Домой Блог Страница 132

Алматы облысында Құрылысшылар күні аталып өтілді

Алматы облысында Құрылысшылар күні аталып өтілді

Бүгін Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әбдірайымовтың төрағалығымен құрылысшылар күніне орай салтанатты жиын өтіп, құрылыс саласында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар Құрметті құрылысшы, Құрметті сәулетші төсбелгілерімен марапатталды.

Жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Ғ. Әбдірайымов өңірде құрылыс қарқынды жүріп жатқанын, бұл істерде қарапайым еңбек адамдарының еңбегі де зор екенін атап өтіп:

— Облыстың әр аймағында, орталық қаласында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, сәулетті ғимараттарды көргенде өңіріміздің өркендеп келе жатқанына куә боламыз. Құрыш қолды құрылысшыларды, сәулетшілерді, осы салада тер төгіп жүрген барша азаматтарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, еңбекте табыс, жаңа жетістіктер тілеймін, — деді.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Т.Бектасов, Қазақстанның және Орталық Азияның Құрылысшылар одағының Вице-президенті А. Шормақов, Көксу аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қ. Әдетбеков әріптестеріне ізгі тілектерін жеткізді.

Салтанатты басқосуда құрылыс саласындағы жемісті еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі үшін бірқатар азаматтар Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, ҚР Ұлттық Экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Алғыс хатымен, Құрметті сәулетші, Құрметті құрылысшы төсбелгілерімен, Қазақстан және Орталық Азияның Құрылысшылар одағы Вице-президентінің, Қазақстанның құрылысшылар қауымдастығының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Жалпы, 2016 жылы облыстық құрылыс басқармасының бюджеті 52,5 млрд. теңгені құрады. Биылғы жылы 155 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 79-ы осы жылы пайдалануға берілсе, 76-сы 2017 жылы да жалғастырылады.

«2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту» бағдарламасы және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі «2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде облыста 3 млн. 414 мыңнан астам шаршы метр, оның ішінде бюджет қаржысы есебінен 249,1 мың шаршы м. тұрғын үй пайдалануға беру көзделген. Соның негізінде 2020 жылға дейін 15 мыңға жуық отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік тумақ.

«Жастар» сарайында білім саласындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

«Жастар» сарайында білім саласындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өттіКеше елордада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, оған 60-тан астам жұмыс беруші қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бұл жолы шараны ұйымдастырушылар білім саласын қамтып, мектеп, балабақша, колледж, жеке меншікті білім ұйымдарындағы бос жұмыс орындары ұсынылды.

– Оқу жылы қарсаңында білім саласына арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізуді ұйғардық. Өкінішке орай, көптеген мектептер мен балабақшаларда мамандар жетіспейді. Әсіресе, білікті психологтар мен балабақша тәрбиешілері елордада аз. Жәрмеңке білім мекемелеріне де, жұмыссыз азаматтарға да көмектеседі деп үміттенеміз, – деді Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов.

Астана қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың айтуынша, жұмыс берушілерде 300 жуық бос жұмыс орны бар.

Шараға балабақша, колледж, орта мектептер мен жеке меншікті ұйым өкілдерінен басқа, Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкерлері де қатысты. Қазіргі кезде тізімде физика, қазақ және орыс тілдері, экономика, математика, биология, химия, тарих пәндерінен мұғалімдердің бос жұмыс орындары көрсетілген.

Жалпы, жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеген 7941 адам жүгінген, 4350 адам жұмысқа орналастырылды. Сегіз бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қортындысы бойынша 300 артық адам жұмыспен қамтылды, 60-тан астамы тағылымдамадан өтуде.

Түлкібас ауданын Әуелхан Тұрғымбеков басқарады

Түлкібас ауданын Әуелхан Тұрғымбеков басқарадыҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және Түлкібас аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Түлкібас ауданының әкімі лауазымына Әуелхан Елтайұлы Тұрғымбеков тағайындалды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ә.Е. Тұрғымбеков 1959 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары, инженер-механик, инженер-экономист.

