Домой Блог Страница 89

Елордада «25 ізгі іс» акциясы жалғасуда

90f52454d946ad93a94cbd6efbdЖезезнодорожный  кентінде «25 ізгі іс» кең ауқымды акциясы барысында екі күн бойы профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар терапевт, онколог, окулист, отоларинголог, гинеколог, УДЗ-маманның және фтизиатрдың қарауында болды. Барлығы 644 адам тексерілді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қанның құрамындағы қант пен холестерин деңгейін анықтау бойынша экспресс-диагностиканы пайдалана отырып, консультативтік-диагностикалық қызметтер ұсынылды, флюорографиялық тексеру жүргізілді.

Денсаулықты сақтау және күшейту проблемасына назар аудару мақсатында адамдарға онкологиялық аурулардың, туберкулездің, қан айналымы жүйелері ауруларының, нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Исекешев Астанада көлік жүйесін дамытудың басымдықтары туралы айтып берді

Елордада «Астана қаласының көлік кешенінің даму үрдісі» конференциясы барысында көлік жүйесін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Форумды ұйымдастырған — Халықаралық қоғамдық көлік одағы мен «Астана LRT» ЖШС.

Елорда әкімі Әсет Исекешевтің айтуынша, қаланың мегаполис ретінде қалыптасуы көлік кешенін басқарудың жаңа тетіктерін қажет етеді. Соңғы жылдары қала басшылығы әлемдік тәжірибені зерделей отырып, тиісті бағдарламаларды енгізе бастады.

4c5b8a62087118d0a884e8136d2.jpeg

— Қаламыз елордаға айналғаннан бері халықтың саны үш есеге өсіп, бір миллионнан асты. Көліктер саны да артты. Қаланың көлік жүйесі ұзындығы 950 км құрайтын 952 көшеден тұрады, көліктендіру көрсеткіші қала халқының санынан екі есе жылдам өсіп келеді. Бүгінде Астанада 350 мыңнан артық көлік жүреді, оған сырттан келгендерді қоссақ (транзитт ескере келе), жартымиллионға жетеді. Бұл қала инфрақұрылымына түсетін салмақты арттырады, үлкен кептелістер орын алады, — дейді қала басшысы өз сөзінде.

Әсет Исекешев көлік кешенін дамыту бағдарламасын іске асыру кезінде кешенді тәсілдер қолданылатынын түсіну қажеттілігін атап өтті. Әрбір жоба – жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың құрамдас бөлігі.

Қазіргі кезде қаланың көлік кешенін одан әрі дамыту бағдарламасын өзектендіру қолға алынды, оған қоғамдық көлікті дамыту, жол қозғалысын ұйымдастыру (ITS енгізу), тыйым салу және шектеу қою (мысалы, жүк көліктерінің кіруіне тыйым салу және т.б.) кіреді.

Болашақта қаладағы жол қозғалысы кезінде алдымен жаяу жүргіншілерге, одан кейін велосипедшілер мен қоғамдық көліктерге, ең соңында — жеке көліктерге басымдық беріледі. Бұл әлемдік тәжірибеге сай жасалып отыр.

— Жол желісін дамытуға тоқталсақ, Астанада 25 жол, 6 көпір, 9 жолайырық, 50 жуық инфрақұрылым нысаны салынып, қайта жөнделмек. Қазіргі кезде Үкіметпен аталған жобаларды қаржыландыру тетіктерін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, — деді Ә. Исекешев.

Қала басшысы қоғамдық көлік паркін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлді. Қазіргі кезде Астанада 1140 автобус бар, соның ішінде 35% жаңартылды. Қала басшылығы 2017 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 60% жеткізуді жоспарлап отыр, алдағы 5 жылда автобус құрамы толығымен ауыстырылады. Бағдарламада мүмкіндігі шектеулі жандарға баса назар аударылады. Сонымен қатар, мектептерде «School bus» тасымалдау жүйесі енгізілуде, жақын арада заманауи бірыңғай такси қызметі құрылады. 2019 жылға дейін қаланы толығымен зияткерлік көлік жүйесімен қамту көзделген.

Халықаралық қоғамдық көлік одағының бас директоры Алан Флауштың айтуынша, нақ осындай жаңа технологиялар қоғамдық көліктерге әлдеқайда тиімді болуға мүмкіндік береді.

