Домой Блог Страница 219

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилердің тұсауын кесу рәсімі өтті

DSC_3672Бүгін ҚР Ұлттық музейінде Наурыз мерекесіне орай ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилердің тұсауын кесу рәсімі өтті. 

Сәбилердің тұсауын кесуге Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы Майра Мұхамедқызы, «Астана ақшамы» ЖШС директорының орынбасары, белгілі журналист Зейін Әліпбек, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, ақын Қалқаман Сарин, «Балапан» телеарнасының директоры,  тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, белгілі саясаттанушы-журналист Жарқын Түсіпбекұлы тәрізді танымал тұлғалар шақырылды.

Жоба аясында Астанадағы сәбилер үйінің 5 тәрбиеленушісінің тұсауы кесілді.  Тұсаукесер рәсіміндегі фотосуреттер мен тапсырылатын сертификаттар балалардың жеке іс-парағына тігіліп, болашақта өздерінің тұсауын кескен тұлғаларды біліп жүруі үшін сақталатын болады.

Наурыз мерекесіне орай өткізілген бұл шара алдағы уақытта әр мереке сайын өз жалғасын таппақ.

DSC_3609 DSC_3625 DSC_3645 DSC_3672 DSC_3683 DSC_3699 DSC_3744 DSC_3773 DSC_3775

Уыздың ерекше қасиеттері

Уыздың ерекше қасиеттеріУыз — жаңа төлдеген малдың ең маңызды сүті. Бабаларымыз алғашқы 3-5 тәуліктегі осы сүтті пайдаланып, уыз тағамын дайындаған. Сары уызды енді ғана төлдеген малды бірінші рет сауғанда алады. Ал бір тәулік өткен соң сүттің маңыздылығы кеміп, ақ уыз пайда болады.

Ерекше қасиеттері

Уыздың нәрлілік қасиеті кәдімгі сүтті екі орап алады. Уыз құрамында антиоксиданттар өте көп. Сондықтан ол балаң ағзаның қорғаныш қасиеттерін арттырып, ас қорыту жүйесін ретке келтіреді. Анасының уызын тойып емген төл мықты болып өсіп, тез ширайды. Сондықтан қазақта «уызына жарымаған» деген сөз қалған. Бұл әлсіз және ауыршаң балаларға және төрт түліктің әлсіз төлдеріне де қатысты айтылады.

Көнеден қалған дайындау тәсілі

Қазақта уыздан дәмді тағамдар да дайындайды. Уызды көбіне сиыр, қой, ешкі сүтінен дайындайды. Жаңа сауылған сүтті таза етіп жуылған қой бүйеніне құйып, қайнап жатқан суға салып пісіреді. Кейде сүтке кішкене қант немес тұз сеуіп уыздың дәмін келтіреді. Бір үлкен қойдың бүйеніне 1,5 литрге дейін сүт сыяды. Уыз піскен кезде қатады, сондықтан бүйенмен бірге біркелкі кесіледі.

Тәтті уызды қалай дайындайды?

Тәтті уызды дайындағанда қазанға немесе шұңғыл ыдысқа сүтті құйып, қайнап жатқан судың ішіне салады. Сүт шеміршектеніп қатпай тұрып оған қант, мейіз қосады. Одан соң дайын болған уызды суыған соң ыдыстан аударып алады.

Уыздан тағы не жасайды?

Уыз сүтін соғымнан қалған сүйексіз сүр етпен бірге қайнатып, дайын болған асқа көрші-қолаңды шақырып, ата дәстүрмен уыз жеуге шақырады. Ал тым қою уызға кейде су қосып пісіреді. Сұйылтылған уызға кейде тары немесе күріш те салып қайнатады. Дән қосылған уыз өзінің құнарлылығымен, бірегей дәмімен ерекшеленеді.

