Домой Блог Страница 74

БҚО-да «Мектепке жол» акциясы аясында 120,9 млн. теңгеге көмек көрсетілді

20161010120915-1Батыс Қазақстан облысында елімізде тоғызыншы рет ұйымдастырылған «Мектепке жол» шарасы аясында 21046 оқушыға 120905,4 мың теңгенің көмегі көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен 1 тамыз — 30 қыркүйек аралығында өткізілген шара шеңберінде, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 13952 балаға 59077,3 мың теңгенің ақшалай және материалдық жәрдемі берілді.

Шара барысында қомақты үлес қосқан демеушілер аз болған жоқ. Мысалы, Ақжайық ауданының 15 кәсіпкері 62 балаға 300 мың теңге, Бөкей ордасы ауданынан жеке кәсіпкер Б.Жұмағұлова Б.Жәнекешев атындағы орта мектептің төрт оқушысына 80 мың теңге көлемінде қолұшын созды. Бөрлі ауданында «ҚПО б.в.» компаниясы 108 оқушыға 1,9 млн. теңгенің мектеп құралдарын сыйға тартты. «Елеусінова» ШҚ 24 оқушыға 100 мың теңгеге, «М.Ж.Жандосов» 4 оқушыға 131 мың теңгеге тарту жасады. Жәнібек ауданында «Отарғали» ШҚ 15 оқушыға 150 мың теңге, Қазталовта Ж.Сәлімгереев үш отбасына 300 мың теңге бөлді. Қаратөбе ауданынан  демеушілер ретінде «KAZKON»  кондитер фабрикасының директоры М.Қаженов, «Сұлтан Бейбарыс» ШҚ, «Досжан», «Сатыбалды» ШҚ, жеке кәсіпкерлер С.Нұрадылов, Ж.Ишпановалардың есімдерін атауға болады. Теректі ауданы бойынша «B.N.GASOIL PROCESSING» ЖШС Магистральный мектебінің 31 оқушысына 372 мың теңгенің, «Бисен», «Ақшал», «Мәмбетов», «Абдрахманов» ШҚ Приречный мектебінің 10 шәкіртіне 150 мың теңгенің көмегін көрсетті.

Орал қаласы бойынша қалалық мәслихат депутаттары А.Бисенов (96 мың теңге), Л.Рысбекова (100 мың теңге), Т.Тілемісов (100 мың теңге), Халық банкі филиалы (108 мың теңге), «А.Тілеуғалиев» ЖК (170 мың теңге), «Веселая идея» дүкені директоры А.Ищенко (120 мың теңге), күзет басқармасы (А.Ерғожиева, 100 мың теңге), облыстық жастар ресурсы орталығы (75 мың теңге) және облыстық білім басқармасы (51 мың теңге) өз үлестерін қосты.

ОҚО-да «Ұлы Дала Ұландары» облыстық туристік жарысы өтті

600_129-1Оңтүстік Қазақстан облысында «Облыстық жас туристер станциясы» мекемесінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Ұландары» ашық облыстық туристік жарысы өтті,  деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Төлеби ауданы Біркөлік шатқалында орналасқан «Тау барысы» туристік лагерінде өткізілген шараға Кентау, Түркістан, Арыс, Сайрам, Төлеби, Түлкібас, Созақ, Мақтарал, Шардара, Қазығұрт, Отырар, Сарыағаш, Бәйдібек және Арыс қалалық, аудандық жас туристер станцияларынан 17 топ, Сарыағаш ауданындағы «Самал», Түркістандағы «Хамза» мектептерінен 4 топ және Шымкент қаласы мектептерінен 18 топ, жалпы саны 252 оқушы, 73 жетекші қатысты.

Қатысушылар 5 күн бойы далалық жағдайда шатырда түнеп, асты отқа дайындады. Сонымен бірге, іс-шара кезінде оқушылар «Бағытты көзбен анықтау», «Жартасқа өрмелеу», «Қорытынды туристік бағыт», «Капитандар», «Эмблема», «Әндер» сайыстарына қатысты.

Осылайша, қалалық, аудандық жас туристер станциясы топтары арасынан жарыстың жалпытоптық қорытындысы бойынша І орынды Сайрам аудандық жас туристер станциясы жеңіп алса, ІІ орын Түркістан қалалық жас туристер станциясына берілді. Ал жүлделі ІІІ орынға Отырар аудандық жас туристер станциясы лайықты деп танылды.

