2015 жылға жоспарланған инвестициялық бағдарламада қарастырылған шаралардың орындалмауы үшін қарастырылған.

2016 жылдың 9 айында «Астана Су Арнасы» ҚМК инвестициялық шараларды орындау көлемі 837 млн. теңгені құрады. Қаржы станцияларда есептегіш құралдары бар автоматтандырылған жылу тораптарын орнатуға, тозығы жеткен сорғы жабдықтарын ауыстыруға, 2,8 км кәріз желілерін қайта жөндеуге және тағы да басқа жұмыстарға бағытталған.

Мамандардың айтуынша, үстіміздегі жылдың соңына дейін 413 млн теңге соманың кешенді шараларын іске асыру көзделген, соның ішінде, суды коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізудің бірінші кезеңі, және 2017-2020 жж. сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жөндеу үшін ЖІЖ әзірлеу және түзету жоспарланған.

Астанада тұмауға қарсы тегін екпе жасау жұмыстары жалғасады

c-1Астанада 2016 жылдың 3 қазанында басталған тұмауға қарсы вакцинация жалғасуда. Бүгінгі күні 1718 жүкті әйел, 6 ай- 5 жас аралығындағы 7407 бала, мүгедектер үйінен, созылмалы аурулары бар ардагерлер қатарынан 270 адам және 2,5 мыңнан аса медициналық қызметкер тегін екпе алды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ақылы негізде және жұмыс берушілердің өз есебінен 20 мыңнан аса адам екпе алды. Тұмауға қарсы вакцинация әлі де жалғасуда.

Ақылы негізде иммундау шарасын қаланың № № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 емханаларында, «Интертич», «Медлайн», «Медикер», «Ореn Clinik», «Фармаком», «Медикал Ассистанс групп», «Архимедес Қазақстан» медициналық мекемелерінде алуға болады.

Атап өтерлігі, Астанада жедел респираторлық-вирустық инфекцияларымен ауыру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

«Астана Опера» МОБТ қазақстандық дарынды музыканттардың жаңа буынының қатысуымен концерт ұсынады

c21 қазан күні «Астана Опера» МОБТ сахнасында қазақстандық дарынды музыканттардың жаңа буыны  Рахат-Би Әбдісағин, Азат Мәлік, Назым Сағынтай, Қалқаман Дүйсенбаевтардың қатысуымен «Жастар шығармашылығы» концерті өтеді,  Олардың есімі шетелде кеңінен танымал.

Мысалы, Рахат-Би Әбдісағиннің жасы небары 17-де, алайда ол 100-ге жуық шығарманың авторы атанып үлгерді. Қазақстандық композитор түрлі бағыттар мен стильдерде жұмыс жасайды.

«Біздің қазіргі заманғы қазақстандық композиторлардың заманауи музыканың жаңа қырларын ашып, осы стильде өздерін таба білгені қатты қуантады. Көрерменді бұл шығармалардың мәнін түсініп, қызық үйлесім тапқан бояуларды тыңдап, музыкалық бейнелеу арқылы шығарманың терең идеялық мазмұнын сезіну мүмкіндігі күтіп тұр», — дейді музыкатанушы Маржан Жәкенова.

Кештің мазмұнды бағдарламасына Рахат-Би Әбдісағиннің Германия, Венгрия, Австрия және тағы басқа елдердің көрерменін таң қалдырған шығармалары енгізілді. Виолончель мен фортепианоға арналған «Light at the end of tunnel». Ш. Айтматов әңгімесінің желісімен жазылған фортепианоға арналған «Rondine Piangente» («Жыл құсының жылауы»).

Рахат-Би Әбдісағиннің музыкасын Александр Тараскин (флейта), Алмаз Тоқпанов (кларнет), Данияр Есімханов (фортепиано), Айдар Фазылов (вибрафон) орындайды. Фортепиано партиясында — Раушан Бескемпірова.

Концерттің басталуы 19:00-де, билет құны — 2000 теңге.

ОҚО-дағы «Максимум» АИО-ның атауы «Оңтүстік» деп өзгерді

600_137Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Оңтүстік» брендін қалыптастыру аясында қаржы орталығында жүргізілген ребрендинг жұмыстарының нәтижесінде, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының атауы «Оңтүстік» деп өзгертілді. «Аймақтық инвестициялық орталығы» деген сөз сол күйінде сақталып қалды, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Енді компания атауы қазақ тілінде «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС деп аталса, орыс тілінде ТОО «Региональный инвестиционный центр «Оңтүстік», ағылшын тілінде LLP «Regional Investment Center «Ontustik» аталатын болды.
Ал серіктестіктің банк реквизиттері, мекен-жайы, байланыс телефондары және өзге де деректемелер өзгеріссіз қалды.
Айта кету керек, компания атауының өзгеруі қайта ұйымдастыруды білдірмейді және орталық атауы өзгергенге дейінгі өз құқықтары мен міндеттерін әрі қарай да жалғастырады. Аталған өзгеріс «Оңтүстік» АИО мен клиенттер арасындағы заңдық келісімдерге әсер етпейді, олар өз күшінде қалады.
Сонымен қатар, компанияның ресми сайты және әлеуметтік желідегі ресми парақшалары қаржы орталығының жаңа логотипіне негізделе отырып, қайта жасалуда. Компанияның жаңа атауы ұйымның қоғамда атқаратын қызметін айшықтай отырып, қазіргі жұмысына жаңа серпін береді деп күтілуде.
Ал ұлттық ою-өрнек элементімен, алтын реңктерден жасалынған жаңа логотип тұрақтылық пен әсемдік көрінісін береді және компанияның оң имидж қалыптастыруына, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық нарығында жылдам танылуына ықпал етеді деп жоспарланып жатыр.

