Домой Блог Страница 207

Астананың жасыл белдеуіне 100 астам қырғауыл жіберілді

Астананың жасыл белдеуіне 100 астам қырғауыл жіберілдіКеше Астана қаласының жасыл белдеуі аумағына 125 сегіз айлық қырғауыл жіберілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Қырғауылдарды өсіру зиянды жәндіктермен күресуге көмектеседі, сондай-ақ, олардың Қазақстандағы мекен ету ареалын кеңейтеді. Бұл құстар суыққа төзімді және ерекше күтімді қажет етпейді. Орманда қырғауылдардан басқа, қоян, түлкі, шіл мен қарабауыр, қасқыр мекендейді.

– Бұл жасыл белдеудің гүлденген кезі. Орман бұрын ештеңе өспеген даладағы жабайы жануарлардың мекен ету ареалына айналды. Жыл сайын жасыл белдеуде ағаш отырғызу аумағын 300 га ұлғайтып отырамыз. Қазіргі кезде 11 миллионға жуық ағаш егілді, – деді Астана қаласы Табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев.

Қала әкімдігі елорданы көгалдандыру мәселелеріне баса назар аударады. Қазіргі кезде қалада 9 парк, 90 саябақ, көптеген субұрқақтар мен гүлзарлар бар.

Жыл сайын жасыл белдеуде және қалада жасыл көшеттер отырғызылған аумақ ұлғайтылып отырады. 2014 жылмен салыстырғанда жасыл көшеттер саны 15% өсті, бұл бір тұрғынға есептегенде 15 шаршы метрді құрайды.

– Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бірақ мұнымен шектелмейміз, бұл көрсеткішті одан әрі арттырамыз. Жыл сайын жасыл көшеттер саны өсіп отырады. Ағаштардың жаңа түрлері егіліп жатыр. Астананың климаты күрт континенталды екендігін білесіздер. Сондықтан жасыл көшеттерді отырғызып, оларды күтіп ұстау – көп еңбекті қажет етеді, — деді Ә. Сәрсембаев.

Астанада ескі, ауру немесе инженерлік желілерді тартуға, сондай-ақ көлік инфрақұрылымына кедергі жасайтын ағаштар ғана шабылады. Бірақ коммуналдық қызметтердің күшімен әрбір ағаштың орнына жаңадан екі ағаш отырғызылады.

Астанада Ұлттық орман отырғызу күні өтеді

Астанада Ұлттық орман отырғызу күні өтеді23 сәуірде елордамызда жалпықалалық сенбіліктен басқа ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Жер күніне орай ағаштар отырғызылады. Арнайы дайындалған гүлзарларға Сиверс алмасы, емен, қызыл шетен, ақ қайың, сібір шыршасы, ақ тал, пирамидалы терек, қызылтал, сондай-ақ, бальзам иісті терек ағаштарының 1000 астам көшеті отырғызылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

– Дала өсімдіктері көп өсетін біздің далаларда ағаш аз. Сондықтан жастарды бүкіл жерге ағаш отырғызуға шақырамыз. Ағашты неғұрлым көп отырғызсақ, ауа соғұрлым таза болады, – дейді «Тұрақты даму» Жер қорының биологы Валентина Ободовская.

Қазақстанда Ұлттық орман отырғызу күні алғаш рет 2014 жылы 19 сәуірде өткізілді. Биылғы акция «Барыс-Арена» мұз айдыны жанында өтеді.

Айта кетейік, қаланы абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстары Астананың үш ауданында жүргізіледі. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, бұл күні Астанада 16 мыңнан астам ағаш егіледі.

Орынбор көшесінде және «Арай» паркінде, Ақыртас, Ғабдуллин, Уәлиханов көшелерінде, Тілендиев даңғылында және т.б. жаппай ағаш отырғызылады. Көгалдандыру объектілерінде тиісті орындар дайындалып, көшеттер қойылды, инерттік материал (құнарлы жер, топырақ, қара топырақ) қажетті мөлшерде әкелінді.

Құрақ құрау — бірегей өнер

Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье», ал ағылшын тілінде «Pachwork» деп аталады. Жапон халқы құрақты «сашико» дейді.

Құрақ құрау - бірегей өнер

IMAG1425    Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек.

IMAG1752

IMAG1590

Қолөнерінің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті , шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.IMAG1562

Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар. Соның ішіндегі төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, майда құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған. Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді:

1. Құрақ құрау (құрақ мозайкасы);
2. Жапсырмалау (аппликация).

