Домой Блог Страница 102

Астаналықтар Жергілікті полиция қызметінің бастығына өз сұрақтарын қоя алады

Астаналықтар Жергілікті полиция қызметінің бастығына өз сұрақтарын қоя алады16 қыркүйекте сағат 10.00-12.00 аралығында Астана қаласының ІІД жергілікті полиция кызметінің басшысы Бақытжан Малыбаевтың қатысуымен интернет-конференция өтеді.

Конференция барысында қала тұрғындары ауданаралық және мектеп инспекторларының жұмыстары, жол патрульдік қызмет, табиғат қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі және Астана қ. ІІД жергілікті полиция қызметінің басқа да бағыттарына қатысты мәселелер бойынша сұрақтарын сайтқа жолдай алады, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Интернет-конференция кезінде сұрақ қою үшін порталда тіркелу қажет.

Конференцияға тікелей сілтеме — http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/ast/MAIN/Mmedia/Conf.

Сонымен қатар, сұрақтарды pressa-udp@mail.ru немесе mpsastana@mail.ru электронды пошталарына алдын ала жолдауға, сондай-ақ 71-60-63 телефон нөміріне қоңырау шалып, қалдыруға болады.

Бұдан басқа, интернет-конференция барысында сұрақтарды 71-61-82, 71-63-15 телефондары бойынша қоюға болады.

ОҚО-да жыл басынан бері 521 егіз нәресте туылған

ОҚО-да жыл басынан бері 521 егіз нәресте туылғанОңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың сегіз айында 53051 нәресте дүние есігін ашқан, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Оның ішінде 521-і егіз болса, төртеуі үшем.

Айта кетейік, елімізде әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда өмірге келеді.

Өңірде тәуелсіздік алған жылдардан кейін жаңа медициналық нысан салынып, саланы қаржымен қамту екі есеге артқан. Ал материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарған. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылып жатыр. Осының нәтижесінде, бүгінде өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші көбейіп келеді.

Еске салайық,  өткен жылдың тиісті кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысында 52636 сәби туған.

Елордаға Ресейдің жетекші туроператорлары келді

20bea5222a19c08b2526f1dcdd2Омбы мен Новосібір туристік компанияларының өкілдері Астанаға ат басын тіреді. Қонақтар елорданың бірқатар көрікті жерлерін аралап, Recommended by EXPO бағдарламасы бойынша қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтандыру нысандарын көрді, «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағында болып, Астананың туристік әлеуетімен танысты, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ақпараттық тур аясында Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы мен Омбы облысының мәдениет министрлігінің арасында, сондай-ақ, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС мен Новосібір облысының өңірлік даму орталығының арасында туризмді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Аталған тур Астананы дамыту, елорданың имиджі мен туристік алмасуды жақсарту, сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Елордалық оқушылар Мәскеуде сәтті өнер көрсетті

Елордалық оқушылар Мәскеуде сәтті өнер көрсеттіРесей астанасы Мәскеуде қала Мэрінің қолдауымен ұйымдастырылған бірінші Мегаполистер олимпиадасы мәресіне жетті. Ғылыми жарысқа 20-ға жуық елдің оқушылары қатысты. Астаналық оқушылар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, алты медаль еншіледі және жалпыкомандалық жүлделі орынға ие болды, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

—  Бұл Олимпиада әлемнің ірі қалалары мен елдер астанасын біріктірді. Оған 8 елордалық оқушы қатысты. Жас дарындар жаратылыстану бағытындағы химия, физика, математика және информатика пәндерінен сайысқа түсті. Біз қол жеткізген нәтижелерге қуаныштымыз, балаларды құттықтаймыз, — дейді «Астана дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Әлия Аяпова.

Жарыс қорытындысы бойынша, қазақ-түрік лицейінің оқушысы Бидайбек Санжар информатикадан алтын медаль олжалады. «Нұр Орда» лицейінің шәкірті Кемел Нұрдәулет физикадан, «Нұр Орда» лицейінің тағы да бір оқушысы Хомар Шыңғыс химиядан, қазақ-түрік лицейінің оқушысы Кұдайбергенов Әлихан математикадан және ҚТЛ оқушысы Омаров Рауан информатикадан күміс медаль алды. Сондай-ақ, ҚТЛ шәкірті Тажибеков Төрехан математикадан қола медаль иеленді.

Алматы облысы бойынша тіркелген 32800-ден астам жұмыссыздың 22500-ге жуығы тұрақты жұмыспен қамтылған

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%beҮстіміздегі жылы Алматы облысы бойынша 32800-ден астам жұмыссыз адам тіркелген болса, осы кезге дейін олардың 22500-ге жуығы немесе 68,4%-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қаныбек Айтжанов айтты.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының заңды жалғасы болып табылатын, үш бағытты қамтитын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Жетісу жерінде де абыройлы жалғасуда. Аталмыш бағдарлама шеңберінде 2016 жылға Алматы облысына қарастырылған қаржы көлемі 17950,1 млн. теңгені  құрайды. Бүгінгі күнге дейін бағдарламаның үш бағыты бойынша 6289,0 млн. теңге игерілген.

