Домой Блог Страница 98

1 қазанда «Алау» МС қысқы маусым ашылады

d5cfb1cd183abc269b16b6c40281 қазанда «Алау» мұзайдыны сарайында бұқаралық коньки тебу маусымы ашылады. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Келушілерге 400 метрлік жол, хоккей мен мәнерлеп сырғанауға арналған корттар ұсынылады. Айдындардағы мұз озық технологиялар мен жоғары сапалы материалдарды қолдана отырып құйылады.

Биылғы маусымда хоккей кортында EХPO-2017 логотипі, ал жүгіру жолында – ұлттық ою-өрнек бейнеленеді.

Мұздың жалпы ауданы — 9200 м², ол үшін 460 000 литр су қажет. Бұл ретте ауа температурасы аренада +13; +16°C, ал мұз үстіндегі температура — минус 5°C құрайды.

Еске салайық, жазғы маусымда «Алау» спорт орталығына 12 710 адам келген, соның ішінде 1500 оқушы қалалық мектептердің жанындағы лагерьлерге барған балалар. Сонымен қатар, көп балалы отбасылардан шыққан 250 бала сарайда сүйікті спорт түрлерімен айналысу мүмкіндігіне ие болды.

ОҚО тұрғындары «Тәуелсіздік» тау шыңын бағындырды

Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Бұл — біздің таулар» фестивалі өтті. Дәстүрге айналған шара биыл Төле би ауданы, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінде өткізілді. Фестивальға ОҚО кәсіпкерлік, индустириялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы М.Қарабаев және облыс тұрғындары мен қонақтары, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға қатысушылар Өгем тау жотасының шығысы жағында орналасқан «Тәуелсіздік» шыңын бағындырумен қатар, суретшілердің сайысына да қатысты. Арнайы жол көрсетушілермен тауға шыққан жастар 2200 метр биіктікті бағындырып, өз алдарына рекорд жаңартты.

Бұдан бөлек, “Bal Tekstil” кілем тоқыма фабрикасының демеушілігімен «Біз туризм және экологиямен біргеміз» қайырымдылық шарасы өткізілді. Аталған шара қоғамдағы өзекті мәселе — ата-ана қамқорлығынан айырылған жандарға арналды. Фестиваль қортындысы бойынша белсенді жастар мен суретшілер марапатталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына — 25 модельді кітапхана

14322399_204765126609008_4556479138606448858_n_0Ордабасы ауданындағы Бөржар ауылдық кітапханасы заман талабына сай жаңаша жабдықталып, «Модельді ауылдық кітапханаға» айналып отыр.

Модельді кітапхана – оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді жоғары сатыға көтеретін жаңа кітапхананың стандарты. Оның басты міндеттері – компьютерлік технологияларда енгізудің арқасында электронды ақпараттар қорын қалыптастыру, кітапханалық қорларды дамыту, материалдық – технологиялық базаны нығайту.

Бұл өз кезегінде  қазына ордаларының материалдық-техникалық базасы жақсарып, кітап қоры артып, ғаламтор ресурстарына қол жеткізілетін болады. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 модельді кітапхана» жол картасы бойынша үш бірдей – Бөржар, Бадам, Бөген ауылдық кітапханалары модельді кітапхана болып ашылды, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бөржар модельді ауылдық кітапханасының лента қию салтанатына қатысқан облыстық «Отырар» ғылыми- әмбебап кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ғ. С. Хакимова арнайы сертификат табыс етсе, Бөржар ауыл округі әкімінің орынбасары Б. Сиқымбай, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы С. Абулдаева кітапсүйер қауымға ізгі тілектерін білдірді. «Кітапхана – білім ордасы» мерекелік іс-шарасына қатысқан бірқатар қонақтар түрлі кітаптар сыйлап, кітапхана қорын толықтырды.

Алматы облысында «Жас кәсіпкер мектебі» ашылады

img_2880Бұл жоба «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында қолға алынған. Бұл жөнінде Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мәлімдеді.

— Жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға жәрдемдесетін мектепте кәсіпкерлік негіздерін, соның ішінде бизнес-жоспар, маркетингтік жоспар, даму стратегиясын әзірлеуді, сондай-ақ кәсіпкерлік психологияны меңгеріп шығуды облыстық кәсіпкерлер палатасының тәжірибелі бизнес-тренерлері үйретеді. Мектептің тыңдаушылары 18-29 жас аралығындағы азаматтар бола алады. Оқыту қорытындылары бойынша бизнес-жоспарларын сәтті қорғаған жағдайда, тыңдаушыларға сертификат беріледі, — дейді Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Ерлан Датқаев.

