Домой Блог Страница 40

ОҚО әкімі медициналық нысандардың құрылысымен танысты

medicinaОңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі құрылысы жүріп жатқан медициналық нысандарды аралап, сапасын қадағалады.
Ең алдымен, облыс басшысы Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем көрсету ауруханасының жаңадан құрылысы жүріп жатқан «В» корпусының жұмысымен танысты. Ондағы қабылдау бөлімі, ота жасау блогы, жансақтау бөлімі мен галереяның жапсарлас құрылысының сапасын қадағалаған аймақ басшысы медициналық нысанның заман талабына сай жүзеге асырылу қажеттігін ескертті.
Жоба қуаттылығы 21 операциялық бөлме мен стационарлы 27 орынды қамтыған ғимарат құрылысының аяқталуы келер жылға өтпелі болып отыр.
Шымкент қалалық жедел жәрдем медициналық ауруханасы көпсалалы стационарлық қызметтік мекеме болып табылады. Тәулік бойы жұмыс істейтін мамандандырылған аурухана хирургиялық, травматологиялық, урологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, неврологиялық және терапиялық бейінде облыс тұрғындарына шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді.
Қазіргі уақытта қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы 425 орынға шақталған болса, оның 317-сі хирургиялық науқастарға, 108-і терапиялық бөлімнен тұрады. Клиникада жалпы саны 1 мыңға жуық қызметкер жұмыс атқарады. Мұндағы  диагностикалық және тактикалық сұрақтарды шешуге мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар заман талабына сай жабдықталған.
Мұнан соң, жұмысшы топ облыстық онкологиялық диспансерге жапсарлас 75 орындық палаталық корпустың құрылысын аралап көрді. Тапсырысшысы облыстық құрылыс басқармасы болып табылатын ғимараттың құрылысын «Тұр-Ахмет и Компания» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Өткен жылдың шілде айында басталған құрылыс жұмыстары 2017 жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде.
Облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері өңірде бүгінде 12 мыңнан астам адам қатерлі ісік дертімен есепте тұрғанын, ал жыл сайын  3 мыңнан астам азамат онкологиялық ауруларға шалдығатыны анықталатынын айтты.
Жоғарыда аталған мәліметтерді тыңдаған өңір басшысы қатерлі ісік ауруын емдеуде Франция мен Белгиядан   мамандар алып келіп, олардың емдеу тәсілдерін қолданып, тәжірибие алмасу үшін жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Айта кетейік, облыстық онкологиялық диспансерде түрлі онкологиялық аурулармен 230-дан астам науқас емделуде. Бүгінгі таңда, ондағы әр палатада 6-7 адамнан орналасса, жаңа жапсарлас құрылыс ғимараты біткен соң емделушілерге деген палата саны артады деп жоспарлануда.

Екі басшының есебі тыңдалды

fffffffБүгін  «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Жиынға облыс әкімі, ОҚО «Нұр Отан» партиясының  төрағасы Ж.Түймебаев пен кеңес бюросының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және партия филиалының  қызметкерлері қатысты.

Бюроға қатысушылар күн тәртібіндегі Отырар ауданының әкімі Е.Айтахановтың  10 айда атқарылған жұмыстары мен облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Б.Есқараевтың есебін тыңдады.  Сондай-ақ, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының  фракциясына мүше депутаттарының сайлауалды бағдарламаларының орындалуымен бастауыш партия ұйымдарымен бірлесе атқарған жұмыстары бойынша  облыстық мәслихат депутаты, фракция мүшесі С.Ибадуллаев баяндама жасады.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерін баяндаған Ерлан Қуанышұлы 10 айда  өнеркәсіп кәсіпорындарымен 11 млрд 522 млн. 700 мың теңгенің өнімі өндірілгенін атап өтті.

«Өңіріміздің аграрлы аймақ екенін ескерсек, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударылуда. Егіс көлемін ұлғайту, жаңадан қосылған жерлерді игеру, заманауи технологияларды кеңінен енгізу жылыжай, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, осы жылдың есепті кезеңінің қорытындысымен ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11 млрд 539 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  3 млрд 179 млн теңгеге өскен.  Ал игерілген суармалы жердің көлемі 24 мың 338 гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2 мың 700 гектарға артқан. Бүгінгі таңға дәндік жүгеріден 27 677,5 тонна, көкөністен 9 610,5 тонна, бақшадан 110 428 тонна, картоптан 2009,2 тонна өнім жиналды»,-деп айтты аудан әкімі.