-Жұмыссыздықтың артында, әрине, адам тағдыры, талай отбасының хал-ахуалы тұр. Біз бағдарламаның екінші бағыты бойынша ауылдық жерлерде жұмыссыздықты болдырмау мәселесімен айналысудамыз. Бұл бағыт бойынша 1457 адамға 5833,0 млн. теңге шағын несие беруге     (3 млн. теңгеге дейін — 968 адамға 2903,0 млн. тенге,   6 млн. теңгеге дейін  — 489 адамға 2930,0 млн. теңге) және кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға  391 адамға 17,8 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Дәл осы күнге дейін 622 адамға 1681,5 млн. теңге шағын несие берілді, — деді Қ.Айтжанов.

Осы орайда айта кетейік, шағын несиеге қол жеткізген тұрғындардың басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысуға ынталы.

Роботты техника бойынша Халықаралық Олимпиадаға іріктеу басталды

Роботты техника бойынша Халықаралық Олимпиадаға іріктеу басталдыНазарбаев Зияткерлік мектебі базасында роботты техника бойынша аймақтық кезең өтуде. Жеңімпаздар роботты техника бойынша Қазақстан құрамасының орнына бақ сынасады және олар біздің елімізді Үндістандағы World Robot Olympiad таныстыратын болады.

World Robot Olympiad (WRO)-бұл мектеп оқушылар мен студенттер үшін роботты техника бойынша халықаралық олимпиада WRO 50-ден астам елде өтеді, сонымен қатар, 20 000-нан астам команда жыл сайын осы олимпиадаға қатысады.

Жыл сайын қорытынды әр түрлі елдерде өтеді: 2013 жыл-Индонезия, Джакарта, 2014 жыл-Ресей, Сочи, 2015 жыл-Катар, Доха. Биыл WRO-ның қорытынды кезеңі қараша айында Үндістанның Нью Дели қаласында өтеді. Астанада іріктеу Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриатында өтеді.

Мектеп оқушылары өз жұмыстарын таныстырды. Қол түріндегі робот, олар адам үшін қоқыстарды тастайды және bletooth арқылы желіні ұстайды.

«Техникалық тапсырмаларды WRO комитеті тұжырымдайды және оның негізінде балалар робот жасайды. Бұл олимпиадада жеңімпаз атану үшін, оқушылар қиын техникалық шешімдерге жүгінуі тиіс және  қолданыстағы жобалауды қарастыру, өздерінің идеяларын ойластыру жұмыстары тұр. Қазақстанда жақында білім беру және спорттық роботты техника Федерациясы пайда болды және олар еліміздің 16 аймағында жарыс ұйымдастырды. Қазан айында астанада финал болады»,-деді «Роботек» роботты техника клубының директоры Михаил Малород.

Шілде айында Назарбаев зияткерлік мектебі базасында 16 қалада роботты техника бойынша курстар өтілді және ол жерде 3000-нан астам инфрматика мұғалімдері болды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

Орыс драма театрында жаңа маусымның шымылдығы ашылады

Орыс драма театрында жаңа маусымның шымылдығы ашылады15 қыркүйекте сағат 19.00 М. Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театрында 116-шы маусымның шымылдығы ашылады, деп жазады қалалық әкімлдіктің баспасөз қызметі. Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына американдық комедиограф Кен Людвигтің «Примадонны» комедиясы ұсынылады. Қоюшы режиссер – ҚР еңбек сіңірген әртісі – Бекпулат Парманов. Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қанат Мақсұтов.

Жаңа маусымның ашылуында театр ұжымы өз көрермендерін жаңа қойылымдармен қуантып үлгерді. 9 қыркүйекте М. Горький атындағы МОДТ театрдың шығармашылық ұжымы мен ҚР Италия елшілігінің «Быть Леонадро да Винчи: невозможное интервью» бірлескен жобасының тұсаукесері өтті. Итальяндық актер Массимильяно Финадзер Флори және театр актері Максим Ященко танымал суретші әрі философтың өмірі жайлы сұхбат түрінде жеткізді.

Өткен жексенбіде театр ұжымы ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Белая Вежа» халықаралық театр фестивалі аясында Брест театрының сахнасында (Беларусь Республика) «Язычники» (авт..А.Яблонская, реж.:Й.Вайткус) қойылымын көрсетті. Еуропалық сыншылар елордалық театрдың қойылымына жоғары баға берсе, Мәскеу, Литва, Польша, Минсктің жетекші театрларының сарапшылары спектакльде қолданылған жарық пен дыбысты ерекше атап өтті, театр фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды.

15 қыркүйекте әртістер көрермендер назарына К.Людвигтің «Примадонны» комедиясын ұсынады, спектакльдің тұсаукесері биыл наурыз айында өткен болатын.

ОҚО-да «Мәңгілік Елдің – мәңгілік тілі» атты тіл айлығы өтуде

1_151Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Қазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңында «Мәңгілік елдің — мәңгілік тілі» атты облыстық тіл айлығы өтуде, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған шара аясында «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Сөз — жанның тілі, ән-жүректің мұңы, тіл — рухтың үні», «Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте», «Мемлекеттік тіл — барлық халықты біріктіретін тіл» сынды бірқатар тақырыптарда аудан, қалаларда 5 байқау, 8-ден астам акциялар, жоғары оқу орындары мен барлық мемлекеттік мекемелерде 20-дан астам дөңгелек үстелдер мен бір форум, 10-нан астам пікір алмасу жиындары мен дебаттар, әдеби сазды кештер және барлық аудан, қалаларда кітап көрмесі, суреттер мен  фотоколлаж,  т.б. шаралар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, облыстық тіл айлығы 22 қыркүйек күні «Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шарасымен қорытындыланады. Шарада тіл жанашырлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімінің, «Нұр Отан» партиясының және облыс мәслихатының арнайы алғыс хаттарымен марапатталатын болады.

Сонымен қатар, ауқымды жоспарда  «Мемлекеттік тіл – мерейім» атты мемлекеттік тілді білу арқылы жетістікке жеткен өзге ұлт өкілдерімен кездесулер өткізу, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен  «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай, «Менің бір ғана Отаным бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан» атты мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар арасында ант беру рәсімін ұйымдастыру жоспарланған.

Ендігі кезекте баршаңызды, мәңгілік елдің – мәңгілік тілін асқақтатуға шақырамыз!

«Шығармашылық үйі» шеберханасында 150 адам білім алды

«Шығармашылық үйі» шеберханасында 150 адам білім алдыАстанада «Дос» тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігі жанындағы шығармашылық шеберханасы үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы күнге дейін мұнда 150 адам білім алған. Бүгінде «Шығармашылық үйіне» мүмкіндігі шектеулі жандар ғана емес, үй шаруасындағы әйелдер де, студенттер де, егде жастағы астаналықтар да барып жүр, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шеберханада сәндік қолданбалы өнер шығармашылығынан тегін сабақтар өткізіледі, онда бисер тоқуды, тігуді, түрлі бұйымдар жасауды үйренуге болады. Ерлер шағын көркемдік графика, ағашқа ою-өрнектер жасау сабақтарына қатысады. Сонымен қатар, келушілер қыш құмыра жасау сабақтарына қатысады. Мұнда табиғи және полимер саздан қыш және керамикалық бұйымдар жасалады.

Әрбір топ 20 адамнан тұрады, білікті мамандардың сабақтары кесте бойынша өтеді. Оқыту курстарынан басқа, барлық келушілерге тренингтер, ойындар мен семинар сабақтар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, жұмысқа орналастыру, білім және құжаттама мәселелері бойынша кеңестер беріледі.

Бір топ екі ай бойы оқиды. «Шығармашылық үйі» адамдарды алдын ала жинап, олардың машықтары мен ниеттерін білу үшін аудиторияда сауалнама жүргізеді. Курс соңында сертификаттар табысталады. Кейбіреулері басқа топтармен оқуларын жалғастырады.

Жыл өткен сайын оқуға деген қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты шеберханалардың ауданын ұлғайту көзделген.

Қазіргі кезде «Шығармашылық үйінде» екінші топ оқып жатыр, 1 қарашада үшінші топтың курсы басталады. Оқуға ниет білдірген жандар Астана қаласы Ш. Айманов к-сі, 6/1 мекен жайына келуге тиіс.

ОҚО диқандары 1000 тоннаға жуық бақша өнімдерін жинады

ОҚО диқандары 1000 тоннаға жуық бақша өнімдерін жинадыОңтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егіс көлемі өткен жылдан 12,8 мың гектарға  артып,  788,6 мың га құрап отыр. Осы жылы облыс дихандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін  қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, диқандар 214,4 мың га жерге масақты дәнді дақылдар егіп, оның әр гектарынан 22 центнерден (2015 ж -17,8 ц/га), барлығы 470 мың тонна өнім жинаған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 123 мың тоннаға артық.

Айта кетейік, биыл шаруалар жалпы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, облыста бүгінгі күнге дейін 866 мың тонна көкөніс, 991 мың тонна бақша, 181 мың тонна картоп жиналды. Аграрлы аймақтың тұрғындары жалпы биыл 125 мың тонна жеміс-жидек және 73 мың тонна жүзім  жинауды көздеп отыр. Бүгінге к.нге дейін олар 47,6 мың тонна жеміс, 23,2 мың тонна жүзім жинаған.

Жиын-терім жұмыстарымен қатар, мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаруалар қәзірге жоспарлаған 3484,4 мың тоннаның 3747 мың тоннасын (108%) дайындап үлгерген.