Домой Блог Страница 302

Астана қаласында патриоттар форумы өтіп жатыр

Астана қаласында Патриоттар форумы өтіп жатырБүгін Астанадағы «Қазақстан» концерт залында «Мәңгілік ел — болашақтың біртұтас ұлты» деген айдармен патриоттар форумы өтіп жатыр.

Форум жұмысына Қазақстанның барлық өңірінен 2 мыңнан астам делегат келді. Олар өз істерінің нағыз шеберлері: дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп, ауылшаруышылық саласының мамандары, табысты кәсіпкерлер, ғалымдар, жастар көшбасшылары, қоғам қайраткерлері, спортшылар, дарынды актерлар, мәдениет қайраткерлері.

Айта кетейік, Патриоттар форумы 2007 жылдан бері еліміздің әр өңірінде өткізіліп келеді. Биылғы форум Елбасының «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына арналып отыр.

Форум барысында «Жыл патриоты» байқауының үздіктері анықталады. Жеті номинацияы бойынша жүргізілетін байқау барысында батылдығымен, ерлігімен, тапқырлығымен, отанына деген сүйіспеншілігімен көзге түскен патриоттар марапатталады.

Сонымен қатар, аталған форум кезінде ҚХА-ның «Үлкен мемлекет — үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы бастау алады.

Отандық «Жаңғақ тал» фильмі Польшадағы байқауға қатысады

Отандық "Жаңғақ тал" фильмі Польшадағы байқауға қатысадыОтандық «Жаңғақ тал» фильмі Польшадағы байқауға қатыспақ. Ш. Айманов атындағы «Казақфильм» кинокомпаниясы түсірген көркем фильм 9-18 қазан аралығында Польша астанасында өтетін ХХХІ Халықаралық Варшава кинофестивалінің Free Spirit Competition («Свободный дух») байқауына қатысады деп хабарлайды baq.kz порталы.

Туындының режиссері — отандық «Аңшы бала» фильмі арқылы танымал Ерлан Нұрмахамбетов.

Кинокартина Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында түсірілген. Сатиралық жанрдағы фильмді түсіруге бір айдай уақыт кеткен. Онда қарапайым отбасының арасындағы қарым-қатынастар суреттеледі. Фильмдегі басты рөлдерді жергілікті театрлардың актерлары мен «Шаншар» театрының артистері сомдаған.

«Свободный дух» байқауында әлемнің 12 елінен талантты режиссерлердің 14 картинасы ұсынылып отыр. Фильмдерді бағалайтын әділ қазылар алқасының құрамына венгр режиссері Бенс Миклаузич, неміс мәдени теоретигі Андреас Строл мен поляк режиссері, сценарист Бодо Кокс бар.

ХХХІ Халықаралық Варшава кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына әлемнің 57 елінен барлығы 90 көркем фильм, 18 деректі фильм, 3 анимациялық және 66 қысқа метражды фильм көрсетіледі деп күтілуде.

Айта кетейік, фестиваль 1985 жылдан бері ұйымдастырылып келеді және ол Польша мен Шығыс Еуропа өңіріндегі ең ауқымды шара болып табылады.

Бейбіт Назаров қарсыласын 40 секундта жеңді

e16a5cb2fa3bd1ba5f1dc30530b8d85aӘлем чемпионы Бейбіт Назаров италиялық Массимо Капусселамен чемпиондық белбеуін сарапқа салды.

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде аралас жекпе-жектен «KUNLUNFIGHT 4 CAGESERIES» жобасы бойынша Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық турнир өтті.

Бұл кеште барлығы 12 жекпе-жек өтті. Оның екеуі осы кештің басты кездесулері болды. Турнирге қатысқан 24 спортшының бесеуі қазақстандық балуандар.

Осы кештің басты жекпе-жегінде әлем чемпионы, жерлесіміз Бейбіт Назаров италиялық Массимо Капусселамен чемпиондық белбеуін сарапқа салды. Астаналық жанкүйерлерді Бейбіт тамаша жеңісімен қуантты. Жерлесіміз Апенин түбегінен келген спортшыны 40 секундтың ішінде буындыру әдісімен таза жеңді. Осылайша әлем чемпионы атағын екінші рет қорғады.

