Домой Блог Страница 29

Қазығұртта жаңа көпір пайдалануға берілді

15250744_1136814823101522_6527773768485942650_oҚос мереке қарсаңында — ел Тәуелсіздігіне 25 жыл, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай, «25 жылдыққа – 25 игі іс» шарасы аясында Алтынтөбе ауыл округі Қосағаш елді мекенінде жаңа көпір пайдалануға берілді. Бұл аудан көлемінде тәуесіздік жылдары салынған 8-ші автокөлік жүретін көпір.

Рас, біраз жылдардан бері орталықпен 1500-ге жуық халық тұратын Қосағаш ауылын қосатын көпірдің болмауынан Қаржан өзенінен өту мұң болатын.

 Міне, биыл сол көпір салудың сәті түсті. Облыстық бюджеттен 126,5 млн. теңге қаржы бөлініп, оны «Арсенал-Юг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып, белгіленген мерзімде ел игілігіне ұсынып отыр. Көпір бүгінгі талапқа сай. Ұзындығы 90 метр, ені 8 метр. Түрлі көліктердің жайлы өтуіне жағдай жасалған.

Көпірдің ашылу салтанатына аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысып, көпір салуға атсалысқан ауыл азаматтарына, құрылысшыларға алғысын білдірді.

Айта кеткен жөн, ауданның елді мекендер арасына алдағы 2020 жылға дейін тағы 4 көпір салу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта бұл автокөлік жүретін көпірлер салынатын болса, онда аудан көлемінде көпірлер саны 28-ге жететін болады.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Исекешев жаңа автобус бағдарларын іске қосу және аялдама кешендерін ашу бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырды

Әсет Исекешев жаңа автобус бағдарларын іске қосу және аялдама кешендерін ашу бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырды. Оның айтуынша, елордада салынған жолдарды (800 км артық) ескерсек, 250-ге жуық аялдама орнату керек, оларды жобалау кезінде Астананың климаттық жағдайларын ескеру қажет. Сонымен қатар, қала басшысы жаңа аялдамалардың жайлы болуы тиіс екендігін атап өтті. Негізінен, бұл кешендер мемлекеттік-жеке меншік әріптестік есебінен салынатын болады, ал жоба 2017 жылдың бірінші жартысында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қаладағы жаңа аялдама павильондары мен автобус маршруттары көше-жол желісінің дамуына қарай пайда болады. 2016 жылдың соңына дейін Астанада 45 жаңа шыны және перфорацияланған аялдама абаттандырылады. Мұнымен қоса, жабық типті жаңа аялдамалар жобалануда. Олар жолаушылар ағыны тығыз жерлерде орнатылмақ. Сондай-ақ, көлемді жабық сауда және техникалық орынжайлардан, ашық алаңнан тұратын автостанциялар жасалады. Автостанция аумағында тез тамақтану пункті, қоғамдық дәретханалар, төлемдер қабылдау пункті, лайт-бокстар және т.б. болады.

Сонымен қатар, Әсет Исекешев автобус парктерін жаңарту, жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру, автобустардың қозғалыс интервалын азайту және ескі машиналарды қолданыстан шығару мәселелеріне назар аударды. Астана әкімінің атап өтуінше, елорда халқының саны ұдайы өсіп отырады, сәйкесінше қоғамдық көлікке түсетін жүктеме артады. Қазіргі кезде күн сайын 700 аса қоғамдық көлік жолға шығады, олар 875 мың адамға қызмет көрсетеді.

Мұнымен қоса, 2017 жылы Астананың автобус парктері IVECO маркалы 210 заманауи жайлы автобуспен толықпақ. Жаңа жылжымалы құрамды сатып алу Еуропа қайта құру және даму банкінің инвестициялық қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Жаңа автобустар ақпараттандыру, ауа баптау, жылыту, бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға және балалар арбасымен жүрген ата-аналар үшін арнайы пандустармен жабдықталады.

Анықтама: Жылжымалы құрамды толықтырудың нәтижесінде автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгереді. Жолаушылар олардың қозғалыс кестесіменASTRA Bus қосымшасынан және 2010 жылдың соңына дейін орнатылатын 110 ақпараттық таблодан таныса алады. Қазіргі кезде бұл жабдықтар тестілік режимді жұмыс істеп тұр. Жоспар бойынша 2017 жылы аялдамаларда тағы да 72 ақпараттық табло орнатылатын болады.

