Домой Блог Страница 107

ОҚО-да 4 мыңға жуық азамат тіл оқып үйренген

ОҚО-да 4 мыңға жуық азамат тіл оқып үйренгенБұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Қасым Ағабеков  мәлім етті, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Осы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды баяндаған Қ.Ағабеков облыстағы 14 аудан, қалада мемлекеттік және орыс, ағылшын тілдерін оқытатын орталықтарда 3839 азамат тілді тегін оқып, үйренген. Олардың ішінде 1665-і мемлекеттік тілді, ал 931-і орыс тілін үйренсе, 1243-і  ағылшын тілді оқып меңгерген.

Жалпы облыста мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 91%, орыс тілін меңгергендер үлесі 62,5%, ағылшын тілін меңгергендер үлесі 8%-ға жетті. Ал үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгергендердің үлесі 10,2%-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, баяндамашы Елбасы міндеттегне үштілділік мәселесі бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.

«Бұл бағытта 45-тен астам іс-шара мен дөңгелек үстелдер, байқаулар өткізілді. Жергілікті, аудандық, қалалық БАҚ-та үш тілділікті дамыту жөнінде 60-тан астам мақалалар жарық көрді. Басқарманың ұйымдастыруымен «Облыстық біліктілікті арттыру» семинары, «Тіл шебері» облыстық байқауы, облыстық «Абай оқулары» байқауы,  «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен», Көркемсөз оқу шеберлерінің О.Бөкей

Елдегі жалпы білім беретін барлық мектепте бір уақытта ата-аналар конференциясы өтеді

%d0%b7%d0%b0%d0%b3%d1%80%d1%83%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d0%be10 қыркүйек күні ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің және  «Отбасылық Тәрбиелеу Институттың» ұсынысымен елдегі жалпы білім беретін барлық мектепте бір уақытта «Өз балаңа үлгі бол. Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар конференциясын өткізу жоспарлануда, деп жазады bilimnews.kz.

Балалары алғаш мектеп табалдырығын аттайтын Республика бойынша 300 000 жуық ата-ана оның қатысушылары болады деп күтілуде. Қазақстанда ата-аналардың мұндай санын әлі ешкім жинап көрген емес.

Конференция  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен белгіленген Отбасы күні өтеді. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. Отбасы, отбасылық құндылықтар түрлі ұрпақты өзара байланыстырады, отбасы бірінші кезекте жаңа адамның дүниетанымын қалыптастырады. Сондықтан бұл әр мектептегі бірінші сынып оқушыларымыз өздерінің алғашқы қадамдарын нық адымдап, сонымен қатар ҰБТ тапсыруға кезеңді дайындықты бастап кетуі үшін де маңызды. Балалардың сәтті бейімделуі отбасы мен мектептің, ұстаздардың тығыз өзара әрекетінсіз, сондай-ақ өзара мүдделілігінсіз мүмкін емес.

Бұған қалай дұрыс қол жеткізу жайлы мектеп психологтары, оның ішінде,  Отбасылық Тәрбиелеу Институты төрт жыл бойы сәтті жүргізген, педагогтардың және мектеп психологтарының Отбасылық тәрбиелеу саласындағы біліктілігін арттыру бағдарламаларының түлектері айтатын болады. Институт әр мектепте бірінші сынып оқушыларының мектеп қабырғасында және үйде сәтті бейімделуі үшін, ата-анаға және ұстаздарға сенім, сый-құрмет пен тығыз өзара байланыс ахуалын жасауға көмектесетін Конференция сценарийін әзірледі.

Конференция қорытындыларының нәтижелері Отбасылық тәрбиелеу Институтының www.ife.kz ресми сайтында жарияланады.

Астанада қобызшылардың I халықаралық байқауы өтуде

12__koncertnyy_zal_kobyz_sarayyАстанада Тілеп Аспантайұлы атындағы 1-ші халықаралық ішек аспапта орындаушылар арасында байқау басталды.

Байқауға Солтүстік Америка, Еуропа және Азия мемлекеттерінен қатысушылар келген.

«Ішекті аспаптар ішінде қобыз күйшілерінің арасындағы байқау әлемде алғаш рет болайын деп жатыр. Оған Америка, Азия, Еуропа құрлықтарының 30-дан астам елдерінен өнерпаздар келіп отыр», — дейді байқау ұйымдастырушысы, Тілеп Аспантайұлының ұрпағы Сапар Ысқақов. — Мұндағы біздің мақсатымыз қазақтың қара қобызын үлкен дүниежүзілік дәрежеге, деңгейге көтеру, сол арқылы қазақтың мәдениетін көтеру, оны дүниежүзіне таныстыру, түптеп келгенде қазақты таныстыру. Өйткені қобыз музыкалық аспап ретінде 2 мың жыл бұрын дүниеге келген. Моңғолияда, Алтайдың байрауынан 6 ғасырда болған қобыз табылды. Оны мен өз көзіммен Ұлан Батырда музейден көрдім. Егер оны 6 ғасырда біздің ата-бабаларымыз ойнаған болса, оның тарихы 2 мың жылдан асып жығылады деген сөз. Оның бержағында, қазақтың Алтайында Берел жерінен жауынгер табылды, оның бір жағында семсер, бір жағында қобыз жатыр. Сол уақытта біздің бабаларымыз жауынгер болған, бірақ қарумен қатар қобызды да қатар ұстаған. Соған қарағанда, түркілер, қыпшақтар, қазақтар қобызды қатты сыйлаған. Бір уақыттар болды, қобыз өте төмен дәрежеге түсіп қалды. Енді құдайға шүкір, қобызымыз барлық елдерге танымал болып жатыр. Енді біз оны одан әрі танытуымыз керек».

Айта кету керек, қазылар алқасының қатарында Қазақстаннан Айман Мұсақожаева, Еділ Құсайынов, Қырғызстаннан Саламат Садықова бар, сонымен қатар Ұлыбританиядан, Қырымнан, Оңтүстік Кореядан Қытайдан қазылар келіп отыр.

ҚазАқпарат

Елордалық жастарға нашақорлықтың зияны туралы айтылды

Елордалық жастарға нашақорлықтың зияны туралы айтылдыС.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде бірінші курс студенттеріне есірткі заттарының зияны мен оны сақтағаны және таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктелетіні туралы интерактивті дәріс өткізілді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Дәріс жастарды нашақорлықтан қорғауға және салауатты өмір салтын сақтауға тартуға бағытталған «Өрмек» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында ұйымдастырылды.

— Жоғары және орта оқу орындарында дәрістер тұрақты түрде өткізіледі. Біз 7-ден жоғары сыныптар мен студент жастарды қамтимыз. Дәрістер каникул кезінде, балалар мектеп жанындағы лагерьлерде болғанда өткіземіз, табиғат аясына бірге шығамыз. Бүгін құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін бірінші курс студенттерін, елордаға өңірлерден келгендерді жинадық, — деді Есірткі бизнесімен күрес басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Сергей Ильиных.

Мемлекеттік органдардың өкілдері қатысушыларға синтетикалық есірткінің зияндылығы мен олардың психикаға әсері туралы айтып берді, шылым қоспаларын пайдалану кезінде болатын нақты психиканың бұзылуы туралы бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ, ҚР есірткі қылмыстары үшін жазаны қатаңдату нысандары түсіндірілді.

Кездесу соңында студенттер жасырын түрде өз сұрақтарын жолдады.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың сегіз айында есірткі қылмыстары үшін 182 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, есірткіні заңсыз сақтаудың және тұтынудың 563 фактісі анықталды.

ОҚО-да электр қуаты тапшылығын азайтуға бағытталған жұмыстар қолға алынуда

ОҚО-да электр қуаты тапшылығын азайтуға бағытталған жұмыстар қолға алынудаМемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау шеңберінде «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы өзен ағыстарының энергетикалық әлеуетін зерттеді, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірдегі төрт негізгі өзен ағыстары бойынша (pre-feasibility деп аталатын) алдын ала техникалық-экономикалық негіздеу нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында жиынтық қуаты 120 МВт-ты құрайтын тиімді гидроэнергетикалық әлеуеті бар 43 нүкте анықталған. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «100 нақты қадамның» 52-ші және 56-шы қадамдары бойынша жұмыс істеп, атқарылған шаруалар туралы айтқан «Шымкент» ӘКК» ҰК АҚ басқарма төрағасы Талғат Алпысбаев хабарлады. 

