Домой Блог Страница 246

Әлемге әйгілі 10 әйел

Әлемге әйгілі 10 әйелӘйел – нәзік жанды жаратылыс иесі. Көркем, әдемі және қайсар тұлға. Халқымыз “қыздың қырық жаны бар” деп әйелдің төзімділігін тілге тиек еткен. Тіпті, иығына екі адам мінгескен хас батырлар да әйелдің төзіміне шыдай бермейтін көрінеді. Сондықтан болар, тарихта есімі елге белгілі, әлемді өзгерте білген әйелдеріміз тарихтың төрінен орын алған. Әйгілі әйелдердің жасаған ерліктерімен таныса отырыңыздар. 

Клеопатра 

unknown(1)Египет елінің әйел патшасы. Македония династиясының соңғы басшысы, Александр Македонский Птоломейдің басты әскербасы. Египеттегі Александр империясы құлағаннан кейін жаулап алушы.

Терең білім иесі, данагөй, жігерлі және қайсар мінезді Клеопатра халықты өзіне еліктіріп алатын қасиетке ие болған. Ер жігіттің қолында болған билікті, патшайым қашанда сәтті пайдалана білген. Клеопатра VII өзінің ағаларымен бірге елді 21 жыл басқарған.

Коко Шанель  

2(1)ХХ ғасырдың бірден-бір үздік моделі, әлемдік сән үлгісінің бетке ұстар тұлғасы. Ол — нәзіктік пен мәңгілік классиканың, кербездіктің нышаны.

Сөз зергері бола білген Коко: «Әйел 30 жасында сұлу көрінбесе, ол — нағыз ақымақ» деген екен.

Коко Шанельдің сүйген жігіті аяқ астынан қаза болып, махаббатқа адал қыз өмір бойы тұрмыс құрмай өткен екен.

Маргарет Тэтчер 

3(1)Маргарет 1925 жыл дүкенші отбасында дүниеге келдi. 19 жасында ол Оксфорд университeтiнe оқуға түседі. «Органикалық химия» мамандығын алған соң, Маргарет бipаз yaқыт бойы химия кәсiпорындарында қызмет етеді. Кейіннен ол адвокат атағын алу үшін емтиханды үздiк тапсырып, одан әрі адвокаттықпен шұғылданады.

М. Тэтчер белсендiлігі, күш-жiгерi мен iскерлiгінің арқасында 1959 жылы парламентке сайланады. 1970 жылы Маргарет Тэтчер Эдвард Хит үкiметiнде Оқу және ғылым министрi болады. Ол консерваторлар партиясының белсендi мүшесiне айналып, 1975 жылы Эдвард Хиттiң консерваторлар партиясында жетекшiлiк орынды иеленедi. 1979 жылы партия жалпы сайлауда жеңiске жетедi.

Британ елінде тұңғыш рет әйел премьер-министр қызметін атқарады. Маргарет Тэтчер тарихта «Темір ханым» деген атпен қалады.

Тереза  ана

1(1)Мейірімді жүректің иесі Агнес Гонджа Бояджиу (Мать Тереза) аскөк сатумен айналысатын өте қарапайым отбасында дүниеге келген.

Отыз алты жасқа келгенде жағдайы нашар әйел өзінің мейірімге толы жүрегі мен ерекше ынтасының арқасында Халықаралық Қайырымдылық Ұйымын құрады. Қазір бұл қордың құрамында әлемнің сексен елінен тіркелген 300 мың адам бар.

Ұйым балалар мен жетімдер үйін, ауруханаларды, қарттар үйін қамтиды. Бүгінгі таңда Калькуттадағы бір ғана орталықтың өзінде 10 000-ға жуық адам емделе алады.

Томирис 

pvypСақ патшайымы Тұмар (Томирис) ханша (б.д.д. 570-520 жж.) әлемдегі ең атақты әйел патшалардың бірі.

Тұмар ханшаның әлемге танылуына «Төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсылардың Кир патшасы Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген кезінде оның әскерін ашық шайқаста тас талқан етікен жеңісіне тікелей байланысты.

Индира Ганди

yfv (1)Шығыс әйелдері арасынан шыққан тұңғыш үкімет басшысы.

