Домой Блог Страница 25

Тәуелсіздік күніне орай елордалық циркте «Жібек жолы» қойылымының премьерасы өтеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай желтоқсанның 3-інен 18-іне дейін елордалық циркте Қырғызстан және Ресей артистерінің қатысуымен «Жібек жолы» қойылымының премьерасы өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тақырыптық қойылым үшін бірегей костюмдер тігіліп, цирк манежі түрлі декорациялармен және жарықпен безендіріледі. Шоу-бағдарламаға елорда циркінің кәсіпқой артистері де тартылды. Қойылымға әуе гимнастары, ерекше жанрдың артистері, «Ат үстінде хула-хуппен гротеск», «Томирис» балет-цирк номері енгізілді. Көрермендерді көңілді сайқымазақтар мен иттер, түйелер, аюлар, Джуди атты жайдары маймыл және тағы да басқа қызықты номерлер қуантады.

Астана полицейлері «Мейірімді қала» акциясына қатысты

c-1Бүгін Астана қ. ІІД «Алматы» ауданының ІІД қызметкерлері «Мейірімді қала» әлеуметтік акциясына қатысып, онкологиялық ауруларға шалдыққан балалар үшін қан тапсырды. Әрқайсысы 400-450 миллилитр қан тапсырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Көптеген сақшылар үшін бұл үйреншікті процедура. Мысалы, «Алматы» ІІД тергеу бөлімінің бастығы полиция капитаны Диас Тоқатов осымен он бірінші рет қан тапсыруда, ол 2008 жылдан бері ресми түрде қан доноры болып табылады.

«Мен бұл қайырымды акцияға көп жылдан бері қатысып келемін, және бірінші кезекте донор қаны өте қажет болатын адамдар туралы ойлаймын. Науқас балаларға көмектесе алатынымызға қуаныштымыз»,  деді Диас Тоқатов.

Еске салсақ, елордада «Мейірімді қала» акциясы басталды. Оның мақсаты —  жалғыз тұратын зейнеткерлер, барлық топтардағы мүмкіндігі шектеулі жандар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, көп балалы аналар, жетім балалар, онкологиялық ауруларға шалдыққан балалар, церебралды сал ауруына шалдыққан және туберкулезбен ауыратын балалар сияқты азаматтардың жеңілдікті санаттарын қамқорлыққа алу.

Түрлі бағыттар бойынша қолдау көрсетіледі, яғни, азық-түлік өнімдерін, көмір, киім-кешек сатып алу, дәріханадан дәрі-дәрмек сатып алу үшін сертификаттар және т.б.

Акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Акцияға қатысуға ниет танытқандар Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік көмек басқармасына Иманбаев көшесі 16. 1 бөлме мекен жайы бойынша келе алады.

Сондай-ақ, қала аудандарының әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне хабарласуға болады, «Алматы» ауданы  21-09-41, «Сарыарқа» ауданы  21-27-14, «Есіл» ауданы  21-29-88. Көмекке мұқтаж жандардың аты-жөндері мен мекен-жайларын осы бөлімдерден алуға болады.

Елордалық емханалар ашық есік күнін өткізеді

cЕртең, 3 желтоқсан күні, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Денсаулық» акциясы ұйымдастырылады. Таңғы сағат 9-дан қаланың барлық емханаларында халық үшін ашық есік күні басталады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бұл күні қала тұрғындары кардиолог, невропатолог, эндокринолог, гинеколог, онколог мамандардың кеңесін ала алады. Сондай-ақ, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылады.

«Елорда емханаларында мұндай акциялар тұрақты негізде өткізіліп тұрады, мысалы, қан айналымы жүйесі ауруларының, инсульттың, бронхиалды астманың, онкологиялық аурулардың, соның ішінде сүт бездерінің қатерлі ісігінің, туберкулездің, қант диабетінің және т.б. аурулардың алдын алу бойынша. Барлық акциялардың басты мақсаты қоғамның назарын аурулардың өршуінен туындайтын өзекті мәселелерге аудару; ауыру қаупі жоғары топтарды медициналық көмекке дер кезінде жүгінудің маңыздылығы туралы ақпараттандыру, және қазақстандықтардың өз денсаулықтары үшін ынтымақты жауапкершілігін арттыру», — деп атап көрсетті Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ақмарал Құрманбаева.