Қызықты жобалар «Идеялар жәрмеңкесі» байқауында таныстырылады. Ал соның ішіндегі үздіктері кейін «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының шеңберіндегі мемлекеттік грантты алуға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Онда кез келген азамат бар білгенін, тәжірибесін, жеткен жетістігін, бастамаларын іске асыруға мүмкіндігі бар.

«Жас кәсіпкер мектебі» жобасы мемлекеттік тілде үстіміздегі жылдың 31 қазанынан бастап 4 қарашаға дейін, ал орыс тілінде 7 қарашадан 11 қарашаға дейін «Даму» КДҚ» АҚ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өтеді.

Оқытуға өтініштер осы жылдың 13 қыркүйегінен бастап 28 қазанға дейін Алматы облысының кәсіпкерлер палатасында қабылданады.

Төрт айлық сәбидің ерекше фотосессиясы

Төрт айлық Джой Маридің анасы сәбиін тек ұйықтатып қана қоймай, түрлі киімдер кигізіп, суретке де түсіреді.

Бұл керемет фотоларды Лаура өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялап, оқырмандарымен бөліседі.  Айта кеткен жөн, қазір анасы мен қызының парақшасына 290 мыңнан аса адам тіркелген.

4 5 6 8 9 10   14 1513

ОҚО-да “Оңтүстік Самалы” авторлық әндер фестивалі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік Самалы -2016» авторлық әндер фестивалі өтті. Арыс өзенінің жағасында өткізілген үш күндік шараға 500-ге жуық адам қатысып, өткен жылдармен салыстырғанда қатысушылар мен көрермендер саны анағұрлым артқан, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

600_98

Биылдыққа үшінші рет ұйымдастырылған халықаралық авторлық әндер фестиваліне қатысуға 70 үміткер іріктеліп алынған. Тек топты оза шауып, өз өнерімен жиналғандарды тамсандырған ресейлік қонақ Олег Деманов бас жүлдені иеленді.

Бұдан бөлек, 18 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Айта кету керек, фестивальда еліміздің барлық облыстарынан және Өзбекстан, Ресей елдерінен келген қатысушылар бақ сынасты.

Айта кету керек, үш күндік шара ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының бастамасымен өткізілді. «Оңтүстік Самалы» авторлық әндер фестивалі келесі жылы тағы да жалғасын табатын болады.

С. Ырсалиев: Бұрын жоғары білімді талап етпеген көптеген мамандықтар қазіргі кезде жоғары біліктілікті қажет етеді

367854_11Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті Серік Ырсалиевтың қазіргі білім жүйесі туралы және соңғы кезде көп талқыланып жүрген үш тілділік мәселесі бойынша сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

Сән бе, бейімділік пе?

– Серік Әзтайұлы, БҒМ талапкерлер арасында гранттарды жақында ғана үлестірді. Әдеттегідей, кейбіреулердің көңілдері толмады, өйткені анағұрлым әйгілі мамандықтарға үздіктердің өздеріне де гранттар жетіспеді. Мүмкін, жастарға елімізде қандай мамандықтар сұранысқа ие және оқуға қайда түскен дұрыс екені туралы жиірек айту керек шығар?

– Әлдеқашан, он бесжылдай бұрын, біздің “Дарын” орталығымыз балалар өздерінің болашақ мамандықтарын қаншалықты саналы таңдайтындары туралы сауалнама өткізді. Сауалнамаға қатысқандардың 70 пайызы өз таңдауларын достарының, ата-аналарының кеңестері негізінде жасады, яғни әлеуетті мамандардың 70 пайызы санаға салынбаған таңдау жасады. Бұл өте қорқынышты, өйткені санаға салынбаған таңдау мамандыққа деген төмен қызығушылыққа, нәтижесінде ЖОО түлектері білімінің төмен деңгейіне әкеліп соқтырады. Қазіргі жағдай қандай екенін білмеймін, бірақ үрдіс айтарлықтай өзгерді деп ойламаймын.

– БҒМ тарапынан насихаттау жеткіліксіз болуы мүмкін бе?

