Домой Блог Страница 129

Ольга Рыпакова XXXI жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері

on Day 8 of the Rio 2016 Olympic Games at the Olympic Stadium on August 13, 2016 in Rio de Janeiro, Brazil.

Рио Олимпиадасының тоғызыншы күнінде Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден финалдық сында үздік үштікті қорытындылады. Секірген ең үздік қашықтығы 14 метр 74 см нәтижесімен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ал алтынды 15 метр 17 см қашықтыққа секірген колумбиялық Катрин Ибаргуэн иеленсе, венесуэлалық Юлимар Рохас 14 метр 98 см нәтижесімен күміс медальға қол жеткізді.

Айта кетерлігі, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Рыпакова 14,98 метрге секіріп, алтыннан алқа таққан болатын. Рио Олимпиадасының тоғыз жарыс күнінің қорытындысы бойынша дзюдошыларымыз Елдос Сметов — күміс, Галбадрах Отгонцецег  — қола, ауыр атлетикадан Карина мен Фархад — қола, Жазира Жаппарқұл  күміс және Нижат Рахимов — алтын медаль иеленсе, Дмитрий Баландин жүзу спортынан Олимпиада чемпионы атанды.  Бүгін бұл тізімге сегізінші болып Ольга Рыпакованың қола жүлдесі қосылды.

 

Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда

0

Рио Олимпиадасының тоғызыншы күні бокстан 81 келі салмақ дәрежесінде ширек финалдық бәсеке өтті. Бұл салмақта ел намысын қорғаған Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қарсыласы әзербайжандық Теймур Мамедовты 3:0 (30:27; 30:27; 30:27) есебімен айқын басымдылықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда

Теймур Мамедов 91 келіге дейінгі салмақта Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесіне ие болған. Алайда Әділбек әзербайжандық боксшыға айласын асыруға мүмкіндік бермеді, үш раундта да тізгінді өз қолында ұстады. Осылайша Әділбек жартылай финалға өтті.

Еске сала кетсек, Олимпиаданың алғашқы күні 60 келіге дейінгі салмақта Берік Әбдірахманов жарыстан шығып қалса, 49 келідегі Біржан Жақыпов ширек финалдық кездесуінде бүгін ғана жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған Хасанбой Дусматовқа жол берген еді. Ал 64 келіде сынға түскен жас боксшымыз Абылайхан Жүсіпов алғашқы кездесуінде Пэт Маккормакқа есе жіберген болатын. Бүгін кешкі сессияда 56 келіде жұдырықтасқан Қайрат Ералиев өзбек Муроджон Ахмадалиевтен 0:3 есебімен жеңілді. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы сапынан 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит финалға өтсе, 69 келіге дейінгі салмақта Данияр Елеусінов жартылай финалға жолдама алды. Бүгін бұл тізімге Даниярдан кейін Әділбек қосылды.

Әділбектің жартылай финалдағы қарсыласы — ұлыбританиялық Джошуа Буатси. Тартысты бәсеке 17 тамыз күні түнгі сағат 3:30 шамасында өтеді.

Назерке Абибулла

 

Қазақстандық Немичтер синхронды жүзуден еркін бағдарлама сайысын 15 орынмен аяқтады

0

Рио олимпиадасының тоғызыншы күнінде синхронды жүзуден іріктеу кезеңі өтті. Қазақстан атынан апалы-сіңлілі Немичтер бақ сынап, еркін бағдарлама қорытындысы бойынша 24 жұптың ішінде 15 орынға жайғасты.

Қазақстандық Немичтер синхронды жүзуден еркін бағдарлама сайысын 15 орынмен аяқтады

Александра мен Екатерина жұбы еркін бағдарлама көрсетіліміне сәйкес 81.4000 ұпайды еншіледі. Еркін бағдарлама үздіктері 98,0667 ұпаймен ресейлік Наталья Ищенко мен Светлана Ромашина атанса,  екінші орынды екі ұпай айырмашылығымен қытайлық Хуан Сюэчэнь мен Сунь Вэньянь иеленді. Ал үштікті 94.4000 баллмен жапондық Рисако Мицуи және Юкико Инуи жұбы қорытындылады.
Бүгін 20:00-де синхронды жүзуден техникалық бағдарлама сайысы өтеді. Финалға еркін және техникалық бағдарлама қорытындысы бойынша үздік 12-лікке енген жұптар ғана жолдама алады. Жүлде үшін бәсеке 16 тамыз күні сағат 23:00-де басталады.