АҚШ ,Германия, Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Мұндай қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бірқатар бұйымдар Қастеев мұражайына да қойылған. Материалдардың түстер үйлесімділігін, геометриялық шешемін тауып орналастырып, қайталанбас колорит алуға болады.Құрақтардан жасалған заттар өзінің ерекшелігімен, түстерінің әр түрлі болуымен бізді өзіне ерекше тартады. Құрақ құрау технологиясы тұрмыс бұйымдарын дайындауда қолданылады.

12277563_1995429160682574_698872549_n 12501536_998565613567825_807083582_n  Құрақтан жасалған бұйымдар: жастық тыс, көрпе, дастарқан, майлық, ұстағыш қолғап, жапқыш, кілем, дорба, баскиім, киімдер, сувенир немесе аксессуар ретінде –сәнді сөмке, әмиян.

Құрақ құрау технологиясымен бұйымдар жасауда озат шеберлік танытатын Omir art studio шеберханасының жұмысымен таныс болыңыздар.

Instagram: Omirartstudio

Телефоны: 8 707 8080 333

12976098_267608876915003_165097772_n12717133_1090349611017395_2094655064_n12677197_1534143710224992_1363326803_n12930957_1100118880009432_528802145_n

Қартаю — фобия

Қартаю - фобияЖасыңыз 25-тен асып, жүзіңізде әжім іздері пайда бола бастады. «Қартайып барамын» деп күніге өзіңізді жазғырып жүрсіз. Сыртқы келбетіңізге біреу сын айтса, дереу әжіміңіз есіңізге түсіп мазаңызды ала бастайды.

Мұндайда не істеу керек? Осы тақырып төңірегінде біз мынадай пайдалы кеңес береді:

1. Сымбатты көрінемін десеңіз, жан дүниеңіз көреалмаушылық қасиетінен таза болсын.

2. Жаныңыз тыныш болып, дұрыс ұйықтап, тұрақты түрде тамақтанып жүрсеңіз, жас көрінетін боласыз.

3. Әрдайым өзіңізді сабырлы ұстап, сүйікті ісіңізбен айналысудан ләззат алыңыз.

4. Барлық нәрселерге сүйсінсеңіз, бойыңызға энергия жинайсыз.

5. Таңертең тұрғанда бір стақан таза су ішуді ұмытпағаныңыз жөн. Ескеретін жайт, қайнаған болмауы керек.

6. Көзіңіздің асты ісіп тұрса, қарапайым шай самасы көмектеседі.

7. Бетіңізді сұйық крем-сабынмен жуғаныңыз абзал. Косметологтар сабынның өзін пайдалануға болмайтынын ескертеді.

8. Жүзіңізді тазалағанда алдында жағылған косметиканың ізі мүлдем қалмағаны жөн.

9. Теріңіздің сипатына қарай ылғалдандыратын крем пайдаланыңыз.

Сіздерге мынандай екі масканың рецептін ұсынамыз.

Жұмыртқаның сарысы, бал және зәйтүн майын араластырып жетісіне бір рет қолдансаңыз, жүзіңіздің әрленіп қалғанына көз жеткізесіз. Ерінбесеңіз, күніне екі рет жасасаңыз болады.

Сондай-ақ, екі ас қасық күріш, бір ас қасық кілегейді араластырып, бетіңізге жақсаңыз, сәбидің балғын терісіне ұқсап шыға келеді.

Әйел бақыты

Сенбілікке қатысайық!

9737523105d58a77b413974fb2cЕлордада 23 сәуірде «Таза қала – бақытты қала» жалпықалалық сенбілігі өтеді. Қала бойынша тұрғындарды тазалық пен тәртіпке шақыратын символдар ілінеді. Қызыл және жасыл түсті «смайлдар» алдағы іс-шараның белгісіне айналмақ, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сенбілікке дейін бірнеше күн бұрын жинау мен абаттандыруды қажет ететін сауда орындарының витриналарына, ғимараттардың қасбеттеріне және басқа да нысандарға қызыл түсті «смайлдар» жабыстырылады.

Сенбі күні жалпықалалық сенбілікке қатысушылардың киімдеріне, жабдықтарына, мекемелердің атаулары жазылған тақтайшаларға, арнайы техникаға осы символ салынып, #SmileofAstana хештегі жазылады.

Сонымен қатар, жалпықалалық сенбілікке қала тұрғындарын тарту үшін Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде аккаунттар ашылып, ресми кездесулер өткізіледі. Жарияланымдар да #SmileofAstana хештегімен белгіленеді. LED-экрандардан әлеуметтік ролик көрсетіліп, оқушылар мен студенттердің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылады.

Жалпықалалық сенбілікке қатысушылар бірнеше топқа бөлінеді. Белсенді жастар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және қалалық мәслихат депутаттарымен бірге қала көшелерін тазалап, ретке келтіреді. Айта кетейік, депутаттар жастарға және олардың санасына оң ықпал етеді, сондай-ақ, қазіргі жастардың мәдениеттілігін арттыруға назар аударады.

Сенбілікке еңбек ардагерлері де қатысады. Олар жастарға қоршаған табиғи ортаға жауапкершілікпен және ұқыпты қарауға үлгі көрсетіп, еңбекке деген сүйіспеншілікті тәрбелеуге септігін тигізеді. Қала тұрғындары мен танымал тұлғалардың сенбілікке бірге қатысуы көпшіліктің назарын аударып, оларды шараға қатысуға тартады.

Данте Альигери бойынша «Тозақтың 9 сыны»

ba3acc1d-e706-4a83-96ab-4b491ee8524c

Қазір философияны өтіп жатырмыз. Университеттегі қызықты пәндердің бірі. Жатқан тариx. Жалпы ол барлық атаулының (ғылым, білім, дүниетаным) бастамасы, түпнегізі. Мағынасының өзі — даналыққа құштарлық.

Философтар ой еңбегін дене еңбегінен бөліп қарастырған. Яғни, ой еңбегімен айналысатын адам тек соған көңіл аудару керек деп есептеген. «Студенттер сияқты» -деп сабақ беретін мұғаліміміз күледі😄( сарказм).

Сол ренессанс дәуірінің өкілі Данте Альигеридің «Божественная комедия» еңбегінде сол кездегі идеологияны, адамдардың көзқарасын көруге болады. Ғасырлар бойы мойындалған бұл туынды 1317 жылы жазылған. Бұл моральдық, философиялық, діни танымдардың жиынтығы.

Соның ішінде Дантенің «9 кругов ада» үзіндісіне ерекше көңіл бөлдім. Маxаббат, адалдық, абырой, көрсеқызарлық, пенделік — бәрі бірдей қамтылған. Бұнда адамдар жасаған неше түрлі күнәлары үшін тоғыз түрлі азап шегеді. Тоғыз қақпа, басқаша айтқанда тоғыз кеңістік бар. Бір қақпадан екінші қақпаға өтер кезде әр деңгейдің өзінің күзеткіші тұрады. Сонда жасаған күнәсына байланысты орынға түседі.

Бұл католиктік шіркеудің xристиандарға тиесіліні алудың иделогиялық шешімімен байланысты. Сол соғысқа аттанарда оларға қандай қылық жасамасын бәрі де кешіріледі, өйткені бұл құдай жолындағы күрес делінген. Әрине, бұл олай емес. Бұл жағдай қазірдің өзінде көрініс табады. Басты кейіпкер, өзі, сүйгенін құтқару үшін тозаққа барады.

Бірінші қақпа- құдайға сенбейтіндер және шоқындырылмаған сәбилер;
Екінші қақпа — адасқандар;
Үшінші қақпа — тамақ үшін өмір сүргендер;
Төртінші қақпа — іштарлар;
Бесінші қақпа — ашу мен еріншектер;
Алтыншы қақпа — еретиктер, өтірік үйретумен айналысатындар;
Жетінші қақпа — адам өлтіргендер;
Сегізінші қақпа — өтірікші, ұрылар;
Тоғызыншы қақпа — сатқындар.

Түптей келе адамдардың кішігірім күнәларды байқамай, оны саналы түрде сезінбеуін көрсетеді. Біз бұны мына мысалмен келтірсек болады: «Бір дана қарапайым адамға қасында жатқан тастарды (улкенді-кішілі) қарама-қарсы жаққа апаруын сұрайды. Ол жасайды. Кейін оларды кері алған орнына қайта апаруын сұрайды. Жаңағы адам ірі тасты орнына қояды да, қалған кішкентай тастардың орнын ұмытып қалады. Дәл сол секілді жасаған іс-әрекеттер.»

Автор: Ақбота Гумар

Ғаламтордың ғаламаты

6TdjKFnKTdI

Youtube – Жер шарындағы ең ауқымды бейнематериалдардың кешені. Мұнда кез-келген адам өзінің туындысын (видеоматериал), идеяларын бүкіл әлемге паш ете алады. Қазір үйде отырып-ақ ақша тауып, атаққа ие болып жатқандар саны артуда. Жыл сайын қараушылар саны 40%-ға көбейіп отыратын Youtube туралы не білесіз?

Youtube Қазақстанда

Қазақстандық интернет қолданушылардың 79%-ы 18 жастан асқандар, яғни белсенділік 18-24 жас аралығы. Соның ішінде 35% Youtube-тың тұрақты қараушылары.

ТАРИХЫ

2005 жылы 15 ақпанда Калифорниялық Paypal компаниясының бұрынғы үш қызметкері ойлап тауып, Youtube деген атаумен жарыққа шығарады.

2006 жылы Google сатып алды, содан бері танымалдылығы артып келеді.

Ең алғаш 18 секундтық «Зоопаркте» видеосы жарияланды. Ең алғашқы пікір де сол видеоға жазылған.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

— Youtube.com сайтына қолданушылар бірнеше форматтарда видеоматериал сала алады: mp4, OGG, avi, mpeg, DV, DivX, Xvid;

— Қай форматта салынса да, Youtube оларды автоматтты түрде Flash Video – mp4 форматына ауыстырады;

— Бірнеше жолдар арқылы Youtube-тан видео жүктеуге мүмкіндік бар. 2009 тікелей Youtube-тың өзінен жүктейтін функциясы болған, бірақ 2011 жылы ол функция жойылды;

— Орташа жылдамдықтың өзінде мұнда видеоматериалдарды еркін тамашалауға болады;

— Күніне 2 млрд қаралым болады;

— Бір минутта 60 сағаттық видеоматериал салынса, күніне 86400 сағатқа жетеді;

— Жойылған белгісі бар видеоматериалдарды Deleted YouTube Video Viewer арқылы қайта көруге болады;

— Youtube арқылы танымалдылыққа қол жеткізуге болады. Мысалы, алғашқылардан атап айтарлық Джастин Бибер;

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

АҚШ заңы бойынша авторлық құқық қорғалады. Яғни, заңсыз біреудің материалы жариялаған шақта дыбысын, кейін контенттің өзін өшіреді. Бірақ, қазір көптеген құқық бұзушылықтардың орын алып жатқандығын байқауға болады.

ҚОСЫМША

— Youtube-та видеоконтенттерді салу барысында орындалуы шарт маңызды критерийлердің жоқтығынан ел аралық даулар да орын алуда. Көптеген мемлекеттер бұл видеохостингтің ел ішінде таралымын белгілі уақыт аралығына тоқтатып тастаған. Көпшілік себептер бойынша, терроризмді насихаттайтын, мұсылмандар туралы теріс әсер етуші контенттер, зорлық-зомбылық ашық көрсетілген материалдардың болуы. Ол елдердің ішінде Дагестан, Түркия, Тәжікстан, Пәкістан, Египет болды.

— Youtube-ты қолданушылардың 70% АҚШ халқы. Қаралым бойынша екінші орында – Жапония мемлекеті.

— Бұл жердегі бүкіл видеоматериалдарды қарап шығуға 1000 жыл кетеді екен, бірақ сіз оларды қарап отырғанда олар күрт көбейе береді. Яғни, сіз оларды ешқашан көріп тауыса алмайсыз.

Автор: Бағила Ағайдар

Астанада осы аптада өтетін мәдени шаралар

2016 жылғы 18-24 ақпан аралығында өтетін іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы Күні мен уақыты Өткізілетін орны
1. Халықаралық байқаулардың лауреаты Саида Қалықованың «Жан мейірі» атты жеке концерті

19 сәуір

19.00

Конгресс-холл
2. «Өнер әлемі» атты  Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларының гала-концерті 21 сәуір Конгресс-холл
3. «Жұлдызды Астана 2016» Тұңғыш Музыкалық Радиосыйлығы

22 сәуір

19.00

Конгресс-холл
4. Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Шалқыма» халық би ансамблі, қазақ оркестрі, классикалық және халықтық жеке орындаушылардың қатысуымен  өтетін әлем халықтарының «Би әлемі» атты би кеші

23 сәуір

17.00

Конгресс-холл
5. Дарын сыйлығының лауреаты, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаеваның «Терме деген өсиет» концерті

24 сәуір

19.00

Конгресс-холл
6. Халықаралық байқаулардың лауреаты Саида Қалықованың «Жан мейірі» атты жеке концерті

19 сәуір

19.00

Конгресс-холл
7. «Ата өнері — ұрпаққа мұра» көрмесі

1 мамыр 2014ж. –

31 желтоқсан 2016 ж.