– Мәселені кешенді түрде шешу керек. Бірінші кезеңі – балалардың қабілеттерін ерте анықтау, бейіналды дайындық және бейіндіру, балалар мектепті аяқтағанда, қандай іс жанға жайлы екенін білуі керек. Сонымен қатар балаға жақын арада қандай мамандықтар сұранысқа ие болатынын және қалай төленетінін, бұдан әрі: талапкер мүмкінді мамандықты таңдайтынын, бұған қайда үйренуге болатынын, бұл қанша тұратынын түсінуге мүмкіндік беретін қуатты ақпаратты жүйе құрылу керек. Бұндай ақпараттық жүйелердің аналогтары әлемде бар, қазіргі таңда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп бұл мәселемен тығыз айналысып жатырмыз.

Білместер және жанжалдар

– Орта техникалық білім беруге де бағыттайсыздар ма?

– Дүниежүзінде қазіргі кезде жоғары білім массификация үрдісі байқалады. Көптеген дамыған елдер жоғары білімі бар халықтың үлесін 60 пайызға дейін жеткізу мақсатын қойып отыр. Неліктен солай болды? Технологиялар өте тез дамиды, бұрын жоғары білімді талап етпеген көптеген мамандықтар қазіргі кезде жоғары біліктілікті қажет етеді. Сонымен қатар, бұл біреу үшін еңбек ресустарының деңгейін жоғарылату әрекетінен гөрі халық білімін жаппай жоғарылату қызметін орындау әрекеті шығар.

Мынандай сандар бар: ЖОО түлектерінің 5 пайызы қалған 95 пайыз үшін жұмыс орындарын жасайды. Яғни қоғамның  әл-ауқаты жалпы жоғарылап келеді.

– Ал жасалған бұл жұмыс орындары шынымен жоғары білімді талап етеді ме?

– Әрине, тәуекелдер бар. Жоғары білім массификациясы инновациялық экономикасы бар елдер үшін жақсы. Инновациялық әлеуеті жоқ мемлекеттерде сапасыз жоғары білімі бар адамдардың көп саны күрделі мәселе болып табылады. Өйткені адамдардың үміттері мен талаптары жоғарылатылған, өмір болса, өз сценарийі бойынша жылжиды, ал бұл адамдар әртүрлі революцияларды дамытудың қолайлы ортасына айналады. Мен 2010 жылы Туринде болдым, сондағы сарапшылар мынандай қорытынды жасады: білім беру жүйесінің еңбек нарығымен сәйкес келмеуі Солтүстік Африка елдеріндегі революция себептерінің бірі болды. Египет студенттерінің 70–80 пайызы экономика және құқықтану факультеттерінде білім алды, ал елге аграрийлер, туризм менеджерлері керек болды жән т.б.

– Сонда жұмысқа тұрмаған ЖОО түлектері қолдарына қару алды ма?

– Білім мен соғыс арасындағы байланыс бұрыннан дәлелденген. Бұл жалғыз емес, бірақ негізгі факторлардың бірі болып табылады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ғылыми-техникалық даму, білім беру мен қоғамдағы жанжалдардың өзара байланысын зерттеді. Және мынандай қорытындыға келді: технологиялардың дамуы елдердің дамуынан озғанда, қоғамда және елдер арасында әлеуметтік теңсіздік ұлғаяды. Күшті елдердің көршілерінің есебінен бұдан да күшті болу мүмкіндіктері туындайды. Елдер ішінде де осыған ұқсас жағдай пайда болады. ХХ ғасырдың басындағы техникалық революция нәтижесінде әлемде өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңына дейін 12 ұлттық-азаттық көтеріліс, 7 революция, 84 соғыс, соның ішінде 2 дүниежүзілік және 16 азаматтық соғыс болды, 100 миллионнан астам адам қаза болды.

Қазір де осындай жағдай. Техникалық революция болды, ал білім беру өткен ғасырдың ортасындағы өсуден кейін технологиялардың дамуына ілесіп үлгермей жатыр.

“Қуыспақ” ойнау

– Қазақстан артта қалғандардың қатарында ма?

– Дәлірек айтсақ, қуып жетушілердің қатарында. Өткен ғасырдың 80-жылдары озық елдер біліммен қатар, ақпаратты іздеу, іріктеу және пайдалану дағдыларын беру керек екенін түсінді, білім беру құзыреттіліктерге негізделетін болды. Әлем бұған 90-жылдардың басында келді, бірақ бізде КСРО-ның ыдырау кезеңі болды, білім беру мәселелері назардан қалды. 1997 жылға қарай әлем бұл құзыреттіліктерді қалай өлшеуге болатынын ойлап тапты, 15 жастағы жасөспірімдерге арналған PISA тесттері пайда болды. Қазір ЭЫДҰ 2030 жылға дейін әлемдік білім беруді дамыту тұжырымдамасын жасап жатыр және 2021 жылы оны енгізе бастайды.

