Домой Блог Страница 70

Елордада ОҚО күндері «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі» атты көрмесімен бастау алды

14705859_1086838218099183_1248409292009279904_nБүгін ҚР Ұлттық музейінде «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің алғашқы шарасы «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі» облыстық бейнелеу өнері музейі көрмесінің салтанатты ашылуымен басталды. Мерейтойлық шаранының тұсауын кескен облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков көрмеге келушілерге алғысын білдіріп, Тәуелсіздік тойымен құттықтады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жылжымалы көрмеге келушілер бұл күні тарихи кезеңдер суреттелген 120 картиналар мен графика және гобелендерді тамашалады. Өнер туындыларында, негізінен, хандық дәуірден бастау алып, қазақ елінің маңызды оқиғаларын баяндайтын, Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс, Ұлы Отан соғысы, бейбіт өмір, өндірістік даму, әлеуметтік тұрмыстың көтерілуі, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері бейнеленген.

Сонымен қатар, шара аясында ҚР еңбек сіңірген қызметкері, ақын Ханбибі Есенқарақызының «Жүздесейік…» шығармашылық кеші өтті. «Алаш» сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері Х.Есенқарақызы ел Егемендігінің ширек ғасырлық тойына орай ұйымдастырылған есеп беру кешінде сиясы кеппеген жаңа туындыларымен Астана жұртшылығын таныстырып, оқырмандармен сырласты.

Бұл күндері облыс делегациясы Астана халқына өңірдің тарихы, мәдениеті мен негізгі жетістіктерін таныстырып, отандық тауар өндірушілердің өнімін ұсынады. Және  300-ге жуық облыстың өнер майталмандары театр қойылымдары мен концерттік бағдарламалар және фотокөрмесін, балаларға базарлық ретінде облыста түсірілген қысқа метражды фильмдер топтамасы қойылып көрсетіледі. Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» акциясының шеңберінде облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаланады.

ОҚО-да 500-ге жуық модульдік үйлердің құрылысы жүрмек

600_131Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС-нда болып, серіктестіктің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы корпорацияның модульдік үйлер өндіріс зауытында болып, баспана соғудың жаңа тәсілімен танысты. Жылына 1 мың дана үй салуға қауқарлы «Ak Ordasy Duilding» ЖШС-нда 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Зауытты аралау кезінде корпорация төрағасы Ибадулла Қалыбеков облысымызда американдық тәсілмен салынатын 500 үйдің құрылысын жүргізуді ұсынып, оны қысқа мерзімде және арзан бағаға салуға болатынын, сондай-ақ, баспана маңынан жылыжай салынатынын түсіндірді. Аталған жобаның тиімділігімен танысқан Жансейіт Түймебаев ұсынысты қолдап, әкімдік тарапынан қажетті көмектің көрсетілетінін, тіпті, мұнда дуальді оқыту жүйесі аясында студенттер жұмыспен қамтылуы керектігін жеткізді.

Мұнан соң, жұмысшы топ серіктестіктің көлемі 12 гектар болатын көкөніс жылыжайларын аралап, ондағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру технологиясын көрді. Негізінен, қызанақ пен қияр өсірумен айналысатын еншілес компания өнімдерін Шымкенттен бөлек, Қарағанды мен Астанаға саудалайды. Өнімдердің голландиялық және израильдік сұрыптары жайқалған жылыжайларды аралау барысында корпорация жетекшілігі тарапынан айтылған Оңтүстіктегі жылыжай кластерін дамыту ұсынысы да аймақ басшысымен қолдау тауып, таяу арада облыста тәжірибе алмасу семинары ұйымдастырылатын болды.

Сондай-ақ, облыс әкімі бастаған топ серіктестіктің газоблок шығаратын зауытында болып, көкөніс сақтау қоймасын аралады. Сондай-ақ, таяуда іске қосылатын полиэтилен өнімдерін шығару зауытын көріп, корпорацияның еншілес компаниясы құрылысын жүргізген көпқабатты үйдің сапасын бақылады.

Айта кетейік, нарықта соңғы 10 жылдан бері жұмысын жандандырып келе жатқан «Ақ Ордасы корпорациясының» түрлі салалар бойынша жұмыс істеп келе жатқан 13 еншілес компаниясы бар.

Қостанай облысының тауар өндірушілері елордаға 400 тоннаға жуық өнім әкелді

Қалалық алаңда Қостанай облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Шараға өңірдің 14 ауданы мен 3 қаласынан 74 кәсіпорын қатысуда. Жалпы облыстан елордаға 400 тоннаға жуық түрлі өнім әкелінді, соның ішінде, көкөніс, ет, сүт және нан өнімдері және т.б.

Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінің бағасы базардағыдан орта есеппен 15-20% арзан. Елорда әкімі Әсет Исекешев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ұсынылған тауарлардың сапасы мен әралуандылығына көз жеткізді.

—  Біздің жәрмеңке қалалық алаңда өтіп жатыр, жақын маңда зейнеткерлер, бюджеттік сала қызметкерлері көп тұрады, олар бірнеше айға деп, өнімдерді артығымен сатып алуда. Өйткені біздің өнім сапалы әрі базар мен гипермаркеттерге қарағанда 15% арзан. Айта кетейін, біз жәрмеңкемен ғана шектелмейміз, азық-түлік өндірушілер мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімізді қалалық базарларға, гипермаркеттерге делдалсыз тікелей шығару үшін Астана қаласының әкімдігімен меморандумға қол қойылды, — деді Архимед Мұхамбетов.

Оның айтуынша, келесі аптада 10-15 ірі ауыл шаруашылық тауар өндірушімен азық-түлікті Астанаға тікелей жеткізу бойынша келісім жасалады.

Қостанай облысының әкімі өңірдің алдағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты жоспарларымен де бөлісті.

—  Қостанай өңірі ЭКСПО көрмесіне азық-түлік жеткізіп қана қоймай, қонақтарды да қарсы алатын болады, біздің туристік маршруттарымыз жақсы, — деді Архи­мед Мұхамбетов.

Қостанай облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі бүгін және ертең – 15-16 қазанда өтеді.

Астананың Қуыршақ театры әлемдік деңгейге шықты

cАстананың Қуыршақ театры Барселона мен Парижде өткен Халықаралық қуыршақ карнавалының кездесулеріне қатысты. Әлемнің 54 мемлекетінен жиналған үздік театрлық ұжымдар өзара тәжірибе алмасып, өнердің осы түрін дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шара барысында Астана қаласының Қуыршақ театрының директоры Тоғжан Хасанғалиева «Пленшетті қуыршақтар» тақырыбында баяндама жасады. Бұл сахна төсемінің үстінен «жүре» алатын қуыршақтың бір түрі, оны планшетті деп атайды. Қазіргі кезде планшетті қуыршақтар өнер әлемінде кеңінен танымал және әлемнің үздік әртістерімен пайдаланылады. Елордалық қуыршақ ойнатушы әртістер де оларды өз қойылымдарында  кеңінен қолданылады және өз шеберліктерімен бөліседі.

Сонымен қатар, астаналық әртістер Халықаралық қуыршақ карнавалының шеберлік сыныптарында қазақтың ұлттық стилінде жасалған үстел планшетті қуыршақтарымен өнер көрсетті. Олар шетелдік әріптестерінің назарына «Қаңбақ шал» халық ертегісін ұсынды. Халықаралық қуыршақ карнавалының кездесулеріне қатысқан әлемнің үздік қуыршақ ойнатушы әртістері Астананың Қуыршақ театры әртістерінің шығармашылығы мен кәсіпқойлығын жоғары бағалады.

ОҚО-да жылу беру маусымына дайындық барысы қатаң бақылауда

60ОҚО-да бюджеттік мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлер жылу маусымына дайын. Бұл туралы бүгін 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым хабарлады. Сондай-ақ, баспасөз жиынына аталған басқарманың бөлім басшысы Батырша Маханов пен Шымкент қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Талғат Қасымбеков қатысты, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, ОҚО-да 13 қазан күні ауа-райының күрт төмендеуіне байланысты облыстық әкімдікте селекторлық мәжіліс өткізіліп, бюджеттік мекемелерге жылу беруге нақты тапсырмалар берілген. Нәтижесінде, бүгін, яғни, 14 қазаннан бастап білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардағы бюджеттік мекемелерге жылу беріле бастады.

 «Шымкент қаласы бойынша «3-Энергоорталық» АҚ-мында 74 МВт электр қуатын өндіруде. Жылу құбырларына су толтырыла бастады. Станция жылу беруге дайын. Қаладағы қалған жылу құбырларының жөндеу жұмыстары 20.10.2016ж. дейін толық аяқталады. Жалпы жылу беру маусымына дайындық барысы бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда», — деді М.Марайым.

Баспасөз жиынында спикерлер бүгінгі жағдай бойынша, облыста 1510 білім, 951 денсаулық сақтау, 811 әлеуметтік бюджеттік мекемелері маусымға толық дайындалғанын және қажетті 170,2 мың тонна қатты отын, 9,2 млн. литр сұйық отынмен қамтамасыз етілгенін хабарлады.