Еске салайық, 2015 жылы қарашада алғашқы 358 автобус сатып алынды, қыста бұл көліктердің сапалы әрі сенімді екендігіне көз жеткіздік.

Әсет Исекешев автобус маршруттарын ұйымдастыруға да баса назар аударды, сондай-ақ, қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты азаматтардан келіп түскен сынға байланысты дереу әрекет етуге шақырды.

Айта кетейік, үстіміздегі жылы Көкарал және Бәйшешек көшелері тұрғындарының өтініштері бойынша №73 маршруттың қозғалысына жартылай өзгерістер енгізілді.

Осылайша, Көкарал көшесінде 3 аялдама пункті ұйымдастырылды, ендіаталған бағдардағы автобустар бастапқы пункттен Төлебаев көшесімен «Көкжелек к-сі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі Төлебаев көшесімен Көкарал, Бәйшешек, Шалкөде көшелерімен жүреді, соңғы аялдама «Промышленный т/а». кері бағытта өзгеріссіз, қазіргі сызба бойынша Шарбақты көшесі арқылы.

Үстіміздегі жылдың 28 қарашасынан бастап «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындарынан өтініш көп түскендіктен, №24 маршрут № 39 разъезді мен «Мұнайшылар» т/а дейін ұзартылды, және жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін осы бағдар бойынша сыйымдылығы 110 адамды құрайтын  Man маркалы автобустар шығарылды.

«Көктал-2» тұрғын алабында Наурыз көшесінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты №4 және №34 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгертілді.

28 қарашадан бастап аталған маршруттардың қозғалысы қалпына келтірілді(жол жөндеу жұмыстарына байланысты аялдамаға дейін 1 км жаяу жүру қажет болды). Осыған байланысты қаладан Қосшы ауылы бағытында жолаушылар ағынының артуына байланысты қала маңына қатынатын № 303 маршрутына қосымша автобустар жіберілді, соның арқасында қарбалас сәттерде қозғалыс интервалы 5 минутқа дейін қысқарды.

Қала маңына қатынайтын №306 автобустың да интервалы қысқартылды, автобустар Талапкерден қарбалас сәттерде 15 минуттық аралықпен жүретін болды (бұған дейін интервал қарбалас сәттерде 25 мин болған).

Қоянды ауылында№ 307 маршрутта автобустар саны ұлғайтылды, ендіқозғалыс интервалы қарбалас сәттерде 8 минутты құрайды(бұған дейін қарбалас сәттерде 10 мин болған).

30 қарашадан бастап Қабанбай батыр ауылына дейін жүретін қала маңына қатынайтын №308 автобус енді Қызылжарға кіреді (бұған дейін бұл маршрут тасжолда тоқтайтын, бұл қызылжар тұрғындарына ыңғайсыздықтар келтіретін);

«Көктал-1» тұрғын алабында «Ансар қоғамы» ауданының тұрғындары автобустың кіруіне қатысты көп рет өтініш жолдаған. Қазіргі кезде аялдама пункті ұйымдастырылып,  көше түзетілді. Осылайша, қоғамдық көліктің қозғалысын ұйымдастыру мүмкіндігі туындады.

30 қарашада №120 маршруттағы автобус көрсетілген аялдамаға дейін ұзартылады (қазір ең жақын аялдамаға дейінгі қашықтық орта есеппен 1,1 км құрайды, ал ұзартқаннан кейін орта есеппен 550  м болады).

Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді гектарлық субсидиялау тәртібі

20161124163551Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі алдағы уақыттарда мемлекеттік бағдарламаларды толыққанды түсіндіру мен ол арқылы көмектер алудың тәртібін және шарттарын халыққа жариялайтын болады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі шағырылым «Агробизнес 2020» бағдарламасы арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді гектарлық субсидиялау тақырыбына арналады.

ҚР Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында «Агробизнес 2020» бағдарламасы құрылғаны белгілі. 2013-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама саланы қолдау мақсатында түрлі бағыттарды қамтиды. Атап айтқанда, олар:

—          ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді гектарлық субсидиялау;

—          жеміс – жидек және жүзімді отырғызуды қолдау;

—          тұқым шаруашылығын қолдау;

—          минериальды тыңайтқыштарды субсидиялау;

—          гербицидтердің, биоагенттер мен биопрепараттардың құнын арзандату;

—          мал шаруаш-ның өнімділігі мен сапасын арыттыру, мал тұқымын асылдандыру;

—          инвестициялық субсидия;

—          ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеу шығындарын ішінара өтеу;