Қала мектептері топтары арасынан жарыстың жалпытоптық қорынытындысы бойынша І орынға Шымкенттегі №55 мектеп ие болса, ІІ орын №27 мектепке бұйырды. Ал ІІІ орынға №28 мектеп лайықты деп танылды.

Елордада әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

14519768_1080422722074066_2565219251555775045_nҚазақстанда қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік жұмыскер күні аталып өтіледі. Мереке қарсаңында «Жастар» сарайында аталған мамандық иелерін құттықтау салтанаты өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. «Жүректен шыққан жылы леп!» атты концертте мүмкіндігі шектеулі жандар, елорда әкімдігінің Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салды.

Шара барысында қала басшысының орынбасары Андрей Лукин әлеуметтік жұмыскерлерді құттықтап, марапаттады. Оның айтуынша, мұқтаж жандарға жылу сыйлап, мейірімділікпен қарайтын адамдар көп.

— Бүгін мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созатын үкіметтік емес, қоғамдық қызметкерлерді құттықтап отырмыз. Біздің қала тұруға жайлы әрі қолайлы. Әкімдік адамдардың бір-бірімен тең екендігін сезінуі үшін тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Елорда бюджетінің үштен бірі азаматтарымыздың әлеуметтік қажеттіліктеріне бағытталғанын айта кеткенім жөн. Біз мұқтаж жандардың барлығына қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлуге тырысамыз, — деді Андрей Лукин.

Оның айтуынша, биыл Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету орталығы мен күрделі жөндеуден кейін Балалар психоневрологиялық диспансері ашылды. Сонымен қатар, психоневрологиялық диспансерде ересектерге арналған корпусты қалпына келтіру және салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қатаркөлде қарттарға, мүгедектерге, мүгедек балаларға арналған Оңалту орталығы жұмыс істейді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен әртістер баршаны қазан айындағы мерекелермен (Мүгедектер күні, Қарттар күні, Әлеуметтік жұмыскер күні) құттықтап, назарларына музыкалық бағдарлама ұсынды.

ОҚО-да жоғары сапалы «Түркістан» мақта сұрыбы шығарылды

600_128Мұндай жаңалық Түркістанда дәстүрлі түрде өтетін «Ақ керуен» мақта терімі шарасы кезінде айтылып, жұртшылыққа таныстырылды. Осылайша, Қарашық ауылдық округіндегі «Тұран» шаруа қожалығында өткен жиынға келген қатысушылар, алдымен, мақта алқаптарын аралаудан бастады, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Биология ғылымдарының докторы A.Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ә.Әлиев сорттардың ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Ерекшелігі сол, бұл мақта талшығының ұзындығы кәдімгі сұрыптағы мақтаға қарағанда әлдеқайда жоғары. Яғни, «Түркістан» мақтасының талшығы 4-үлгіге жатады. Мақтаның бұл түрі тоқыма өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Енді түркістандық кәсіпкерлер Оңтүстіктегі тоқыма кәсіпорындарын жергілікті шикізатпен қамтуға толық кепілдік бере алады.

Айта кетейік, түркістандық мақташылар биыл 17 мың тонна шитті мақта жинауға ниетті. Қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаевтың айтуынша, Түркістанда өткен жылы 3500 гектар жерге мақта егілсе, биыл бұл көрсеткіш 6600 гектарға ұлғайған.

Мәжілістің көшпелі отырысы

0f0138fb4393c2fc0feee9000fba6a3cКеше Панфилов ауданында ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божконың қатысуымен Экономикалық реформалар мен аймақтық даму комитетінің көшпелі отырысы өтті. Алтынкөл темір жол станциясына келген депутаттар жүк тиеу кешенінің, жол-сапар шаруашылығының,  локомотив депосының және басқа да инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты. Осы жерде Жаркент – Қорғас агломерациясын дамытудың бас жоспары презентацияланды.