«Астанада күн сайын халықтың 33% ғана қоғамдық көлікпен жүреді. Басқа қалаларда бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Астана тұрақты түрде ұлғайып келеді, сіздерге мол мүмкіндіктер қажет, мен алдағы жылы жүзеге асырылатын ЛРТ жобасына қатысатыныма қуаныштымын. Халыққа ұсынатын жүйелеріңіз толық дайын болғанда, қала көліктерге тәуелді болмайды, — деді Алан Флауш.

Республикалық «Абай оқулары» байқауынан І орынды ОҚО студенті иеленді

Республикалық «Абай оқулары» байқауынан І орынды ОҚО студенті иелендіАстана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі республикалық «Абай оқулары»  байқауында І орынды Оңтүстік Қазақстан облысының  2 курс студенті Сайдазимова Унсунай Муратқызы иемденді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттырып, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау мақсатында   дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған шараға облыстық байқауларда топ жарған жастар қатысты. Ұлы Абайдың шығармаларын жатқа айтып қана қоймай, мәнерлеп оқып берді.

Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Н.Шарафиев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс студенті У.Сайдазимованың жеңісімен құттықтап, жоғарғы оқу орнының ректоры О. Аяшевқа құттықтау хат жолдады.

Қазақстан мен Жапония арасына алтын көпір болған жетісулық Ринатаның сурет көрмесі өтті

2І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде осы оқу ордасының түлегі Рената Евсееваны  (Измайлова) еске алуға арналған «Өмір – адамға берілген шексіз бақыт» атты үлкен іс-шара болып өтті. Оған Жапония елінен де меймандар келді. Жиналған жастар қоларбаға таңылса да, үлкен істер тындырып, өшпес із қалдырған, ақын, суретші, қолөнерші Ренатаның өмірі жайлы сыр шертетін фильмді тамашалады, деп хабарлайды Алматы облысының  өңірлік коммуникациялар қызметі.

Рената жапон халқымен тығыз байланыста болды. Айта кетейік, 2011 жылдың 11 наурыз күні Жапонияның солтүстык-шығыс жағалауында биіктігі 38,9 метр жойқын цунами болды. Магнитудасы 9,0 баллды құрайтын жер сілкінісі мен цунамидің салдарынан 28 мың адам құрбан болды, оның 13,538-і ресми түрде қайтыс болған, 14.589-ы хабарсыз кеткен.  Жапондықтар Ренатаға жапон халқын қолдауға шақыратын үндеу жариялауды сұраған болатын. «Мен сіздермен біргемін! Мен сіздерге осы қиындықтарды еңсеруде сабырлылық мен күш-қуат тілеймін. Біз біргеміз, біз мықтымыз және біз бақытты  өмір сүру үшін барлық жағдайды жасаймыз! Мен жазған әрбір жолды әр адам оқып, менің қолдауымды сезініп, мықты бола түсетіндігіне сенімдімін», — деген болатын ол үндеуінде. Сондықтан да Күншығыс елінен қонақтардың шақырылуы тегін емес. Семей қасіретін тартқан Қазақстан мен Хиросима және Нагасаки оқиғасын басынан өткерген ауыр жағдай туралы екі ел арасындағы мәдени қатынастар мен технологияларды дамыту жөніндегі ҮЕҰ Президенті, Алматы қаласындағы Ичикава жапон үйінің директоры Канки-сан Наоюки мырза да ой бөлісті.

Рената университеттің педагогика және психология факультетін тәмамдап, жоғары білікті педагог-психолог атанды. ВГТРК ресейлік телерадиокомпаниясының психологы болып қызмет атқарды. Ол кәсіби онлайн-кеңестер жүргізді. Ренатаның диплом жұмысының тақырыбы: «Ананың болашақ баласына қатынасы және сәбидің психикалық дамуы» деп аталды. Бұл жұмысты жазу барысында Рената респонденттер арасында зерттеу жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде өте жақсы қорғап шықты.

Ренатаның өмір жолына қарап отырып, қоғам жұмысына белсене араласуға ешқандай да мүгедектер арбасының кедергі келтірмейтіндігін  байқаймыз. Өкінішке қарай, оның ғұмыры қысқа болды. Ренатының басты арманы – онкологиялық аурумен ауыратын балаларға көмек ретінде жеке қайырымдылық көрмесін ұйымдастыру болатын.

Ренатының университет қабырғасында ұйымдастырылған картиналар көрмесінен түскен қаржының барлығы Алматы қаласындағы республикалық онкодиспансердің кішкентай пациенттеріне ойыншықтар сатып алуға жұмсалатын болады деді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, жастар бұл күні Канки-сан Наоюки мырза ұйымдастырған «Барлық әлемді ядролық қарусыздандару» акциясына қатысты.

