Домой Блог Страница 276

Фотошоп «араласпаған» ерекше суреттер

Фотошоп «араласпаған» ерекше суреттер.

Әлемнің таңғажайып табиғаты «таңдай қақтырмай» қоймайды. Әрине, тек сол сұлулықты байқап, көре білу керек.

Жер шарының түкпір-түкпіріндегі өз ісіне әбден берілген фотографтардың осы бір еңбектері арқылы сол сұлулықты Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

суреттер
Таудың шыңында тұрған альпинист. Исландия суреттер
3431910-1000-1446444532dk77ec5
Ұлыбританиядағы ерекше жағалау
3432610-1000-1446444849comment_pngkZ7y3otB9J0WJmTBEYYcmM3S6Tydz (1)
Нидерланд Патшалығындағы шоссе
3436810-1000-14464482395
Мадрид қаласы. Испания
3437110-1000-1446448615true-japan
Жапония тауларындағы күннің батуы
3438210-1000-1446449194co-img-0799
Мұз қатқан қоршау
3439210-1000-1446450434antarctic
Антарктидада ыстық суды шашса, осындай көрініс пайда болады
3442010-1000-14464514669BA
Солтүстік Корея мемлекетінің негізін қалаған Ким Ир Сеннің туғанына 100 жыл толу іс-шарасында
3444260-1000-14464521736nt7a
Саусалитодағы түнгі тұман, Калифорния, АҚШ.
3446910-1000-144645398520141015-ontake
Бетін вулкан күлі басқан шіркеу. Онтаке, Жапония.
3453360-1000-14464587520_CATERS_JEFF_THE_GIANT_RABBIT_16
Дариус — әлемдегі ең үлкен қоян
3453910-1000-1446459054gavran-1000
Қарғаның демі
eio-u-io-io-1000-1446447971
Күзгі орман
-i-1-io-1000-1446447656
Собордың кірпіштен жасалған қабырғасы. Мадрид. Испания
3432410-1000-14464447661
Таймс Сквер, Нью-Йорк, АҚШ.
3433010-1000-1446445150tumblr_nwk4bctqeW1qm24ado1_1280
Жер үй маңында бақша отырғызатын шағын жерін болса
3447860-1000-1446454157GaQS3dF
Француз суретшісі Жорж Русенің шығармашылық туындысы
-d-1000-1446461309
Тяньцзы тауы. Қытай
d-v-a-a-1000-1446452908
Нью-Йорк, АҚШ

Фотографтардың суреттері adme.ru сайтынан алынды

Францияның ең сымбатты әртісі 80 жылдығын тойлады

 45373 Әлем кинематографиясындағы ең сымбатты да танымал актер, дарынды режиссер, білікті кәсіпкер Ален Делон кеше 80 жылдық мерейтойын тойлап өтті.

12899821014

Ол — «Адель продюксъон» кинокомпаниясының қожайыны. Миллиардтар мен  жылжымайтын мүліктердің иесі. Шампан, көзілдірік, ерлер киімі, парфюмерия және косметика өнімдерін шығарып сататын өндірістердің құрушысы және қожасы. Асыл тұқымды жылқы зауытының негізін қалаушы.  Сурет, қару басқа да шығармашылық құралдарының коллекционері.

20111107-delon-post

Бірнеше буын кино көрермендерінің  сүйіктісіне айналған, сымбатты актер Делонның шығармашылық жолы даңғыл. Ол 100-ден астам фильмде басты рөлдерді сомдап, көрерменнің жүрегінен ойып тұрып орын ала білді.

6423833531_aff1463145_o

Кино өнерінде ол нағыз ер азататтың бейнесін аз сомдаған жоқ, кейде бақайесепшіл, суыққанды да болатын.

293100

Бір жағынан қарағанда ол  экранда өзін-өзі сомдаған сияқты- актер ретінде  бас айналдырар жетістікке жеткен, ал бизнесмен ретінде қатал мінезі, кез-келген жағдайдан шебер шыға алатын қасиетінің арқасында бай-бағландардың алғашқы көшіне іліккен адам.

