Домой Блог Страница 296

Ұлттық академиялық кітапханада «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының тұсаукесері өтеді

Ulttyq-akademiyalyq-kitaphana-660x330Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында 14 қазан сағ. 15.00-де «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының тұсаукесері өтеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи, рухани мұраларына арналған көптомдық бұрынғы облыс әкімі (қаз. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары) Асқар Мырзахметовтың бастамасымен бес жыл бойы жарық көріп келеді.

«Түркістан кітапханасы» сериясымен Алматы қаласындағы «Нұрлы әлем» баспасынан қазіргі таңда көптомдықтың 311 томы баспа бетін көрді. Жоспарға сәйкес, кітаптар сериясы 500 томға дейін жалғасады.

«Қазыналы Оңтүстік» көптомдығын шығарудағы мақсат – Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы мен мәдениетін, саяси-экономикалық жағдайын насихаттау. Осылай, Қытайлық қаламгерлердің үлгісімен «Түркістан кітапханасы» сериясы бойынша мәдени мұраларды жинақтап, ұрпаққа аманаттау жұмыстары тұңғыш рет оңтүстік өңірде бастау алып отыр.

Аталған серияның екінші томы ертегілерге, тағы бір томы толығымен майданнан келген хаттарға арналған. Айталық, әйгілі фольклорист әрі этнограф Ә. Диваев пен Ташкент мұғалімдер семинариясының оқытушысы болған Я. Люшьтьтің бұрын баспа бетін көрмеген ертегілері еніп отыр. Сонымен қатар, «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштері», «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғаты», «А. Иассауи кесенесі», «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы» тәрізді тарқырыптар да қамтылған.

Бұл күнгі шараға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев, көптомдықтың редакциялық алқа төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, филология ғылымдарының докторы Қазыбек Тәжиев, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей, автор Құралбек Ергөбек, жазушы Момбек Әбдәкімұлы, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан, «Нұрлы әлем» баспасының президенті Дәулет Жарылқасын, редакциялық алқа мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясы Тарих және этнология институтының директоры Мәмбет Қойгелдиев, Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, профессор Дихан Қамзабекұлы, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, белгілі дінтанушы, теолог-ғалым Досай Кенжетай, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ержан Исақұлов, Парламент депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, профессор Сейіт Қасқабасов, жазушы-ғалым Қойшығара Салғараұлы, жазушы Төлек Әбдік, сондай-ақ редакциялық алқа мүшелері, авторлар, ғалымдар мен Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих және филология факультетінің студенттері қатысады.

Ұлттық музейде «Зергерлік өнер» көрмесі ашылады

Ұлттық музейде "Зергерлік өнер" көрмесі ашыладыБүгін сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Зергерлік өнер» атты көрменің ашылуы өтеді.

«Зергерлік өнер» көрмесіне «Әдемі-ай» өнер музейінің топтамаларынан сирек кездесетін зергерлік бұйымдар қойылады. «Әдемі-ай» өнер музейінің негізін 2011 жылы танымал коллекция жинаушы, өнертанушы Бахаргүл Төлеген қалады. Бүгінгі таңда музей экспозициясының қоры мыңнан астам экспонаттардан тұрады. Олардың арасынан ж.с.д. І-ІІІ ғасырларға жататын Құшан патшалығына тән археологиялық жәдігерлерді және VI-ХII ғасырлардың тарихи бағалы туындыларын көруге болады. Көрмеге 13 жылдан бері тарихи-мәдени құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді жандандырумен айналысып келе жатқан «Әдемі-ай» компаниясының Қазақ хандығының 550 жылдығына арнайы дайындаған сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен ұлттық кәдесыйлары да қойылады.

Барлық әшекейлер қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты және тамыры мыңдаған жылдарға бойлайтын ұлттық мәдениеттің дамуын көрсетеді.

«Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесері өтті

энциклопедиясының тұсаукесеріТараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті.

Тұсаукесер рәсіміне танымал тарихшы-ғалымдармен бірге Сенат депутаттары, ЖОО ректорлары қатысты.