Өмірде өз орныңызды табуға көмектесетін 50 сұрақ

Өмірде өз орныңызды табуға көмектесетін 50 сұрақӨмірде бәрінен де адамдық қалпымызды сақтап қалу қиын. Күйбен тірлікпен жүріп мақсатымызды орындау үшін өзгені өз мүддемізге пайдаланатын кезіміз болады. Төмендегі 50 сұрақ дұрыс жолға түсіп, өмірде өз орнымызды табуға көмектеседі. Олардың дұрыс немесе қате жауабы жоқ. Әркім өз жолын өзі таңдайды.

1. Жадыңыздағы естеліктер көмескіленген жағдайда өзіңізге қанша жас беретін едіңіз?

2. Қателесуден қорқасыз ба, немесе бір істі жүзеге асырмағаныңыз үшін өкінуден қорқасыз ба?

3. Өмір тым қысқа. Өзіңізге ұнамайтын істермен неге көп айналысасыз?

4. Жұмысыңызды бітірдіңіз. Айтты, орындадыңыз. Сөз көп болды ма, әлде іс пе?

5. Өмірде бір нәрсені өзгертуге мүмкіндік берсе, не істер едіңіз?

6. Бақытты валюта деп елестетіңіз. Әлемдегі ең бай адам болу үшін қандай жұмыспен айналысуыңыз керек?

7. Қолыңыздан бір іс келетініне сенесіз бе?

8. Орташа есеппен адамдар 40 жыл ғана өмір сүрсе, осы уақытты қалай ұтымды пайдаланатын едіңіз?

9. Өміріңізді қаншалықты басқара алып жүрсіз?

10. Бір нәрсені дұрыс жасағыңыз келе ме, әлде дұрыс бағытта ғана жүруді жөн көресіз бе?

11. Араларыңызда достық қарым-қатынас бар екенін білместен таныстарыңыз бір адамды жамандап жатса, қандай әрекет жасайсыз?

12. Бүлдіршінге бір ғана кеңес беру мүмкіндігіңіз бар болса, не айтар едіңіз?

13. Сүйіктіңізді құтқару үшін заңға қарсы әрекет жасай аласыз ба?

14. Ақылсыздық пен кемеңгерліктің ұштасуын көргенсіз бе?

15. Көппен бірге жол тапқанша, жалғыз жүріп адасуды жөн көресіз бе?

16. Әркімнің түрліше бақытты болуының себебі неде?

17. Қорықсаңыз да, жасап көргіңіз келетін іс бар ма? Сізді тоқтататын не нәрсе?

18. Ескі ойдан, ескі заттардан неге арыла алмай жүрсіз?

19. Басқа елге біржолата көшу мүмкіндігіне ие болсаңыз, қайда барар едіңіз? Не себепті?

20. Жеделсатының кнопкасын бірнеше рет бастыңыз. Ол, расымен де, жылдам келеді деп ойлайсыз ба?

21. Күлкі сыйлаған ақымақ әрекет жақсы ма? Ақылмен жасаған істің сәтсіз болғаны жақсы ма?

22. Өмірге не үшін келдіңіз?

23. Өзгелерге өзіңіз секілді дос тілейсіз бе?

24. Жақын досыңыз өзге елге көшіп кетсе де, үнемі хат алысып тұруды қалайсыз ба? Араласпасаңыздар да, көрші тұруды жөн көресіз бе?

25. Өміріңізде не үшін алғыс айтасыз?

26. Өткен өміріңіздегі естеліктерден айырылып қалмауды жөн көресіз бе? Әлде оларды жаңа естеліктер алмастырғанын қалайсыз ба?

27. Шындықтың беті ақыры ашылатынына сенесіз бе?

28. Ең үлкен қорқынышыңыз орындалса, қандай әрекет жасайсыз?

29. Осыдан 5 жыл бұрын бақытсыз болғаныңыз есіңізде ме? Қазір оның маңызы бар ма?

30. Балалық шағыңыздан бақытты естеліктер қалды. Не себепті?

31. Сізге бақыт сыйлаған өткен өміріңізде қандай оқиға бар?

32. Қазір болмаса, қашан?

33. Мақсатыңызға жетпеген болсаңыз, оған жету жолында не нәрседен айырылуыңыз мүмкін?

