Домой Блог Страница 304

«Қаллеки» театры ХХV жаңа маусымын «Абай» трагедиясымен ашады

Абай — копияҚ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1 қазан күні сағат 17.30-да ХХV мерейтойлық жаңа маусымның ашылуына орай баспасөз конференциясын өткізеді.

ХХV жаңа маусым шымылдығын Абайдың туғанына 170 жыл толуына арналған мерейтой аясында М. Әуезовтің «Абай» трагедиясымен ашады.

Айта кетейік, театр ұжымы 20-24 қазан аралығында Өскемен қаласында өткен Қазақстан драма театрларының XXIII Республикалық фестиваліне В. Ежовтың «Бұлбұлдар түні» пьесасының негізінде қойылған «Тыраулап ұшқан тырналар» спектаклімен қатысып, қойылым режиссері Қазақстанның халық артисі Талғат Теменов «Үздік режиссерлік шешім» номинациясымен марапатталды.

Оған қоса, жаңа маусымда театр ұжымы М.Әуезовтің «Қараш-қараш» әңгімесі бойынша жазылған драматург Қалихан Ысқақтың «Таңғы жаңғырық» шығармасының премьерасын ұсынбақ. Қойылым режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.

Театр ұжымы Атырау қаласында қазан айында өтетін драматург, жазушы «Рахымжан Отарбаев» атындағы Театр фестиваліне автордың «Нашақор новелласы» атты шығарма желісі бойынша сахналанған режиссер Нұрлан Жұманиязовтың «Көлеңкесіз жолаушы» психологиясымен қатысады деп күтілуде.

«Батырлар» анимациялық сериалы «ТЭФИ» халықаралық сыйлығына ие болды

«ТЭФИ — Достастық 2015” халықаралық теледидар фестивалінде “Батырлар” анимациялық сериалы «Үздік анимация» аталымында жеңіске жетті. Бұл жоба Motion Capture (қозғалысты қамту) инновациялық технологиясы пайдаланылып, «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА базасында KCG студиясы шығарды.

Мультсериал – 17-18 ғасырлардағы қазақ-жоңғар соғыстарының тарихы қамтылған өткенге саяхат. Әр сериясы тарихи батырлардың — Наурызбай, Қабанбай және Бөгенбай сияқты қазақ батырларының ерліктеріне арналған. «Әр батырдың тарихын олардың негізгі мінез ерекшеліктері: қайырымдылығы, даналығы және бірлікке ұмтылысы арқылы аштық. Сценарийді жазған кезде тарихшылармен, педагогтармен және психологтармен ақылдасып, оның мазмұнын бірге талқыладық», — дейді “Батырлар” анимациялық сериалының продюсері Айнұр Темірханқызы.

Бұл — KCG студиясының анимациялық сериал жобасы үшін алған алғашқы халықаралық сыйлығы. “Батырлар” жобасы балаларға кең танымал компьютерлік 3D анимациясы форматы арқылы жеткіншек ұрпаққа ұлттық дәстүрге сай ұлт батырлары мен тарих туралы әңгімелеу. «Отандық сапалы анимациялық контент үлесі мардымсыз. Біз алдымызға бәсекеге қабілетті анимациялық фильмдер жасап, осы үлесті ұлғайтуға ұмтыламыз.» — дейді KCG студиясының бас директоры Ернар Құрмашев.

mid.gov.kz

Индустриаландыру картасы аясында іске қосылған 100 кәсіпорын өз өнімдерін шетелге сатуда

c59c35efec792b94f252d12b601f0b03Қазақстан бүгінде өңделген 826 тауарды әлемнің 113 еліне экспорттауда және уран, сары фосфор, ұн, титан экспорты бойынша көш бастап тұр. Сары фосфор экспорты 2,2 есе, алкогольсіз өнімдер мен кондитерлік өнімдер 2 есе, шоколад 3 есе, аккумулятор 2 есе, минералды тыңайтқыштар 2,5 есе, трансформатор 4 есе, құрылыс құрылымы 5,6 есеге өскен. Индустриаландыру картасы аясында іске қосылған 100 кәсіпорын өз өнімдерін шетелге сатуда. Аталған кәсіпорындардың жалпы экспорт көлемі 1 млрд. АҚШ долларын еңсерді.