 Назерке Абибулла

Гренландия туралы қызықты деректер

Гренландия туралы қызықты деректерГренландия — әлемдегі ең үлкен аралы. Ол Америка мен Еуропа аралығында Солтүстік полюстен 740 шақырым оңтүстікте орналасқан. Аралдың ауданы 2 130 800 шаршы шақырымды құрайды. Назарларыңызға Дат үкіметі иелік ететін әлемдегі ең үлкен арал туралы қызықты деректерді ұсынамыз, деп жазады massaget.kz.
1. Географиялық территориясына орай Гренландия Солтүстік Америкаға кіреді. Арал Данияның өзін-өзі басқаратын провинциясы болып саналады. Гренландия жер ауданы бойынша Даниядан 50 есе үлкен болса да, арал халқы біркіші қаланың тұрғындарынан аспайды.
2. Гренландияның басым бөлігі мұзбен қапталған. Кейбір жерлердегі мұз қалыңдығы 3 шақырымға дейін жетеді.
3. Гренландияда 56 890 адам тұрады. Ал халық тығыздығы шаршы шақырымға 0,027 адам келеді.
4. Арал тұрғындарының басым бөлігі территорияның оңтүстік-батысында өмір сүреді. Себебі аралдың осы жағалауынан Гольфстрим ағысы өтіп, ауа райын өмір сүруге қолайлы етеді.
5. Гренландия тұрғындарының 90%-ын жергілікті эскимостар құрайды. Ал қалғаны — дат халқы мен өзге де еуропалықтар.
6. Эскимостар — Гренландияға аяқ басқан алғашқы адамдар. Шамамен 985 жылы алып аралға Норвегия мен Исландиядан викингтер келеді. Олар жаңа жердің мұзға оранып жатқанын көрсе де, оны «Жасыл жер» (Greenland) деп атайды. Викингтер Гренландияның атына мән беріп, келушілердің саны өсуі үшін осылай атайды.
7. «Жасыл жер» 1380 жылдан бері Данияның отары болып келеді. Ал 1979 жылы Гренландия өзін-өзі басқару құқығына ие болды.
8. Егер Гренландия мұзі толығымен ерісе, теңіз суының деңгейі 7 метрге жоғарылайды. Нәтижесінде Нидерланды, Венеция, Данияның біршама территориясы мен көптеген аралдар су астында қала еді.
9. Гренландияның территориясына Англия, Шотландия, Уэльс, Франция, Италия, Голландия, Бельгия және Норвегия сыйып кетеді.
10. Гунбьёрн тауы —  Гренландияның ең биік шыңы. Ол Арктиканың да ең биік нүктесі болып саналады. Биіктігі — 3700 метр.

Сіз жайлы сүйікті жемісіңіз сөйлесін! (Тест)

Сіз жайлы сүйікті жемісіңіз сөйлесін! (Тест)

Сүйікті жемісіңіз арқылы өзіңіздің мінез сипатыңызды анықтауға болатынын білесіз бе? Сіз ұнатқан жеміс сіз жайында шындықты ашып айтады. Сүйікті жемісіңізді таңдап, берілген сипатталамаларға назар салыңыз.

  • Өрік
  • Алма
  • Шие
  • Шабдалы
  • Таңқурай
  • Банан
  • Құлпынай
  • Лимон
  • Грейпфрут
  • Киви
  • Жүзім
  • Ананас
  • Алмұрт
  • Қарбыз

Өрік. Еліміздің оңтүстік өңірінде көп өсетін өрікті сүйіп жейтіндер кең пейілді, ақкөңіл келеді. Басқалар сізді ұялшақ, батылсыз санай алады, алайда сіз өзіңізді өкпелетуге жол бермейсіз. Сіздің жан досыңызбен қатар, қасыңыз да бар. Жалпы сізді өнерге жақын адам десе болады.

Алма. Түрлі жемістер арасында қарапайым алманы таңдайтын жандыдәстүрлерді ұстанатын еңбекқор адам деп сипаттайды. Өз жұмысын жақсы біліп, уақытында орындайтындарды әрине басшылық да жақсы көреді. Сол себепті жұмыста аса үлкен қиындықтарыңыз болмайды. Алайда жұмыстан тыс кездері сіз сезімдерге берілгіш, әсершіл жансыз. Түкке тұрмайтын себептермен көңіліңіз босап қалатын жағдайлар да кездеседі.