—          кредит/лизинг пайыздық үстем ақысын субсидиялау мен АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру;

—          ағын су жеткізіп беру құнын ішінара субсидиялау.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді гектарлық субсидиялау дақыл түріне байланысты. Мәселен, дәндік жүгері үшін гектарына 25 000 теңге берілсе, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суғару жүйесін қолданып өсірілген жүгеріге 80 000 теңге, күрішке 30 000 теңге, майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) 1 тонна өнімге 8 000 теңге, картопқа 18 000 теңге, көкөніс-бақшаға 18 000 теңге, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суғару жүйесін қолданып өсірілген көкөніс-бақшаға 80 000 теңге, мақта 15 000 теңге, мақта 1 тонна өнімге        6 000 теңге, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суғару жүйесін қолданып өсірілген мақтаға 60 000, жемшөптік дақылдарға (жаңа жоңышқа) 15 000 теңге, сүрлемдік жүгеріге 9 000 теңге, жарықты өнеркәсіптік жылыжайға (1 айналымға) 5 000 000 теңге, жарықсыз өнеркәсіптік жылыжайға (1 айналымға) 2 500 000, фермерлік жылыжайға (1 айналымға) 1 500 000 беріледі.

Гектарлық субсидиялауға негізгі талаптар төмендегідей:

Аудан /қала/ ауыл шаруашылығы бөлімдері орналастырған өтінім қабылдаудың басталуы және аяқталуы туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей бөлімге өтiнiмді және нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бар екендiгi туралы (екінші деңгейдегі банк не Ұлттық почта операторы анықтамасын) бір данада ұсынады;

Субсидиялар алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егіс науқаны аяқталғаннан кейін, бөлімге дақылдардың түрлерi бойынша нақты себу алаңын көрсете отырып, егiс науқанының аяқталғаны туралы жазбаша ақпарат ұсынады;

Шитті мақтаның және майлы дақылдардың 1 тн. субсидия алу үшін өтінімге қосымша қайта өндеуші зауытымен жасалған қант қызылшасын, шитті мақтаны және майлы дақылдарды сатып алу-сату және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарттардың; майлы тұқымды меншікті шағын цехтарында қайта өңдеген кезде – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында олардың басшылары қол қойған майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісінің бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді;

Жылыжаймен айналысатын шаруалар субсидия алуға арналған АШТӨ тiзiмiне қосу үшін өтінімде қосымша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органынан жылыжайдың (қорғалған топырақ ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңының қөлемі туралы техникалық паспортының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.

Гектарлық субсидиялаудың механизмі бірнеше бөліктен тұрады

Құжаттар аудандарда түзіліп, басқармаларға жолданады. Одан кейінгі қадам аумақтық қазынашылық бөлімшесі арқылы «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланыс торабына түседі. Соңғы қадам агроқұрылымдармен аяқталады.

Тарқатып айтсақ, ең алдымен, ауданда субсидиялар алуға арналған АШТӨ тізімін айқындау үшін аудан әкімінің шешімімен ВАК (ведомствоаралық комиссия) құрылады. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі ВАК-тың жұмыс органы болып табылады. Мұнда:

—          Субсидия алуға өтінім (нөмері көрсетілген банктік шоттың бары туралы анықтама қоса береді) беріледі;

—          ВАК екі апта мерзім ішінде жергілікті жерге барып, егіс алаңын анықтап, қабылдау актісін жасайды;

—          Қабылдау актісі негізінде субсидия алуға АШТӨ түпкілікті тізімін жасап, аудан әкімімен бекітеді;

—          Үш жұмыс күні (оң шешім болған жағдайда) ішінде өтінімді және тексеру актісін басқармаға жолдайды;

—   Аудан ұсынған құжаттарды бес жұмыс күні ішінде субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады;

—        Бес жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады;

—          Үш жұмыс күні ішінде көрсетілген банктік шотқа субсидия аударылады;

—      «Қазпошта» АҚ-нан дербес шот ашқан агроқұрылымдар МТ-102 форматы «Қазпошта» АҚ-ның тиісті аудандық пошта байланыс торабы арқылы субсидия таратылады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді гектарлық субсидиялауға қажетті құжаттар:

1.      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама – заңды тұлға үшін;

2.      Жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – жеке тұлға үшін;

3.      Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат;

4.      Тұқымдардың сорттық және егіс сапаларын растайтын құжат;

Тұқым сатып алынған жағдайда – тұқымға арналған аттестат не тұқымға арналған куәлік;

Егіс үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда – байқаудан өткiзу актiсi мен тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiк немесе байқаудан өткiзу aктici мен тұқымдарды талдау нәтижесi;

5.      Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарт (1 тонна қант қызылшасына, шитті мақтаға, майлы тұқымға субсидиялар алу үшін);

6.      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісі;

7.      Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың болуы мен жұмыс алаңы туралы техникалық паспорты (қорғалған топырақта көкөніс өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін);

8.      Тұқым сатып алуға арналған лизинг шарты;

9.      Ауыл шаруашылығы кооперативiнiң анықтамасы (бар болса).

