Домой Блог Страница 259

Қазақ тіліндегі жаңа мобильді қосымшалардың тұсауы кесілді

Қазақ тіліндегі жаңа мобильді қосымшалардың тұсауы кесілдіМемлекеттік тілді дамыту қоры Астанада екі жаңа мобильді қосымшаның тұсауын кесті.

«Кім білгіш?» ойыны арқылы қазақ тілін үйренумен қатар Ұлттық бірыңғай тестке дайындалуға болады. Қосымшада түрлі тақырыпты қамтитын 2500 сұрақ бар. Оқушылар сауалдарға бір-бірімен жарысып, жауап бере алады. Алдағы уақытта сауалдар санын 10 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Ал «Менің Қазақстаным» қосымшасында еліміздің ең көрікті жерлерінің суреттері жинақталған. Кез келген адам оның бәрін ұялы телефонына жүктей алады.
Айта кетсек, бұл жобаларды жүзеге асыру үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысы жаратылды. Сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту қоры «Кім білгіш?» қосымшасы арқылы мектеп оқушыларының арасында жарыс ұйымдастырды. Оның жеңімпаздары да бүгін марапатталды.
«ҰБТ-ға дайындалуға болады. Өте жақсы құрал. Өте ыңғайлы жасалған. Төрт жауабы бар. Тест сияқты келген», — дейді мектеп оқушысы Қуаныш Сансызбаев.
«Бұл жоба өте жоғары деңгейде жасалған. Өте қызықты. Бұл ойында мәдениет, спорт, тарих сынды тақырыптар бар. Елбасыға шексіз алғыс білдіремін. Осындай бастамалар жалғасын табады деген үміттеміз», — деді келесі мектеп оқушысы Гүлжайна Нағашыбек.

24.kz

Жүрегіңіз ауырмасын десеңіз: қан айналымын жақсартудың 11 жолы

Жүрегіңіз ауырмасын десеңіз: қан айналымын жақсартудың 11 жолыЕгер қан айналымында қандай да бір олқылықтар болса, оны аңғару қиын емес. Қан қысымының жоғарлауы, шаршау, кез келген ауа райында аяқ-қолдың тоңуы, бас ауруы – мұның барлығы қан айналымындағы өзгерістен хабар береді. Ал қанның дұрыс айналмауы жүрек жұмысына ауыртпалық түсіретіні түсінікті.

Ендеше қан айналымын жақсарту жолдарымен таныс болыңыз.

1. Тағам дәмдеуіштерін көбірек қолданыңыз. Қызыл, қара бұрыштар, гүлшетен (розмарин), жебіршөп (тимьян), даршын (корица), сондай-ақ сарымсақтың да қан айналымын арттыратын күші бар.

2. Сатымен көтерілуге көбіміз ерінгеннен жедел сатының (лифт) көмегіне жүгінеміз. Ал варикоздың алдын алып, жүрек бұлшықетін жаттықтыруда сатымен көтерілудің орны бөлек екеніне мән бермейміз.

3. Егер компьютер алдында ұзақ отыратын болсаңыз, арасында тұрып, дене жаттығуларын жасап тұру қажеттігін ұмытпаңыз. Ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру, оттектің жетіспеушілігі қанның ұюына себеп болады.

4. Темекіден бас тарту керек. Өйткені оның құрамындағы никотин ағзадағы С дәруменін сыртқа шығарып қана қоймай, сонымен қатар жүрек жұмысына кері әсерін тигізеді.

5. Массаж қан айналымын жақсартады. Массаж жасағаннан кейін денеміздің босаңсуы – қан айналымының дұрысталғанының көрсеткіші.

6. Дұрыс демалудың да маңызы мол. Аяғыңызды бас деңгейінен биіктеу, яғни аяқты сәл көтеріп, 15 минут жатудың өзі қан айналымының жақсаруына көп себеп болады. Кешке жұмыстан шаршап келгенде аяғыңызды көтеріп аздап жатуды әдетке айналдырыңыз.

7. Асқабақ, күнбағыс дәнегі, құрма, мейлінше көбірек жеміс-жидектер қолдануға тырысыңыз. Сонымен қатар қан айналымын ретке келтіруде қара шоколадтың да алар орны ерекше.