Индира 1917 жылы, тәуелсіз Үндістанның алғаш премьер-министрі Джавахарлал Нерудің отбасында дүниеге келген. 1966—1977 және 1980—1984 жылдары Үндістан премьер-министрі қызметін атқарған. Билікке келген жылдары бақталастары оны «ақымақ қуыршақ» деп мазақ еткен болатын. Алайда ол өз елінің тарихына Үндістан үкіметін бірнеше жыл бойы салиқалы түрде басқарған іскер, көрегенді әйел ретінде енді.

Айша ханым 

Айша – Әбу Бәкірдің қызы, Мұхаммед пайғамбардың сүйікті жұбайы, жанқияр көмекшісі әрі оның хадистерін жеткізушілердің бірі.

Ислам тарихында Расулуллаһтың  (с.а.с.) пәк, сүйікті әйелі, “мүминдердің анасы”, әрі Әбу Бәкір әс-Сыддықтың қызы Айшаның маңызды орны бар. Аса ақылды, мінез-құлқы көркем, пәктігін тақуалықпен ұштастыра білген мүминдердің анасы – Айша фиқһ, хадис, Құран тәпсирі ілімдерін де жетік меңгерумен ерекшеленді.

Жанна д’Арк 

4(2)Француздардың ұлттық батыр қызы, жүзжылдық соғыс (1337 — 1453) кезінде француз халқының ағылшындарға қарсы азаттық күресін басқарған қолбасшы.

Шаруа отбасында дүниеге келген. Он үш жасынан бастап атағы шыққан батыр қыз Орлеан жеріндегі соғыстарда көзсіз ерлік көрсетіп, Франция королімен бетпе-бет кездескен.

Жанна д’Арк басқарған жасақ үлкен жеңістерге жетіп, 1429 жылы ағылшындардың қолындағы Орлеан қаласын азат етті. Осы еңбегі үшін халық оны «Орлеан қызы» деп атап кетті.

Екінші Елизавета 

elizabeth2Әлем тарихының тірі аңызы. Әлем халқы оны әлі күнге дейін британдық империяның нышаны ретінде қабылдайды. Қаншама билеушілер ауысты, небір қанды қырғын соғыстар өтті, мыңдаған елдер бұршақтай бытырап, жаңа мемлекет құрылды. Бірақ, әлемде Британ ханшайымы мен монархия ғана өзгеріссіз қала берді.

Тақтағы 64 жыл — аз мерзім емес. Тарихта осыншама уақыт билікте отырған Тайланд королі ғана екен.

Диана Спенсер 

5(1)Уэльдық Чарльз ханзадасы, британдық тақ мұрагерінің алғашқы әйелі. Алайда ақсүйектердің өміріне үйренісе алмаған және күйеуімен жараспаған Диана Чарльзбен ажырасып кетеді.

Диана ханшайым өзінің барлық ғұмыры мен байлығын қайырымдылыққа арнайды: сирек кездесетін жануарлардың құқығын қорғайды, қауіпті қаруларды жою шараларын жүргізіп, мыңдаған жетімдер мен ауруларға көмектесіп, көпке үлгі бола біледі. Әлемге «Принцесса Диана» деген атпен белгілі.

anabol.kz

Сұлулық зертханасы: Арықтағысы келетіндерге 10 кеңес

Сұлулық зертханасы: Арықтағысы келетіндерге 10 кеңесБіз Сұлулық зертханасының кезекті жазбасына көпшілікті толғандыратын мәселені арқау етіп отырмыз. Әрине ол — үнемі, тынымсыз арықтағысы келетіндерге арналған кеңестер болмақ.

Жаңа жылдық дастархан кез-келген адамның мүсініне әсер ететіні белгілі. Әсіресе, егер Сіз толықтыққа бейім болсаңыз. Дей тұра, Жаңа жылда жаңа мақсат қойып, жаңа әдемі мүсін иесі болғыңыз келсе, біз ұсынған мына кеңестерді ұстанып жүріңіз:

