Домой Блог Страница 111

Ордабасыда мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлер жайы талқыланды

Ордабасыда мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлер жайы талқыландыОрдабасы ауданында нысаналы мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жөнінде жұмысшы топ құрылып, алғашқы мәжілісін өткізді, деп жазады Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Дүйсембаевтың мәлімдеуінше, ауданда пайдаланылмаған жер көлемі 7236 гектарды құраған.

Аудан әкімі А.Мамытбеков бұл деректі статистика басқармасы мен кірістер басқармасының көрсеткіштерімен салыстыруды ұсынды. Сонымен қатар, бүгінге дейін ескерту жолданған, соған қарамастан жерді пайдаланбаған азаматтардың тізімін нақтылап, жерді мәжбүрлеп қайтару үшін құжаттарды сотқа жолдауды тапсырды.

Жиында Бөген ауылдық округінің әкімі Б.Шәмет өз аумағындағы қараусыз жатқан 295 гектар жердің егесін табу қиынға соғып жатқанын алға тартып, мекенжайын анықтай алмағандықтан ескерту де жолданбай отырғанын жеткізді.

Өз кезегінде, Алмасбек Кеңесбекұлы ауыл әкімдеріне халыққа қызмет көрсету орталығының көмегіне жүгініп, түгендеу жұмысын жүргізуді жүктеді.

Мұнан соң, отырыс барысында аудандық прокуратураның прокуроры С.Сапарымбетов 2015 жылы жолданған ескерту хаттарының нәтижесін шығаратын мерзімнің жеткенін тілге тиек етті.

Жиын соңында жұмысшы топ мүшелерімен аптасына бір рет жиын өткізіп, атқарылған шараларды саралап отыру келісілді.

Тұрмысқа жылдам шығудың құпиясы

Оң жақта отырып қалған қыздарға жылдам тұрмысқа шығудың құпиясыӘдетте бойжеткендер тұрмысқа шығудың өмірдің мәні еместігін армандары орындалған соң бірақ түсінеді. Себебі, олар отбасылық өмірдің қиындықтарымен бетпе-бет кездеседі. Десе де отбасылық психологтар отырып қалған қыздарға жылдам тұрмысқа шығудың құпиясын ашты.

Кез келген қарым-қатынастың өзіндік ережелері бар. Сол секілді ғашықтар арасында да белгілі бір заңдылықтар сақталуы тиіс. Олар төмендегідей:

Біріншіден, сіз әрдайым бақыттысыз. Жігітіңізге кейде қатты немесе жұмсақ сөйлеуіңіз мүмкін. Бірақ, қандай жағдай болмасын сіз іштей бақыттысыз. Үнемі күлімсіреп, қуанып жүресіз. Ешуақытта оған шағымданбайсыз әрі ешкімді жамандамайсыз. Кез келген жерде өзіңізді мәдениетті етіп көрсетуге тырысасыз.

Екіншіден, сырт келбетіңізге ерекше мән бересіз. Жағымсыз әдеттерден бойыңызды аулақ ұстайсыз. Белгілі бір спорт және би түрімен айналысасыз. Мұнымен қатар, талғаммен киінесіз.

Үшіншіден, жігіттермен қарым-қатынасыңыз жақсы. Бірақ тұрмысқа шығуға аса асықпайсыз.

Ер адамдар табиғатынан “аң аулауға” құмар келеді. Нағыз ер азаматтар сүйіктісінің жүрегін жаулап, оны өзіне қарату үшін біраз еңбектенгілері келеді. Ал байқаусызда екі билет алып, өздері киноға шақырып, өздері хабарласатын қыздарды жігіттер көп ұната бермейді. Сондықтан, сіздердің қарым-қатынасыңыз бірінші кезекте оған керек болуы тиіс. Яғни, тұтқаны сіз емес, ол бірінші қояды. Бірінші болып өзі жазады.

Алғашқы кездесудің де маңызы зор. Жігітке тесіліп қарап, оған шексіз ғашық екеніңізді көрсетудің қажеті жоқ. Мұнымен қатар, жігіт сізді бір жерге шақырса, ішіңізден беске дейін санап барып келісіміңізді беріңіз.

