Домой Блог Страница 36

Актерлік өнер жолында 11 жыл бойы білім алыппын

Қазіргі таңда көгілдір экраннан көрермен қауымға жол тартып, көпшіліктің көңілінен шығып жүрген отандық телесериалдар аз емес. Солардың бірі — «Хабар» арнасынан екі маусым бойы көрсетілген «Ақылдың кілті. Өмірдастан» телеэпопеясы. Жақында осы сериалдың басты рөлдерінің бірін сомдаған актер Ербол Идрисовпен сұхбаттасудың сәті түскен болатын. Бос болсаңыз, оқи отырыңыз)

Алдымен, қысқаша мәлімет:

Идрисов Ербол Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген. 2003-2006 жылдары Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің актер мамандығын тәмамдап, 2006-2010 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «драма актер» мамандығы бойынша білім алған. Колледжде оқып жүріп Алматыдағы Бәйтен Омаров атындағы театрда актер болып еңбек еткен. 2013 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып жұмыс жасайды.

 — Әңгімемізді әріден бастамай, бірден телеэпопея төңірегінде қозғасақ…

— «Хабар агенттігінде» Мұрат Бидосов деген бас режиссер ағамыз бар. Кезінде «Ұят болмасын», «Біздің көшенің тұрғындары» сияқты жобаларды өмірге әкелген. Телевидение мен кино саласында тәжірибесі мол азамат. Сол ағамыздың бастамасымен Сержан Зәкірұлы деген кісі сценарийін жазып түсірілген дүние болатын. Сериалды көргендер болса біледі, телеэпопея Абай атамыздың қара сөздерінің желісі бойынша жазылған. Бірақ, реттілік сақталмаған. Бірінші бөлімде 19 қара сөздің мән-мағынасы ашылса, келесі бөлімінде 4 қара сөздің желісі болуы мүмкін. Көбісіне түсініксіз боп жатқан жерлері де бар екен. Бұл сериал 19 ғасыр мен 20 ғасырды қатар алып жүреді. Яғни, кей эпизодтарда 19 ғасыр – Кенесары ханның тұсы бейнеленсе, келесі бір эпизодтарында 1975 жылдардан бастап еліміздің тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңі көрсетіледі. Мен сомдаған кейіпкер сол 19 ғасырда өмір сүрген Жұман деген байдың баласы — Шернияз. Әкесі барымташы болған. Соның тәрбиесін көріп өскен соң халықтың жиған-тергенін, мал-мүлкін, жерін тартып алатын оңбаған адамның образында болдым. (күліп) Қысқасы, өте жағымсыз кейіпкер.

%d1%81%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%821— Бұл рөлге шақырту алдыңыз ба, әлде кастинг арқылы өттіңіз бе?

— Негізі кастинг арқылы өттім. Бірақ, менің Мұрат ағамен танысуым қызық болған. Данияр Базарқұлов деген актер досым: «Мұрат Бидосов «Біздің ағай» деген сериал түсіргелі жатыр екен. Соның кастингіне барып қайтайық», — деген соң тек қасына серік болып барғам. Данияр проба жасап болып шығайын деп жатсақ, Мұрат аға «жаныңдағы кім?» деп мені шақырып алды да, «кепкіңді шеш те мына костюмді киіп тұра қал» деді. Ойымда ештеңе жоқ. Айтқандарын бұлжытпай орындадым. Сөйстем, ол кісі мені бірден ұнатып, ойламаған жерден сериалдағы жас директордың рөліне бекітіпті. Содан бері, міне, Мұрат ағамен бірнеше проекттерде бірігіп жұмыс жасап келе жатқан жайымыз бар.