Қазақстан Қала құрылысы одағының басшысы Любовь Нысанбаеваның баяндамасын тыңдағаннан кейін депутаттар Алматы – Қорғас автобанының құрылыс алаңына барды. Жолдың ұзындығы – 304 шақырым, оның 258 шақырымы цемент бетонмен жабылған. Бүгінгі күнге дейін он шақты көпір мен өтпежолдар салынып, жүздеген су жіберетін құбырлар төселген. Автобанға баратын жол биылғы жылдың соңына дейін ашылады деп жоспарланған. Жоба келесі жылы барлық жол инфрақұрылымдарымен бірге  аяқталуы тиіс.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» ЕЭА Құрғақ порты ерекше қызығушылық туғызды. Мұнда контейнерлік алаң мен терминалдар жұмыс істейді, темір жол жолдары, электр тарату желілері, сумен қамту жүйелері, тазарту құрылғылары жүргізілген. Компания басшысының сөзіне қарағанда, құрылыс алаңдарындағы жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр. Биылғы жылы құрғақ порт арқылы 14 мыңнан астам контейнер жөнелтілген. 2020 жылға қарай барлық жұмыстар аяқталған шақта жүк легі 14 млн. тоннаға дейін өсетін болады.

Мұнан соң делегация теміржолшылардың ауылы Нұркентке барды. Болашақта ауылдың орнына 100 мың тұрғыны бар 300 гектардан астам алаңы бар замауи қала дамитын болады. Облыс әкімдігі мен ҚТЖ арасындағы келісім бойынша алдағы уақытта тұрғын аумақты кеңейту, әлеуметтік нысандар мен инженерлік коммуникация салу жұмыстары басталады. Жергілікті мектептің мұғалімдерімен тілдескен депутаттар одан әрі 2013 жылы ҮИИД бағдарламасы бойынша салынған Жаркент крахмал-сірне зауытында болды. Мұнда 20 мың тонна жүгері өңделеді. Өнімнің 26 түрі шығарылып, Орта Азия елдеріне, Қытайға экспортталады.

Депутаттар, сондай-ақ, Басқұншы ауылына барып, селден қорғау құрылыстарын көрді. Жұмыс сапары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық орталығында жалғасты.

Облыс әкімі А. Баталов мемлекет қолдауының және мемлекеттік бағдарламаның орындалуының нәтижесінде соңғы жылдары Панфилов ауданында дамудың ерекше дүмпуі бар екенін атап өтті. Мұнда құрылыс қарқынды жүргізіліп, ауруханасы, мектебі, балабақшасы бар, электр желілері тартылған, газ құбырлары тартылып жатқан жаңа кенттер пайда болды. Құрғақ порт 300-ге жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтыды, ал алдағы уақытта жұмыс орындарының саны 6 мыңға дейін көбейеді. Шағын кәсіпорындар мен мини-зауыттар санын арттыру көзделген.

Іссапарды қорытындылаған Экономикалық реформалар мен аймақтық даму жөніндегі комитеттің төрағасы Нұртай Сабилянов Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» бағдарламасы еліміздің инфрақұрылымдарын дамытуға тың серпін бергенін, сол сияқты кәсіпкерлік бастамашылдықтың дамуына қолайлы жағдай туғызып отырғанын да атап өтті.

ОҚО ұстаздары ата-аналармен жұмыс жүргізу бойынша көш басында

m95al3mҚР Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен осы жылдың 10 қыркүйегінде «ХХІ ғасыр ата-аналарының: «Өз балаңа үлгі бол!» акциясы жарияланған болатын.
1 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған психологиялық- педагогикалық көмек ретінде  өткізілген республикалық шараға облыс бойынша 892 мектеп пен орталықтандырылған білім беру мекемесі қатысып, 60 мыңнан астам  ата-ана жұмылдырылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Мектеп пен  ата-ана арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесінде мұғалім ғана емес, әке мен ананың рөлін күшейту мақсатында өткізілген акция 7 қазан күні Елордада өткен дөңгелек үстелде қорытындыланды.
Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдары ішінен озық методикаларды пайдалана отырып, ата-аналармен жұмыс жүргізуде көш бастаған Оңтүстік мұғалімдері түрлі аталымдағы 32 марапатқа ие болып, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы ең үздік білім беру ұйымы болып табылды. Сонымен қатар, Астана төрінде Шымкент қаласындағы №83 орта мектеп ұжымының ата- аналармен жиын үлгісі көрсетілді.

Шілікті шаруалары Алматыға 170 тоннадан астам өнім жеткізді

20160902165508Ауыл аймақтарын үдемелі экономикалық дамыту бойынша пилоттық жобаның серіктестері 2016 жылды қорытындылады.

