Домой Блог Страница 95

Конгресс-Холлда Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі өтеді

6fea7a97eb4ac67968fbf5d29df22 қыркүйекте сағат 16.00-де Конгресс-Холлда XVІII Қазақстан халқы тілдерінің қалалық фестивалі өтеді. Биыл фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен көп балалы аналар және т.б. қатысады. Сонымен қатар, кеште Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Еске салайық, Елбасының 1998 жылдың 20 қаңтарындағы № 3827 Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Қазақстан халқының тілдері күні мерекеленеді.

Астананың Мәскеудегі мәдениет күндері аясында Мемлекеттік Кремль сарайында гала-концерт өтті

Астананың Мәскеудегі мәдениет күндері аясында Мемлекеттік Кремль сарайында гала-концерт өттіАстананың Мәскеудегі мәдениет күндері аясында Мемлекеттік Кремль сарайында қазақстандық эстрада жұлдыздарының, би және фольклорлық ұжымдардың қатысуымен гала-концерт өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Музыкалық кеш барысында Астана әкімі Әсет Исекешев пен Мәскеу Үкіметінің министрі, қалалық сыртқы экономикалық және халықаралық байланыс департаментінің басшысы Сергей Черемин сөз сөйледі.

Әсет Исекешевтің айтуынша, Астананың Мәскеудегі мәдениет күндері аясында бірқатар мәдени, спорттық, экономикалық шаралар өтіп жатыр. ХШЖК алаңдарының бірінде этноауыл ашылды, онда қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысуға болады.

«Астана мен Мәскеу – бауырлас қалалар, сондай-ақ, екі дос мемлекет – Қазақстан мен Ресейдің астаналары. Мемлекет басшылары Н. Назарбаев пен В. Путиннің саясатының, сондай-ақ халықтар достығының арқасында біздің мемлекеттер – еуразиялық интеграция және басқа да бірлестіктер бойынша серіктестер, екі елдің арасындағы қарым-қатынас пен байланыс жылдан жылға нығайып келеді. Бүгінгі гала-концертке келгендеріңіз үшін рахмет. Мәдениет екі елді байланыстырады және өзара қарым-қатынасты одан әрі күшейтуге негіз болады», — деді Астана әкімі.

Сонымен қатар, Әсет Исекешев биыл қазан айында Астанада мемлекет басшыларының, үкімет мүшелерінің және аймақ басшыларының қатысуымен аймақаралық ынтымақтастық форумы, сондай-ақ, ресейлік кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес-форум өтетінін атап өтті. Елорда басшысы мәскеуліктерді және ресейліктерді «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне шақырды.

Сергей Черемин өз сөзінде Астананың мәскеуліктерге ерекше мерекелік көңіл күй сыйлағанын жеткізді.

«Стратегиялық серіктесіміз Қазақстанмен экономикалық және сауда қатынастары біз үшін аса маңызды, экономикалық тұрғыдан ол жиырма жылдан бері басты әріптесіміздің бірі болып табылады. Біз бұл достық пен қолдауды бағалаймыз және әріптестерімізбен тәжірибемен бөлісуге тырысамыз», — деді Сергей Черемин.

Кеш барысында сахна төрінде ҚР халық әртістері Әлібек Дінішев, Айман Мұсақожаева, Роза Рымбаева, танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы өнер көрсетті. Мәскеу тұрғындары мен қонақтары «Музарт», «Формат», «Ринго», Бүркіт пен Аиша дуэтінің шығармашылығымен танысты. «Наз» мемлекеттік би театры, «Шалқыма» халық биі ансамблі, Астана қаласы мемлекеттік фтлармониясының қазақ халық аспаптары оркестрі мен «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Тұран» эстрадалық-фольклорлық ансамблі және «Серпер» домбырашылар ансамблі қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Атақты «А-Студио» тобы да өз өнерін ортаға салды.