— Ең алғашқы дебютіңіз жайында айтып берсеңіз…

  • Акамедияны бітірген соң, «Қазақстан» телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген «Өмір өткелдері» деген сериалда ойнадым. Сондағы Шымкенттен келген Серік деген таксист жігіт – ең алғашқы дебютті рөлім болды. Одан кейін де талай сериалдарда бой көрсеттім. Басты рөлі бар, эпизоды бар, кіріп-шығатыны бар, бас-аяғы 24 сериалға түсіппін ғой)) Мен өзім киноға шақырту кеп тұрса «отказ» бермейді екем. Типажыма, түр-келбетіме ұсынылған кейіпкердің образы сәйкес кеп тұрса болды, ойнай беремін)

%d1%81%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%822— Осы уақытқа дейін сомдаған кейіпкерлеріңіздің басым көпшілігі –  комедиялық образдар екен. Соған қарағанда өзіңіздің типажыңызға комедиялық рөлдер көбірек келетін сияқты…

-Сырттай солай дейді бәрі(жымиып) Бірақ, өзім театр актері мамандығын бітіргеннен кейін комедия да, трагедия да, драма да, бәрі бірдей жаныма жақын деп айта аламын. Және нағыз актер кез-келген жанрда ойнай беруі керек деп есептеймін.

-Актерлік өнер жолына түсуіңізге кім немесе не себепкер болды?

-Шынымды айтсам, мен кішкентай кезімде әнші болуды армандағам) Ауылдағы көрші балалардың бәәрін жинап алып, ағаштан, темір-терсектен неше түрлі аспаптарды жасап, тіпті үйдегі кәстрөл-қазандарды барабан қылып, шарбаққа шығып ап «концерт» қоятынбыз. Мектеп қабырғасында жүргенде түрлі шараларда ән айтып жүрдім. Аудандық «Әнші балапан» конкурстарына қатысып, жүлде де алғам. 7 сынып оқып жүрген кезімде менен 4-5 жас үлкен Шынар деген әнші қыз «Сенің даусың бар ғой. Неге Атыраудағы кіші өнер академиясына әншілік курсына түспейсің?», — деген соң, құжаттарымды жинап, Атырауға бардым. Сөйтсем, вокал класына 2 сынып бітіргеннен кейін қабылдайды екен. Менің енді 8 оқитын кезім) Жасым келмейді. Бірақ, актерлік курсқа қабылдай алатындарын айтты. Сөйтіп, 8 сыныптан бастап Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының «актерлік шеберлік» курсын оқыдым. Ол жақта Төлеген Жангелдин, Төлеген Қуанышов сынды ағайлар мен Сәуле Байменова деген апайлардан сабақ алдым. Оны бітіріп, РЭЦКға түстім. Одан кейін Жүргенов… ойлап отырсам, актерлік өнер жолында 11 жыл бойына білім алыппын.

-«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген. Кімнің алдында шәкірт ретінде бас иесіз?

-Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде Қазақстанның халық әртісі, режиссер әрі кино актері Бәйтен Омаровтың шеберханасында оқыдым. Маған ол кісінің ішкі мәдениеті, яғни өзін-өзі ұстауы қатты ұнайтын. Жүріс-тұрысынан, сөйлеу мәнерінен, болмысынан өнер адамы екені байқалып тұратын. Және бір ерекшелігі — ешқашан студенттерге жаман сөз айтып ұрыспайтын. Сахнадағы іс-әрекетіміз ұнамай жатса, бірден жекіп тастамай, әбден дұрысталғанша қайта-қайта шығара беретін. Мейлі 100 рет қайталатса да өз ойлағанына жетіп тынатын еді. Колледжде оқып жүрген кезімізде Бәйтен аға «Ата Бәйтен» деген театр ашып (қазір «Жас сахна» деп аталады), сол жақта қойылған спектакльдерде бірнеше рөлдерде ойнадым. Ол маған үлкен тәжірибе болды деп айта аламын. Ал, Жүргенов академиясында театрдың жүйесін қалаған Станиславскийдің системасын қазақ тіліне аударған тұңғыш адам, Қазақстанның халық әртісі Маман Байсеркеновтің шеберханасында білім. Ол кісі көбінесе теориялық білімге аса мән беретін. Яғни, театрдағы ережелер мен қағидалардың толық орындалуын басты назарда ұстайтын. Міне, осы екі ұстазымның алдында әрдайым қарыздармын. Және қашан, қайда жүрсем де «осындай тұлғалардың шәкіртімін» деп мақтанышпен айта аламын!