Шараның ұйымдастырушысы — Астана қ. Денсаулық сақтау басқармасы. Акция сағат 13-ке дейін жалғасады.

Астанада жексенбі күні қысқы маусым басталады

cАлдағы демалыс күндері елордада қысқы маусым ресми түрде басталады. Ашылу кезінде шаңғы-роллерлік трассада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаңғы жарысы өтеді. Оған ниет білдірген кез келген жастағы тұрғындар қатыса алады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қатысушылар 10:30-дан бастап тіркеледі. Шаңғы фестивалі барысында ерлер 2 шақырым, әйелдер 1 шақырым жүріп өтеді. Балалар жастарына қарай түрлі қашықтықтарға шығады.

Сондай-ақ, бүгін, 2 желтоқсанда «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогының 3-кезеңі өтеді. Елордалық мұз айдынында өз шеберліктерін көрсету үшін әлемнің 26 елінен 357 спортшы жиналды. 3 желтоқсанда «Дәулет» спорт кешенінде жас теннисшілер арасында ең мықтылар анықталады. Ал 7 желтоқсанда елордада ардагерлер арасында шахматтан қала біріншілігі өтсе, 10 желтоқсан күні шахматтан 10-шы қалалық турнир ұйымдастырылады. Осы күні «Алатау» спорт кешенінде садақ атудан елорда чемпионаты жалауын көтереді.

Күні кеше Астанада үрмелі футбол кортында 2003-2004 жылдары туған қыздар арасында футболдан қала біріншілігі ашылды. Чемпионат 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Үздік шыққан командалар кубоктармен, дипломдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бұған қоса, түрлі номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталады. Сонымен қатар, «Толқын» спорт кешенінде 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан қалалық турнир өтіп жатыр.

Сондай-ақ, елорданың Оқушылар сарайында грек-рим күресінен Астана чемпионаты аяқталды, оған 50 спортшы қатысты. Қатысушылар түрлі спорт мектептері мен клубтардың атынан сайысқа түсті.

Шымкентте 3 мың оқушыны тегін тасымалдайтын 19 автобус берілді

f2e75c3e-452d-45b7-914c-4d94ef0cdd63ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласындағы 10 мектепке оқушы тасымалдау үшін 19 жаңа автобус  берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа көліктердің кілтін мектеп директорларына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев табыстап, барша жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

«Қымбатты оқушылар бұл көлік сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету және  жақсы оқып, үлгілі оқушы болуларыңыз үшін беріліп отыр. Сондай-ақ, автобус балаларды тарихи-мәдени ескерткіштерге саяхатқа шығуы үшін де қолданылады. Бұл игі шара Елбасының болашақ ұрпаққа жасаған қамқорлығы деп білемін. Енді қаладағы 3 мыңға жуық оқушы мектепке жеке автобустар арқылы тегін тасымалданатын болады», — деді аймақ басшысы.

Бұған дейін оқушыларды тасымалдау жұмыстары келісім-шарт арқылы жеке кәсіпкерлер  «Абад ЮГ»   ЖШС және «Төлеби  Автобус Паркі» ЖШС арқылы  жүргізіліп отырған болатын.

Бұл автобустар мектептен 3 шақырым қашықтықта тұратын балалардың тасымалын ұйымдастыру үшін сатып алынды.

Осы күні күрделі жөндеуден өткен  Шымкент қалалық əкімшілігінің ескі ғимараты  пайдалануға берілді. Атқарылған жұмыстың сапасын өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аралап көрді.

Атап айтар болсақ, ғимараттың іргетасы 1950 жылы қаланған. 2015 жылдың қыркүйегінен басталған нысанның қайта жөндеу жұмыстарына 500 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда бұл ғимаратқа Əл-Фараби аудан аппаратымен қатар қалалық білім бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі орналасты.