Энциклопедия Елбасының «Ата тарих аманаты – түркі дүниесінің бірлігі» атты сөзімен басталған. Ғылыми еңбек ТарМПИ жанындағы Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығында дайындалды. Онда Қазақ хандығына қатысты ғылыми зерттеулердің нәтижелері барынша молынан енгізілген. Қазақ хандығының тарихында өзіндік із қалдырған хандар, сұлтандар, билер, батырлар, ақындар мен жыраулар және өзге де тұлғалар мен тарихи оқиғаларды жан-жақты қамтыған 360-қа жуық мақала, 300-ден астам сурет пен карталар берілген. Сонымен қатар, Қазақ хандығы тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан ғалымдар жайлы мәліметтер де бар. Энциклопедиялық басылымды даярлау туралы идеяның авторы – Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, Бас редакторы – ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова.

Ғылыми еңбектің лентасын Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркіт Аяған мен Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов салтанатты жағдайда кесті. Сондай-ақ, жиын барысында тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Дария Қожамжарованың «Қазақ хандығы» атты монографиялық еңбегі де оқырмандарға жол тартты. Кітаптың алқызыл лентасын есімі елге белгілі тарихшылар Мәмбет Қойгелдиев пен Берекет Кәрібаев кесті.

Салтанатты жиында сенатор Жабал Ерғалиев, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, профессор Динар Нөкетаева, Шығыстану институтының директоры Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан Ғалымдар Одағының Президенті Оразалы Сәбден, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қалқаман Жұмағұлов, тіл жанашыры Асылы Османқызы, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова, жазушы Мархабат Байғұт жарыққа шыққан ғылыми еңбектер турасында жылы пікірін білдіріп, ұлт тарихы турасында кеңінен әңгіме қозғады.

baq.kz

Еркін күрестен Әлем чемпионы Шымкент қалалық спорт бөлімін басқарады

Еркін күрестен әлем чемпионы Шымкент қалалық спорт бөлімін басқарады
әлем чемпионы

Шымкент қаласының дене шынықтыру және сп­орт бөлімінің басшысы болып еркін күрестен Әлем чемпионы Қатаев Нұржан Жолымбекұлы тағайындалды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұржан Жолымбекұлы 1983 жылы ОҚО Төлеби ­ауданының тумасы. Білімі жоғары. Еңбек жо­лын 2003 жылы «Ұлттық штаттық командалар­ және спорт резерві» дирекциясы мекемесінде спорттық нұсқаушы болып бастаған. 200­9-2012 жылдар аралығында ҚР Премьер-Мини­стрі кеңсесінің қаржы-шаруашылық бөлімін­ің сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін ­атқарған. 2013 жылдан бастап ҚР Бәсекеле­стікті Қорғау агенттігі Заң қызметі депа­ртаментінде бас сарапшы болып жұмыс істе­ген. 2014 ҚР Спорт және денешынықтыру іс­тері агенттігі Стратегиялық даму департа­ментінде бас сарапшы. Ал 2014 жылдан бүг­інгі күнге дейін ҚР Мәдениет және Спорт ­министрлігінің Спорт және денешынықтыру ­істері Комитетінде бас сарапшы қызметінд­е болған.

Еркін күрестен Әлем чемпионы. Азия және ­Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы. Х­алықаралық дәрежедегі спорт шебері. ҚР Ең­бек сіңірген жаттықтырушы. Төлеби ауданы­ның құрметті азаматы.

baq.kz

Ғалымдар Эквадор мен Перуден табылған бойы 2,43 метрге жететін алып адамдардың қаңқаларын зерттеп жатыр

Ғалымдар Эквадор мен Перуден табылған бойы 2,43 метрге жететін алып адамдардың қаңқаларын зерттеп жатырҒалымдар Эквадор мен Перуден табылған бойы 2,43 метрге жететін алып адамдардың қаңқаларын зерттеп жатыр. Қазіргі таңда олар Германияға сараптамаға жіберілді. Ғалымдар бұл зерттеудің алып сүйектердің құпиясын ашуға көмектесетініне үміттеніп отыр.

Бойы 2, 43 метрге жететін алып алты адамның қаңқалары 2013 жылы табылған болатын. Ғалымдар олардың жасы шамамен 600 жылды құрайды деп есептейді. Алдын ала болжам бойынша, алыптар 1400-ші жылдардың басынан 1500-ші жылдардың ортасына дейін Амазонканың жағалауын мекендеген. Зерттеушілердің пікірінше, амазонкалық ормандар бойы өте биік адамдардың бұған дейін белгісіз нәсілін жасырған.

