Домой Блог Страница 313

Торонтода Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмінің әлемдік премьерасы өтті

thumb_700x394_ba31d3aac0692106a1e5f1e9b4f2e2b1Торонтодағы 40-шы рет өткен халықаралық кинофестивальде қазақстандық режиссер «Жат» фильмінің әлемдік премьерасы өтті.

Осынау драманың көрсетілімі Contemporary world cinema бағдарламасының аясында көрсетілді. Шет елдік Variety, Hollywood reporter, Le Screen, Screen today сияқты ірі киножурналдар қазақстандық туындыға рецензия жарияласа, ал кейбірі тіпті «Жат» лентасының постерін журналдың алдыңғы бетіне шығарды.

Естеріңізге салсақ, «Жат» фильмі — Dolby Atmos көпарналы дыбыстық форматында түсірілген алғашқы қазақстандық кинотуынды. Картинаны дайындаушылардың сөзіне қарағанда, фильмді түсіруге кәсіпкер достары демеушілік көрсеткен. Фильмінің сценариін Тұрсынов 25 жыл бұрын диплом жұмысына арнап жазған көрінеді. Кинокартина өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен оқиғалары баяндалады.

Торонто фестивальге қатысуға 60 елден келген 300-ден аса фильмнің өтініші келіп түскен. Осынау фестивальдің ашылуында режиссер Жан-Марк Валленің «Ойран» драмасының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар, Джонни Депптің атышулы «Черная месса» фильмі көпшілік назарына ұсынылды.

Айта кетейік, Торонтодағы халықаралық кинофестиваль — әлемнің ең ірі фестивальдерінің бірі, ол Канадада 1976 жылдан бері өтіп келеді. Осынау байқаудың өзіндік ерекшеліктері де бар. Байқауда ресми қазылар алқасы болмайды әрі жеңімпазды көрермендер дауыс беру арқылы анықтайды.

baq.kz

АҚШ-та президенттіктен үміткерлердің пікірсайысы өтіп жатыр

6508bd645bdebd9c49833506042b88f0_LКалифорния штатында орналасқан Рональд Рейган атындағы кітапханада Республикалық партия атынан 2016 жылғы АҚШ президенттігіне үміткер 15 тұлғаның арасында ресми пікірсайыс басталды.

USA Today хабарлағандай, сайыскерлердің ішінде халыққа барынша танымал болып үлгерген Дональд Трамп та бар. Сондай-ақ сенатор Линдси Грэм, Луизиана штатының губернаторы Бобби Джиндал, экс-сенатор Рик Санторум, Нью-Йорк штатының экс-губернаторы Джордж Патакидің есімдері аталады. Бұл – республикалық үміткерлердің қатысуындағы екінші ресми дебат. Екі бөлімнен тұратын пікірталас қорытындысы бойынша партия атынан алдағы АҚШ президентінің сайлауына лайықты үміткерлер іріктелмек. Ал ресми үміткердің есімі 2016 жылдың шілдесінде өтетін Республикалық партия съезінде жарияланады.

24.kz

Алматы апорты америкалық шаруаларға үлгі етілді

FiJ3IHW14hE19dHJ15Aj8T5WDXXr2hАлматыда өсірілетін әйгілі апорт алмасының көлемі мұхиттың арғы жағында өткен экономикалық форум қонақтарын тәнті етті. Бір қызығы көпшілікке қазақстандық өнімді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керридің өзі таныстырды. Ол Алматының апорт алмасын жергілікті жеміс-жидек өсірушілерге үлгі еткен.
Джон Керри, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:
— Мына алманы жаңа ғана қолыма ұстадым. Бұл Алматыдан жеткен естелік. Алма пішінін айнытпай қазақстандық қолөнершілер жасапты. Расымен дәл осындай өнім Қазақстанда өсіріледі. Естеріңізде болса, біздің жеміс-жидектеріміздің жиын-теріні көңіл қуантпай тұр. Мен қазақстандық шаруалардан апортты өсіру әдісін білгім келеді. Себебі ол өте дәмді әрі әдемі.