Шие. Жазда қатты күтетін жидек – шиені жемістердің арасынан бөлектеп, ерекше сүйетіндер өмірлік жағдайларды жүрекке тым жақын қабылдайды. Шиеге құмар жандар үшін басқалармен жақсы қарым-қатынас өте маңызды. Біреудің көңілін көтеруге, қиындығымен бөлісуге әркез дайынсыз. Шиені сүйіп жейтіндер – жақсы тыңдармандар. Есесіне бұндай адам тез әрі оңай өкпелейді.

Шабдалы. Әзілді жақсы көретін, әркез көңілді жандардың көбісі сүйікті жемісі ретінде шабдалыны атайды. Олар достарының, таныстарының арасында уақыт өткізгенді ұнатады. Сізді өте ақылды жан деуге болады, алайда қиындықтар алдында кей кездері қорқып қалатыныңыз да бар.

Таңқурай. Таңқурай жидегін таңдайтындар басқаларға қарағанда, өзінің қамын ойлайды. Есесіне мұндай адам өз істеріне жауапты болып, өз істерін әр уақыт реттеп жүреді.

Банан. Тропикалық жемісті сүйіп жейтіндер мейірімді келеді. Бір қызығы сізді көпшілік тәкаппар деп санайды. Шын мәнінде банан сүйгіш жандар арманшыл, әсершіл болады. Армандарыңыздың орындалмауына тек сіздің жалқаулығыңыз кінәлі.

Құлпынай. Құлпынайға құмар жандар әркез күлімсіреп жүреді. Олар қонақжай, басқалармен қарым-қатынасты оңайлықпен реттейді. Құлпынай сүйгіштер – жоғары талғам иесі. Қызғаншақтық сезімі бұл адамда мүлдем жоқ. Оны ызаландыру да оңай емес. Алайда махаббатта бұл адам күрт өзгеріп, өз жұбын қызғанып, тез арада ашулана алады.

Лимон. Лимонды жеміс ретінде ұнататын, сүйіп жейтіндер аз емес екен. Мамандардың айтуынша, мұндай қышқыл сүйгіш адамдар талай өмір тәжірибесінен өткен.

Грейпфрут. Елімізде аса танымалдыққа ие емес цитрусты жемістің тағы да бір түрі – грейпфрутты сүйетіндер өмірге жақсы көзқараспен қарайды. Барлық өмірлік жағдайлардың тек оң жақтарын байқап, әркез қуанышты, бақытты болуға тырысады.

Киви. Жасыл қышқыл жеміс түрін сүйіктім деп айта алатындарды уайымшылдеуге болады. Олар ертеңгі күніне аса үміт артпайды, жиі жағдайда қолын қусырып отырады. Сізге өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіп, уайым-қайғыны артта қалдыру керек.

Жүзім. Жүзімнің түр-түрін ұнататындар өз сөзіне берік, басқалардың сырларын сақтай алатын адамдар. Алайда бұл кісінің тұйықтығы соншалықты, оның достары көп бола бермейді. Сізге кішкене ашық болуды үйрену керек.

Ананас. Экзотикалық жеміске құмар жандар барлық әдемі заттарды ұнатады. Мұндай кісі тіпті әдемі сөйлеуге де дағдыланған. Осының арқасында қоршаған ортаның назарында болып, басқалар арасында үлкен абыройға ие. Қараөрік Қараөрік – өте дәмді әрі пайдалы жеміс. Алайда психолог мамандар бұл жидекті таңдайтындарды көңілсіз жандар деп сипаттайды. Басқаларға шағым айтқанды қойып, өкпеден арылып, кішкене демалған сізге пайдалы.

Алмұрт. Шырынды алмұртты таңдайтын жандар өзімен-өзі қалғанды ұнатады. Мұндай адам өзін жалғыз сезбейді, ол басқалармен үлкен ара қашықтықта тілдескенді таңдайды. Алмұртқа құмар жандар барлық заттарды: киімді, кітапты, тағамды жоғары талғаммен таңдайды.