ОҚО-да «Автобус» жедел-алдын алу рейдтік шарасы жүргізілуде

ОҚО-да «Автобус» жедел-алдын алу рейдтік шарасы жүргізілудеОңтүстік Қазақстан облысының аумағында жүргізілген «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының 3 күнінде 900-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы жолдарда апаттық жағдайларды төмендету, жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын болдырмау, жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтау мақсатында жүргізілген шараға мыңнан астам полиция және басқа да қызмет өкілдері, көліктік бақылау инспекциясы, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым қызметкерлері жұмылдырылды, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Үш күндік «Автобус» іс-шарасын қорытындылаған полицейлер, шара барысында қоғамдық және жолаушылар тасмалдау көліктері жүргізушілері тарапынан орын алған   жол қозғалысы ережесін бұзудың  864 дерегін анықтады.  Оның ішінде тасымалдаушының жолаушылар  алдындағы азаматтыққұқықтық жауапкершілігі жөніндегі  міндетті сақтандыруының болмауы бойынша 14 дерек, тасмалдаушыда  жолдаушылардың тізімі болмауы бойынша 98 дерек анықталды.

Ал полицейлер жылдамдықты арттырған 76, маневр жасау ережесін бұзған 117,  еңбек режимі мен демалыс тәртібін сақтамаған 11, көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефон пайдалаған 243, жолаушыларды және багажды тасымалдауға  рұқсат беру куәлігі болмаған 20 дерек анықталып, жүргізушілер жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, заңсыз қайта жабдықтаудың 18,  техникалық байқаудан  өтпеудің 105, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 50, шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамы нормативтерінің бұзылған 20 дерегі анықталса, қалған 92 дерек басқада бұзушылықтар.

Оңтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері жүйелі түрде өткізіп отыратын алдын алу іс-шаралары  жолаушылар тасмалдайтын автокөліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының  жолын кесіп, санын азайтады деп сенеді.

Елордада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 24,5% ұлғайды

fbf59c417fa41f1c0037c0a4430Үстіміздегі жылдың сегіз айында барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 13373 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1491371 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 24,5%-ға жоғары.

Астана қаласының статистика департаментінің хабарлауынша, жеке салушылармен жалпы ауданы 120064 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызға — 3,9 есе. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 8,1%-ды құрады, 2015 жылғы қаңтар-тамызда 2,6%-ды құраған болатын, деп жазады қалалық әкімдіктің баспаөз қызметі.

2016 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 91374,9 млн теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызда — 107,3%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 19,8%-ды құрады.

Астанада білім, ғылым, мәдениет бойынша Азия парламентаралық форумы өтуде

20160922163238Астанада Азия парламентаралық форумы басталды. Шара ғылым, технология және инновация мәселелеріне арналады. Форумға 20 елдің Парламент өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ, алты халықаралық ұйымның мүшелері қатысады деп күтілуде.

Аса маңызды шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі, Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымы (ИСЕСКО) және Ислам даму банкі (ИДБ).Форум аясында Ислам ынтымақтастық ұйымына (ИЫҰ) кіретін және кірмейтін мемлекеттерде ғылым, технология және инновация салаларында нормативтік-құқықтық база және ынталандырушы шаралар үлгісінде үздік зерттеулердің таныстырылымын өткізу көзделуде.

Ауқымды шараның мақсаты – ИЫҰ мүше-мемлекеттердің білім және ғылыми әлеуетін дамыту саласында әріптестікті нығайту. Сонымен қатар, ИЫҰ мүше-мемлекеттердің экономикасы үшін үздік технологияларды енгізу, ғылымды дамытуға ықпал ету, білімге негізделген қоғам құру мәселелері де парламентшілер назарынан тыс қалмауға тиіс.Сондай-ақ, ұлттық инновация жүйесін нығайту, ғылыми-техникалық даму үшін жүйелік мотивация тетіктерін қосу бағыттарына да басымдық беріледі.

Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымы (ИСЕСКО) Ислам Конференциясы ұйымының мамандандырылыған мекемесі ретінде 1982 жылы 3 мамырда құрылған. ИСЕСКО штаб-пәтер Рабат қаласында орналасқан (Марокко Корольдігі).