8. Салқын суға түсу бойды сергітіп, қан айналымын жақсартады. Ыстық ваннадан кейін салқын душ қабылдай отырып, инсульттің болу мүмкіндігін 30 пайызға азайтуға болады екен.

9. Көбірек қозғалыста болудың мәні зор. Қозғалыс, салауатты өмір салтын ұстану – қан айналымын жақсартудың бірден-бір жолы. Табиғатта жаяу серуендеп, таза ауда көбірек жүрген дұрыс.

10. Аяқкиімнің ыңғайлы болуы өте маңызды. Мүмкін болса, мейлінше көбірек жалаңаяқ жүрген дұрыс.

11. Күнделікті жылы су ішуді әдетке айналдырыңыз. Оның жүрегіңізге пайдасы мол. Ал суық су қан тамырларын тарылтады.

anabol.kz

Қазақстандықтардың жартысынан көбі ақшаны ұлттық валютада жинақтайды

0

Инфографика

«DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Қазақстандықтардың ұлттық валютаға сенімі. Экономиканың долларсыздануы» тақырыбында сауалнама жүргізді.
Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 1371 азамат қатысты. Олардың 74%-ы әйел адамдар, 26%-ы ер азаматтар.
Сұрақ қою әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама.
Сауалнама 2015 жылы 27 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін жүргізілді.
Статистикалық көрсеткіш қателігі 2,3%-дан аспайды.

Мүмкіндік болса, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 57%-ы депозитті ұлттық валютада ашар еді. Олардың 21%-ы депозит ашу үшін АҚШ долларын таңдайды. Евро валютасында ақша жинағысы келетін отандастарымыздың саны 8%. Респонденттердің 5%-ы депозиттерін теңге, доллар, евродан өзге валютада жинақтағысы келеді. Ал, мультивалюталық, яғни бірнеше валюталық депозит ашқысы келетіндер саны 9%-ға тең. Бұл мәліметтер «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болды.

Сонымен қатар, соңғы жылда сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 41%-ның ұлттық валютаға деген сенімі төмендеген. Теңгенің әлсіреуіне қарамастан, қазақстандықтардың 18%-ның теңгеге деген сенімі арта түскен. 24%-ы соңғы экономикалық өзгерістерге қарамастан «Ұлттық валютаға деген сенімім еш өзгерген жоқ» деп жауап берді. Қалған сауалнама қатысушылары бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.

Зерттеу барысында ұлттық валютаны нығайту үшін халық тарапынан қандай ұсыныстар бар екенін анықтамақшы болдық. Респонденттердің 27%-ы теңгелік депозит бойынша пайыздық сыйақы мөлшерін көбейту керек дейді. 24%-ы мұнай бағасы өзгерсе немесе өзге күтпеген жағдайлар болса, Ұлттық банк тарапынан нақты шаралар күтеді. Дағдарыс кезінде инфляцияны бақылауда ұстау теңгені бір қалыпта ұстап тұруға көмектеседі деген респонденттердің үлесі – 14%. Сондай-ақ, 14% сауалнама қатысушылары теңге депозитіне қойылған мемлекеттік кепілдік мөлшерін арттыруды ұсынады. Ал, қалған 21%-ы бұл сұраққа қатысты нақты ұсыныс білдіре алмады.

16 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевқа Қазақстан халқының теңгеге деген сенімін қайта орнықтыру үшін тиісті шаралар қолдануды, сонымен қатар, экономиканы долларсыздандыру үшін жасалып жатқан жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Зерттеуға қатысқан азаматтардың 32%-ы экономиканың долларсыздануы әбден мүмкін деген пікірде екен. Олар доллар айналымнан шығады, біз тек теңгені пайдалануға көшеміз деп болжайды. «Керісінше, доллар әлі де күшеюі мүмкін» деген пікірді ұстанатын халық 7%. 28%-ы экономиканың долларсыздануы мүмкін емес дейді. Ал, 17%-ы теңгені күшейту мақсатында шетелдік валютаны қолдану белгілі бір мөлшерде шектелуі мүмкін, алайда доллар Қазақстан нарығынан шеттетілмейді деген пікірде. Қалған 16%-ы бұл сұраққа қатысты нақты пікір білдірмеді.