Бәйдібек ауданына жаңа әкім тағайындалды

60000000Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Бәйдібек ауданының активіне  ҚР Президенті Әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімімен тағайындалған жаңа əкімді таныстырды, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің өкімімен Бәйдібек ауданының әкімі болып Бахытбек Төленұлы Танагузов тағайындалды.
Жаңа басшыны таныстыру сәтінде өңір басшысы лауазым иесінің жұмысына табыс тілеп, Бәйдібектегі халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтерудегі басшылықта Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды тапсырды. Сонымен бірге, ауданның дамуына өз үлесін қосқан бұрынғы әкім Батырбек Көшербайға алғысын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.
Жаңа басшыны таныстыру сәтінде өңір басшысы лауазым иесінің жұмысына табыс тілеп, Бәйдібектегі халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтерудегі басшылықта Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды тапсырды.
Бахытбек Төленұлы Танагузов 1957 жылы туылған. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының тумасы. Білімі — жоғары, экономист мамандығын игерген.
Еңбек жолын 1979 жылы Шолаққорған мемлекеттік банкінің экономисті ретінде бастаған. Кейін Созақ ауданында партия комитетінің нұсқаушысы, комсомол комитетінің бірінші хатшысы, партия комитеті үгіттеу және насихаттау бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен.
1989-2010 жылдары «Агроөнеркәсіп қызметкерлері» кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы, Созақ ауданы әкімінің орынбасары, «Тұран Әлем Банк» Таукент бөлімшесінің басқарушы және «Айгерім», «Санжар фрудс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директоры лауазымдарында еңбек еткен.
2010-2016 жылдары Сайрам ауданы Тассай ауылдық округінің әкімі, Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі және орынбасары лауазымдарын атқарған.
2016 жылдың мамыр айынан бастап Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етіп келген.
Айта кету керек, Бәйдібек ауданында 55 мыңнан астам халық тұрады. Мұнда 52 елді мекен, 11 ауылдық округ бар. Аудан негізінен ауыл шаруашылығына бейімделген өңір болып табылады.

Шымкентте ТМД-да теңдесі жоқ мемлекеттік қызмет көрсету орталығы ашылды

600_134Бүгін өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында жаңа «Front office» мемлекеттік қызмет көрсету орталығы ашылды. Ғимараттың ашылу рәсіміне қала әкімі Ғ.Әбдірахымов пен депутаттар қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Тұңғыш рет Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан ашылған «фронт-кеңсе» ТМД-дағы теңдесі жоқ жоба болып табылады. Мұнда қалалық әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрін бір жерден «Бір терезе» жүйесі арқылы ұсынады. Сала жауаптыларының айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсетудің бұл түрі бизнес жүйесінің өкілдеріне сенім береді дейді.

Орталықтың ішін аралап, жұмысымен танысқан облыс әкімі «фронт-офис» қызметкерлерінің жұмысына табыс тіледі.

«Front office» құру идеясы — жақсы бастама. Енді орталықты халыққа кеңінен таныстырып, насихат жұмыстарын қолға алуымыз керек. Сонымен бірге, облысқа қарасты барлық аудан, қала әкімдіктерінің мамандары осында келіп үйреніп, тәжірибе алмасуы қажет. Осылайша, толықтай ашықтықта жұмыс істеп, халыққа қызмет жасауымыз керек», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өз кезегінде, сөз алған Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов аталған қызмет көрсету жобасының смартфондарға арналған қосымшасын дайындау мәселесі қолға алынып жатқанын, яғни, халыққа мейлінше, ыңғайлы болу жағы ойластырылып жатқанын  жеткізді.

Айта кету керек, «фронт-офис» жүйесінің артықшылығы сол, ең алдымен, өтініш иесінің құжаттарын қабылдау кезінде оған арнайы бақылау коды беріледі. Тіркеуге алынған құжат штрих код арқылы әкімдіктің тиісті бөліміне жөнелтіледі. Өтініш қысқа мерзімде қаралған соң жауабы «Фронт-офиске» бағытталып, тұрғындарға беріледі немесе өтініш иесінің электронды мекен-жайына жіберіледі. Сондай-ақ өтініш иелері бақылау коды арқылы өтініштің қаралу барысы жөнінде мәлімет алуға мүмкіндігі бар.

Ол үшін «shymkent.gov.kz/frontoffice» сайтына кіру арқылы немесе байланыс орталығының 545-545 телефонына қоңырау шалу арқылы ақпарат алуға болады. Бұл бір сөзбен, ыңғайлы, жылдам әрі заман талабына сай қызмет түрі болып саналады.

«Фронт-офистің» қызметіне жүгіну арқылы кез-келген тұрғын өз уақытын үнемдеуіне болады. Қуантарлығы, бұл электронды жоба бюрократиялық қағазбастылықтан құтылу, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының санын азайту, билік органдары мен халықтың арасындағы кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа кеңседе 25-26 маман еңбек етіп, 400-ден астам мемлекеттік қызмет түрін көрсететін болады деп жоспарланып отыр. Барлық өтініш, сұрақтарға ҚР Заңнамасында белгіленген мерзімде жауап берілетін болады.