Домой Блог Страница 82

Кентаулық жастар Шымкенттің көрікті жерлеріне саяхаттады

Кентаулық жастар Шымкенттің көрікті жерлеріне саяхаттадыКентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, қалалық мәслихат депутаты Талғат Балабиевтың қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық арнаулы кәсіптік колледжінің мүмкіндігі шектеулі жастарының «Шырайлы-Шымқала» атты Шымкент қаласына саяхаты ұйымдастырылды, деп жазады ентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Саяхаттың мақсаты — Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін шектеусіз аймаққа айналуы тиіс» деп көрсеткендей мүмкіндігі шектеулі жастарды Шымкент қаласымен, оның тарихы және мәдениетімен, демалыс орындарымен таныстыру.

Саяхат барысында жастар Шымкент қаласының көрікті жерлерімен, әсем ғимараттар мен жаңа іскерлік орталығы, саябақтармен танысып, шара соңында Шымкент зообағындағы жануарлар дүниесін қызықтап, жастар керемет күйге бөленді.

Ең бастысы – жастар саяхаттан өмірлік таным көкжиектерін кеңейтті, елімізге деген мақтаныш сезімдері артып, жаңа көзқарас қалыптастыра бастады, көңілдеріне қуаныш ұялап тарихи тағылымдарымызды жастар мәңгі жадында сақтап жүретін болды.

Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады

cЖыл басынан бері Астана қаласының аумағында 12 629 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 9 534-і шағын бизнес саласында. Биыл Жұмыспен қамту орталығы 10 бос орындар жәрмеңкесін өткізді, олардың нәтижесі бойынша 329 адам жұмысқа орналасты, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Елордада еліміздегі ең төменгі жұмыссыздық деңгейі сақталып отыр — 4,7%.

Жұмыспен қамту орталығына 10 472 адам жүгінді. Көрсетілген қызметтердің нәтижесінде 6 117 адам жұмыспен қамтылды. Соның ішінде 572 адам жастар практикасына қатысты, 111-і әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді.

Айта кетейік, 381 жас маман жастар практикасынан өтіп, 224 адам немесе 59%-ы жұмысқа орналастырылды. Даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында 693 жұмыссыз азамат оқу курсын тәмамдады. Қоғамдық жұмыстарға 1 801 адам жіберілді. Жалпы алғанда, әлеуметтік қолдау шараларымен 8 611 адам немесе жалпы жүгінген адамдардың 82,3%-ы қамтылды.

ОҚО-да Иран тауарөндірушілерінің көрмесі өтуде

6000000Өңір басшысы Б.Атамқұлов инвестиция тарту мақсатында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мотжтаба Дамирчилмен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Кешегі өткен кездесуде қос тарап екіжақты қарым-қатынасты жақсарту мен іскерлік байланыс орнату мәселелері жəне Қазақстанда жасалмайтын тауарларды өндіру мақсатында біріккен кəсіпкерлік құру жайын талқылады.

Облыс әкімі мәртебелі мейманды Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, иран компанияларын әріптестікке шақырды. 

Мұнан соң, облыс əкімі мен елші Иранның Хорасан облысының кәсіпкерлері ұйымдастырған тауар өндірушілердің көрмесіне қатысты.

Иран кәсіпкерлері Қазақстанға екі елдің өңірлері арасындағы туризмді дамыту мақсатында Месхед-Шымкент әуеқатынасын ашуды ұсынды.

Айта кетейік, бүгінгі көрмеде ирандық 97 кәсіпкер күнгейліктерге тоқыма және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау салалары бойынша өндірген өнімдері мен кір жуғыш ұнтақтарын ұсынуда.

Бүгінгі таңда Иран Ислам Республикасы Қазақстанның стратегиялық маңызды халықаралық әріптестерінің бірі болып табылады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша қос ел арасындағы сауда-саттық көлемі 700 млн. АҚШ долларына жеткен.

Елордалық жастарды жұмысшы мамандықтарды таңдауға шақырады

Елордалық жастарды жұмысшы мамандықтарды таңдауға шақырадыКеше «Қазмедиа орталығында» жоғары сынып оқушылары мен мемлекеттік мекемелер, бизнес құрылымдар, өнеркәсіптік өндіріс өкілдерінің кездесуі өтті, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Аталған шара жастарды жұмысшы мамандықтарды таңдауға шақыруға бағытталған.

— Мұндай кездесулер жоғары сынып оқушыларына серпін беру үшін жыл сайын өткізіледі, олар болашақ кәсіпті өздері таңдайды. Шараға Жұмыспен қамту орталығынан, жастарды жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беру, білім беру салаларынан мамандар шақырылады. Сондай-ақ, еңбек мамандықтарының өкілдері де келеді, олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға қандай да болмасын мамандық бойынша айтып береді, — деді «Астана жастары» КММ басшысы Әнуар Нұрпейісов.