Қазақстан экономикасының бірте-бірте долларсыздандыру үшін жасап жатқан шаралары жөнінде де респонденттердің ой-пікірлерін білмекші болдық. Олардың 26%-ы елдегі өнеркәсіп саласын дамыту керек, әрі отандық өндірушілерге қолдау көрсету маңызды дейді. 19%-ы шетелдік валюта емес, ұлттық валютаны қолдануға толық көшу керек десе, 11% -ы елімізде жалпы экономикалық тұрақтылық орнаса, долларсыздандыру үдерісі өздігінен жүреді дейді. Сонымен қатар, халықтық қаржылық сауаттылығын арттыру қажет (9%), қолма-қол ақшасыз төлем жасауды дамыту керек (9%) деген пікірлер де айтылды. Ал, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 7%-ы жылжымайтын мүлік мен көлікті доллар валютасында сатуға шектеу қоюды ұсынады.

«Астана» футбол клубы Чемпиондар Лигасын 4 ұпаймен аяқтады

0

"Астана" футбол клубы Чемпиондар Лигасын 4 ұпаймен аяқтады

Чемпиондар Лигасы соңғы турында Стамбулда «Галатасараймен» кездескен Астана футбол клубы 1:1 есебімен тең түсті. 62-минутта Твумаси «Астананы» алға шығарғанымен 2 минуттан кейін алаң иелерінің капитаны Сельчук Инан есепті теңестірді. Осылайша «Астана» Чемпиондар Лигасы топтық кезеңіндегі 6 ойынында 4 рет тең түсіп, 4 ұпай жинады.

«Галатасарай» — «Астана» 1:1 (0:0)
Голдар: Твумаси 62 (0:1), Сельчук Инан 64 (1:1)
Ескертулер: Бурак Йылмаз 90 — Мужиков 49, Твумаси 60
«Галатасарай»: Муслера, Шеджу, Хакан Балта, Семих Кайя, Сабри Сарыоглу, Ясин Эзтекин (Умут Булут 88), Сельчук Инан, Снейдер, Олджан Адын (Хосе Родригес 82), Подольски, Бурак Йылмаз
«Астана»: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Кетевоама (Нөсербаев 74), Мұжықов (Жуков 88), Каньяс, Твумаси, Кабананга (Джолчиев 74)
Бас төреші: Крейг Томсон (Шотландия)

Стив Джобстың соңғы хаты

Portrait of Apple's Steve Jobs photographed on December 7, 2004 seated in a chair outside his home where he sat everyday during his recovery from treatment for pancreatic cancer in Palo Alto, California. PHOTOGRAPH FOR TIME BY DIANA WALKER

«Мен іскерлік өмірде шеберлік шыңына шықтым. Өзгелер көзімен қарағанда, менің өмірім тек жетістіктерден құралған тәрізді. Бірақ, қызмет төңірегінде жағдайым аса мәз емес болды. Түптің түбінде, байлық – өмірдің бір бөлігі ғана екенін түсіндім, оған менің етім үйренген.

Дәл қазіргі сәтте, науқас төсегінен тұра алмай жатқанымда мына нәрсені ойға алдым. Байлықтың буына мастанып, бір күні өліммен бетпе-бет келерімді ескермеген екем. Тас түнекте жансақтау аппаратынан шыққан жасыл сәуле мен шуылдақ дыбыс ажал тынысы жақындап қалғанын сездіртетіндей. Тірнектеп жинаған байлығымыз бар өмірімізге жетерлік екеніне көз жеткен соң ақшадан басқа нәрселерге бас қатыру керек екен, осыны білдім.

Мал-байлықтан да маңызды нәрселер көп екен. Ол бәлкім адамдармен қарым-қатынас, бәлкім шығармашылық, бәлкім жастық арман… Тағдыр бізге сезім берді, әр жүрекке тарататын махаббат берді, ол ақшаға еш қатысы болмауы тиіс.

Жиған-тергенімді өзіммен бірге алып кете алмаймын. Жүрегімде мәңгі сақтап, өзіммен алып кете алатын бір ғана нәрсе болса, ол – жақындарымның махабатынан туған тәтті естеліктер ғана. Тек осы шынайы байлық қана адамға күш-жігер беріп, алға қадам басуға қуат сыйлауға міндетті.

Махаббат мыңдаған шақырымға сапар шеге алады. Өмірде сатқындық жоқ. Қайда барғыңыз келсе, сол бет алған бағытыңыздан таймаңыз. Қол жеткізгіңіз келетін шыңның бәріне талмай шығыңыз. Мұның бәрі де өз жүрегіңізде, өз қолыңызда.