  1. Майлы, тәтті, ұннан жасалған тамақты өзіңіздің ас мәзірінен алып тастаңыз;
  2. Егер Сіз бала кезіңізден ыдысыңызда түк қалдырмай жеуге үйренсеңіз, енді барлық тамақты тауысып ішпеуге тырысыңыз. Ал, нақтырақ айтқанда бұрынғы норманың тек жартысын жеп, тоюға дағдыланыңыз;
  3. Көп қозғалып, гимнастика, дене шынықтырумен айналысыңыз, қыстың аязын сылтау ете бермей, жылырақ киініп, жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз;
  4. Тамақ үстінде алаңдамаңыз. Мәселен, әлеуметтік желіге тамақ ішіп отырған кезде кірмеуге тырысыңыз;
  5. Алдыңызға қойылған тамақтың дәмі мен иісін сезінуге  тырысыңыз;
  6. Тамақты әбден шайнап жұтыңыз. (Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, аузыңызға салған тамақты 33 рет шайнау керек екен). Жұтқан сайын азғана үзіліс жасап, сонан соң ғана қасық-шанышқыңызды қайта ұстаңыз;
  7. Жалғыз тамақтанбауға  тырысыңыз;
  8. Тамақты ұйықтар алдында 3-4 сағат бұрын ішкеніңіз жөн;
  9. Тамақ ішу уақытын созуға тырысыңыз. Себебі, Сіздің асқазаныңызға ас барғаны туралы сигнал миға  20 минутта ғана жетеді. Ал осы уақыт аралығында қаншама артық мөлшерде тамақ ішіп қоюға болатынын білесіз бе?
  10. Қазақта «Таңғы асты тастама» деген даналы сөз бар. Бұл туралы ғалымдар да қазір толассыз жазуда. Ұйқыңыздан ертерек оянып, таңғы ас ішуді әдетке айналдырыңыз.

Танымал тарихшы ғалым «Қазақ хандығының күні» деген датаға лайық екі күнді атады

датаға лайық екі Қазақ хандығының күні деген датаға лайық екі күн бар секілді. Бірі — 2014 жылдың 11 қарашасы. Бұл күні Елбасы ресми түрде өз Жолдауында Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетіндігін жария етті. Екінші, 2015 жылдың 11 қыркүйегі. Бұл күні Елбасының қатысуымен Астанада 550 жылдыққа арнап салтанатты жиын болды, деді, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен «Егемен Қазақстан» газетінің Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу қорытындыларына орай өткізген бірлескен алқақотан әңгімесінде.

— Қазіргі Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік тарихы біздің жыл санауы¬мызға дейінгі IX-VIII ғасырлардан бастау алады. Ежелгі скифтер, сақтар, сарматтар, одан кейінгі ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, түрік дәуірі мен оғыз-қыпшақ дәуіріндегі қағанаттар мен хандықтар, Алтын Орда кезеңіндегі хандықтар — осылардың бәрі Қазақ хандығының тарихи тамырлары. Ежелгі және ерте орта ғасырлардағы мемлекеттілік үдерісі Қазақстан аумағында сабақтастық пен үздіксіздік негізінде дами келе, ұлттық мемлекетке — Қазақ хандығына ұласады. Ал Қазақ хандығының тарихы төрт ғасырға созылып, XIX ғасырдың ортасына дейін жалғасқаны баршаға мәлім. Міне, осыны біздер, тарихшылар Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын мерекелеу барысында бас қосқан халықаралық, республикалық ғылыми жиындарда, дөңгелек үстелдерде, сұхбаттарымызда қалың көпшіліктің санасына жеткізуге тырыстық.

Жалпы алғанда, тарихшыларымыз осы бағытта жақсы зерттеулер жүргізіп, тәуір нәтижелерге қол жеткізді. Зерттеулердің бірнеше бағытта жүргенін көруге болады. Олардың алғашқысына — Қазақ хандығының тарихына қатысты деректер мен дәйектерге арналған арнайы ғылыми-зерттеулер жатады. Солардың ішінде шоқтығы биік туындылар қатарына тарих ғылымдарының докторы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры Лаура Жүсіпованың «XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы» атты монографиясын жатқызар едім.

Зерттеу бағыттарының келесісі — қазақ хандарының өмірі мен тарихи тұлғасына арналған ғылыми-танымдық және энциклопедиялық-анықтамалық жинақтар. Осы ретте Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің тарихшылары шығарған «Қазақ хандары», елімізге белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.Омарбековтің «Ұлы даланың дара тұлғалары. Қазақ хандары» кітаптарын айтуға болады. Бұл арада өзімнің «Қазақ хандары. Казахские ханы. Kazakh Khans» атты қазақша, орысша, ағылшынша ғылыми-танымдық еңбегімді де айта кетуді артық көрмеймін.