34. Сол сәтте тек үнсіздік қана болса да, тамаша сыр шертіскендей әсерде болып көрдіңіз бе?

35. Махаббатың бар екеніне сенесіз бе?

36. Еш күмәнсіз жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата аласыз ба?

37. Миллион долларды сізге ұсынса, жасап жүрген қызметіңізден бас тартасыз ба?

38. Жасағыңыз келмейтін бір істен жасағыңыз келетін мың істі артық көресіз бе?

39. Бүгінгі күніңіз жүзінші рет қайталанып тұрғандай әсер алып көрдіңіз бе?

40. Жауапкершілікті соңғы рет қашан мойныңызға алып көрдіңіз?

41. Жақындарыңыздың ертең бұл өмірде болмайтынын білсеңіз, қалын сұрауға қашан барар едіңіз?

42. Танымалдылықты 10 жыл өміріңізге айырбастар ма едіңіз?

43. Тіршілік ету мен өмір сүрудің айырмашылығы қандай?

44. Нар тәуекелге баратын күн туа ма?

45. Қателерімізден сабақ алсақ, шалыс басудан не себепті қорқамыз?

46. Өзгелердің сын айтпайтынын білгеніңізде, өзіңізді қалай ұстар едіңіз?

47. Жүрегіңіздің соғысы мен тыныс алуыңызды соңғы рет қашан тыңдап көрген едіңіз?

48. Сіз нені жақсы көресіз? Ол махаббатыңыз соңғы әрекеттеріңізден көрініс тапты ма?

49. Соңғы 5 жылдың ішінде үздіксіз жасап келе жатқан әрекетіңіз бар ма?

50. Шешімді өзіңіз қабылдайсыз ба?

Бұл сұрақтардың жауабы дұрыс жол табуға, пайдалы әрі жақсы көретін іспен айналысуыңызға көмектеседі деген үміттеміз!

alashainasy.kz

Сұлулық зертханасы: Бетттегі әжімге қарсы желатин

Сұлулық зертханасы: Бетттегі әжімге қарсы желатинЖелатиннің шебер «косметолог» екенін білесіз бе? Оны протеинді қоспа ретінде сусабындарға қосады, тырнақтың беріктігі үшін де желатинді керектеніп жатады. Ал ең бастысы, желатинді әжімдердің алдын алу үшін пайдаланады. Ол – бет терісі үшін таптырмас косметика. Желатин ұсақ әжімдердеі жазып, теріні жұмсартады және ағартады. Сонымен қатар қан айналымын жақсартады.

Әжімге қарсы желатинді крем

1 толы шай қасық желатинді 0,5 стакан сумен араластырыңыз. Оған 3 ас қасық бал, 0,5 стакан глицерин мен 1 г (пышақтың ұшымен ғана) салицил қышқылын қосыңыз. Қоспа дайындап жатқан ыдысыңызды ыстық суға салып, қоспаңыз тегіс біркелкі болғанша араластырыңыз.

Одан кейін ыдысты судан алып, қоспаны араластыра отырып суытыңыз. Дайын болған кремді күнделікті ұйықтардан 2 сағат бұрын жағыңыз. 20 минуттан кейін кремнің теріге сіңбеген бөлігін сүртіп тастаңыз.

Бір дайындаған крем шамамен 1 айға жетуі керек. Ал оны қақпағы жабылатын ыдысқа салып, тоңазытқыштың үстіңгі сқресінде сақтаңыз. Бетке жағар алдында қажетті мөлшерде ғана алып, жылытып жағыңыз.

Желатиннен жасалған маскалар қайта қалпына келтіретін күшті құрамға ие. Ол қан айналымын реттеп, бет терісінің түсін жақсартады, теріні тартатын эффектке ие, теріні жұмсартып, әжімдерді және пигментті дақтарды жоғалтады.

Теріні жасартатын желатин маскасы

2 ас қасық қайнатылған салқын суға 1 шай қасық желатин салып, көтерілгенше (40-60 минут) қоя тұрыңыз. Одан кейін оған 2 шай қасық банан езбесін қосыңыз, араластырып, бетіңізге жағыңыз.