Адамдардың денелері жапырақтарға оралып, балшықтың қалың қабатына жерленген, бұл олардың сақталып қалуын қамтамасыз еткен. Тасқын кезінде қаңқалардың бірі су бетіне қалқып шыққан. Осы жерде қазба жұмыстарын бастаған археологтар қалған бес қаңқаны тапты.

inform.kz

Алматы облысы аумағында жалпы облыстық сенбілік өтеді

Алматы облысы аумағында жалпы облыстық сенбілік өтеді«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» — деген. Еліміздегі экологиялық ахуалдың жақсаруы, тазалықтың сақталуы қоғамның әрбір мүшесіне байланысты екені сөзсіз ақиқат. Осыған орай 2015 жылғы 17 қазан күні Алматы облысы аумағында жалпы облыстық сенбілік өткізілмек. Сенбілік барысында арнайы бөлінген техникалар Талдықорған қаласы мен елді мекендердің көшелерінде жиналған күл-қоқыстарды тиеп, арнайы орындарға алып кететін болады. Сондықтан Талдықорған қаласының тұрғындарын үйлерінің маңайын тазалап, күл-қоқыстарды жинап, сенбілікке бір кісідей атсалысуға шақырамыз. Тазалық шарасы сағат 09.00-де басталады.

Әнші Ақылбек Жеменей «Zhemeney» брендімен киім шығармақ

Әнші Ақылбек Жеменей «Zhemeney» брендімен киім шығармақБелгілі қазақстандық әнші Ақылбек Жеменей Zhemeney атты өз брендін қалыптастырып жатыр. Бұл туралы танымал жұлдыз «Қазақстан» телеарнасындағы «Бүгін жексенбі» бағдарламасында айтып өтті. 

Ақылбектің Instagram парақшасындағы жазылушылары әншінің эксклюзивті бастамасына қуанып, өз лебіздерін білдіруде.

Жанкүйерлер фотодағы Ақылбектің пиджагына қызығып, лезде бағасын сұрауда. Енді біреулері киімді тапсырыспен қалай алуға болатынын білгісі келеді. Бірақ мұндай қуанышты бөлісушілердің арасында отандық киімдердің бағасы тым қымбат болатынын, қазақстандық брендтер қарапайым халық үшін қолжетімсіз екенін айтуда.

Айта кетерлігі, Ақылбек Жеменей бір жыл бұрын Алматыда Zhemeney records атты студия ашқан. Қазір әншінің студиясы уақытша істемей тұр екен.

inform.kz

Таразда алтын мен күміс заттардан тұратын көмбе табылды

Таразда алтын мен күміс заттардан тұратын көмбе табылдыТараз маңынан археологтар алтын мен күміске толы көмбе тапты.

«Ежелгі қалашықты қазу аумағында 2,5 метр тереңдіктен «Қазархеология» ЖШС жұмысшылары 97 қымбат заттар салынған қыш құмыра тауып алды, — деп әңгімеледі Т. Молдақынов. — Бұлар негізінен әйелдер әшекейлері, сырға, алқалар, әйелдер қамзолдарын әшекейлейтін ұсақ металдар, құймалар, сондай-ақ үлкен білезіктер. Екі алтын және алты күміс білезік қымбат тастармен безендірілген».

Т. Молдақыновтың айтуынша, барлық табылған заттар мұқият есептеліп, суретке түсіріліп алынған және құжатталған. «Сірә, бұл жасырылып көмілген қазына болса керек. Құмыра жарылып, бүлінген, бірақ ішіндегі заттары сақталып қалған», — деп түсіндірді тарихшы, оның пікірінше, табылған олжа ХІІ ғасырдағы Қараханидтер дәуіріне жататын болуы мүмкін, бұл ежелгі Тараздың гүлденген кезі. Қазір олжа Алматыда зертханалық зерттеуден өткізілуде.

Сонымен қатар қалашықты қазуда үлкен ежелгі ыдыстар да табылған. Таразда саз топырақты жыныстар мол, бұл әсіресе қыш ыдыстар жасауда өте бағалы. Сондықтан да мұнда қыштан көптеген заттар жасалған. Табылған жәдігерліктер жаңғыртылып, жаңа «Ежелгі Тараз» мұражайынан лайықты орын алмақ. Ең бастысы, табылған ежелгі қала ғимараттарының іргетасы мен қабырғалары Ұлы Жібек жолы бойында дамыған қала өмір сүргенін дәлелдейді, бұл туралы тарихи құжаттар да бар», — дейді Молдақынов.