ОҚО дәрігерлері Түркияда білімін жетілдірмек

tikaОңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (одан әрі — TIKA) Қазақстандағы өкілі Әли Ихсан Чаглармен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Басқосуда тараптар бауырлас қазақ-түрік қарым-қатынасын одан әрі жақсарту жайын талқылап, алдағы күндері қолға алынатын нақты жоспарлы жұмыстарға көшті.

Атап айтқанда, таяуда TIKA ұйымының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы медицина мамандары арнайы оқыту курсынан өтіп, біліктілігін жетілдірмек. Шымкентте осы жылдың 2-5 желтоқсан күндері өтетін тәжірибе алмасу семинарына 75 дәрігер қатысып, онда ана мен бала денсаулығын сақтау, оның ішінде, ана мен бала өлімін азайту тақырыбында дәріс алмақшы. Ал тәжірибе алмасу курсында белсенділік танытқан дәрігерлер Түркияға жіберіліп, ол мамандар елге келген соң өзге де әріптестерінің білімін шыңдауға атсалысатын болады.

Кездесу барысында, аймақ басшысы өңірімізге арнайы келген мәртебелі мейманға алғысын білдіріп, аталған жоба аясында жан-жақты қолдау көрсетуге  дайын екенін жеткізді.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына ортақтасып, қуанышымен бөлісуде осындай жұмыстарды ұйымдастыруды көздеген аталған ұйымның Қазақстандағы өкілі Әли Ихсан Чаглар бұл жобаның бұған дейін өзге де мемлекеттерде ұйымдастырылып, оң нәтиже көрсеткенін айтты.

Айта кету керек, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің әлемнің 56 елінде филиалдары бар. Жер-жаһанның 150 елімен ынтымақтық жобаларын жасасқан TIKA ұйымы соңғы 3 жылда ынтымақтастық жұмыстары мен гуманитарлық көмектердің арқасында әлемде бірінші орынға шыққан. Денсаулық сақтау саласындағы аталған жоба ұйымның қыруар жұмыстарының бір ғана бөлігі болып табылады.

2016 жылдың көшбасшылары марапатталды

43dcb117856915b79118ab46dc6b85e9Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында Алматы облысы әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы – 2016» сыйлығы салтанатты түрде тапсырылды. Бұл сыйлық әр түрлі салада белсенді еңбек ететін жастарды ынталандыру мақсатында беріледі.

Салтанатты жиынға қатысушыларды Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтады. Ол өз сөзінде мемлекет қолдауының арқасында жастарға барлық мүмкіндіктер жасалып отырғанын, сондықтан жастардың ең басты міндеті жақсы оқып, еңбектенуден шаршамай, алға қарай ұмтылу екеніне тоқталып өтті.

— Сіздердің әрқайсыларыңыз да әлемдегі ең ақылды, ең таланатты адамсыздар. Кейде өзгелер әлдеқайда талантты сияқты көрінгенімен, бәрі өз қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар. Жастардың жалынды энергиясы, батыл шешімдері, жарқын идеялары, мақсатқа жетудегі табандылықтары қоғам үшін әрқашан құнды. Бүгін біз өз таланттарын дұрыс бағыттап, түрлі салада биік жетістіктерге жетіп жүрген, өз ісінде көшбасшы бола білген жастарды марапаттағалы отырмыз. Бұл – үлкен жетістік. Сіздерді бүгінгі марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұдан кейін де биік шыңдарды бағындырып, Ұлт Көшбасшысымен бірге жаңа жеңістерге жете беріңіздер! – деді А. Баталов.

Облыс әкімі құттықтау сөзінен кейін жастар сыйлығының жеңімпаздарына дипломдар мен ақшалай сыйлықтарды табыс етті.