Масканы 20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

Әжімге қарсы желатин маскасы

4 ас қасық глицерин, 2 шай қасық бал, 2 шай қасық желатин мен 4 ас қасық суды қосыңыз. Қоспаны отқа қойып (ең төменіне) біркелкі қоймалжың шыққанша үзбей араластырыңыз.

Одан кейін қоспаға тағы 4 ас қасық қайнаған су қосып араластырып, стериленген банкіге құйып, қақпағын жабыңыз. Оны осылай тоңазытқышта сақтауға болады.

Масканы бетке жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен жуып, крем жағу керек.

anabol.kz

Әлемдегі ең үлкен кеме айдынға шықты (ФОТО)

Әлемдегі ең үлкен лайнер саналатын «Теңіз тартымдылығы» (Allure of the Seas) кемесі Франция порттарының бірінен теңіз айдынына шығарылды.

Кеме қазірше сынақ ретінде жүзеді. Оның ұзындығы 362, биіктігі 65 метр. Салмағы 225 мың 282 тонна. Оған ең көп болғанда 6 мың 300 адам сияды. Ал, экипаж мүшесі 2100 адам. «Теңіз тартымдылығы» әйгілі «Титаник» лайнерінен 100 метр ұзын.

Әлемдегі ең үлкен кеме айдынға шықты (ФОТО)

Baq.kz

 

Ш. Уәлиханов экспедициясы 2 млн. туристi тартуға мүмкiндiк бередi

Ш. Уәлиханов экспедициясы 2 млн. туристi тартуға мүмкiндiк бередiҰлы ғалым Шоқан Уәлиханов жасаған экспедиция Қазақстанға шамамен 2 млн. туристi тартуға мүмкiндiк бередi. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан ұлттық география қоғамының «Шоқан Уәлихановтың керуен жолымен» экспедициясының жетекшiсi Орденбек Мазбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бiз Шоқан Уәлихановтың туылғанына 180 жыл толуына орай өткен жылы осыдан 150 жыл бұрын ғалым болған Қашқар қаласында болып қайттық. Жалпы, ұлттық география қоғамының демеушiлiгiмен бiз бұған дейiнгi он шақты экспедиция барысында Шоқанның барлық экспедицияларын жүрiп өттiк және мақсат толықтай орындалды дей аламыз. Экспедиция қорытындысы бойынша бiз «Ұлы Шоқанның керуен жолымен» атты кiтапты үш тiлде басып шығардық. Сонымен қатар, қысаша фильм жарық көрдi. Сондай-ақ, жақында Қытай Халық Республикасы осы өткен маршрутты «Тянь-Шань дәлiзi» деп атап, оны туристiк маршрутқа айналдырмақшы. Егер, ҚҰГҚ өткiзген маршруты туристiк маршрутқа айналса, онда бұл Қазақстанға 2 миллионға жуық туристердi тартуға мүмкiндiк бередi», — дедi О.Мазбаев.

Baq.kz

Қазақ қызының сұлулығы қалай бағаланған?

Қазақ қызының сұлулығы қалай бағаланған?Қыз бала тәрбиесі қашанда қоғамның назарынан тыс қалып көрген жоқ. Атам қазақ ешбір жарғы, нұсқау жазып әуре болмай-ақ әрі қысқа, әрі нұсқа нақылдармен тәрбие тағылымының тамаша үлгісін түйіп айтып отырған. «Қыз-қонақ» деп төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген.

Халық арасында бойжеткен қыз ажарына қарай алтыға бөлінген.

1. Әдемі қыз – баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын.

2. Көрікті қыз – істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын.

3. Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.

4. Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы, сөзі салмақты, ісі тиянақты.

5. Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр.

6. Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әлпетті, сұңғақ бойлы, терең ойлы.

alashainasy.kz

Жамбыл облысында жылына 1500 кг алтын өндіретін тау-кен комбинатының құрылысы басталды

Жамбыл облысында жылына 1500 кг алтын өндіретін тау-кен комбинатының құрылысы басталдыБұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қордай ауданының әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы айтты, деп хабарлады zhambylnews.kz.