Еске сала кетейік, Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу кезінде республикалық маңыздағы тарихи ескерткіш — «Ежелгі Тараз» археологиялық паркі ашылды, оның аумағында бақылау мұнарасы, «Тараз саздары» стеласы, «Мыңбұлақ» гүлзары орналасқан. «Ежелгі Тараз» паркі облыстың халықаралық туристік бренді болмақ, бұл нысан ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік көрмесіне келетін қонақтар болатын орындар қатарына енгізілді.

baq.kz

Халықаралық аудармашылар байқауының жеңімпаздары анықталды

«Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауының жеңімпаздары анықталды
аудармашылар

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауының жеңімпаздары анықталды.

Шараның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Ресей елінің арасындағы халықаралық бейбітшілік пен келісімді, өзара түсіністік, әдеби және мәдени қарым-қатынастарды нығайту, дарынды аудармашыларды анықтап, оларды ынталандыру болып табылады.

«Алтын көпір» аудармашылар байқауына жұмыстарды қабылдау биыл 15 шілде мен 20 тамыз аралығында жүргізіліп, поэзия және проза жанрларындағы шығармаларды қазақ және орыс тілдеріне аудару аталымдары бойынша анықталды.

«Поэзия қазақ тілінен орыс тіліне аудару» аталымы

1 орын — Абдрахман Досов
2 орын — Мейрам Жұмабеков
3 орын — Зәуреш Байзақова

«Поэзия орыс тілінен қазақ тіліне аудару» аталымы

1 орын — Кенжебай Ахметов
2 орын — Ақылбек Шаяхмет
3 орын — Ләйлә Асқар
Ынталандыру сыйлығы — Ақсұңқар Ақынбаба

«Проза қазақ тілінен орыс тіліне аудару» аталымы

1 орын — Анатолий Ким
2 орын — Айгүл Кемелбай
3 орын — Аслан Жақсылықов
Ынталандыру сыйлығы — Роман Тоқбергенов

«Проза орыс тілінен қазақ тіліне аудару» аталымы

1 орын — Арман Әлменбет
2 орын — Қуандық Шамахайұлы
3 орын — Айман Мұқышева
Ынталандыру сыйлығы — Айбота Жаппарберген
Ынталандыру сыйлығы — Мәриям Әбсаттар

Айта кетейік, шараның марапаттау рәсімі 16 қазан күні сағат 15.00-де Алматы қаласы «Қазақконцерт» өнер бірлестігінде өтеді.

Шараға зиялы қауым өкілдері, Жазушылар одағының мүшелері, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарындағы аударма ісі саласының мамандары мен студенттері қатысады.

40 мыңнан астам көлік былтыр Қазақстанда құрастырылған

40 мыңнан астам көлік былтыр Қазақстанда құрастырылған
көлік

Қазақстанда көлік жасау саласы мемлекеттің тікелей қолдауының арқасында қарқынды дамып келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингте ҚР ИДМ Индустриялды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрғасының орынбасары Тимур Нұрашев мәлім етті.

— Қазіргі кезде Қазақстанда 7 автомобиль құрастыру зауыты жұмыс істейді. Олардың ішінде «Азия авто», «Сарыарқа автопром», «Хюндай», «Семаз», «Камаз инжиниринг», «Агромашxолдинг» сынды ірі кәсіпорындар қарқынды дамып келеді. Аталған зауыттарда 2014 жылы 40 мыңнан астам автомобиль шығарылды. Бұл кәсіпорындарда көліктердің әр түрлі маркасы құрастырылады. Мәселен, жеңіл автомобильдердің — 42, жүк таситын автомобильдердің — 21, арнайы автомобильдердің — 18, тартқыштардың — 3 және автобустардың 3 моделі шығарылады» деді Т.Нұрашев брифинг барысында.

Сонымен қатар, Т.Нұрашев машина құрастыру саласында тағы 2 үлкен жобаны қолға алу көзделіп отырғанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, аталған жобалар жүзеге асырылғаннан кейін елімізде жылына 200 мың автомобиль шығарылатын болады.

baq.kz