Оның айтуынша, 5 және 6 қазанда жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту мақсатында «Нұрлы жол» ИИДМБ өнеркәсіптік кәсіпорындарына экскурсиялар ұйымдастырылады. Шараға 3500 жуық оқушы қатысады.

Мектеп оқушыларына «Дұрыс таңдау жаса!» бейнеролигі көрсетіліп, сұранысқа ие мамандықтар, техникалық және кәсіптік білім туралы ақпарат ұсынылды.

— Техникалық және кәсіптік білім беру сервистік қызмет көрсету, білім және медицина, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және техника, көлік және коммуникация, экономика және заң бағыттары бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап «Тегін кәсіптік техникалық білім» жобасы қолға алынады, ол жұмысшы мамандықтарға ғана қатысты болады, — деді Астана қаласының Білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім бөлімінің әдіскері Жанар Төребекова.

Айта кетейік, 10 қазанда елордалық оқушылар дәріскерлермен кездесетін болады.

ОҚО альпинистері «Тәуелсіздік шыңын» бағындырды

ОҚО альпинистері «Тәуелсіздік шыңын» бағындырдыОңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс-шара аясында өткізілген тау шыңын бағындыру фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

ОҚО әкімдігінің ұйытқы болуымен қолға алынған 3 күндік шараға 27 альпинист қатысып, 4100 метрлік шыңды бағындырды. Бұл жолғы фестивальдің ерекшелігі сол, шараға шет елдік қонақтар да қатысып, фестиваль халықаралық сипатқа ие болды.

Ауа райының күрт өзгеруіне қарамай тауға өрмелеген спортшылар «Тәуелсіздік шыңына» шығып, көк туымызды желбіретті.

Фестивалдің басты мақсаттарының бірі де осы болатын.

Егемендіктің ширек ғасырлық мерекесінде салауатты өмір салтын қалыптастырып, табиғатты аялауға шақырған қатысушылар дәстүрге айналған шараның келесі жылы да жалғасын тауып, үміткерлердің саны артатынына сенімдері мол екендіктерін жеткізді.

Оңтүстікқазақстандық делегация жұмыс сапарымен Австрияда болды

600_118Ағымдағы жылдың 29-30 қыркүйек күндері ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды бастаған бір топ делегация жұмыс сапарымен Австрия Республикасында болып қайтты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Екі күндік іссапарда оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Австрияда өткен «Фельден» форумына қатысып, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, қоршаған орта мен жастар ісі, мәдениет, білім, сонымен бірге, спорт салаларында бірлесе жұмыс істеу аясындағы келісімге қол жеткізді. Жиында Оңтүстік Қазақстан облысының туризм және экономикалық мүмкіндіктері 1000-ға жуық қатысушылардың алдында таныстырылып, делегацияның келу мақсаты түсіндірілді.

«Оңтүстік Қазақстан облысы мен Каринтия жері турасындағы» құжаттамаға сәйкес жасалған келісімдер нәтижесінде, жастар түрлі салаларда тәжірибе алмасуға мүмкіндік алып, қос елдегі бірлескен кәсіпорындардың саны артатын болды.

Еске салайық, оңтүстікқазақстандық делегация осы жылдың тамыз айында Австрия Республикасының Каринтия қаласына жұмыс сапарымен барып, туыстық қатынасты нығайтуда түрлі салалар шеңберінде келісім жасауға уағдаласып қайтқан болатын.

Павлодарда көп тілде білім беретін мектеп саны бір жылда 66-дан 101-ге көбейді

212Павлодар облысында көп тілде білім беру бағдарламалары бойынша 101 мектеп жұмыс істейді. Өткен оқу жылы мұндай білім беру мекемелерінің саны 66 болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, аталмыш бағдарлама аясында өңірдің 52 мектебінде жаратылыстану-математика циклі пәндері мен арнайы курстар (математика, информатика, физика, биология, химия, география) ағылшын тілінде оқытылады. Орыс тілінде оқытатын 57 мектепте бөлек пәндер мен арнайы курстар (Қазақстан тарихы, биология, география) қазақ тілінде, қазақ тіліндегі 11 мектепте (орыс тіліндегі мектеп бағдарламасы бойынша орыс тілі, арнайы курстар: информатика, дүниежүзі тарихы)  орыс тілінде оқытылады.

Мұғалімдер  Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты АҚ филиалының базасында  курстан өтеді.

«КАТЕВ» халықаралық білім беру қоры ҚР БҒМ қолдауымен Павлодар қаласының қазақ-түрік лицейлері мен Екібастұз қаласында көп салалы көптілді лицей негізінде  информатика, физика, биология, химия пәнінің 208 мұғалімі үшін (16 адамнан 13 топ) ағылшын тілін үйрететін сертификатталған курстар ұйымдастырған.

2016-2019 жылдар аралығында 10-11-сыныптар үшін пән мұғалімдері мен ағылшын тілі мұғалімдерінің дайындығы жүргізіледі. Пәндерді оқыту тілі өзгермейді: қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқу қазақ тілінде, орыс тілді мектептерде орыс тілінде жалғастырылады.

Мадина Садуақасованың концерті қалай өтеді?

14569828_538821669660925_1814709557_nҚазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші, журналист, психолог Мадина Садуақасованың шығармашылығына биыл 20 жыл. Бұл мерекейтойын әнші халық алдында есеп беріп, атап өтпек.

Мадинаның шығармашылық кеші қазан айының 20-шы жұлдызы күні Республика сарайында өткізіледі. “Жұлдызым”-деп аталатын шоу концерті әншінің 20 жылдағы алғашқы концерті болмақ.

Концертте әншінің танымал әндерімен қатар, жаңа жазылған әндері де шырқалмақ. Сонымен қатар ел күтпеген бірнеше дуэттер болады.  Мадина осыған дейін уәде еткен дуэттерін осы концертінде алып шығады деп жоспарлануда.

Тағы бір жаңалық, концертте симфониялық оркестр ойнайды, бишілермен бірге әнші жаңа қырынан танылады.

Логистика мәселесі қарастырылуда

51e4d65cf58bd0257292e5c66fe8587dБүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ кеңсесінде Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы қарсаңында ұлттық компания Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Ресей Федерациясындағы бірнеше облыс губернаторларымен кездесті.

«Ресейдің 14 өңірімен, оның ішінде 12 шекаралас облыстар, 34 млн. астам тұрғыны бар Татарстан Республикасы Свердловск облысынан көрмені тамашалауға көптеген туристер келеді деп отырмыз. Бүгінгі меморандумға қол қою Ресей Федерациясының өңірлерімен ынтымақтастықты нығайтып, Ресейден ЭКСПО-ға келушілер санын арттыруға ықпал етеді деген үміттеміз» — деді өз сөзінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов.

Меморандумның негізгі мақсаты – туристік қызметтің инфрақұрылымын дамыту, ЭКСПО-2017 көрмесіне Ресей Федерациясы облыстарынан келушілерді тарту, баламалы энергия көздерін пайдалану, «жасыл» технология және т.б. салалардағы инвестициялық жобаларды дамыту мен зерттеу.

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі тақырыбының өзектілігін ескере отырып, ең алдымен өз пікірі бар, болашақ технологиясына, баламалы энергияны пайдалану бағытына қызығушылық танытып жүрген жандар келеді. Астрахань облысы – желі мен күннің көзі мол өңір. Сондықтан да біз үшін, бұл тақырып әсіресе бизнес пен кәсіби сала мамандарына өте қызықты. Туристер легіне келер болсақ, біз Астананы көріп, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқымыз келеді. Қазіргі таңда логистика мәселесін мейлінше тиімді ету үшін қазақстандық турагенттіктермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жатырмыз», — деді қорытынды сөзінде  РФ Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин.

 Басқосу барысында РФ бірқатар облысының губернаторларымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Айта кету керек, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

www.zhetysu.gov.kz

Атыраудағы ең үздік 10 мектепте робот техникалары зертханасы ашылды

20160821004556Атырау қаласындағы ең үздік 10 мектепте робот техникалары зертханасы ашылды. Барлық керек-жарақпен толық жабдықталған зертханаларды орта білім ордаларына Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті тарту етіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Робот техникалармен жұмыс істеу балалардың ойлау қабілетін дамытып, өзге пәндерді де жақсы меңгеруіне септігін тигізеді», — дейді ұстаздар. Оқушылар бастапқыда шағын машиналар құрастыра келе кейін аса күрделі бағдарламаларға көшеді.

Мысалы, қазақ-түрік лицейінде робот техникаларын оқу бағдарламасынан тыс меңгеруге де болады. Оқушыларға сабақтан қолы бос уақытта робот техникаларын үйренушілер клубына барып, өз қалауынша роботтар құрастыруға мүмкіндік берілген.

Балалардың жан-жақты білім алуына серпін беретін мұндай зертханалар болашақта басқа мектептерде де ашылмақ. Университет ұжымы «бұл үрдісті жыл сайын жалғастырып отырамыз», — дейді.

— «Біз, университеттер сол мектептерден келетін оқушыларды оқытамыз, болашақ мұғалімдер дайындаймыз, әрдайым біздің технология сол мектептің алдында жүруі керек, мектеппен қарым-қатынас өте жақын болуы үшін ғылыми кеңестің шешімімен өзіміздің облысымыздың, қаламыздағы ең жақсы 10 мықты мектепке осындай зертхананы сыйға тарту туралы шешім қабылдадық», — дейді Х.Досмұхамедов атындағы АМУ ректорының міндетін атқарушы Абзал Талтенов.