Қазақстанның ИСЕСКО-мен ынтымақтастығы 1996 жылы Джакартеде өткен Сыртқы істер министрлерінің 24-ші Ислам конференциясында мемлекеттердің аталған ұйымға ресми қабылдануынан кейін басталды.Бұл ұйыммен әріптестікті ЮНЕСКО және  ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия үйлестіруге құқылы.

Айта кетейік, ИСЕСКО  ЮНЕСКО-мен бірлесіп  парламенттік форум өткізуді ұйымдастыруда белсенді серіктестік болып  табылады. Парламенттік ғылыми комиитеттердің рөлін нығайту немесе ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру,  инновациялық жүйе  кешендерінің арасында ынтымақтастық орнату саласында бірлесіп жұмыс атқарады.

Екі күндік талқылаудың қорытындысында  «Білім, ғылым және мәдениет саласында парламентаралық ислам ынтымақтастығын нығайту  бойынша Астана декларациясы» құжаты қабылданады. Айта кетейік, алғашқы парламенттік форум  2013 жылы Хельсинки қаласында (Финляндия)  «Ғылым, технология және инновация саласындағы саясат, парламентшілер пікірі» атты тақырыпта өткен болатын. Осы уақыт аралығында  әлемнің әр түпкірінде бірқатар форумдар өткізілді. Оның ішінде, Оңтүстік Азиялық және Оңтүстік шығыс  азия парламенттік форумдары, Африка парламенттік форумы мен Араб парламенттік форумы  жатады.

strategy2050.kz

Астанада көлік кешенінің даму үрдісіне қатысты конференция өтіп жатыр

14469603_755829301186652_5230722972219826547_nАстана қаласында алғаш рет «Қазмедиа орталығының» конференц-залында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана LRT» ЖШС Қоғамдық көліктің Халықаралық Одағымен (ҚКХО) бірлесіп,«Астана қаласының көлік кешенінің даму үрдісі» конференциясын өткізуде.

Конференцияның бірінші күні – Білім беруге арналды. Іс-шара барысында сөйлеген «Астана LRT» ЖШС-ның қызметкерлері барлық қатысушылардың жаңа білім алуына мүмкіндік  жасады. Сонымен қатар, бұл күнгі ақпараттың ауқымды бөлігі көлік саласындағы мамандар дайындайтын білім ордаларына бағытталды.

Конференцияның екінші күні ASTRA — Astana Transport Authority басқарушы көлік компаниясын жариялауға арналмақ.

Екінші күннің аясында оннан аса елдің жетекші сарапшылары мен транспорт холдингтерінің басшылары көлік саласындағы стратегиялық жоспарлау қағидаларын, жеңіл рельсті көліктің құрылыс технологияларын, жол ақысын электронды төлеуді енгізудің әлемдік тәжірибесін, ақылды автотұрақ жасаудың, жылжымалы құрамның жаңаруын, оқушылар тасымалын және қалалық такси қызметінің дамуын талқылайды деп күтілуде.

Еске сала кетейік,  «Astana LRT» ЖШС басқарушы компаниясы 2011 жылдың сәуір айында құрылған болатын. Сол уақыттан бері көңіл көншітерлік бірнеше шаралар іске асырылып, оң нәтижесін беруде. Атап айтқанда:

1) Арнайы бағдарламалық жабдықтау арқылы барлық қоғамдық көліктерді бір орталықтан басқару жүйесі енгізілді.

2) «Astra Bus» мобильді қосымшасы іске қосылды. Аталмыш бағдарлама арқылы қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктердің қозғалыс бағдары мен нақты қай мекен-жайда келе жатқанын білуге болады. Айта кететін жайт, бұл қосымшаны 200 мыңға жуық адам жүктеп алып, 100 мыңға жуығы тұрақты түрде қолдануда.

3) Қозғалыс кестесін ұйымдастырып, көлік қатынасын реттейтін MTRAM қосымшасы жүйелі жұмыс жасауда.

4) Жыл соңына дейін елордамыздың қоғамдық көліктерінде жол жүру төлемінің электронды жүйесі енгізілетін болады. Жүйенің атауы — Astra Plat, көлік картасы – Astra Card болып аталады. Спикерлердің мәлімдеуінше, Astra Plat жүйесі жолаушылар үшін тиімді болмақ, себебі карта пайдаланушыларына түрлі бонустар берілетін болады. Мәселең, әрбір он бірінші жол жүру тегін және 60 минут ішінде бір автобустан екінші автобусқа тегін алмасып отыруға болады.