Бейбіт биылғы жылы сәуір айында бразилиялық спортшыны жеңіп чемпион атанған еді. Бұл атағын кейін маусым айында Бейжің қаласында өткен кезекті әлемдік додада ол жергілікті сайыпқыран Бухао Тянды жеңіп, бірінші рет қорғап қалды. Енді, міне, Астанада екінші рет қорғап отыр.

baq.kz

Талдықорған қаласында тарихи Орбұлақ шайқасының көрсетілімі өтті (ФОТО)

Талдықорған қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында тарихи Орбұлақ шайқасы қойылымы өтті,  — деп хабарлайды Jas.kz 

Талдықорған қаласының ипподромында өткен 3 бөлімнен тұратын тарихи қойылымға 100 атты және  500 жаяу әскер қатысты. Оның ішінде «Көшпенділер» мен «Жаужүрек 1000 бала» тарихи фильмдерінің түсіріліміне қатысқан қазақстандық кәсіби NOMAD каскадерлерi бар.

Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050», «Мәңгілік Ел» стратегиясын іске асыру барысында өткізілген салтанатты шараны ашқан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Орбұлақ» шайқасының тарихына тоқталып:

—         Бүгінгі шараның негізгі мақсаты –  Қазақ хандығының құрылу тарихын жас ұрпаққа жеткізу, олардың патриоттық сезімін қалыптастыру. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген дана халқымыздың дәстүріне адал болсақ, сонда ғана халқымыз өркениет көшінен қалмай,әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орнын алары хақ, — деді.

Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтарына тарихты еске түсірулеріне, бойында ел сүйгіштік рухын көтеруге, өзін-өзі дамытуына, шығармашылықпен айналысуына және көпшілікпен қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік туғызған «Орбұлақ шайқасы» шарасы барысында қазақ тарихының қайта құрылуынан, салт-дәстүрінен түрлі қойылымдар көрсетіліп, садақ ату мен жамбы атудан «Алтын жебе» турнирі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, кәуап, күріш, бауырсақ пати және қымыз фестивальдері, ұлттық әшекей бұйымдар мен қолөнер шеберлерінің, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарындағы қару-жарақтар мен техникалар көрмесі,  интерактивті аулалар, қолданбалы өнерден шеберлік сабақтары және басқа да түрлі шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ежелгі батырлардың киімдерін киген жігіттер мен қазақ киімдерін киген қыздардың сән көрсетілімі де көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген игі  шара «Тиграхауд» этникалық әуен тобы мен Ибрагим Ескендірдің орындауындағы концерттік бағдарламамен мәресіне жетті.

Айнұр РАКИШЕВА,

Асқар ҚҰРАНБЕК (ФОТО)

Алматы облысының әкімі үздік ұстазға көлік сыйлады (ФОТО)

DSM_9364Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Ұстаздар күні» қарсаңында Алматы облысының үздік мұғалімдерін марапаттады.

Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, облыстың білім беру саласына зор мән берілуі мемлекет қолдауының арқасында екендігін айтқан облыс басшысы:

—  Құрметті ұстаздар! Атақты ұстаз Лев Толстой айтқандай: «Ұстаз болу – жоғары әрі игі мәртебе». Қай кезде болмасын ұстаз адамгершілік пен мәдениеттіліктің нышаны болған. Сіздердің көз жанарларыңыздан мейірімділік пен ұлылықтың нұры сөнбесін. Баршаңыздың қиын да мәртебелі еңбектеріңізде зор денсаулық, амандық және шығармашылық табыс тілеймін, — деді.

Құттықтаудан кейін ол үздік ұстаздарды Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен, Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ бірнеше номинациялар бойынша үздік мұғалімдер мен білім беру нысандарын марапаттады.