«Облыстағы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 2278 көпқабатты тұрғын үйлерден дайындалғаны 2242 (98%). Қалған тек Шымкент қаласындағы 36 үй 15 қазанға толық дайындалады», — деді Т.Қасымбеков.

Тәуелсіздік жылдары Оңтүстіктің халық саны 1 млн-ға өсті

_dsc9773Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков мәлім етті. Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысы егемендік алған жылдардан бері қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Мәселен, Тәуелсіздік алған 25 жылда облыс  халыққының саны 1,8 млн-нан 2,8 млн-ға жетіп, 1 млн-ға өскен. Сонымен қатар, осы жылдар ішінде 1491 мектепке дейінгі ұйымдар мен 444 жаңа мектеп пен 347 денсаулық сақтау нысандары салынды, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде 117 апатты білім ошағының мәселесі шешілді. Сондай-ақ, биыл 25 жылдық мерейтой аясында 25 білім ошағы ел игілігіне берілген. Брифингте спикер, ширек ғасырда облыста  8,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Тәуелсіздік жылдары жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеп, жұмыспен қамтылған халықтың саны 60%-дан астамға өскенін айтты. Оңтүстік Қазақстанда Қазақстан Республикасының 25 жылдығын тойлау мақсатында жыл көлемінде 5 мыңға жуық іс-шаралар өткізілуде. Сонымен қатар, баспасөз жиынында 8 айда атқарылған жұмыстарға тоқталған Ұласбек Сәдібеков индустриаландыру картасы жобасымен өндірілген өнімнің құны 65,9 млрд.теңгені құрап, жобалардың 90 пайызынан астамы жоспарлы қуаттылығын игергенін жеткізді.

Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді

_dsc9768Бүгін Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Елордамыз – Астанада Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің өтуіне орай облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков брифинг берді.
Бифингте облыс әкімінің орынбасары Тәуелсіздік жылдарында өңірдің жеткен жетістіктері мен Оңтүстік Қазақстанның Астанадағы күндерінің бағдарламасы бойынша баяндады.
Оның айтуынша, бұл күндері облыс делегациясы Астана халқына өңірдің тарихы, мәдениеті мен негізгі жетістіктерін таныстырып, отандық тауар өндірушілердің өнімін ұсынады. Осы күндері 300-ге жуық облыстың өнер майталмандары театр қойылымдары мен концерттік бағдарламалар және фотокөрмесін, балаларға базарлық ретінде облыста түсірілген қысқа метражды фильмдер топтамасын ұсынады. Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» акциясының шеңберінде облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаланады.
Сонымен қатар, ол екі күн бойы өтетін жәрмеңкеде Оңтүстік өлкесінің тұрғындары қазақтың ұлттық бауырсақ, қымыз, шұбат, құрт сияқты тағамдарын да ұсынатынын жеткізді.
Тәуелсіздік жылдары оңтүстікқазақстандық шаруалар ауыл шарушылығындада толағай табыстарға қол жеткізгенін атап өтті.
«Биыл облыс шаруаларымен 470 мың тн. (2015ж. 246 мың тн.) астық жиналып, түсімділігі орташа есеппен 22 ц/га. құрады. Бұл  Қазақстанның Тәуелсіздік  кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткіш болып табылады. Ал жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің көлемі  жылдан — жылға ұлғаю үстінде.  Нақтырақ айтсақ, 2008-2016  жылдар аралығында  жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің  көпжылдық екпелерінің егіс көлемі 17,7 мың га. болса, биыл бұл 30 мың га  жеткізілді»,-деді өз баяндамасында Ұ.Сәдібеков.

Астанада дәстүрлі Махамбет оқулары өтеді

c-517 қазанда М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында «Махамбет — тарихи тұлға» атты Махамбет оқуларының қалалық байқауы өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Конкурс XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың рухани көшбасшысы, қазақтың ұлы ақыны Махамбет Өтемісовке арналған.

Махамбет оқуларының қалалық байқауына 8-17 жастағы 100 бала қатысады. Басты кезеңге 60 мектептің ішінен 24 мектептің оқушылары өтті.

Биыл «Махамбет — тарихи тұлға» қалалық байқауы «Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын», «Тартынбай сөйлер асылмын…» номинациялары бойынша өтеді.

2003 жылы астаналық оқушылар сарайына батыр бабамыз Махамбеттің есімі берілді. Оқушылар сарайы 13 жылдан бері Махамбет оқуларын ұйымдастырып келеді.

Елордада танымал спортшылар дене шынықтыру сабағын өткізді

Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері Гюзель Манюрова мен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко №35 мектеп-лицейінде «Физкульт-Ура!» әлеуметтік жобасы аясында сабақ өткізді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Оқушылар спортшылар мен кәсіпқой нұсқаушылардың жетекшілігімен жаттығу жасап, эстафета ойнады.

—  «Астана» Президенттік клубы осы жобаның авторы, сабақтарымызды ұдайы жаңғыртып отырамыз. Оқушылар бойына күш-қуат жинайды, қарапайым мұғалім ретінде келген бұрын теледидардан көрген спортшылармен бірге жаттығады, — дейді «Астана» Президенттік клубының спорттық менеджері, олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко.

Сабақ барысында Гюзель Манюрова әр оқушыға көңіл бөлуге тырысты.

—  Балалар, мен бәріе де жақсы баға алуды және жақсы көңіл күй тілеймін. Жаттығу жасап жүру керегін ұмытпаңдар, — деді  спортшы.

Сабақ соңында фотосессия ұйымдастырылып, оқушыларға естелік ретінде чемпиондардың қолы қойылған күнтізбелер таратылды. Сонымен қатар, оқушылар танымал спортшыларға өздерінің сұрақтарын да қойды.

—  Жетістікке жеткен адамдарды шақырғанымыз дұрыс. Олар бізге көп нәрсе үйретеді, өздерінің жетістіктері, қайдан қуат алатындары жайлы айтып берді. Олимпиада кезінде Гюзель үшін қатты уайымдадым, ол маған ұнайды, болашақта Денис Теннің дене шынықтыру сабағына қатысқым келеді, — дейді 6 «г» сыныбының оқушысы Камила Сыздықова.

Айта кетейік, «Физкульт-Ура» жобасы елордада сәуір айынан бастап сәтті іске асырылып келеді. Бұған дейін Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Серік Сәпиев, Юрий Мельниченко дене шынықтыру сабақтарын өткізген болатын. Ұйымдастырушылар жоба ауқымын кеңейтіп, отандық спортта үлкен жетістіктерге қол жеткізген жаңа танымал тұлғаларды барша Қазақстаннан тартуды жоспарлап отыр.

ОҚО-да «Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру мәселелері» тақырыбында көшпелі жиын өткізді

60000_1ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен ОҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің «Шымкент-Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінде «Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру мәселелері» тақырыбында көшпелі отырыс өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарақұсова бастаған Қаржы және бюджет комитетінің мүшелерінің алдында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Дәулет Ерғожин баяндама жасап, кедендік рәсімдеу кезіндегі туындайтын өзекті мәселелер мен салық және кеден заңнамаларына өзгертулер енгізу жайында ой бөлісті.

Шара кезінде, депутаттар кеденшілердің жұмыс барысымен танысып, тәуекелді басқару және «Электронды шот-фактура» ақпараттық жүйелерін көрді. Сондай-ақ, кинологтар қызметтік иттерінің тосын жағдайда әрекет ету сәттерінен оқу-жаттығу жұмыстарын тамашалады.

Мұнан соң, халық қалаулылары «Оңтүстік» индустриалдық аймағында болып,  ондағы көрме орталығын аралады. Индустриалды аймақта шығарылатын өнімдерді көріп, сапасын жоғары бағалады. Аталған аймақтың серіктестік жетекшілермен кездескен жұмыс тобы кәсіпкерлердің ісіне сәттілік тіледі.

«Болашақта Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы сауда орталығын ашу жоспарымыз бар. Онда тек Оңтүстік өңірінде жасалып, шығарылған өнімдер мен тауарлар ғана саудаланатын болады. Бұл өз кезегінде, біздің облыста шығарылатын өнімдерді халыққа танытуда үлкен рөл атқаратын болады», — облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

Сонымен қатар, өндіріс орындарын аралау кезінде Мәжіліс депутаттары шыныдан жасалған ыдыстар шығарумен айналысатын «Еврокристалл» ЖШС-нда болды. Жобалық қуаттылығы 60 млн. дана шыны шығаруға қауқарлы зауытта 150 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, халық қалаулылары «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Бал Текстиль» кілем фабрикасының өнімдерін көрді. Жоғары сапалы кілем өнімдерін шығарумен айналысатын серіктестік жетекшілігі кілемдерді экспортқа көптеп шығару ісінің қолға алынып жатқанын жеткізді.