Домой Блог Страница 13

Тәуелсіз елдегі дін мен дәстүрдің байланысы

Ақтөбеде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Дін мен дәстүрдің өзара байланысы» тақырыбын талқылаған халықаралық конференция өтті. 4 мыңан астам діни бірлестіктердің өз қызметтерін тұрақты атқарып жатқандары айтылды, деп хабарлайды Ақтөбе жаңалықтары.

— Ақтөбе облысының аумағында 90 діни бірлестік пен олардың филиалдары жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, жергілікті атқарушы орындар барлығына бірдей жағдай жасап отыр. Президентіміз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, ұлттар арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына үлкен көңіл бөлді, — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
Шара барысында 25 жылда еліміз толеранттылықтың, ұлтаралық бірлік пен конфессияаралық келісімнің эталонына айналып отырғандығы айтылды.

Аталмыш конференцияда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің басқарма басшысы, Ресей мұсылмандары орталық діни басқармасының Орынбор мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ресей ислам институтының өкілі, «Нұр Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің өкілі, Орск қаласы жергілікті діни бірлестік төрағасы, Қазан қаласының имам-мухтасибінің орынбасары, Қазан мухтасибаты аппаратының басшысы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, республикалық және Ақтөбе облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері және жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, теолог мамандар мен имамдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Дін қызметкерлерінің арасында өткен халықаралық кездесуде дін мен дәстүр байланысы түсіндірілді.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Әсет Исекешев түрлі маман иелерін марапаттады

cБүгін елорда әкімдігінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Шараға ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, қоғамдық кеңес өкілдері, кәсіпорындар озаттары, бюджеттік сала өкілдері мен бизнес қоғамдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының жарлығымен қала басшысы қоғам қайраткерлеріне, мемлекеттік қызметкерлер мен түрлі сала өкілдеріне елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдени және этникааралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарға марапаттар табыстады.

Екінші дәрежелі «Айбын», «Парасат», «Құрмет» белгісі, «Еңбек ері» ордендері, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» және т.б. медальдар табысталды. Марапатталғандардың қатарында әкімнің орынбасары Андрей Лукин, Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, Астана ІІД ЖПҚ басшысы Бақытжан Малыбаев, актер Ерік Жолжақсынов және т.б. бар.

«Астана қарқынды дамып келеді, көптеген күрделі шешімдер қабылданды. Біздің арамызда сол уақытта түрлі салаларда еңбек етіп, мемлекеттік қызметтің жұмысына үлес қосып, басқармаларда, коммуналдық шаруашылықтарда, бизнесте және әлеуметтік қызметте жұмыс істеген азаматтар бар екенін білемін. Қаламыздың бүгінгі келбеті сіздердің еңбектеріңіздің арқасы деп есептеймін, сол себепті бүгін біз қаланың дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттап отырмыз», — деп қорытындылады Әсет Исекешев түрлі мамандық пен қызмет салаларының өкілдерін марапаттай отырып.

Талдықорғанда мемлекеттік марапаттар тапсырылды

7414f66fdf0178bce0ceb7d978d45aabБүгін Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 200-ден астам азамат мемлекеттік наградаларға, мерейтойлық медальға, Құрмет грамоталарына ие болды. Олардың арасында ардагерлер, журналистер, еңбек адамдары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, медицина мамандары, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер және т.б. бар. Бұл туралы «Жастар» Спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткен салтанатты жиында белгілі болды.

Жиында облыс әкімі Амандық Баталов жиналған көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтады. Еліміздің, оның ішінде Алматы облысының Тәуелсіздіктің 25 жылында жеткен жетістіктеріне тоқтала келе:

— Президенттің жыл сайынғы халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартуға, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. «Елу жылда ел жаңа»,- дейді дана халқымыз. Ал, біздің еліміз небары 25 жыл ішінде ғасырға бергісіз жолды жүріп өтті. Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыруда Жетісу жерінде межелі міндеттерді кезең-кезеңімен шешу үшін нақты жұмыстар атқарылды. Бұл тарапта әрбір жетісулықтың еңбегі, лайықты үлесі бар, — деп атап өтті облыс басшысы.

— Барша жетісулықтарды ұлық мерекеміз –Тәуелсіздік күнімен тағы бір мәрте құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Күллі әлем көз тіккен Ұлы Дала Елінің азаттығы – Қазақ елінің Тәуелсіздігі ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын! – деді өз құттықтауында Амандық Баталов.

Мұнан кейін салтанатты жиын жетісулық азаматтарға мемлекеттік награда тапсырумен жалғасты.

Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Парасат», «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасының және Парламент Сенатының Құрмет грамоталарымен, жалпы саны 200-ден астам адам марапатталды. Сондай-ақ бірқатар азаматтарға «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Салтанатты жиында Тәуелсіз еліміздің 25 жылдағы қол жеткізген табыстары голографиялық неонды 3 D шоу арқылы және қазақ эстрадасы әншілерінің гала-концерті ұсынылды.

Талдықорғанға көгілдір отын келетін күн таяу

0c77c277e08607def67e5d834e3629a6Бүгін облыс әкімдігінде облыс әкімі Амандық Баталов Европалық қайта құру және даму банкінің делегациясымен және даниялық «Ramboll» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Талдықорған қаласын газдандыру мәселесі сөз болды.

ЕҚДБ Ресей және Орта Азия бойынша инфрақұрылым департаментінің жетекші банкирі Аббас Офариновтың айтуынша, жоба бойынша техникалық-экономикалық зерттеу үшін ашық тендер негізінде және бірлесіп жұмыс істеу үшін «Ramboll» компаниясы таңдалып алынған. Кездесуде А. Офаринов «Ramboll» компаниясының жобалық менеджері Фредерика Питзнер мен бас инженері Луджер Бринкманды таныстырды.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Б. Тәнекеновтің айтуынша, қазіргі кезде ЕҚДБ мен «Ramboll» өкілдерімен жұмыс жүргізу техникалық-экономикалық зерттеу кезеңі болып табылады. Оң қорытындысын алғаннан кейін Талдықорған қаласында газ тарату желісі құрылысы жобасының IV кезеңі қаржыландырылатын болады. Несиелеу сомасы 4,6 млрд. теңгені құрайды.

«ЖетісуОблГаз» ЖШС директоры В.Тохтасунов биылғы жылы облыстың газ тасымалдау жүйесін дамытуға жергілікті бюджеттен 3,0 млрд. теңге бөлінгенін, оның 2,3 млрд. теңгесі Талдықорғанды газбен қамтудың қалаішілік жүйелерінің құрылысына қарастырылғанын айтты. Келесі жылға Талдықорғанды газбен қамтудың I кезегінің құрылысын аяқтауға тағы 2,4 млрд. теңге бөлінді. Сөйтіп 2017 жылы I кезек аяқталған соң облыс орталығының тұрғындары көгілдір отынмен қамтылатын болады.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов облыс орталығын газдандыру  өте маңызды, әрі ауқымды жұмыс екенін, сондықтан бұл істің ұсақ-түйегіне дейін тыңғылықты қарап, экологиялық мәселелерді де ескеру қажеттігін атап өтті.

Оңтүстік Қазақстанда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

uko_5279Бүгін Оңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік — Тұғырым» атты салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкенттегі «Көрме» орталығында ұйымдастырылған жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, саяси партия филиалдарының жетекшілері мен үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар жетекшілері, түрлі сала қызметкерлері және БАҚ өкілдері, жалпы саны 1 мыңнан астам адам қатысты.

Салтанатты думанда сөз бастаған облыс әкімі Ж.Түймебаев ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың ұлық мерекесімен құттықтап, Тәуелсіздік ұғымына кеңінен тоқталды.

«Тәуелсіздік күні – бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мереке. Тарихтан алар тәлім мол. Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға сеніммен көз тіккен халықпыз. Әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлшегі ретінде Тәуелсіз ел атану тек биік мәртебе ғана емес. Сонымен қатар, орасан зор жауапкершілік жүгін артатындығын да біз жақсы түсінеміз», — деді облыс әкімі.

Мұнан соң, аймақ басшысы мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкерлерге мемлекеттік наградалар тапсырды. Атап айтқанда, өңіріміздегі 42 азамат «Құрмет» орденімен, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапатталды. Сонымен бірге, аймағымыздағы білім беру (50 жолдама), денсаулық сақтау (50 жолдама) және мәдениет (10 жолдама) саласының қызметкерлері – жалпы саны 110 адамға Түркияға барып, тәжірибе алмасу үшін облыс әкімінің жолдамасы тапсырылды.

Сонымен қатар, шара барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке «Қазақстан мен Түркия достығын және ынтымақтастығын нығайтқаны үшін» медалін табыстады.

Өз кезегінде, барша Оңтүстік жұртшылығын Егемендіктің мерейлі тойымен құттықтап, алдағы уақытта да осынау қастерлі мерекені мәңгілікке сақтауға шақырған Асқар Исабекұлы еліміздің барлық салаларда жеткен жетістіктеріне жеке-жеке тоқталып, республикамыздың осынау даму белесінде Оңтүстік Қазақстан облысының үлесі орасан екенін жеткізді.

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуда толағай табыстарға жетті. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, осы мерзім ішінде әлеуметтік саладағы жұмыссыздық деңгейі 3 есеге қысқарып, халықтың жан басына шаққандағы кірісі 10 есеге ұлғайды. Жалпы ішкі өнім көлемі 300 АҚШ долларынан 11 мың АҚШ долларына жетіп, тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін жетіп отыр», — деді А.Мырзахметов.

Мерекелік думан барысы «Тәуелсіздік тұғырым» театрландырылған сазды-хореографиялық қойылымымен жалғасып, «Айбары мықты Қазақстан», «Нұрын шашқан — Оңтүстік», «Әсем қала Астана», «Ел бірлігі – Тәуелсіздік тірегі» және «Бірлігі жарасқан – Мәңгілік ел» сазды-хореографиялық қойылымдарына ұласты. Сондай-ақ, мерекеде түркиялық композитор, әнші, бүгінгі салтанатты іс-шараның қонағы Орхан Чакмактың орындауында «НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ» әні мен Б.Оралұлының «Қазақ елі осындай», А.Асановтың «Мәңгілік ел үшін» әндері орындалды.

Мерекелік шараның қорытынды сәтінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің ықылас гүлі тапсырылды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы шын мәніндегі бүкілхалықтық ұлық мерекеге айналды.

Осы орайда, облыста атқарылған ауқымды жұмыстардың бірқатарын атап өтсек.

Қазан айында Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» деген атпен жоғары деңгейде өткізілді. 21 қарашадан бастап «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» ЖҰЛДЫЗДЫ 25 КҮН» атты басты мерекелік іс-шаралар барлық аудандар мен қалаларда өткізілуде. Мерекелік шаралардан ауылдағы ағайынның шет қалмауы да басты назарда. Ауыл тұрғындарының мерекелік көңіл-күйді сезініп, белсенділікті, патриоттық құлшыныс пен ұмтылысты биіктете түсуі үшін «Өнерім саған, ауылым!» атты бастама көтерілді. Облыс орталығындағы барлық мәдениет мекемелерінің ұжымдары аудандар мен ауылдарға, шалғай елді мекендерге гастрольдік сапармен баруда.

«Шалғай елді мекен тұрғындарына медициналық көмек көрсету» акциясы мен ауылшаруашылық және басқа да тұрмыстық тауарлар жәрмеңкелері жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында 25 спорт алаңшасы ел игілігіне пайдалануға беріліп, 25 елді мекен тұрғындарына ауызсу мен табиғи газ, 17 елді мекеннің электр жүйесі жаңартылды.

Сонымен қатар, 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 4 мыңнан астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Мереке қарсаңында облыста 35 білім ошағы, 4 балабақша, 2 спорт кешені, 2 су қоймасы, 8 мәдениет үйі, 1 емхана, 1 арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы, 1 мүгедектерге арналған психоневрология диспансері тапсырылды.

Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – халықтың ынтымақ-бірлігі мен қоғамның тұрақтылығы. Мемлекеттің сындарлы саясаттың арқасында елімізде этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың керемет үлгісі қалыптасты.

Әрбір азаматтың этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Ата Заңымызда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім мен өзара түсіністік орнады.

Жасампаздықтың 25 жылында Қазақстан көптеген ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып, олардың бірқатарына төрағалық етті. Еліміздің өзгелермен терезесі теңеліп, құқықтық-демократиялық, зайырлы әрі іргетасы берік мемлекеттер шоғырына қосылдық. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығымен бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекетке айналды.

Қазақстан халықаралық ареналарда зор жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Соның бір айғағы келер жылы елордамыз — Астанада «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің өтетіндігі және еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болатындығын айтуға болады.

Мемлекетіміздің дамып, өркендеуі жолында Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да аянбай еңбек етіп келеді. Елбасы облысымызға келген сапарларында нақты тапсырмалар беріп, оның жүзеге асырылуын қадағалап, өңірімізге деген ерекше қамқорлығын көрсетеді. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша жоғары көрсеткіштерге жетті.

Биыл Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында облыс спортшыларының 1 күміс, 1 қола медаль еншілеп, ел мерейін асырғаны да Тәуелсіздіктің торқалы тойына лайықты тарту болды деп айта аламыз.

ОҚО-да Тәуелсіздік жылдарында жұмыссыздық деңгейі 3 есеге дейін төмендеген

 ea4d88e7-339e-4a49-a145-c7e4328e3445Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәтжан Полатов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында хабарлады.

Аталған басқарманың Тәуелсіздік жылдарында жұмыспен қамту саласы бойынша жеткен жетістіктеріне арналған жиында басшы орынбасары Тәуелсіздік жылдарында облыс халқы 50%-ға өсіп, 2,8 млн. адамды құрағанын, сәйкесінше, жұмыспен қамтылған халықтың саны 60%-дан астамға өсіп,  жұмыссыз халықтың саны үш есеге жуық азайғанын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, облыстағы статистикалық есеп бойынша 2000 жылы жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайызды құрап, 2016 жылы 5,1 пайызға (2016 ж. ІІІ тоқсан қорытындысы) төмендеген. Ал осы мерзім ішінде аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек ретінде 42,8 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініпті.

«Тәуелсіздіктің 25 жылында жұмыспен қамтылған халықтың саны артып, жұмыссыздардың саны және жұмыссыздық деңгейі  төмендеуі байқалып отыр. Оның дәлелі 2009 жылғы жұмыссыздардың саны 75 мың адамнан бүгінгі күнге 62,1 мың адамға, жұмыссыздық деңгейі 6,6 пайыздан, 5,1 пайызға, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 8,1 пайыздан 3,5 пайызға дейін төмендеді», — деді С.Полатов.

Егемендік тойы қарсаңында, жыл басынан бері облыста 46480 жаңа жұмыс орындары ашылғанын баяндаған Сәтжан Мұхтарұлы алдағы уақыттарда мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде тағы да 51220 жаңа жұмыс орындары ашылатыны жоспарланып (оның ішінде 4687 орын «Нұрлы жол», 2404 орын «ҮИИД» бағдарламасы шеңберінде, 12031 орын мемлекеттік салалық, 2330 орын «Бизнестің жол картасы 2020 жол картасы», 1266 орын «Агробизнес 2020» шеңберінде, 6351 орын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», 22152 орын «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары аясында) жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ, жергілікті жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 11392 адамды жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасатыны көзделгенін де атап өтті.

Саладағы елеулі жетістіктердің бірі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы екенін айтқан спикер аталған бағдарламаның арқасында көптеген азаматтардың жұмыспен қамту нәтижесінде олардың табысы артып, әл-ауқатының жақсарып жатқанын қуантарлықтай жағдай екенін жеткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2011 жылдан бастап инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіптік даярлау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған «Жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асыруда 6,2 мың адамға шағын несие берілсе, 20,3 мың адам кәсіби оқуға жолданып, мамандық алуына, 216,1 мың адамның тұрақты жұмысқа орналасып, табысын арттыруына мүмкіндіктер туған.

ОҚО-да «Бар мейіріміміз — балаларға!» атты қайырымдылық шарасы өтті

ed798e2e-d9a0-4f29-9499-4c3f869eb50dОңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» іс-шарасы аясында «Бар мейіріміміз —  балаларға!»  атты қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға қатысқан облыс әкімі үздік  оқу  озаты  болған  10 дарынды оқушыға  және  ерекше білім беруді қажет ететін, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыдан шыққан 240 балаға Мемлекет басшысының атынан сый-сияпат тарту етті.

Бүгінгі бала – елдің ертеңгі болашағы деген аймақ басшысы барша жас өрендерді мерейлі мерекемен құттықтап, еліміздің нағыз патриоты болуға шақырды.

«Келешегін ойлаған ел ұрпағының тәрбиесіне айрықша қарауы тиіс. Елбасымыз әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететіндігін және  мемлекет оны қамқорлығына алуы тиістігін атап айтқан болатын. Яғни біз балалардың құқықтары сенімді қорғалуы үшін қажетті жағдайдың барлығын жасауға міндеттіміз. Сондай-ақ, елімізде балалар сапалы білім мен тәрбие алу үшін қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған жаңа мектептер салынуда. Бұл Мемлекет басшысының келешек ұрпаққа жасаған қамқорлығы деп білемін»,-деді әкім.

Мерекелік көңіл-күйде безендірілген Салтанат  сарайында Оңтүстік  Қазақстан  Саз  колледжінің  үрмелі  аспаптар  оркестрі шығармашылық туынды ойнаса, балалар  шығармашылығынан  шағын  көрме  қойылды. Сонымен қатар, Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздінің  25  жылдығына  арналған   тақырыптық  тақпақтар мен «Жаса  Қазақстан» әніне  флэшмоб ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің                      25 жылдық жолында еліміздің жеткен жетістіктерін баяндап, балаларды елжандылыққа баулу, қазақтың рухани ұлттық құндылықтарын,  тарихын, мәдениетін жас ұрпақ арасында насихаттау болып табылады.

Қайырымдылық іс-шарасы облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында өткізіліп, онда 6 мың бала киім-кешекпен қамтылды.

Эко стиліндегі өмір

«Эко стиліндегі өмір» атты жалпы республикалық жастар тақырыбында акция өтті

dsc_9337

«Керуен» ойын-сауық орталығында жиналған елорда тұрғындары мен қонақтарына музыкалық топтың қатысуымен концерттік шоу бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара аясында викториналық ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Акция қоғамның табиғатқа және қоршаған ортаны қорғауға назарын аударуға бағытталған.

http://www.youtube.com/watch?v=BMLmI3QSRww&feature=youtu.be

Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған «Ұлы дала елі–Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты бағдарлама аясында Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

ОҚО-да Тәуелсіздік жетістіктерін баяндайтын кітаптардың тұсауы кесілді

1c3af1c0-d501-4579-88de-df707fa5d37dБүгін Оңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып жарық көрген «Тәуелсіздік тебіреністері» шығармалар жинағы мен «Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды сәті» фотоальбомының, «Қазақстан жолы: Ұлт көшбасшысымен бірге 25 жыл бейбітшілік пен жасампаздық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектерінен жинақталған үш кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, жаңа туындылардың көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен бірге, осы күні келушілер назарына егемендік жылдарында Елбасымыздың Оңтүстікке жасаған сапарлары мен өңірде атқарылған игілікті істер баяндалған «Тәуелсіздік Тұғырым» деректі фильмі тұңғыш рет ұсынылып, таныстырылды.

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен зиялы қауым өкілдері, облыс ардагерлері мен мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шарада сөз бастаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ширек ғасырлық осынау ұлы думанда мұндай шығармашылық туындылардың жасалып, кейінгі ұрпаққа естелік ретінде қалуы маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ өңір басшысы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген 10 мың теңгелік жаңа қағаз ақшаның алғашқы банкнотын көпшілік назарына ұсынды.

«Тәуелсіздік жылдарында Елбасының елге сіңірген еңбегі орасан. Сондықтан осындай шешім қабылданып отыр. Мұнда Президенттің портреті. Астананың бойтұмары саналатын «Бәйтерек». Елдігіміздің елордасы. Ынтымағы жарасқан көпұлтты xалқымыздың ортақ шаңырағы – Қазақстан картасы. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде шығарылатын 10 мың теңгелік жаңа ақша еліміздің тарихынан сыр шертеді», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Банкноттың екінші бетінде «Қазақ елі» монументіндегі киелі самұрық құс, «өмір ағашы» көрініс тапқан. Бұл – тарихи тамыры тереңнен бастау алатын егеменді елдің бейнесі.

«Елбасы мен Тәуелсіздік егіз ұғым. Өйткені Қазақстандағы қайбір жетістік те Ұлт көшбасшысының жанқиярлық ерлігімен, елдің ерен еңбегімен тікелей баланысып жатыр. Мұны сіздер Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай облысымызда шығарылып отырған бүгінгі кітаптардан да айқын аңғара аласыздар», — деді Ж.Түймебаев.

Облыс әкімі кітапхана басшылығына Түркия елінен арнайы жолданған Елбасы туралы бірнеше журнал мен кітаптарды да тарту етті. Түрік елінің сазгерлері әзірлеген Елбасы туралы әндер жинағын да арнайы таныстырды.

«Тәуелсіздік тебіреністері» кітабында өңіріміздің айтулы қаламгерлерінің туындылары жинақталып, жарияланған. «Қазығұрт» баспасынан 1000 данамен жарық көріп, тұсауы кесілген жинақ «Поэзия», «Проза», «Публицистика» атты үш бөлімнен тұрады.

«Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды сәті» кітабында – Оңтүстік Қазақстан облысының ширек ғасырдағы жетістіктері баяндалады. Мұнда өңірдегі әр сала бойынша 25 жылдық көрсеткіштер паш етіліп, облыс халқының осы ширек ғасыр ішіндегі тар жол, тайғақ кешуден өтіп, небір қиындыққа қайыспай еткен еңбегі, төгілген маңдай тері, қол жеткен жетістігі қамтылады.

Ал үшінші басылым — «Қазақстан жолы: Ұлт көшбасшысымен бірге 25 жыл бейбітшілік пен жасампаздық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының құнды еңбектерінен жинақталған кітапта таяуда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстіктік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен халықаралық ғылыми конференциядағы ғылыми мақалалар орын алған. Онда АҚШ, Канада, Ирландия, Оңтүстік, Корея, Ресей Федерациясы сынды мелекеттер ғалымдарының ортақ талқыға түскен 300-дей баяндамаларын оқуға болады.

«Тәуелсіздік — тұғырым» деректі фильмінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың облысқа жасаған сапарлары мен өңірімізде атқарылған игілікті істерге қатысты әзірленген. Елбасы

оңтүстікке 40-тан астам рет сапар жасаса, тек Түркістан қаласының өзіне 13 рет атбасын бұрып, онда 6 рет Мемлекет басшыларымен ресми кездесулер өткізіпті. Фильмде Елбасының сол кездердегі белгілі бір қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларға байланысты білдірген пікірлері мен айтқан ойлары көрсетілген. Еңбек Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Сақ» киностудиясында жасалған.

Ақтөбеде аула клубы ашылды

Ақтөбеде төртінші мәрте жаңа аула клубы ашылды. 11-шағын ауданда орналасқан орталық «Шаңырақ» деп аталатын орталықта 10 үйірме бар. Ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі қатысты, деп хабарлайды Ақтөбе жаңалықтары.

Билеп, ән айтқызып үйрететін клубта балалар үшін театр үйірмесі, музыкалық аспаптар үйірмесі де жұмыс істейді. Үйірмелерге 1300 бала келе алады. Ғимараты жөндеуге бюджеттен қаражат бөлінген.
Аула клубы Мәскеу, Құрмыш және 11-ші шағын ауданның балалары үшін қолайлы, жақын орналасқан. «Шаңырақ» аула клубының тағы бір филалы Бұған дейін «Нұр Ақтөбе» ауданында ашылған болатын. Оған қазір 148 бала барып жүр.
— Бұндай клубтарды ашу арқылы біз баланы өз өміріне жауапты тұлға етіп үйретеміз. Әр баланың бойындағы дарынды қасиеттерді дамытуға септігімізді тигіземіз. Мектептен тыс уақытта балалар аула клубтарындағы жақсылықтарды көреді, жаңа достар табады, — дейді «Шаңырақ» аула клубының директоры Жанаргүл Досова.