Домой Блог Страница 8

Алматы облысында туризм саласы қарқынды дамуда

20161212111758Алматы облысында туризм саласы қарқынды дамуда. Мәселен Райымбек ауданының бюджетіне биылғы жылдың 10 айында ақылы туристік қызметтен 11 миллион теңгеден астам қаражат түскен.

Аудан әкімі Жанат Тажиевтің айтуынша, биыл ауданға  15 мыңнан астам демалушы келген. Оның басым бөлігі шетелдік қонақтар. Қазіргі уақытта Райымбек ауданында туризмді дамыту бойынша, Мыңжылқы жайлауында «Джади-вилла» атты демалушыларға қызмет көрсету орны салынып жатыр. Және Саты ауылының шеңберінен туристік нысандарды іске қосатын инвесторларға 12 гектар жер телімі бөлінді. Одан өзге, 2017 жылы «Көлсай Көлдері» табиғи паркінде орналасқан 10 қонақ үйге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

ҚазАқпарат

Талдықорғанда дзюдодан топ жарған жасөспірімдер Азия чемпионатына қатысады

20161124205857Талдықорған қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында дәстүрлі республикалық турнир мәресіне жетті. Биылғы дода Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және белгілі бапкер Роберт Кимнің 65 жасқа толуына арналды.

Жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі жарыс биыл төртінші жыл қатарынан өтіп келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, желтоқсан айында өтетін дзюдодан ашық біріншілік бұл бапкерлер үшін де, жас спортшылар үшін де жылды қорытындылайтын шараға айналған.

Өткен төрт жылда жас дзюдошылардың шеберліктері шыңдалып қана қоймай, спорттық сайыстың қамту ауқымы да ұлғайып, облыстан республикалық дәрежеге жетіп отыр. Танымал жаттықтырушы Дмитрий Хегайдың айтуына қарағанда, биылғы турнирге Алматы облысының аудандарынан бөлек Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облысының жастары келген.

«Осылайша, дәстүрлі дзюдо додасы республикалық деңгейге шығып отыр. Алматы облысының барлық аудандарынан, Қапшағай мен Алматы қаласынан да спортшылар бар. 27 салмақ категориялары бойынша 600-ден астам дзюдошы сайысқа қатысуға өтініш білдірген болатын», — дейді Д. Хегай.

Оның айтуынша, спортшылардың жас шамасы 10-13 жасты құрайды. Сонымен қатар, турнирде топ жарған дзюдошылар ұлттық құраманың резервтері болып қана қоймай, республикалық және Азия чемпионаттарының ресми жарыстарына да қатысатын болады.

Республикалық деңгейдегі сайыс үш күнге жалғасып, командалық есепте Алматы облысы Лепсі ауданы спорт интернатының дзюдошылары бірінші орынға ие болды. Олардың қоржынында 5 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль бар. Ал Талғар ауданының және Талдықорған қаласының командалары мықтылар үштігінен көрінді.

ҚазАқпарат

Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілді

20161221152941Алматы облысында «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында 4 мүмкіндігі шектеулі жанға көмек көрсетілді. Олардың әрқайсысына тігін машинасы мен көп функционалды принтерлер табыс етілді.

Әсел Өскембаева, Қуаныш Қапанов, Эльмира Әмзиева және Маржан Молдиярова  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына көмек сұрап, өз өтінімдерін берген болатын. Мәселен,  екі баланың анасы Әсел Өскенбаева үйде отырып іс тігеді. Ол үшін көп функционалды тігін машинасы қажет еді. Енді Әсел жаңа тігін машинасымен халыққа әдемі әрі сапалы  дүниелерді ұсынамын дейді. Нәпақасын іс тігіп, саудадан тапқан жан демеушілік жасаған жандарға алғысын білдіруде.

ҚазАқпарат

ОҚО-да Венгрияның құрметті консулдығы ашылмақ

20161220172422Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, доктор Андраш Барани мен Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы Ференца Блауманнамен кездесті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қос тарапты кездесу барысында ауыл шаруашылығы, көлік-логистика саласының даму қарқыны және облыстың экономикалық мүмкіндіктері турасында сөз қозғалды.