8236c8fcad1712173e875492ad20e29e

Талғат Бигелдиновке арналған мемориалды тақта ашылады

Талғат Бигелдиновке арналған мемориалды тақта ашыладыКеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновке арналған мемориалды тақта оның өзі тұрған үйіне орнатылады.

Салтанатты шара ертең сағат 12:00-де Қонаев көшесіндегі №153 үйде өтеді.

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов — Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5-тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысының өзен-көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған. 2014 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында дүниеден өтті.

baq.kz

Құрылыс нысандары жіті бақылауда

Талдықорған қаласынының құрылыс нысандары енді жаңа басшының жіті бақылауында болмақ.

Құрылыс нысандары жіті бақылауда

Алматы облысының басшысы Амандық Баталов Талдықорған қаласында құрылысы жүріп жатқан бірнеше нысанды аралады. Бұл жұмыс сапардың басты мақсаты — Талдықорғанға жаңадан әкім болып тағайындалған Бағдат Қарасаевты қалада жүргізіліп жатқан жұмыс жайымен тезірек таныстыру.

Амандық Ғаббасұлы бастаған топ алдымен Талдықорған қаласының әуежайында болды. Өңір басшысы қала әкіміне әуежайды абаттандыру, жарықтандыру сынды бірқатар тапсырма жүктеп, бұл нысанның қала дамуында үлкен орын алатынын қадап айтты. Жұмыс тобы Қаратал өзенінің абаттандырылуымен де танысқан болатын. Облыс әкімі мұнда іске асып жатқан шаруамен де жете танысып, қаланы қақ жарып өтетін өзеннің жағалауын көріктендіруге қатысты өз ойын ортаға салды.

Орталық парктің жеке кәсіпкерлердің иелігінде болған бөлігінің қала меншігіне қайтарылуына байланысты облыс әкімі Амандық Баталов қала әкімі Бағдат Қарасаевқа келесі жылдың бюджетіне саябақтың осы бөлігін реконструкция жасау жөнінде тиісті ұсыныстар жасауды тапсырды.

Сонымен қатар, Амандық Ғаббасұлы «Жастар» саябағында болып, парктің абаттандырылуына қатысты бірқатар тапсырма берді. Бұдан бөлек, облыс әкімі бүгінде Талдықорған қаласында салынып жатқан Оқушылар сарайы сынды бірнеше нысанды аралап қайтты. Жұмыс сапары барысында Жетісу жерінің бас қаласы – Талдықорғанның ажарын арттыруға байланысты біршама ұсыныс алға тартылды. 

— Мен бүгін қаланың жаңа әкімі Бағдат Әбілмәжінұлын ертіп, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен таныстырдым. Атқарылып жатқан жұмыстар ауқымы кең. Сондықтан Бағдат Әбілмәжінұлы қаладағы құрылыстың барысымен жете танысқаннан кейін бірден іске кірісіп кетуі тиіс, — деді облыс әкімі А. Баталов.

Құрылыс нысандары жіті бақылауда

6eb4b4fa92b2eaea9f44201e07b25b43

89905b7559f1be65460b75d04588e920

dbe6ba3ea9fadc2e7529d10e76cc60a3

Шымкенттегі көл мен өзенге 64 мың балық жіберілді

Шымкенттегі көл мен өзенге 64 мың балық жіберілдіШымкенттегі Дендрарий саябағындағы көл мен Қошқар ата өзеніне 64 мың балық жіберілді.

Саябақтағы көлге — 52 мың балық, Шымкенттің қақ ортасын кесіп өтетін Қошқар ата өзеніне 12 мың балық жіберілген. Мамандардың айтуынша, балықтар өзен-көлдің таза сақталуына көмегін тигізеді. Әрі табиғаттың сақталуына үлес қоспақ. Ал, су жануарлары қалыпты ортаға үйреніп, көбейе бастаған сәтте оларды аулауға да болады.

