Домой Блог Страница 214

Ағзаңызды тазартқыңыз келсе…

Ағзаңызды тазартқыңыз келсе...Біздің денсаулығымыздың мықтылығы — ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан денсаулық сақтаудың әдістерін қолданып, өзімізге өзіміз күтім жасауымыз керек. Назарларыңызға ішек тазалаудың әдістерін ұсынамыз.

Айран мен қарақұмық ұны. Қанның құрамындағы қант мөлшерін азайту, ішек пен қан тамырларын тазарту, зат алмасу үдерісі мен ұйқы безінің қызметін қалыпқа келтіруге айран мен қарақұмық ұнынан жасалған қоспа көмектеседі.

Сұлы киселі. Сұлу киселі көптеген сырқаудың бетін қайтарады. Жасұнықтың (клетчатка) көп мөлшерлі болуының арқасында ішекті тазарту, асқазан ауруларын емдеу, артық салмақтан құтылу мен бүйрек ауруын емдейтін қасиеті бар.

Күріш. Диеталардың ішінен күріш диетасы қолжетімді әрі нәтижелі болып есептеледі. Күріш буындарды, ішекті және басқа да дененің ішкі мүшелерін металдармен шлактардан тазартады.

Күріш киселі. Күріш киселі мен қарақұмық ұнынан жасалған қоспа буындарды, асқазанды тазартуға және артық салмақтан арылуға көмегін тигізеді.

Қарақұмық. Ағзаны тазартуда қарақұмықтың пайдасы мол екені бәрімізге мәлім. Алайда, егер ағзада шлак өте көп болса, мұндай ем асқазан мен ішектің ауруына апаруы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Егер аурудың алғашқы белгілерін сезсеңіз бірден асбұршақ пен сұлы қауызымен емделуге ауысқаныңыз жөн.

Белсендірілген көмір. Кез келген үйде бар бұл дәрінің көмегі мол. Белсендірілген көмір іштің кебуі, диспепсия, жүрек айнуды емдейді. Ағзаға түскен улы заттарды өзіне сіңіріп алатын да қасиеті бар.

islam.kz

Жиі қойылатын есімдер

Жиі қойылатын есімдер2016 жылдың 1 тоқсанында Ақмола облысы бойынша 3046 нәрестенің тууы тіркелген, олардың арасында 1629 ер бала, 1417 қыз бала дүние есігін ашқан.

Қазақ ер балалардың есімдері — Дінмұхаммед, нұрмұхаммед, Иманғали. Қыздарды Айлин, Әмина, Сезім деп жиі қояды. Балалардың «ретроесімдері» Владислав, Всеволод, Ростислав, Варвара, Василиса қазіргі таңда қайта жаңғыртуда. Осы мерзімде 1055 жұп некелерін қиды. Некеге тұрған ер адамдардың орташа жасы 31 жас, әйел адамдардың орташа жасы — 28 болса, ең жасы ер адамдардың ішінде — 18 жастағылар, әйелдер — 15 жас, ұлғайған жаста некелерін қиюшылар – 75 жастағы ер адамдар және 70 жастағы әйел адамдар болды, деп хабарлайды Ақмола облысы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі.

Baq.kz

Белоруста бас мешіт ашылады

Белоруста бас мешіт ашыладыТаяу уақытта Белорус астанасы Минск қаласында жаңа орталық мешіт ашылады. Он жыл бойына құрылысы жүрген мешіт маусым айында ел игілігіне берілмек.

Белорус Мұсылмандары бірлестігінің басшысы, ел мүфтиі Әбу Бәкір Шабановичтің айтуынша, жуықта мешіттің ішкі әрлеу, көркемдеу жұмыстары аяқталып, қажетті заттар орналастырылады, сондай-ақ қосымша бөлмелер ислам музейі және кітапханасына арналмақ. Бұдан бөлек, мешіт ғимаратында конференц-залы, қонақ бөлмелері мен жуыну орындары қамтылады.

Алматыда Иран киносының апталығы басталды

Алматыда Иран киносының апталығы басталдыАлматы қаласында Иран киносының апталығы басталды. Шара аясында көрермендер назарына Иранның сегіз үздік фильмі ұсынылады.

Ашылу салтанаты кеше, 28 наурызда режиссер Мұхаммед Бозоргнианың «Теңіздегі жібек жол» фильмімен басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

«Иран кино апталығы» аясында Асқар Фархадидің 2012 жылы «Оскар» сыйлығын алған «Надер мен Симиннің ажырасуы», Иран кинематографиясы тарихындағы үлкен қаражат жұмсалған «Сүлеймен пайғамбардың әлемі», Сейд Реза Каримидің «Бір түйір қант» сонымен қатар, «Бұл жақтағы менсіз күй», «Сау саламат болыңыз», «Қырықтың қырқасында» және Амир Хушанг Данаидің Қазақстан мен Иран арасындағы алғашқы бірлескен кинотуынды «Ешнәрсе ешқашан жайдан жай болмайды» атты фильмі көрсетіледі.

Жүз жылдан астам тарихы бар Иран кинематографиясында жыл сайын жүзден аса фильм, деректі фильм және бақа да туындылар түсіріліп, және олардың ішінен іріктелген фильмдер халықаралық конкурстар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындар алып жатады.

Бірінші сыныптар 5 күндік оқу жүйесіне көшеді

Бірінші сыныптар 5 күндік оқу жүйесіне көшедіМемлекет басшысының жолдауы бойынша, осы оқу жылының 1-қыркүйегінен бастап, еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің 1-сыныптары 5 күндік оқу аптасына көшеді. Бірінші сынып оқушылары 1-қыркүйектен бастап, 1 маусымға дейін оқитын болады, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Демек, 1-сынып оқушылары 2017 жылдан емес, осы жылдан бастап 5 күндік оқу жылына көшеді. Келесі қадамға сәйкес, 2017 жылы екінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы сынып оқушылары 5 күндік оқу аптасына көшеді. 2018 жылдан бастап, барлық басқа сынып оқушылары жаңа оқу барысына көшеді. 5 күндік білім беруге көшу білім беру бағдарламасының жаңартылуына байланысты.

Жаңа білім беру бағдарламалары, алдында айтылғандай, Назарбаев Зияткерлік Мектебі бағдарламасына негізделеді. Білім беру бағдарламалары үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес функционалдық сауаттылыққа негізделеді. Министрлік қазіргі таңда барлық мектептердің 5 күндік оқуға көшуін тездету амалдарын қарастыруда. Алайда, бұл мәселені шешу үшін тездетілген кесте негізіндегі білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша толық есеп жүргізу керек. Сонымен қатар, үш ауысыммен оқитын мектептер мәселесін де жете қарастыру қажет. Біз түсінеміз, білім беру процесінің сапасына да, көлеміне де зиян келмеу үшін, жазғы демалыс мерзімі шамамен 2 аптаға кейінге жылжытылады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева 5 күндік оқу аптасын енгізу маңыздылығын атап өтті: «Мен ата-аналар мен біздің балалар үшін өте қуаныштымын, өйткені мектептен түсетін жүктеме өте ауыр және балалардың денсаулығына әсер тигізеді, олар бір күн ішінде қалпына келе алмайды. Біздің жоспарымыз бойынша, сенбі күні балалар жан-жақты дами алатын болады, тіл үйрену курстарына немесе спорт секцияларына қатысуға мүмкіндігі болады. Сонымен қатар ең басты тәрбиені біз отбасынан аламыз, сондықтан сенбі күні балаларда ата-аналарымен тілдесуге, жанұя дәстүрлерімен танысуға бөлетін уақыт болуы қажет. Бұдан басқа, сенбі — оқытушыларды қайта даярлау үшін маңызды күн болады».

Baq.kz

Бет күтіміне арналған әдістер: бетті ағарту

  1. Бет күтіміне арналған әдістер: бетті ағартуҚиярмен бетті ағарту маскасы. Қиярды тазалап, үккіштен өткіземіз. Қиярдың ортасындағы жұмсақ жерінен алып, шай қасық лимон шырыны мен жарты ас қасық қаймақ қосып, араластырамыз. Дайын болған масканы бетке жағып, 15минутқа қалдырып, бетті жуамыз.

    2.Сүт өнімінен бетті ағарту маскасы. Айранды балмен араластырып, жағып, 15 минутқа қалдырасыз да, жуып тастайсыз.

    3.Лимон мен қаймақтан бетті ағарту маскасы. Қою керемет ас қасықпен қаймақ түрін алып, ас қасық лмион шырынын қосамыз. Араластырып, бетке жағып, 15минуттан соң сумен жуамыз.

    4.Күріш арқылы маска жасау. Күрішті жұмсақ болғанша қайнатып, дайын болған соң, суытамыз. Сосын бетке жағуға болады. Немесе мұз формасына дайын болған күрішті салып, қатырып, мұз ретіндегі күрішпен бетті сүртуге болады. Бұдан соң міндетті түрде крем жағу қажет.

Көктемде қыздар неге ашық киінеді?

Көктемде қыздар неге ашық киінеді?Кейде қарапайым қыздар ер адамның құмарлығын оятатындай өте ашық киінеді. Бірақ олардың киім үлігісін бұлай таңдауына басты себеп ер адамның көңілін аулау деп ойласаңыздар, қателесіздер. Сонда ашық, қысқа киінуіне негіз болған не? Біз осыны қыздардың өзінен сұрап көрдік.

Мен өзімнің спорттық дене бітіміммен мақтанамын

Онда өзіңмен бірге штанга, гиря, гантель ала жүр деп біреу неге ақыл қоспайды екен? Сол қыздың бітіміне қызыққан ел спорттық жетістіктерін де елеп, марапатын беріп, қошеметін көрсетер еді ғой.

Мен ыстықтаймын

Әрине, күннен қорғайтын, әрі сән әлемінің ешбір қағидасына қарсы келмейтін шляпа киіп, иығын сәл жапса, күннен денесі қорғалатыны жайында бұл қыздарға ешкім айтпаса керек. Ал бөксесін шығарып, кеудені «менмұндалатып» тұратын киімдер, әлбетте, күнге күйдірмейді, денені терлетпейді. Мейлі, бұған да сендік.

Мен сәнді киніп жүргенді ұнатамын

Және мұнда сән ұғымы көйлектің етегімен тығыз байланысты болса керек. Неғұрлым қысқа болса, соғұрлым сәндірек. Соны мүлдем кимей –ақ қойса, ше? Логика бойынша сол кезде ол қыз бәрінен де әдемірек болу тиіс емес пе? Әлде қалай?

Өз мүсінімнің артықшылығын ерекше көрсеткім келеді

Иә, әсіресе кеудеге томпия біткен артықшылықты. Бірақ содан кейін ер жігіттер менің көзіме тура қарамайды деп шағымдана жыламасаңыздар болды.

Мен біреудің алдында ақталғым келмейді. Өзім үшін киіндім

Өзі үшін киінетін қыздар, сол өздері отыратын қоғамдық көліктегі жағдайды бір мезет ойласа ғой. Жоқ, әңгіме оның ішіндегі адамдар жайында емес. Өздерінің қамы ғана. Отырғыштарына жалаңаш денесі жабысып қалып, тұрған кезде терісі қызарып, өздері әуреге түспесе, болғаны.

Бәрі солай жүр ғой… Онда тұрған не бар?

Ең нашар ақталу осы болса керек. Адамның өз ойы, өз пікірі және ең бастысы өз ұяты болмаса, онда бірдеңе деудің өзі артық. Қоғамымызда нудизмнің соңынан ерушілердің жоқтығына шүкір дейік.

Далада, сыртта, үйінен тыс жерде сексуалды, яғни ашық киінген әйел қалай десек те, өзіне ер адамдардың назарын аудартады. Және осындай түрде ел көзіне көрінген ол ер адамның тиісуіне өзі қаласа да, қаламаса да рұқсат сигналын береді. Бұл жігіттердің жаман екендігін білдірмейді, оларды сондай қылып жаратқан табиғат.  Дана қазақ «Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан кез келген әйел өзінің әрбір әрекетіне, үстіне киген киіміне өзі жауап беретінін ескерсе жөн. Оған қоса, өзінің жүріс-тұрысымен ер азаматты қайсібір олқылыққа итермелесе, оған да өзі кінәлі екендігін есте сақтағаны дұрыс.

Егер үйленгенннен кейін күйеуіңіз сізге ұзынырақ көйлек кигізіп жатса, оған талғамын жоқ деп ұрысуға асықпаңыз. Ол небәрі сізді жат көзден қорғағысы келіп тұрғандығын біліп жүріңіз.

Айранның қандай пайдасы бар?

Айранның қандай пайдасы бар?Айран – сүттен жасалатын ағарған. Айранның адам ағзасына пайдасы мен қасиеті мол. Мәселен, адам түрлі тамақтардан уланған кездерде де айранды қолданады. Себебі бұл өнім ағзаны тазартып қана қоймай, өзінің дәрумендерімен емдеп жазады. Ауруға қарсы тұру қажырын көтереді. Медицина тілімен айтқанда «жедел жәрдем ас». Ал бұл сүт өнімін арнайы ашытқы арқылы дайындайды. Анығырақ айтсақ, сүтке қамжылы кезінде ұйытқы салып, 3-4 сағат жылы жерге қояды.

Айранның ұйытқысы қою болғаны жөн.

Айран – Қазақстанды, Орта Азияда, Қырымда, Кавказда кеңінен тараған тағам. Сондықтан болса керек, бұл тағамның шығу тарихын әр ел өзіндерімен байланыстырып алған. Бірақ анағында айранның нағыз төркіні – қазақ елі. Айранның құрамы сүтке ұқсағанымен, ұйытылған соң пайдалы дәрумендерінің саны ағағұрлым арта түседі. Сондықтан болса ерек, шөлімізді қандырады әрі тойымды тамақ. Қазақтың ең танымал ұлттық тағамдарының бірі – айран қасиетін барша қазақ біледі. Кешкі астан соң, міндетті түрде 1 кесе айранды тұтынған. Бұл асты қорытуға көмегін тигізеді екен. Кішкентай нәрестелерге де айран берген, ауру-сырқаудан сақ болсын деп. Жүкті әйелге де осы тағамды тұтынуға кеңес берген. Кез келген тағаммен бірге қонақ алдына да ағарған айранын ұсынған. Бұл қонақжайлылықтың белгісі. Осылайша қазақтың дастарханыннан айран үзілмей келеді. Ұзақ жолға шығар кезде де айранның рөлі ерекше болған. Тіпті үйге жылан кіргенде де басына ақ құйып шығарып салған.

Ғалымдар аты суық ауруларды да осы айранымыз емдегенін айтады. Емдік қасиеті мол сусынды жақтырмайтын адам ағзасы жоқ. Бұлай деп отырғанымыз да сол сүтті ұнатпайтын адамдар да кездеседі. Себебі олардың ағзасы сүт құрамында кездесетін лактоза деген элементті көтере алмайды. Салдарынан ішкебу, дискабектриоз сияқты аурулар пайда болады. Ал айранның мұндай реакциясы мүлдем жоқ. Қайта мұны ішкен адам әлденіп, қауқары арта түседі.

Құрамында пайдалы дәрумендермен қатар калий мен кальций бар. Бұлардың қандай рөл атқаратыны да белгілі. Д дәрумені де бар. Сүйектің беріктігін қатайтып, бұлшықеттерді нығайтады. Бұл аз десеңіз, асқазан жолдарын емдеп, ішек ауруларын жазады. Көздің көрі қабілеттілігін арттырады. Ал А дәрумені тері қабатының жұмсақ әрі әдемі болуына жағдай жасайды. Ал фосфор түрлі инфекциялардың алдын алып, жұқпалы дерттерден сақтайды.

Айран – әрдайым диетологтардың кеңес беретін ас мәзірі. Құрамы күрделі болғанымен, соңы семіздікке алып келмейді. Себебі ағзаға түскен айран өзге тамақтарды қорытуға белсенді. Айран ұйқысыздық дертінінң де алдын алады, яғни жүйке жүйесін де емдейді. Тіпті ота жасалған адамға да айранды ішкізу – бұл ағзаның тез жазылуына әкеледі. Ал қыз-келіншектер айрынды косметикалық бағытта да пайдаланады. Бетке жағып, 15 минуттан кейін күн сайын жуып тастау әжім түсуден сақтайды екен. Бетті нәрлендіріп, қалпына келтіреді.

El.kz

Сіздің ағзаңыз қандай дәруменге зәру?

Сіздің ағзаңыз қандай дәруменге зәру?Егер Сіз бойыңыздан әлсіздікті сезінсеңіз, дәрігермен кеңесіп, оның себебін біліп алғаныңыз жөн. Дәрігерлердің кеңесімен ғана «Витрум», «Пиковит», «Дуовит», «Мультивитамин» секілді дәрумендерді ішіп тұрған пайдалы.

Жалпы, барлық адамдарда әлсіздік пайда болатын кездер көп. Және сол кезде қажетті шараны уақытында қолданған жөн. Себебі әлсіздіктің жүрекке күш түсіретіні айдан анық.

Енді мына жаттығулармен өзіңізге қандай дәруменнің жетіспейтінін байқап көріңіз.

