Домой Блог Страница 300

Байланыс операторлары Mobile Number Portability қызметіне көшуге дайын

Байланыс операторлары Mobile Number Portability қызметіне көшуге дайынБайланыс операторлары Mobile Number Portability қызметіне көшуге дайын. Яғни абоненттер өз нөмірін ауыстырмай-ақ басқа оператордың қызметін қолдану мүмкіндігіне ие болады — деп хабарлайды jas.kz.

Бүгінде ұялы байланыс пен телефон өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Іскерлік шаруалар, өмірдегі қарым-қатынас, тіпті күнделікті күйбең тірліктің өзі осы құралға байланып қалғандай. Ал телефоннан айырылып қалсақ, қол-аяқсыз қалғандай күй кешетініміз рас.

Айта кетейік, келер жылдың 1 қаңтарынан ұялы байланыс құны тағы арзандай түседі. Осынау өзгерістер қарсаңында елдегі 4 мобильді оператор өз абоненттерін сақтап қалу үшін түрлі ұтымды тарифтер ұсынып, қулықтарға да көшкен сыңайлы.

Microsoft тұңғыш ноутбугын шығарды

Microsoft корпорациясы жаңа технологиялардың таныстырылымы барысында өзінің тұңғыш ноутбугы Surface Book-ты ұсынды. Компанияның мәліметінше, бұл ноутбуктың өнімділігі Apple компаниясының MacBook Pro өнімінен екі есеге жоғары.

photo_21260

Surface Book ноутбук-трансформері 267 ppi пиксельдік жиілігі бар 13,5-дюймдік дисплеймен және Surface Pen-мен жабдықталған.

Ноутбук жаңа Intel, 8 немесе 16 гигабайт жедел жадымен және 128, 256 немесе 512 гигабайт көлеміндегі жинақтауышпен қамтылған. Сонымен қатар, GDDR5 жадымен дискретті NVIDIA графиктерді жылдамдатқыштан өзге электронды компоненттердің барлығы экранда орналастырылған. Ноутбуктың перне блогын алып тастап, оны планшет ретінде қолдануға болады.

Surface Book екі портпен жабдықталған — USB 3.0 және SD карталарына арналған толық өлшемді слот. Док-станцияны қосуға арналған коннекторы да бар. Сонымен қатар, Microsoft 12 сағаттық дербес жұмысқа уәде беріп отыр.

Microsoft Surface Book-тың бастапқы бағасы — 1499 доллар, алдын ала тапсырыс беруді 7 қазаннан бастап рәсімдеуге болады. Сатылым 26 қазаннан басталады деп жоспарланған.

baq.kz

Lexus автокөлігі қағаздан жасалды

Lexus автокөлігі қағаздан жасалдыLexus автокөлігі қағаздан жасалды. Жапондар қағаздан жасалған Lexus автокөлігін әлемге паш етті. 1700 бөліктен тұратын Lexus-ты жинау үшін мамандар 3 ай бойы аянбай тер төккен.

Алдағы күндері ол Бирмингемдегі көрме орталығына қойылуы тиіс. «Бұл жай ғана қорап емес», — дейді авторлар. Өйткені қағаздың астында электр жетегі бар бұл темір тұлпармен көшеде жүйіткуге де болады екен. Бірақ ол үшін зарядталған аккумулятормен қоса ауа райының ашық болуы шарт. Өйткені жаңбырдың астында қалған мұндай көлікпен алысқа ұзамайтыныңыз айтпаса да түсінікті.

24.kz

Эльвира Ерғалина, әуесқой қолөнерші: «Қолөнерден миым тынығып, сергіп қаламын»

0

10177919_652692621445867_1730887714740293026_nБүгінде жұмысбасты болса да қосымша табыс тауып жүрген жастарымыз қаншама. Көп жағдайда жұмыс пен қосымша кәсіпті қатар алып жүру оңай шаруа емес. Десе де, алдына үлкен мақсат қойған жастар үшін бұл мәселе кедергі келтіре қоймайды. Өзге салада жүрсе де қолөнер бұйымдарына уақыт тауып үлгеретін кейіпкеріміз Эльвира Ерғалинаны кішігірім сөзге тартқан болатынбыз.  