Мәселен, «Үздік жас журналист» номинациясында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің және «31» телеарнасының меншікті тілшісі Самал Қабышева, «Үздік жас өнерпаз» аталымында «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің жеке дауыстағы әншісі Мади Мұсафиров жүлдегер болса, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Асар» фитнес-клубының директоры Елдос Баялышбаев «Үздік жас кәсіпкер», Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округіндегі мал дәрігерлік пунктінің мал дәрігері Ардақ Айтбаев «Үздік жас ауыл шаруашылығының маманы», І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті заң факультетінің аға оқытушысы Тимур Жұмағұлов «Үздік жас ғалым», Панфилов ауданы Абай атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ұлдана Бегімбекова «Үздік жас ұстаз», Алакөл ауданындағы № 26 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Ерсұлтан Сейдахметұлы «Жас батыр» атанды.

2016 жылдың жаңа көшбасшылары атанған әртүрлі саланың 17 жас маманы жиналған көпшілікті алдағы мемлекеттік мерекелермен құттықтап, өздеріне көрсетілген қолдаулар үшін зор ризашылықтарын білдірді.

Шара соңында танымал қафзақстандық эстрада әншілерінің концерті ұсынылды.

Жалпы, жастар сыйлығы жыл сайын 17 номинация, атап айтқанда, «Үздік жас мемлекеттік қызметкер», «Үздік жас саясаткер», «Үздік жас өнерпаз», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік жас спортшы», «Үздік жас ауыл шаруашылығының маманы», «Үздік жас әскери қызметкер», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас маман», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас ұстаз», «Үздік ерікті», «Үздік студент», «Жас батыр», «Үздік жас журналист», «Үздік «Жасыл ел» сарбазы», «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы» аталымдары бойынша өтеді.

Ертең «Көшбасшы — 2016» жастар сыйлығының марапаттау кеші өтеді

13092154-2bxjp0mof6Ертең «Жастар» Спорт сарайында Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы — 2016»  жастар сыйлығының марапаттау кеші өткізіледі. Шараның мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, үлгілі және талантты жастарға қолдау көрсету.

 Салтанатты кеш барысында қатысушылар «Жас журналист», «Үздік студент», «Жас ғалым», «Жас әскери қызметкер», «Жас маман», «Жас дәрігер», «Жас өнерпаз», «Жас мемлекеттік қызметкер», «Жас ұстаз», «Жас кәсіпкер», «Үздік ауыл шарушылығы маманы», «Жас саясаткер», «Үздік «Жасыл ел» сарбазы», «Жас ұлан», «Үздік ерікті», «Жас спортшы», «Жас батыр» номинациялары бойынша  марапатталады.

Алматы облысында бір күнде 25 елді мекенде 25 балабақша ашылады

balabaksha2016 жылғы 30 қарашада Алматы облысында бір күнде 25 елді мекенде 25 балабақша ашылады. Қаратал ауданы Үштөбе қаласының «Шаңырақ» шағын ауданында сағат 320 орынды «Балбөбек» балабақшасы ашылуына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысады.

Сонымен қатар осы күні Сарқан қаласында облыс әкімінің қатысуымен қуаттылығы 172 МВт шағын ГЭС-тің ашылу салтанаты өтеді.

Ал облыс орталығы Талдықорған қаласында 16 қабатты «Гранд Көктем» қонақ үй кешені пайдалануға беріледі.

Елорда жастары теңге тарихымен танысты

c-3Бүгін қаржы саласының өкілдері елорда мектептерінің оқушылары және студенттер үшін интерактвті дәріс өткізді. Кездесу ел экономикасының басты атрибуты — ұлттық валютаға арналып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тыңдаушыларға купюра және монета түріндегі теңгенің тарихы, атауы, символдың сипаты және басқа да әлемдік валюталар туралы әңгімеленді.

«Мен балаларға біздің ақша жүйесінің қалыптасу тарихын баяндадым, олармен өз білгенімді айтып, болашақта валютаның даму перспективалары туралы, бұл бағыттағы қиындықтар қалай шешілетінін және ҚР Ұлттық банкінің ақша бірлігінің тұрақтылығы, орнықтылығы бойынша міндеттерді шешу үшін қандай шара қабылдап жатқанын жеткіздім. Ақша теориясы  өте қызық ғылым, ақша  макроэкономикалық категория ғана емес, ол әрбір үйге кіреді, ол адамдардың өмірімен, кәсіпорындамен, мемлекетпен байланысты. Сондықтан бүгінгі жастар ол туралы білуге тиіс», — деп мәлім етті экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Банк ісі» кафедрасының доценті Алмагүл Жұмабекова.