24.kz

Жүрдек пойыздарға жеңілдіктер жарияланды

0

unnamed

«Қазақстан темір жолы» АҚ жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарына бұрын-соңды болмаған жеңілдіктер жариялады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап төмендегі бағыттарда қатынайтын пойыздарға «Турист», «Бизнес» және «Гранд» вагондары бойынша 40%-ға дейін қосымша жеңілдіктер енгізіледі:

Пойыздар тізімі «Турист» «Бизнес» «Гранд»
№19/20 «Астана – Атырау» 20% 40% 40%
№35/36 «Алматы-2 – Шымкент» 20% 40% 40%
№49/50 «Алматы-2 – Ақтөбе» 20% 40% 40%
№89/90 «Астана – Қызылорда» 25% 30% 30%
№69/70 «Алматы-2 – Защита» 15% 30% 30%
№77/78 «Алматы-2 – Атырау» 15% 30% 30%
№79/80 «Астана – Шымкент» 21% 25% 25%
№1/2 «Алматы-2 – Астана» 0% 20% 20%
№701/702 «Алматы-2 – Петропавловск» 0% 20% 20%
№67/68 «Астана – Защита» 10%
№87/88 «Астана – Ақтөбе» 10%

Сонымен қатар, бұрын енгізілген тиімді жеңілдіктер мен жолаушылардың 3 санатына арналған дисконтты карталардың да күші сақталады:

  1. «Құрмет»60 жас пен одан ересек адамдар үшін 30%;
  2. «Жастар»16-25 жас аралығындағы жастар үшін 30%;
  3. «Саяхатшы»тұрақты жолаушылар үшін 10%-дан 20%-ға дейін.

Енді бұдан былай жаңа жеңілдіктердің арқасында дисконтты карталары бар жолаушылар «Бизнес» және «Гранд» вагондарын билет алса, жалпы көлемі 70 пайызға дейін жеңілдікті иелене алады.

Астанада BalaTurkvizyon гала-концерті өтеді

2PusjqIY6oI19-20 қыркүйекте елордада Бейбітшілік және келісім сарайында І Халықаралық балалар ән байқауының аймақтық іріктеу жеңімпаздарының жартылай финалы мен финалдық гала-концерт өтеді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Балалардың жаңа өлеңдерін миллиондаған көрермен мен телекөрермен тамашалай алады. Гала-концертте СМС арқылы дауыс беру жүргізіліп, қазылар алқасы ең үздік дауыс иесін анықтайтын болады. Жеңімпаз желтоқсан айында түркітілдес елдер арасында тұңғыш рет өткізілетін «BalaTurkvizyon» байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.

21 мемлекеттің өнерпаздары бақ сынайтын Гранд-финал 18 желтоқсанда Түркияның Ыстамбұл қаласында өтеді.

Байқаудың басты мақсаты – музыка әлемі арқылы балалардың жан-жақты дамуына үлес қосу, республикамыздың барлық балабақшалары мен мектептеріне арнайы сыйға тартылатын қазақ тіліндегі жаңа әндерді жарыққа шығару және қазақстандық жас сазгерлер мен ақындарға қолдау көрсету.

Еске салайық, ұлттық іріктеу 8 шілде — 8 тамыз аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде өтті. Оған екі мыңға жуық талантты өнерпаз қатысты. Әр балаға кастинг нәтижесіне қарамастан сертификаттар мен «Bala Turkvizyon – Қазақстан» әнұраны табыс етілді. Екі апта бойы еліміздің 16 облысынан үздік шыққан 20 баламен танымал музыка шеберлері, хореографтар мен әртістер жұмыс істеді.

baq.kz

Астанада роботтар футбол ойнаудан жарыспақ

IMG_8451Ағымдағы жылдың 18-19 қыркүйегінде Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Роботты техника бойынша ІІ республикалық олимпиада өтеді деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі. 

Аталған шараға Қазақстанның барлық аймағынан 152 оқушы қатысады деп жоспарлануда. Олимпиада негізгі санат және футбол санаты бойынша ұйымдастырылады.

Айта кетейік, былтыр алғаш рет өткен осынау ғылым олимпиадасына еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге тарта талантты оқушылар келіп қатысқан болатын.

baq.kz

Қазақ тілін үйрететін мультфильм жарық көрді

5507c60870b8e9693193bd43dcc5bbb1_XLҚазақ тілін үйрететін мультфильмді Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы жарыққа шығарды. Бұл мультфильм мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, дүниетанымын дамытуға ықпал етеді. Осынау жобаға 5 миллион теңге жұмсалған.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, анимациялық сериалдың негізгі идеясы – мултьфильм арқылы тіл үйретудің жеңіл әрі қолайлы тәсіліне негіздеп, балалардың жан дүниесіне жақын, жас ерекшелігіне сай анимациялық, мультипликациялық көріністер негізінде тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Әрі баланың дүниетанымын кеңейтіп, тілдік, сөздік қорын дамытуды үндейді. Жаңа топтама 3-7 жас аралығындағы балаларға арналған. Мультфильм тіл үйретеді әрі балаларды адамгершілікке баулиды.

Өңір мұғалімдерінің айтуынша, бұл мультфильм балаларға ғана емес, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарына өз практикалық жұмыстарына қолдану үшін ұсынылыпты.

Айта кетерлігі, «Менің отбасым», «Әдептілік-әдемілік», «Кім болам?» «Менің Отаным» секілді мәнді мултьфильмдер Ақтөбедегі мектепке дейінгі ұйымдарға тегін таратылады.

Айта кетейік, Облыстық тілдерді дамыту басқармасы жыл сайын балабақшадан бастап ересектерге дейін тіл үйренуші оқу-әдістемелік құралдар шығарып келеді. Атап айтқанда, «Қызықты қазақ тілі», «Банк саласы қызметкерлеріне арналған көмекші құрал», «Ғажайып математика», «Қазақ тілін үйренейік», «Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтауға арналған тест жинағы», «Салық саласы қызметкерлеріне арналған грамматикалық анықтағыш», «Медицина саласына арналған кешен» оқу-әдістемелік құралдары да жарық көрді.

baq.kz

Талдықорғанда қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Граффити фестивалі» өтті

1898117_446652935536751_7921780174195928418_n

Талдықорған қаласындағы көп пәтерлі үйлердің бірінің қабырғасында қылқалам өнері арқылы Қазақ батырларының бейнеленген суретінің ашылу салтанаты өтті. Шаранының өтуіне Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар саясаты орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалы мұрындық болды. 

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған осынау шараның мақсаты жастар мен қала тұрғындарына қазақ хандығының құрылу тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тарту, өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру болып табылады. Фестиваль соңы концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Қытайдың «Жібек жолы» енді «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жүзеге асады

9aba347223a558e9aa65e409b92fe14fҚХР төрағасы Си Цзипиньнің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жібек жолы» бағдарламасы Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасымен үндестік тауып, нәтижесінде ҚХР Қазақстанға ірі инвестициялар құятын болады. Атап айтқанда, бұған дейін Қытай мен Еуропа арасындағы байланыс Ресей арқылы өтіп келген болса, бұл жол ендігі кезекте Қазақстанның үстін кесіп өтпек.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Қазақстан-Қытай сараптамалық форумында» Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей Федерациясына Батыс елдерінің салған санкциялары әсерінен көрші мемлекет «Жібек жолы» сынды ірі жобаларды жүзеге асыра алмайды. Ал, Қазақстандағы инвестициялық климат Қытай үшін тиімді.

«Жібек жолы» жобасы тек «Нұрлы жол» бағдарламасының негізінде жүзеге асады. Себебі, қазіргі уақытта Ресейдің ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ. Экономикалық дағдарыс пен Батыс елдерінің санкциялары Ресейді тығырыққа тіреп отыр. Сондықтан ҚХР-дің таңдауы Қазақстанда» дейді сарапшы.

Мамандардың айтуынша, 2020 жылға қарай Қытай мен Еуропа арасындағы сауда айналымы 1 трлн долларға жетуі мүмкін. Ал, «Жібек жолы» бойындағы елдер бұл қаражаттан міндетті түрде үлес алатын болады. Сауда жолының бойындағы ең ірі мемлекеттің бірі Қазақстан екенін ескерсек, үлестің де ең көлемді бөлігі біздің елге тиесілі.

baq.kz

Ұлттық театр – ұлттың айнасы

895f94e3e7252a9c1adb628966535ddeЕртең Ұлттық академиялық кітапханада «Ұлттық театр – ұлттың айнасы» тақырыбы аясында  Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының  әртістерімен кездесу кеші өтеді.

Қазақ хандығының 550 жылдығының аясында өткізіліп жатқан атаулы шараның мақсаты – жастарды  ұлттық өнердің кәусарынан сусындатып, ұлттық тәрбиеге баулу.

Кездесуге «Кузбасс» Құрмет орденінің иегері, «Қасым» киносындағы жауынгер Қасым Қайсеновтің рөлін сомдаған актер Қыстықбаев Қуандық Қапсалаңұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Айтматовтың «Ғасырданда ұзақ күн» спектакліндегі Едігені сомдаған Ыбыраев Болат Қалыбекұлы,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектакліндегі Баянның рөлін сомдаған Нөгербек Алтынай Бауыржанқызы қатысады.