mid.gov.kz

Қазақстан Парсы шығанағы бағытында халықаралық дәліз құрды

144826Өндірісті көтеріп, тасымал көлемін арттыруды ынталандыру мақсатында 2015 жылы ірі отандық өндірушілерге қазақстандық өнімді тасымалдау кезінде жеңілдетілген теміржол тарифі белгіленді. Транзитті жүктерді тасымалдауға қатысты икемді тариф саясаты биылғы тасымал көлемін сақтауға және транзитті контейнерлік тасымал көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Анықтама: Қытайдан Еуропаға транзиттік контейнерлік тасымал көлемі 2015 жылдың 7 айында 19 649 контейнер болды, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есеге көп (6 878 контейнер). Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» жоспарына сәйкес, Еуразиялық трансқұрлықтық дәлізді дамыту үшін әзірленген ҚР Теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша заң жобасының аясында мемлекеттік тарифтік реттеуді контейнерлік тасымалдан алып тастау қарастырылған.

Мультимодальды көліктік дәліз бойынша заңнамалық шаралардан басқа, теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл бағыттық жүйелерді оңтайландыруға және теміржолдың кейбір учаскелерінде шамадан тыс жүк тасымалын болдырмау үшін қолға алынды. Соңғы 5 жылда ҚР теміржол инфрақұрылымына 722,3 млрд. теңге жұмсалды (РБ – 315 млрд. тг, ҰҚ – 275,1 млрд. тг, ҚТЖ – 132,2 млрд. тг) 1703 шақырым жол (жалпы теміржол жүйесінің 12%) мен Қытаймен шекарада (Алтынкөл) және Түркіменстанмен шекарада (Болашақ) екі өткізу бекеті салынды.

Анықтама: Жаңа теміржол бағыты (Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл) орталық аймақтар мен батыс облыстардың арасындағы қашықтықты 1 мың км, ал солтүстік облыстарды 500 шақырымға қысқартты. Сондай-ақ, аталған бағыттарда көлік шығынын 25 -тен 35% азайтуға мүмкіндік берді.

Еліміздің батысынан Түркіменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына (Өзен-Болашақ) және Қытайға шығатын (Жетіген-Қорғас) қосымша жаңа халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды. Аталған шекара өткелдері арқылы 5 млн. тоннадан астам жүк тасымалданды.

Сонымен бірге Алматы станциясын айналып өтетін ұзындығы 74,7 шақырымдық теміржол желісі құрылысының жобасын концессиялық негізде салу мәселелері пысықталып жатыр.

mid.gov.kz

Астанада «Этно-fashion» республикалық фестивалі ашылды

cf5bd9046180f6508bd19f383c37b2cd_LБүгін Астанада «Этно-fashion» республикалық фестивалі ашылды. Еліміздің 12 өңірінен келген үздік дизайнерлер ұлттық нақыштағы киім үлгілерін халық назарына паш етті. Сахна төрінде барлығы 70 сәнгердің жұмыстары көрсетілді. 12 аталым бойынша анықталған жеңімпаздар Мәскеу қаласында өтетін «Этно-Эрато» байқауына жолдама алады. Айта кетсек, бүгінгі фестиваль барысында ұсынылған қазақ халқының ұлттық киімдері заманауи мәнерде тігілген. Келушілер арасында дизайнерлермен қатар Парламент депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым мен отандық эстрада жұлдыздары болды. Ал бұл керемет думанды ұйымдастыруға Қазақстан халқы Ассамблеясы атсалысты. Фестиваль қонақтары тек киім үлгілерін көріп қана қайтпай, отандық шеберлердің қолынан шыққан бұйымдарды сатып алуға мүмкіндік алды.

24.kz

Қазақстанда тұңғыш рет «Қайырымдылық» туралы заң жобасы қабылданады

df8976d13096cb26e6e3a7b10a9732d4_LБүгін құжатты мәжілісмендер бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы ұсыныс былтыр түскен екен. Себебі Қазақстан «Қайырымдылық» туралы тиісті заңнамасы жоқ жалғыз ел болған. Сәйкесінше, отандастарымыздың небәрі бір-ақ пайызы ғана тұрақты түрде қайырымдылықпен айналасып келеді екен.