Айта кетейік, суға тұқы, сазан сияқты балықтың үш түрі жіберілді. Тапсырысты «Көмешбалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары өз мойнына алған. Мекемеде қазіргі таңда 300 мыңдай шабақ өсіріліп жатыр екен.

baq.kz

«Шабыт» фестивалінің гран-при иегері анықталды

«Шабыт» фестивалінің гран-при иегері анықталдыXVIII Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалі кеше Астана қаласындағы Конгресс-Холл сарайында гала концертпен қорытындыланды. Конгресс-холлдағы салтанатты кеште фестиваль қорытындысы шығарылып, жүзден жүйрік өнерпаздар марапатталды. 

Қазылар алқасы 388 қатысушы таласқан фестивальдің басты сыйлығы — ел Президентінің Кубогы мен 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа бір ауыздан «Классикалық музыка. Скрипка» номинациясының бас жүлде иегері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті Мақсат Жүсіповты лайық деп тапты. Жеңімпазды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев марапаттады.

«Шабыт» — нағыз өнер додасы. Фестиваль сахнасында тек Қазақстанның ғана емес, шетелдің үздік өнерпаздары да өнер көрсетіп келеді. Мақсат бүгін айтарлықтай жеңіске жетті, бұдан былай да осындай жетістіктері көп болсын», — деді Ермек Аманшаев.
Биылғы фестивальде алғаш рет өткізіліп отырған спорттық бал биі сайысында Красноярлық (Ресей) жұп Роман Зотодов пен Анна Позднякова жеңімпаз атанды.

«Халықтық музыка» номинациясының домбырамен ән айту категориясында бас жүлдеге Жақсыгелді Маясаров ие болды. Үздік домбырашы атағы мен медальді Астаналық Бегджанов Сәкен иеленді.
«Бейнелеу өнері» номинациясында қазылар алқасының назарына ұсынылған 150 жұмыстың ішінен мүсін категориясында павлодарлық Данияр Сарбасовтың туындысы, сәндік-қолданбалы өнерде атыраулық Есенғазиев Алтынбектің жұмысы үздік деп танылып, бас жүлдеге ие болды.

Академиялық ән айту категориясында астаналық Шахризада Тыныштық бас жүлдені иеленді. «Фортепиано» бойынша бас жүлдені алматылық Рабиға Дюсембаева алса, «альт, виолончель, контрабас» категориясында Павел Романенко бас жүлдеге лайық деп танылды. Цирк өнері номинациясында Алматыдан келген Қазақ мемлекеттік циркі командасы үздік атанды.

Фестиваль жеңімпаздары мен қатысушыларын елорданың мәдени өмірінде айрықша орын алатын шараның аяқталуымен құттықтау үшін әлемдік өнер майталмандарынан құралған қазылар алқасы мен ұстаздар, қалалық әкімдік өкілдері, шығармашылық интеллигенция өкілдері, қала қонақтары мен тұрғындары жиналды.

Гала концертте «Шабыт» фестивалінің бас жүлде иегерлері мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

baq.kz

Талдықорғанда алып жігіттер айқасы өтті

Талдықорғанда алып жігіттер айқасы өттіТалдықорғанда атауы қызық жарыс өтті. Қазақшасы «алып адам» деген мағына беретін тартысты бәсекеге Жетісудың ең мықты жігіттері қатысты. Олар 200 келіден асатын зілтемір мен бөренелерді көтерді. Ауыр доңғалақтарды итеріп, машиналарды сүйреді.

«Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндейтін бүгінгі заманның экстремалды спорт түрлерін дамыту өте маңызды. Сондықтан облыстық деңгейде өтіп жатқан жарысты республикалық дәрежеге көтергіміз келеді», — дейді ұйымдастырушылар.

Алып жігіттер айқасында топ жарған үш спортшыға бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды.

Бағдат Науқанов, облыстық жастар саясаты орталығының бөлім басшысы:

— Балуан Шолақ атамыз секілді алып та мықты жастардың бізде барына нық сенеміз. Сондай жастарды осындай спорт түріне шақырып, бүкіл дүние жүзіне осы спорт түрінен өзіміздің елімізді паш ететіндей жастарды дайындау – біздің мақсатымыз.