Әлемдегі ең қымбат кереует қайсысы? «Ауру адамның кереуеті»… Өмірде автокөлігіңізді жүргізетін жұмысшы жалдай аласыз, сіздің орныңызға ақша табатын қызметкер де жалдай аласыз. Ал науқас төсегіне сіздің орныңызға жататын адам жалдай алмайсыз.

Өмірде жоғалтқан бұйымдарымыз қайта табылуы мүмкін. Ал бір жоғалтсаң, қайта табылуы мүмкін емес бір ғана нәрсе, ол – «Өмір». Ота жасату бөлмесіне түскен адам әлі күнге дейін бір кітапты оқып аяқтамағанына көзі жетеді, ол – «Салауатты өмір кітабы».

Өмірдің қай сатысында жүргеніміз маңызды емес, бір күні ғұмыр шымылдығы жабылары анық. Артыңызға қалдырар мызғымас мұраңыз – отбасыңызға, жарыңызға, дос-жараныңызға деген махаббатыңыз.

Өзіңізді күтіңіз! Өзгелерге қамқор болыңыз!»

massaget.kz

Айдын Айымбетовке «Құрметті профессор» атағы берілді

Айдын Айымбетовке «Құрметті профессор» атағы берілдіҒарышкер Айдын Айымбетов Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атанды.

Батыр туған жері — Талдықорғанда студенттермен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Айымбетов бұл оқу орны өзіне ыстық екенін жасырған жоқ. Өйткені 2006 жылы осы университеттің физика-математика факультетін сырттай бітірген. Ғарышкер өзі оқыған дәріс аудиторияларын аралап, зертханалық жұмыстарымен танысты. Кітапхана мен мұражайды қызықтады. Ал акт залында өткен жиында студенттерге Елбасы Жолдауы мен ғарыш саласы туралы дәрісін оқыды.

Айдын Айымбетов, Халық Қаһарманы, ғарышкер:

— Кез келген табысқа жетудің басты кепілі – білім. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында оған ерекше мән беру керектігін айтты. Қазіргі жастарға үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Олар 3 тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі қажет. Қазақстан жастары бақытты. Мемлекет оларға не қажеттің бәрін жасап отыр. Жастар мұны тиімді пайдалануы керек.

24.kz

Twitter: 2015 жылы ең көп талқыланған тақырып анықталды

Twitter: 2015 жылы ең көп талқыланған тақырып анықталдыTwitter әлеуметтік желісінде 2015 жылы ең көп қозғалған тақырып белгілі болды.

Биыл Twitter-дегі қауымды ең көп толғандырған мәселе — британиялық тігіншілер тіккен көйлектің түсі екен. Естеріңізге сала кетсек, ақпанның аяғында ғаламторға жарияланған көйлек түсі келушілер арасында қызу пікірталас тудырып, желідегілерді екіге бөліп тастаған еді. Олардың біріншісі көйлек ақ және алтын-сары түстерден құралған десе, екінші жақ көгілдір-күңгірт түсті көріп тұрғандықтарынан ешбір танбады.  Сөйтсе, бұл тақырып 26 ақпаннан 27-сіне қараған түні 4,5 миллион рет қайта твиттеліпті.

Сондай-ақ желіде адамның көңіл-күйі мен эмоцияларын дәл көрсететін болып, эмодзи–смайл танылды. Ал олардың арасындағы ең үздігі көздерінен жас тамшыласа да, күлімсіреп тұрған смайл екен, деп жазады dni.ru.

24.kz

Алматы облысында облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Алматы облысында облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өттіБүгін Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында өңір басшысының бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиевтің төрағалығымен Алматы облысы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңес отырысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, Республикалық және облыстық жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшелері, аудан, қала әкімдерімен қатар аудан —  қалалардағы жастар ресурстық орталықталырының жетекшілері, облыстық басқарма және департамент басшылары қатысты.