Қарбыз. Жазды тек осы үлкен жеміс үшін ұнататындар өмірге оңай қарайды, олар әркез көңілді, еш уақыт уайым-қайғыға салынбайды. Басқалармен тілдескенді, оларға көмектескенді де ұнатады.

anabol.kz

Балаңыз Интернетке тәуелді ме? (Тест)

Балаңыз Интернетке тәуелді ме? (Тест)Жауаптар 5 баллдық жүйемен есептеледі. Тек шын жауап беруіңіз қажет, себебі, сіз үшін маңызды:

1) Сіздің балаңыз  желіде шектеу қойған уақытыңызды бұзады ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

2) Сіздің балаңыз интернетте отыру арқылы үй жұмыстарын ұмытып кете ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

3) Сіздің балаңыз отбасымен өткізетін уақытты желіге айырбастайды ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

4) Сіздің балаңыз желі арқылы жаңа достар табады ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

5) Балаңыздың желіде отыратын уақытына  шағымданасыз ба?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

6) Балаңыздың желі себепті сабағында үлгерімі нашар ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

7) Балаңыз бір нәрсе істеуден бұрын электрондық поштасын тексере ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

8) Сіздің балаңыз желідегі қарым-қатынасты шын өмірдегі араласуға айырбастайды ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

9) Сіздің балаңыз желіде не істегені туралы айтуға қарсыласып немесе қымсына ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

10) Балаңызды сіздің қойған шектеуге қарамастан, желіде отырған жерінен ұстап алдыңыз ба?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

11) Балаңыз өз бөлмесінде компьютер басында отырады ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

12) Сіздің балаңыз желідегі жаңа достарынан қоңыраулар қабылдай ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

13) Сіздің балаңыз желіде отырған кезде мазаласаңыз, ашуланып немесе жынданады ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

14) Сіздің балаңыз желіде отырған кезде шаршаулы көріне ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

15) Сіздің балаңыз желісіз шыдай ала ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

16) Сіздің балаңыз оны интернетте өткізген уақыты үшін ұрысқаныңызда, ашуланады ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

17) Сіздің балаңыз бұрынғы сүйікті істерін желіге айырбастайды ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

18) Балаңыз желі уақытына шектеу қойған кезде, түрі өзгеріп айқайлайды ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

19) Балаңыз достарымен қыдыруды желіге айырбастайды ма?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

20) Балаңыздың желі сыртындағы көңіл-күйі төмендігін, желіге оралғаннан соң лезде көтеріліп кеткенін байқадыңыз ба?

1)Анда-санда   2)Кейде   3)Жиі   4)Өте жиі   5)Әрқашан

Нәтиже

50-79 балл жинаған жағдайда, ата-анаға дереу интернеттің бала және отбасы өміріне үлкен әсері бар екенін ескеру керек.

80 немесе одан жоғары балл жинаған жағдайда, балаңызда интернет-тәуелділіктің болу ықтималдылығы өте жоғары. Бұл жағдайда, сізге арнайы маман кеңесі қажет.

bilim-all.kz

Ағзаға май не үшін қажет?

Ағзаға май не үшін қажет?Ағзаға май не үшін керек? А, D, Е және К дәрумендері майды сіңіру үшін, мидың, жүйке жүйесінің, жыныс гормондарының жақсы қызмет атқаруы үшін және де жасушаларды сыртқы күштен қорғау үшін керек. Адамдар арасында жануар майы зиян, ал өсімдік майлары пайдалы деген пікірлер жиі айтылады.

Ағзаға қауіп төндіретін майлар химиялық және шамадан тыс жылу арқылы өңдеу механизмімен алынады. Мысалы, өсімдік майы маргарин қалыбына келгенге дейін су арқылы өңделеді. Тіпті, зәйтүн майы да ұзақ қуыру кезінде канцерогенді бола бастайды (есіңізде болсын: тамақты қуыруға сары май немесе кокос майын пайдаланған дұрыс). Ал пайдалы май – барлық өсімдік майы, балық майы және саруыз майы. Адамның бір күндік рационында 25–35% май болуы тиіс. Осынша майды қалай алуға болады?

1. «Ультрапайдалы» коктейль ішу керек

Егер таңғы асқа жеміс-жидек, протейн ұнтағы, сүт және көк қосылған коктейль ішсеңіз, ағзаңыз таң мезгілінде қажет ететін барлық дәруменмен байиды. Алайда, толық емес, себебі, майды ұмыттыңыз.Коктейль жасамасаңыз да, таңғы асқа нанға май жағып, артынша табиғи сүт ішіңіз. Жаңғақ, майсыз йогурт та пайдалы.