Сондай-ақ, дәріс барысында балалар білім саласына мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларымен танысты.

«Егер оқуға ақша болмаса, білім несиелері бар. Мысалы, адам біраз уақыт оқып, одан ары төлеуге қабілетсіз болса, мемлекеттің кепілдігімен несие берніледі, пайыздық мөлгерлемесі әлдеқайда төмен және несиелеу мерзімі 10 жылға дейін», — дейді ҚР БҒМ Қаржы орталығы АҚ менеджері Алпамыс Сатыбалдин.

Дәрісті әкімдіктің «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Елордада «Жүргізуші, жол тәртібін сақта!» атты тақырыпқа сурет салу сайысының жеңімпаздары марапатталды

c-2Балалар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткізілген шығармашылық сайысқа Астана қаласының 95 мектебінің бастауыш сыныптарының оқушылары қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Комиссияның шешімі бойынша, Астана қаласының №70 мектеп-гимназиясының оқушысы Еламан Шүлембай 1-орын алды. Сондай-ақ, келесі номинацияларда жеңімпаздар анықталды: «Жүргізушіге арналған ең жақсы өтініш!» (№54 мектеп-лицейінің оқушысы Мансұр Мадетханұлы), «Маңызды жол белгілері» (№41 орта мектебінің оқушысы Айгерім Серікбаева), «Ерекшелігі үшін» номинациясында (№67 мектеп-гимназиясының оқушысы Диляра Жеңісқызы). Сайыстағы «Ең жас қатысушы» атты номинациясында № 33 мектеп-балабақшасының оқушысы Цибильский Денис арнайы сыйлық алды. Ең маңызды суреттер қаламыздың тұрақты құрылыс аялдамаларында жарияланады.

«Жас ерекшеліктеріне байланысты балалар ақпаратты сурет салу арқылы жақсы қабылдайды, сол себепті біз жолдағы қауіпсіздік білімдері мен дағдыларын бекіту үшін осындай сайыс өткізуді шештік»,  деп мәлім етті Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаев.

Балалардың жол-көлік апаттарына қатысуын болдырмау мақсатында Астана полициясының қызметкерлері күнделікті негізде оқушылармен профилактикалық шаралар өткізеді, жолға жақын орналасқан мектептердің маңында кезекшілік жасайды. Қалалық полиция жүйелі түрде түрлі акциялар, кездесулер және байқаулар өткізіп тұрады. Балалардың барынша көп санын қамту үшін қалалық LED-экрандарда және қоғамдық көлікте ақпараттық бейнероликтер көрсетіледі.

Елорда мектептерінің бірінде достық сабағы өтті

c-1Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Ұлы Дала Елі  Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн шеңберінде елордада бірнеше салтанатты шара өтті. Соның бірі №3 мектеп-гимназияда жексенбілік мектеп оқушыларының арасында «Біз  бір ағаштың бұтақтарымыз!» тақырыбымен өткізілген  достық сабағы болды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мерекелік сабақта поляк, неміс, шешен-ингуш, татар жексенбілік мектептерінің белсенділері өнер көрсетті. Балалар патриотизм, отнсүйгіштік және халыққа құрмет тақырыптарында өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтты, өз тілдерінде әндер орындады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ұйымдастырылған ұлттық тағамдар мен тәтті-дәмді қойылған мерекелік дастарқан, қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі мерекенің көркін қыздыра түсті.

Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-інде этномәдени бірлестіктердің Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары қол жеткізген жетістіктерінің көрмесі өтті.

Мұнда этномәдени орталықтардың, олардың жастар қанаттарының атқарған жұмыстарының нәтижелері, олардың қоғамдық, мәдени, көрмек және шығармашылық қызметтерінің қорытындысы ұсынылды.

Келушілер ҚХА қызметімен танысып, елордадағы этномәдени бірлестіктердің күнделікті еңбегімен танысуға мүмкіндік алды.

Ал «Қырғызстан-Астана» этномәдени бірлестігінде «Ассамблея тарихы  ел тарихы  халық тарихы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Кездесуде Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін нығайтудағы ҚХА-ның роліне, жастарды патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды.

«Біздің мемлекетіміз өз дамуының кемеліне жетті және өзін тәуелсіздіктің 25 жылын арқалаған, толыққанды қалыптасқан мемлекет ретінде айта алады. Ал, біз әлем таныған Қазақстанның жетістіктерінде Ассамблеяның да үлесі бар екенін мақтанышпен және толық сеніммен айта аламыз»- депді елордалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.