Алматы облысында бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 87 пайызға жетті

20160525232706Талдықорғанда 80 орындық «Balabala» балабақшасы ашылды.  Нысанды талдықорғандық кәсіпкер Әлия Есқожанова өз қаржысына салған.

Мекеменің  ашылуына арнайы келген Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар талдықорғандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен және Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Алматы облысында небәрі 47 балабақша болса, бүгінде олардың саны 903-ке жетті. Бүлдіршіндерді мекемемен қамту көрсеткіші 3 пайыздан 87 пайызға жетіп отыр. Яғни, осы көрсеткіштер арқылы ширек ғасырда елдің әлеуметтік мәселелерін шешуде қандай жұмыстар атқарылғанын бағамдауға болады», — деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

 Меймандар мекеменің жұмысымен танысып, балалардың өнерін тамашалады. Соңынан балдырғандарға сый-сияпаттарын үлестірді.

«Балабақша ашам деушілерге мемлекеттен қолдау көп. Әрі бұл іс халыққа пайдалы.Мәселен,Талдықорғанда 9 мың бүлдіршін бақша кезегінде тұр екен. Осы істі бастай отырып мен де еліміздің дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Нысанның ашылуымен 31 азамат жұмыспен қамтылды. Бақшада балалар үшін бар жағдай жасалған. Оқу үш тілде жүргізіледі. Ата-аналар айына 18 мың төлейді. Біз қызмет көрсету сапасын үнемі жақсартып отырамыз»,- дейді кәсіпкер.

Айта кету керек, бүгін Алматы облысында 25 балабақша ашылды.

ҚазАқпарат

Астанада арбитраж палатасы құрылды

20161130174714Астанада Қазақстанның арбитраж палатасы құрылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Палатаның алғашқы құрылтай съезі Әділет министрлігінде өтті.

«Жаңа қоғамдық ұйым еліміздегі арбитрлерді үздіксіз қызмет ететін ұйымға біріктіріп отыр. Бұл коммерциялық емес ұйым бізде алғаш рет құрылды. Ол сонымен қатар xалықаралық арбитраж ұйымдарымен байланысты тереңдетуге ықпал жасайды. Арбитраж палатасының құрылуы елдегі отандық арбитраждың дамуын жаңа деңгейге көтереді», — деді Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина.

Қазақстанның арбитраж палатасы xалық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарды жүргізіп, заң шығару процесіне және палата мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға атсалысады. Азаматтар дауларды арбитраж арқылы шешудің жолдарын білетін болады. Бұл өз кезегінде судьяларға түсетін салмақты азайтпақ.

Палатаның құрылуы отандық арбитраж институтын жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде. 2016 жылдың 30 қарашасы осы сала тарихында қуатты қозғалыс — Қазақстан арбитраж палатасының құрылған күні ретінде қалады.

Отырарлықтар «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы» шарасында бас қосты

20161202083155Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында 1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы» атты салтанатты шара болып өтті.

Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, жастарды Отанын, халқын сүюге, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында өткен шарада аудан әкімі Ерлан Айтаханов көпшілікті айтулы меркелерімен құттықтады.

«Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі, еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аз ғана жылдың ішінде бұрын-соңды болмаған мемлекет құрды. Қазақстан — әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Мыңдаған жылдар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің туын көтерді. Әлемнің көптеген өркениетті елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты. Ұлы Қазақстан өзге мемлекеттердің даму жолдарын саралады, өзінің көпқырлы саясатын қалыптастырды, ұлттық сана мен ұлттық танымға үлкен өзгерістер енгізді. Ұлттық идеологияның, мемлекеттік саясаттың басым бағыттары белгіленді. Елбасымыздың сөзімен айтқанда «Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды…»,-деп ізгі лебізін білдірді ол.

