Домой Блог Страница 26

ОҚО: «Қазақстанда жасалған» акциясы өтті

1498b788c4af185c8066900c2146f120_xlОңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында «Қазақстанда жасалған» тауарларды тұтыну акциясы ұйымдастырылып, басшылық тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

2015 жылдың 11 ақпанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық өндірушілерді қолдауға шақырған болатын. Онда Елбасы «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын бастауды ұсынған еді. Акция барысында сауда желілерінде сатылатын қазақстандық өнімдер көзге бірден түсердей ерекше көрсетіліп қойылады. Отандық өндірушілердің тауарын сатып алғысы келетін азаматтарға бұл өте қолайлы.

«Барлық қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда, біздің, қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұл Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік», деген болатын Мемлекет басшысы.

Елбасы сөзінде отандық өнімдер дүкендерде, базарларда, сауда орталықтарында алыстан менмұндалап, басқалардан ерекшеленіп тұруы тиіс екендігін айтты. Яғни олар тұтынушылардың қызығушылығын арттыруы қажет. Бұл акция Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылы дүкендерінде де жалғасты.

Хантағы ауылы әкімі аппаратының бас маманы С.Абирова «Жастар ресурстық орталығының» инспекторы Н.Шалаев дүкендерге кіріп ауыл тұрғындарына «Қазақстанда жасалған» азық-түліктермен таныстырып, Қазақстан тауарларын сатып алуға шақырды.

Жетісайлық боксшы Ресейде өткен әлем чемпионатынан алтын медальмен оралды

20161130205915Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында 18 жасар Жетісайлық жерлесіміз Садриддин Ахметов алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Мақтарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ол «қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келіде ел намысын абыроймен қорғады.

Абыроймен деуге толық негіз бар. Ол әуесқой бокста көп кездесе бермейтін нокаудтар сериясын жасады. Литвалық және қырғызстандық қарсыластарын нокаудпен жеңді. Алты жекпе-жек өткізіп, алтауында да айқын басымдылықпен алға шықты.

Жастар құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев шәкірті туралы: «Садриддин алдыңғы жылдан бері менің командамда. Қазақстан чемпионы болды. Былтыр Азия чемпионаты мен әлем чемпионаты болмағандықтан, тек ірі халықаралық турнирлермен ғана шектелдік. Испания, Германия, Сербия және Түркия елдерінде болып жақсы нәтиже көрсетті. Барлық жаттығу жиындарында болып тәжірбиесін арттыра түсті. Айтпақшы, былтыр ол Азия чемпионатының алдында жарақат алып қалды. Бірақ, Украинадағы турнирде жеңіп шықты. Ахмедов қазір тәжірибелі боксшыға айналды» — дейді dodasport.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, білім мен өнердің, спорттың ордасы саналатын Мырзашөл өңірінен Бейжің олимпиадасында алтыннан алқа таққан Бақыт Сәрсекбаев пен Сиднейден алтынға бергісіз күміспен оралған Мұхтархан Ділдәбеков шыққан.

ҚазАқпарат

Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесуі өтті

20161130193440Кеше елордада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханның жастармен «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесуі өтті.

Жүздесу барысында Бекболат Тілеухан Елбасының дүрбелең кезеңдегі қайраткерлігі, мінезінің бекемдігі мен қажыр-қараты жайында сөз қозғады.

«Тәуелсіздіктен тәтті ештеңе болуы мүмкін емес. Азаттықтан асыл ештеңе жоқ. Өз шаруаңды өзі шешу деген мақтанарлық жайт. Тәуелсіздіктің елең-алаңында Елбасының алдында тарау-тарау жол тұрды. Таңдау керек болды. Мемлекет басшысы шатасса  бүкіл алаш жұрты шатасатын еді. Ол кісі құласа, бүкіл қазақ құлар еді. Бүкіл ұлттың жауапкершілігін бір адам мойнына алды. Бұл сұмдық тарихи жауапкершілік», — деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар ол өнер жолында аз қиыншылық көрмегендігін, дене бітіміне де кері әсері болғандығын атап өтті.

«Жасыратыны жоқ, осы домбыраны қатты ұстағаннан физианомиям бұзылды. Екі иығым тең емес. Мысал үшін екі қолым екі түрлі. Менің айтайын деп отырғаным, бір нәрсеге жан-тәніңмен беріліп айналыспасаң, ешнәрсе шықпайды. Ол спортта да, өнерде де солай. Өте талантты адамдар болады. Бірақ, ол талантын ұштамаса қалып қояды», — деді ол.

