Домой Блог Страница 281

Бүгін «Шабыт» фестивалі басталады

Бүгін «Шабыт» фестивалі басталады
Бүгін

Бүгін «Шабыт» XVIIІ Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің салтанатты түрде ашылуы өтеді. Биыл дарындыларды анықтайтын беделді конкурсқа арнайы диплом, медаль, лауреат атағын алуға, және ең бастысы Ел Президентінің кубогы иегері атануға 388 үміткер қатысады. Сонымен қатар, бас жүлдегер иесі 250 мың теңгені алып кетеді. Алтын медаль иегерлері 200 мың теңгеден, күміс жүлде – 150 мың теңге және қола жүлде иегерлері – 100 мың теңгеден алады.

– Жыл сайын «Шабыт» жастар шығармашылық фестиваліне қызығушылық арта түсуде. Бұны байқауға ниет білдіргендердің санынан білуге болады. Әр уақытта қазылар алқасы фестиваль жаңа талантты табуға әрі олардың өнер жолын ашуда септігін тигізетінін атап өтеді. Ақпараттық қолдауды «Хабар» телеарнасы көрсетіп, арнадан фестивальдің күнделіктерін көруге болады. Биылғы жылы жаңа аталым «спорттық бал биін» енгіздік, — деді Астана қаласы Мәдениет басқарманың басшысы Болат Мажағұлов.

Конкурсанттардың талантын атақты әртістер, профессорлар, Қытай, Германия, Израиль, Италия, Беларусь, Ресей және Қазақстаннан шыққан әлемге танымал өнер майталмандары бағалайтын болады. Сонымен қатар, әділқазы алқасының мүшелері шеберліктерімен бөліседі.

«Шабыт-2015» XVIIІ Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі 2015 жылдың 3 қараша күні сағат 19.00-де Конгресс-холлда өтеді.

baq.kz

Шахрукх Кхан жайлы қызықты 10 дерек

БезымянныйБүгін қалың қауымға үнді хикаяларынан кеңінен танымал, керемет талант иесі, актер Шахрукх Кханның туған күні. «Болливуд королі» деген атпен белгілі, талай киносүйер қауымның кумирі 50 -ге келіп отыр.

956472961

Аты аңызға айналған Шахрукх Кхан жайлы қызық мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз:
1. Шахрукх Кхан — актер, тележүргізуші, продюсер. Оның есімі — «Хан дидары» деген мағынаны береді.

srk1_1351684430_600x4502. Шахрукх Кхан туған кезінде оның кіндігі мойнына оралып қалған екен. Бұны медбикелер жақсылыққа балап, оынң өмірінің ерекше болатынын айтыпты.

shahrukh-khan-2-153. Жұлдызнама: Сарышаян

5cdb7732ace84. Лақап аттары: SRK, Хан-патша, Болливуд королі.

0_7061f_ba495cc0_XXL5. Шахрукх Кхан Нью-Дели қаласында ирандық мұсылман отбасында дүниеге келген.

KzjldaDY

6. Алғашқы фильмі: Muka (1992 жыл)

1322922121040094757. Үнемі қолданатын сөздері: “Иншаллах“, “Қалың қалай?”, “Мықты!”, “Ғажап» және «Алла Сізге жар болсын…»

SRK-FF58. Қанша жерден романтик болса да, Шахрукх Кхан экранда актрисалармен сүйісіп көрмеген. Әрине, актер сезімдерін әсерлі етіп жеткізуге бар күшін салады, бірақ сүйісуге келгенде, ол тоқтап қалады. Себебі ел көзінше сүйіскенге ұялып, актер бұндай қылықты ұят санайды.

1-srk-celebrates-eid-with-family-0908_19. Шахрукх Кхан әзілге өте жақындығымен ерекшеленеді. «Сіз өміріңізде елес көрген кезіңіз болды ма?»-деген сұраққа ол: «Қазір көз алдымда бұлдырап тұрған мына аппақтан басқа, ештене елестеп көрмепті!»-деп жауап берген екен.

shahrukh-khan-in-jab-tak-hai-jaan 10. Джеймс Бонд пен Бэтмен рөлдерін сомдауды армандайды.