Салтанатты шарада қазақтың халық ақыны Әселхан Қалыбекова мерекеге орай жиналған жұртқа жырдан шашу шашты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев ширек ғасырда елімізде көптеген игілікті істердің жүзеге асуы тікелей Елбасымыздың сындарлы саясатымен байланысты екендігін атап өтіп, аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтады.

Шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

ҚазАқпарат

Түркістандықтар Тұңғыш Президент күнін айрықша атап өтті

20161201183840Тұңғыш Президент күні мерекесін түркістандықтар ерекше әсермен атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мерекелік шара Түркістан қаласындағы сазды драма теарында ұйымдастырылған. Осы театр әртістері шара басталған соң шағын қойылым ұсынып, Елбасының ел билігіне кіріскенде жүрегіндегі аласапыран күйімен арпалысатын сәтін сахналады. Көрермендердің қызу қолдауына ие болған шағын көрініс көпшілікке ерекше әсер қалдырды.Осылайша бастау алған мерекелік жиында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков пен қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, жұртшылыққа ыстық лебіздерін жеткізді.

Салтанатты жиында Елбасы жайында арнайы әзірленген фильм көрсетіліп, ұлт көшбасшысының әндері шырқалды. Айта кетейік, түркістандықтар мұның алдында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай «Түркістан және Елбасы» көрмесінің ашылу салтанатын өткізген болатын. Көрме экспозициясында қорық-мұражай қорынан мерекелі күннің маңызын аша түсетін 50-ден астам жәдігерлер қойылған.

Айта кетейік, Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев барша жұртты ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

«Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалатын ғаламат жобалар 25 жылда жүзеге асты. Халық пен мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту сіздер мен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе деп есептеймін.

Елбасымыз ата-бабаларымыздың Тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, мемлекет басшысың тарих үшін қысқа мерзімде Қазақстанның жаңа астанасын салып, шығыс пен батыстың мәдениетін үйлестірген бірегей орталыққа айналдырды.

Орайы келгенде айта кетерлігі, Елбасы мен Түркістанды егіз ұғым дер едік. Өйткені «Қазақстанның рухани орталығы» деп, мемлекет басшысының өзі атап өткендей Түркістан қаласы Президентіміздің назарынан бір сәтке де тыс қалған емес. Осы Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Түркістанға 13 рет келіп, 6 мемлекеттің Президенттерін Түркістанда қабылдады. Әрдайым өңіріміздің қасиетін тілге тиек етіп, Түркістанды түлетуге деген ықыласы ерекше. Соның нәтижесінде Тәуелсіздігімізбен қатар бой көтерген Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті бүгінде Түркістанды түркі әлемінің білім орталықтарының біріне айналдырды»,-деп атап өтті қала әкімі өз құттықтауында.

Отырар ауданында қос мерекеге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды

20161201184509Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Мәдениет сарайында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және 1 желтоқсан — ҚР тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мерекенің мәні мен маңызын ашу, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын насихаттау мақсатында қойылған көрмеге тұлғаның кітаптары, Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметіне арналған жаңа жинақтар да қойылған.

Ұйымдастырушылар оқырмандарға егемендігіміздің ширек ғасыры ішіндегі жетістіктермен қатар Елбасының әлем елдеріне жасаған жұмыс сапарлары кезінде сөйлеген сөздерімен де танысуға мүмкіндік беріп отыр.

Мереке күні оқырмандарға ұсынылған көрменің ашылуына аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, көпшілікті ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында атап өтіп отырған 1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Құттықтау сөзінде аудан әкімі «Елбасының дана саясатының арқасында Астананың арқа төсіне қоныс аударуы мемлекетіміздің тұтастығын нығайтты. Осының арқасында миллиондаған отандасымыз болашақтың қандай болатынын көз алдарына әкеліп, сол жарқын болашақ үшін тынбай еңбек ету қажеттігін түсініп, ортақ іске құлшынды» деп атап өтіп, ҚР тұңғыш Президенті өзінің жас та тәуелсіз елін әлем алдында зор абырой мен беделге ие, жүзі жарқын, еңсесі тік мемлекетке айналдырғандығын жеткізді.