Қазіргі уақытта «Шымкент» ӘКК» облыста шағын гидроэнергетиканы дамытуға инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алғашқы нәтижелер де бар.

Мәселен, корпорация жетекшілігі Endustriyel Elektrik түрік компаниясымен бірлесе отырып, Түлкібас ауданында белгіленген қуаты 4 МВт, құны 6 млн. АҚШ долларын құрайтын шағын ГЭС салу үшін бірлескен кәсіпорын құрды. Жобаны іске қосу 2017 жылға жоспарланған.

Баспасөз жиынында Т.Алпыбаев облыс әкімдігінің қолдауымен жеке инвестор Сарыағаш ауданында қуаты 2 МВт болатын шағын ГЭС жобасын іске асырып жатқанын, мнан бөлек, бүгінгі таңда 2 жоба әзірлену үстінде екенін тілшілермен бөлісті.

«Облыстың шағын гидроэнергетикасын одан әрі дамыту, инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Шымкент» ӘКК» барлық мүдделі тұлғаларға өзен ағыстарының энергетикалық әлеуетін зерттеу нәтижелерін ұсынуға дайын. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында шағын ГЭС жобаларын іске асыру кезінде қажетті консультациялық қолдау көрсетуге әрдайым әзір», — деді төраға.

Айта кетейік, қазіргі уақытта облыстағы кәсіпорындар мен тұрғындардың электр энергиясын жылдық тұтынуы шамамен, айына 400 МВт құрайды. Оның 114 МВт-ы (29%) ішкі қуат есебінен өндірілсе, 286 МВт (71%) Қазақстанның басқа өңірлерінен сатып алынады.

ОҚО-да «Студенттік құрылыс жасақтарының» мүшелері маусымды қорытындылады

ОҚО-да «Студенттік құрылыс жасақтарының» мүшелері маусымды қорытындыладыБүгін Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінде «Студенттік құрылыс жасақтары» маусымының жабылу салтанатты іс-шарасы өтті.

Еске салсақ, жаз маусымында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Шымкент қаласындағы бірқатар мердігер компания басшылары арасындағы болған келіссөздер нәтижесінде студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында студенттерді «Студенттік құрылыс жасақтарына» еңбекке тарту жұмыстары жүргізілді.

ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәтижесінде, аталған оқу орнының құрылыс мамандығында білім алған 360 студент, ал аудан, қалалардан 140 студент құрылыс компанияларында «Студенттік құрылыс жасақтары» аясында құрылыс жұмыстарында еңбек етті. Құрылыс жұмыстарының бітуіне ат салысқан студенттердің орташа жалақысы 50-60 мың теңгені құрады.

Атап айтар болсақ, «Студенттік құрылыс жасақтары» Шымкент қаласында «Қазақстан» кинотеатрының және «Нұрсәт», «Қайтпас», «Тұран» шағын аудандарындағы көп қабатты үйлердің құрылыс жұмыстарына өз үлестерін қосқан.

Шара кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Б.Жанәбіл облыстағы құрылыс жұмыстарына қатысқан студенттерге алғыс білдіріп, арнайы дипломмен марапаттады. Алдағы уақытта студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында бұл бастама тұрақты түрде жүргізілетінін айтты.

Елорда тұрғындары профилактикалық тексеруден өтті

89b8e4459f714e10388a60a7c2fЕлордалық дәрігерлер «Шапағат» коммуналдық базарында «25 ізгі іс» акциясы аясында тұрғындарды профилактикалық тексеруден өткізді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шара барысында мамандар кеңес беріп, экспресс-диагностика жасады. Терапевт, онколог, окулист, ЛОР-дәрігер, гинеколог, УДЗ-маманы және фтизиатр науқастарды тегін қарады. Жалпы, 397 адам дәрігерлердің қабылдауында болған.