Еңбек жолын 1981 жылы Шымкент облысы Ленгір ауданы «Сельхозтехника» өндірістік бірлестігінің аға инженер-технологы ретінде бастаған. 1983-1994 жылдары Ленгір аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы және хатшысы, Шымкент облыстық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, Шымкент облыстық халықтық бақылау комитетінің нұсқаушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі ұйымдастыру-талдау бөлімінің инспекторы, Төлеби ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. 1994-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру — инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысының орынбасары — ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі және аппарат басшысы, Шардара және Сайрам аудандарының әкімі, «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
2009 жылдың шілде айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының әкімі болып еңбек етіп келді.

Отырарда биоэтанол өндірісін қолға алу көзделуде

Отырарда биоэтанол өндірісін қолға алу көзделудеШетелдік кәсіпкерлер Отырар ауданында биоэтанол өндірісін қолға алуға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Негізгі шикізаты өсімдіктен алынатын биоэтанол өндірісі үшін аталған аудан таптырмайтын қолайлы аймақ болып отыр. Өйткені, бүгінгі таңда әлемде биоэтанол өндірісінің өрісі кеңіп, пайдаланушылар қатары көбейіп келеді. 

Кеңестік кезеңде 20 мың гектар алқапқа жүгері егіп, одан 50 мың тонна дән өткізген топырағы құнарлы отырарлықтар бүгінгі таңда жаңа технологиялармен және ғылымды ұштастыра отырып жүгері өндірісін қайта қолға алуда. 

Аптаның басында француздық экономика ісінің докторы, профессор Жан-Поль Ж.Дельхольм мен елімізге белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты С.Сейітжанов ауданымызда болып, тартылатын инвестиция мөлшері, өндірістік база мен өнімді өткізу жайы турасында әңгіме қозғады.
Жаңа ғасыр жаңа технологияларды талап етіп, өркениет пен ғылым егіз ұғымға айналған бүгінгі күні қаншама ғылыми жаңалықтар дүниеге келіп жатыр. Қоршаған ортаны ластамау үшін әлемдік маңызға ие биоэтанол өндірісі Отырарда қолға алынса, ауданда экологиялық таза өнімнің бренді қалыптаспақ.

Созақта Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойына орай имамдар арасында кіші футболдан жарыс өтті

Созақта  Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойына орай имамдар арасында кіші футболдан жарыс өттіСозақ ауданында мешіт имамдары, имандылық жолымен қатар спортты да жандарына серік еткен.

Қазақстан Республиасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, ауыл окруктеріндегі мешіт қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Жарысқа Жуантөбе, Қаратау, Шолаққорған ауыл окруктерімен қатар, Таукент кенті мен Жыныс ата елді мекенінен де командалар қатысты.

Мешіт қызметкерлері арасындағы аяқдопта ауыл имамдары мен мешіт қызметкерлері қатысып, ала доптың көрігін қыздырды.

Тартысты өткен жарыста бас жүлдені Таукент кентінің футболшылары алса, екінші орынды Шолаққорғанның орталық мешітінің қызметкерлері, үшінші орынды Шолаққорған -2 командасы иеленді.

Жүлдегер командалармен үздік ойын көрсеткен ойыншыларға арнайы марапаттар тапсырылды.

ОҚО-да «Жанұя» толықметражды бейнефильмі түсірілуде

ОҚО-да «Жанұя» толықметражды бейнефильмі түсірілудеОңтүстік Қазақстанда «Жанұя» бейнефильмі түсірілуде, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Толық метражды драмалық шығарма облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен «Оңтүстік жастары» жобасы аясында жасалып отыр.

Отбасылық құндылықтарды құрметтеу, ата-ана мен баланың қарым-қатынасын дұрыс жолға салу, қазіргі қоғамда орын алған отбасылық келеңсіздіктерді суреттеп, оған жол бермеуді көздейтін туындыда, керісінше үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, жалпы тәрбиелік ұғымдар насихатталмақ. 