«Aurum Deutchland AG» (Аурум Дойчланд АГ) ЖШС-мен 45 млрд. теңгені құрайтын тау-кен комбинатының құрылысы және құрамында алтын бар кенді игеру жобасының іске асыру мерзімі 2014-2021 жылдар, өндіріс қуаттылығы жыл сайын 1500 кг алтын өндіру. Іске қосылу кезінде 800 тұрақты жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Қазіргі кезде 19 қондырғы әкелініп, бетон негіздерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құрылысы кезінде 50 жұмыс орны, ал іске асыру кезінде 13 тұрақты жұмыс орын ашылады. Сонымен қатар, Қарасай ауылдық округінде «Қырғау» алтын өндіру кенінде орналасқан «Алатау Қордай» ЖШС-мен 280 млн. теңгені құрайтын 75% алтын-күміс концентратын шығару бойынша кіші зауыт құрылысы жоспарлануда, іске қосылу мерзімі 2015-2018 жылдар. Іске қосылу кезінде 15 тұрақты жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда», — деді Қ.Досаев.

Қазақстанда жаңа футбол маусымы басталды

Қазақстанда жаңа футбол маусымы басталдыЕлімізде жаңа футбол маусымы басталды. Өткен сенбі, жексенбі күндері 25-ші ел біріншілігі өз шымылдығын түрді.

Алғашқы турдың ойындарына 16 500 көрермен жиналды. Орташа көрсеткіш – 2750 адам. Халық ең көп жиналған матч Павлодардағы «Ертіс» пен «Оқжетпес» кездесуі болды.

Бірінші турда өткен жылғы чемпион «Астана» өз алаңында Қарағандының «Шахтерді» жеңсе, күміс жүлдегер «Қайрат» Таразда жергілікті командаға есе жіберді.

Сондай-ақ «Ордабасы», «Ертіс», «Тобыл» командалары алғашқы үш ұпайларына қол жеткізді. «Жетісу» мен «Атырау» Талдықорғанда тең түсті. Биылғы біріншіліктің алғашқы голын «Атырау» ойыншысы Ұлан Қонысбаев соқты.

«Жетісу» – «Атырау» – 1:1
Голдар: Қонысбаев, 19 (0:1). Тұрысбек, 60 (1:1).

«Тараз» – «Қайрат» – 2:1

Голдар: Зенькович, 65 (1:0). Данилюк, 86 (2:0). Ли, 88 (2:1).

«Астана» – «Шахтёр» – 2:1
Голдар: Уббинк, 8 (0:1). Деспотович, 47 (1:1). Нөсербаев, 62 (2:1).

«Ордабасы» – «Ақтөбе» – 3:1

Голдар: Нұрғалиев, 34–пенальтиден (1:0). Юнузович, 45 (2:0). Нұрғалиев, 53 (3:0). Давлатов, 67 (3:1).

«Ертіс» – «Оқжетпес» – 1:0
Гол: Малый, 41 (1:0).
«Тобыл» – «Ақжайық» – 1:0
Гол: Дудченко, 69 (1:0).

Baq.kz

Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді17 наурызда Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында «Кедергісіз келешек» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі. Оған елорданың 20 жұмыс берушісі қатысып, 120 бос жұмыс орнын ұсынады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жәрмеңке сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Жансүгіров көшесі 8/1 мекен жайы бойынша орналасқан «Аружан» сауда, ойын-сауық орталығында ұйымдастырылады.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізудің мақсаты мүмкіндігі шектеулі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, сонымен қатар жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау туралы толық ақпарат беру.

«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде оқу орындарының түлектері жастар практикасынан өту, халықтың нысаналы топтағы тұлғалары әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Жұмыспен қамту орталығының мамандары қайта даярлау және жаңа мамандықты игеру мүмкіндіктері туралы кеңес береді.