Ауыл шаруашылығы саласында өсім индикаторы басым. Жылыжай бағытын дамытуда облыс елімізде көш бастап тұр, республикадағы жылыжайдың 91 пайызы ОҚО-ға тиесілі. Венгрия мемлекетінің осы салада тәжірибесі мол екендігі белгілі. Сондықтан өңірімізге инвестиция салу арқылы көп жетістікке жетуге болатынын жеткізген облыс басшысы екі ел арасындағы сауда-саттықты арттыра отырып, мәдени байланысты да жандандыру қажеттігін алға тартты.

 «Мажарстандық түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері Иштван Қоңыр Мандоки — барлық саналы ғұмырын мажар және күллі түркі халықтарының қандас, туыс жұрттар екендігін дәлелдеуге арнаған ғалым. Ол өз еңбектерінде түркі халықтарының салт-дәстүрін, мәдениетін, ұлттық ділін зерттеп, тың жаңалықтар ашқан. Міне, сол жолды жалғастыра отырып туыстас елдер ретінде бірлесе отырып мәдени іс-шараларды қолға алуымыз керек. Мәселен, келер жылдан бастап бүкіл түркілердің астанасы атанған Түркістан қаласында жоспарланған ауқымды жобаларға мажар халқы да үлес қосуға ниетті», — деді облыс әкімі Ж.Түймебаев.

Еліміздің барлық қалаларында болған қонақтар келер жылы Оңтүстікте Венгрияның құрметті консулдығын ашуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде, өңірдің әлеуеті, өсу қарқынын зерделей келгендегі шешімі екенін жеткізді. Сондай-ақ білім саласында тәжірибе алмаса отырып мажар жастарының Оңтүстік Қазақстандағы ЖОО білім алуына мүмкіндіктер қарастырылса деген ойларын да жеткізді.

Айта кетейік, екі ел арасындағы қарым қатынас жыл сайын нығая түсуде. Венгрия мен Қазақстан арасында тауар айналымы 2015 жылдың алғашқы 4 айында 29,3 млн АҚШ долларын құраған. Қазақстан экпортының негізгі компонентері минералды отын, химиялық тыңайтқыш, жабдықтар мен механизмдер болып табылады. Сондай-ақ, қос елдің арасында энергетикалық, парламентаралық, мәдени-гуманитарлық байланыс тығыз орнаған.

Ақтөбе облысында Әйтеке биге ескерткіш орнатылды

20161221091440Тәуелсіздіктің арқасында та­­рихымызды түгендеп, Қазақ мемлекеттілігін қалыптастыруда өлшеусіз еңбек еткен би-ше­шендерімізді, елдігімізді қор­ғауда ерліктің ерен үлгісін көр­сеткен батырларымызды ба­ға­лауға қол жеткіздік.  Мұндай жаңа­лық­тар мен жақсылықтар Тәу­ел­сіздіктің 25 жылдығы аясында бұрынғыдан да көбейе түсті. Осындай бір айтулы да айшықты оқиға — Қарабұтақ ауылында Қазақ жұртының тыныштығы мен тұтастығы жолында көсемдігімен де, шешендігімен де қызмет еткен дарабоз тұлға, елдің бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты үш биіміздің бірі — Әйтеке би ескерткішінің ашылуы дер едік.

Төле және Қазыбек билермен бірге қалың қазағының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Әйтеке би — философ, дала данышпаны, мемлекет қайраткері. Ол 25 жасында Кіші жүздің бас биі болған, Әз Тәуке хан құрған билер кеңесінің мүшесі, абыз баба, дарабоз тұлға қандай құрметке де лайық. Әйтеке биді есте қалдыру бағытында біраз шаруалар да жасалды. Облыс орталығында ескерткіші орнатылды. Оның атын­да аудан, көшелер, ауыл бар. Осы Қарабұтақ өңірінде Әйтеке бидің 350 жылдығы аталып өтті. Ғылыми-практикалық конференциялар өткізілуде. «Әйтеке би» атындағы қайырымдылық қоры жұмыс істейді, деп жазады Егемен Қазақстан.

