Домой Блог Страница 290

Илья Ильин анасын туған күнімен қазақ тілінде құттықтады

Илья Ильин анасын туған күнімен қазақ тілінде құттықтады
Илья Ильин

Ауыр атлетикадан сан мәрте чемпион атанып жүрген қазақстандық танымал спортшы Илья Ильин өзінің анасын туған күнімен қазақ тілінде құттықтады.

Спортшы құттықтау сөздерін «Инстаграм» әлеуметтік желісінде жариялады.

«Өз үйім, өлең төсегім» деген. Үйде түн ұйқысын төрт бөліп, аялы алақанымен әлпештеп өсірген анашым әрқашан мен үшін алаңдап, уайымдап отырады. Өйткені біз қанша ұлы болсақта, аналар үшін әрқашан бала боп қала береміз. Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды. Анашым мен сені өте қатты жақсы көремін!»

Осы арқылы спортшы анасына да, Отанына деген де махаббатын көрсетіп отыр. Әрі талай қазақстандықтар үшін үлкен үлгі болып отыр.

baistars.kz

«Астананың» Мадридке қосалқы құрам апаруын қалай бағалайсыз?

atletico_astana_1

Чемпиондар Лигасында ел намысын қорғап жүрген «Астана» Мадридтің «Атлетикосымен» ойынға негізгі құрамындағы бірнеше ойыншысын апармады. Бұл туралы танымал спорт журналисі Есей Жеңісұлы мен спорт жанкүйері Есен Елеукеннің пікірі екі түрлі. Ал, сіз қандай пікірдесіз?

Чемпиондар лигасы — құрбандыққа шалатын турнир емес
«Астананың» бұл шешімі дұрыс

Есей Жеңісұлы — «Айқын» газетінің шығарушы редакторы, спорт журналисі:

Менің ойымша, Стойловтың өз еркіне салса, ол Мадридке негізгі құрамды апарар еді. «Астана» Чемпиондар лигасының топтық турниріне шығу арқылы Қазақстанның ғана емес, Стойловтың да даңқын көтерді. Бұған дейін осы мәртебелі турнирге «Левскиді» алып шығып, барлық кездесуде туы жығылған бапкер сол қатесінен қорытынды шығарғысы келмейді дейсіз бе? Бұл жерде одан да құдіреттілердің қалауы сол болып отыр — «Астана» 25 қазандағы «Қайратпен» матчта чемпиондық елесті нақты іске айналдырғысы келеді. Әттең, бұл әрекеттен басқа ешкім емес, қазақ футболы зардап шегеді. 2002 жылы УЕФА-ға өткенде, біз әр команданың аптасына кемі екі матч ойнайтынын білдік қой. Жеме-жемге келгенде, әлемдегі ең мәртебелі турнирді де құрбандыққа шалып, ішкі чемпионатты алға шығарып отырмыз. Әрине, «Астана» екінші рет чемпион атанса, Чемпиондар лигасының іріктеуіне тағы қатысады. Бірақ армандаған турнирдің топтық кезеңіне шығып алып, аузының сүті кеппеген жас балаларды ойнату кімге керек? 2007 жылы «Астана-1964» командасы да «Русенборгтан» өз алаңында ұтылып, сырт алаңда қосалқы құрам ойыншыларын ойнатып, 1:7 болғаны бізге аз ба? Әлде «Шахтер» сияқты, 2013 жылы АЗ командасымен Еуропа лигасының топтық турнирінде аралас құраммен ойнау бізге ұпай әкелді ме? УЕФА-ға мүше 54 елдің 20-дан астамы Чемпиондар лигасының топтық турниріне шығуды әлі армандап жүр. Біз шықтық екенбіз, неге азаматтарша ойнамаймыз? «Астананың» аралас құрамы «Атлетикоға» қарсы өте жақсы ойнап жатса қуанармыз, бірақ бәрібір көңілде дық қалады. Чемпиондар лигасы — құрбандыққа шалатын турнир емес.