Шах Рукх Кханның үздік 20 әні

Әлем режиссерлері әлеуметтік ролик түсіреді

Әлем режиссерлері әлеуметтік ролик түсіреді
әлеуметтік

Әлем елдері режиссерлері ЭКСПО-ға арналған әлеуметтік роликтер түсіруге қатысады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Expo & Women» (халықаралық әйелдер ұйымы) президиумның төрайымы Салтанат Рахымбекова мәлім етті.

– Әлемдік қоғамдастық біздің түр­лі бастамаларды Италия алаңында өткізуді қолдауға дайын. Біз кино­фес­тивальді өткізуді ұйымдастырған кезде Италияның алдыңғы қатарлы режиссерлерімен кездесіп, экология, инновациялар мен «жасыл» техно­ло­гиялар туралы әлеуметтік роликтер бай­қауын өткізу туралы келістік, –деді С.Рахымбекова.
Оның сөзіне қарағанда, бұл тұр­ғыда әлемдік режиссерлер осы та­қырып бойынша өздерінің жұ­мыстарын жібере алады. Осы шара болашақ энергиясына негізделген «ЭКСПО–2017» көрмесінің тақыры­бын алға жылжытуға қолдау болмақ.
Италияда Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі Ұлттық комис­сия­мен бірлесіп,  Қазақстанның «Expo & Women» халықаралық әйелдер ұйы­мы ұйымдастырған «Болашақ энер­гия: әйелдер, бизнес және жаһан­дық экономика» атты алғашқы іскерлік форумы жұмысын аяқтады. 19-26 қазан аралығында өткен фору­м­ға халықаралық әйелдер ұйым­да­рының, ірі мемлекеттік және жеке ком­паниялардың өкілдері, іскер топ­­тар қатысты.
Айта кетейік, ҚР Президенті  жа­нындағы Әйелдер ісі және отба­сы­лық-демографиялық саясат жөнін­де­гі Ұлттық комиссияның қол­дауы­мен Қазақстандағы ЭКСПО көрмесін қол­дау мақсатында «Expo & Women» қозғалысы пайда болды. Осы орайда ЭКСПО көрмелеріне әйелдердің ба­рынша үлесін қосу мақсаты қойыл­ған.

aikyn.kz

Startup day – тек 10 қарашада

Startup day – тек 10 қарашада
Startup day

Стартап жобалардың, Ғылыми-зерттеу институтының инвесторлары мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен 10 қарашада «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қорының (Almaty Tech Garden) Startup Day атты тұрақты инвестициялық іс-шарасы өтеді.

Егер Сізде AlmatyTechGarden-нің келесі кластерлерінің біреуіне жобаңыз болса, онда бізге қош келдіңіз:

— Ақылды индустрия және Жаңа материалдар;

— Ақылды орта;

— Е-коммерция және Жаңа бұқаралық ақпарат құралдары;

— Энергетика және Жаңа Технологиялар;

— «Жаңа энергетика мен энергияны сақтау жүйесі»;

— «Энерготиімділік пен қуатты үнемдеу»;

— «СО2 қалдықтарын қысқарту»;

— «Таза технологиялар».

Жобаларды іріктеу кезіндегі бағалаудың басты қағидалары:

— Өнімнің бәсекеге қабілетті болуы;

— Бизнес-үлгілерді пысықтаудың сапасы;

— Жоба командасының өтініш берген жобаға сайма-сай келуі;

— Қарастырылып отырған өлшемдерде жобаның іске асырылуы;

— Технологиялық инновациялылығы.

Жеңімпаздар EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде Қазақстандық «Сфера» павильонында өз жобаларын орналастыруға, сондай-ақ жобалардың үш ай бойы жетілуіне арналған бағдарламаға үміттене алады. Сонымен қатар, бұл жобалар грант қаражатынан қаржылануға ұсынылатын болады.

Өтініштерді techgarden.kz сайтына тіркеп, байқауға қатысыңыздар!

almatyzhastary.kz

Әлімғазы Райымбековтің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті

Әлімғазы Райымбековтің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті
мерейтойы

Жер жәннаты Жетісу төрінде ҚР мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбековтің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Шәкен Аймановтың әйгілі «Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ образымен қалың көрерменнің сүйіктісіне айналған Әлімғазы Райымбеков туралы: «Сол «періште» қалпымен бар қазақтың жүрегінен орын алған адам. Ол – тірі пендеге қиянат жасамаған! Ол – адамдардың барлығына күліп қарайды! Оның көңілі – әлі сәби қалпындай таза! Ол сондықтан да әдемі қартайды», — дейді оның мерейтойына жиналғандар.