-Мектепті қатардағы оқушылардың бірі болып аяқтасаңыз, қазір кім болар едіңіз?

-Онда хирург болатын едім. Өйткені, маған медицина саласы ұнайды. Әлі де қызығамын.

-Алдымызда не күтіп тұрғанын болжау қиын ғой. Алайда, болашақта театр саласынан кетіп қап жатсаңыз, сіздің алдыңызға сұхбат алуға емес, медициналық кеңес алуға барып тұруымыз мүмкін бе?

-Жоқ, мүмкін емес) Ешқашан. Шынымды айтайыншы, иә? Мені біреу шығарып жібермесе, өз еркіммен театрдан кететін ойым жоқ. Бірақ, болашақта бір продакшн ашсам деген жоспарларым бар. Демеуші табылып жатса қазір де бастап кеткім келеді. Әзірге ойда жүрген дүние ғой. Қалай боларын кім білсін… бірақ, тағы да айтамын: театрдан кетпеймін.

%d1%81%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%823-Арман-мақсатыңызға қол жеткізіп, продакшн аштыңыз делік. Қандай режиссерлармен жұмыс жасағыңыз келеді?

-Кинода Сатыбалды Нарымбетов, Ақан Сатаев сынды мықтылармен, ал театрда жас буын өкілдері Дина Жұмабай, Гүлсина Мергалиева, Асхат Маемировтармен жұмыс жасағым келеді. Неге десеңіз, қазір біздің өнердің айналасында жаңашылдық жоқтың қасы. Бәрі сол баяғы қатып қалған қағидалармен жүреді. Ал, мен айтып отырған кісілер үнемі жаңалық жасауға құмар. Әсіресе жастардың не қалайтынын жақсы біледі. Сол себепті де олармен жұмыс жасаған оңай әрі «приятно»…

-Театр және кино саласында азды-көпті тәжірибе жинаған беделді актерлардың бірісіз. Жасап жатқан жұмысыңызға сын айтылса қалай қабылдайсыз?

-Кәсіби сыншылардың тарапынан айтылса ғана сынды қабылдай аламын. Сонымен қатар бір салада жүрген әріптесерім мен режиссерлардың пікіріне құлақ асқанды жөн көремін. Әйтпесе, театр мен телевидениенің иісі де мұрнына бармайтын адамдар көп қой отырып алып «сынай» беретін…

%d1%81%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%824-«Өнерде достық бар» дегенге қаншалықты сенесіз?

-…(үнсіз ойланып) Кейде сенем, кейде күмәнмен қараймын. Бірақ, шын пейілімен жаны ашып, достық ақылын айтып, көмек көрсетіп жүретіндер бар. Сондай жандардың қатарына өзімнің әріптестерімнің ішінен Данияр Базарқұлов, Есжан Хамидуллин, Ербол Садырбаев, Ерлан Кәрібаев, Еділ Рамазанов, Мерей Әджібеков деген жігіттер мен Толқын Нұрбекова, Гаухар Сағынғалиева, Гүлбаhрам Байбосынова сынды қыздарды жатқыза аламын.

-Ал, өмірде?

-Құдайға шүкір, қандай жағдай болмасын әрдайым жанымнан табылатын адал достарым көп. Олардың ішінде ең жақыны – Біржан Жайлау деген жігіт. Қай кезде де қолдау көрсетіп жүреді. Сол себепті де дос таңдау жағынан жолым болды деп айта аламын.

%d1%81%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%825-Махаббатта жолыңыз болмай, тауыңыз шағылған сәттеріңіз болды ма?

