Домой Блог Страница 261

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жектің күні белгілі болды

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жектің күні белгілі болдыДүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) басшылығы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (46-1-1, 32 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) арасындағы келіссөздерді өткізуге белгіленген күнді 11 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Сарапшылардың пайымдауынша, WBC президенті Маурисио Сулейман Альвареске белбеуін ерікті түрде қорғауға мүмкіндік береді. Сонан соң ол Головкинмен кездесуге міндетті болады.

Сонымен, Альварес өз белбеуін 2016 жылдың мамыр айында ерікті түрде қорғайды, ал Головкинге қарсы кездесуі қыркүйек айында өтеді. Мексикада мамыр мен қыркүйек мереке айлары, ырымға сәйкес бұл айлар өте табысты айлар саналады.

Бұған дейін хабарлап келгеніміздей, Альварес пен Головкин белгіленген уақыт ішінде келісімге келе алмаса, WBC мексикалық боксшыдан чемпиондық белбеуді тартып алып, Головкинге табыстауы керек болатын. Боксшылардың ымыраға келе алмауының басты себебі – қай салмақ дәрежесінде сынға түсуі болып отыр.

baq.kz

Ақындар айтысы: «Алтын домбыра» иегері анықталды

Ақындар айтысы: «Алтын домбыра» иегері анықталды5-6 желтоқсан күндері Алматыдағы Республика сарайында өткен «Тәуелсіздікке тағзым» атты «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы  жеңімпазының есімі анықталды.

Жыр сүлейлері Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Әсем Ережеқызы, Мейірбек Сұлтанхан және жас ақындар Жәнібек Бейбітұлы, Ержан Әміров, Нұрлан Есенқұлов қатарлы 22 ақын қатысқан жыр додасының бас жүлдесін павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаев жеңіп алды. Ол «Алтын домбырамен» қоса 3 млн. теңгеге және 150 мың теңге ынталандыру сыйлығына ие болды. Бірінші орынды қостанайлық азулы ақын Айбек Қалиев еншілеп, 2 млн. теңгені иеленсе, екінші орынға тең түскен Иранғайып Күзембаев пен Мейірбек Сұлтанхан жеке-жеке 1 млн. теңгені қанжығалады. Үшінші орын Қалижан Білдәшев, Жансая Мусина және Еркебұлан Қайназаровқа бұйырды. Оларға 500 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар берілді.
Биыл төртінші рет өткізіліп отырған «Алтын домбыраның» ең алғашқы жеңімпазы Мұхтар Ниязов болатын. 2013 жылы бәйгенің бас жүлдесін Жандарбек Бұлғақов еншілесе, өткен жылғы «Алтын домбыра» Балғынбек Имашқа бұйырған еді.
Айта кетейік, бұл жолғы «Алтын домбыра» аламан айтысы «Нұр Отан» партиясының тікелей қолдауымен өтті. Биылғы жылдың атаулы мерекелері болған – Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан Жеңісінің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай еліміздің бас партиясы осы жылдың өзінде 6 республикалық және 8 аймақтық ақындар айтысын ұйымдастырды.

Еліміздегі 2015 жылдың ең үздік боксшысы анықталды

Еліміздегі 2015 жылдың ең үздік боксшысы анықталдыЕліміздегі 2015 жылдың ең үздік боксшысы анықталды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ересектер арасында Қазақстанның 2015 жылғы ең үздік боксшысы — Иван Дычко атанды (2012 жылғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2015 жылы Бангкокта (Тайланд) өткен Азия чемпионы, 2015 жылы Дохада (Катар) өткен ӘЧ финалисі).

Жастар арасындағы 2015 жылғы үздік боксшы — Аманқұл Әбілхан (жастар арасындағы ҚР чемпионы — 2015, Браденбург -2015 Кубогының чемпионы (Германия).

Әйелдер арасындағы 2015 жылғы үздік боксшы — Дариға Шәкімова (2010 ж. Азия чемпионы (Астана қ.), 2015 жылғы Азия чемпионы (ҚХР, Уланчаб).

Әйелдер арасындағы 2015 жылғы үздік боксшы (жастар) — Мұздиман Балауса ( 2013, 2014, 2015 жж. ҚР чемпионы, 2013 ж. Әлем чемпионатының қола жүлдегері ( Болгария, Альбени қ.), 2015 ж. Жастар арасындағы әлем чемпионы (Тайпей қ., ҚХР).

Әйелдер арасындағы 2015 жылғы үздік боксшы (жасөспірімдер) — Надежда Рябец (2015 ж. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (Тайпей қ., ҚХР), 2015 ж. ҚР чемпионы.

Ересектер арасындағы 2015 жылғы үздік жаттықтырушы — Владимир Шайер (И. Дычконың жаттықтырушысы).

Жастар арасындағы 2015 жылғы үздік жаттықтырушы — Тұрлыбек Көпжасаров (Аманқұл Әбілханның жаттықтырушысы).

Әйелдер арасындағы 2015 жылғы үздік жаттықтырушы Шамиль Сафиуллин (Мадина Нұршаеваның жаттықтырушысы).

Әйелдер арасындағы 2015 жылғы үздік жаттықтырушы (жастар мен жасөспірімдер) — Азамат Балмағамбет (Надежда Рябецтің жаттықтырушысы).

2015 жылғы үздік төреші — Нұрбек Батыров (2013 жылы Аманда өткен (Иордания) ересектер арасындағы Азия чемпионатына, 2015 жылы Ташкентте (Өзбекстан) жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатына, Сеулде өткен Бүкіләлемдік әскери ойындарға қатысқан.

2015 жылғы үздік бокс федерациясы — «Қызылорда облысының бокс федерациясы» қоғамдық қоры.

Еліміздің 4 өңірінде кәсіпкерлерді қолдайтын қор құрылады

Еліміздің 4 өңірінде кәсіпкерлерді қолдайтын қор құрыладыЕліміздің 4 өңірінде кәсіпкерлерді қолдайтын қор құрылады. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.

Оның айтуынша, республиканың 4 өңірінде кәсіпкерлерді қолдайтын қор құрылады. Соның бірі – Алматы облысы. Қордың үлесінде 600 миллион теңге болады. 300 миллион теңге «Атамекен» тарапынан, тағы 300 миллион теңге облыстық әкімдіктен бөлінеді. Бизнес-жоспары бар кәсіпкерлер жаңа жылдан бастап осы қордан 1 миллион теңгеден жоғары көлемде еш кепілдіксіз несие алуына болады.

Тағы бір жаңалық, Ауыл шаруашылығы министрлігінен 1 миллиард теңге бөлінбек. Ол бірігіп жұмыс істеуге ниет білдірген кооперативтердің қызметін жандандыруға жұмсалады. Жетісу жерінде көкөніс пен картоп өсіретін осындай кооперативтер құрылады. Оларға қоймалар салынып, мұздатқыштар орнатылады.

24.kz

Арнайы ғашықтар үшін таңғы ас

Майкл Зи — идеал жігіт. Мүмкін олай емес те болар. Бірақ бұл оның сүйіктісінің пікірі. Себебі әр таңғы асқа Майкл ғашықтарға арналған тек симметриялық тағамдар дайындайды.  Біз солардың кейбірін Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Мүмкін, Сіздер де сүйікті жандарыңызға осындай кішігірім ілтипатпен қуаныш сыйларсыздар!

1448599748-d0057c03133e8fb3c6507a183b138d8e (1) 1448599750-f3152d4580f1fa5dc4784a1c7741f563 1448599752-4e27e2469f67be22604f186996e7a81b 1448599754-0f0b75828911704e51c2738d33f53667 1448599756-f14dc6b51fe1ba1d7373449b28e08e8b 1448599758-0685f1d32b314b89e075002593bbe97d 1448599761-7b0da6da461a010e8ad23301eb9b7e3f 1448599763-e809dc3479c7a29f10df23ef72d87791 1448599765-c8042d3d919164f88cae1cc3b3ff4282 1448599770-3a42404c78f33bad500be08ec7d8a365

Алматы облысының агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері күні өтті

Алматы облысының агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері күні өттіТалғар ауданындағы «Сегіз көл» демалыс кешенінде Алматы облысының агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері күні өтті. Жиынға қатысушылар алғашқы кезекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін тамашалады.

Өңірдегі керемет туристік нысан саналатын «Сегіз көл» демалыс аймағында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күніне арналған салтанатта облыс әкімі Амандық Баталов үздік агроөнеркәсіп кешені құрылымдарын бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Олардың қатарында «Ең үздік шаруа қожалығы» атанған «Хильниченко и К» командиттік серіктестігі мен «Үздік ауыл шаруашылығының тауарөндіруші кәсіпорыны» номинациясының жеңімпазы — «Байсерке Агро» ЖШС ВАЗ автокөліктеріне ие болды.11202450_184828345202119_6047908751617948473_n

Жиында Амандық Ғаббасұлы еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуына байланысты атқарылатын шараларға тоқталды.

— Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, Отанымыз Қазақстан 30 қарашадан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі болды. Біздің облыстың аграрлық бағытты ұстанатындығын ескеретін болсақ, алдағы уақытта ауылшаруашылық өнімдеріміз біздің «мұнайымыз» болуы керек.

Өндірілген өнімдер бірінші кезекте бәсекеге қабілетті, Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық талаптарына сай болуы тиіс. Ол үшін бұл бағытқа инвестиция тартуды қарқынды жүргізу, жаңадан өндірістік нысандарды құру, қолданыстағы кәсіпорындарды модернизациялаудан өткізуіміз қажет, — деді А. Баталов.

12289559_184828325202121_2523397764420210539_n

  12314096_184828255202128_2042047546244267507_n

 

   

Арада 25 жыл: «Жалғыз өзі үйде» комедиясының актерлері қалай өзгерді?

1448597361-b8dc14ef842ed9b6674cc2dfbe461a90«Жалғыз өзі үйде» яғни «Один дома» (Home Alone- ағылш.) — отбасылық кинокартинасы алғаш рет 1990 жылы жарыққа шыққан болатын. Содан бері міне 25 жыл өтті. Осы 25 жыл ішінде Жаңа жыл қарсанында жанұя мүшелерінің барлығы бірге отырып тамашалайтын бұл туынды әлі де ең үздік мерекелік комедия деп айтсақ, қателеспейтін болармыз.

Бірақ біз қарап жүрген комедияның кейіпкерлері бүгінгі таңда біраз өзгерген. Иә, әрине, уақыт ешкімді аямайды.

Жаңа жыл алдында үйде жалғыз өзі қалып қойған өжет кішкентай ғана Кевин Маккалистер мен осы кинокартинадағы актерлер бүгінгі таңда қандай? Біз жинақтаған суреттер осы сұраққа жауап береді.

1448597361-b8dc14ef842ed9b6674cc2dfbe461a90
Кевин Маккалистер — Маколей Калкин
1448597362-ec28eaf4f3a8ea5e639dc287d67fb787
Гарри Лайм — Джо Пеши
1448597364-945513df099a0d77c622385083fd4c66
Марвин Мерчантс — Дэниел Стерн
1448597365-ca447683a8171cfb64b53646e0e35275
Кейт Маккалистер — Кэтрин О’Хара
1448597366-177adb767a966484b2f70860cc2c9321
Питер Маккалистер — Джон Херд
1448597367-f120d380bce57c67349d74b773995322
Базз Маккалистер — Девин Рэтрей
1448597368-e7b1fe60dac2ed6c735d8160b453f14a
Меган Маккалистер — Хиллари Вульф
1448597369-16ecfdca74cbf69999aaa6e2778cd7b5
Джефф Маккалистер — Майкл Маронна
1448597370-63da8d3327b07f20219a23c6c29b21a8
Линни Маккалистер — Анджела Геталс
1448597372-1513fff1bc0ae172a4831a5b775f42df
Фуллер Маккалистер — Киран Калкин
1448597373-1f679455c3c56fdd6613932009b79d54
Фрэнк ағай — Джерри Бэммен
1448597374-959c3e24fe87ae09663058f8cfe3489b
Лесли апай— Терри Снелл

«Жалғыз өзі үйде — 2»:

1448597376-864cb8ed04382ccbef54d84b7ed066c4
Құстарға дән сеуіп жүрген әйел — Бренда Фрикер
1448597377-4662c85f1f0ea924b35e3734873fca24
Седрик — Роб Шнайдер
1448597379-ded9c194d6da19c72de5d83be13c7c44
Миссис Стоун — Дана Айви
1448597380-1c5e45c2b3e557a2c6d6741310be388a
Мистер Гектор — Тим Карри

hronika.info

Әйелдерді спортпен шұғылдануға баулудың ең ұтымды жолы

treninsfitnesssievietesporta-zale-43281395Францияда шығарылатын Contrex атты минералды судың жарнамасы көптеген YouTube пайдаланушыларының көңілінен шықты.

Әсіресе, ол әйелдер қауымына көбірек ұнаған сыңайлы. Тіпті бейнероликтің атауын минералға бай судың жарнамасы деп емес, «Әйелдерді спортпен шұғылдануға баулудың ең ұтымды жолы» деп көрсеткен.

Бүгінгі таңда YouTube -те жазылған пікірлерге сүйінсек, бұл жарнама ең позитивті жарнамалардың қатарында.

Әйгілі Gangnam Style хитын орындаушы PSY жаңа клип түсірді

48203Оңтүстік Корея республикасының танымал репері PSY жаңа клипін түсіріп, YouTube бейнехостингіне жүктеді, деп хабарлайды Jas.kz сайты.

Естеріңізге сала кетейік, репердің әйгілі Gangnam Style хиты кезінде 2,5 млрд қаралым жинап алған болатын.

Жаңа туындының атауы – Daddy. Клипте әнші үш түрлі образдарды сомдайды: сәби, ересек адам және қарттың бейнесі.

Сонымен клип 30 қараша күні жүктелген болатын. Бұл ән көрермен мен тыңдарман жүрегін Gangnam Style-дай жаулап ала алар ма екен? Көрелік!

Сәбіз шырыны адам көзін қорғайды

скачанные файлыҚазіргі таңда жұмысымыздың көп бөлігін компьютердің көмегімен атқаруға тура келеді. Ал оның көзімізге, жалпы денсаулығымызға зиянды тұстарын айтпай-ақ белгілі. Сондықтан дәрігер мамандар көзімізді қорғау үшін сәбіз шырынын ішуге кеңес береді.

Ол адамның оптикалық жүйесін жақсартады. Оның құрамындағы пайдалы элементтер қанайналымды да қалыпқа келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыр аурулары, бүйрек, бауыр ауруларына шалдыққан кезде өте пайдалы. Оны асқазан сөлінің қышқылдығын төмендету үшін де тұтынады. Күніне бір рет 100 мл-ден қабылдаңыз. Оған сүт немесе қаймақ қосып ішуге болады.

Сәбіз сусынын күніне 1-2 литр ішіп тұрсаңыз, денсаулығыңызды түрлі аурудан аман алып қалуға болады.

islam.kz