Домой Блог Страница 286

Моңғолияда этникалық қазақтар арасында жыл сайынғы бүркіттер фестивалі өтті

Этникалық қазақ аңшылары қатысатын жыл сайынғы Баян-Өлгей аймағындағы «Golden Eagle festival» бүркіттер фестивалі өтеді. Онда олар құстарының аң аулаудағы мүмкіндігін көрсететін болады.

Моңғолиядағы бұл жыл сайынғы бүркіттер фестивалі аңшылардың дәстүрлі мәдениетімен таныстырады. Фестивальді жергілікті қазақтар қауымдастығы мен бүркітшілер қауымдастығының мүшелері ұйымдастырды.

Келесі жылы фестиваль 1-2 қазанда өтеді.

Моңғолиядағы белгілі фотографтардың бірі Батзая аталған шараны суретке түсірді.

Моңғолияда этникалық қазақтар арасында жыл сайынғы бүркіттер фестивалі өтті

Моңғолияда этникалық қазақтар арасында жыл сайынғы бүркіттер фестивалі өтті

Моңғолияда этникалық қазақтар арасында жыл сайынғы бүркіттер фестивалі өтті

20151026093030

бүркіттер фестивалі

20151026093040

бүркіттер фестивалі

бүркіттер фестивалі

бүркіттер фестивалі

20151026093100

20151026093106

20151026093111

20151026093116

20151026102424

kazinform.kz

Шоколадтан жасалған көйлектер көрсетілімі өтті

Шоколадтан жасалған көйлектер көрсетілімі өтті
Шоколадтан жасалған көйлектер

Шоколадтан жасалған көйлектер көрсетілімі өтті.

Сәнге киетін көйлектерді жеуге де болады. Жеуге болатын себебі – олардың барлығы шоколадтан жасалған.

Лондонда өткен көздің жауын алатын әрі тіл үйірер шараны Ұлыбританиядағы озық шоколад өнімдерін жасаушылар мен дизайнерлер бірлесіп қолға алған. Көрсетілімге қатысқан сәнқойлар бұл киімдерді асқан ұқыптылықпен киіп, ерекше сақтықпен қозғалады.

Наоми Эссер, сән үлгілерін көрсетуші:

— Шоколадтан жасалған көйлекті бұрын-соңды киіп көрмеп едім. Сондықтан бұл мен үшін жаңа тәжірибе. Бойыма керемет тұрады. Әсіресе иісі керемет.

24.kz

Лондонда селфи жасаудан әлем чемпионаты өтті

Лондонда селфи жасаудан әлем чемпионаты өтті
селфи

Лондон орталығындағы фотостудиялардың бірінде селфи жасаудан әлем  чемпионаты өтті.

Бұл туралы The Independent хабарлайды.

Чемпионаттың жүлде қоры 1000 еуроны құрайды. Сондай-ақ оған қоса селфи таяқшасы ретінде белгілі алтын монопод беріледі.

Селфиге түсуді ұнатқыштар «Дүрдиген ерін», «Айна», «Керемет киім», «Жұлдыз», және «Акулаға жем» сияқты әртүрлі категориядағы жарыстарға қатысты. Сонымен қатар категория арасында «Карен Дзанчук» – патшайыммен бірге түскен селфи де бар.

Чемпионатта Кэти Грант қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

24.kz

«Титаник» кемесін суға батырған айсбергтің суреті аукционда сатылды

"Титаник" кемесін суға батырған айсбергтің суреті аукционда сатылды
Титаник

Ұлыбританиядағы Уилтшир қаласында өткен аукционда әйгілі «Титаник» кемесі соқтығысқан айсбергтің фотосуреті 21 мың фунт стерлингке сатылды, деп хабарлайды Sky News.

Сауданы ұйымдастырушылар хабарлағандай, аталған суретті «Титаник» суға кеткен кезде сол маңнан өтіп бара жатқан «Адальберт ханзадасы» кемесінің стюарды түсіріп алған.

Осы аукцион кезінде сонымен қатар, апатқа ұшыраған кемеден қалған құрғақ күлшелер де сатылды. Ал, апаттан аман қалған жолаушы Маргарет Браунның «Карпатия» кемесінің капитанына берген күміс кубогі үшін шараға қатысушылардың бірі 130 мың фунт төледі.

Естеріңізге салайық, 2 қазан күні Lion Heart Autograph аукционында «Титаниктің» мейрамханасындағы соңғы ас мәзірі 88 мың долларға сатылған болатын. Сондай-ақ, биыл қаңтар айында апаттан аман қалған тағы бір жолаушының жазған хаты Бостон аукционында 11 875 долларға сатылды.