Есен Елеукен — Қазақстан КВН Одағының Президенті, спорт жанкүйері:

Реалист болайық, «Атлетиконың» екінші құрамы да күшті «Астанадан». Бұл ойында мүмкіндіктері аз екенін сезеді. Негізгі мақсаттары топтық кезеңіне шығу еді, оны орындады. Ендігі мақсат — Еуропа Лигасына өту. Өткенде Бенфика матчынан кейін ойыншылары шаршап қалып, келесі ойында ішкі чемпионаттағы басты қарсыластары «Қайраттан» ұтылды. Бұл жолы негізгі күштерін сақтап, «Қайрат» матчын ойлаулары заңды. Чемпиондық арқылы келесі жылы тағы да Чемпиондар Лигасына қатысқылары келеді. Бір жағынан ҚПЛ-да да бәсекелестіктің пайда болуы, чемпионаттың қызықты өтуі де қуантады. Сондай-ақ бүгін алаңға өзіміздің біраз қаракөз бауырларымыз шығады, олар үшін де жақсы мотивация өздерін көрсетуілері үшін. Ұлттық Құрамада Красножан да Голландияға қарсы күшті ойыншыларын шығармай, келесі ойында Латвияны жеңді емес пе? Сондықтан «Астананың» бұл шешімін дұрыс деп есептеймін.

Астанада XI Ұлттық жастар Дельфийлік ойындары өткізіледі

Астанада XI Ұлттық жастар Дельфийлік ойындары өткізіледіБүгін Бейбітшілік пен келісім сарайында XI Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді деп күтілуде. 24 қазанға дейін жалғасатын биылғы Дельфи ойындары Қазақ хандығының 550-жылдығына арналмақ. Ал шараның ұйымдастырушылары Ұлттық Дельфи комитетінің қолдауымен Қазақтан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі және «BAQ ORDA» Media Group болып табылады.

Дельфи ойындары – заман талаптары қажет ететін өнер саласындағы жас мамандардың жыл сайынғы жарысы. Бұл жарыс өнер түрлерінің барлығын — бейнелеу өнерін, орындаушылық, қолданбалы өнер, сөз өнерін қамтиды. Биыл өнер жарысында еліміздің 14 облысының түкпір-түкпірінен және Астана, Алматы қалаларынан бес жүзден астам дарынды қатысушылары жиналды.

Ашылу рәсімінің қонақтары болып «Ұлытау» тобы, «Славянский базар-2015» халықаралық конкурсының жеңімпазы Димаш Құдабейргенов, Қазақтанның халық әртісі Айгүл Елшібаева және Халықаралық Дельфи Ойындарының жеңімпаздары қатысады.Сонымен қатар Халықаралық Дельфи Комитетінің төрағасы Артемий Панянин да іс-шараның арнайы қонағы болады деп жоспарланған.

Қатысушылардың жұмыстарын Қазақстанның Халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері» Айман Мұсаходжаева төрағасы болып табылатын кәсіби мамандардан құралған әділ қазылар алқасы бағалайды күтілуде.

— XI Ұлттық жастар Дельфи ойындары «Тарих толқынында!» ұранымен өткізіледі және мемлекетіміздің мәдени өмірінде өте маңызды орынды алады. Жыл сайын Дельфи ойындары жас таланттарды ашуға және қолдауға мүмкіндік береді. Қатысушылар құрамы барлық халықаралық стандарттарға сай, әр номинация бойынша қойылатын талаптар қиын келеді. Осы Ойындардың жеңімпаздары 2016 жылғы халықаралық жарысқа қатысады, — дейді «BAQ ORDA» Media Group директоры Мәди Манатбек.

Айта кетейік, биылғы жылы қатысушылар ұлттық жанрлар, классикалық және заманауи өнер түрлеріне сәйкес 20 номинация бойынша сыналады. Осы жылы екі жаңа номинация қосылды — «битбокс» пен «веб-дизайн».

baq.kz

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері моңғол тіліне аударылды

МұқағалиҚазақ халқының ұлы ақыны, қысқа ғұмырында өлмес мұра қалдырып кеткен сыршыл лирик Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Отан, туған ел, туған жер тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, адамдар арманы, махаббат тақырыптарында жырлап өтті.

Ол қазақ әдебиетінен өзіндік дара орын алған, қазақ халқының әр кезеңде басынан өткен тарихын, жан дүниесін тереңнен толғайтын, шығармаларында махаббат, сүйіспеншілік тақырыптары ерекше орын алатын. Поэзия ғана емес аударма саласында да өзінің қолтаңбасын қалдырған тұла дарын иесі.

Ақиық ақынның “Жылап қайттым өмірдің базарынан”, “Аманат” атты жыр жинақтарын Моңғолияға еңбек сіңірген мәдениет қайраткер, Моңғолия Жазушылар одағының лауреаты, ақын, аудармашы Б.Монголхүүдің моңғол тіліне тәржімалауы ежелден қоныстас, тағдырлас, отандас моңғол оқырмандарына оның талант дарыны, поэзиядағы дарашылдығын таныту, дәріптеу болып табылары сөзсіз.

