Домой Блог Страница 120

ОҚО-да мектептер 100 пайыз оқулықпен қамтылды

ОҚО-да мектептер 100 пайыз оқулықпен қамтылдыОңтүстік Қазақстан облысында 2016-2017 оқу жылына мектептер оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етіліп отыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасының мамандары мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша,   мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2016 жылы жалпы облыс бойынша қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге жергілікті бюджеттен барлығы 2,7 млрд. теңге бөлінген. Бөлінген қаржыға мемлекеттік сатып алу тәртібімен биылғы жаңа оқу жылында 1 сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері (бірінші сыныптың оқулығы 10 дана), 4 сыныптың ағылшын тілі оқулығы, 8 сыныптарға арналған (8 сыныптың оқулығы барлығы 18 дана) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері мен 9 сыныптың дінтану оқулықтары алынды.

Қазіргі таңда оқулықтар 100 пайыз тасымалданып, білім беру мекемелерінде таратылу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 1 қыркүйек күні әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным — Қазақстан» кітабы салтанатты түрде сыйға тапсырылатын болады. Айта кетейік, жаңа оқу жылында облыс бойынша 73699 бала мектеп табалдырығын алғаш аттайтын болады.

Астанада ЭКСПО-2017 еріктілерін дайындау бойынша бағдарлама басталды

Астанада ЭКСПО-2017 еріктілерін дайындау бойынша бағдарлама басталдыБүгінде 3000 ерікті іріктелді, олардың көбі ЖОО студенттері. Тыңдаушылардың бірінші тобы дау-дамайларды шешу бойынша тренингтен өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Астаналық еріктілермен бірге елордада супервайзерлер де білім алды, олар өз тәжірибесімен өңірлердегі әріптестерімен бөлісетін болады.

2017 жылға дейін 4500 ерікті дайындықтан өтеді. Көрме аумағында қонақтармен еріп жүретін еріктілер ЭКСПО-қалашығы инфрақұрылымының объектілері мен элементтерінің орналасу орны туралы хабардар етеді, басқалары – келушілерді билеттендіру; жеке заттар жоғалған жағдайда, көмек көрсетуге және іздестіру бюросымен ынтымақтасу; медпунктердің қызметкерлеріне көмек көрсетуге және көрме әріптестері мен демеушілерімен бірге жүруге жауап береді.

Сонымен қатар, еріктілер кешен тұрақтарын бақылайды, көліктің уақытылы ұсынылуын және көрмеге келушілер мен қатысушыларды автобус аялдамаларына жібереді. Ресми делегациялардың мүшелерін қабылдап, олармен еріп жүретін бөлек топ құрылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне баспасөз үшін жауапты көмекшілер көмектеседі.

ЭКСПО-2017 еріктісі болуға ниет білдірушілер expo2017astana.com. сайтында сауалнама толтыра алады.

Қала тұрғындарына арналған тегін спорттық секциялар ашылды

Спортшылардың олимпиададағы жеңісі әрқашан да өскелең ұрпаққа үлгі болып, оларға шабыт береді. 1 қыркүйекте жалпы білім беру мекемелерінде ғана емес, спорт мектептерінде де жаңа оқу жылы басталады. Қазірдің өзінде балалар түрлі секцияларға жазылып жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, елордада 6 мен 18 жас аралығындағы 130 мыңға жуық бала тұрады. Соның ішінде 25 мыңнан астамы спорт секцияларында жаттығады, 7 мыңға жуығы 18 жасқа дейін балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде оқиды. Тағы да 7 мыңға жуығы спорт клубтарына ауысты. Балалардың көбі мектептер мен аула клубтарының жанындағы спорт секцияларына барады. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептеріндегі секциялар тегін.

Қала тұрғындарына арналған тегін спорттық секциялар ашылды

Спорт мектептері спорттың түріне қарай балаларды тамыз айының ортасынан бастап қабылдайды, медициналық және басқа да критерийлер бойынша балалардың жасы түрленіп отырады. Олар білікті мамандардың іріктеуінен өтеді. Жаттықтырушылар ата-аналарға жас дарын өз қабілеттілігі мен талантын сәтті пайдалана алатын секцияны таңдауды ұсынады.

Балаларды хоккейге 5–6 жасынан, ал гимнастикаға қыздарды одан ертерек қабылдайды. Аталған спорт түрлері бірнеше жылдан бері ата-аналар арасында кеңінен танымал болып отыр. 10-12 жастағы балалар боксқа, 8-15 жастағылар футболға бара алады, 9-12 жастағылар баскетбол ойнайды, жүзуге 7-12 жастағы балалар келеді.

Бүгінде профильді пәні хоккей болып табылатын 10-шы спорт мектебінде 840 бала оқып жүр. Сонымен қатар, «Барыс» хоккей клубының жанында да балаларға арналған секциялар бар.

Қазіргі таңда қалада спорттың 76 түрі дамытылып жатыр, олардің міндеті, бірінші кезекте, жас ұрпақтың дене даярлығын дамыту, денсаулығы мен төзімділігін күшейту болып табылады.

04eb6b806a0e2279675f5f767ca.jpeg

Мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалмайды. «Қайсар» спорт клубында 411 адам жаттығады.

Бапкерлік құрам мен әдіскерлер үшін біліктілікті арттыру курстары өткізіледі, соның  аясында олар спортпен айналысатын адамға пайдалы әрі қызықты болуы үшін жұмыстарды жетілдіру бойынша озық идеялармен танысады.

Жыл басынан бері Астанада 360 астам спорттық шара өткізілді, ойын спорт түрлерінен балалар лигалары, веложарыстар мен жеңіл атлетикалық жүгірулер ұйымдастырылады. Қазақстандық спортшылардың Бразилияда өткен олимпиадада сәтті өнер көрсетуі (17 медаль), шахматшы Динара Сәдуақасованың Үндістанда қыздар арасындағы әлем чемпионатындағы жеңісі жастардың спортқа бет бұруына септігін тигізеді.

Қалалық спорт ведомствосы мамандарының айтуынша, елордада тұрғындардың спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдайлар жасалуда. Спорттық инфрақұрылым артып, жылдан жылға жақсартылып, спортта жоғары жетістіктерге қол жеткізуге және бұқаралық спортпен айналысуға негіз болуда. Астанада әлемдік деңгейдегі кең ауқымды жарыстар өткізіледі. Бұл ретте қала тұрғындарының нысандарға барып-тұруына баса көңіл бөлінеді. Спорт алаңдарымен жабдықталған аулалар саны ұлғайып келеді, мүлік заманға сай жетілдіріледі, шаңғы-роллерлік және велосипед жолдары салынды, тренажерлар орнатылды, триатлоннан жаңа заманауи база ашылды. Аулаларды абаттандыру бойынша бағдарлама барлық аудандарда одан әрі дамытылып, басқа да аумақтарды қамтитын болады.

Арыс қаласында халықтық брэнд қалыптастыру мәселесі талқыланды

Арыс қаласында халықтық брэнд қалыптастыру мәселесі талқыландыҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы негізінде, ұлттық және өңірлік брэнд қалыптастыру, оларды жылжыту бойынша және облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың осы бағыттағы тапсырмаларын орындау бойынша әр аудан және қалаларда кездесулер ұйымдастыру жоспарланған.

Республика деңгейінде атқаралып жатқан ауқымды жұмыстарды жүргізу мақсатында облыс көлемінде арнайы сарапшылар бүгін Арыс қаласында болды.

Кездесуге облыс әкімінің кеңесшілері (бренді қалыптастыру бойынша сарапшылар) С.Бүксіков пен Б.Каюпова, қала әкімі С.Ертай, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық бірлестіктер, этномәдени орталықтың өкілдері, мекеме және бөлім басшылары қатысты.

Жиынға қатысушылар қаланың брэндін қалыптастыру, оларды ілгері жылжыту бойынша өздерінің ойларымен бөлісіп, ұсыныстар берді, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облыс прокуратурасы «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік!» жобасын таныстырды

Оңтүстік Қазақстан облыс прокуратурасы «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік!» жобасын таныстырдыОңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік!» атты жаңа жобаның таныстырылымы өтті. Бұл жоба өңір прокуратурасының бастамасымен қолға алынып отыр.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобаның мақсаты — уәкілетті органдар жұмыстарының тиімділігін арттыру және балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуларын, жасөспірімдердің қылмыс жасауларын төмендету, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы  құқықбұзушылықтың алдын алу.

Прокуратура органдары жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыс мәселесіне аса көңіл бөледі. Себебі, бұл облысымызда өзекті мәселенің біріне айналған. Бүгінде оңтүстік өңірінде 1 млн. 200 мыңнан аса бала тұрады.  Бұл көрсеткіш республикамыздың барлық балалар санының 20 %  құрайды.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың орын алуына жол бермеу мақсатында прокуратура органдарының жанынан құрылған мобильдік топтар қазірден бастап жайсыз отбасылармен, ата-аналарының қарауынсыз қалған, сабаққа бармай, қаңғыбастыққа салынған балалармен жұмыстар жүргізуде.

Ұсақ құқықбұзушылық жасаған жасөспірімді уақтылы тоқтатсақ, келешекте оның ауыр қылмыстар жасайтын қылмыскер болуының алдын аламыз.

Мемлекеттік органдардың мақсаты, тек құқық бұзушылықтардың алдын алу емес, қылмыстардың шығу себептеріне әсер ету арқылы кешендік іс-шаралар жүргізу болып отыр.

ОҚО әкімі үш ұстазға пәтер кілтін тарту етті

ОҚО әкімі үш ұстазға пәтер кілтін тарту еттіБілім беру саласы қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов үш мұғалімге пәтер кілтін тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.

№66 «Қазығұрт» жалпы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Бағлан Баймаханов 3 бөлмелі пәтер, ал №23 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі Жанар Мұстафаева мен №55 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Муккарам Тұрғынова 2 бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды. Енді олар «Нұрсәт» шағын ауданындағы жаңадан салынған көпқабатты үйдің тұрғындары атанбақ.

Бұл қуанышты сәт бар уақытын сарп етіп, ел ертеңі саналатын ұл-қыздарды тәрбиелеп, аянбай тер төгіп жүрген ұстаздар қауымын  бір серпілтіп тастады.

«Шынымды айтсам, ерекше толқып тұрмын. Мен үшін ерекше есте қалатын тарихи сәт. Ұстаздық атты ұлы жолды таңдағаныма өкінбеймін. Алты жылдан бері сабақ беріп келемін. Барлық мұғалімдер осындай бақытқа кенелсін деп  тілеймін», — дейді Бағлан Баймаханов.

Бұдан бөлек, үздік нәтижеге қол жеткізіп, біліктілігімен көзге түскен ұстаздар Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің Алғыс хатымен, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды.

ОҚО театры жаңа маусымды «Қыз Жiбек» операсымен ашты

ОҚО театры жаңа маусымды «Қыз Жiбек» операсымен аштыОблыстық опера және балет театрының шығармашылық ұжымы IХ театр маусымын Е.Брусиловскийдiң «Қыз Жiбек» операсымен ашты. Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай сахналанған, ұлттық өнерiмiздiң алтын қорына енген қойылым 2 актiлi, 4 көрiнiстi. Ғ.Мүсiреповтiң «Қыз Жiбек» операсының негiзiне махаббат пен адалдық жайлы дастан өзек етiп алынған, деп жазады «Оңтүстік Қазақстан» газеті.

«Қыз Жiбек» операсын театр ұжымы алғаш рет 2010 жылы сахналаған болатын. Сол кезден бастап махаббат лирикасына толы «Қыз Жiбек» операсы театр сахнасынан түспей келедi. Рухани қазынамыздың жауїар туындасына айналған ұлттық операның құдiретi әлi талай көрерменнiң жүрегiн тебiрентетiнi сөзсiз.

Бiр ерекшелiгi, «Қыз Жiбек» операсының бұл нұсқасы бұрынғыларынан өзгешелеу. Опералық қойылымда (қоюшы режиссерi А.Алтынбеков) жесiр қалған Қыз Жiбек арада сегiз жылдан соң әмеңгерлiк жолмен Төлегеннiң iнiсi Сансызбайға тұрмысқа шығып, спектакль эпоста жырланғандай, мерекелiк той-думанға ұласады.

Қойылымды тамашалай отырып, Жiбек партиясын орындаған Үрәлхан Сейiлбекованың ғажап дауысына, актерлiк шеберлiгiне, Төлегендi сомдаған Ерлан Жандарбайдың бекзат болмысына риза болдық. Дегенмен, қойылымдағы ең жарқын әрi сәттi шыққаны Марат Оразметовтiң сомдауындағы Бекежан образы десек қателеспеймiз. Кезiнде «Театр көктемi» фестивалiнде әйгiлi театр сыншысы, марқұм Әшiрбек аға Сығайдың өзi «Елiмiздiң бiрде-бiр опера театрында дәл Марат Оразметов сомдағандай Бекежан болған емес. Бұл деген ғажап дүние!» деп баға берген едi. Сондай-ақ, Шеге партиясын орындаған Қайрат Құлыншақовтың дауыс мәнерiндегi қайталанбас иiрiмдер, Сансызбай рөлiндегi Нұржан Жүсiпбековтiң құлаққа жағымды құнарлы мақамы «Қыз Жiбек» операсын байыта түскен. Әрине, бұдан басқа партиялардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталса да артықтық етпеген болар едi деген ойдамыз.