Менің ойымша, Қазақ хандығының күні деген датаға екі күн лайықты секілді. Бірі 2014 жылы 11 қараша — бұл күні Елбасы ресми түрде өз Жолдауында Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетіндігін жария етті. Екінші, 2015 жылы 11 қыркүйек — Елбасының қатысуымен Астанада 550 жылдыққа арнап салтанатты жиын болған күн, — деді тарихшы.

ҚазАқпарат

АҚШ ғалымдары өлген адамды қайта тірілтуді үйренбек

АҚШ ғалымдары өлген адамды қайта тірілтуді үйренбекАҚШ ғалымдары 2045 жылға қарай бірегей технология құрастырып шығаруды жоспарлап отыр. Ол өлген адамды қайта тірілтуге мүмкіндік беретін болады.

Джоша Боканегра  есімді зерттеуші Humai аталатын жаңа жоба жасап шығарды. Оның негізі жасанды интеллектен тұрады. Ғалымның пікірінше, жобаны жүзеге асыру үшін адам көз жұма салысымен миын мұздатып қою керек, яғни криогендік қалыпқа әкелу керек деп санайды. Сосын барып жасанды денеге мұздатылған миды салып, тірілтуге болады, дейді ғалым. Сондай-ақ адамды тірілту үшін ми оны мұздатып және еріту кезінде зақымданбау керек екені атап өтілді.

Мамандар жаңа технология ғаламшарда адамзат өлімін азайтуға мүмкіндік береді деп болжап отыр. Сондай-ақ олар қайта тірілген адам бұрынғы қалыпта өмір сүретінін айтты.

ҚазАқпарат

Цукерберг үйге көмек үшін жасанды интеллект құрмақшы

Цукерберг үйге көмек үшін жасанды интеллект құрмақшыFacebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг 2016 жылы үйде, жұмыста көмектесетін жасанды интеллект құруды жоспарлады.

«2016 жылы мен алдыма қарапайым жасанды интеллект құру мақсатын қойдым, ол үй іші істерін басқарып, маған жұмыста көмектесер еді. Мысалға, «Темір адамдағы» Джарвис тәрізді», — деп жазады Цукерберг әлеуметтік желідегі өз парақшасында.

Цукерберг жасанды интеллектіні құруды бүгінгі күні бұл саладағы технология қандай жетістікке жеткенін зерделеуден бастауды жоспарлауда.

«Бұдан кейін біздің үйдегі барлық нәрсені — музыканы, жарықты, температураны және басқаларын басқаруы үшін мен оны дауысымды түсінуге, менің достарым есікке қоңырау шалғанда, олардың бет-әлпетін тануға үйретемін», — деп жазды Цукерберг.

Сондай-ақ жасанды интеллект оған сервистер және жаңа жобалар жасауға көмектесуі тиіс.

Facebook басшысы әр жыл сайын өзінің алдына жаңа міндеттер қойып отырады. Мысалға, өткен бірнеше жылдары ол айына кемінде екі кітап оқуға, солтүстік қытай тілін үйренуге және әр күні жаңа достар табуға уәде берген болатын. Оның айтуынша, жаңа басталған жылдың тақырыбы «жасанды көмекші» ойлап табу болмақ.

ҚазАқпарат

АҚШ-та кассалық жиын бойынша «Жұлдызды соғыстар -7» (Звездные войны-7) «Титаниктен» асып түсті

АҚШ-та кассалық жиын бойынша "Жұлдызды соғыстар-7" (Звездные войны-7) "Титаниктен" асып түсті«Жұлдызды соғыстар» фильмінің жетінші бөлімі (Star Wars: The Force Awakens) кассалық жиындар бойынша  рекордты жаңартып отыр, деп жазады РИА Новости.

Өткен аптада Джеффри Джейкоб Абрамстың АҚШ-тағы кассалық жиыны 686.4 миллион долларды құрады. Ал прокаттан ол 658.7 миллион жинаған. Осылайша «Жұлдызды соғыстар» Джеймс Кэмеронның «Титанигінен» озып кетті, деп хабарлады WBS Radio.

Үйдегі түсім бойынша рекордты Кэмеронның  «Аватар» фильмі орнатқан. Ол АҚШ-та 760.5 миллион доллар жинаған болатын.

Оған қоса, осы уақыт ішінде әлемдік прокатта «Жұлдызды соғыстар-7» 1.39 миллиард доллар жинап үлгеріпті. Әлемдік прокат көрсеткіші бойынша ол жетінші орында, деп жазады РИА Новости.

Әлемдегі ең кәрі ағаш Швецияда өседі

Әлемдегі ең кәрі ағаш Швецияда өседіШвецияда әлемдегі ең кәрі ағаш өседі. Бұл ағаштың жасы 9,5 мың жылды құрайды.  Оның жасын мамандар жаңа әдісті қолдану арқылы анықтады.

Умеодағы Ғылыми-зерттеу университетінің ғалымы Лейф Каллман ең кәрі шыршаға Кәрі Тикко деген ат берді. Тикко оның жақында өліп қалған итінің аты болса керек.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, мамандар бұл  ағаш Мұз дәуірі кезеңдерінде өсе бастаған деп болжап отыр.

ҚазАқпарат

Астанада үлкен сырғанақ жасалып жатыр

Астанада үлкен сырғанақ жасалып жатырАстанада ең үлкен сырғанақ жасау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Фейсбуктегі «Астана. Не? Қайда? Қашан?» тобында Александр Гончаренко мәлімдеді.

Ол аталған топта MEGA ойын-сауық орталығы ауданында салынып жатқан сырғанақтың суреттерін жариялады.

«Елордамызда Қазақстандағы ең үлкен сырғанақтың құрылысы басталып кетті. Оның биіктігі 8 метрді құрайды, ал ұзындығы шамамен 40 метр болмақ. Мұз үстімен бұл сырғанақта шамамен 150 метрге дейін сырғанауға болады», — деп жазады Александр Гончаренко.

LG G5 смартфонында қос дисплей болады

LG G5 смартфонында қос дисплей боладыLG компаниясы G5 смартфонын осы жылдың бірінші тоқсанында шығаруға бел буды. Оның басты ерекшелігі қос дисплей болмақ.

Смартфонда негізгі (5,3 дюйм) және оның үстінен орнатылған қосымша экран болады. Қосымша дисплей заманауи смартфондар экранының жоғары бөлігінде көрсетілетін ақпаратқа арналған.

Сипаттамасына келер болсақ, бұл модельде Snapdragon 820 процессоры болады. Құрылғының оперативті жадысы 32 Гб құрайды. Смартфонның 16 және 8 мегапиксельді екі камерасы бар.

Бір қызығы, LG G5 иесін оның саусақ іздерінің таңбасынан танитындай етіп шығарылады. Сондай-ақ оның «сиқырлы слот» атты саңылауына өзге түрлі аксессуарларды жалғай аласыз.  Сарапшылардың айтуынша, енді бұл смартфон iPhone 6s Plus-пен толыққанды бәсекеге түседі.

24.kz

Samsung «ақылды белдікті» жұрт назарына ұсынды

Samsung «ақылды белдікті» жұрт назарына ұсындыSamsung компаниясы жаңа «ақылды белдік» атты гаджет ұсынып отыр. Бұл құрылғы бұрынғы туындылардан ерекше.

Шалбарға тағылатын белдік шынымен-ақ «ақылды».

Бір қызығы, бұл белдік иесінің белінің неше сантиметр екендігін өлшеп, ол жүрген кезде қадамдары мен сол жүруге кеткен уақытты есептеп тіркейді. Сондай-ақ бұл белдікті таққан адам қанша уақытты қимыл-қозғалыссыз өткізгенін де біле алады. Мұнымен қоса, гаджет адамның қанша тамақ жегенін де қадағалайды.

Белдікке түскен барлық ақпарат смартфондағы арнайы қосымша арқылы онымен сәйкестендірілу арқылы оқылады. Мамандардың айтуынша, бұл белдік салауатты өмір салтын ұстанушылар мен денсаулығын күтіп қарайтын жандар үшін таптырмайтын гаджет.

24.kz