Ең басты ереже – сіздің қолыңыз бос емес! Сіз қай кезде де “Қолым бос” емес деп жауап беруіңіз керек. Сол кезде оның сізге деген қызығушылығы артып, уақытыңыздың бір бөлігін иемдену үшін түрлі романтикалық әрекет жасайтын болады.

stan.kz

Шардарада екі жаңа білім ошағы ел игілігіне берілді

Шардарада екі жаңа білім ошағы ел игілігіне берілдіТәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 мектеп! ОҚО-дағы пайдалануға берілген осы білім нысандарының екеуі Шардара ауданына тиесілі.

Жаңа оқу жылында ауданның Қ.Тұрысбеков ауылындағы Абылай Әлімбетов атындағы және қаладағы Құрманғазы атындағы жалпы орта мектептеріне қосымша салынған екі қабатты 200 орындық жаңа мектеп ғимараттары салтанатты түрде ашылып, оқушылардың игілігіне берілді, деп жазады Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Екі мектептегі шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Қамытбек Айтөреев пен аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, тұрғындардың қуаныштарын бөлісті. Елбасы саясатының арқасында пайдалануға берілген қос ғимаратқа құтты болсын айтысты. 1 сыныпқа қабылданған оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітаптарын салтанатты түрде табыстап шықты.

Абылай Әлімбетов атындағы білім нысаны аудандағы қарашаңырақ мектептің бірегейі болып саналады.Іргетасы 1928 жылы қаланған мектеп-интернатта, негізінен, жетім балалар мен малшы балалары білім алған екен. Ескі нысан 1974 жылы әбден тозығы жетіп, құлаған. Осы жылдары мектептің тізгінін ұстаған ардагер ұстаз Ақылбек Оспановтың айтуынша содан бері қаншама жерге өтініш білдіргенімен жаңа ғимарат салуға ешқандай мүмкіндік болмаған. Кеңестік дәуірде сәті келмеген білім ордасының бағы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жанып отыр. Жиында А.Оспанов интернат үлгісінде салынған қарапайым ғимаратта қырық жылдан астам уақыттан бері тығылысып бала оқытып келген ұстаздар қауымын қуаныштарымен құттықтады.

Қаладағы Құрманғазы атындағы жалпы орта мектеп ұжымының да қуаныштарында шек болған жоқ. Ардагер ұстаз, ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мұхамбет Мұңалбаев жаңа мектеп салу жөніндегі тұрғындардың өтінішіне оң көзбен қарап, соңғы үлгідегі екі қабатты ғимарат салуға қол ұшын берген бұрынғы аудан әкімі Қамытбек Айтөреевке алғысын жеткізді.

А. Әлімбетов атындағы орта мектептің табалдырығын биылғы жылы 47 бүлдіршін аттаса, Құрманғазы мектебінде 82 оқушы 1 сыныпқа барып отыр. Ал, аудан бойынша 1985 оқушы мектеп босағасын жаңадан аттады.

Білім саласындағы мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, жаңа жылға дейін қаладағы Мұнай базасы ауылында 60 орындық, Алатау батыр ауылында 900 орындық жаңа мектептің құрылыстары басталмақ.

Кәсіпқойлар мен әуесқойлар «Астана марафонына» қатысуда

Елордада таңғы 8.00-де ең ауқымды Астана марафоны басталды. Жүгіруге әлемнің 25 мемлекетінен 4500 адам қатысуда. Кәсіпқой марафоншылармен және салауатты өмір салтын ұстанатындармен бірге ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков те қашықтықтарды бағындырды.

Кәсіпқойлар мен әуесқойлар «Астана марафонына» қатысуда

«Хан шатыр» СОО жанында қатысушыларға 10, 21,1 және 42,2 қашықтыққа жүгіру үшін номерлер таратылды. Жарыста 18-ден асқандар күш сынасады.

Өзге қалалар мен мемлекеттен келген қатысушылар үшін марафон Астананы көрудің жақсы мүмкіндігі. Биыл маршрут қаланың барлық аудандарын қамтиды және жүгіру кезінде марафоншылар жас елорданың көрікті жерлерін тамашалайды.

f62e4e8b0ba3786decae9f8a8e2.jpeg

— Бұл халықаралық жүгірушілердің рекордты саны қатысып отырған 42,2 шақырымдық екінші марафон. Қазақстанның түрлі қалаларынан келгендер де көп. Негзінен, еліміздің түкпір-түкіпірінде марафонға деген қызығушылықты арттырмақпыз. Бүгінгі маршруттың артықшылығы ол планетамыздағы ең «жазық» маршруттардың бірі, біз теңіз деңгейінен 30 метрдей жоғары орналасқанбыз. Соның арқасында нәтижелерді жақсартуға болады, — дейді «Астана марафоны» бұқаралық жүгіруінің бас ұйымдастырушысы Гауһар Брамлей-Фентон.

Риодағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Гюзель Манюрова, Елдос Сметов, Фархад Харки және т.б. марафонға қолдау көрсетті. Жүгіруді ұйымдастыру деңгейі шетелдік қонақтарға да ерекше әсер қалдырды.

— Бұл менің 19-шы толық марафоным, мен 58 жартылай марафонға және 60 км-лік 1 ультрамарафонға қатыстым. Астанаға екінші рет келіп отырмын, бұл қала маған өте ұнайды. Спорт – өмірімнің серігі, өзім Байкалда өскем, шаңғы жарысымен, жеңіл атлетикамен айналыстым, толық марафонды жүгіріп өту бала кезімдегі арманым, — дейді 70 жасар қырғызстандық жүгіруші Виктор Тюменцев.

Айта кетейік, «Астана марафоны» сағат 14.00 аяқталды.

Жиналған қаржы қайырымдылық қорларға беріледі. Жалпы, 2009 жылдан бері марафонның көмегімен 24 млн теңгеден астам қаржы жиналды. Сондай-ақ, қаржының бір бөлігі ауыл жастарын спортқа тартуға арналған One Steppe Beyond қайырымдылық жобасын жүзеге асыруға бағытталады.

Астанада Қазақстан өңірлерінің тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімдерінің апта сайынғы жәрмеңкелері өтеді

Астанада Қазақстан өңірлерінің тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімдерінің апта сайынғы жәрмеңкелері өтедіАстанада Қазақстан өңірлері тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімдерінің апта сайынғы жәрмеңкелері басталады, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Өткен демалыста (3-4 қыркүйекте) Қызылорда облысы тауар өндірушілері елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңке Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының тұрағында өтті.

Жәрмеңкеге келушілерге 400 тоннаға жуық 50-ден астам өнім түрі ұсынылды.

Қызылорда облысынан кейін жәрмеңкелер эстафетасын Алматы облысы жалғастырады. Сауда-саттық демалыс күндері Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының тұрағында (Қызылорда облысы 3-4 қыркүйек, Алматы облысы 10-11 қыркүйек, БҚО 17- 18 қыркүйек, Жамбыл облысы 24- 25 қыркүйек, Ақтөбе облысы 1-2 қазан, Қарағанды облысы 8-9 қазан, Қостанай облысы 15-16 қазан және Солтүстік Қазақстан облысы 22-23 қазан), сондай-ақ, «Хан Шатыр» СОО тұрақ аумағында (Атырау облысы 17-18 қыркүйек, Павлодар облысы 24-25 қыркүйек, Маңғыстау облысы 1-2 қазан, ШҚО 8- 9 қазан, ОҚО 15- 16 қазан, Ақмола облысы 29-30 қазан) қазан айының соңына дейін өткізіледі.

«Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясы

«Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясы«Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің ерекше 

қамқорлығында болуы керек. Нақ сол саламатты 

өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады».

Н.А. Назарбаев

Астана қаласының әкімдігі 2016 жылғы 15 тамыздан бастап «Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» атты бірегей акция өткізеді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Мақсаты – астаналықтарды спортқа баулу. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті» болып саналады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары аясында маңызды міндет қойылды – 2020 жылға қарай халықтың 30%-ын дене шынықтыру мен спортқа тарту. Осыған байланысты бір ай бойы елордалық спорт алаңдары мен саябақтарда түрлі бұқаралық спорттық жарыстар ұйымдастырылды, оған мыңдаған қала тұрғыны қатысты. Акцияның ұраны: «Емделген емес, ауырмаған адам сау болады».

Акцияның негізгі міндеті

Дені сау жас ұрпақты тәрбиелеу, балаларды, жастарды және қарияларды, яғни барлық жастағы азаматтарды спортқа тарту осы акцияның басты міндеті болып табылады. Сол себепті елордада бұқаралық спортты дамытуға жағдайлар жасалады.

«Көңілді старттар»

Акция 15 тамызда басталып, 15 қыркүйекке дейін өтеді. Осы уақыттың ішінде елордалық спорт алаңдарында қызықты спорттық жарыстар ұйымдастырылады, оған ниет білдіргендердің бәрі де қатыса алады. Мысалы, әр демалыс сайын Астананың 9 паркінде сағат 18.00-20.00 аралығында зілтемір, гір көтеруден жарыстар, стритбол, шахматтан сайыстар, арқан тарту, сондай-ақ, отбасыға арналған «Көңілді старттар» өткзілді.

Жарыстарға 5-6 жастағы балалар, ата-аналар және ата-әжелер қатысты. Күн сайын 4500 жуық адам өнер көрсетті. Қатысушылар естелік сыйлықтармен және жүлделермен марапатталды.

«Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясы аясында «Есіл», «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының өндірістік ұжымдары шағын футболдан жарыста өзара шеберлік байқасты.

Аула клубтарының арасында өткен «Көңілді старттарға» қала тұрғындары тұтастай отбасыларымен қатысты.

Велоспорт кеңінен танымал болып келеді

Елордада велоспорт кеңінен танымал екендігін ескере келе, екі бұқаралық жарыс ұйымдастырылды: «Ардагерлер мен әуесқойлар арасында велоспорттан Қазақстан кубогының II кезеңі» және маунтинбайк жарысы.

Қазақстан кубогына астаналықтардан басқа, алматылықтар, қарағандылықтар және еліміздің өзге өңірлерінің де тұрғындары қатысты. Айта кетейік, жарыста 65 жас және одан жоғары санат та болды. Қатысушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр даңғылдары жартылай жабылды, жол полициясының қызметкерлері еріп жүрді.

Маунтинбайк жарысына 10-65 жастағы елорда тұрғындары қатысты. Қатысушыларға қойылған жалғыз талап — шлем мен байктың болуы.

Астаналық спортшылардың арасында байдаркамен ескек есу, стендтік ату, шахмат, тоғызқұмалақ, хоккей және футбол, кроссфит, жүрдек мәнерлеп жүргізу және т.б. спорт түрлерінен чемпионаттар өткізілді.

Акция аясында ірі спорт кешендерінде Ашық есік күндері өтті. Кез келген адам «Дәулет» СК Ұлттық теннис орталығында заманауи кортта тегін теннис ойнау мүмкіндігіне ие болды.

«Астана Марафон – 2016»

4 қыркүйекте өтетін «Астана Марафон — 2016» халықаралық қайырымдылық шарасы акция аясындағы ерекше оқиға болады, оған 5000 астам адам қатысады деп күтілуде.

Қайырымдылық марафонға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Ә.Р. Жақсыбеков, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары қатысады. Осылайша мемлекеттік қайраткерлер ұлт саулығы, қазақстандықтардың салауатты өмір салтын ұстануы мемлекетіміздің басым міндеті болып табылатынын дәлелдемек.

Марафонға Qazaq Banki, ERG, KazTechInnovations, Astana  Marriott Hotel, KPMG «Самұрық-Қазына» және BI-Group сынды компаниялар, сондай-ақ, таяу және қиыр шетелден, барлығы 23 мемлекеттен атлеттер, елшіліктер мен халықаралық компаниялардың қызметкерлері қатысады.

Атап айтқанда, Ұлыбритания, Малайзия, Польша, Чехия, Италия, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Австралия, Германия, Иран, Ресей, Ирландия, Бельгия, Эстония, Бразилия, Өзбекстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Венесуэла, Түркия, Грекия, Жапония елдерінің өкілдері марафонда бағын сынайды.

Елордада Марафонды өткізуге байланысты сағат 7:30-14:00 аралығында орталық көшелерде қозғалыс тоқтатылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары уақыт үнемдеп, жолдарда дау туғызбас үшін өз бағдарларын алдын ала жоспарлаулары керек. Астана қаласының әкімдігі уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұрайды.

Жарыстар, турнирлер, чемпионаттар

4 қыркүйекте Астанада Марафоннан басқа, 15-тен артық жалпықалалық спорттық шара өткізу жоспарланған. Оған 7000 жуық елорда тұрғыны мен қонағы қатысады деп күтілуде.

Мысалы, «Жерұйық», «Астаналық», «Астана Триатлон» саябақтарында асық ату, арқан тарту жарыстары, сонымен қатар веложарыс өткізіледі. Жарыстар сағат 10.00 басталады, оған ниет білдіргеннің бәрі қатыса алады.

Жақын аймақтардың және елордалық спортшылардың арасында үстел теннисінен, шахматтан, шағын футболдан, жеңіл атлетикадан, су полосынан және ат спортынан турнирлер ұйымдастырылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

4 қыркүйекте «Барыс» спорт кешенінде елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған Ашық есік күні өтеді. Шара аясында кез келген адам мұз айдынына шығып, «Барыс» ХК жетекші бапкерлерінің шеберлік сыныптарына қатыса алады.

2016 жылғы 5-15 қыркүйек аралығында акция аясында 2000 артық адам қатысатын 10 шара өткізу жоспарланған.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 10 қыркүйекте № 71 ОМ «Есіл» ауданының мектеп мұғалімдерінің арасында волейболдан турнир өтеді.

11 қыркүйекте «Астана Триатлон» саябағында «Отбасылық Дуатлон» өтеді. Ата-аналар мен балалар осы жарысқа бірге қатысып, салауатты өмір салтының қажеттілігін көрсетпек.

Акция аясында велоспорттан Қазақстан Республикасының Чемпионаты (4 күндік топтық жарыс), Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан, таеквондодан «Корея елшілігінің кубогы» республикалық турнирі өтеді.

2016 жылғы 7-10 қыркүйек аралығында «Қазанат» ипподромы аумағында «Астана жұлдызы» спорттық жарысында бас жүлде сарапқа салынады. Аталған жобаның негізгі міндеті – өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлеріне, салт-дәстүрімізге, мәдениет пен тұрмысқа баулу. «Астана жұлдызы» көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ, теңге алу және т.б. ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталған. Жобаға еліміздің үздік спортшылары қатысады.

11 қыркүйекте Қабанбай батыр ауылында ат спортына әуес жандар 51 шақырымдық аламан бәйгеде «Алтын Тұлпар» үшін таласады. Жарыс «Қазспорт» және «Қазақстан» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жалпы, «Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясы аясында түрлі сипаттағы 50 шара өткізілмек, оған 50 мыңнан астам адам қатысады.

Барлық астаналықтарды отбасыларымен бірге спортпен шұғылдануға шақырамыз. Бұл үшін барлық аудандарда және әр аулада қолайлы жағдайлар жасалатын болады. Зиянды әдеттерден бас тартып, темекі шегуді тастауға және спирттік ішімдіктер ішпеуге шақырамыз. Уақытты теледидар алдында босқа өткізбей, бүкіл отбасыңызбен бірге бұқаралық спорттық шараларға қатысыңыздар, таза ауа жұтып, бойға қуат жинап, сергіп қайтыңыздар.

Салауатты өмір салты сіздің жетістіктеріңіз бен отбасыңыздың ауқаттылығының артуының 90% кепілі болып табылады.

5-10 қазан аралығында Қабанбай батыр даңғылында қозғалыс жартылай шекетеледі

5-10 қазан аралығында Қабанбай батыр даңғылында қозғалыс жартылай шекетеледіАстанада 2016 жылғы 5 қыркүйек пен 10 қазан аралығында инженерлік желі тарту жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр даңғылының № 31 көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі бөлігінде жол қозғалысы шектеледі, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бұл ретте қалалық қоғамдық көлік маршруттары өзгереді.