Ордабасыда ардагерлер күш сынасты

600_104Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, «Еңбек күні» мерекесіне орай ордабасылық ардагерлер бас қосып, күш сынасты. Әр ауыл округінен үміткерлер қатысқан 60 азамат спорттың арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрес, дойбы түрлерінен өзара жарысты, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ауыр тасты көтеруден шұбарлық 65 жасар Ә.Нысанбаев үздік деп танылса, қол күрестіруден қажымұқандық И.Оразбаев өзіне қарсылас шақ келтірмеді. Дойбы ойнап, шұбарлық ардагер М.Керімбеков жеңімпаз атанды. Арқан тартысқанда ардагерлердің күші анық байқалды.

Сайыстың қорытысында жалпыкомандалық есеп бойынша І орын — Шұбар, ІІ орын — Қажымұқан, ІІІ орын Жеңіс ауыл округі ардагерлеріне бұйырды.

Жеңімпаздар арнайы Алғыс хатпен, кубокпен марапатталды. Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі аудандық ардагерлер ұйымына алғысын білдіріп, сыйлық табыстады. Сонымен қатар, аптаның әр жұмасында ардагерлер үйінде шахматтан жарыс өтетіні келісілді.

ОҚО әкімі шымкенттіктерді қала күнімен құттықтады

6d22ec9d-26c3-4805-9438-7f3771722532Қадірлі Шымкенттіктер және қала қонақтары!

Ескі мен жаңаны үндестірген Шымкент шаһарымыздың бүгін атаулы мерекесі. Тарихтың талай сәттеріне куә қаламыз бүгінде тағы бір жасқа есейді. Сіздерді қала күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Шымкент шежіресі көне, саяси экономикалық беделі — жас қала. Олай дейтінім, сүрленген тарихы терең қаланың бүгінде заманауи келбеті қалыптасуда. Пайда болғанына 2200 жыл өтсе де, бұл шаһар жыл сайын түлеп-түрленіп, өзінің жаңа қырларын танытып, әр таң сайын жаңа белестерге ұмтылған әрі көне әрі жас балаусадай қала. Қаламыз Еуразияның кіндігінен орын тепкен, бүкіл әлемге әйгілі Астанаға қарап бой түзеп, жаңару, өзгеру, жаңа белеске бой алдыру кезеңіне қадам басты.

Шымкент – Қазақстан қалаларының ішіндегі өзінің алабөтен орны бар шырайлы шаһар. Біздің табанымыз тиіп тұрған бұл қаланың топырағы – киелі, ауасы – қасиетті, суы – қастерлі, жұрты – берекелі. Оның өз көңіл-күйі, ерекше болмыс-бітімі бар. Өзіне ғана тән мінезі, тыныс-тіршілігі мен айрықша келбет-дидары бар.

Шымкент — мәдени келбеті көрік қала. Қазақтың қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрді ерекше құрметтейтін құт қонған мекен. Көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің тағдырлары тоғысқан тұғырлы қала.

Бұл қала – ертеден Ұлы Жібек жолының бойындағы мәдениет, сауда мен қолөнердің ірі орталықтарының бірі болды. Талай

керуендер келіп, алыс-жақын елдер қызу сауда жасасқан. Шуақты шаһарда талай ғылыми еңбектер жазылып, керемет өнер туындылары дүниеге келген. Талай тағдырларды тоғыстырған, небір жарқын идеялар мен алаулы армандарға дем берген құнарлы мекен.

Бүгін де Шымқаламыз сол потенциалды жоғалтқан жоқ.

Бүгінде қаланың жаңаша келбетіне сай, тарих толқынынан сыр шертетін түрлі ескерткіштер мен монументтер,саябақтар мен демалыс аймақтарынан қоғамдық нысандар салынуда. Келер ұрпаққа өткеннен дерек беретін мұндай тарихи тірліктерді дамытуды қазір, бекем қолға алдық.

Қадірлі жерлестер!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Шымкентті үшінші мегаполиске айналдыру туралы нақты тапсырмасы бар. Сондықтан Шымкенттіктер Елбасымыздың қамқорлығын үнемі сезініп келеді. Тарихтың талай сәттеріне куә болған жарық шаһарымыз күннен күнге дами берсін, өркендей берсін, өрлей берсін!

Жасыл қала ғана емес-ғасыр қалаға айналған Шымкентіміз жасай берсін.

Құрметпен, ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов