Домой Блог Страница 256

Абай «Қара сөздерінің» негізінде телехикая түсірді

Абайдың «Қара сөздерінің» негізінде телехикая түсірдіҰлы ойшыл Абай Құнанбайұлының мол мұрасының бірі — «Қара сөздері». Қашан да өміршең мұра кешегі күннің де, бүгінгінің де, тіпті болашақтың да тамырын дөп басады.

Түрлі отбасының ХІХ ғасырдың, ХХ ғасырдың 40 және 90-ыншы жылдарындағы үш ұрпағының өмірі туралы «Ақылдың кілті» телехикаясы Абайдың «Қара сөздерінің» мазмұнын қамтиды. Оның тұсаукесері 10 желтоқсан күні Қазмедиа орталығының киноконцерт залында өтті.
Қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы Абайдың 170 жылдығына орай түсірілген 12 сериядан тұратын «Ақылдың кілті. Өмір дастаны» туындысы арқылы ойшылдың «Қара сөздерінен» жас ұрпаққа ұлағат айту көзделген.
Картинаға театр және кино актерлері Дулыға Ақмолда, Данияр Базарқұлов, Бауыржан Қаптағаев, Дархан Сүлейменов және басқалар қатысты.
Бірегей телетуынды «Хабар» телеарнасының эфирінен желтоқсанның соңында көрсетілетін болады, деп хабарланған телеарна сайтында.

ҚазАқпарат

Талғат Бигелдиновтің мүсіні Ресей музейіне табысталды

Талғат Бигелдиновтің мүсіні Ресей музейіне табысталдыКеңес одағының батыры, авиацияның генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің мүсіні Ресей Ұлы Отан соғысының орталық музейіне табысталды.

Қазақстан мен Ресейдің мұндай ортақ бастамасына еліміздің Ресейдегі елшілігі де қолдау көрсеткен.

Атақты қаһарманды еске алу үшін ардагерлер мен қоғам қайраткерлері жиналды. Салтанатты рәсімге Ресейдегі қандас бауырларымыз бен мектеп оқушылары да қатысты. Талғат Бигелдиновтің жеке құжаттарының көшірмесі де ресейлік әріптестердің қолына берілді. Батырдың мүсіні «Берлин үшін шайқас» залының алдында орнатылмақ. Өйткені Бигелдинов Берлин шайқастарында эскадрильяға жетекшілік жасағаны үшін «Алтын Жұлдыз» медалін алған еді.

Соғыстан кейін ол қоғамдық жұмыстармен айналысып, қайырымдылық қорының президенті болды. Бұл қор Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне көмектесіп, жетім балаларға жәрдемдескен.

24.kz

Швеция қағаз ақшадан бас тартқан тұңғыш ел атануы мүмкін

Швеция қағаз ақшадан бас тартқан тұңғыш ел атануы мүмкін1661 жылы әлемде алғашқылардың бірі болып қағаз ақшаны айналымға ендірген Швеция одан бас тартқан «бірінші мемлекет» болуы да мүмкін.

Сарапшылар осындай болжамдар айтуда. Өйткені соңғы 18 жылда банк карталары арқылы жасалатын төлемдер саны 10 есеге артса керек. Сәйкесінше, қолма-қол есеп айырысушылардың саны күрт қысқарып барады.

Швеция астанасы Стокгольм орталығында орналасқан дүкенде әдетте төсек-орын жабдықтары сатылады. Ол 2012 жылдан бері қолма-қол ақша қабылдаудан бас тартқан. «Өйткені бұл қауіпсіз емес», — дейді дүкен қызметкерлері. Бүгінде көшеде сауда жасайтын саудагерлердің өздері де төлем қабылдаудың осы түріне көшкен. Тіпті онлайн-садақа аудару операциясы да халық арасында аса танымалдылыққа ие болып келе жатқан көрінеді.

Дегенмен халықтың барлығы карточка арқылы төлем жасауға асықпайды. Бұл негізінен егде жастағы кісілер мен шалғай аудандарда тұратын тұрғындар. Өйткені бүгінде мұнда пластикалық картаны қалай қолданатынын білмейтін ауыл адамдары өте көп.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазір Швециядағы төлемдердің 97%-ы электронды түрде жасалады. Яғни халықтың дені қолма-қол ақшадан бас тартуды қолдайды деген сөз. Сарапшылардың айтуынша, бұл тек қылмыспен ғана күресіп қоймай, салықтан жалтарушылардың да жолын кесе алады. «Оның үстіне электрондық төлемдер ақшаны өңдеуге кететін банк шығынын да жояды», — дейді мамандар.

24.kz

Panasonic қызанақ тергіш робот шығарды

Panasonic қызанақ тергіш робот шығардыPanasonic компаниясы бақшадан қызанақ теретін роботты көпшілікке ұсынды. Бұл туралы компанияның ресми сайты хабарлайды.

Құрылғының жұмысындағы басты міндетті оның «көзі», яғни жемістерді танып, білетін шағын камерасы атқарады. Мұнан өзге, роботтың сенсоры қызанақтың пісіп-жетілгендігін немесе әлі шикі екендігін дәл анықтайды. Робот піскен қызанақты жазбай таниды екен.

Panasonic жаңа роботы 20 секундта бір жемісті тереді. Бірақ, өнертапқыштар бұл көрсеткішті 6 секундке дейін азайтуды жоспарлауда. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл құрылғыны ауыл шаруашылығында кеңінен қолдануға болады.

24.kz

Елордада айналма жол салынып жатыр

Елордада айналма жол салынып жатыр

Астанада ұзындығы 36 км кіші айналма жол салынуда. Жоба құрылысы 2017-2019 жж. аяқталады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда кіші айналма жол құрылысы барысында 22,8 км жол салынып, Ш. Бейсекова көшесінің Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігін салу аяқталып қалды. Ш. Бейсекова көшесінің Қорғалжын тас жолынан Н. Тілендиев даңғылына, № 14 көшеге дейінгі бөлігінде тиісті жұмыстар жалғасуда. Кіші айналма жолды салу үшін Ш. Бейсекова көшесінің Н. Тілендиев даңғылынан Конституция көшесіне дейінгі бөлігіндегі жер учаскесі босатылады, сондай-ақ, Сарайшық көшесінде инженерлік желілер тартылып жатыр.

Қазіргі кезде Угольный көшесінде Бөгенбай батыр даңғылынан Ш. Бейсекова көшесіне дейінгі және Ш. Бейсекова көшесінде Угольный көшесінен Конституция көшесіне дейінгі жол бөліктерін, соның ішінде екі көлік орамын және теміржол арқылы бір жол өтпесін салу жобалары әзірленіп жатыр.

Астана қаласының түзетілген бас жоспарына сәйкес кіші айналма жолдың шекарасына № 27 (Хусейн Бен Талал) көшенің құрылысы да жатады. Бүгінде № 27 көшенің № 39 көшеден Ш. Қалдаяқов көшесіне дейінгі бөлігі жобалану үстінде.

baq.kz

Астана мен Алматы вокзалдарында заманауи кассалар ашылды

 Астана мен Алматы вокзалдарында заманауи кассалар ашылдыЖолаушыларға ыңғайлы жағдай жасап, сапалы қызмет көрсету мақсатында Астана және Алматы қалалары теміржолдарында заманауи кассалар да ашылды. Сонымен қатар, тәуелсіздік күні мен жаңа жыл мерекелері қарсаңында еліміздің барлық бағыттарына қосымша 7 пойыз жөнелтіледі.

Лаундж-касса деп аталған жаңашылдық тұрғындардың әуе, көлік және темір жол билеттерін ешқандай кезексіз арнайы жабдықталған бөлімшеден сатып алу мүмкіндігін береді. Онда көшірме жасау, ұялы телефонды қуаттау, демалыс орны мен ақпарат алу қызметтері ұсынылады. Қызмет құны әрбір сатып алынған билет бағасынан есептеліп алынады. Ұлттық компания өкілдерінің сөзінше, вокзал ішінен ашылған қызмет орталығын кәсіпкерлер 5 жылға жалға алған. «Әрбір көрсетілген қызмет түрі 300 теңгеге бағаланғандықтан, мемлекеттік бюджетке де кіріс кіреді»,– дейді компания өкілдері.

Әубәкір Смайылов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бөлім басшысы:

— Жалпы болашақта осындай лаундж кассалары бүкіл облыс орталықтарында ашу жоспарланып отыр. Бұл – ең алғашқы қадамымыз. Жалпы бұл жерде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, зейнеткерлерге және студенттерге тегін қызмет көрсетіледі. Яғни, олардан комиссия алынбайды.

Хабар

Мерекеге орай мемлекеттік наградалар тапсырылды

dad612ed76c60a183a2072bbbb63c99cБүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Тәуелсіздік күні қарсаңында өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырды. Марапаттар Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен салтанатты жиын барысында ұсынылды.

Салтанатты жиында облыс әкімі А. Баталов жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

— Сіздерді еліміздің Ұлттық мерекесі – қасиетті Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз Қазақстан қысқа мерзім ішінде қуатты да гүлденген мемлекет құруда үлкен табыстарға қол жеткізді. Тиімді де бәсекеге қабілетті экономиканың негізі қаланды.

Қазақстанның жетістіктері мен әлемдік деңгейдегі жоғары бағасы – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің, зор еңбегінің нәтижесі.

Алға қойған міндеттерді орындау үшін біздің әлеуетіміз жеткілікті, мүмкіндігіміз мол. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын нақты нәтижелермен, қомақты табыспен қарсы аламыз, — деді өңір басшысы А. Баталов.

Сонымен қатар Амандық Баталов өз сөзінде Президенттің тапсырмаларының орындалу барысына да тоқталып өтті.

Мемлекет басшысының қант қызылшасын, жүгері мен апортты қайта жаңғырту жө­ніндегі тапсырмасы сәтімен іске асырылып келеді.

«100 нақты қадам» Ұлт жос­­пары аясында біз инвес­тиция тартуға баса көңіл бөліп отырмыз. Бұл үшін біз отандық бизнестің жетекші өкілдерімен бірқатар кездесулер өткіздік. Кездесу барысында олар 140 ұсыныс жасап, жалпы сомасы 532 млрд. теңгені құрайтын 75 ин­вест­жоба іске асырыла бастады, нәтижесінде 9 912 жұмыс орны ашылады.

Алдағы уақытта шағын және орта бизнестің бел­сенділігін арттыру және «басты өндірістерді», аг­ро­өнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту арқылы тұр­ғындарды еңбекпен қамтуға баса назар ауда­рамыз, — деп атап көрсетті өңір басшысы.

Құтықтау сөзден соң мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еселі еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар достығын нығайтудағы белсенділігі үшін облыстық басқармалардың басшылары, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласында еңбек етіп жүрген азаматтар, өңірдегі белгілі қоғам қайраткерлері әкімнің қолынан наградалар алды. Оларға, атап айтқанда «Құрмет», «Парасат», III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары мен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы және мерекелік медальдар берілді.

Салтанатты жиын соңында мерекелік концерт ұсынылды.

Қазақ ғалымы 25 жасқа жасартатын білезік ойлап тапты

Қазақ ғалымы 25 жасқа жасартатын білезік ойлап таптыАлматы қаласының тұрғыны, филиолог Төреғали Батырханұлы жасартатын электронды білезік ойлап тапты. Ғалымның айтуынша, білезік арқылы 25 жасқа жасаруға болады.

Құрылғының жұмысы қарапайым түсіндіріледі: қысым түскен сәтте білезік «қуаныш гормоны» серотинин мен эндорфин өндіруге септігін тигізеді. «Адамда 30 секунд бойы жағымды гормондар бөлінуі керек. Ал 30 секундтан асып кетсе ол улы гормондар болады. Осы құрылғы ағзаны анықтап, қалпына келтіреді. Сонда адамда жасару үдерісі жүріп, жақсы көңіл-күйі пайда болады», — дейді физиолог.

Төреғали Батырханұлы құрылғыны 10 жылға жуық уақыт бойы жасаған. Тіпті патенттеп қойыпты. Білезікті киіп көргендер бірнеше процедурадан кейін ауыр күйзелістің жоғалатынын байқапты. Алайда қазіргі уақытта білезікті ғалымның туыстары ғана тағып жүр. Әйтсе де, ғалым өз ойлап тапқан білезіктің эстетикалық медицинаның айнымас бір бөлігіне айналады деп сенеді. Оның пікірінше, толықтай жасару үшін сегіз ғана процедурадан өту керек екен.

kaz.tengrinews.kz

2016 жылға арналған басымдығы бар мамандықтар тізбесі бекітілді

2016 жылға арналған басымдығы бар мамандықтар тізбесі бекітілдіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында 2016 жылға арналған басымдығы бар мамандықтар тізбесі бекітілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Комиссия отырысын ашқан Г.Әбдіқалықова «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында Мемлекет басшысы жаңа әлеуметтік саясат ұсынғанын айтты. Елбасы атап өткендей, «әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы бар ісі адами капиталды дамытуға кең ауқымды инвестициялар салу болуға тиіс». Бұл орайда әлемнің үздік университеттерінде жоғары білікті кадрлар даярлау мәселесі маңызды мәселе болып отыр.

Мемлекеттік хатшы ұлттық экономиканың жетекші салаларын қарқынды дамыту үшін озық білім мен тәжірибені белсенді түрде трансферттеу үдерісіндегі стипендияның ерекше рөлін атап өтті. Комиссия шешімімен әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына магистратурада және докторантурада оқуға, тағылымдамаға жіберілетін 375 үміткерге стипендия тағайындалды. Сондай-ақ Комиссия жұмысы аясында 2016 жылға арналған басымдығы бар мамандықтар тізбесі бекітілді.

Мамандықтардың жаңа тізімі мемлекеттік органдар тапсырыстары бойынша ғана жасақталды және екі есеге дейін қысқартылды. Тізбеде барлығы 161 мамандық ұсынылған, оның 45-і – медициналық, 67-сі – техникалық, 49-ы – гуманитарлық мамандық. Отырысты қорытындылаған Мемлекеттік хатшы жаңа 2016 жылы стипендия белгілеу ісін жетілдірудің жаңа бағыттарын жүзеге асыруға және үміткерлерді іріктеудің сапасын арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.

 24.kz

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов журналистерді марапаттады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов журналистерді марапаттадыБүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов журналистер арасында өткен конкурстың жеңімпаздарын марапаттады деп хабарлайды jas.kz порталы.

Жалпы конкурсқа республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының облыстағы меншікті тілшілері мен облыстық БАҚ өкілдері – жалпы жүзден астам адам қатысып, олардан 595 мақала, 118 бейне материалдар мен 37 фотосурет түскен.

12 аталым бойынша өткен конкурста Елбасы Жолдаулары мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын, Мемлекет басшысының әлемдік аренадағы бітімгершілік қызметін, халықаралық бастамаларын, еліміздің дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуын насихаттаған тілшілер мен фототілшілер, телеоператорлардың еңбегі атап өтілді. Олардың арасында «Хабар», «24 kz», «31», «СТВ» телеарналарының, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Қазақстан заман», «Время» басылымдарының тілшілері де бар.