Пятница, 13 декабря, 2024
No menu items!

Жалақысы ең жоғары және ең төменгі мамандықтар

Басқа ақпараттар

Еліміз дағдарыстан әлі де айыға қойған жоқ. Бірақ, студенттер қаржыгердің не құрылысшы мамандықтарын жағалауын әлі де қойған жоқ. Кейбір салаға кәсіби мамандар жетіспей жатады. Ал, талапкерлер сұранысты елемейді де. Нарық қажет еткен салаларға барғысы келмейді.

Жалақысы жоғары мамандықтар

Елімізде мұнай-газ саласы мамандығы көш бастап тұр. Олардың орташа айлық жалақысы – 197 926 теңге, ал жоғарғысы – 3 281 643 теңгені құрайды. Алайда бұл салада жұмыс табу студенттер мен мамандар үшін оңай болмай тұр. Бір жұмыс орнына 6 мұнайшы таласады. Яғни, аталған салада мұнайшы мамандар толық.

Екінші орында бизнес-кеңесші мамандығы тұр. Қазақстандағы бизнес-кеңесшілерінің орташа жалақысы 143 331 теңге, жоғарғысы 1 085 441 теңге. Бұл мамандық жоғары жалақысымен ғана емес, сұранысқа иелігімен де ерекшеленеді. Осы мамандық бойнша 1 орынға 1-4 кеңесші өзін ұсынады.

Бұдан кейін елімізде заңгер мамандығын атауға болады. Қазақстандық құқыққорғаушының орташа жалақысы – 123 704 теңгені құрайды. Жоғарғы жалақысы – 519 557 теңге.

Көрсеткіштің төртінші орнында ақпараттық технология жіне телекоммуникация саласы тұр. Бұл мамандықтың орташа жалақысы  – 118 755 теңге болса, жоғарғысы – 501 659 теңге көлемінде.

Келесі кезекте маркетинге, жарнама саласын айтып  өту керек. Оларыдң орташа жалақысы – 108 857 теңге, жоғарғысы – 716 656 теңгенң көрсетеді. Дағдарысқа байланысты аталған сала манадарына деген сұраныс азайып қалған болатын. 2010 жылдың сәуір айында осы сала мамандарына деген сұраныс рекорттық деңгейге көтерілді. Оған дейінгі жылмен салыстырғанда 308 пайызға жоғарылаған болатын.

Жалақысы төмен мамандықтар

«Жалақысы жоғары мамандықтардың соңында қаржыгерлер мен құрылысшылар да көрінді. Бір жыл бұрын олар үздік мамандықтардың бестігіне кірген болатын. Еліміз дағдарыстан әлі де айыға қойған жоқ. Бірақ, студенттер осы мамандықтарды жағалауын әлі де қойған жоқ. Қазір IT-мамандар мен байланысшылар көптеп оқып жатыр. Нарық мамандықтар мен олардың қажеттілігін зерттеп үлгермей жатыр. Кейбір салаға кәсіби мамандар жетіспей жатады. Мәселен, баспахана, жүк құрылымы саласын атап өтуге болады. Ал, талапкерлер сұранысты елемейді де. Нарық қажет еткен салаларға барғысы келмейді», – дейді ҚР ЖОО Ассоцияциясының президенті Рахман Алшанов.

Жалақысы төмен мамандықтардың ондығына сұранысқа ие денсаулық сақтау қызметкерлері кіреді. Дәрігерлердің орташа жалақысы 43 066 теңгені құрайды.

Мемлекетке, әсіресе ауылдық жерлерде мұғалімдер жеткіліксіз. Алайда олардың ораташа жалақысы 40 000 теңге.

Сонымен қатар, ауылшаруашылық мамандары да осы топтан көрінеді. Олардың орташа жалақысы – 50 000 теңге көлемңнде.

Жалақысы төмен мамандықтардың үшінші орнында ҚР мәдениет жіне өнер қайраткерлері тұр. Олардың ішінде масс-медиа мамандары да бар. Әртістер, жазушы, суретшілер мен журналистердің  ораташа жалақысы 63 163 теңге. Ең табысты жалақы айына 214 997 теңге болуы мүмкін.

Көш соңында, бесінші орында – банк қызметкерлерін атап өтуге болады. Осыдан бір жыл бұрын бұл мамандық иелері жоғары жалақылы мамандықтың бестігіне енген болатын. Аталған сала мамандарына орташа жалақы есебінде – 140 500 теңге төленген еді. Ал, қазір банк қызметкерлерінің орташа жалақысы – 73 908 теңгеге шығып отыр. Осы сала мамандары жалақысы төмен мамандықтардың ішіндегі жалақысы жоғары қызметкерлер екен.

https://stan.kz/

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз