Домой Блог Страница 11

Астанада 1 мыңға жуық оқушы мектеп қабырғасында мамандық игеруде

c-4Курс аяқталған соң оқушыларға мамандықты меңгергені туралы сертификаттар табыс етіледі, деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.

Қала мектептері түлектерін кәсіби дайындықпен қамтамасыз ету мақсатында 10-11 сынып оқушыларын қалада сұранысқа ие мамандықтарға үйрету бойынша курстар енгізу жұмыстары жүргізілуде: шаштараз, тігінші, даяшы, бармен, бала күтуші, хатшы-референт.

Жобаға 979 оқушыны қамту арқылы 24 мектеп қатысуда. Сабақтар колледж оқытушылары мектебінің базасында өткізіледі. Курс аяқталғанда оқушыларға аталған мамандықтарды игеру туралы сертификаттар беріледі.

Қарасай ауданында жаңа зауыттар іске қосылды

21d8e9cf6d0769987c2338d95d54e4d1Қарасай ауданында облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың қатысуымен екі зауыт іске қосылды. Зауыттар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыста пайдалануға беріліп жатқан 25 жаңа нысанның қатарында.

Бірінші нысан «Холонд Грин Тек» ЖШС-ның жылыжайларға арналған металл құрылымдарын шығаратын зауыты Елтай ауылдық округіндегі Көкөзек ауылында ашылды. Тартылған инвестиция көлемі 2,1 млрд. теңге, 30 жұмыс орны құрылған. Жобалық қуаты — күніне 8 тонна каркас шығара алады. Өндірісте голландиялық технология қолданылады.

Зауыт директоры С.Бисембаевтың айтуынша, компанияның негізгі қызметі  –  инженерлік және техникалық құрал-жабдықтар жеткізу, өндірістік жылыжай кешендері үшін конструкциялар шығарып, құрастыру, жылыжай кешендерін толығымен орнату, сол сияқты жылыжай шаруашылықтарының жұмысына агрономиялық қолдау көрсету.

Бүгін іске қосылған екінші нысан Жармұханбет ауылында орналасқан. «Алматы шыны» ЖШС-ның бұл зауыты шыны ыдыстарын шығарады және декорациялайды. 400 жұмыс орнын құрып отырған бұл зауыттың инвестициясының сомасы 12,2 млрд.теңге.

Кәсіпорын шыны ыдыстарын шығаратын жоғары өнімділікті құрал-жабдықтары бар жаңа технологиямен қамтамасыз етілген. Өндіріс процесінің  соңғы кезеңінде өнім қапталады, бұл өз кезегінде өндіріс өнімінің сапалы сақталуы мен тасымалдануына мүмкіндік береді.

Зауыт базасында жұмысшылар үшін 2 жатақхана салынып, оларды үш уақыт тегін тамақтандыратын асхана жұмыс істейтін болады.

Компания директоры А. Абдуллаевтың сөзіне сүйенсек, «Алматы шыны» зауыты түрлі пішіндегі шыны ыдыстармен қатар шыны банкілер шығармақ. Сол сияқты шыныдан жасалған бұйымдарды брендтайтын болады. Бұл өнімдер үшін отандық материалдар қолданылатынын да атап өту керек.

Астанада STEM-білім енгізілуде

c-32016-2017 оқу жылында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде Астананың 70 мектебінде «Робототехника» курсы енгізілді, деп хабарлайды Білім басқармасы.

Аталған курс элективті немесе факультатив курс түрінде оқу жоспарының вариативті бөлігі есебінен енгізілді.

«2017-2018 оқу жылынан бастап курсты барлық оқушылар міндетті түрде оқитын инварианты құрамдасқа айналдыру мүмкіндігі қарастырылуда. Қазіргі уақытта курсты информатика пәнінің мұғалімдері өткізеді, алайда біртіндепжаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің мұғалімдеріне беру жоспарланған. Жаз маусымында 158 информатика мұғалімі Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында оқыту курстарынан өтті», – деп хабарлайды басқармадағылар.

Қазіргі уақытта курстың теориялық бөлігі өткізілуде.

Оқу процесін ұйымдастыру сапасын арттыру үшін мектептерде арнайы кабинеттер бөліп, оларды робототехника сабағын өткізуге лайықтап жарақтау жоспарланған.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына — 25 жаңа нысан

6124760a76f50cedd7095d8a36bdf090Бүгін Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде Өңірлік коммуникациялар орталығының базасында облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «25 жұлдызды күн» акциясы аясында облыста 25 кәсіпорын іске қосылатыны туралы кеңінен мәлімет берілді.

Бұл 25 кәсіпорынның жалпы инвестициясының көлемі 48,3 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орнының саны — 2127. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы кешендері, жаңартылған энергия көздерін, құрылыс материалдарын шығаратын және басқа да салалардағы кәсіпорындар бар.

С. Тұрдалиевтің айуынша, 6 желтоқсанда Елбасының қатысуымен Индустрияландыру күніне орай өткізілген тікелей телекөпір барысында 25 кәсіпорынның бірі таныстырылған болатын. Текелі қаласындағы «Bapy Mining» ЖШС-ның «Инновациялық технологиямен жылына қуаттылығы 400 мың тонна қолданбалы шойын шығаратын тау кен өңдеу кешенінің құрылысы» нысанының алғашқы домна пешін қыздыру басталғаны және құрал-жабдықттарды монтаждау жұмысының аяқталғаны туралы  баяндалды.  Жобаның жалпы құны 8,5 млрд. теңгені құрайды. Аталған зауыт толық қуаттылыққа шыққаннан кейін 500 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.  Бұл біздің облыстағы  шағын металлургия зауыты болады.

Сонымен қатар Алматы облысының әкімі А.Баталовтың қатысуымен биылғы жылғы 30 қарашада Сарқан ауданында қуаттылығы 17 МВт Лепсі СЭС-і іске қосылды. Инвестиция сомасы – 4,2 млрд.теңге, 17 жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ Талдықорған қаласында «Көктем Гранд» қонақ үйі ашылды.

Ал бүгін, 14 желтоқсанда облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Тұрлашов Қарасай ауданында екі кәсіпорынды іске қосады: «Алматы шыны» ЖШС-ның шыны ыдысын шығаратын зауыты, қуаттылығы жылына 120 млн. бөтелке шығаруға қауқарлы, инвестициясы – 11 млрд.теңге және 400 жаңа жұмыс орны құрылады. Сонымен қатар, «ХоландГринТек» ЖШС-ның жылыжайларға арналған металл құрылымдарын шығаратын зауыты, 2 млрд.теңгеден астам инвестиция тартылып, 50 жұмыс орны құрылады.

Сонымен қатар 16 желтоқсанға дейін Талғар ауданында пластик өнімдерін шығаратын зауыт (қуаттылығы 3 мың тоннаға дейін, инвестиця көлемі — 1,4 млрд.теңге, 65 жұмыс орны), «Асыл Құс Агро» ЖШС құс фабрикасы (инвестиция көлемі – 2,4 млрд. теңге, 170 жұмыс орны),  резина плиткаларын шығаратын «Артпрайм Қазақстан» ЖШС (инвестиция – 0,03 млрд. теңге, 12 жұмыс орны), 500 орындық мейрамхан (0,05 млрд. теңге, 30 жұмыс орны), 3800 шаршы м. Сауда алаңы (инвестиция – 0,15 млрд. теңге, 100 жұмыс орны), консервіленген жүгері, аджика, томат пастасын өндіретін «Talgiz FOOD» ЖШС (инвестиция – 0,76 млрд. теңге, 80 жұмыс орны), Қапшағай қаласында 4,5 МВт «Аннар» ЖШС-ның жел электр станциясы және басқа да нысандар іске қосылады.

Атап айтқанда, Іле ауданында «Айсберг» ЖШС-ның алаңы 20 мың шаршы метр болатын А классты логистикалық орталығы (инвестиция – 2,7 млрд. теңге, 120 жұмыс орны), «GECUS-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС-ның ламинатталған фанер шығаратын зауыты (инвестиция – 0,35 млрд. теңге, 120 жұмыс орны); Сарқан ауданында «Baskan Power» ЖШС-ның Жоғарғы Бақанас 1-ші ГЭС-і («Энергомост» ЖШС) (инвестиция – 2 млрд. теңге, 12 жұмыс орны);  Панфилов ауданында «Exim-Base» ЖШС-ның жүгері сақтау қоймасы (инвестиция – 1 млрд. теңге, 15 жұмыс орны); Райымбек ауданында «Meat processing and services» ЖШС-ның мал бордақылау алаңы (инвестиция – 1,9 млрд. теңге, 40 жұмыс орны); Алакөл ауданында бал қаптаумен айналысатын «Лепсі өнімдері» ЖШС (инвестиция – 1,029 млрд. теңге, 4 жұмыс орны); Ақсу ауданында пеллет өндіретін «Әулет» ЖК зауыты (инвестиция – 0,02 млрд. теңге, 6 жұмыс орны); Ұйғыр ауданында жүн және тері өңдейтін «Ұйғыр ауданындағы жүн және тері өңдейтін Шонжы зауыты» ЖШС (инвестиция – 0,85 млрд. теңге, 200 жұмыс орны), «Тенгрифиш» ЖШС балық аулау шаруашылығы (инвестиция – 0,126 млрд. теңге, 16 жұмыс орны), көмір брикеттерін шығаратын «Агнер» ЖШС; Ескелді ауданында «Алибастау Арна» ЖШС-ның қуаттылығы айына 13 мың текше метр болатын бетон шығаратын зауыты (инвестиция – 0,15 млрд. теңге, 10 жұмыс орны);  Текелі қаласында «Текелі ГМЗ» ЖШС-ның сүт зауытыны жаңғырту жұмыстары (инвестиция – 0,137 млрд. теңге, 28 жұмыс орны), «Атамекен» СОК сауда және спорттық-ойын сауық кешені (инвестиция – 2,8 млрд. теңге, 30 жұмыс орын).

Тәуелсіздіктің жиырма бес жылы ішінде Алматы облысында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1991 жылы 9,5 млрд.теңгеден 2015 жылдың қорытындысы бойынша  562,9 млрд. теңгеге дейін артты. Жалпы өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі жетекші рөлін сақтап келеді, мәселен  2015 жылы оның үлесі —  82%-тен асты.

Cонымен қатар, Алматы облысы — республикалық «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары», «Сауда үздігі», «Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпиондары» байқауларының белсенді қатысушысы. Мәселен, 2016 жылы «Парыз» байқауына 4 кәсіпорын қатысты, байқаудың қорытындысы  бойынша «Еңбекті қорғау бойынша үздік кәсіпорын» номинациясында «ТК Метакон» «Парыз» күміс белгісін иеленсе, «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «ТАТЭК» АҚ  «Парыз» қола белгісін иеленді.

«Қазақстанның үздік тауары 2016» республикалық байқауында «Алматы бояулары» ЖШС «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясы бойынша жеңімпаздардың қатарында аталды.

Төлебиде екі медициналық нысан ашылды

20161210_131006Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Төлеби ауданы Көксайек пен Қаратөбе ауылдық округінде екі фельдшерлік акушерлік пункт ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Бұл денсаулық сақтау мекемелері Кувейт мемлекетінің ҚР «Азия Мұсылмандар Комитетінің дүниежүзілік қайырымдылық қоры» демеушілігімен салынып отыр.

Әлеуметтік нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше және өкілетті Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы елшісі доктор Тарек Абдулла Аль-Фарадж мырза мен аудан әкімі Б.Парманов қатысты.

Осы жылдың шілде айында құрылысы басталған ФАП-қа 19 ми ллионға жуық қаржы жұмсалған.
Денсаулық сақтау мекемесі 800-ден астам халыққа алдыңғы қатарлы медициналық қызмет көрсететін болады.

Бүгінде ауданымыздың денсаулық сақтау саласында 2 аурухана, 10 отбасылық дәрігерлік амбулатория мен 24 фельдшерлік акушерлік пункт және 16 дәрігерлік пункт 118 мыңға жуық аудан халқына мінсіз қызмет жасауда.

ОҚО-да бірқатар азаматтар мерекелік медальмен марапатталды

ced0b54d-0072-4685-9873-899d70a5677bОблыс әкімі Ж.Түймебаев өңіріміздегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары менөңіріміздегі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп,Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Онда әкім Елбасының атынан  Қазақстан халқы Ассамблеясыныңқоғамдық «Бірлік» алтын медалiмен» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін  табыстады.

Тәуелсіздік мерекесі еліміздің барлық азаматтары үшін ортақ әрі ең басты құнды мереке екенін айтқан әкім барша жиналғандарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мереке қарсаңында Мемлекет басшысы, еліміздің Тәуелсіздігі мен ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға  қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалiн» өңіріміздегі бірқататар азаматтар ие болған. 

Аталған мерекелік медаль иелерін облыс әкімі арнайы қабылдап, Елбасы атынан табыстады. Оладың қатарында облыс прокуроры  И.Иманов, өңіріміздің бас имамы А.Керімбек, облыстық клиникалық аурухананың дәрігеріМ.Абуов, ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  М.Қалмұратов, Ахыска» этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі М.Мусаев, облыстық күрд этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Надиров, «Казаки» қоғамдық ұйымының төрағасы Д. Хрущев, «Наири» армян этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Сидиропуловалар бар.  

«Осы ширек ғасыр ішінде мемлекетіміз өсіп-өркендеп, әлемдік қауымдастық арасында өзіндік орны бар мемлекетке айналды. Біздің қол жеткізген басты табысымыз – Қазақстан халқының біртұтастығы болды.

Мемлекеттің сара саясаты, дара ұстанымының арқасында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім – Тәуелсіздігіміздің басты тұғырына айналды. Елімізде бейбітшілік пен мызғымас татулықты орнықтыруда мейлінше атсалысып жүрген азаматтырымызды бүгінгі алған марапатымен шын жүректен құттықтаймын»,-деді Ж.Түймебаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы  облысымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан 21 БАҚ-қа «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін  табыстады.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығында қазақ елінің елдігін насихаттап, ел игілігі мен бірлігі үшін жемісті атқарылған жұмыстар мен мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биік мінберден: «Біз баспасөз еркіндігін қалыптастыру арқылы сөз бостандығын баянды еттік» деп айтқанын сіздер білесіздер. Шынында да бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық салалардағы өркенді өзгерістердегі алатын орны мен атқарған қызметі айрықша»,- деп айтқан Сіздер Президентіміздің жасампаз идеяларының төңірегіне қоғамды

топтастыру, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келесіздер. Демек, қандай да бір ақпарат көзінің сөзі — қоғамдық пікір қалыптастырудың темірқазығы іспетті. Осы бағыттағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер,-деп айтқан әкім өз сөзін қорытындылады.

Жиында сөз алған қаламгерлер алдағы уақытта да қоғамды нығайтуда және Қазақстанның оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына үлес қоса беретіндерін айтып, ширек ғасырда атқарылған еңбекті бағалап, мерекелік медальге лайық деп санаған Елбасыға және облыс  әкіміне алғыстарын жеткізді.

Ақтөбеде 2 жылға созылған акция кезінде қанша мүлік жария етілді?

4928d9a1e06421eef93b0eba46d194ad_resize_w_520_h_Еліміз бойынша екі жылдан бері жүргізілген «Мүлікті жария ету» акциясы 31-желтоқсанда аяқталады. Ақтөбе облыстық мемлекеттік кірістер департаменті желтоқсанның 26-сы акция аясында декларациялар қабылданатын соңғы күн екенін ескертеді.

Акция жарияланған уақыттан бері Қазақстан Республикасының азаматтары ел аумағындағы және шет мемлекеттердегі мүліктерін және қаржыларын біздің еліміздің заңнамаларына сай жариялап, тіркетті.
Сандық мәліметтерге тоқталатын болсақ, бүгінгі күні «Мүлікті жария ету» акциясы бойынша Ақтөбе облысында 258 декларация қабылданып, оның ішінде 255-і бойынша мүліктер жария етілген. Оның ішінде, 44 646,0 млн. теңгеге 243 банктік есеп-шот және сомасы 13 342,1 млн.теңге болатын 2 заңды тұлғаның үлесі жария етілді.
Қазақстан Республикасының аумағында және шетелдерде орналасқан мүліктер бойынша сомасы 757,8 млн. теңгеге бағаланған 11 объекті жария етілген. Оның ішінде, 667,1 млн. теңгені құрайтын 10 үй, құны 90,7 млн. теңгеге бағаланған бір нысан бар. Ал құны 463,0 млн. теңге болатын 8 нысан Қазақстан Республикасының аумағынан тіркелді. Сондай-ақ, ел аумағынан тысқары жерлерде орналасқан 3 нысан жарияланды. Оның жалпы құны 294,8 млн теңгеге бағаланып отыр.

aktobenews.kz

700 ақтөбелік мерейтойлық төсбелгімен марапатталды

Тәуелсіздік жылдары Ақтөбе облысында 113 мектеп, 487 балабақша, 700 спорт ғимараты мен 122 медицина мекемесі салынды. Ал, 55 мыңнан астам адам баспаналы болды. Бұл туралы бүгін «Қоныс» спорт сарайында өткен мерекелік салтанатта айтылды.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын кезінде ел дамуына үлес қосқан ақтөбеліктер марапатталды. 90 адам облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолынан Президент жарлығымен тағайындалған мемлекеттік наградаларды алды. 16 адам Құрмет грамотасымен, 3 адам ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, жалпы 700 ақтөбелік мерейтойлық төсбелгімен марапатталды. Барлығы да өз ісінің білгірі.

Марапатталғандар қатарында қазақ әдебиеті мен баспасөзінде сәулелі із қалдырған, еңбек еткен «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры, ақын, көсемсөзші Мейірхан Ақдәулетұлы да бар. Оған «Құрмет» ордені табысталды.
— Тәуелсіздік — қазақ ұлты үшін теңдесі жоқ мереке. Біз 25 жылда адам айтқысыз үлкен, ұлы өткелдерден өтіп, бұрын бодан болған халық қазір кез келген елдің, кез келген ұлттың өкілімен терезесі тең дәрежеде жасқанбай сөйлесе алатын болдық. Ұрпағы біздерден де бақытты болып қазақтардың, солай өмір сүре берсін. Бүкіл халық осыған тілектес деп ойлаймын, — деді М.Ақдәулетұлы.

Ақтөбеде Мәдениет үйі ашылды

Тәуелсіздіктің қарсаңында Құрайлы ауылында Мәдениет үйі ашылды. 23 жылдан кейінгі үзілістен соң, бұл ауылда мәдениет ошағы қайта жанданды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Бұл туралы «Ақтөбе-ақпарат» баспасөз орталығы хабарлайды.

Мәдениет үйі 1993 жылы жабылып қалған болатын. Өткен жылы облыс басшысы Бердібек Сапарбаевпен кездесу кезінде ауыл тұрғындары Мәдениет үйін ашу туралы сұрақ көтерді. Екі мектебі, мектеп-интернаты, балабақшасы және 6 мыңнан астам тұрғыны бар үлкен ауылда мәдениет ошағы керек болды.

Екі қабатты ғимаратты жаңғырту жұмыстарын мердігер ретінде міндетіне алған «Ақтөбе электр желісі құрылысы» ЖШС бұны биыл тамыз айында қолға алды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңынгда аяқтап беріп отыр. Жұмыстың сметалық құны 165,3 млн. теңгені құрады, Мәдениет үйінің жалпы ауданы — 2285,27 шаршы метр.

— Тәуелсіздік күні барша қазақстандықтар үшін ең маңызды мереке. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен 25 жылда біз көптеген мәселелерді шештік. Тұрғындардың өмір сапасын жақсарту үшін тек экономикалық қана емес, рухани даму да керек. Сондықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазір елімізде әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлініп жатыр. Кез келген елдің мемлекет ретінде қалыптасу жолында кездесетін күрделі кедергілер болады. Бірақ біздің елімізде ешқашан әлеуметтік төлемдерді төлеу, зейнетақы мен жәрдемақыны көтеру, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсету сияқты сұрақтарда проблема болған емес. Биыл біз облыстың барлық аудандарын газдандыруды аяқтадық. Келесі жылы барлық елді мекендерде медициналық пункттер саламыз. Жыл басынан 32 мәдениет ошағы жөнделді. Бұл бағыттағы жұмыстарды біз жалғастыратын боламыз, — деді Б.Сапарбаев. Ол Құрайлы ауылының тұрғындарын Мәдениет үйінің ашылуымен құттықтады.

Ашылу салтанатынан кейін көпшілік ғимаратты аралап көрді. Бұл жерде 400 орындық көрермен залы, модельдік кітапхана, спорттық және хореографиялық зал бар. Оқушылар ғана емес, ауыл тұрғындары қатысатын үйірмелер жұмыс жасайды, көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылық кештері өтеді.
Бұдан соң, Мәдениет үйінің акт залында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың және құқық қорғау органдары басшыларының Құрайлы, Благодар, Новый, Сазды және Қарғалы ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуі өтті.

Астанада балабақшаларға электрондық жолдама жүйесі енгізіледі

c-22017 жылдан бастап Астананың балабақшаларына жолдамалар www.e.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде берілетін болады. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, ата-аналарға үйлерінен шықпай-ақ жолдама алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жүйе пилоттық режимде жұмыс істеуде, мемлекеттік тапсырысы бар жеке меншік балабақшаларға жолдамалар берілуде. Мемлекеттік балабақшаларға жолдамалар беруге қатысты ата-аналардың байланыс мәліметтер базасын өзектендіру мселесі пысықталуда.

Орындарды үлестіру ересек топтарды мектепке шығарып салған соң жыл сайын жүргізілетін болады.