Біз PISA тесттеріне енді ғана қатыса бастадық. Өткен жылдан бастап еліміздің 30 мектебінде білім берудің құзыреттілік бағдарламасын енгізіп көрдік. Қыркүйектен бастап бұл тәжірибе басқа мектептерде қолданылады. Қала және ауыл тұрғындары арасындағы сандық (цифрлік) теңсіздік мәселесін шешумен де қамданып отырмыз. Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен 2020 жылға дейін барлық қазақстандық мектептерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жабдықтау қарастырылды. Бұл кеңжолақты Интернет болуы мүмкін, бұнда біз «Сандық Қазақстан» бағдарламасына үлкен үміт артып отырмыз, сол арқылы “Қазақтелеком” 250 астам адам тұратын барлық ауылдарға Интернет өткізуге уәде етті. Немесе, шалғай ауылдарда орналасқан шағын жинақты мектептер туралы айтатын болсақ, бұнда барлық материалдар салынған қуатты сервер орналастырып, балаларға ақпараттық ресурстар жеткізуді жоспарлап жатырмыз.

Қазір ақпараттық технологиялар білім саласында революция жасады. Әлемнің үздік ғалымдарының үздік лекцияларын тыңдау қиын болмай қалды. Біздің мақсатымыз – кез-келген қазақстандықтың бұл білімге қосылуы үшін жағдай жасау.

– Оқушылардан көп нәрсе талап етіп жатқан жоқпыз ба, оған қоса еліміз үштілділікке бағыт алып отыр?

– Менің голланд танысым бар. Бір күні ол Нидерланды заманауи білім беру жүйесі ол оқыған кезге қарағанда анағұрлым әлсіз екенін айтты. Мен одан бұл неден байқалады деп сұрадым. Ол заманауи мектеп түлектерінің небәрі екі шетел тілін білетініне өкінеді екен, өйткені бұрын төрт тілді білу керек болатын. Бірақ бұл да оның шегі емес. Тілдерді оқытуға әлемнің барлық елдерінде баса назар аударылады. Қазірдің өзінде еуропалықтардың 54 пайызы кем дегенде бір, 25 пайызы – екі, 10 пайызы — үш шетел тілін біледі. Әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің бірі — Япония өз балаларын 12 жасқа дейін шетел тіліне үйретпейді деген пікір бар. Бұл жалған! Мамырда ЭЫДҰ Париждегі мәжілісінде болдым, және Жапония өкілі 2020 жылға қарай оның елі ағылшын тілді емес мемлекеттер арасында ағылшын тілін меңгеру көрсеткіші бойынша көшбасшы болуды жоспарлағанын айтты. Қазір бұл мемлекет осы рейтингтің 30-орнында, ал Қазақстан 54-орнында тұр. Және олар үшін 30-орын – ұлттық трагедия. Көрсеткіштерді жақсарту үшін олар осы жылдан бастап ағылшын тіліне 3–4-сыныптарға аптасына екі сағат, 5–6-сыныптарға үш сағат бөледі.

Яғни Қазақстан үшін бірнеше тілді оқу – қисынсыз тілек емес, қажеттілік. Егер біз білім беру жүйесіне әлемдік үрдістер мен талаптарға сәйкес өзгертулер енгізбейтін болсақ, біздің үрдістен шет қалу тәуекеліміз бар.

iac.kz

Қазақстан Президенті әуежай мен аэровокзал ғимаратына барды

Қазақстан Президенті әуежай мен аэровокзал ғимаратына бардыМемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарында әуежай мен аэровокзал ғимараттарын қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Сондай-ақ, Елбасыға ұшу-қону жолағын жаңарту жұмысы, әуежайды және өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту перспективалары туралы баяндалды.

www.akorda.kz

Астанада бірінші сынып оқушылары көлік картасына ие болды

82542-preview-imageАстана қаласы мектептерінде биылғы жылдың күзінде мектеп көлік картасын беру жұмыстары жүреді. Мектеп көлік картасын тек ASTRA PLAT арнайы мектеп порталында тіркелген оқушылар ғана ала алады. ASTRA PLAT мектеп порталымен жұмыс істейтін арнайы жауапты маман бекітілген, деп жазады .

