Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың облыстық мәслихат депутаттарының алдындағы есебі
Құрметті депутаттар! Қадірменді әріптестер!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19 қыркүйекте жұмыс сапарымен біздің облыста болғаны өздеріңізге белгілі. Елбасы мемлекеттік бағдарлама-лардың және 2014 жылғы тамыз айындағы ресми жұмыс сапары барысында берілген тапсырмалардың іске асырылуымен танысты.
Облыста жүктелеген міндеттерді орындау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыстың 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы соның нақты айғағы. Атап айтқанда, 8 айда өнеркәсіп саласында 400,1 млрд. теңгеден астам өнім өндірілді немесе нақты индекс көлемі 100,9% құрады.
Өнеркәсіпте жаңадан 34 нысан іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 15 нысанды кеңейту нәтижесінде қосымша 1032 жұмыс орны ашылды.
Индустриаландыру картасы аясында іске қосылған 50 нысанның 38-і (76%) жоспарлы қуатына шықты.
Бұл кәсіпорындар 30,2 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті немесе 2015 жылғы көрсеткіштен 58% (17,5 млрд. тенге) көп.
Жыл соңына дейін құны 14,0 млн. теңге болатын екі нысанды іске қосу жоспарлануда, нәтижесінде 855 жаңа жұмыс орны құрылады (темір рудасын алу және оны өңдеу арқылы инновациялы технологиямен шектеулі шойын алатын «Bapy Mining» ЖШС-гі және май мен қоспа жем өндіретін өндірістік кешен құрылысы).
Қазіргі уақытта 2015-2019 жылдары іске асырылатын Индустриаландыру картасында болашақта 2274 жұмыс орны ашылатын, құны 156,8 млрд. теңге болатын 12 жоба тіркелген.
Өңдеу саласы дамып келеді, оның өнеркәсіп саласындағы жалпы үлесі 82% жетті. Бұл салада 328,1 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.
2015 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ет өңдеу, консервілеу, өсідік және мал майын, сүт өнімдерін, балық өндіру көлемі артты.
Есепті кезеңде шикізат емес товардың экспорт көлемі 106,4 млн. АҚШ долларына жетті немесе 2015 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 125% құрады.
2015 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда экспорт 36,1 млн. АҚШ долларына немесе 124,9% өсті, импорт көлемі 173,6 млн. АҚШ долларына немесе 79,5% төмендеді.
Облыста 12 өнеркәсіп алаңын құруға 1018 га жер учаскесі бөлінді.
Қазіргі уақытта Алакөл, Қаратал және Ұйғыр аудандарындағы өнеркәсіп алаңдарының технико-экономикалық негіздемесі, Текелі қаласындағы «Достық» өнеркәсіп алаңының жобалау-сметалық құжаттары жасалуда, басқа аудандар бойынша инфрақұрылымды салу үшін қажетті есептеулер жүргізілуде.
Экономикалық өсі нүктелерін жасақтау үшін 6 индустриалық аймақтарды (Қапшағай қаласындағы «Арна» ИА, Іле ауданында «Боролдай», «Гейт Сити» ИА, Талдықорған қаласындағы «Талдықорған» ИА, Талғар ауданында «Қайрат» ИА, Жамбыл ауданы Қазбек бек бекетінде «Қазбек бек» ИА) және Қарасай ауданында «Шамалған» өнеркәсіп аймағын құру жұмыстары жүргізілуде.
«Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағында 76 нысанның құрылысы аяқталды, инфрақұрылымның дайындығы 95%. Еркін экономикалық аймақтағы «Құрғақ порттың» құрылысы мен инфрақұрылымы биылғы жылдың қазан айында аяқталады.
Ағымдағы жылдың сегіз айында құрылыс жұмыстарының көлемі 135,8 млрд.теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 100%. 1000,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (2015 жылдың сәйкес кезеңіне 107,1%).
Жалпы көлемі 112,4 мың шаршы метр болатын 31 тұрғын үй салынуда, оның ішінде ағымдағы жылы 25 үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың бағдарламасы шеңберінде Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс тұрғын үй алабында 5 үйді салу жоспарлануда.
Жалпы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында сомасы 40,0 млрд. теңгеге 69 жоба іске асырылуда. Бұл қаржы білім саласы инфрақұрылымын дамытуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұры-лымын жаңғыртуға, тұрғын үй, шағын және орта бизнес нысандарын салуға бағытталды.
Шағын және орта бизнес дамуда. Субъектілерінің саны есепті кезеңде 154,8 мың дананы құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 96,5% (160,4 мың).
Олар сомасы 137,6 млрд. теңгенің өнімін шығарған немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 114,9% (119,7 млрд. теңге). Бюджетке түскен түсім 2015 жылдың (23,2 млрд.теңге) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,7%-ға өсіп, 32,8 млрд.теңгені құрады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерден бизнесті қолдау үшін 5,4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. 576 жұмыс орны құрылып, 3,9 мың жұмыс орны сақталды. Облыс әкімдігі тарапынан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен бірлесіп 3,0 млрд. теңге бөлінді.
www.zhetysu.gov.kz.