— Әшекей бұйымдарды қай кезден бастап жасай бастадың?

— Қолөнер бұйымдарын жасауға түбегейлі кіріскеніме 4 жылдай болды. Арнайы курсына барып, не бір адамнан сабақ алған жоқпын. Анам — тігінші. Кішкентайымнан көріп өскендіктен шығар, қолөнерге жақындығым. Бірақ, бертін келе тігіннен гөрі əшекей жасауды таңдадым. Менікі əуесқойлық қой, қолым қалт еткенде бір-екеуін жасап қоямын. Басында интернеттен көрген дүниелерді сіңліме жасап беріп жүрдім. Интернеттен суретін көрген құрбыларым да жасап беруімді өтіне бастады. Кейін басқа адамдардан да тапсырыс түсе бастады. Солай өнімдерім арқылы табыс табуға болатынын түсіндім. Қазір қосымша табыс көзі десем де болады.

10343656_768220583226403_9135040667309855278_n— Құпия болмаса айына қанша тапсырыс аласың?

— Айына мынанша тапсырыс аламын деп айта алмаймын. Жұмыстан, басқа да шаруаларымнан қалатын уақытқа байланысты қарап көремін. Үлгеруге тырысамын. Кейде бір бұйымды «əне бітірем, міне бітірем» деп отырып, таңды атырып жіберемін. Сосын тəулік бойы ұйқысыз жүруге тура келетін кез болады. Бірақ, шаршамаймын, керісінше миым тынығып, сергіп қаламын.

— Әшекей бұйымдарды жасауда фантазия қаншалықты бай болуы керек?

— Енді, әшекейдің материалдарын алдымен арнайы фурнитура дүкендерінен іздеймін. Бір тас ұнап қалса, акцентті соған бере отырып, қандай əшекей жасауға болатынын елестетемін. Миымда бірнеше нұсқа пайда болып, біреуін таңдаймын. Соған сай сосын басқа да тастарды таңдаймын. Көп клиенттер бұйымдарымның эскизін сұрайды. Ал менің эскизім миымда тұрады ғой.
Шығармашылық адамдарының бəрінде бола ма, білмеймін, шабыт деген дүние бар. Шабытым бір ашылса, 2-3 күн бойы тоқтамастан 10-20 шақты бұйым жасап тастаймын. Соны «Инстаграм» әлеуметтік желісінен көргендер сатып алады. Содан кейін шабыт басылады. Біраз уақыт қолөнерге мүлде жақындамай кетем. Бір-екі аптаға созылады. Тапсырыс та алмай қоятын кез болады. Бірнеше күннен соң қайтадан шабытым ашылып, солай-солай жалғасады. Хобби болғандықтан шығар, тұрақты түрде жасамаймын.

— «Эльвираның әшекейін сатып алдым» дейтін бренд-бутикті қашан көреміз?

— Жоспарым көп, тек жүзеге асыруға мотивация жетіспей жүр. Әйтпесе, өзіңіз айтқандай бутигімді ашып алатын уақыт жетті негізі.

Жансая СЫДЫҚБАЙ

Қазақстан құрамасы армрестлингтен әлем чемпионатында 52 медаль жинады

0

Қазақстан құрамасы армрестлингтен әлем чемпионатында 52 медаль жинады
Қазақстан құрамасы 26 қыркүйек — 04 қазан аралығында Малайзия астанасы Куала-Лумпурда  өткен әлем чемпионатында  жалпы есепте 52 медаль жинады. Оның 20-сы ересектердің, ал 32-сі жастардың еншісінде деп хабарлайды jas.kz порталы.

Ересектер арасындағы жарыста қазақстандықтар 7 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль алды. Ал 18 және 21 жасқа дейінгі жастар сайысында спортшыларымыз қоржынға 13 алтын, 8 күміс, 11 қола қосты.