Әнші Ибрагим Ескендір жүргізген шараға Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Бейбіт Қорған мен Ернар Айдар, актер Әділ Ахметов, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов, кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қатысып, Отан, елдікті сақтау, бейбітшілік қадірі, азаттық жолында жан қиған асыл ерлердің ерен еңбегін тілге тиек етті.

Кездесуді Астана қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды.

ҚазАқпарат

Тәуелсіздіктің 25 жылы фотосурет арқылы

 c-2Елорданың Тәуелсіздік сарайының ғимаратында ел тарихының әрбір жылының басты оқиғалары мен жетістіктері туралы баяндайтын «Тәуелсіздік жылнамасы — 25» фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Оны Астана қаласының әкімдігі «National Geographic Қазақстан» журналымен бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақ елінің соңғы ширек ғасырдағы қалыптасу кезеңі, атаулы күндері, елеулі оқиғалары мен жүріп өткен жолын еске салып, көрсететін көрмеге Қазақстан және шетелдік фотомамандардың 80-нен астам еңбегі ұсынылады.

«Барлығыңызды келе жатқан мерекелермен құттықтаймыз. Қазір сарайда неше түрлі оқиғалар болып жатыр, ертең біз Тұңғыш Президент күнін атап өтеміз, биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеудеміз, осы мереке қарсаңында атауында «тәуелсіздік» атауы бар осы сарайда Қазақстан жылнамасының көрмесін ашып отырмыз. Бұл жерде фотосуреттер арқылы еліміздің тарихы, табиғаты және байлығы туралы сыр шертетін 96-дан астам жұмыс қойылған», — деп мәлім етті Тәуелсіздік сарайының директоры Әсел Өміршина.

Фототілшілер өз туындыларын бұл көрмеге қою арқылы Қазақстанның бай мәдени мұрасына, төл тарихына, ұлттық бастауына деген махаббаты мен құрметін көрсетуді алдарына мақсат етіп қойып отыр.  Азаттығымыздың 25 жылдық мерейтойына арналған фотокөрме қарашаның 30-нан бастап жыл соңына дейін Астанадағы Тәуелсіздік сарайының негізгі көрме залында өтеді.

Елордалық 50 балғынға қысқы киім тарту етілді

c«25 игі іс» акциясы шеңберінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді. М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Қазақстан аруы-2016» байқауының финалына шыққан сұлулар 50 балғынға жылы киім тарту етті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шараның басында балаларға алдағы мерекелермен құттықтау және  ізгі тілектер айтылды.

«Сендерге әрқашан оптимист болуды тілеймін, өмірлерің ешбір жағдайға қарамастан жарқын болсын, оқуларыңда табыс, адал дос тілеймін», — деп мәлім еті «Дар» Қоғамдық қорының әлеуметтік жобалар үйлестірушісі  Рустам Ибрагимов.

Содан соң еліміздің ең сұлу арулары балаларға сыйлықтар таратты. Ал Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары қонақтардың алдында өнер көрсетіп, жақсы көңіл күй сыйлады.

Оқушылар сарайының жас сәнбикелері байқау қатысушыларына өз өнерлерін паш етті.

«Бізді өте жылы қабылдады, бәрі керемет болды, балалардың бәрі дарынды екен, барын салып жатыр, рахмет. Ең бастысы, өмірлеріңде арман, мақсат болсын, әрбірің осы өмірде жетістікке жетіңдер деп тілеймін, үлкен адам болуларыңа тілектеспін», — деді «Алматы аруы» Камила Асилова.

Елбасының туған жері Қарасай ауданында 18 ірі өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді

ed0_5824Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Елбасы туып өскен Қарасай ауданының жетістіктері сараланды.

Бүгінгі таңда Қарасай ауданында 18 ірі өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде 16-сы Сапа менеджменті және халықаралық ИСО жүйесі бойынша абыройын асқақтатып тұр. Мәселен, «Хамле Компани ЛТД» ЖШС — кондитерлік өнімдер, «Азия Агро Фуд» АҚ – ұн, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС – сусындар, «Kagazy Recyling» ЖШС қағаз және гофро өнімдерін шығарады. «Efes Kazakhstan» АҚ  ЖК – алкогольді, ал «Кока Кола» ЖШС СП алкогольсіз сусындар шығаруға бағытталған. Осы  алты кәсіпорын аудан өнеркәсібінің 70 пайызын құрап отыр. Бұл туралы брифингте Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев айтты.

Биылғы қаңтар-қазан айлары аралығында негізгі капиталға инвестицияның тартылуы 95,3 млрд. теңгені құрап, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 16,5 млрд. теңгеге көбейген. Нақты көлем индексі 116,0%. Алматы облысы көрсеткішіндегі аталған ауданның үлесі 23,0 пайызды құрайды.

Ауданда бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 13 мыңнан астам мекеме тіркелген, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 2528, жеке кәсіпкерлер – 6564, ауылшаруашылық саласындағы нысандар – 3933. Бүгінгі күні кәсіпкерлік бағытында 55900-ден астам адам жұмыс істейді, олардың орташа жалақысы 110 мың теңге. Бюджеттік төлемдер түсімі 7,1 млрд. теңгені құрап отыр.

Қарасай ауданы бойынша жалпы ауылшаруашылық  өнімдері 2016 жылдың 10 айында  38,6 млрд. теңгені құраған. Ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін бес ірі мекеме бар. Мәселен, «Арай» шаруа қожалығы мен «Медеу Коммерц» ЖШС  – сүт өнімдерін, «Қазақстан құстары» ЖШС, «Мамед» шаруа қожалығы, «Алсад Казахстан» ЖШС жұмыртқа өндірсе, «Жетісу» СПК мал және өсімдік шаруашылығымен айналысады.

Бюджетке  түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер  20,3 млрд.  теңгені құрап,  жоспар 98,0 %-ке орындалған. Республикалық бюджетке 9,1 млрд. теңге түскен. Жергілікті  бюджетке  түскен  түсім – 11,2 млрд. теңге немесе 95,2 %, меншікті  кіріс 9,5 млрд. теңге (92,8 % ) болып отыр.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Президент күніне тарту

46a3a4ab573c01ba87c7583b949d00d0Талдықорған қаласында 40 пәтерлі коммуналдық үй пайдалануға берілді. Көптен күткен жаңа қоныс талдықорғандықтар үшін Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту болды. Бірінші кезекте пәтерлерге жетім балалар, мүгедектер, көп балалы аналар, толық емес отбасылар, ҰОС мүгедектері мен басқа да кезектегі азаматтар ие болды.

Жаңа баспана иелерін облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

— Бүгін көпшілікпен бірге мерекелік көңіл күйде өздеріңізге 40 пәтерлі коммуналдық үйдің кілтін тапсырғалы тұрмыз. Бұл айтулы оқиғаның Тұңғыш Президент күні және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп отырғаны – үлкен қуаныш. Сіздерді көптен күткен жаңа баспанаға ие болуларыңызбен құттықтаймын! Отбасыларыңызға береке, молшылық пен табыс тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын! – деген А. Баталов жаңа пәтер иелеріне кілттерін тапсырды.

Қоныс иелерінің атынан жетім балалар санаты бойынша пәтер алған Сергей Малаховский сөз сөйледі.

— Мемлекет қамқорлығының арқасында білім алып, бүгін өзімнің жеке баспанама қол жеткіздім. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ең алдымен жастарға әрқашан қолдау көрсетіп келе жатқан Президентімізге алғыс айтқым келеді, — деді С.Малаховский.

Жаңа пәтер алғандардың ішінде Жанат Қырғабақов пен Марина Ноженко да өз ризашылықтарын білдіріп, сөз сөйледі.

— Балаларымның үйлі болғанына шын жүректен қуаныштымын. Енді біздің кең, жарық, жаңа пәтеріміз бар. Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үй беріп отырғаны біз үшін екі есе қуаныш, — деді Марина Ноженко.

Жалпы, Талдықорған қаласының өзінде ғана 2012 жылдан бері жалпы алаңы 87,8 мың шаршы метр болатын 23 тұрғын үй пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде 2 мыңға жуық отбасы баспаналы болды. Биылғы жылдың 9 айында облыс орталығында 4 үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 60 пәтерлі коммуналдық үй іске қосылады деп жоспарланған. Сонымен қатар 9 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 4-еуі – жеке инвестиция есебінен салынуда. Бұл өз кезегінде тағы 873 отбасының жаңа пәтерлі болуына мүмкіндік бермек.

«Көктем Grand» қонақ үйі ашылды

216391dc78fd572b4a8767e1b21104abКеше Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында жаңа талапқа сай қонақ үй кешені пайдалануға берілді. Қаланың оңтүстік-батыс ауданында орналасқан  16 қабатты «Көктем Гранд» көпсалалы қонақ үй кешені жеке инвестордың қаржысына салынып, мұнда қонақ үй және бизнес орталық қызметі қатар ұсынылмақ.

— Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ашылып отырған Талдықорған қаласындағы «Гранд Коктем» қонақ үй кешені қаладағы ең заманауи, соңғы үлгідегі, жоғары класты кешен болғалы отыр. Астанада өтетін «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің өтуіне байланысты жоғары деңгейдегі қолайлы жағдай қарастырылған қонақ үйлерге деген қажеттілік өсіп отыр. Шетелдік туристерге ұсынылған нысандар тізімінде Алматы облысының да көрнекті орындары енгізілген. Туристік сала өңірдегі ең маңызды салаға айналып келеді. Сондықтан облыс орталығы Талдықорған қаласын көркейте түсу – біздің басты мақсатымыз. «Көктем Гранд» қонақ үй кешені жеке инвестицияға салынған, ортақ іске өз үлесін қосып, Талдықорғанның тартымды қала болуына атсалысады деп сенемін, — деді өз сөзінде А. Баталов.

Ғимараттың лентасы қиылғаннан кейін шашу шашылып, жиналғандар нысанды аралап көрді.

Жалпы, бұл қонақ үй кешені түрлі көлем мен кесіндегі үш блоктан тұрады.

Қонақ үйлік нөмірлер ғимараттың бес қабатында. Ал 3-тен 10-қабатқа дейін бизнес орталықтың кеңселері. Сол сияқты қонақ үй кешенінде мәжіліс залы, мейрамхана кешені мен салтанат залы, бассейні бар фитнес орталық, тренажерлық және қонақ залдары бар.

ОҚО әкімі оңтүстікқазақстандықтарды 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады

26531379a96168df9fa6c52f9b2a0042Құрметті оңтүстікқазақстандықтар! Еліміз үшін аса маңызды мереке – 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті халқымыздың татулығы мен бірлігінің, Отанымыздың өркендеп алға басуының басты шарты бола білді. Егеменді ел болған Қазақстан ширек ғасыр уақыт аралығында ұлттық бірліктің үлгілі  моделіне айналды. Бұл — бүкіл елдің ауызбіршілігі арқасында келген бақыт. Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев бүкіл саналы ғұмырында Қазақстан халқының бақытты өмірі, баянды болашағы үшін бар қажыр-қайратымен еңбек етіп келеді. Өткенімізді саралай қарасақ, Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, беделді де абыройлы, әлемдік қауымдастық мойындаған, жедел дамудың даңғыл жолына түскен елдердің қатарына енді.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтаймыз. Қашан да тұғырымыз – тыныштық,   тірлігіміз –тұрақтылық, тілегіміз – татулық болсын!

                       Оңтүстіктік Қазақстан облысының әкімі 

      Ж.Қ.Түймебаев

ОҚО-да Тұңғыш Президент күні мерекесі салтанатты түрде атап өтілді

52«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекелік шарасын оңтүстікқазақстандықтар салтанатты түрде атап өтті, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

«Түркістан» сарайындағы «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекелік жиынына қатысып, сөз бастаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша облыс тұрғындарын атаулы күнмен құттықтап, мемлекеттік мерекенің еліміз үшін маңызы тереңдігіне тоқталды.

 «Қазақстанның әлемде өзіндік орны бар ел болып орнығуына, қарқынды дамуына еліміздің сыртқы және ішкі саясатындағы жетістіктеріне Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор. Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын дәл айқындап, шетелдермен достық қарым-қатынас орната білді. Елбасының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз ешбір саяси және әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға ұшыраған жоқ. Дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі сынақтарды сәтті еңсерді. Дағдарыстар кезінде де тоқтап қалмады. Алға қарай ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты», — деді Ж.Түймебаев.

Мұнан соң, аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 15 сала үздігін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Іс-шарада опера және балет театрының әншілері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған «Елбасы» туралы әнді орындады.

Сонымен қатар, мерекелік думан Қазақстан Республикасы Президентінің өмірі мен қызметіне арналған «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы болып табылатын «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмімен жалғасын тапты.

Жаңа фильм Н.Назарбаевтың өміріндегі аса қызықты кезеңді — Елбасының 1984 жылғы Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланғанға дейінгі уақытты және одан кейінгі алғашқы кезеңді қамтиды.