«Ештен кеш жақсы» демекші, былтырғы жылдың мамырында депутаттар осы мәселені қарастырып, заң жобасын ұсынған екен. Бір жыл ішінде кәсіпкерлер, депутаттар, қолы ашық жандар тарапынан 100-ден астам ұсыныстар беріліп, бұл заң жобасы жан-жақты сарапталып, бүгін мәжіліске жетіп отыр.

24.kz

«Астана» ойыншылары «Галатасараймен» кездесуге қандай форма киеді

«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі өз алаңында өткізетін бірінші матчына форма таңдады.

photo_21072Матч бүгін, 30 қыркүйекте Қазақстан астанасында өтеді.

Станимир Стойловтың шәкірттерінің Чемпиондар лигасындағы топтық кезеңнің екінші турындағы қарсыласы түріктердің «Галатасарай» клубы болады. Кездесу «Астана Арена» стадионында Астана уақыты бойынша сағат 22.00-де басталады. Ойынды тікелей эфирден «ТАҢ» телеарнасы көрсетеді.

photo_56916

«Астана» бұл ойында сары форма киеді, ал қақпашы — ақ түсті. «Галатасарай» ойын алаңына қызыл түсті формамен шығады, ал қақпашы — жасыл.

tengrinews.kz

Облыс әкімі құрылыс материалдарының сапалы болуына назар аударды

5512fbf4030b627c954d63ee5906b7ecБірінші кезекте Қаратал өзенінің бойы мен Талдықорған қаласының Алматы-Өскемен айналма жолы аралығын абаттандыру жұмыстары жобасымен танысқан облыс басшысы жобаның мердігері «ТАС» Корпорациясы» ЖШС жұмыстардың сылбыр жүргізіліп жатқандығын ескертіп, оны жеделдетуді тапсырды.

Облыс әкімі келесі кезекте Қаратал өзенінің жағалауындағы құрылыс алаңымен танысты. Бұл жерде өңір басшысы құрылыс жұмыстары кезінде сапасы төмен құрылыс материалдары пайдаланылып жатқандығын, оны тез арада сапасы жоғары материалдармен ауыстыру қажеттігін атап өтті. Бұл ескертулер бірінші кезекте орнатылып жатқан жол бордюрлеріне қатысты.

Осы шағын аудандағы тағы бір құрылыс нысандарының бірі — скверді абаттандыру жұмыстары. «Алакам» ЖШС жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстарының кемшіліктерін, оның ішінде жаяу жүргінші жолының қос бетіндегі бордюр плиткалары мен оларды орнату кезінде цемент қатырмасы сапасының көңіл көншітпейтіндігін ескерткен облыс әкімі өз сөзінде:

Бұл атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы қала тұрғындарының игілігі үшін. Бюджеттен тиісті қаражат бөлінгендіктен, аталмыш нысан ондаған жылдар бойына қала тұрғындары үшін қызмет етуі тиіс. Сондықтан бірінші кезекте оның сапасына көңіл бөлуге тиіспіз. Мердігер құрылыс мекемесіне осы айтылған ескертпелер мен олқылықтарды тез арада түзетіп, қалпына келтіруді тапсырамын, — деп атап өтті.

Тәуелсіздік көшесінің қос бетінің еңіс тұстарына бетондардың бір мерзімде құйылмауына байланысты және түрлі цемент пайдаланылуынан бір қарағанда біртектілік байқамалмайды. Бұл құрылыс ережелері талаптарының сақталмаған тұстарын да тез арада қалпына келтіру қажеттілігін атап көрсетті.

Облыс әкімінің назарынан қаланың орталығындағы сауда үйлерінің маңында орнатылған сауда дүңгіршектері мен ретсіз салынған жедел тағамдану орындары да тыс қалмады. Өңір басшысы жабайы сауда мен дүңгіршіктерге, ондағы орынсыз жабыстырылған жарнамаларға, көшелер мен арық жүйелерінің, қоқыс жәшіктерінің қоқысқа толып кеткендігіне көңілінің толмайтындығын, осы аталғанның барлығы қаланың жалпы сәулет көркін бұзатындығын ескертті.