Биыл «2015 жылдың ең үздік мұғалімі» атағын Талдықорған қаласының № 10 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Зарина Түсіпжанова жеңіп алды.  Оған облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы көлік кілтін табыс етті.  Ал «Үздік балабақша» атағына Қапшағай қаласының «Гүлдер» мектепке дейінгі білім беру мекемесі, «Үздік ауылдық мектеп» атағына Жамбыл ауданындағы шағын орталығы бар Үмбетәлі атындағы орта мектеп, «Үздік кәсіптік білім беру мекемесі» атағына Талдықорған агро-техникалық колледжі лайық деп танылып, барлық 3 номинация иегерлерінің әрқайсысына 300 мың теңгенің сертификаттары табысталды. Ал «Үздік сынып жетекшісі» атағын Кербұлақ ауданының Ж.Тобаяқов атындағы орта мектебінің мұғалімі Бұджібаев Дәулет иеленіп, 150 мың теңгенің сертификатына ие болды. 17,9 миллион теңге көлеміндегі оқу гранты мен «Үздік білім ұжымы» атағы Ескелді ауданындағы Жетісу орта мектебіне берілді.

Айта кетейік, Амандық Ғаббасұлының айтуынша, облыстың 737 жалпы білім беру мекемелерінде 34 мыңнан астам ұстаз оқушыларға білім беруде. Тәуелсіздік алған жылдан бері облыс аумағында 162 білім ошағы іске қосылған. Ал облыстың білім саласын қаржыландыру көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артып, бүгінде 109 миллиард теңгеден асады.

Айнұр РАКИШЕВА,

Асқар ҚҰРАНБЕК (ФОТО)

Алматы облысы Астана қаласындағы жәрмеңкеге 300 тоннаға жуық өнім әкелді (фото)

Бүгін Астанада Алматы облысы ауыл шаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтіп жатыр. Алдыңғы жолы хабарлағанымыздай, алматылықтар астаналықтар мен қала қонақтарына  тауардың 60-тан аса түрін ұсыныпты. 

Жәрмеңке «Хан шатыры» сауда орталығының маңайында өтуде. Алайда елордадағы жауған жаңбырдың кесірінен адам қарасы аз болып көрінді. Әйтсе де жауын басылысымен, нарықтағы құнынан әлдеқайда арзан өнімдердің жақсы өтетіні анық.

 

 

«Алтын допқа» үміткерлер тізімі анықталды

«Алтын допқа» үміткерлер тізімі анықталдыЖыл сайын ең үздік ойыншыға берілетін «Алтын доп» сыйлығына үміткерлер тізімі жарияланды. Италиялық «La Gazetta dello Sport» газетінің жариялауынша, тізімде 19 елден 59 ойыншының есімі бар.

Каталондық «Барселона» мен мадридтік «Реалдан» жеті футболшы бұл сыйлыққа үміткер атанды. Сондай-ақ, «Бавария» мен «Манчестер Ситиден» бесеу, «Челсиден» 4, ал ПСЖ, «Манчестер Юнайтед» пен «Ювентус» клубынан 3 ойыншылар тізімге енді, деп жазады alaman.kz.

Естеріңізге сала кетейік, ФИФА басшылығы бұл тізімнің арасынан 23 футболшыны таңдап алады. Соңында, үздік үш ойыншы «Алтын допты» өзара сарапқа салмақ. Кім иеленетіндігі 2016 жылдың 11 қаңтарында Швейцарияның Цюрих қаласында анықталады.

Ғалымдар: Білім алу денсаулық үшін пайдалы

Ғалымдар: Білім алу денсаулық үшін пайдалыҒалымдар Финляндияда 3 пен 18 жас аралығындағы 3596 адамның денсаулығын тексерген. Мамандар 1980-2007 жылдар аралығында өткізілген зерттеулердің мәліметтерін талдап шықты.

Еріктілер өмір салты, әлеуметтік қолдау, өзін-өзі бағалау және еңбек жағдайлары туралы сұрақтарға жауап берді. Әрбір қатысушы үш рет (1986, 1989 және 2001 жылдары) сұралған, деп жазады Zee News.

Ғалымдар баланың неғұрлым ұзақ білім алса, соғұрлым өзін болашақта жақсы сезінгенін анықтады. Білім алуда небәрі бір жыл айырмашылық денсаулықтың субъективті жағдайын 16 пайызға арттырды. Тереңірек білім алған қатысушылар өздерінің денсаулығын мықты деп есептеген.  Мамандар зерттеу қорытындысына әсер етуі мүмкін факторларды есепке алды. Зерттеушілер денсаулық жағдайында проблемалары бар балалар жақсы білім алуы тиіс екенін атап өтеді.

Осыған дейін мамандар тағы бір зерттеуінде білімнің аздығы өмір ұзақтығына да әсер ететінін анықтаған болатын. Сарапшылар жақсы білімді одан да жоғары табыс және әлеуметтік статус, когнитивтік даму, медициналық көмектің одан да жақсы қолжетімділігімен байланыстырып отыр.

ҚазАқпарат

EXPO-2017 нысандарына виртуалдық саяхат жасаңыз

EXPO-2017 нысандарына виртуалдық саяхат жасаңызEXPO-2017 нысандарының проекциясының видеосы жария болды, — деп хабарлайды TengrinewsTV тілшісі «Астана ЭКСПО — 2017» ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

EXPO-2017 халықаралық көрмесінде Сфера сәулет символына айналады. Алып шар көрме кешенінің орталығында орналасады. Сфераның диаметрі — 80 метр, жер асты бөлігі бар сегіз қабатты ғимараттың жалпы ауданы шамамен 26 мың шаршы метр болады. Құрылыстың сыртқы қабаты әйнекпен қапталады. Алып шардың жоғарғы бөлігінде екі жел генераторы орнатылады.

Медиа қабаттың көрменің «Болашақтың энергиясы» тақырыбын графикалық және видеосурет арқылы ашатыны айтылады. Сфераның ғимаратына музей, сонымен қатар «Қазақстан-Астана» павильоны орналасады. Бірінші қабатта тақырыптық маршрут ұйымдастырылады, қонақтар бұл бағытпен жүріп отырып, мемлекеттің даму тарихын көреді, әсем жерлері мен мәдени дәстүрі туралы мәлімет алады.

Бұл нысанның құрылысының 2016 жылдың соңында аяқталатыны айтылады.

Еске салайық, бүгін, 2 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017″ ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдаған болатын. Есімов Мемлекет басшысына көрме нысандарындағы құрылыс жұмыстарының барысы және оны ілгерілету шаралары туралы, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» аумағы мен павильондарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде баяндады.

«Жұлдыздар соғысы» фильміндегі кеме аукционда рекордты сомаға сатылды

«Жұлдыздар соғысы» фильміндегі ғарыш кемесінің моделі аукционда рекордты 450 мың долларға сатылды, — деп жазады «Газета.Ru». Бұл сома бағаланған мөлшерден бір жарым есеге асып түсті.

"Жұлдыздар соғысы" фильміндегі кеме аукционда рекордты сомаға сатылды
© Twitter @pihauctions

Бұл кемені көрермендер киноэпопеяның «Эпизод IV: Жаңа үміт» атты бірінші фильмінде көрген болатын, ол 1977 жылы экранға шықты. Модель фильм түсірілімінде қолданылған. Ханшайым Лея мен C-3PO және R2-D2 роботтары отырған кеме бастапқы титрдан кейін бірден пайда болды. Бұл көрермендер көрген тұңғыш ғарыш кемесі.

"Жұлдыздар соғысы" фильміндегі кеме аукционда рекордты сомаға сатылды
© Twitter @lucasfilm

Айта кетейік, аукционға сонымен қатар, ханшайым Леяның металл бикиниі қойылды, оны актриса Кэрри Фишер 1983 жылы алтыншы «Джедайдың оралуы» эпизодында киген болатын. Джаббе Хатуға құлдыққа түскен ханшайымның ашық-шашық киімі аукционда 96 мың долларға сатылды.

tengrinews.kz