24.kz

Ақын Ерлан Жүністің жыр кеші

Ақын Ерлан Жүністің жыр кеші«Тауына қарасам, Алматы секілді, өзеніне қарасам, Астана секілді, терегіне қарасам, Тараз секілді. Үшеуін қосып қарасам, Талдықорған екен!»

Бұл жас ақын, Ерлан Жүністің Талдықорған туралы айтқаны. Жақында ғана Алматы облысының орталығына  қоныс аударған ақын алғашқы шығармашылық кешін өткізіп үлгерді.

«Сәрсенбінің сәтінде» деп аталған жиынға Жетісу жеріндегі ақын-жазушылар мен оқырмандар қатысты. Олардың алдында Ерлан Жүніс соңғы жазған туындыларын оқып, пікір-алмасты. Сұрақтарына жауап берді. Ерлан Жүніс қазақ поэзиясында өзгеше үні бар, сарыны бөлек ақын. Оқырмандарына ойлы, мәнді жыр ұсынуға шебер.

Оның 2001 жылдан бері бірнеше жыр жинақтары жарық көрді. Алғашқысы — «Жыр-перзент». Сосын «Киелі түндердің дұғасы», «Хауас», «Үміт жырлары» атты өлең кітаптары бар. Жетісулық жас ақын  халықаралық «Шабыт» фестивалінде «Әдебиет» аталымы бойынша гран-при және Президент кубогын иеленген. Бұл 2006 жылы болатын. Ал араға алты жыл салып мемлекеттік «Дарын» сыйлығын иеленді.

zhetysutv.kz

Еліміздің үздік жас дзюдошылары мықтыларын анықтады

Еліміздің үздік жас дзюдошылары мықтыларын анықтадыЕліміздің үздік жас дзюдошылары мықтыларын анықтау мақсатында, Алматы облысы Үшарал қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында «Алакөл ауданы әкімінің кубогі» үшін республикалық жарыс өтті. Оған Алматы қаласы, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен көрші Өзбекстаннан балуандар келді. Барлығы  200ге жуық спортшы 10 салмақ дәрежесі бойынша күресті.

«Алакөл ауданы әкімінің кубогы» үшін өтетін жарыс осымен 9-шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Жылдан — жылға деңгейі өсіп, қатысушылар қатары да көбейіп келеді. Қазіргі күні көршілес елдердің  балуандары да бағын сынауды мақсат еткен. Биыл 12 команда жиналған. Дзюдошылар бәсекесінің ашылу салтанатында  ауданның атқа мінер азаматтары осы жарыс арқылы көптеген саңлақтар тәжірибесін арттырып, ел құрамасының белді мүшесі атанғанын мәлімдеді.

Осы жарыста Семей, Талдықорған Шымкент, Алматы және  Алакөл өңірінің саңлақтары жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ұйымдастыушылар  келер жылы турнирді халықаралық деңгейде өткізуді жоспарлап отыр.

zhetysutv.kz

Алматы облысы мен Қырғыз Республикасы құқық қорғау органдарының бірлескен мәжілісі өтті

Алматы облысы мен Қырғыз Республикасы құқық қорғау органдарының бірлескен мәжілісі өтті
құқық қорғау

Бүгін Алматы облысы мен Қырғыз Республикасы құқық қорғау органдарының бірлескен мәжілісі өтті.

Талдықорған қаласында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қырғыз Республикасының Шу облыстық ішкі істер Бас басқармасының басшысы милиция полковнигі Қапар Батырханов пен Ыстықкөл облыстық ішкі істер басқармасының басшысы, полковник Эмилбек Салиевті қабылдап, Алматы облыстық ішкі істер департаментінде өткен Қазақстан Республикасының Алматы облысы және Қырғыз Республикасының Шу облыстық ІІББ мен Ыстықкөл облыстық ІІБ ынтымақтастығын ұйымдастыру жөніндегі мәжіліске қатысты.

Бұл басқосудың басты мақсаты – екі мемлекеттің арасында өзара ынтымақтастықты нығайту, қылмысқа қарсы бірлескен шаралардың 2014-2018 жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.