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты Астанада 12 000 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған, міне, осы балаларға көлік карталарын беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар елордалық орта білім беретін мекемелерде өткен оқу жылының соңында кейбір оқушылар көлік карталарын алып кетуге үлгермеген.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың көктемінде жүргізілген дайындық жұмыстары аясында Астанада 78000 оқушы көлік картасын  алды, оны ASTRA PLAT жүйесінің екінші және кезекті кезеңдері іске қосылғанда пайдалана алады. Оқушылар балаларға арналған тарифты енгізіп, бонус ретінде бір автобустан екіншісіне тегін ауысып отыра алады.

ASTRA PLAT жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізудің барлық кезеңі іске қосылғанша оқушылар қаланың қоғамдық көліктерінде жол ақысын қолма-қол төлеулеріне (толық билеттің 50%) немесе қағаз жол жүру билетін көрсетулеріне болады.

Егер мектеп көлік картасы жоғалған болса, оны ASTRA PLAT жүйесінің екінші кезеңі іске қосылғанда қайта жасатуға болады. Ата-ана баласымен бірге арнайы кассаларға келіп, бірінші берілген картаның ақысы 400 теңгені төлеп, жаңасын ала алады (өзімен бірге туу туралы куәлігі және ата-ананың жеке құжаттары болуы тиіс).

ASTRA PLAT жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізудің әрбір кезеңінде оның жұмыс істеу қағидасы мен қолдануы, бонустары мен карточканы дұрыс пайдалануы жайлы толық ақпарат беріліп, жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар нәтижелері жарияланады.

Алдын ала жүргізілген бақылаудан ASTRA PLAT жүйесінің бірінші кезеңінің енгізілуі жолаушылар тарапынан жақсы қабылданғанын көруге болады. Бұл Астана қаласының көлік саласының даму тарихында бірінші рет қала маңына қатынайтын автобустарда жол ақысы орташа есеппен 50 теңгеге, кейбір аймақтарға, мысалы, Бабатайға 120 теңгеге, Аршалыға 100 теңгеге арзандағанымен байланысты. Тарифтер саны 84-тен 5-ке дейін қысқарды. Әлеуметтік жеңілдіктерге ие азаматтарға тегін жүруге мүмкіндік берілді.

Астана қалалық чемпионатының финалистері анықталды

17 қыркүйекте Жастар сарайында Астана қаласының Жастар саясаты  мәселелері басқармасының қолдауымен, Қазақстан КВН одағы ұйымдастыруымен  Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігінің жартылай финалы өтті. 1/4 финалдық ойындардан жолдама алған 10 команда өнер көрсетті. 

Біріншіліктің жаңа жүргізушісі — Рүстем Елжанов.

Сонымен финалдық жолдамаға таласатын командалармен таныс болыңыздар:

  1. «Жеті жұлдыз» — Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі
  2. «Жібек жолы» — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  3. «Грация» — Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі
  4. «Тұран жастары» — «Тұран-Астана» университеті
  5. «Энерго» — С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
  6. «4-корпус» — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  7. «Сарыарқа ауданының жастар құрамасы» — Cарыарқа ауданы
  8. «Арнайы «АСУ» колледжі»
  9. «АТЭК құрамасы» — Астана техника экономикалық колледжі
  10. «Ақ орда» — Ақмола облысы Целиноград ауданы.

17 қыркүйек күні, сағат 16:00 және 18:00-де екі ойын өтті. Әр ойынның үздік командаларына және жалпы жартылай финалдық сайыстың үздік ойыншысына бағалы сыйлықтар табысталды. Ернат Мұхамадиев, Ақұлан Тастемір, Нұрмахан Мұқанұлы, Бекзат Дүйсенов,  Әділет Төлеутаев, Әділбек Келдібай сынды танымал тұлғалар ойында қазылық етті.  Командалар сәлемдесу және көрініс сайыстары бойынша жарысты. Қорытындылай келе, төменде командалар финалдық сайысқа жолдама алды.

  1. «Жібек жолы» — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  2. «Тұран жастары» — «Тұран-Астана» университеті
  3. «Энерго» — С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
  4. «4-корпус» — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  5. «Сарыарқа ауданының жастар құрамасы» — Cарыарқа ауданы

Финал 20 қараша күні өтеді деп жоспарланды.