-Болған жоқ. Мен өзі «бұйырған кетпейді, қуған жетпейді» деген қағидаға сенетін адаммын. Сондықтан шығар, бір қызға өліп-өшіп ғашық боп, оны қарата алмай артынан жүгірген сәттерім осы уақытқа дейін болмаған. Оның үстіне әкем де 34 жасында үйленген адам. Соны ойлап «әлі жаспын» деп оқу оқып, жұмыс жасап жүре беріппіз ғой.(күліп) Өтірік айтпай-ақ қояйын, қызқұмар емеспін. Бірақ, шын ұнатқан кездерім болды. Әзілге жақын жігіт болғаным үшін қыздар да «серьезно» қабылдамаған шығар)) Мен де бас қатырмаппын ол мәселемен…

-Білуімше, үйдің кенжесі екенсіз… Отбасын құруға асықпауыңыздың себебі де содан шығар, бәлкім?

-Иә…солай деуге де болады) Біз өзі үйде бес баламыз. Нұрлыбек, Нұрболат деген екі ағам мен Жамал және Нұрсұлу деген әпкелерім бар. Өкінішке орай, әкем Мүсәлім кішкентай кезімде қайтыс болып, біз анамыз Орыншаның тәрбиесінде өстік. Қыздарын құтты орнына қондырып, екі ұлын үйлендіріп, бейнеттің зейнетін көріп отырған анам қазір 73ке келді. Ауылға барған сайын, аға-жеңгелерім, апа-жезделерім, тума-туыс, бәәрі «қашан үйленесің?» деп сұрайды) Ол жалғыз менің басымдағы жағдай емес шығар…(күліп) Құдай қаласа, кенже баланың келіншегін көріп, көзайым болатын күндері алыс емес.

%d1%81%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%826-Өмірлік серігіңіз болатын аруды жолықтырдыңыз ғой, демек?

-Ол жағы құпия болып қалсын.

-Достарыңыздың арасында «Пэпи» деген лақап атыңыз бар екен. Не себепті?

-Колледжде оқып жүрген кезімізде «пэпи» деген йогурт болған. Бір күні түскі ас уақытында дүкеннен сол йогуртты сатып ап, парктен өтіп бара жатқам. Сөйтсем артқы жағымнан үлкен курстың жігіттері, «старшактар» менің атымды атап шақырыпты. Мен естімей қалсам керек, қарамай кете беріппін. Олар да біраз айқайлапты. Бір кезде не деп шақырарын білмей «Әй, пэпи!» дегенде мен де жалт қараппын. Содан Пэпи атанып кеттік қой…)))

-Қызықты сұхбатыңыз үшін рақмет, Ербол! Сізге тек шығармашылық табыстар тілеймін!

Сұхбаттасқан: Риза Шайқақ

Алматы ашық лигасының финалы өтті

Қыркүйек айында Алматы  қаласында  бастау алған республикалық Алматы ашық лигасының 18-19 қараша күндері финалдық сайыстары өтті.

7-8 және 17-18 қазан күндері өткен жартылай финалдық сайыстарының қорытындысы бойынша финалдық сайысқа жолдама алған «А» тобының 6 командасы «сәлемдесу», «әуенді биатлон» және «жұлдызбен көрініс», ал «Б» тобының 5 командасы «сәлемдесу», «командалық биатлон», «жарнама бейнеролик» және «СТЭМ» сайыстары бойынша сайысты.
Финалдық орындар қорытындысы бойынша «А» тобының чемпионы — «АТУ құрамасы», ал «Б» тобының чемпионы — «Жетісай құрамасы».

 

ОҚО әкімі Әзірбайжан елшісімен кездесті

e073213e-1ebc-4769-9f35-0071bca272f6Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Әзірбайжан Республикасынан келген делегация өкілдерімен кездесу өткізді. Мәртебелі меймандарды Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Маммадаров бастап келді. Сондай-ақ, аталған топ құрамында Қазақстандағы Әзірбайжанның ішкі істер министрлігі өкілі Насими Шикаров пен әзірбайжандық кәсіпкерлер одағының төрағасы Гюндуз Маммадли болды.

Экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кездесуде аймақ басшысы Оңтүстікке арнайы ат басын бұрған қадірменді қонақтарға алғысын білдіріп, әзірбайжандық инвесторлардың қатысуымен болып жатқан және болашақтағы бірлескен жобалар жайын таныстырды. Сондай-ақ, жиында облыстың ауыл шаруашылық саласымен қатар, кәсіпкерлік, туризм бағытындағы жоспарлары мен жетістіктері туралы әңгіме өрбіді.

«Түбі бір түркі тілдес елдердің бірі — әзірбайжан халқы мен қазақ елі тарихы біте қайнасып, тереңде жатқан бауырлас ұлттар. Сондықтан, қос мемлекеттің кез келген сала бойынша қоян-қолтық араласып, жұмыс істеуі заңды. Әзірбайжандық кәсіпкерлердің бастамасымен қолға алынған өңіріміздегі бірқатар өндіріс орындарының болуы осы туысқандық қатынастың жемісі деп білем. Әрі бұл игі байланыстың одан әрі нығайып, жалғасатынына сенімім кәміл», — деді Ж.Түймебаев.

Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап арнайы жұмыс тобын құрып, нақты ұсыныстар мен жобалар бағытында іске кірісетін болып келісті. Сонымен бірге, әкім елші мырзаға облыс орталығы — Шымкент қаласы мен Әзірбайжанның бір шаһарын «бауырлас қалаларға» айналдыру ұсынын жеткізді. Бұл ұсынысты құп көрген Р.Маммадаров осы идея негізінде жұмыс істеуге дайындығын мәлімдеді.

Жалпы, 2016 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша Қазақстан мен Әзірбайжан елдерінің арасындағы тауар айналымы 112,1 млн. АҚШ долларын құраса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,4 пайызға көп. Ал Оңтүстік өңірде Әзірбайжандық инвесторлардың қатысумен жұмсақ және кеңселік жиһаздар жобалары жұмыс істейді. Бұл кәсіпке салынған инвестиция көлемі 3,8 млрд теңгені құрайды.

Жайдарманның Астана қаласындағы чемпионы анықталмақ

%d0%b6%d0%be%d0%b3%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%bb%d0%b8%d0%b3%d0%b020 қараша күні Астанадағы «Жастар» сарайында Жайдарман ойындарының қалалық чемпионатының финалы өтеді. Жыл бойы сайысқа түскен 18 команданың ішінен ақтық сынға дейін жеткен 5 команда өзара чемпиондық атаққа таласпақ.

Ойынның мақсаты – Астана қаласының жастары арасында қоғамдық жұмысқа деген белсенділігін арттырып, мәдени шараларға деген құлшынысын арттыру. Сонымен қатар жекелеген жайдарманшылардың бойындағы қабілетін ашып, шығармашылық шабытын ұштау, жұрт алдына сөйлеуге баулу. Осы арқылы жастардың лидерлік қабілетін арттыруға ықпал ету.

Жыл сайын өткізіліп келе жатқан сайысқа Астана қаласы Жастар саясат басқармасы қолдау көрсетіп келеді.

Анықтама үшін:

Сайысқа қатысатын командалар:

  1. «Жібек жолы» — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  2. «Тұран жастары» — «Тұран-Астана» университеті
  3. «Энерго» — С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
  4. «4-корпус» — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  5. «Сарыарқа ауданының жастар құрамасы» — Cарыарқа ауданы

Ойын сағат 17:00-де басталады.

Сайысты «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Бас редакторы Рүстем Елжанов жүргізетін болады.

Ескерте кетейік, ойынға кіру тегін. Сонымен қатар, жоғары лиганың танымал командалары да өнер көрсетеді.

ОҚО-да жас сарбаздар әскерге аттанды

e7ea784a-0427-4326-9e0a-1bdb6d31911eБүгін күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкент қаласының 35748 әскери бөлімшесінің жаттығу алаңында жастарды ҚР Қарулы күштері қатарына салтанатты шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Оңтүстік Қазақстан облысының 55 азаматы еліміздің құрлықтық әскер бөлімшелеріне қысқа мерзімді отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Аталған шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қатысып, ертеңгі сарбаздарға қырағылық пен сәттілік тіледі.

«Биылдың өзінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында 2,5 мыңнан астам оңтүстік азаматтары бар. Әр адам отанын сүюді өзінен бастаса ғана нәтиже шығады, яғни еліміз дамып, жер көркейеді. Міне сол үшін де әр адам өз деңгейінде еліміздің өркендеп өсуіне, гүлденуіне, тыныш әрі бейбіт өмір сүруіне үлес қосатынына сенімдімін. Жас сарбаздарға елді қорғауда табыс тілеймін»,-деді облыс басшысы.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының қарсаңында, жас буын отан алдында мемлекетіміздің тұтастығы мен тыныштығын және егемендігін сақтау үшін әскери борышын өтемек. Салтанатты шара барысында сарбаздар әскери көрнекі қойылым көрсетіп, арнайы киімдер мен техникалардың көрсетілімін ұйымдастырды. Ал, жаттығу кешенінде әскери-патриоттық клубтар мен үйірмелердің түлектері БМП-2,Т-2 құрлық әскерлері жауынгерлік техникаларының стимуляторында өз күштерін сынап көрді.

Естеріңізге салсақ, күзгі әскерге шақыру науқаны 1 қазаннан басталды. Жыл сайын Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті әскери басқармалары ҚР Қарулы күштеріне, басқа да әскер мен әскери құрамаларға 4 мыңнан  астам адамды отан алдындағы борышын өтеуге жібереді. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып саналады. Ағымдағы жылдың 24 қазаны мен 19 қараша аралығында Шымкент қаласының орталық жинақтау бекетінен 500-дей әскери міндеттілерді ҚР Қорғаныс министрлігінің бөлімшелеріне шығарып салу жоспарланып отыр.

Талғардағы «BARON FOOD» өнімдері көрші Ресей рыноктарында да саудаланады

%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b3%d0%b0%d1%80-2Алматы облысының Талғар қаласынан орын тепкен «BARON FOOD» ЖШС іргесінің қаланғаны көп бола қойған жоқ. Осыдан үш жыл бұрын, яғни  2013 жылы Калинин Сергей Алексеевичтің жетекшілігімен құрылған компания мұздатылған полуфабрикаттар өндіреді.

Екі жүзге тарта еңбеккері бар  «BARON FOOD» ЖШС-нің өндірістік қуаттылығы жылына 700 тоннаны құрайды. Мұнда мұздатылған полуфабрикаттар өндірудің автоматтандырылған  BARON 700A желісі  жұмыс істейді. Аталған зауыттың өзінің жекеменшік техникалық қызмет көрсету станциясы бар, бұл шығарылған өнім бағасына қосылатын қосымша құнның болмауын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, өзінің технологиялық құрылғыларды өндіру мен жөндеуден өткізу цехы және шығарылатын өнімге қажетті экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін өсіретін жекеменшік шаруа қожалығы бар. Осындай жетістікке ие компанияның алға қойған негізгі мақсаты – өндіріліп жатқан өнімнің барлық тұтынушыға қолжетімді болуы. Олар бұл үдеден шығып жүр. «BARON  FOOD» ЖШС-нің тауарлары бүгінгі таңда көрші Ресей рыноктарында да саудалануда.

Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған Талғар ауданындағы көшпелі брифингте зауыт директоры Ю. Литвинова айтты.

Жалпы, Талғар ауданында бүгінгі таңда осы «BARON FOOD» ЖШС секілді 8800-ден астам шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істейді. Олар өндірген өнімдер көлемі 9,1 млрд. теңгені құраған.Нәтижесінде бюджетке 5,1 млрд. теңге қаражат түсіп, жалпы түсімнің 42,5 пайызын құраған. Бұл салада қазіргі таңда аудан бойынша 26 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Алматы облысында жасөспірімдер қолымен 7 ауыр қылмыс жасалған

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%beКәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі құқық ғылымында аса маңызды орын алады. Себебі, кәмелетке толмағандардың қылмысының алдын алу өте қиын мәселелердің бірі. Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы, оларға жаза тағайындау, жасөспірімдерді қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату мәселелері сөз болды.

— Желкілдеп өсіп келе жатқан жасөспірімдер қылмысының алдын алу үшін неғұрлым гумандық жолдарды қарастыру еліміздің алдында тұрған үлкен мәселе. Ересек адамға қолданылатын шаралардан бөлек, жасөспірімдерге, арнайы субъект ретінде бөлек жаза түрлерін қарастыру жөн болар. Өйткені оларға қолданылатын шара жазалаушы сипатта емес, түзету, тәрбиелеу шаралары болуы керек. Сондықтан біз мектептермен, инспектор-психологтармен, сондай-ақ, «тәртібі төмен» балалардың ата-аналарымен үнемі тығыз қарым-қатынастамыз, — дейді Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыткелді Тұрлыбеков.

Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына үстіміздегі жылдың 10 айында барлығы 32 тұлғаға қатысты 22 қылмыстық іс түсіп, 19 қылмыстық іс сотта қаралған. Оның ішінде ауыр қылмыстар бойынша 7 іске үкім шығарылып, 2 бала темір торға тоғытылған. Сондай-ақ, 10 қылмыстық іс қысқартылған болса, оның 7-і медиациялық жолмен шешімін тапқан. Негізі, өрендер жасайтын қылмыстардың ішінде ұрлық-қарлық оқиғасы тиылмай тұрған көрінеді.

Алдағы бес жылда апатты тұрғын үйлердің тұрғындары үшін 1386 пәтер салынады

c-42017-2022 жылдар аралығында Астана қаласында апатты үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 635 мың м2 тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бұл — 10 000-нан астам пәтер.

Апатты үйлердің иелерін көшіру үшінтапсырылатын үйлердің жалпы көлемінен ауданы 63мың м2 болатын 1 386 пәтерді ақысыз негізде коммуналдық меншікке өткізу жоспарланған. Еркін нарықта ауданы 408 мың м2 болатын 8 010 пәтерді сату есебінен пилоттық жобаны қайта инвестициялау жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесі бойынша құрылыс компанияларымен кездесуі барысында белгілі болды.

Анықтама үшін:

2017 жылдың соңына дейін елорданың тұрғын үй басқармасы апатты және ескі үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 111 үй құрылысын бұзуды жоспарлап отыр.

  2013 жылдан 2017 жылға дейін салынған мерзімі 1940 — 1970 жылдар аралығына жататын, негізгі құрылыс конструкциялары мен инженерлік желілерінің тозу пайызы жоғары 228 апатты үй құрылысын (3 367 пәтер) бұзу жоспарланған. Бұл — онда тұрып жатқан адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін үйлер.

Бүгінгі күні 117 апатты үйдің (1 555 пәтер) тұрғындары жайлы пәтерлерге көшірілді.

Қалған 111 апатты үйдің тұрғындары жоспарлы көшіру мерзімдері туралы ақпараттандырылды, оларды көшіру жұмыстары 2017 жылдың соңына дейін жүргізіледі.

«19 жыл ішінде Астанада 17 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Үстіміздегі жылы біз тағы 2 миллион м2 астам баспананы тапсыруды жоспарлап отырмыз. Тұрғын үй құрылысы көлемінің жыл сайынғы өсім қарқыны Мемлекет басшысы халықты тұрғын үймен қамту бойынша берген тапсырмалардың шеңберінде мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асырудың арқасында сақталып отыр. Біз әлемнің жаһандық қалаларының даму тәжірибесін зерттеп, алдағы перспективаларының және негізінен қаланың бағдарламалық құжатында іске асыру жолдарының кешенді көрінісі әзірленді. Қаланың келешектегі дамуы экологиялық таза технологияларды және қоғамдық кеңістіктерді үйлесімді абаттандыруды өзара байланыстыру арқылы қарастырылуда», — деп атап көрсетті Астана әкімі Әсет Исекешев.

Алдағы 5 жылда Құрылыс басқармасымен 7,5 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі

c-3Алдағы 5 жылдың ішінде іске асырылып жатқан және іске асыруға жоспарланған бағдарламалардың шеңберінде бюджеттік қаржыландыру есебінен Құрылыс басқармасы бойынша тұрғын үйлерді тапсыру көлемі 7 472 пәтерге 386 мың м2 құрайтын болады. Бұл туралы тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесіне арналған кеңесте Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун хабарлады.

Соның ішінде арендалық баспана — 60 мың м2 (немесе 1 403 пәтер); несиеге берілетін баспана — 146 мың м2 (2 942 пәтер); ТҚЖБ көздері есебінен тұрғын үйлер – 99 мың м2 (1 705 пәтер); жергілікті бюджет қаржысын қайталап пайдалану есебінен — 80 мың м2 (1 422 пәтер).

«19 жыл ішінде Астанада 17 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Үстіміздегі жылы біз тағы 2 миллион м2 астам баспананы тапсыруды жоспарлап отырмыз. Тұрғын үй құрылысы көлемінің жыл сайынғы өсім қарқыны Мемлекет басшысы халықты тұрғын үймен қамту бойынша берген тапсырмалардың шеңберінде мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асырудың арқасында сақталып отыр. Біз әлемнің жаһандық қалаларының даму тәжірибесін зерттеп, алдағы перспективаларының және негізінен қаланың бағдарламалық құжатында іске асыру жолдарының кешенді көрінісі әзірленді. Қаланың келешектегі дамуы экологиялық таза технологияларды және қоғамдық кеңістіктерді үйлесімді абаттандыруды өзара байланыстыру арқылы қарастырылуда», — деп атап көрсетті Астана әкімі Әсет Исекешев.

Қазақстанда ASTEX Astana Smart City Халықаралық форум-көрмесі өтеді

c-230 қарашада Астанада Оқушылар сарайында ASTEX Astana Smart City-2016 халықаралық форум-көрмесі өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шараның негізгі мақсаты барлық ресурстардың, тұрғындардың қажеттіліктерінің жан-жақты тепе-теңдігін қамтамасыз ететін қалалық инфрақұрылымның интеллектуалды дамуына ықпал ететін «ақылды қалаларды» құру мәселелерін талқылау болып табылады.

Форум-көрмеде АТ компаниялардың жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыру, SchoolBus «Smart мектеп»; «Smart емхана»; e-ПИК; 109 қызметі, Ұлттық ГАЖ жүйесін құру; Smarttracking және т.б. АКТ-жобалары ұсынылады.

Бұдан басқа, ASTEX Astana Smart City: «Сынақтар, перспективалар және стандарттау» конференциясын өткізу жоспарланған.

Конференцияда екі сессия өтеді, олардың бірі ақылды қалалар мен стандарттарды құруға арналған, ал екіншісі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған смарт шешімдерді анықтайды.

Форумда «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Әлнұр Ермағамбетов Қазақстан елордасында «AstanaSmartCiti-жобалар» бағдарламасын жүзеге асыру жайлы айтып береді. «Ақылды қаланы» құрудағы маңызды смарт шешім – Ұлттық геоақпараттық жүйе мемлекеттік жобасы болып табылады, бұл жоба жайында «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің ҰГАЖ жобасының жетекшісі Қуат Сағадиев толық мәлімет береді.