Биіктігі 7 метр болатын Әй­теке бидің ескерткіші Қара­бұ­тақ ауы­лы­н­а кіреберістегі үш жол­дың, «Батыс Еуропа — Ба­тыс Қытай» халықаралық көлік дәлі­зінің Қызылорда бағытына және Қос­танай бағытына бұрылатын ай­рығына орнатылған. Мұның өзі — үш бағытқа жүретін авто­кө­­лік жүргізушілері мен жолаушылардың назарына бірден ілігетін көрнекті орын. Бұл ескерткішті орнатуға «Қазавтожол» ҰК» АҚ Ақтөбе об­лыстық филиалының директоры Бағлан Баймағамбетов пен бас мердігер, «Қазавтожол» рес­публикалық мемлекеттік кәсіп­орны Ақтөбе облыстық филиа­лының директоры Әкімжан Өте­мұратов бастамашы болды. «Әйтеке би бабамызға бір әдемі ескерткіш орнату көп­тен бері ойда жүр еді. Соны ақыл­д­аса келе, осы үш жолдың айры-­ғына қоюды шештік.

Мү­сін­ші Аяпберген Қарпықовтың қо­лынан шыққан ескерткіш еңселі де көрнекті. Бұл ақтөбелік жол­шылардың Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығына жасаған тартуы десе де болады. Бұл бағыттағы шаруа­ларды алда да жалғастырамыз. Батырларымызды, хандарымызды және билерімізді, Алаштың айтулы тұлғаларын есте қалдыру арқылы Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жастарға өнеге-үлгі ету­дің тәрбиелік мәні зор», — дейді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бағлан Баймағамбетов. Оның айтуынша, ескерткіш маңайын көріктендіру және кө­галдандыру жұмыстары көктем шыға басталады. Ескерткіш тұғы­рына келер ұрпаққа жолдау жазылған капсул салынды. Осы жерге «Қазақстан Рес­публикасының Тәуелсіздігіне — 25 жыл» деп жа­зылған стелла орнатылған. Ескерт­кішті Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ыбрашев пен еңбек арда­гері, Әйтеке бидің тікелей ұрпағы Сәрсенәлі Қалтаев ашты. Әйтеке би бабамызға ас беріліп, Құран бағыш­талды.

Алматы облысында кәсіподақ ұйымдарының үздіктері анықталды

%d0%ba%d0%b0%d1%81%d0%b8%d0%bf%d0%be%d0%b4%d0%b0%d0%ba-%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%bc%d0%bf%d0%b0%d0%b7%d1%8bЖуырда «Алматы облыстық жергілікті агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік қызметкерлер» қоғамдық бірлестігіндегі басқосуда осы ұжымның жетекшісі Тастан Тоқсейітов ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойына арналған «Кәсіп­одақтардағы 25 игілікті іс» атты байқаудың қорытындысын хабарлады.

Ең алдымен аталған бір­лестіктегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы аз-кем тоқ­та­ла кетелік. Алматы және Ал­маты облысындағы 476 бас­тауыш ұйымды қосып отыр­ған бұл бірлестіктің құ­ра­мына 35 мыңға жуық кәсіп­одақ мүшелері топтасқан. Мұн­да агроөнеркәсіптік сала­ның адамдарымен бірге мем­л­екеттік мекемелер, ден­сау­лық пен білім беру қыз­ме­ті­нің өкіл­дері де бар. Аталған ұжым­ның басты мақсаты – еңбеккерлер құқығын заңдық негіздерге сай қорғау болып табылады.

Осыған орай жыл ішінде 476 ұжымдық шарт жасалған. Ол құжаттарда еңбеккерлерге әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасауға көңіл бөлінген. Жыл сайынғы қосымша еңбек де­ма­лысы, сырқаттанған жағ­дайда қызметкерлерге қо­сым­ша ақы төлеу, балалар сауық­тыру лагерьлеріне жолдама беріп отыру, қайырымдылық көмекке зәру жандар мен зей­нет­керлерге жәрдемдесу, жұ­мыс беруші кәсіпорындағы жұмысшы орнының тұрақты болуына кепілдік беру секілді жайлар назарда ұсталған.

Қарасай, Көксу, Сарқан, Ақсу, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарындағы кәсіподақ ұйым­дарында оң өзгерістер үнемі байқалып келеді. Мұн­дағы кәсіподақ мүшелері «Са­ры­ағаш», «Көктем», «Жаңа­қорған», «Жаркент-Арасан», «Меркі», «Керімағаш» шипа­жайларында көптеп демалған. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына «Жас құрылысшы» сауықтыру лагеріне жолдама берілген. «Мектепке жол» ак­циясы бойынша бірқатар оқу­шылар құрал-жабдық, оқулық­тармен қамтамасыз етілген.