Биыл «Шілікті шаруалары» жобасы Алматы облысының 20 шаруа-кәсіпкерін біріктірді. Олар бизнесті дамытуға грант ұтып алды. Жобаға қатысушылар Алматы сөрелеріне 173 тонна өнімін қойды.

«Бағдарлама мақсаты — 0,5-тен 10-15 гектарға дейін жері бар шаруаларға  көмектесу. Бұл көмекке зәру топ. Негізгі міндет — шаруаларға көкөністерді өсіруге, табысын еселеуге көмектесу», — деді «Филипп Моррис Қазақстан» ЖШС сыртқы байланыстар бойынша басқарушысы Айдос Смайылов.

«Филипп Моррис Қазақстан» ЖШС бұл жобаны 2013 жылы әлеуметтік жауапкершілік аясында Шіліктіде агроорталық құрудан бастаған.

2016 жылы шаруалар өнімділікті арттыру бағытында жұмыс жасады. Олар  тәжірибелік алаңдарда сұрыптарды сынады, сонымен қатар көкөністерді күтуде Флорида университеті (АҚШ) профессорлары ұсынған әдістер қолданылды.  Ғылыми ұсыныстар қазақстандық ғылыми қоғамдастықпен келісілді.
Ұсынылған әдіс өнімділікті 25-30% арттыруға, сонымен қатар көкөніс сапасын жақсартуға септесті.

«Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қоры» ҚҚ-ның атқарушы директоры Бақытгүл Елшібаева «Шілікті шаруалары» жобасы қазақстандық шаруалар ісінің алға басуына көмектесетінін айтты.

ОҚО мен Өзбекстан шекарасында сауда аймағын құру жоспарлануда

600_127Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары У.Розукуловпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде аймақ басшысы мәртебелі мейманды өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеметімен таныстырып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Қазақ-өзбек қатынасын жақсартып, тауар айналымын ретке келтіру бойынша келіссөздер жүргізіліп, ортақ келісімге қол жеткізілді. Аталған келісімнің шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы қос елдің шекарасы маңында сауда аймағын құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, екіжақты басқосуда жыл соңына дейін Шымкент қаласында өзбек тауарөндірушілерінің көрмесін ұйымдастыру жөнінде мәмілеге қол жеткізіліп, арнайы жұмыс тобы құрылатын болды.

Оңтүстік Қазақстан облысына іссапары барысында У.Розукулов облыстың бизнес мүмкіндіктерімен танысты. Атап айтқанда, көршілес қонаққа «Химфарм» АҚ және «Kaz Kioti» ЖШС-ның трактор зауытының жұмысы көрсетілді. Өзбекстан Республикасының вице-премьері «Химфарм» АҚ-ның өндірісіне тәнті болып, өз елінде мұндай деңгейдегі кәсіпорынның жоқтығын жеткізді. Бұдан бөлек, делегация құрамында болған өзбек кәсіпкерлері «Kaz Kioti» ЖШС-мен әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екеніне ниет білдірді.

Өзбекстанда жасалған жүк көліктері, мақта терім комбайндары және тұрмыстық техникалардың көрмесі Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды аймағында көрсетілді.

ОҚО-да «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы өтті

23b1c499-23e8-4b08-9fc0-e2dba2996e41Бүгін Шымкент қаласында «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы өтті. Мүгедектердің тұрмыс–тіршілігін жақсарту және оларға көмектесу мақсатында ұйымдастырылған шарада облыс әкімі Жансейіт Түймебаев акцияға белсене қатысып, демеушілік жасаған жомарт азаматтарға алғысын білдірді, деп жазады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Тағдыры ерекше адамдар – біздің қоғамның толыққанды мүшесі. Олардың көпшілігі талантты, білімді, іскер, өнерлі жандар. Сондықтан олардың көбісі қатардағы азаматтан артық болмаса, қабілет жағынан төмен емес. Конституцияға сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттің барлық азаматтарымен теңдей құқықтары бар. Сол себептен, біз осы отандастарымызға барынша қолдау жасап, үнемі жағдайын жақсартып отыруға тиіспіз»,-деді аймақ басшысы.

Бүгінгі іс-шараға облыс прокуратурасы ерекше үлес қосып, демеушлерді ұйымдастрыуда белсенді болып, азаматтық  танытты. Ұйымдастыру шараларының бастамашысы болған Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Иманов барша акцияға қатысушыларға алғысын білдіріп, демеушілік жасаған азаматтарға облыс прокуроры атынан Алғыс хат табыстады.