Бейнетуындының режиссеры көпшілікке танымал Серік Таласов. Жалпы түсірілім Шымкент қаласында өтуде.

Бейнефильмнің басты рөлдерін Қазақ киносының танымал актерлары Ержан Жарылқасын (Елбасы жайында «Менің балалық шағымның аспаны» к/ф-гі Әбіш әкейдің жас кезі, «Астанаға көктем кеш келеді» к/ф, т.б), Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық драма театрының актрисасы Ақмарал Маханова, «Шаншар» әзіл-оспақ театрының әртісі Ғалымжан Қалыбаев, жастар арасында танымал болып үлгерген Оңтүстіктің тумасы актер Олжас Бекбауов сомдайтын болады. Сонымен қатар, фильмнің кейбір түсірілімдеріне тамыз айының басында кастингке қатысып, актерлік қабілетін көрсете білген бірқатар азаматтар қатыспақ.

Жазира Жаппарқұл — Олимпиаданың күміс жүлдегері

Жазира Жаппарқұл - Олимпиаданың күміс жүлдегері Рио Олимпиадасында өткен ауыр атлеттер арасындағы сында жерлесіміз Жазира Жаппарқұл күмістен алқа тақты.

69 келіге дейінгі салмақтағы зілтемірші қыздардың бәсекесінде ел намысын қорғаған Жазира серпе көтеруде алдымен 111, кейін 115 келіні бағындырды. Алайда, үшінші мүмкіндігінде Жазираға 117 келі бағынған жоқ. Ал Жазираның басты қарсыласы қытайлық атлет 116 келіні бағындырды.

Серпе көтеруде Жазира 140 келіні екінші мүмкіндігінде көтеріп, соңғы мүмкіндігінде 144 келіні еңсерді. Осылайша қазақ қызы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Алтын медаль Жазирадан екі келі артық көтерген қытайлық қыздың еншісінде кетсе, қоланы мысырлық атлет иеленді.

Еске сала кетейік, қазақ қыздары бүгінге дейін Олимпиада тұғырына көтерілген емес.

Жазира Жаппарқұл 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. 8 жасынан бастап ауыр атлетикамен айналыса бастаған. Жаттықтырушысы — Рашит Төлегенов. Ол жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері.

Айта кетейік, жазғы Олимпиада ойындарының бес күнінде Қазақстан қоржынына жеті медаль түсті. Еліміздің көк туын желбіретіп, Алаштың айбынын асқақтатқан екі алтынды Ниджат Рагимов (ауыр атлетика) пен Дмитрий Баландин (жүзу) алса, қос күміс Елдос Сметов (дзюдо) пен Жазира Жаппарқұлдың (ауыр атлетика) еншісінде. Ал үш қоланы Отгонцецег Галбадрах (дзюдо) пен Фархад Харки және Карина Горичева (екеуі де ауыр атлетика) иеленді.

Елордада 3000 астам адам экскурсиялық автобуспен жүрген

Елордада 3000 астам адам экскурсиялық автобуспен жүргенЕлорда тұрғындары мен қонақтары қаланы екі қабатты автобуспен аралап, көрікті жерлерді тамашалайды. Экскурсиялық автобустар 27 маусымда жүре бастады. Осы күнге дейін онымен үш мыңнан астам адам жүрген, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Сол жағалаудағы басты көрікті орындардың қалыптасу тарихымен аудиогид жүйесі арқылы танысуға болады.

Қазіргі кезде қала бойынша үш автобус қатынайды. Олар «Думан» ойын-сауық орталығынан шығып, «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына, ҚР Ұлттық музейіне және «Бәйтерек» монументіне барады, содан кейін бастапқы нүктеге оралады.