1. Екі алақаныңызды жоғары қаратып созыңыз. Сосын екі қолыңыздағы төрт саусақтың екі буынын бір мезгілде жұмып, саусақ ұштарын алақаныңызға тигізіңіз. Саусақтар мен алақан арасындағы буынды бүкпеңіз. Егер осы жаттығуды ойдағыдай жасай алмасаңыз, сізде В6 дәрумені тапшы.
2. Егер кез келген жеріңізді соғып, көгертіп алып, ол көпке дейін қалыпқа келмесе, сізде С дәрумені жетіспейді.
3. Басыңыз айналып, құлағыңыз шуылдай ма? Бұл В6 және Е дәрумендерінің, марганец пен калийдің жетіспеушілігінен пайда болады.
4. Көзіңіз қызарса, қараңғы жерге бірден үйренісе алмасаңыз, А және В 2 дәрумені жетіспейді.
5. Егер В12, В6, Р және селен жетіспесе, баста қайызғақ көбейіп кетеді.
6. Шашыңыздың түсі солғын, ұштанғыш болса, В9, С витаминдері жетіспейді.
7. Ұйқысыздықтың себебі – В тобы дәрумендерінің, калийдің, кальцийдің жетіспеушілігінен.
Қандай жағдай болғанда да ауруды емдегеннен алдын алған тиімді екенін мамандар талай мәрте айтып келеді. Әлсіздік – сырқаттың басы.

Көктемде адамдар неге әлсірейді?

Көктемде адамдар неге әлсірейді?Халық көктем мезгілін «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы» дейді. Бұл сөздің астарында жер бетін жандандырып, жасандырып жеткен көктем адамзаттың ағзасына әлсіздік сездіретінін жеткізетін мән жатыр. Расында, әрбіріміз көктем мезгілі басталысымен-ақ, ағзамыздағы әлсіздікті сезінеміз. Бірімізді ұйқы қысып, шаршағыштыққа бой алдырсақ, енді біріміздің жиі-жиі басымыз айналып, көзіміз қарауытады немесе бас ауырып, тұмауратамыз. Көңілімізде де алабұртқан сезімдер пайда болады. Көктемде көбімізді осындай әлсіздікке душар ететін не күш?

Адам ағзасы сырттан келетін кері әсерлерге, ауруларға бойындағы дәрумендер жиынтығымен күшейген иммунитеті арқылы қарсы тұра алады. Адамдар қыстың қысқа күнінде аз қимылдайды да көктемде қимыл-қозғалыс көбейеді. Және ауа райының өзгерісі де денсаулыққа әсер етеді. Дәрумен қоры аз ағза осындай шақта әлсіздікке ұшырайды. Соның салдарынан сәл суыққа тез тұмауратып қалады. Тіпті, дәруменнің жетіспеушілігінен пайда болған денедегі әлсіздік созылмалы аурудың өршуіне де сеп болады.

Дәрумен жетіспеушілігі, әсіресе көктемде қатты байқалады. Қыстың қысқа күніндегі аз қимылға үйренген ағза күн ұзарған көктемдегі жылымық ауаның өзгерісіне бірден бойұсына алмай, әлсірейтін көрінеді. Егер осындай қара өзек шақта ағзадағы дәрумендер қорын толықтырып отырмаса, эндокринді жүйенің жұмысы нашарлап, созылмалы аурулардың өршу қаупі артады екен. Көптеген адамдарда иммундық жүйенің әлсіреуінен қан қысымы көтеріліп, бас ауырады. Бұл кездегі әлсіздікке көбіне орта жастан асқан кісілер тез шалдығады.

Ас қорыту жүйесі бұзылып, гастрит, панкреатит, холецистит, пиелонефрит сияқты аурулар асқынса да қан аздық пайда болады. Соның салдарынан ағза дәрумен тапшылығын сезініп, зардап шегеді. Дәрумен жетіспеушілігін бас айналып, көз қарауытып, бойды ұйқышылдықтың басуынан байқауға болады. Егер сізде осындай белгілер байқалса, ағзаңызда дәрумендер жетіспеушілігі деп біліңіз. Тез шаршап, жүйке жұқарып, ашушаңдық та осындай иммундық жүйенің әлсіздігінен болады. Сонымен қатар, шаш жиі түсіп, көздің көру мүмкіндігі нашарлайды. Тырнақтың реңкі өзгеріп, сызықтар мен дақтар пайда болады. Дененің терісі құрғап, тіпті қабыршақтанып кетуі де мүмкін. Мұндай шақта созылмалы ауруға шалдыққандардың ескі сырқаты қайта қозса, кей кісілер жаңадан ауру жұқтыруы да мүмкін. Ер адамдарға қарағанда дәрумендер жетіспеушілігіне көбіне әйелдер жиі душар болады.

Ал, дәрігерлер адам ағзасы дәрумендерді өте қажет ететін көктем мезгілінде сары май, жұмыртқа, балық, ет, сүт, ірімшікпен күнделікті тамақтанып тұру керегін ескертеді. Әсіресе, күнделікті ас мәзірінен көкөністердің түспегені дұрыс.

ar-ay.kz