– Автомобиль жолдары басқармасы бас мердігер – «Найза құрылыс» концернімен бірлесіп Қабанбай батыр даңғылының №26 көшеден әуежайға апаратын айналма жолға дейінгі бөлігін қайта жөндеу бойынша жобаны қолға алды. Қазіргі кезде инженерлік желі тарту және су бұру жұмыстарын жүргізу үшін Қабанбай батыр даңғылының жобалық атауы № 31 көше мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысын жабу қажеттілігі туындап отыр, — дейді Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасының басшысы Сымбат Мырзағұлов.

Жобаны түзету қорытындысы кешіктірілген соң және материалды жеткізуге тапсырыс кеш орналастырылғандықтан жұмыстарды жүргізу мерзімі кешіктіріліп жатыр.

Елордалық полицейлер жүргізушілерге жөндеу жұмыстары кезінде маршрутты алдын ала жоспарлау керегін ескертеді.

– Жол қозалысын ұйымдастыру өзгереді. Жүргізушілер жүру бағдарларын алдын ала жоспарлауы керек, келу уақыты айтарлықтай өзгереді. Қабанбай батыр жабық болатындықтан, қаланың маңызды проблемаларын шешетін екі көлік магистралі ғана қалады, олар – Орынбор к-сі мен Тұран даңғылы, – дейді Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Елжан Чупеков.

ОҚО-да Жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті

6007Өткен аптада облыс әкімдігінде ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың төрағалығымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Кеңестің мақсаты — облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, сонымен қатар облыс жастарының проблемаларын шешу жолдарының тиімді механизмдерін талқылап қана қоймай, нақты жүзеге асыру болып табылады.

Жиын барысында идеология бойынша аудан, қала әкім орынбасарларының мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы бойынша есептері тыңдалды. Сондай-ақ, басқосуда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Б.Жанәбіл «Облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы» туралы және аудан, қала әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің жұмысы туралы баяндама жасады. 

Кеңесте жастар тарапынан қордаланып жүрген мәселелер мен жастардың көкейлерінде жүрген сауалдар қойылды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін нығайту мақсатында кеңес мүшелерінің ұсыныстары айтылды.

Төлебиде бес мектеп пайдалануға берілді

Төлебиде бес мектеп пайдалануға берілдіЖаңа оқу жылында ОҚО Төлеби ауданына қарасты бес елдімекенде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 800 орындық бес мектеп пайдалануға берілді.  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ауданның Әңгірата, Абай, Көксәйек, Жіңішке және Керегетас елді мекендерінен ашылған білім ошақтары мектепке баратын бала санының артуына байланысты бой көтерген болатын.

Білім ұяларының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бұхарбай Парманов барша ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтап, Төлебиде 150 орындық екі мектеп және 250 орындық үш мектептің есігі оқушыларға айқара ашылғанын хабарлады.

Жаңадан ашылған барша мектептің ғимараттары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мәселен мұнда лингафондық кабинеттер, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар, жаңа үлгідегі химия және биология кабинеттері оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндіктер туығызары хақ. Сондай-ақ, спорт залдары мен шеберханалар, мәдениет залдары оқушылардың өздері қалаған кез келген спорт пен өнердің түріне баулиды.

Түркістандықтар Жазираға «Тұлпар» мінгізді

Түркістандықтар Жазираға "Тұлпар" мінгіздіТүркістан қаласындағы орталық Есімхан алаңында шаһар тұрғындары Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен 19 жастағы түркістандық палуан Дидар Хамзаны зор қошеметпен қарсы алды, деп жазады Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Байрақты бәсекеде ел намысы үшін сынға түскен қос саңлақты алдымен, қала әкімі Ә.Өсербаев құттықтап, қаржылай сый-сыяпат жасады. Сонымен бірге, облыстық мәслихат депутаты Р.Тәңірбергенов сөз алып, күміс қызға жеңіл автокөліктің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті.

Ерекше ықылас білдірген қала жұртшылығына алғысын жеткізген Жазира Жаппарқұл өз сөзінде Түркістан қаласының жастарын «Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін даярлайтын спорт мектебінен» ашылған ауыр атлетика үйірмесіне қатысуға шақырды.