Тәуелсіздік сарайы
8. «Уақыт түсі» көрмесі 25 қаңтар – 30 сәуір Тәуелсіздік сарайы
9. Ивановтар әулетінің Башқұрт балы көрмесі

18-20 сәуір

10.00

«Жастар» сарайы
10. «Дикий рой» бал көрмесі

22-24 сәуір

10.00

«Жастар» сарайы
11. Мысықтар көрмесі

23-24 сәуір

10.00

«Жастар» сарайы
12. А.Чехов «ШИЕ»

/комедия/

18-19 сәуір

18.30

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

13. Д. Рамазан «Абылай ханның арманы»

/тарихи драма/

20 сәуір

18.30

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ  музыкалық драма театры
14. Ш. Айтматов «Ана – Жер Ана»

/трагедия/

21 сәуір

18.30

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры
15. Камералық оркестрдің мерекелік концерті 23 сәуір

18.30

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры
16. К.Людвиг «Примадонны»

/комедия/

20-24 сәуір

17.00

     М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
17. О.Бөкей «Последнее причастие»

/драма/

21  сәуір

19. 00

   М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
18. И.Вырыпаев «Валентинов день»

/ирониялық драма/

22  сәуір

19. 00

   М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
19. В.Илюхов «Приключение Настеньки»

/ертегі/

23  сәуір

11.00

   М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
20. Б.Жандарбеков, «Томирис – царица сакская»

/эпикалық драма/

23  сәуір

18. 00

   М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
21. С.Астраханцев, «Братец Лис и братец Кролик»

/ертегі/

24  сәуір

11.00

   М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
22. Қазақстанның көрнекті флейта шебері, сазгер Қайролла Жұмакеновтың 60  жылдығына арналған «Посвящение Учителю» атты концерті

(камералық зал)

19 сәуір

19.00

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры
23.  Атақты композитор, пианист Арно Бабаджанянның шығармашылығына арналған «Благодарю тебя» концерті

(камералық зал)

22 сәуір

19.00

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры
24.  П. Чайковский «Лебединое озеро» балеті 24 сәуір

18.00

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры
25. Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Италияның Қазақстандағы мәдениет жылы» аясындағы камералық оркестрдің концерті 19 сәуір

19.00

  ҚазҰӨУ (Орган залы)

Мамыр айында қоғамдық көлікте электрондық төлем жасау жүйесі қолданысқа енгізіледі

Мамыр айында қоғамдық көлікте электрондық төлем жасау жүйесі қолданысқа енгізіледіЕлорда әкімдігі ғимаратында өткен Қоғамдық кеңес отырысында Жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері қалалық қоғамдық көліктерде электрондық төлем жасау жүйесі (ЭТЖЖ) карталарын қолданысқа енгізу туралы баяндады.

Аталған жобаны мамыр айында іске қосу көзделген.

— Біз азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін арнайы мәліметтер базасын жасап, карталарды дербестендірдік. Олар автобустармен тегін жол жүреді. Бұл ретте валидация жасауға, яғни автобуста картаны пайдалануға міндетті. Оқушыларға да дербес карталар беріледі, оны жазғы демалыс кезінде 30-шы тамызға дейін қолдануға болады, — деді «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Ардан.

Карталарды арнайы белгіленген орындарда және жүргізушілерден сатып алуға болады. Егер жолаушының картасы болмаса, ол жолақыны жүргізушінің жанындағы терминалмен электронды карта арқылы немесе қолма-қол ақшамен төлейді. Автобус жүргізушісінің және әрбір есіктің жанына валидатор орнатылады.

ЭТЖЖ жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға мүмкіндік береді және осы саланың айқындылығын қамтамасыз етеді.

astana.gov.kz

«Біз ғашық жандарымыз» атты байқау қорытындысы

www.jas.kz сайты жариялаған «Біз ғашық жандармыз» атты байқау қорытындысы белгілі болды. 15 сәуір «Ғашықтар күніне арналған бұл байқауда фейсбук, инстаграм, вконтакте әлеуметтік желілерінен бірнеше жазба жарияланған болатын. 

Келіп түскен жазбаларды сараптай келе, әлеуметтік желі белсенділері —  Ая Өміртай мен Нұрбол Ханағатқа «Өмір арт студио» шеберханасы осы акцияға арнап тіккен ұлттық нақыштағы сүлгі мен Жайдарман ойындарының ширек финалдық  сайысына билет табыс етілді. Байқауға қатысып, өз махаббат хикаяларыңызды әдемілеп жеткізе білген барша оқырмандарға алғыс білдіреміз!

Төменде байқауға қатысқан жазбалардың үздіктерін назарларыңызға ұсынамыз!