ОҚО-да 25 жылда көкөністің көлемі 5 есеге артты

83ac5217-6976-4074-83ce-57c606507084Бұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. Оның айтуынша, егін шаруашылығы бойынша жүргізілген жүйелі әртараптандырудың арқасында 1991 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың егіс көлемі 73 мың га. 80 мың гектарға, бақша 49 мыңнан 59 мың га., ал көкөніс 27 мың гектардан  40,4 мың га, картоп тоғыз мың гектардан 15,3 мың га артқан. Сонымен қатар, егіс көлемімен қатар алынған өнім көлемі де артқан. Мәселен, 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мың тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мың тоннаға, яғни бес есеге артып отыр.

Брифингте мәлім болғандай биылғы жылы орташа есеппен — 470 мың тн. астық жиналып, түсімділігі орташа 22 цн/га. құраған. Ал 1991 жылы астықтың түсімділігі гектарына 17,8 центнер болған.  Оңтүстік шаруалары өздерінің еңбекқорлығымен Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

«1999 жылдың аяғында бұрынғы 182  ұжымшар-кеңшар және мемлекеттік шаруашылықтар базасында жеке меншікке негізделген 20 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары пайда болды. Бүгінгі күнге олардың саны 70 мыңнан асты. Сондай-ақ, мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласын тікелей қолдауы мен облыс әкімдігі тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтежиесінде, 2010 жылдан бастап мал шаруашылығының өнім үлесі 45%, ал өсімдік шаруашылығының үлесі  55 % құрады»,-деді басқарма басшысы.

ОҚО сәулеті Тәуелсіздік жылдарында адам танымастай өзгерді

60000000000_0Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов хабарлады.

Спикердің айтуынша, сәніне сәулеті келіскен жобалардың басым бөлігі, яғни 40-тан астам ірі жоба, соңғы алты жылда – 2009-2015 жылдар аралығында іске асырылып, бой көтерген.

Атап айтқанда, «Жер ана» монументі, Ордабасы алаңындағы субұрқақ, Жібек Жолы аллеясы (Т.Рысқұлов ескерткіші), Көркемөнер галереясы, Абай мұражайы, Диуани Хикмет аллеясы (Түркістан қ.), «Даңқ» мемориалы, Дендросаябақты қайта жөндеу, «Шәмші әлемі» сквері, спортшылар аллеясы, Неке сарайы, Жастар орталығы, Қабанбай батыр ескерткіші, Босанғанға дейінгі орталық, Облыстық филармония, «Қызғалдақ» субұрқағы жобалары болып жалғасып кете береді.

«Облыстың сәулеттік сәнін арттырып, көркейтуге бағытталған жұмыстар мұнан әрі жалғасын таба береді. Мәселен, Түркістан қаласына 60 шақырым кіре беріс жерге түркі тілдес халықтардың қалашығын салу жоспарланып отыр. Шығыс халықтарына берілетін этно қаланы әр ұлт өздігінше әсемдейтін болады. Мұнан бөлек, таяуда өңіріміздің Қызылорда және Жамбыл облыстарымен шектесетін бөлігінде «Оңтүстік» символикалық қақпасы бой көтермек», — деді басқарма басшысы.

Баспасөз жиынында Е.Жүсіпов облыстағы тұрғындар саны бес мыңнан асатын елді мекендерді бас жоспармен қамтамасыз ету жайы 98,1 пайызды құрайтынын жеткізді. Жұмыстардың атқарылуы жөнінен республика бойынша екінші орында тұрған аймағымызда 2020 жылға дейін бұл нәтиже 99,6 пайызға шықпақ.

Астана мен Мәскеу ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын және бірлескен жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады

4fefb47676de9bbdcced2c087b4Астана мен Мәскеу ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады. Smart-city жобаларын енгізуге және дамытуға баса назар аударылды. Бүгін Астананың Мәскеудегі күндері аясында мәскеулік сауда-өнеркәсіптік палатада Іскерлік ынтымақтастық форумы өтті.

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Мәскеу Үкіметінің министрі, қалалық Сыртқы экономикалық және халықаралық байланыс департаментінің басшысы Сергей Черемин сөз сөйледі. Оның айтуынша, Ресей тарапы Қазақстанның елордасымен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі.

«Астана – қалалық шаруашылық саласында ең озық технологияларды, инвестицияларды тарта отырып, қарқынды дамып келе жатқан жас қала. Бүгінде іскерлік топтар арасында қарым-қатынас құру оңай емес, біз өте күрделі экономикалық жағдайға тап болдық, бірақ Астана мен Мәскеу арасындағы интеграциялық өзара іс-қимылдың перспективалары әлі де бар. Біздің қарым-қатынасымыз одан әрі дамиды, біз Астанада бизнес-миссия өткіземіз және ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысамыз, — деді Сергей Черемин.

Оның айтуынша, ЭКСПО көрмесі мәскеулік кәсіпорындар үшін электр энергиясын өндіру технологияларын, оның сақталуын, энергетика шаруашылығымен байланысты жаңалықтарды көрсетудің жақсы алаңы болады.

Өз кезегінде елорда әкімі Әсет Исекешев Мәскеу мен Астананың көптеген бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істеуге болатынын жеткізді.

«Астана халқы бір миллионнан асты, бұл белсенді дамып келе жатқан қала. Біздің қалалардың экономикалық модельдері негізінен ұқсайды, сондықтан бизнес қоғамдастықтардың арасында белсенді ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз. Екі жақта да қызықты бағдарламалар мен технологиялар бар, біз оларды жүзеге асыра аламыз», — деді Әсет Исекешев.

Сонымен қатар, Әсет Исекешев өз баяндамасында жас елорданың дамуының басты басымдықтарына тоқталды, атап айтқанда: жұмыспен қамту және экономикалық модельдің жаңа құрылымдары, сондай-ақ, өмір сүру сапасын жақсарту арқылы халықтың кірісін арттыруды қамтамасыз ету. МЖС моделін белсенді пайдалану, шағын және орта бизнесті, сауда секторларын дамыту, индустриалды құрылысқа көшу, тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету, жаңа құрылыс технологияларын дамыту және т.б. маңызды болып табылады. Туризм де маңызды бағыт болып қалады, — деді әкім.

«Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға қазір зерттеліп жатқан смарт-шешімдердің толық спектрі ықпал етеді. Бұл жұмыстың ашықтығын арттыру, ТКШ жүйесінің әлдеқайда айқын жұмысын қалыптастыру, қоғамдық көлік, білім, денсаулық сақтау салаларында смарт-шешімдерді енгізу. Бүгінде бірқатар жобалар жүзеге асырылдқ, — деді Әсет Исекешев.

Бүгін мәскеулік әріптестеріміз қазақстандықтарға Ресей астанасында сәтті жүзеге асырылып жатқан және енгізу жоспарланып отырған бірқатар «ақылды» технологияларды таныстырды.

«Астана мен Мәскеу – ақылды қала технологияларын енгізуді қажет ететін мегаполистер. Мәскеуде «ақылды» қала ортасының элементтері Мосробот сияқты қызықты технологиялар қолға алынды, бұл көшеде немесе маршрутта болып жатқан оқиғалар туралы қала тұрғындарын тікелей хабардар ету сервисі. Сонымен қатар, геоаналитика құралдарын пайдалану енгізіледі. Қазіргі кезде қалада төрт ірі мобильді оператор жұмыс істейді, біз жасырын түрде қалада жүрген адамдардың ағыны туралы мәлімет аламыз және осы мәліметтердің негізінде қалалық инфрақұрылымды дамытамыз», — деді «Ақпараттық қала» МБМ бас директоры Алексей Чукарин.

Сонымен қатар, Форумда мәскеулік тарап көшені абаттандыру, инновациялық қызмет ерекшеліктерімен және т.б. бөлісті. Кездесу барысында Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және даму басқармасы мен Мәскеудің ұлттық саясат, аймақаралық байланыс және туризм департаментінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Елордада семсерлесуден ашық турнир өтіп жатыр

«Барыс» мұз сарайында семсерлесуден V «Астана қылышы» халықаралық ашық турнирі өтіп жатыр. Жарыс 24 қыркүйекке дейін жалғасады. Турнирге Ұлыбритания мен Қырғызстаннан, Қазақстанның облыстары мен қалаларынан (Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары, Алматы, Қарағанды және Астана қалалары) спортшылар қатысады.

)алалық әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыстың ашылу салтанатында 200 жуық спортшы олимпиадалық маршпен жүріп өтті.

— Құрметті достар, Астанаға қош келіпсіздер! Биыл «Астана қылышы» турнирі Қазақстан Республикасының елордасында бесінші рет өткізіліп жатыр. Спортшыларға жеңіс қана тілеймін! Ең мықтылары топ жарсын! Семсерлесуден V «Астана қылышы» халықаралық ашық турнирін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! – деді Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Самат Қабдулин.

Жарыс екі жас санатында өтеді: 1999 ж.т. және 2000 ж.т. Спортшылар жеке және командалық есепте күш сынасады.

Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша ағылшын Стивен Бэйтмэн ақтық сынға өтіп, 3-орынға табан тіреді. Ол турнир чемпионы атанған алматылық Альберт Шешинге есе жіберді. Кадеттер арасында қазақстандық Ильхамжан Анарқұлов топ жарды. Әйелдер арасында Алматы қаласының спортшысы Мелани Хамраева, кадеттер арасында алматылық Александра Тамбовцева чемпион атанды. Командалық жарыстарда ерлер арасында Алматы қ. РМИ командасы, әйелдер арасында Алматы қаласының командасы үздік деп танылды. Жеңімпаздарға Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдары табысталды.

Адина Әзімханова, Мансұр Естеу сәйкесінше, «Жеңіске деген еркі үшін» және «Турнирдің ең техникалық семсерлесушісі» дипломдарымен марапатталды. Ең жас қатысушылар Астана қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің директоры М. Жакеновтың атынан тиісті дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.

Түркістандықтар қоныс тойын тойламақ

turkistanЖыл сайын елімізде халықтың әл ауқатын арттыру мақсатында баспана алу мәселесі жүйелі жолға қойылып келеді. Осы ретте, Елбасы Үкіметке «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын нақтылауды тапсырған болатын.

Аталған бағдарлама аясында Түркістан қаласындағы жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Отырар» шағын ауданында 5 қабатты 2 тұрғын үй құрылысы бітуге таяды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Биылғы жылдың соңына қарай жаңа пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек. Осы кезекте Қазақстан иппотекалық компаниясы арқылы 9 қабатты 2 үйдің құрылысы жүргізіліп жатқандығы белгілі. Жақын күнде мұнда да заман талабына сай баспаналар тұрғындар игілігіне берілетін болады. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар үшін қуаншты хабар – жаңа шағын ауданның маңынан тағы да 8 үйдің құрылысы басталмақ. Бұл үйлерді келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Мәскеуде Астана күндері өтіп жатыр

Ресей астанасы Мәскеу қаласында Астананың мәдениет күндері аясында бірқатар іскерлік және мәдени шаралар өтіп жатыр. Елорда әкімі Әсет Исекешев Мәскеу мэрі Сергей Собянинмен кездесті. Сонымен қатар, қос астананың іскерлік ынтымақтастығы форумы, іскерлік топ өкілдерінің кездесулері ұйымдастырылады. Шаралар әлемдегі ең ірі экспозициялық алаң — Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде этноауылдың ашылуынан басталды. Ресми шараға елорда басшысы Әсет Исекешев пен Мәскеу Үкіметінің министрі Сергей Черемин қатысты, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

7b5fefee429a81303c9263be55e.jpeg

Этноауыл аумағында бірнеше тақырыптық киіз үй тігілді — «Ақ Орда», «Аңшының үйі», «Шеберлердің киіз үйі», «Қолөнершілер шеберханасы» және т.б. Сонымен қатар, келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылды.