Кәсіби актер болмаса да бір ғана фильмдегі образымен артына аңыз қалдырған азаматтың ел алдындағы абыройы тым асқақ. Ұзын саны 13 фильмге түскен Әлімғазы Райымбековтің әрбір образынан оның жүрек түкпірінде жатқан тектілік пен тазалықты аңғару қиын емес. Халқы «Тақиялы періште» деп атап кеткен құрметті азаматтың 80 жылдық мерейтойына «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев арнайы келіп ел сыйлаған азаматқа құрмет көрсетіп, ат мінгізді.

BNews.kz

«Жас Отан» ЖҚ-ның халықаралық серіктестері Қазақстандағы жастар ұйымдарының қызметімен танысты

0

Халықаралық серіктестер Қазақстандағы жастар ұйымдарының қызметімен танысты

«Үлкен Еуразия: жастардың диалог алаңы» атты халықаралық іс –шарасы коворкинг – орталығында жалғасты. Орталықта Қазақстандағы республикалық және аудандық жастар ұйымдары қызметінің таныстырылымы өтті. «Жас Отан» Жастар қанатының Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы мен Моңғолиядан келген халықаралық серіктестеріне еліміздегі «Қазақстан жастар конгрессі», «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы», ЕҰУ студенттері мен магистранттарының «Сенім» кәсіподақ ұйымы», Павлодар облысы жастар бастамалар орталығы», «Ақмола облысы жастар ресурстық орталығы» және «Жастар» ғылыми – зерттеу орталығы» сынды жастар ұйымдарының қызметі туралы айтылды.

Сондай-ақ, бүгін шетелдік қонақтар «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінің қызметімен танысып, партиялық жобаларға қажетті тренингтер, шебер – сыныптар мен дәрістерді жүргізу ерекшеліктеріне баса назар аударды.

Болашақта «Жас Отан» ЖҚ-ның халықаралық серіктестері ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында экскурсияда болып, еліміздің тарихымен танысады.

zhasotan.kz

Нұрғиса Тілендиевке арналған «Құстар әні» фильмі түсірілуде

Нұрғиса Тілендиевке арналған "Құстар әні" фильмі түсірілуде«Көркем фильм» кинокомпаниясы мен «Хабар» Агенттігі» АҚ тапсырысы бойынша Алматыда «Құстар әні» көп сериялы көркем фильмі түсіріліп жатыр. Осынау туынды қазақтың ұлы композиторы және домбырашысы Нұрғиса Тілендиевтің өміріне арналады.

Фильм атақты «Отырар сазы» оркестрінің құрылған сәтінен басталады. Картинада дарынды сазгердің қазақ музыкасын шыңға көтеруді мұрат еткен бастамасы өз шығармашылығымен қатар өрбиді. Көркем фильм сазгердің бірегей музыкалық туындысымен аталады. «Құстар әні» ұлы музыканттың құс қанат ғұмырын суреттейді. 5 бөлімнен тұратын «Құстар әні» телевизиялық жобасын көрермендер биыл көре алады. Музыка дарыны көрермендерге жаңа қырынан көрсетілмекші.

Хикаяның режиссері Рашид Сүлейменов. Бас продюсер Ильхам Жалилов пен Рустам Азаматов болмақ.

Фильмдегі басты ролдерді қазақстандық танымал актерлер Ергенбай Әбуев, Гүлназ Жоланова, Санжар Мәдиев, Бақытжан Әлпейісов, Михаил Токарев, Сағызбай Қарабалин, Махаббат Сарқытпаева мен Яна Бобрыка сомдайды.

Айта кетейік, биыл отандық ұлы композитор және дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 90 жылдығы аталып өтіледі. Бүкіл өмірін халық музыкасына арнаған тұлға барлығы 500 шақты музыкалық туындыны өмірге әкелген. Ол «Отырар сазы» қазақтың халықтық музыкалық аспаптар оркестрін алғаш болып құрған және ел тарихындағы ең дарынды домбырашылардың бірі болды.

baq.kz

Лондонда қазақ күресінен «Болаша­қ Барысы» турнирі өтті

Лондонда қазақ күресінен "Болаша­қ Барысы" турнирі өтті
«Болаша­қ Барысы»

Лондондағы Брунель университетінің спорт кешенінде кеше қазақ күресінен «Болаша­қ Барысы» турнирі өз мәресіне жетті. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген бұл сайысқа «Болаша­қ» бағдарламасымен білім алып жүрген студент жастар қатысты.

Турнирге Британия университеттерінде оқып жүрген 16 стипендиат қатысты. Жарыстың өзі болса әдеттегідей бірнеше салмақ дәрежесінде емес, тек 70 келіден жоғары, яғни абсолютты салмақ дәрежесінде ғана өтті.

Айта кету керек, Англия астанасында өткен осынау спорттық шараны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен ҚР Қазақ күресі федерациясы ұйымдастырып отыр.

Ал, палуандарға қолдау көрсету үшін Лондонға Шеффилд, Рединг, Манчестер, Бирмингем, Уорик қалаларынан қазақ студенттері мен Британиядағы қазақ диаспора өкілдері келді.

«Болаша­қ Барысы» жарысы нәтижесі мынадай:

I орын — Айдар Қойшыбаев (80 келі), Edgware Academy Language School;
II орын — Асқар Шарапатов (84 келі), University of Sheffield Master;
III орын — Дәурен Дүбербаев (87 келі), London School of Economics and Political Science.

baq.kz

Панфилов ауданының көшелері жаңартылып жатыр

Панфилов ауданының көшелері жаңартылып жатыр
Панфилов ауданы

Панфилов ауданында көшелер жөнделіп жатыр. Биыл аудан бойынша 47 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мердігер компаниялар жұмыста тың технологияларды, сапалы материалдарды қолдануда.

Құрылысшылар жолдың ескі қабатын қырып алып, бетон араластырылған асфальт төсеп жатыр. Құрылысқа жауапты мамандардың айтуынша бұл жолдың төзімділігін арттырып, оның жарылмауына сеп. Биыл аудан орталығында 10 көше орташа, 14-і ағымдағы жөндеуден өткен. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 684 миллион теңге қаржы бөлінді.

Жол жөндеу жұмыстарына 100 шақты адам жұмылдырылған. Олардың 25 жергілікті тұрғын.  Қала бойынша жол жөндеу жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады.

zhetysutv.kz

Қарашеңгел ауылында жаңа мешіт ашылды

Қарашеңгел ауылында жаңа мешіт ашылды
Қарашеңгел ауылында

Бүгін, қасиетті Жұма күні Қаратал ауданына қарасты Қарашеңгел ауылында сәні мен сәулеті жарасқан жаңа мешіт ашылды. Бұрын-соңды бұл елді-мекенде Аллаға құлшылық ететін орын болмаған. Қарашеңгелдіктер жұма намазын оқуға 10 шақырым жердегі көрші ауылға баратын.

250-дей ғана тұрғыны бар аядай Қарашеңгел ауылының тұрғындары үшін бұл үлкен қуаныш. Осылайша ауданындағы мешіттер саны 13-ке жетті. Имандылық үйі ауылдан шыққан демеуші азаматтар — Бауыржан Ахметов пен Жайлау Власовтардың бастамасымен салынды. Құрлысы басталғаннан бері қолданысқа берілуін қарашеңгелдіктер асыға күткен болатын.

Имандылықтың қара шаңырағы — мешіттің ашылуында сөз алғандар Жаратқанға сансыз мадақ айтты. Иманды ұрпақ көбейсін деген тілектерін білдірді. Елді Алланың ақ жолына шақырып, тек ізгі амал жасауға үндеді. Сонымен қатар, мешітті салған азаматтар тарапынан Алла үйінің бой көтеруіне қолғабыс еткен жандарға сый-құрмет көрсетіліп, мешіттің лентасы салтанатты жағдайда қиылды.

Мұсылман қауым мешіт ішіне кіріп, сәлем намазын оқыды. Аллаға құлшылық етіп, дұға-тілек тіледі. Бұл ғибадатхана 100 шақты адамға лайықталып салынған. Ас беретін арнайы орын да бар. Жалпы, мешіт салу — Ислам дінінде сауапты істердің ең абзалы саналады.

Имандылық үйінің ашылу салтанатын әуезді әндер әрлеп, ауыл жұртының қуанышын еселей түсті. Аядай елді-мекенге зәулім мешіт салып берген қос азаматқа қарашеңгелдіктер шексіз алғысын білдіре келе, ат мінгізіп, арқасына шапан жапты.

zhetysutv.kz