Айта кетейік, «Титаник» өз заманында әлемдегі ең үлкен кеме болатын. 1912 жылдың 15 сәуірінде Атлант мұхитымен жүзіп бара жатып, су көлігі айсбергке соқтығысқан. Апат салдарынан 1,5 мыңдай адам қаза тауып, 700-і аман қалды.

baq.kz

Құс тілімен сөйлейтін ауыл жайлы естідіңіз бе?

Құс тілімен сөйлейтін ауыл жайлы естідіңіз бе?
Құс тілімен сөйлейтін ауыл

Түркияның Қаратеңіз жағалауындағы мына таулы өлкеде өзгеше бір ауыл бар. Бұл өңірдің тұрғындары бір-бірімен «құс тілінде» сөйлеседі.

Аймақ халқы, әсіресе, далалы жазыққа шыққан кезде құстың ысқырығымен әндетеді. Алайда, бұл жай ғана көше стиліндегі ысқырық емес. Бұл тілді жергілікті халық құс тілі («куш дили») деп атайды.

Куско (Kuskoy) аталып кеткен дәстүр тау халықтары арасында, ауыл шаруашылығымен айналысушылар ортасында кең тараған. «Куш дили» – сөз бен дыбыс үйлесімділігінің әдемі әуенге айналған түрі. Бұл Түркияның тау жоталарында әр төбені мекен қылған байырғы халық арасында телефон секілді байланыс құралдары жоқ дәуірде қарым-қатынас түрі ретінде пайда болған екен.

e-islam.kz

«KAZSPORT» комментаторларға кастинг жариялады

«KAZSPORT» комментаторларға кастинг жариялады
кастинг

Кастинг 27 қазан күні Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» өткізіледі. Түйіндемелерді kazsporttv.kz@mail.ru мекенжайына жіберу қажет.

Осы жылдың ішінде өткізіліп отырған осымен бұл үшінші байқау. Алғашқы екі конкурстың нәтижесінде таңдалып алынған үш комментатор бүгінгі таңда «Kazsport» телеарнасында қызмет етіп жүр.

«Kazsport» телеарнасы бағын сынаймын деген үміткерлерге, кастингке асқан жауапкершілікпен қарауды сұрайды.

Еліміздегі спорт журналистикасының осы бір жауапты саласында бағын сынап, танымал комментатор атануға үмітті жандардың барлығын кастинге шақырамыз, — деп хабарлайды Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз-қызметі.

ОҚО-да жаңа кондитер фабрикасы ашылды

ОҚО-да жаңа кондитер фабрикасы ашылдыШымкент қаласында ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында кондитерлік өнім өндіретін «Рахат Шымкент» ЖШС-ның жаңа кондитер фабрикасы іске қосылды. Кәсіпорынның ашылу салтанатына ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Инвестиция комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров пен Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі, облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев және «Рахат» АҚ-ның оңтүстіккореялық акционерлері қатысты.

Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу мақсатында инвестиция оңтүстіккореялық «Lotte» компаниясы тарапынан тартылған. Өңірлік индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асқан жобаға 3 миллиард 200 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, кәсіпорында 100 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Бүгінгі таңда, «Рахат Шымкент» компаниясымен жалпы қуаттылығы 9 мың тонна вафель және печенье өндіретін 2 жаңа желі жұмысын бастады. Бұдан бөлек, алдағы уақытта кезең-кезеңімен қосымша 12 технологиялық желі орнатылатын болады. Өндіріс технологиясының процессіне кондитер саласындағы соңғы еуропалық үлгідегі автоматтандырылған жабдықтар орнатылған.

Айта кетейік, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда елімізде көшбасшы өңірлердің бірі. Облыстағы индустрияландыру картасының бірінші бес жылдық қорытындысы бойынша жалпы құны 183,9 миллиард теңге болатын 137 жоба пайдалануға беріліп, нәтижесінде 11 200 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Екінші бесжылдықтың да жоспары ауқымды. Бүгінгі таңда, 2015-2019 жылдарға арналған индустрияландыру картасы құрылған. Аталған бағдарлама аясында облыста 115 жоба іске асырылып жатыр. Яғни, республикадағы әрбір үшінші жоба біздің өңірде жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың іске қосылуы облыс экономикасына 869 миллиард теңге қаржы тартып, 20 мыңдай азаматтың жаңа жұмыс орынын табуына мүмкіндік береді.

baq.kz

Сүйінбай ақынның саябағы ашылды

Сүйінбай ақынның саябағы ашылды

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында Жетісу ақындарының алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойы өтті.