Ересектер арасындағы жеңімпаздар:

Қыздар:
Татьяна Верина — 50 кг (сол) — 3-орын
Татьяна Верина — 50 кг (оң) — 3-орын
Екатерина Тарасенко — 60 кг (сол) — 2-орын
Екатерина Ляхова — 60 кг (оң) — 1-орын
Ольга Шлижевская — 65 кг (сол) — 3-орын
Ольга Шлижевская — 65 кг (оң) — 1-орын
Антонина Лисянская — 80 кг (сол) — 1-орын
Антонина Лисянская — 80 кг (оң) — 1-орын

Жігіттер:
Нұрдәулет Айдархан — 55 кг — (сол) — 3-орын
Нұрдәулет Айдархан — 55 кг — (оң) — 1-орын
Ержан Әбілда — 60 кг — (сол) — 3-орын
Заир Ахмедов — 70 кг — (сол) — 2-орын
Заир Ахмедов — 70 кг — (оң) — 1-орын
Владимир Матченко — 75 кг — (сол) — 3-орын
Шынболат Райханов — 75 кг — (оң) — 1-орын
Қыдырғали Оңғаров — 85 кг — (оң) — 2-орын
Георгий Дзеранов — 100 кг — (сол) — 2-орын
Александр Гетало — 100 кг — (оң) — 2-орын
Илья Ильин — 110 кг — (сол) — 2-орын
Илья Ильин — 110 кг — (оң) — 3-орын

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандары кеңес берді

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандары кеңес берді2015 жылғы 16 наурыз бен 5 қазан аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 12432 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 12432 азаматтың 8078-і түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 2305 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 2049 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды.

Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 5 қазан аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерінде 3691 шалғай ауылдық округті қамтып, оларға 6341 рет барды.

Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі барлық өтініштер бойынша электрондық іс макеттері жасақталып, өкілетті органның қарауына жіберілді. Ағымдағы жылғы 5 қазандағы жағдайы бойынша 2024 өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды. Зейнеткерлік куәліктер және хабарламалар азаматтарға жұмылдыру топтарының келесі сапарларында жеткізілетін болады.

Жұмылдыру топтарының жұмысы пилотты режимде жылдың соңына дейін созылады. Тұрғылықты жері бойынша қызмет алушыларға қызмет көрсету (құжаттарды қабылдау және шот ашу) мемлекеттік қызметті алу уақытын және шығындарды төмендетуді, қолайлылықты, оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12 наурызда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыруға бағытталған.

mzsr.gov.kz 

Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғайды

Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғайдыШетелдік тасымалдаушылардың тарапынан болған заңбұзушылықтар 20% өскен. Олар негізінен рұқсат бланкілерінің болмауы, үшінші бір елден жүк тасымалдау немесе каботажды жүктерді тасымалдау, салмақ габариттері параметрлерінің сақталмауына қатысты.

Осыған байланысты ҚР ИДМ Көлік комитеті 2015 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсаны аралығында « Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғайды!» акциясы аясында тасымалдаушылардың жүк тасымалдауға рұқсаттарының бар-жоғын тексеру күшейеді. Халықаралық жолаушылар тасымалы мен жүктерді автокөлікпен тасымалдау туралы үкіметаралық келісім аясында жыл сайын шет мемлекеттердің тиісті органдарымен халықаралық жүк тасымалдауға рұқсат беретін бланкілерді тепе-тең жағдайда алмасу жүзеге асуда. «Бұл құжаттар шетелдік тасымалдаушыларға халықаралық Келісімдерге сәйкес берілуде. Әрбір ел әріптес-мемлекетке оның аумағы арқылы тасымалданатын жүкке квота белгілейді. Міне осылайша квота алмаған тасымалдаушы компаниялар шетелдің аумағынан жүк алып өте алмайды»-деп атап өтті ҚР ИДМ көлік комиеті төрағасының орынбасары Нығыметджан Мақажанов. Бұл отандық тасымалдаушыларды қолдауға бағытталған қадам.

mid.gov.kz

Мемлекеттік қызметтің жаңа стандарттары күшіне енді

d1Мемлекеттік қызметтің жаңа стандарттары күшіне енді.

Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту шеңберінде ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті көрсетілетін мемлекеттік қызметтің стандарттары қайта қаралып, бекітілді.

Көрсетілетін қызмет бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат алу үшін құжаттар топтамасы 8-ден 3-ке дейін қысқартылды, қызмет көрсету мерзімі 20 жұмыс күнінен 15 жұмыс күніне, метрологиялық аттестаттау туралы сертификат алу үшін құжаттар топтамасы 7-ден 2-ге дейін, қызмет көрсету мерзімі 20 күннен 15 жұмыс күніне қысқартылды, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерінің, жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі 20 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Осымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен көрсетілетін үш мемлекеттік қызметті 2016 жылдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді көздейтін толықтырулар қабылданды.

Бүгінгі күні көрсетілетін қызметтер: сарапшы-аудиторларды аттестаттау, мемлекеттік рәміздерді дайындауға арналған лицензия беру электрондық портал арқылы көрсетіледі, бұл мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинеті арқылы жүгініп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар үшін www.memst.kz сайтында қызметтердің тізбесі, рұқсат беру құжаттарының паспорттары орналастырылған.

mid.gov.kz

Фармацевтика саласында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асады

Фармацевтика саласында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асадыФармацевтика саласына 64,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, 15 инвестициялық жоба жүзеге асады. Атқарылар жұмыстың бәрі индустриаландырудың екінші бесжылдығында істелетін болады деп хабарлайды mid.gov.kz.

2010-2014 жылдары Индустриаландыру картасы аясында 39,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, 25 жоба іске қосылды.

«АбдиИбрахимГлобалФарм» ЖШС БК, «Бирунифарм» ЖШС және МедикалФарм «Ча-Кур» ЖШС жобларын 2015 жылдың қазанында іске қосу жоспарланған. Аталған жобаларға жалпы көлемі 5,4 млрд. теңге инвестиция тартылады.

2015 жылы қаңтар-наурыз аралығында фармацевтика саласындағы кәсіпорындарға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 6,6 млн. АҚШ долларына тең. Биыл өткен жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 2,1 есе өсті.

Фармацевтика саласына Pfizer (АҚШ) сияқты алпауыт компанияны Алматы облысында вакцина өндірісіне, ал Қарағанды облысында таблеткалар өндіру жобасына Sanofi (Франция) компаниясын тарту бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Мысалы, Иорданияның HIKMA трансұлттық фармацевтика компаниясы елімізде қант диабеті мен ОЖЖ сырқатын емдеу үшін дәрі-дәрмек өндірісін қолға алуды және Алматы қаласында антибиотиктер шығаруға ынта білдіріп отыр. Шамамен 11 млрд. доллар инвестиция тартып, 300 жаңа жұмыс орнын құру көзделген.

Геннадий Головкиннің қолғабы аукционға шығарылды

Геннадий Головкиннің қолғабы аукционға шығарылды Геннадий Головкиннің бокс қолғабы қайырымдылық аукционына шығарылды.

Саудадан түскен қаражат кикбокстан әлемнің вице-чемпионы Азамат Нұрпейісовті емдеуге жұмсалады.

Бәссауданы «Астана» мейірімділер клубының» негізін қалаушы Гүлмира Әбдірашева ұйымдастырып отыр. Оның айтуынша, Головкиннің қолғабын боксшының менеджері Олег Герман жіберіпті. Ал Геннадий Азамат Нұрпейісовтің ертерек жазылып кетуін тілепті.

Лоттың бастапқы бағасы – 30 000 теңге. Бәссауда Әбдірашеваның Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында өтеді. Қолғапты сатып алған адам ақшаны тікелей Азамат Нұрпейісовтің шотына жібереді, содан кейін ғана қолғапты алып кете алады.