Бүгінгі таңда облыста 112 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тұрса, олардың 26,7 мыңының тірек-қимыл аппараттары бұзылған. Оның ішінде 8,5 мыңы арнайы жүріп-тұру құралдарымен (қол арбада)қозғалады, ал 16,4 мың азаматтың көру және есту қабілеттері жағынан мүгедек азаматтар.

Осы жылдың сәуір айынан бастау алған «Біз біргеміз!» акция аясында қоғамдық нысандардың 403-не пандустар салынып, дыбыс және жарық беретін 44 бағдаршам орнатылды. Ал 51 жерге арнайы жол белгілері мен көрсеткіштері қойылды. Сондай-ақ, 13 автотұрақ салынып, 1072 жеке кәсіпкерлермен 42 млн. теңгеге меморандумдар түзілді. Осы акция шеңберінде 370 мүгедек азамат жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, осы күні  демеушілер тарапынан  төрт би қоларбасы Мүгедектер спорт мектебіне тапсырылса, 14 азаматқа медициналық көмек алу үшін 140 мың теңгелік  сертификаттар мен дәрі дәрмектер пакеті тапсырылды.

Аталған акция жыл соңына дейін жалғасын тауып, бұл бағыттағы жұмыстарға белсене қатысу үшін Үндеу жарияланды.

Елордалық студенттер Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнін атап өтті

c-3Астанада Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай кең ауқымды акция ұйымдастырылды. С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университет базасында өткен шараға әр түрлі ЖОО-дан 200 жуық студент қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

– Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні Қазақстанда алғаш рет аталып өтті. Жастар арасындағы психикалық денсаулық мәселесінің өзектілігін ескере отырып, шараға түрлі курстың студенттері тартылды. Акция аясында бірінші бөлімде студенттермен флешмоб өтеді, содан кейін «Жылы сөздер қалашығы» ұйымдастырылады, студенттер қазірден бастап жақсы сөздер, бір-біріне, жақындарына, туыстарына деген тілектерін жазып жатыр, үшінші бөлімде «Психикалық денсаулықтың әлеуметтік аспектісі» конференциясын өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, жоспар бойынша Психологиялық денсаулық орталығының науқастар жұмыс істейтін шеберханаларына экскурсия жасалады, – деді Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ақмарал Құманбаева.

Акция денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді. Шараны Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен және Медициналық психикалық денсаулық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Астана қаласының медициналық психикалық денсаулық орталығында психиатр, психотерапевт, психолог мамандары, балалар мен ересектерге жедел психологиялық көмек көрсетуге арналған екі кабинет жұмыс істейді. Пациенттерді оңалту үшін орталық жанынан емдеу-өндірістік шеберханалар ашылды, меңгерген кәсіби дағдылардың арқасында 22 пациент жұмысқа орналаса алды.

– Емдеу-өндірістік шеберханалар халыққа психоәлеуметтік қызмет көрсету мақсатында 2015 жылдың тамыз айында ашылды. Бір жылдың ішінде біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Еңбек терапиясы, психоәлеуметтік шаралар өткізіледі. Еңбек терапиясы шеңберінде ағаш ұста цехтары, шағын-типография, төрт тігін цехы, театр өнері цехы, сазбен жұмыс істеу цехы, сондай-ақ, көркемсурет қолданбалы өнер мен қолөнер шеберханасы іске қосылды, – деді Астана қаласының медициналық психологиялық денсаулық орталығының психологы Әсем Саттарова.

Қазіргі кезде 18 жастан асқан 100 адам психоәлеуметтік оңалтудан өтіп жатыр. Пациенттердің ата-аналарының бастамасымен «Бақыт» қоғамдық қоры құрылды, ол орталыққа кәсіби нұсқаушылар іздеуге көмектеседі. Сонымен қатар, қор Назарбаев университетінде тренинг-кафе ашуды ұсынды, онда 20 адам жұмыспен қамтылады.

Астанада қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларға көмек көрсетуге арналған тегін сенім телефондары жұмыс істейді. Психологиялық денсаулық орталығына 54-76-03 телефоны бойынша, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығына 57-11-61 телефоны бойынша хабарласуға болады.