Балықшылар шардараға жиналды

Балықшылар шардараға жиналдыЖеке кәсіпкер Бақытжан Серманизов пен Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен балық ұстаудан Халықаралық турнир өткізілді. Шардара су қоймасының жағалауында өткен балықшылар жарысына Өзбекстан республикасы мен еліміздің Астана, Алматы, Тараз, Қызылорда, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан секілді бірқатар қалалары мен облыстарынан командалар келіп қатысты.

кі күн бойына өткен жарыста қармақпен ең көп балық аулаған командалар жеңімпаз атанды. Төрешілердің шешімімен І орынды Шымкент қаласының «Аспан» командасы иеленсе, ІІ орынды Өзбекстан республикасының командасы, ІІІ орынды Сарыағаш қаласының «Алтын балық» командасы еншіледі. Жеңімпаз командалар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Айта кетейік, мұндай балықшылар арасындағы дәстүрлі жарыс бірнеше жылдан бері Шардара теңізінің жағасында ұйымдастырылып келеді.

Бәрін айт та, бірін айт, демалыстың төресі – тұнықтан балық аулау деп санайтын азаматтар балықшылар жарысынан керемет әсер алып қайтысты.

Алматы облысының мүмкіндігі шектеулі жігіттері кино түсіріп жатыр

Алматы облысының мүмкіндігі шектеулі жігіттері кино түсіріп жатырАлматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған «Асар» КВН командасының ойыншыларымен брифинг өтті. Брифинг барысында тағдыр талқысына мойымаған көңілді де тапқыр жігіттер болашақ жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Оның ішінде  мүмкіндігі шектеулі болса да, мүмкіндігі зор жастардың өмірі туралы түсіріліп жатқан қысқаметражды сынама туындылары жайында да айтып өтті. Биыл аталмыш команда Астана қаласында өткен республикалық «Жастар» жазғы фестиваліне қатысып, 70 топтың арасынан үздік 16-ның қатарына кірген «Асар» фестивальдің гала-концертінде де сәтті ойын көрсетті.

-Бізге сахнаға алып шығатын әзілдерді жазуға арнайы сценаристер көмектеседі. Қазіргі таңда орталық лигаға жолдама алып,  жарыстан жартылай финалға өттік. Ол Тараз қаласында қазан айында жалғасын табады. Тағы айта кетерлігі, Талдықорған қаласындағы Жетісу аймақтық лигасындағы жартылай финалға қатысып жатырмыз, — деді КВН командасының жетекшісі Ақжан Ақылбекұлы.

Бұл жігіттер ең алғаш «Асар» спорттық-оңалту орталығына кездесіп, етене танысып, одан ары арман-мақсаттарын біріктірген болатын. Осылайша ерекше қабілеттері бар жігіттер 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап «Асар» КВН командасын құрған.

-«Асар» — мүгедек жандарға арналған Алматы облысындағы бірден-бір спорттық-оңалту орталығы. Клуб құрылғалы бері екі жыл ішінде 220 адам оңалтудан өтіп, оның ішінде 35-і аяғынан тұрды,  — дейді «Startup «Bolashak» стартап-жобалары конкурсының өткен жылғы жүлдегері, «Асардың» жетекшісі Елдос Баялышбаев.

«Кітапханалық туризм» жобасының жолымен

«Кітапханалық туризм» жобасының жолыменҚазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға байланысты «Кітапханалық туризм» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы «ХХІ ғасыр кітапханасы: жастар стратегиясы» тақырыбымен Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында республикалық Жас кітапханашылар форумының жұмысын бастады.

Жиынның мақсаты — Қазақстан кітапханаларындағы жас мамандарды орнықтыру, кітапханашы мамандығының позитивті имиджін нығайту, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға ұсыну мақсатында келешегінен үміт күттіретін мамандарды анықтау.

Форумға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар қатысып, кітапхананың бүгіні мен болашағы, кітап оқу мәселесі, электронды ресурстар және басқа да тақырыпта келелі әңгіме қозғады.

Форумға қатысушылар қаладағы М. Тынышпаев атындағы өлкетану музейі, Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы және басқа да көрнекті ғимараттармен танысып, жұмысын одан әрі Кербұлақ, Панфилов, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандарында жалғастыратын болады.