– Сондай-ақ, бастауыш кә­сіп­одақ ұйымдары арасында волейбол, баскетбол, арм­рест­лингтен жарыстар өткізілді. «Ән – 2016» және мемлекеттік тілге арналған мазмұнды бай­қаулар ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көңіл бөлініп, оларға ерекше құрмет көрсетілді, – деді Тас­тан Тоқсейітов.

Алдағы уақытта да бір­лестік жұмыстарын ширату одан әрі нығая бермек. Кәсіп­одақ ұйымдары жетекшілерінің жанды кездесулерін өткізу жоспарланып отыр. Семи­нар­лар мен пікір алмасулар жолға қойылады. Жаңа міндеттер белгіленді.

Қоғамдық бірлестіктің тө­р­а­ғасы «Кәсіподақтардағы 25 игілікті іс» байқауында озып шыққан үздіктердің есімдерін атады. Аудандық кәсіподақтар бойынша: бірінші орын – Қара­сай аудандық кәсіподағының төрағасы Сағындық Жыл­қы­баевқа, екінші орын – Сарқан аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнар Мұқановаға, үшінші орын – Ақсу аудандық кәсіподақ ұйымының төра­йы­мы Бақыт Құрманғалиеваға берілді.

Бастауыш кәсіподақ ұйым­дары бойынша да үздіктер анықталды. Олардың ішінде бірінші орынды Қазақ ұлттық аграрлық университетінің кә­сіп­одақ ұйымының төрағасы Әшірәлі Сманов, екінші орын­ды Қазақ ветеринария ғылыми зерттеу институты кәсіподақ ұйымының төрайымы Сал­танат Мамановаға, үшінші орын Қазақ мал шаруа­шы­лы­ғы және жемшөп өндіру ғы­лы­ми зерттеу инс­ти­ту­ты­ның кә­сіп­одақ ұйымының төрағасы Михаил Тама­ровскийге та­быс­талды.

Қоғамдық бірлестік төра­ға­сының орынбасары Рая Ыды­ралиева жүлдегерлерді ар­найы дипломдармен мара­паттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Астанаға келетін туристердің саны едәуір артты

cРесми статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстан елордасында туризм саласында елеулі өсім байқалып отыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

1998-2016 жылдар аралығындағы кезеңде Астанаға жыл сайын келетін шетелдіктердің саны шамамен 50 есеге (5,5 мыңнан 273 мың адамға дейін), Қазақстан азаматтарының саны  43 есеге (12,8 мыңнан 558 мың адамға дейін) артты; осы ретте орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі 91 есеге  жылына 200 млн-нан 18,2 млрд теңгеге дейін ұлғайған, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Астанада туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында халықаралық әуежайда, теміржол вокзалында және «Хан Шатыр» сауда орталығында ақпараттық дүңгіршектердің жұмысы жолға қойылды, туристер ол жерден қаланың картасы мен жолнұсқағышты тегін ала алады. Сондай-ақ, ақпараттық дүңгіршектердің қызметкерлері туристке үш тілде (ағылшын, орыс және қазақ тілдері) ақпараттық қолдау көрсете алады.

Қалада жол табуды жеңілдету мақсатында 140 жолнұсқағыш пен 100 пилон орнатылуда. welcometoastana.kz туристік интернет-порталы және Astana Guide ұялы қосымшасы іске қосылды, туристерге арналған ресми Z-карта мен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Astana Official Guide жолсілтеме-журналдың алғашқы басылымы басып шығарылды.

Сондай-ақ, Hop-on/Hop-off жүйесімен Astana Sightseeing Tour жүйелі экскурсиялық автобустық бағыты іске қосылды. Бағыт қаланың басты көрікті жерлерімен өтеді, жоба инвестициялық қаржы есебінен жүзеге асты. Автобустар аудиогидтермен жарақталған, онда туристер үшін төрт тілде экскурсиялар жүргізіледі. Бұдан басқа, қаланың туристік тартымдылығын арттыру үшін Нұржол бульварымен аудиогидпен бірге жаяу серуендер ұйымдастырылды. Жақын уақытта пайдаланушыларға қажет тілде қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін Friendly Taxi жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

Қызмет көрсету саласының сапасын жақсарту мақсатымен Астананың Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасы жүзеге асырылуда, оған қонақ үйлер, хостелдер, қоғамдық тамақтану нысандары, қызмет көрсету кәсіпорындары және көлікті компаниялар қатысуда. Бағалау жүргізу барысында көрсетілетін қызметтердің әлсіз жақтары анықталып, оларды жақсарту бойынша кеңестер беріледі.