Күн тәртібінде «Алматы облысында мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жүзеге асырылуы» мәселесі қаралды. Кеңес барысында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Рустам Алпысбаевтың осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Сондай-ақ кеңес отырысында жыл бойы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында аймақтарда жастармен жұмысты белсенді жүргізген аудан, қалалардың жастар ресурстық орталықтары анықталып, тиісті марапаттарға ие болды. Атап айтқанда,  Талдықорған қаласының жастар ресурстық орталығы (РО) – 1 орын, Еңбекшіқазақ ауданының жастар РО – 2 орын, Ақсу аудандық жастар РО – 3 орынға ие болды.

Жиын соңында кеңес отырысында айтылған ұсыныстар негізінде облыстық басқармалар мен департаменттерге, аудан, қала әкімдіктеріне нақты тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта атқарылар жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалды.

Алматы облысында көкөніс пен жеміс-жидек сақтайтын қойма ашылды

Алматы облысында көкөніс пен жеміс-жидек сақтайтын қойма ашылдыАлматы облысының Қарасай ауданында көкөніс пен жеміс-жидек сақтап тарататын жаңа қойма ашылды деп хабарлайды jas.kz порталы.

Бұл жобаға Қытай кәсіпкерлері 3,5 млн АҚШ доллар көлемінде инвестиция салған. Ал біздің елдің үлесі 1,2 млн АҚШ долларына пара-пар. Енді жергілікті шаруалар жаңа технологиямен жабдықталған қойманы жалға ала алады.

Қытайдың Ганьсу провинсиясынан келген инвесторлардың көкөніс сақтайтын қойманы Қарасай ауданында салуы тегін емес. Өйткені нысан Алматыға жақын орналасқан. Сондықтан шекара асып келетін көкөніс пен жеміс-жидектің сапасын сақтап, сауда нүктелеріне жөнелтуге қолайлы. «Бұл – екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынасты дамытуда жасалған игі қадам», — дейді Қытай тарапы.

Қоймада жылына 24 мың тоннаға дейін көкөніс пен жеміс-жидек сақтауға болады. Заманауи тоңазытшықтары бар. Жергілікті 40 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Қытай тарапы бұл қоймаға өздерінің 1 млн АҚШ доллары көлемінде тауарларын сақтауды жоспарлайды. Ал оның бағасы жергілікті нарық арқылы реттелмек.

Әрине Алматы маңында азық-түлік белдеуін қалыптастыру ісінде осындай бастамалар құптарлық. Тауар сақтайтын қоймалар көп болса, жергілікті шаруаларға да тиімді. Бірақ әзірге ол келісімшарт негізінде ақылы болмақ. Ганьсулық инвесторлар зейнеткерлер мен әлеуметтік қолдауға зәру тұрғындар үшін тауарды арзан бағамен сататын дүкендер ашу жоспарлары бар екенін айтты.

24.kz

Юань әлемнің бесінші резервтік валютасына айналды

Юань әлемнің бесінші резервтік валютасына айналдыЮань әлемнің бесінші резервтік валютасына айналды. Қытайдың ұлттық ақшасын негізгi халықаралық валюталардың қоржынына қосу туралы шешімді халықаралық валюта қоры жасаған.

SDR төлем жүйесіне қазір АҚШ доллары, еуро, фунт стерлинг және иена кіреді. Бұл жиынтықтағы юаньның үлесі әзірге 10 пайыз. Десе де, сарапшылар ішкі жалпы өнім табыстылығы бойынша бірінші орынға шыққан Қытай ақшасының валюталық қоржындағы үстемділігі бұдан да асып кетуі мүмкін деп болжап отыр.

Бұдан бұрын халықаралық валюта қоры юаньнің еркін конвертацияға түспейтіндігін алға тартып, бірнеше жылдан бері оны валюталық қоржынға қоспай келген. Алайда қытай валютасына деген сұраныс артып келеді. Былтырғы жылы сыртқы сауда-саттықтың 25 пайызы юаньмен жасалса, биыл бұл көрсеткiш 30 пайыз-ға жетедi деген болжам бар.

Қытайдың жеке саудасынан бөлек, юаньмен жасалатын транзакциялар да жыл сайын артып келеді. Жалпы халықаралық валюталар қоржынындағы доллардың үлесi – 42 пайыз болса, екiншi орындағы еуронiкi 37 пайыз. Юань қосылғаннан кейiн еуроның бұл көрсеткiшi 31 пайызға қысқарады. Ал иена мен фунт стерлингтердiң үлестерi сәйкесiнше 8 пайызға азаймақ.

baq.kz