Мың жылда бір туылатын қазақ халқының ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын оқыған моңғол оқырмандары Моңғолияның ұлы ақыны Р.Чойномның өлеңдерін оқығандай әсер алып, сүйсіне оқиды дегенге сенеміз.

Жанерке Ташкенқызы
KAZNEWS

Жас сарбаздар әскер қатарына аттанды

Жас сарбаздары әскер қатарына аттандыБүгін Талдықорған қаласында облысымыздың 55 жас сарбазды «Шығыс» аумақтық басшылығының Құрлық әскерлері қатарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шараның басты мақсаты — жастарды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, әскер қатарына қосылған сарбаздарды жас ер азаматтарға үлгі ету арқылы Отанға адал болу және Отан алдындағы борышын өтеудің абыройлы іс екендігіне көз жеткізу, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру.

Шараға әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, әскер қатарына шақырылған азаматтардың ата-аналары, Талдықорған қаласының жоғары оқу орындары, колледж, лицей және мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев құттықтау сөзінде:

— Құрметті сарбаздар! Біздің облысымыз Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтеуші азаматтардың,  келісімшарт негізінде қызмет етуші және әскери жоғары оқу орындарында оқып жатқан курсанттар саны бойынша республикада алдыңғы қатарда. Әскер қатарына шақырылған біздің облыстың азаматтары әрдайым өздерінің моральды және дене бітімі тұрғысындағы мықтылығымен ерекшеленеді.

Құрметті әскер қатарына шақырылушылар! Тәуелсіз мемлекетімізді төзімділікпен, адал әрі жоғары абыроймен қорғайтындықтарыңызға сенім білдіремін, — деді.

Осыдан кейін «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Ардагерлері кеңесінің» Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Талғат Бердікенов, «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалының мүшесі Рүстем Қанапиянов сарбаздарға сәт — сапар тіледі.

Осы күні Талдықорған гарнизонының әскери бөлімдерінің өнерлі сарбаздарының күшімен әзірленген концерттік бағдарлама, әскер қатарындағы жауынгерлердің қоян-қолтық жекпе-жек өнерінен көріністер және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарындағы заманауи қару-жарақтар мен әскери киім үлгілерінің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Шараның соңында Талдықорған қаласының орталық алаңына жиналған жұртшылық жас сарбаздарға ақ жол тілеп, оларды арнайы бөлінген автобусқа мінгізіп, шығарып салды.

Жас сарбаздар әскер қатарына аттанды

Жас сарбаздар әскер қатарына аттанды

Жас сарбаздар әскер қатарына аттанды

Жас сарбаздар әскер қатарына аттанды

«Turkvizyon-2015» ән байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы өтеді

«Turkvizyon-2015» ән байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы өтеді
Ұлттық іріктеуінің финалы

«Turkvizyon» — халықтық дауыс берудің әділдігі мен қорытындының ашық болу принціпін таңдаған, саяси, кәсіби қысымнан тәуелсіз бірінші музыкалық байқау. «Turkvizyon» — заманауи эстрадалық әннің теңдессіз байқауы, қатысушылар жағрафиялық бөлініске қарап емес, шығу тегіне байланысты қатысады. Байқауғаға жер шарындағы түркітілдес кез келген азамат қатыса алады.

2015 жылдың 6 қараша күні, Астанада, Бейбітшілік және Келісім сарайында Үшінші Халықаралық «Turkvizyon-2015» ән байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы өтеді.

25 қазанға дейін Қазақстандағы www.turkvizyon.kz ресми сайтына қатысам деуші өнерпаздар өз өтініштерін жібере алады. Қазақстандық танымал өнер майталмандары мен шоу-бизнес өкілдері қазылық етіп, Стамбул қаласында өтетін халықаралық «Tukvizyon-2015» ән байқауының финалында өнер көрсететін  үздік әнді  анықтайды. Байқау талаптарына сәйкес орындайтын ән, бұрын Түркі халықтарының тілінде еш  жерде орындалмаған жаңа ән болуы керек.

2015 жылы ұйымдастырушылар байқаудан жаңа хит әндер мен жаңалықтар күтеді.               6 қараша күні, Астанада,  «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде Turkvizyon-2015 ән байқауының Ұлттық ірітеуінің жеңімпазы анықталады. Халықаралық дәрежедегі ән байқауының Гранд-финалы Түркияның Стамбул қаласында өтеді.

«Turkvizyon-2014» ән байқауының Ұлттық іріктеу кезеңі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Ерекше фотосессия

Ирландия теңізінде орналасқан Мэн аралындағы кішкентай ғана елді мекенде тұратын фотограф Джон Маршалл күнде кешкісін күн батып бара жатқанда теңіздің жағасына барып ерекше фотосессия жасайды екен. Ол қатты қағаздан жасалған кейіперлерін түрлі кейіпте суретке түсіреді.

Джонның қатты қағаздан жасалған  кейіпекрлері: динозавр, бақа, акула, арыстан секілді жан-жануарлары батып бара жатқан күннің аясында ерекше көрініс береді. Ендеше өзінің кәсібін ерекше сүйетін нағыз өнерлі фотограф Джонның суреттерін тамшалаңыздар!

Ерекше фотосессия

Ерекше фотосессия

chxCDc3NA2Q

ME-Rh_xyRDM

SD5ttJrUdRY

T2QNbDbvuoc

VmDRpXnFNHE

ylYYQuY5F3E

Ерекше фотосессия

alashainasy.kz

«Астана» футбол командасы бүгін ашық жаттығу өткізеді

«Астана» футбол командасы бүгін ашық жаттығу өткізеді
ашық жаттығу

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан «Астана» футбол командасы Мадридтағы алғашқы жаттығуларын өткізді.  Отандастарымыз кеше кешкісін «Реалдың» базасында жаттықты. Мадридке дейін бірнеше сағат ұшып барған астаналықтар бір сағатқа жуық жаттығып, бабына келді.

Бүгін, яғни 20 қазан күні «Астана» арнайы БАҚ үшін ашық жаттығу өткізеді. Сондай-ақ команданың жаттықтырушысы Станимир Стойлов матч алдындағы баспасөз-конференциясын өткізеді деп күтілуде.

«Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші турдың матчын 21-нен 22 қазанға қараған түні мадридтық «Атлетико» комнадасымен ойнайды.

khabar.kz

Тұрғын үй теңгемен сатылып жатыр

Тұрғын үй теңгемен сатылып жатыр
Тұрғын үй

Еліміздің тұрғындары пәтерлерін бұрынғыдай доллармен емес, теңгемен сатуға көшті.

Жылжымайтын мүлік нарығындағы бұл жағдайға ұлттық валютамыздың еркін ауытқу бағамына өтіп, доллардың күрт өсуі себеп болып отыр.

Орал қаласындағы риэлторлық компанияларда жылжымайтын мүліктің сатылу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда екі есеге төмендеп кеткен. Әбден доллар бағамына қарайлап үйреніп қалған жұрт қазір үйін сатқылары келмейді. Сол ақшаға кейін үй ала алмай қаламыз ба деп қорқады.  Мәселен, Орал қаласындағы жаңадан салынған ықшам аудандарда пәтердің әр шаршы метрі 300 мың теңгеге жетеқабыл. Халық негізінен баспананы ипотекалық несиеге алғанды жөн көреді. Тұрғын үй нарығындағы жағдайды реттеп, баспананы қолжетімді қылу үшін үйді ұлттық валютамен саудалаған жөн. «Өзіміз де соған біртіндеп келе жатқанбыз. Бүгінде бұл үдеріс басталып та кетті», – дейді  сарапшылар.

khabar.kz

Әлемдегі ең арзан көлік

Әлемдегі ең арзан көлік
ең арзан көлік

Үндістанның мототехника шығарумен айналысатын Bajaj компаниясы әлемдегі ең арзан көлік құралын таныстырды.

Bajaj Qute қозғалтқышының көлемі небәрі 217 куб сантиметр. Ең арзан көліктің бағасы 2 мың АҚШ доллары тұрады. Техникалық сипаттамаға келсек, Bajaj Qute  қуаты 13 ат күшін құрайтын қозғалтқышпен, 5 сатылы беріліс коробкасымен жарақталған. Көлік жылдамдығын сағатына 70 шақырымға дейін арттыра алады.

Енді ең арзан көлік Латын Америкасы мен Африканың 16 елінде саудаға шығарылады.

Бір қызығы, Үндістан тұрғындарының өзі Bajaj Qute көлігін сатып ала алмайды. Себебі темір тұлпар елдің қауіпсіздік және экологиялық талаптарына сай келмейді. Сондай-ақ Bajaj Qute мұнда квадроцикл ретінде тіркелген. Ал үнді жерінде квадроциклды жеке тұлғаларға сатуға тыйым салынған.

24.kz