Этноауыл аумағында алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған павильон орнатылды. Экспозиция Мәскеу уақыты бойынша сағат 22.00 ашылады.

Астана күндері аясында Ресей астанасында қала тұрғындары мен қонақтарының назарына қазақ халқының мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретін көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады, елордалық театр әртістері мен танымал қазақстандық шоу-бизнес өкілдері өз өнерлерін ортаға салады. Бүгін Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Театр сүйер қауым «Томирис – Сақ патшайымы» қойылымы мен бейнелеу өнерінің «Жусан иісі» көрмесін тамашалай алады.

0a31c5698eab393915fe27b41d2.jpeg

Бұдан басқа, шара аясында бірқатар іскерлік кездесулер өткізу, «Мәскеу қаласының бірыңғай геоақпараттық кеңістігін», Спорттық инновациялық технологиялар және құрама командалар дайындау орталығын, Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығын аралау, сондай-ақ, Мәскеу аумағында жәрмеңкелер ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу жоспарланған.

Елордалық кәсіпорындарда өнеркәсіп өнімінің көлемі 240,2 млрд теңгені құрады

11d56dd2cc896feea7f04b7d91fҮстіміздегі жылдың сегіз айында өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 240,2 млрд теңгені құрады, 2015 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейге қарағанда 2016 жылғы қаңтар-тамыздағы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі — 102,6%.

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлемі 2015 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгеймен салыстырғанда 2,3%-ға өсті және қолданыстағы бағамен 193,2 млрд теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі тамақ өнімдерін өндіру, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау, металлургия өнеркәсібі, жиһаз жасау өндірісінде байқалады.

Тамақ өнімдерін өндіруде 2015 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгеймен салыстырғанда нан – 6,3%-ға, дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн; олардан майда тартылған ұн қоспалары – 18,5%-ға, өзге де дәнді дақылдардан жасалған жарма, ірі тартылған ұн және түйіршіктер мен өнімдер өндіру 1,6 есеге өсті. Сонымен қатар, шұжық өнімдерін өндіру 18,7%-ға, ірімшік және сүзбе өндіру 28,2%-ға қысқарды.

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау өндірісінің өсу қарқыны артты: бекітпе бұйымдар – 46,5%-ға, құрама құрылыс металл конструкциялары – 9,9%-ға, алюминийден жасалған есік және терезе блоктарын, есік босағаларын шығару 1,9 есеге өсті.

Нұржол желек жолында тұрақ орындарын абаттандыру жұмыстары басталды

d34c7bb8f908acc11042aa87ce7Астанада «Көлік кеңістігін бақылау» жобасын сынақ ретінде енгізу үшін аймақты абаттандыру жұмыстары басталды.

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылғы 19-26 қыркүйек аралығында сағат 21:00-ден (тәулікке) Нұржол желек жолында автокөлік өтетін жол жартылай жабылады.

Жолдарды жабу кестесі:

20.09.2016ж. №1 орынтұрақ телімін жайластыру (Нұржол ж-лы, Орынбор көшесінен Түркістан көшесіне дейін, «Нұрсая» ТҮ 2)

21.09.2016ж. №2 орынтұрақ телімін жайластыру (Нұржол ж-лы, Орынбор көшесінен Түркістан көшесіне дейін, «Нұрсая» ТҮ 1)

22.09.2016ж. №3 орынтұрақ телімін жайластыру (Түркістан к-сі, Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейін)

23.09.2016ж. №4 орынтұрақ телімін жайластыру (Бәйтерек)

24.09.2016ж. №5 орынтұрақ телімін жайластыру (Ақмешіт к-сі, Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейін)

25.09.2016ж. №6 орынтұрақ телімін жайластыру (Нұржол ж-лы, Ақмешіт көшесінен Нұржол көшесіне дейін, «Керуен» СО)

26.09.2016ж. №7 орынтұрақ телімін жайластыру (Нұржол ж-лы, Ақмешіт көшесінен Нұржол көшесіне дейін, «Изумрудный квартал» БО)