Домой Блог Страница 209

Махаббат туралы қанатты сөздер

Махаббат туралы қанатты сөздерМахаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар. Абай

Ғашықтыққа көз жасың ғана куә. А. Яссауи

Махаббат пен жөтелді жасыра алмайсың. Ел аузындағы сөз

Тірі адамды сүйгеннен гөрі, тәтті естелікті сүю оңай. Пьер Ла Мюр

Мүмкін сен бұл әлемде жай ғана адам шығарсың, ал біреу үшін бүкіл әлемнің өзісің. Маркес

Махаббат өзін қуғаннан қашып, өзінен қашқанның артынан қуады. Уильям Шекспир

Махаббат — адам әлсіздігінің ең кешірімді тұсы. Чарльз Диккенс

Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділікпен, баяндылықпен өлшенеді. Цицерон

Ғашықтық адамның өзін-өзі алдауынан басталып, өзгені алдауымен аяқталады. Оскар Уайльд

Тәкаппарлық айғай салғанда, махаббат үнсіз қалады. Ф. Жерфо

Сезім әлемінде бір ғана заң бар — сүйгеніңе бақыт құрау. Стендаль

Кемпірқосақ туралы армандасаң, жаңбыр астына қалуға дайын бол. Долли Партон

Әркімнің мінген аты — өзіне тұлпар, әркімнің сүйген жары — өзіне сұңқар. Сырым Датұлы

Менің дінім — махаббат. О. Сүлейменов

Махаббат адамды танымастай қылып өзгерте алады. Теренций

Ғашықтың тілі — тілсіз тіл,  Көзбен көр де, ішпен біл. Абай

Біреуді сүю, оны ешкіммен салыстырмау. Б. Грассе

Сүю — бір-біріне қарау деген емес, бір бағытқа бірге қарау деген сөз. Антуан де Сент- Экзюпери

Махаббаттың бір сағатында бүкіл өмір жатыр. Оноре де Бальзак

Әйелдер оларды түсіну үшін емес, сүйікті болу үшін жаралған. Оскар Уайльд

Махаббат сыртқы құбылыс емес, ол үнемі біздің ішімізде. Луиза Хей

Тек кездесу мен қоштасу сағаттарында ғана адам шын мәнінде өз жүрегінде қанша махаббат жасырынып жатқанын біледі. Ж.П. Рихтер

Махаббаттағы айрылысу отты үрлеген жел секілді, сезімі әлсізді тұншықтырып, сезімі мықтыны лаулатады. Р. Бюсси

Астаналық оқушылар асық атудан жарысқа қатысты

Астаналық оқушылар асық атудан жарысқа қатыстыҚР Ұлттық музейінде елордалық оқушылар арасында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған асық атудан ашық турнир өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Турнирдің ашылуында сөз сөйлеген Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Сатубалдин асық ату ойынының маңыздылығы туралы айта келе, қоғам болып қазақтың ұлттық ойындарын қолдауға шақырды.

— Асық ойыны баланы мергендікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Қазақ: «Қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» деп бекер айтпаған. Ұлттық тәрбие – ұлттық ойыннан келіп шығады. Кешегі қиын кезеңдерде ұлттық болмысымызға жасалған түрлі шабуылдарды бастан кештік. Тәуелсіз ел болып, өз еркіміз өз қолымызға тигенде ата-бабаларымыздан қалған құнды мұраларымызды қайта жаңғырту, насихаттау біздің басты борышымыз, — деді А.Сатубалдин.

Турнирді «Асық ату» федерациясымен бірге Ұлттық музейдің музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің эстетикалық тәрбие беру секторы ұйымдастырды. Турнирде Астана қаласының орта мектеп оқушылары өзара сайысқа түсіп, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

«Жастар жалыны-2016» фестиваліне 1000 астам студент қатысты

«Жастар жалыны-2016» фестиваліне 1000 астам студент қатыстыКонгресс-холлда «Жастар жалыны-2016» жастар фестивалінің гала-концерті өтті. Бірнеше күн бойы елордалық ЖОО-лар мен колледждердің 1000 астам студенті он номинация бойынша жарысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Бұл жолы фестиваль ерекше салтанатты форматта өтіп, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жастар шығармашылығын шыңдауға, олардың бойында патриоттық сезім оятуға бағытталған. Гала-концерт кезінде жеңімпаздарға марапаттарды танымал өнер және мәдениет қайраткерлері табыстады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің өкілдері «Үздік волонтерлық жоба», «Квест» номинацияларында, сондай-ақ, эстрадалық ән мен музыкалық аспаптарда ойнау конкурстарында топ жарды. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің студенттері халық және қазіргі заманғы би конкурсында, «Что? Где? Когда?» ойынында және «Үздік жанкүйерлер» номинациясында үздік атанды. «Авторлық оқу» санатында Қаржы академиясының қатысушылары жеңіске жетті. «Тұран-Астана» университетінің командасы үздік студенттік клуб атанды, ал «Астана» медицина университетінің студенттері креативті бейнеролик түсірген.

«Что? Где? Когда?» ойынында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті құрамасының капитаны Бибарыс Әміржановтың айтуынша, ойын тартысты өтті. Қойылған сұрақтар өте қиын болды. Қатысушылардың барлығы ақылды, дарынды.

— Біз жақсы өнер көрсеттік деп ойлаймын. Көп дайындалып, «21-ші ғасыр көшбасшысы» тоқсандық ойындарын, «Что? Где? Когда?» ойындарын көрдік. Университетте зияткерлік ойындар, соның ішінде «Брейн-ринг» өткізетін клуб та бар, осылайша, жарысқа дайындалдық. Бұл өте қызықты фестиваль, оның басты мақсаты – елордамыздағы барлық студенттердің басын қосу болып табылады, — деп өз ойымен бөлісті.

«Квест» номинациясында – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері көш бастады. Олардың айтуынша, конкурсанттар байқауға жақсы дайындалған.

— Жыл сайын шараға қатысып, жаңа достар табамыз. Мұнда әртүрлі университеттердің өкілдері бар, жылдан жылға қарым-қатынасымыз нығая түседі. Биыл «Квест» номинациясында алғаш рет өнер көрсеттік. Өте жақсы болды. Мен Астанада үш жылдан бері тұрамын. Көптеген жаңа орындармен таныстым. Қазақ хандығынан бастап бәрін қайталадық, тіпті, Морзе әліппесін де жаттадық, көпірлермен жүріп, код жинадық, қызық болды, — дейді Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Зинұр Кинисов.

Шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Димаш Құдайберген, ағайынды Жүгінісовтер және т.б. қатысушылар мен көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.

Астаналық жастар интеллектуал ойын ұйымдастырды (фото)

Астаналық блогерлердің бастамасымен «Бирхофф» мейрамханасында интеллектуал ойын ұйымдастырылды. Қарапайым жауабы бар, бірақ қойылуы күрделі сұрақтарға төрт топ жауап берді. Құрамында магистрант, магистр, докторант, доктор бар «Бақсы» құрамасы бірінші орын алып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Әріптестермен бірге түскі ас ішу жұмыс тиімділігін арттырады

Әріптестермен бірге түскі ас ішу жұмыс тиімділігін арттырадыӘріптестер жиі бірлесіп тамақтанса, онда олардың жұмысы әлдеқайда нәтижелі болатыны белгілі болды. Бұл туралы Корнелль университетінің ғалымдары соңғы зерттеу қорытындысы негізінде мәлім етті.

 Зерттеу 15 ай бойы жүргізілді. Оған 50 өрт сөндіру тобы қатысты. Сонымен қатар зерттеушілер 395 инспекторды сауалнамаға тартып, өрт сөндіру бригадаларының жұмысына баға беруді сұрады.

Сонымен қатар, анкетада өрт сөндірушілер түскі асты бірге жиі ішетіні не ішпейтіні сұрастырылды. Жиі бірге тамақтанған топтың жұмысына ең жоғары баға берілгені анықталды, деп хабарлады rosbalt.ru.

Әлемнің 30 елінде «Ұлы Дала. Мәңгілік ел» атты деректі фильмнің түсірілімі басталмақ

Әлемнің 30 елінде «Ұлы Дала. Мәңгілік ел» атты деректі фильмнің түсірілімі басталмақМемлекет басшысының бес реформасын жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, Сапар Ысқақұлы ТОО «DAMU MEDIA GROUP» түсірілім тобымен «Ұлы Дала. Мәңгілік ел» атты авторлық жоба құрғалы отыр.

Ол жобада 40-50 бөлімнен тұратын Ұлы Даладағы мемлекеттің құрылуы туралы деректі фильм түсіру жоспарланған. Фильм Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.

Фильмге қажетті материал жинау — сәуір айынан басталып, осы жылдың қараша айына дейін созылмақ.

Аталған деректі фильм Ресей Федерациясында, атап айтқанда Омбы, Орынбор, Астрахань қалаларында, сонымен қатар Башқұртстан, Дағыстан, Қырым, Карашай-Шеркес, Қабардин-Балқар Республикаларында, Ставрополь аймағы, Татарстан, Шешенстан, Монғолия, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Украина, Румыния, Молдавия, Мажарстан, Болгария, Хорватия, Армения, Грузия, Сирия, Мысыр, Үндістан, Израиль, Палестина, Франция, Германия, Италия елдерінде және еліміздің Астана, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Өскемен, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал қалаларында түсіріледі деп жоспарлануда.

Деректі фильмде жоғарыда аталып өткен елдердегі атақты ғалымдар мен зерттеушілермен сұхбаттар, тарихи және археологиялық ескерткіштер көрсетілмек. Сапар Ысқақұлының айтуынша, бұл фильм Қазақстанның бай тарихы мен мәдениетін, ата-бабалардың ерлігін жан-жақты ашуға бағытталған.

«Біздің мақсатымыз — қазақ салт-аттының, тұлпарының тұяғы басқан жерлерді көрсету. Қазаққа, оның ішінде жастарға біздің бабаларымыздың қаншалықты батыр болғандығын, озық болғандығын, білімдар болғандығын, сол замандарда қаншалықты өркениетті ел болғанымызды айтып жеткізу, олар бізге қандай мұра қалдырды — осының барлығын экспедиция барысында деректі репортаж ретінде паш еткіміз келеді», — деп атап өтті С.Ысқақұлы тілшілерге берген сұхбатында.

Фильм түсірілімі бір жылға таяу мерзімде түсірілмек және онда жоба авторлары Еуропаны, Үндістанды, Қытайды бағындырған бабалар жайында тың материалдар ұсынбақ.

«Біздің тарихымыз 550 жылмен шектелмейді, бұл біздің бержағындағы ғана тарихымыз. Біздің тарих біздің заманымызға дейінгі дәуірлерден бастау алатыны сөзсіз. Сондықтан біз әріден бастаймыз. Біздің заманымызға дейінгі 300-400 жыл бұрын Жетісу аймағында Сақтар өркениеті дүркіреп тұрды, сапар барысында сонда боламыз, сонан соң Моңғолия жеріндегі Көк түркілер дәуірі туралы түсіреміз. Үндістанда болдық. Онда Бабыр ханмен бірге қыпшақтар да барғаны мәлім. Олардың ішінде жауынгерлер, қолбасшылар ғана емес, қолөнершілеріміз, ақындарымыз, би-шонжарларымыз да барған. Үндістанның солтүстік Кашмир аймағын Мұхаммед Хайдар Дулати басқарғанын бірі білсе, бірі білмейді. Хайдар Дулати туралы да түсіреміз», — дейді С.Ысқақұлы.

Сапар Ысқақұлы — Әлемнің 6 құрлығының 125-тен астам елдерінде болып, Оңтүстік полюс (Антарктика) мен Солтүстік полюс (Арктика) бағындырған танымал саяxатшы, меценат. 2014-жылы «Queen Elizabeth 6» кемесімен әлемді кезіп, 27 елдерінде «Astana ЭКСПО — 2017» жалауын желбіреткен болатын. 2015 жылы Оңтүстік және Орталық Америка, Үнді Мұхиты елдерінде болып, көптеген кездесулер өткізді. Бұл — кездесулерде осы елдердің Үкімет өкілдері, бизнес, туризм, БАҚ құралдарының өкілдеріне алдымыздағы «Astana ЭКСПО — 2017» туралы, жалпы Қазақстан Республикасы туралы айтылды. Бұл — саяхаттардың нәтижесі «Хабар» арнасында «Тур де Хабар» атты 53 бағдарлама көрсетілді.

ҚазАқпарат

Kcell жəне Тele-2 операторлары электронды қолтаңба жазылған sim-карталар шығара бастайды

Kcell жəне Тele-2 операторлары электронды қолтаңба жазылған sim-карталар шығара бастайдыАлтел жəне Beeline операторлары Қазақстанның электронды үкіметімен бірге бұндай sim-карталарды əуел бастан шығарып келеді. Жəне 200 мыңға жуық sim-карта сатып үлгерген.

«Біз соңғы екі жылдан бері электронды үкіметті дамыту аясында мобильді үкіметті енгізіп, жұмысын жетілдіріп келеміз. Қазір Android, iOS, Windows Phone платформаларында электронды үкіметтің мобильді нұсқасы қолжетімді. Мобильді үкімет аясында 80-ге жуық қызмет түрін пайдалануға болады. Мобильді үкімет арқылы 2,5 млн рет қызмет көрсетілген. Сондай-ақ мобильді үкіметті дамыту аясында интернетті үнемі пайдаланбайтын халықтың сұранысын көңілге ала отырып,  бірнеше қызмет  түрін sms арқылы пайдалануға мүмкіндік жасадық. Енді, бұл жерде,  Электронды үкіметтің қызметін пайдалану үшін бəрі бір электронды қолтаңба керек қой. Сондықтан, мобильді оператор арқылы sim-картаға электронды қолтаңба жазып беретін мүмкіндік пайда болды»,-деп хабарлады ол.

«Ұлттық ақпараттық технолориялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов мəлім еткендей,  қазір Алтел жəне  Beeline операторлары электронды қолтаңба жазылған sim-карталар шығарды. Бұл электронды sim-карталарды Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан сатып алуға болады. Осылайша, қолыңызда интернет болмаса, электронды қолтаңба жазылған sim-картамен мобильді үкіметтің қызметін оңай пайдалана аласыз. Осы уақытқа дейін 200 мыңға жуық осындай sim-карта сатылған екен.

«Бұл сан күннен күнге артып келеді. Себебі, басқа да операторлар, атап айтсам,  Kcell жəне Тele-2 операторлары  осы жылы мобильді қолтаңба бере бастайды. Қазір техникалық жобаларды пысықтап,  олардың келісімдерін қарастырып жатырмыз»,-деп хабарлады ол.

ҚазАқпарат

Астана оқушылары ғарыштық зерттеулер жарысынан жүлделі оралды

Ғарыштық зерттеулер бойынша жарыста елордалық оқушылар сәтті өнер көрсеттіБайқоңыр қаласында Ғарышкерлер күніне арналған XII «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыстар аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша елордалық 26 жас ғалым үйге олжалы қайтты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

XII «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыс Байқоңыр қаласында академик В.Н. Челомея атындағы Халықаралық ғарыш мектебі базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен Ғарышкерлер күні қарсаңында жыл сайын өткізіледі.

Ғылыми жарыстардың басты мақсаты — балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығын арттыру, ғылыми-зерттеу қызметіне баулу, отандық және әлемдік ғарыштық жетістіктерді насихаттау, ақпараттық және ғарыштық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру, дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау.

Ғылыми жобаларды қорғау 5 секция бойынша жүргізілді: «Зымырандық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Экология және ғарыштық қызмет», «Астрофизика және Дүние жүзінің эволюциясы», «Күн жүйесі».

Жарысқа 11-сынып оқушылары – биылғы республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом алғандар қатысты. Ғылыми жобалар жарысының қорытындысы бойынша 26 елордалық оқушы жүлделі орындарға ие болды, соның ішінде 9 «алтын», 7 «күміс», 10 «қола».

— Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Балалар ғарышқа жақын кеңістікке енді. Алғаш рет Байқоңыр ғарыш айлағын, тұңғыш ғарышкер музейін, конструктор Королевтың үйін тамашалады. Көптеген пайдалы ақпаратты олар өз жобаларына қосқан болатын. Осылайша, жарыста жақсы нәтижелерге қол жеткізді, — деді «Астана дарыны» РҒПО инновациялық педагогикалық технологиялар зертханасының әдіскері Жанар Бейсенбаева.