Төрт күнге созылған ақынның дүбірлі тойының қорытындысы іспеттес айтулы шараға еліміздің зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, Парламент депутаттары, сонымен қатар Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Түркия мемлекетінің өкілдері арнайы келді.  

Мерейтой шымылдығы 21 қазан күні Талдықорған қаласында Сүйінбай Аронұлының ескерткішіне гүл қоюмен ашылып, «Сөздің пірі – Сүйінбай» атты Халқаралық айтыспен жалғасқан болатын. Айтыстың қорытындысы бойынша Бас жүлдеге жетісулық Жандарбек Бұлғақов ие болды. 22 қазанда Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылдық Мәдениет үйінде «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтсе, 23 қазан ақынның мерейтойы Алматы қаласында «Сөздің пірі – Сүйінбай» атты халықаралық ғылыми конференцияға жалғасқан еді.

Ал кеше жыр сұлейінің туған жері Қарақыстаққа келген қонақтар алдымен Сүйінбай Аронұлының кесенесінде болып, рухына тағзым етті. Мұнан соң ақынның биылғы жылы күрделі жөндеуден өтіп, жаңарып-жаңғырған мұражайына атбасын тіреп, жәдігерлермен танысты. Сөйтіп, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Сүйінбай атындағы саябақты және ескерткішті салтанатты түрде ашты.

Артынша өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас директоры Дүйсен Қасейінов, Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин, профессор ғалым Төлеген Қожамқұлов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуовтар мерейтойлық концертте қазақ халқын бүгінгі айтулы күнмен құттықтап, Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойының соңы «Көкбастау» ипподромында ұлттық ат спорты жарыстарына ұласты.

а

п

р

12181788_912874952137572_307675407_n

12180215_912875025470898_731172647_n

12180007_912874975470903_330087547_n

12179685_912875042137563_292676688_n

12179035_912875045470896_1273383240_n

12179035_912875038804230_2088136985_n

12188641_912874992137568_176171869_n

12177771_912875085470892_334983173_n

12180215_912875025470898_731172647_n

 А. МАРАТ

«Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті

ASP_2229000000

24 қазан күні мектеп жасындағы балалар арасында «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты — оқушылардың өнерін жанып, тапқырлыққа баулу. Әрі әзілге жақын болып, өмірге көңілді қарауды да мақсат тұтады. Бұл шара жыл сайын өтіп келе жатқан болатын.

ASP_2204000000Биылғы сайысқа республика бойынша 13 команда қатысып, «Сәлемдесу» сайысы бойынша додаға түсті. Жүздері жайнаған жас ұландардың сайысына республикалық Премьер лига ойындарының  тұрақты қазысы — Нұрмахан Мұқанұлы, «Балапан» телеарнасының директоры — Ләйлә Сұлтанқызы, Республикалық «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының төрайымы — Динара Садвакасова, Білім және ғылым министрлігі, Жастар саясаты департаментінің директорының орынбасары — Ернат Мұхамадиев және «Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушісі — Дәулет Бижанов қазылық етті.

Ойын барысында Ақмола облысы, Степногорск қаласынан келген «Сейфуллин жастары» және Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Күлтегін» жайдарман тобы қонақ ретінде өнер көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен «Қамажай» (ІІІ орын, 200 000 теңге), «Осал емес» (ІІ орын, 150 000 теңге)«Көңілді көшпенділер» (І орын, 200 000 теңге) жайдарман топтары жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербес бюджетін қалыптастыру

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербес бюджетін қалыптастыру
Жергілікті өзін-өзі басқару

Кеше Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Бигелдиевтің төрағалығымен облыстық мәслихат хатшысы, облыстық басқарма басшылары, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округтер әкімдері, 5000-нан жоғары халық саны бар ауылдық округ әкімдіктері есепшілерінің қатысуымен семинар кеңес өткізілді. Кеңес барысында Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы және облыстық кірістер департаментінің басшылары өз баяндамаларында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербес бюджетін қалыптастыру жолдарын түсіндіріп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Ұлт жоспарының «100 нақты қадамын» жүзеге асыру мақсатында бұған дейін облыста арнайы комиссия және бес жұмыс тобы құрылған болатын.

100 нақты қадамның бірі 2018 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізуді көздейді (98-қадам).

Қазіргі уақытта осы бағытта дайындық жұмыстары жүргізілуде.