Жыл басынан бері Астанада 229 нысан пайдалануға берілді

c-1Жаңа құрылыстардың басым бөлігі  әлеуметтік-мәдени нысандар  мектептер, балабақшалар және мектепке дейінгі басқа мекемелер.

«2016 жылдың басынан бері Қазақстан астанасында 229 нысан пайдалануға тапсырылды, оның 87-сі  тұрғын үй кешендері (пәтерлер саны  15 931, жалпы ауданы  1 807 495 ш. м); 142  әлеуметтік-мәдени нысандар (жалпы ауданы  498 895 ш. м), соның ішінде 4 мектеп, 2 мектепке дейінгі мекеме, 5 балабақша, 24 өндірістік база, цех, 9 әкімшілік ғимарат, 1 теннис кешені», — делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Сонымен бірге, 2016 жылы Астанада жалпы адуаны 75,9 мың ш. м. болатын 1 211 пәтер пайдалануға берілді, соның ішінде 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту Бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы ауданы 24,6 мың ш.м. болатын 427 пәтер тапсырылды.

Астанада сыйымдылығы 7 мың тонна көкөніс қоймасының құрылысы аяқталды

c-2Бәсеке құру мақсатында Астана әкімдігі жылыжайлардың, көкөніс қоймаларының, өнім өндіруші кәсіпорындардың, сауда-логистикалық орталықтардың құрылысы бойынша жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Үстіміздегі жылы сыйымдылығы 7 мың тонна болатын бір көкөніс қоймасының құрылысы аяқталды («Amal A 2009» ЖШС),тағы бір көкөніс қоймасының сақтау қуаттылығы 3,5 мың тоннадан 9,8 мың тоннаға дейін ұлғайтылды («Arul communication» ЖШС), «Алай базары» сауда-логистикалық орталығы іске қосылды, кешеннің ауданы 27 мың шаршы метрді құрайды, оның 6 мың шаршы метрі азық-түлік тауарларына берілген»,  деп хабарлайды қаланың Ауыл шаруашылық басқармасы.

Сонымен қатар, халықты арзан және сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы 110 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, онда 8,9 мың тонна тауар сатылды.

«Делдалдардың қатысуына жол берілмейтін ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізу бағалардың маусымдық қымбаттауын ретке келтіреді. Жәрмеңке шаралары өтетін кезеңде жақын маңдағы сауда нысандарында жеміс, көкөніс өнімдерінің бөлшек бағасы 5-10%-ға арзандайды»,  деп хабарлайды басқарма.

Дархан Төлегенов Астанада өткен жастар кинофестивалінің жеңімпазы атанды

c-3Астанада қала әкімдігінің қолдауымен алғашқы Saryarka short film festival қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті. Шараны ұйымдастырушы — «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы.

Кинофестиваль бағдарламасына 23 фильм және конкурстан тыс 5 жұмыс қатысты. Мақсаты – кинематографияда жаңа жұлдыздарды анықтау, фестивальді шығармашыл жастар мен қазақстандық кино кәсіпқойлары шоғырланған алаңға айналдыру, ал үзілістер арасында еліміздегі танымал режиссерлар Қанат Бейсекеев, Медет Шаяхметов, Олжас Бейловтың жетекшілігімен шеберлік сыныптары өткізілді.

«Түрлі тақырыптар ұсынылған. Ұйымдастырушы ретінде жастардың әртүрлі тақырыпта кино түсіретіні қуантады деп айта аламын»,- деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы, белгілі қазақстандық актер Әнуар Нұрпейісов.

Тоғыз сағатқа созылған фестивальдің қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Роман Гусак «Үздік оператор», Қазбек Рүстембеков «Үздік режиссер» атанды. «Үздік сценарий» номинациясында Олжас Тайгелов көш бастады, «Үздік әйелдер рөлін» Толғанай Талғат, «Үздік ерлер рөлін» Ақмолда Дулыға сомдады, «Көрермендер көзайымы» сыйлығы Самғар Рақымға берілді. Режиссер Дархан Төлегенов «Маршрут» фильмімен Гран-при иеленді.