Келесі кезекте өңір басшысы Талдықорған — Алматы тас жолының бойында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының жайымен танысты.

Жұмыс сапарын қорыта келе облыс әкімі Амандық Баталов тез арада айтылған сын-ескертпелерді қалпына келтіріп, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын үдету керектігін, ал оның тиісті деңгейде атқарылуын қатаң бақылауда ұстауды облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мемекесі және қаланың өзге де құзырлы мекемелері мен ұйымдары басшыларына тапсырды. Облыс басшысы Амандық Баталов жұмыс сапарының соңында:

— Талдықорған қаласы өзінің тазалығымен, экологиясымен және жасыл желегімен танымал. Сол себепті жасыл желектерді сақтау және оны арттыруға, сондай-ақ санитарлық тазалық талаптарының сақталуына ерекше мән беру қажет. Тазалыққа тек қана қалалық коммуналдық қызметтер ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары да ортақ қаламыздың таза, көрікті, жайлы әрі әдемі болуына бірлесе ат салысулары тиіс. Бірлесіп істеген іс нәтижелі болмақ, — деп сөзін қорытты.

Астана мен Галатасарай арасындағы байланыс

0

Астана - Галатасарай

UEFA.com Астана — Галатасарай матчына жасаған превьюлерінде қос командаға қатысты қызықты деректер жинапты.

  • 2009/2010 маусымындағы Еуропа Лигасы іріктеу матчында қазіргі Галатасарай құрамындағы Сабри Сарыоғлу мен Хакан Балта Тобылға қарсы ойнапты. Қостанайда 1:1 тең түсіп, Стамбулда Галатасарай 2:0 жеңген.
  • Бурак Йылмаз, Сельчук Инан, Семих Кая және Умут Булут Түркия Ұлттық Құрамасы сапында 2014 жылдың 16 қарашасында ЕУРО-2016 іріктеу матчында Алексей Щеткин, Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко және Бауыржан Джолчиевке қарсы ойнаған. 3:1 есебімен түріктер жеңген матчта Бурак Йылмаз 2 гол соққан.
  • Бурак Йылмаз сондай-ақ 2011 жылдың 2 қыркүйегінде ЕУРО-2012 іріктеу матчында Түркия Қазақстанды 2:1 жеңген матчта алғашқы голды соққан.
  • Стоилов 2011/2012 жылғы Чемпиондар Лигасы 3-іріктеу турында Галатасарайға қарсы Левски София құрамында ойнады. 1:1 және 2:1 есептерімен Галатасарайдың пайдасына шешілген турда Стоилов Левскийдің капитаны еді.
  • 1992/1993 жылдары Стоилов Фенербахче құрамында Галатасарайға қарсы 2 рет ойнап, 3:2 есебімен жеңілген алғашқы матчында гол соққан.
  • Лукас Подольски Германия Ұлттық Құрамасының 2010 жылдың 12 қазанында ЕУРО-2012 іріктеуінде Астанада Қазақстанды 3:0 жеңген матчында соңғы голды салған.

Криштиану Роналду Головкиннің Instagram желісіндегі парақшасына жазылды

cr1Португалия құрамасы мен мадридтік «Реал» клубының форварды Криштиану Роналду қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Instagram желісіндегі парақшасына жазылды.

Әлеуметтік желіде Роналду басқа да боксшылардың парақшасына жазылған. Осыған дейін ол Флойд Мейвезер, Майк Тайсон, Сауль «Канело» Альварес, Шейн Мосли, Заба Джуда сияқты спортшылардың парақшасына, сонымен қатар Golden Boy промоутерлік компаниясы мен боксқа арналған HBO аккаунтына тіркелді.

Роналду жалпы 184 аккаунтты қарайды, олардың ішінде спортшылардың, шоу-бизнес өкілдерінің және брендтердің профильдері бар.

tengrinews.kz