Осы аптада Астана қаласында өтетін мәдени шаралар

2016 жылғы 11-17 ақпан аралығында өтетін іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы Күні мен уақыты Өткізілетін орны
1. Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі және классикалық вокал орындаушыларының

«Мюзикл- оперетта» концерті

11 сәуір

19.00

Конгресс-холл
2.  «Қыз Жібек пен Сансызбай» лирикалық эпосының желісі бойынша музыкалық-драмалық көрініс 14 сәуір

19.00

Конгресс-холл
3. «Екі ғашық» қазақстандық ғашықтар күнін мерекелеуге арналған Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының эстрадалық концерті 15 сәуір

19.00

Конгресс-холл
4. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Шәмші Қалдаяқовтың

әндер кеші

17 сәуір

15.00

19.00

Конгресс-холл
5. «Ата өнері — ұрпаққа мұра» — атты көрмесі 1 мамыр 2014ж. –

31 желтоқсан 2016 ж.

Тәуелсіздік сарайы
6. «Уақыт түсі» атты көрмесі 25 қаңтар – 15 сәуір Тәуелсіздік сарайы
7.  «Музей шоколада Николя» атты Халықаралық авторлық көрмесі   18 наурыз-14 сәуір Тәуелсіздік сарайы
8.  «Башкирский мед семьи Ивановых»

бал көрмесі

12-17 сәуір

10.00

«Жастар» сарайы
9. Амина Гильфанованың еміне арналған  қайырымдылық концерт 15 сәуір

19.00

«Жастар» сарайы
10. «Clinc» испан театрының сабын көпіршігі спектакілі 16 сәуір

12.00, 15.00

«Жастар» сарайы
11. «Праздник сладкоежки» балалар спектаклі 17 сәуір

11.00, 13.00,

15.00, 17.00

«Жастар» сарайы
12. А. Салаева «Арыстан патша», ертегі 16-17 сәуір

12.00, 14.00

Астаналық цирк
13. Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн»

/драма/

12 сәуір

18.30

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ

музыкалық драма театры

14. Д. Рамазан  «Абылай ханның арманы»  /тарихи драма/ 13 сәуір

18.30

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ

музыкалық драма театры

15. Ш. Айтматов «Ана Жер-ана»

/трагедия/

14 сәуір

18.30

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ

музыкалық драма театры

16. Н.Садур «Панночка»

/триллер/

14 сәуір

19.00

   М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
17. К.Людвиг «Примадонны»

/комедия/

15  сәуір

19. 00

   М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
18. А.Анатольева «Снежная королева»

/ертегі/

16  сәуір

11. 00

   М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
19. И.Эркень «Тот, майор и другие»

/комедия/

16  сәуір

18.00

   М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
20. О.Розум «Как котенок Новый год спасал» /ертегі/ 17  сәуір

11.00

   М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
21. У.Шекспир «Ромео и Джульетта» /трагедия емес/ 17  сәуір

18.00

   М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
22. «Парижская весна» концерті

(камералық зал)

13 сәуір

19.00

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры
23. Дж. Пуччини  «Мадам Баттерфляй», опера 15  сәуір

19.00

16  сәуір

18.00

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры
24.   «Карнавал животных» балалар концерті

(камералық зал)

17  сәуір

12.00

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры
25.  «То было раннею весной» концерті

(камералық зал)

17  сәуір

18.00

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры
26. Челябинск облысының  Астанадағы мәдениет күндері 11-13 сәуір Бейбітшілік және келісім сарайы
27. Көңілді тапқырлар театрының концерті 14-15 сәуір

18.00, 21.00

Бейбітшілік және келісім сарайы
28. «Astana designers awards 2016» дизайнерлер премиясы 17 сәуір Бейбітшілік және келісім сарайы
29. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Шабытымсың, Тәуелсіз  Қазақстаным!» Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясы камералық хорының концерті 15 сәуір

19.00

ҚазҰӨУ (Орган залы)

Астанада асық атудан оқушылар арасында ашық турнир өтеді

Астанада асық атудан оқушылар арасында ашық турнир өтедіҚазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ертең Астана қаласының мектеп оқушылары арасында асық атудан ашық турнир өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шараның басты мақсаты — жас ұрпақ арасында қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін насихаттау, балаларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулу.

Турнирді «Асық ату» федерациясымен бірге Ұлттық музейдің музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің эстетикалық тәрбие беру секторы ұйымдастырады.