Базар қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтау үшін экспресс-диагностикадан өтіп, консультативтік-диагностикалық қызметтер алды, флюорографиялық тексеруден өтті.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу мәселелері бойынша халықтың денсаулығын күшейту және сақтау проблемасына назар аудару мақсатында тексеруге қатысушыларға онкологиялық аурулардың, туберкулездің, қан-айналымы жүйелері ауруларының, нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдары да таратылды.

ОҚО-да жергілікті полиция құрамына қызметтік автокөліктер табысталды

ОҚО-да жергілікті полиция құрамына қызметтік автокөліктер табысталдыКеше өңір басшысы Б.Атамқұлов ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамына жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады. Аталған іс-шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі жол патрульдік полиция қызметкерлеріне «КИА-РИО» маркалы 73 теміртұлпар мен учаскелік полиция инспекторларына «ВАЗ-2121010» маркалы 5 арнайы автокөлігін беріп, қызметтеріне табыс тіледі.

«Құрылғанына 1 жылға жуық уақы тта жергілікті полиция қызметіне қоғамның көзқарасы оң болып, сенімі артып отыр. Сіздер қиын сәттерде қарапайым халықтың арқа сүйер сүйеніші әрі әділеттіліктің жаршысы болуға тиіссіздер. Алдағы уақытта да сіздер облыс тұрғындарының құқықтарын қорғап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға барлық күш-жiгерін жұмсайды деген сенiмдемiн», — деді Б.Атамқұлов.

Шара барысында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінен құралған қызметкерлер 10 баған түзеп, салтанатты шерумен жүріп өтті. Кездесу қонақтары мен қатысушыларына жаңадан алынған қызметтік автокөліктер көрсетілді.

ОҚО-да шетелдік туристік компанияларға ақпараттық турлар ұйымдастырылуда

ОҚО-да шетелдік туристік компанияларға ақпараттық турлар ұйымдастырылуда«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу аясында, шетелдік туристік компаниялардың өкілдеріне Қазақстан Республикасының туристік потенциалы және «Астана ЭКСПО – 2017» көрмесімен таныстыру мақсатында бірнеше ақпараттық турлар өткізіледі, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
 Осыған орай, 6 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан облысына Италия, Ресей және Әзірбайжанның «Alessandro Rosso Group», «Туры и билеты», «Капитал Тур», «РАЙ», «Millennium Tourism», «Росс Тур», «АС-Лайнер» SUNMAR и АСС ТРЕВЕЛ секілді 8 туристік компаниясы келді.
«Ontustik Tourism Center» Туристік Ақпараттық Орталығы қатысушылар үшін мазмұнды ақпараттық тур бағдарын дайындады, осыған сәйкес қонақтар Оңтүстік Қазақстан облысының туризміндегі барлық бағыттары бойынша әлеуетімен таныса алады. Бағдарға сәйкес, ақпараттық турдың қатысушылары маңызды мәдени – тарихи орындарын, тау курорттары, демалыс орындары мен емдеу-сауықтыру шипажайларын көріп, қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсету деңгейімен танысады.
Ақпараттық турдың қорытындысы бойынша, баспасөз мәслихаты өтеді. Сондай-ақ, жергілікті туроператорлармен кездесу ұйымдастырылады.
Аталған іс – шараны өткізу екіжақты қарым-қатынастардың жақсаруын жеңілдетеді және «Астана ЭКСПО – 2017» көрмесінде тур пакеттерді сату үшін қазақстандық және шетелдік туристік компанияларының арасындағы келісімдерге қол қоюға ықпал етеді.

«Оңтүстік – достық мекені» кездесулер керуені жолға шықты

«Оңтүстік – достық мекені» кездесулер керуені жолға шықтыЕлбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында қазақстандық біртектілікті, қоғамдық келісім мен бірлікті жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында құрылған «Оңтүстік — достық мекені!» кездесулер керуені жолға шықты, деп жазады «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен жолға шыққан жұмыс тобының алғашқы кездесулері Сарыағаш ауданында өтеді.

Ақпараттық-насихаттық топ 21 қыркүйекке дейін облысымыздың барлық аудан, қалаларында 60-тан астам кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.