Баяндаманы тыңдаған облыс әкімі аудандағы жеткен жетістіктерді ғана емес ондағы проблемаларды да көтеріп,оны шешу жөнінде ұсыныстарды да қоса ұсыну қажеттігін ескертті. Мәселен, ауданда 17 мың га жер игерілмеген. Елді мекендерді газдандыру және суармалы жерлердің көлемі төмен екенін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамдық орындарындағы қылмыс 90 пайызға өскеніне тоқталған аймақ басшысы жергілікті полиция қызметінің жұмысын жүйелеуді тапсырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мәлімдеме жасаған облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Б.Есқараев ҚР еңбек заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында осы жылдың 10 айында мекемелер мен кәсіпорындарда 702 тексеру жүргізілгенін хабарлады.

Оның айтуынша, жүргізілген тексерулердің барысында 1166 заң бұзушылық анықталған.  Яғни оның 840 еңбек туралы,  254 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша болса, 71-і өзгеде фактілер.  Анықталған заң бұзушылықтардың ішінде 1035-і жойылып, заңға сәйкестендірілген.

Басқарма басшысы өз есебінде аталған заң бұзушылықтың басым бөлігі еңбек заңнамасының сақталмауы, яғни, жұмысқа қабылданған қызметкерлермен еңбек шарттарының жасалмауы, жалақының уақытылы төленбеуі, үстеме, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа, сондай-ақ түнгі уақыттағы жұмысқа тиісінше ақы төлемеу, жұмыс берушілер тарапынан  әйелдердің еңбек құқығына қысым жасалуы сияқты фактілері бар.

Саяси кеңесте айтылған мәселелерге қаныққан әкім еңбек тәртібі бойынша халықпен жүйелі түрде жүздесіп, әрбір азаматқа еңбек құқығын кеңінен түсіндіруді айтты. Сондай-ақ, осы салаға серпіліс беретін жаңаша жұмыс жоспарын жасауды тапсырды.

Баяндамашыларды тыңдаған Саяси кеңесі бюросының мүшелері   атқарылған жұмыстар бойынша қаулы қабылданып, Отырар ауданының әкімі партия мүшесі Е.Айтахановтың атқарған жұмыстарының есебі назарға алынды.

Жиынды қорытындылаған Ж.Түймебаев Саяси кеңес бюросы мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелер бойынша алдағы уақытта нақты жұмыстар атқарылатынын айтып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретін мемлекеттік бағдарламалардың, оның ішінде «Нұрлы Жол» бағдарламасының орындалуын бақылау партияның негізгі міндетінің  бірі екенін айтты.

 

Елорда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын қарсы алуға дайындалуда

Астана ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында түрлене бастады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Қалада «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» көлемді жазу түріндегі конструкциялар орнатылуда. Елорданың сол жағалауы шамдарға ілінетін жалаулармен безендіріледі, ал қала көшелеріне түрлі инсталляциялар мен тақырыптық паннолар орнатылады.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл», «25 лет Независимости Казахстана» инсталляциялары әр түрлі көлемде жасалды, ал түнгі уақытта әріптер жарықтандырылады. Үлкен конструкциялардың ұзындығы 50 метрге жуықтаса, композицияның жалпы биіктігі 2,5 метрді құрайды, ал шағын конструкциялардың ұзындығы — 30 метр және биіктігі — 1,5 метр. Көлемді әріптерді Ақорда ғимаратының, «Бәйтерек» және «Мәңгілік ел» монументтерінің алдындағы алаңдардан, Қаржы министрлігі ғимаратының алдынан, Дөңгелек алаңнан, «Жастар» театрының қасынан, Орынбор және Сығанақ көшелеріндегі жолайрықтан (ҰҚК ғимаратына қарсы) көруге болады. Кейбір жерлерге инсталляциялар орнатылып қойылды, ал жұмыстар толықтай 20 қарашада аяқталады.

«Есіл» ауданында Сарайшық, Қонаев, Достық, Сығанақ, Орынбор көшелерінде, Тұран, Қабанбай батыр даңғылдарында жарықтандыру бағаналарына жалаулар ілінеді, сондай-ақ, «Бәйтерек» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы» монументтерінің алдындағы алаңда байрақты конструкциялар орнату жоспарланған. Сондай-ақ, «Арай» бағында түрлі-түсті панно қойылады. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Астана Опера» театрының және «Қазақстан» Орталық концерт залының алды байрақты конструкциялармен безендіріледі.

Жұмыстар 25 қарашада басталады. Қала көшелері мен нысандарын безендіру ісі «Сарыарқа» ауданында да қолға алынған. Онда да түрлі инсталляцияларды, паннолар мен байрақты конструкцияларды орнату жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде Сарыарқа, Бөгенбай батыр және Республика даңғылдарында тіректерге 101 жалау ілінді, сондай-ақ, Сарыарқа ауданы әкімдігі ғимаратының алдына көлемді әріптерден құралған конструкция орнатылды. Елорданың Алматы ауданында 22 жарық-иллюминациялық арка және 305 панель орнатылады. Жарықтандыру тіректеріне — 392 ілінеді, ал стационарлық жалаусапқа 76 ту ілінеді. «Жерұйық» демалыс саябағы байрақты панномен безендіріледі, сондай-ақ, тақырыптық кіші сәулеттік пішіндер, Уәлиханов және Кравцов көшелерінің қиылысындағы үйдің шатырында ақпараттық жазу орнатылады.

Елордада «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» қалалық форумы өтті

c-1Астанада «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер диалогы» алтыншы қалалық форумы өтті. Онда білікті кадрлар даярлауда дуальды білім беруді жетілдіру мәселелеріне басымдық берілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, колледждердің бизнес-компаниялармен ынтымақтастығын ары қарай дамыту жайы да сөз болды. Кездесу соңында колледждердің басшылары мен бизнес-әріптестер арасында кадрлар дайындау бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Форум жұмысына елорда әкімдігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Кәсіпкерлер палатасының, мәслихат депутаттарының өкілдері және колледждердің басшылары мен олардың әлеуметтік әріптестері қатысты.

Кездесу шеңберінде еңбек нарығында аса сұранысқа ие мамандықтардың көрмесі өтті: «Туризм, қонақ үй шаруашылықтарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Интерьер дизайны, азаматтық ғимараттарды реставрациялау, қайта жөндеу», «Киім дизайны» және «Аударма ісі». Елорданың Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, Астана Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов, кәсіпкерлер және білім беру мекемелерінің басшылары тақырып бойынша баяндамалар жасады.

Астанада қауіпсіз жол қозғалысы апталығы басталды

cЕлорда полициясының қызметкерлері ұйымдастырған акция жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оларға балалардың қатысуын болдырмауға және көлік жүргізу мәдениетінің деңгейін көтеріге бағытталған.

Осы аптада оқу орындарында ата-аналардың қатысуымен кездесулер және конкурстар жоспарланған. Акция шеңберіндегі «Қамқор ана» атты алғашқы шара № 28 орта мектепте өтті. Конкурс барысында аналар жарық шағылыстыратын элементтері бар балалар киімін көрсетті. Әрбір қатысушы қараңғы түскен уақытта осындай киім киюдің маңыздылығы туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Инвесторлардан өтінімдер қабылдау басталды

f8c788e7e8864b596833030e60686298«Қазагромаркетинг» АҚ Алматы облысында инвестициялық субсидиялау үшін инвесторлардан өтінімдер қабылдайтыны туралы хабардар етеді.

Инвестор ретінде Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіп кешен субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қарастырылады.

Инвестициялық субсидиялар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтейді.

Инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 07 тамыздағы №9-3/726 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Өтінімдер келесі мекенжай бойынша қабылданады: Талдықорған қ., Төлебаев к-сі 100/36

Анықтама алу үшін Талдықорған қаласындағы «Қазагромаркетинг» АҚ-ның 8 (7282) 24-81-56 және 8 800 080 70 80 нөмірлері (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) бойынша сall-орталыққа хабарласуға болады.

Құрылыс пен тазалық қатаң қадағаланады

selektornyy_15Бүгін облыс әкімдігінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен кезекті селекторлық жиын өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Басқосуға басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе — бюджет есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың сапасы мен қатты тұрмыстық қалдықтардың полигондар орындары жайы қаралды.
Жиында алғашқы тақырып бойынша сөз алған ОҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев салада атқарылған жұмыстар аясында баяндама жасады.  Айтуынша, басқарма тарапынан 2016 жылы облыстың аудан, қалаларында салынып жатқан құрылыс нысандарына 1769 рет тексеру жүргізіліп, оның өзге де түріндегі бақылау және қадағалау жұмыстары ұйымдастырылған.
Нәтижесінде, ғимараттарда анықталған кемшіліктер бойынша 672 нұсқама берілсе, нұсқамамен жойылмаған олқылықтар бойынша және құрылыс нысандарының сапасын тексеріп беру туралы арыз-шағымдарға сәйкес, 535 тексеру тағайындау актілері ашылған. Сонымен бірге, 125 мердігер мен 24 жобалаушы мекемеге шара көріліп, 2 мердігер мен 2 жобалаушы мекеменің лицензиясы алынса, 5 мердігердің лицензиясының кіші жұмыс түрлері шеңберінде жойылып, 3 мердігердің лицензиясы уақытша тоқтатылды.
Олқылықтардың басым бөлігі құрылыс нысандарының жобалық сметалық құжаттарының кеш әзірленгендігі мен оны пайдалануға кеш тапсыру, сонымен бірге, құрылыс нормаларын сақтамауға қатысты. Мәселен, мұндай кемшіліктер Төлеби, Бәйдібек, Созақ, Ордабасы, Мақтарал аудандарында орын алған.
Мұнан соң, облыс әкімі салада орын алған кемшіліктер бойынша тиісті аудан, қала әкімдерінің жауабын тыңдап, олқылықтарды тез арада жою қажеттігіне тоқталды. Тексерулер жүргізіліп, шара көрілген компаниялардың аздығын сынға алған өңір басшысы бұл жұмыстарды қайта електен өткізіп, жұмысына салғырт қарайтын мердігерлерді қайта талдау жасауды жүктеді.
Облыстық құрылыс басқармасы мен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшыларына айтылған нұсқамаларда Жансейіт Қансейітұлы жұмыстарды атқарудағы кемшіліктерді жоюдың жаңа тәсілін ойластырып, ұсыныс жасауды тапсырды. Сонымен бірге, құрылыс саласындағы сапаны бақылап, жұмыстар қарқынын біліп отыру сынды жұмыстар жиынтығын құрайтын арнайы онлайн-реестр әзірлеуді жүктеді.
Мұнан соң, күн тәртібіндегі екіншісі мәселе аясында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигондар орындарының қазіргі жағдайына талдау жүргізіп, 2008-2015 жылдар аралығында қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын 44 полигонға құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкестендірілгенін хабарлады.
«Қазіргі таңға 844 елді мекен 176 полигон орнымен қамтылған. Алайда, елді мекеннен полигонға дейін 400 метрден 90 км-ге дейінгі ара қашықтықты құрап отыр. Оның ішінде, 259 елді мекен бойынша 20 км-ден 100 км-ге дейін ара қашықтықта. Яғни, бұл елді мекендерде тұрмыстық қалдықтар бей-берекет тасталуда деген сөз», — деді басқарма басшысы.
Мақтаралда небары 4, Шымкентте 2 ғана қоқыс полигоны барын жеткізген М.Отаршиев облыстағы бірқатар аудан, қалаларда қоқыс орындарының жеткіліксіздігін, бұл мәселені реттеуде жергілікті атқарушы органдардың асықпай отырғанын алға тартты.
Тазалықты сақтау мәселесіне қатысты ойын білдірген облыс әкімі сенбіліктерді тұрақты өткізіп отыру мәселені шешпейтінін ескертіп, бұл жайды реттеу үшін арнайы мекеменің айналысуы керектігін жеткізді.
Басқарма басшысының баяндамасын қанағаттанарлықсыз деп есептеген әкім аудан, қалалардағы шашылып жатқан қоқыстарды жинап, отандық және шетелдік қонақтар келгенде ұялмайтындай жағдай жасау қажеттігін, оның ішінде, көше, нысандар маңынан әжетхана салу жайын, көпқабатты үйлердің кіреберістерін (подъезд) таза ұстап, жарықтандыру мәселесін қатаң тапсырды. Бұл жұмыстарға барлық құрылымдардың жаппай атсалысуы қажеттігін ескерткен Ж.Түймебаев қоқыстарды жинауға 3 күн мерзім берсе, әжетхана салуға 1 апта, кіреберістерді реттеуге 2 апта уақыт берді. Аталған мерзім аяқталғаннан кейін облыс əкімі тиісті нысандарды ескертпестен аралайтын болады.

«Жас Сақшы құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасақтары» жобасының марапаттау рәсімі өткізілді

Қоғамдық тәртіпті сақтау, жастар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және құқықтық мәдениетті насихаттау мақсатында Жастар саясаты мәселелері басқармасы, Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі, «ZhasStar» жастар саясаты орталығы» қоғамдық қоры «Жас сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасақтары атты жобасын жүзеге асыруда.

Аталмыш жоба аясында, жастар арасында түрлі құқықбұзушылықтарды алдын алу 40 рейдттік іс-шара, студенттердің құқық қорғау органдарының өкілдерімен 10 кездесу және салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық сайыстар өткізілді.

Бүгін «Жас Сақшы құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасақтары» атты жобасының салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Іс-шара барысында үздік студенттерді, жобаға үлес қосқан оқу орындар және ІІД Жергілікті полиция қызметінің мүшелері алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Марапаттау рәсіміне ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Малыбаев Б.А. және Жастар саясаты мәселелері басқармасы бастығының м.а Рыспаев Е.Г. қатысты. Қонақ ретінде Астана қаласы жастар ұйымдарының көшбасшылары келді.

Марапаттау рәсімі барысында эстрада жұлдыздары мен шығармашылық топтар өздерінің өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, «Жас Сақшы құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасақтары» атты жобасының 2016 жылғы жұмыс нәтижелерімен таныстыру өтті.

 

Астанада алғаш рет «Қазақ қызы» байқауы өтті

«Әйелдер — ұлт болашағы үшін» ҚБ елорда әкімдігінің қолдауымен алғаш рет «Қазақ қызы» байқауын ұйымдастырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Жобаның ерекшелігі– жеңімпаз сұлулығына қарап емес, қазақ халқының мәдени-адамгершілік және отбасылық дәстүрлерін білуіне қарай анықталды.

Жарыстың финалына 125 үміткердің ішінен 20-сы өтті. Байқау барысында 16-дан29 жасқа дейінгі арулар шеберлік байқасты.

«Қазақ халқының салт-дәстүрін білгенімен қатар, оларды күнделікті өмірде пайдалану керек. Мысалы, аспаздық. Қазіргі заманда қыздардың кейбірі ұлттық тағамды әзірлеу білмейді, біздің конкурс отбасылық дәстүрлерді жандандыруға және насихаттауға, адамгершілікке тәрбиелеуге, қыздар мен жас әйелдерді қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді тартуға бағытталған», — дейді «Әйелдер — ұлт болашағы үшін» ҚБ басшысы Жанна Бороздина.

Байқау барысында арулар ас әзірлеу, тігу мен тоқу өнерінен сайысқа түсті, Абайдың қара сөздерін оқыды, сондай-ақ, ән айтып, би биледі, актерлік шеберліктерін ортаға салды. Финалдың бес кезеңінің қорытындысы бойынша «Инабатты қыз» номинациясы бойынша Жанкерке Тынышбаева үздік шықса, Арайлым Советжан «Өнерлі қыз» атанды, «Ісмер» — Зумрат Қайроллаева, «Зерделі» — Айым Дәуіт, «Тіл шебері» — Гауһар Кішірбаева, ал Дана Еламанова нағыз «Қазақ қызы» титулына ие болды.

ОҚО-да Тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді

d2be7ec72a7b94526ef00d65e35701ee_resize_w_520_h_Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары еліміз егемендік алған ширек ғасырда дәнді дақыл жинау бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізіп, рекорд орнатты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, биыл өңір диқандары 676 мың тонна (өткен жылмен салыстырғанда 95 мың тоннаға көп) өнім жинап, бұрын-соңды болмаған нәтижені беріп отыр. Мұны орташа түсімділікке шақсаңыз, гектарына 26 центнер дәнді дақылдан келеді екен.

Сонымен қатар, биылғы маусым шаруалардың өзге де өнімдерді көптеп өсіріп, жинауда оң жамбасынан келіпті. Мәселен, осы маусымда жиналған көкөніс көлемі 109 мың тн. артып,  963 мың тн. құрса, бақша өнімдері 30 мың тн. артып, 1 млн. 413 мың тн, картоп 22 мың тн. артып, 277 мың тн, жеміс-жидек 64 мың тн артып, 126 мың тн, жүзім 22 мың тн. артып, 63 мың тоннаны көрсетті.

Мұнан бөлек, соңғы үш жылда жерді жаңа әдіспен игеру жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы терең қопсыту технологиясы 86 мың га енгізілді. Бұған дейін тәжірибе жүзінде мақтадан орташа есеппен 26–27 ц/га. өнім алынса, терең қопсыту технологиясын енгізген шаруашылықтардан 40–45 цн/га. өнім алынуда. Аталған технологияның катты топырақ ылғалдылығын сақтаудағы тиімділігін ескере отырып, бұл технологияны басқа да дақылдар мен тәлімі жерлерге қолдану ұсынылуда.

Айта кетейік, биыл егін шаруашылығы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,8 мың га. артып, 788,6 мың га болды.

Орташа есеппен республика бойынша өндірілген мақтаның — 100 %, жүзімнің — 65 %, бақшаның — 66 %, мақсарының — 40 %, жеміс-жидектің — 31 %, көкөністің — 24 % облыстың еншісінде.

Бұл алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысын республика халқын жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі орталыққа айналдыру әлеуетінің жоғары екендігінің бірден-бір айғағы.