Маршруттың жалпы ұзындығы — 17 км жуық, сапар орта есеппен 1 сағат 20 минутқа созылады. Алдағы уақытта автобус бағдарын ЭКСПО халықаралық көрмесінің нысандарына дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Экскурсия кезінде қонақтармен бірге гидтер де жүреді, билеттерді «Думан» ОО мен «Бәйтерек» монументінің жанынан немесе гидтерден сатып алуға болады. Күніне орта есеппен 180 жуық адам экскурсиялық автобуспен жүретінін айта кеткеніміз жөн.

Автобустарда өте ыңғайлы аудиогид жүйесі орнатылған. Жолаушылар құлаққаптардың көмегімен қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде әңгімелер тыңдай алады. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дейін жүйеге түрік, неміс, француз, испан тілдерін қосу жоспарланған.

Айта кетейік, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жақын арада автобустар кешкі қаланы тамашалауға арналған ашық қызыл және сары түсті фирмалық орамалдармен толыға түспек.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 61 жоба мақұлданды

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 61 жоба мақұлдандыБүгінгі таңда банктердің, лизингтік компаниялардың несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша 11,8 млрд теңгені құрайтын 55 жоба мақұлданды. Несиелерге жартылай кепілдік беру бойынша жалпы сомасы 902,1 млн теңгені құрайтын 22 жобаға және 233,4 млн теңгелік бір жобаға өндірістік индустриалды инфрақұрылым тартуға қолдау көрсетілді.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы қолға алынғалы жалпы құны 96,4 млрд теңгенің 542 жобасы мақұлданды. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша несие желісінің жалпы құны 93 392,4 млн теңгені құрайтын 486 жоба, несиелерге кепілдік беру бойынша несие желісінің жалпы құны 4,6 млрд теңгені құрайтын 110 жоба сәтті рәсімделді.

Өндірістік инфрақұрылымда – электр қуатымен қамту, жолдарды жөндеу, кәріз және басқа салаларда 3 млрд теңгелік 36 жоба мақұлданды. Грант аясында 59,9 млн теңгелік 20 жоба табысты іске асырылып жатыр.

Елордада спорт күні аталып өтіледі

Елордада спорт күні аталып өтіледіТамыздың үшінші жексенбісінде, 21-і күні елорда тұрғындары мен қонақтары Спорт күнін атап өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындары жабылатын күні Астанада 21 спорттық шара ұйымдастырылады, соның ішінде көрнекі қойылымдар, шеберлік дәрістері, жарыстар бар.

Спорттық мерекенің шымылдығы 12 тамызда «Думан» ойын-сауық орталығында көркемдік гимнастикамен ашылады. Жалпы, спорт кешендерінде, сарайлар мен клубтарда өткізілетін жарыстарда 4 мыңға жуық адам бағын сынамақ.

19 тамыздаҒашықтар саябағында гір көтеру, армрестлинг, асық атуданбұқаралық спорт жарысы өтеді. Сонымен қатар, келушілер таэквондо, киокушинкай-кан каратэ, бодибилдинг және ауыр атлетикадан шеберлік дәрістеріне қатыса алады. Astana mall сауда ойын-сауық орталығында Латынамерикалық бағдарлама бойынша РФ танымал биші С. Беляев спорттық би билеуді үйретеді.

Бұдан басқа, мереке аясында еңбек ұжымдарының арасында футбол мен шағын футболдан жарыстар мен жолдастық матчтар өткізіледі.

20 тамызда шаңғы-роллерлік трассаның жанында «Балалар спортынан олимпиадалық шыңға дейін» акциясы өткізіледі, оған 200 адам қатысады деп күтілуде.

Ал 21 тамызда спорт мерекесі сағат 9.00 «Дәулет» спорт комбинатында аталып өтіледі.

Сондай-ақ, сағат 14.00 «Алау» мұз айдын сарайында Алаупиада, сағат 9.00 «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» ұранымен отбасылық жарыс ұйымдастырылады. Келушілер спорттық жарыстарға қатысып, сыйлыққа кішкентай Алаудың жұмсақ ойыншығын алады.