2. Жаңғақтар 

Ол шынымен де пайдалы. Әсіресе, шағып жейтін түрлері. Олар ойлануға әрі тістің қызметіне, жүйке жүйесіне пайдалы. Ал құрамындағы май – табиғи май. Жаңғақтардың құрамында омега-3 қышқылының тек бір-ақ түрі бар. Сондықтан таңғы асқа жаңғақтар ағзаға аздық етуі мүмкін. Сол үшін түскі асқа балықтан немесе көкөніс қосылған салат не омлет жасаған абзал.

3. Дәрумен ішсеңіз, жүрегіңіз айниды 

Дәрумен қабылдаған соң, жүрегіңіз айнып, лоқсысаңыз, асқазандағы майдың жетіспеушілігінен деп түсініңіз. Тамақ ішкен соң, майды ыдырататын дәрумендер қабылдаған артық етпейді. Авакадо, жұмыртқа, балық, жаңғақ секілді тағамдар ағзаны тез «майлайды».

4. Күннің екінші бөлігінде әлсіздік пайда болады 

Көпшілік бұған көңіл бөле бермейді. Бірақ, түскі 3-тен кейін ағза түскі аста ала алмаған майдың әсерінен әлсірей бастайды. Түскі ас май құрғақ болса, майонез не кетчуп емес, зәйтүн не зығыр майын қосқан абзал.

massaget.kz

Дұрыс керілу йоганы алмастыра алады

Дұрыс керілу йоганы алмастыра аладыКөптеген адамдар таңертең спортпен айналысуға өздеріне уәде беріп жатады, бірақ жұмысты сылтауратып, уақыттың жоқтығын айтып, таңғы жаттығу есінен тез шығып кетеді. Медицина саласындағы соңғы зерттеулер таңертеңгі жаттығуды әдеттегі керілумен ғана алмастыруға болатынын дәлелдеді.

Барлығымыз ұйқыдан тұра сала бұлшықеттерімізді қалпына келтіру үшін керілеміз. Бір қызығы, таңертеңгі керілу йогамен айналысқанмен бірдей нәтиже береді екен. Жалғыз айырмашылық – әрқайсымыз керілуді туғаннан бастап білеміз. Ал негізгі тапсырма – дұрыс керілу, сол арқылы денсаулыққа оң әсерін тигізіп, жан рахатын сезіну. Түнгі ұйқыдан кейінгі созылатын бұлшықеттер токсиндерден құтылып, қосымша оттегімен толтырылады. Омыртқамен созылу ішкі мүшелер мен қан айналым функцияларын жақсартады. Сонымен қатар денеге күшті энергия мен нақты серпін береді.

Ендеше, қалай дұрыс керілу керек? Таңертең көзіңізді ашқаннан соң жайланып жатып, бірінші кезекте, жағымды нәрселерді ойлаңыз. Содан кейін, төсектің шетіне баяу отырыңыз. Бұл жағдайды кейбір йога нұсқаушылары көлденең пассивті орта және тік активті орта деп атайды. Таңғы жаттығуды терең тыныс алумен жалғастырыңыз. Терең тыныс алуды бірнеше рет қайталап, өз сезімдеріңізді тыңдай отырып, тікелей керілуге көшіңіз. Қолдарыңызды жоғары көтеріп, рахаттанып төмен түсіріңіз, осы сәтте ойыңздан керексіз заттың бәрін шығарып тастаңыз. Оңға, солға және артқа қарай керіліңіз. Дененің кейбір бөліктерінде шиеленіс сезімі пайда болса, оған көп назар аударыңыз, бірақ асыра сілтеп жібермеңіз.

Осы жаттығуларды орындап болған соң, душқа баруыңызға болады. Бұларды күнделікті қайталап тұру сізге күні бойы көтеріңкі көңіл күй және сергектік сезімін сыйлайды.

massaget.kz

Қорылдаудан құтылудың жолдары

Қорылдаудан құтылудың жолдарыҚорылдау – өте жағымсыз құбылыс. Әсіресе, ұшақта немесе автобуста, тағы да басқа көпшілік ортада қорылдап ұйықтау өзіңе ыңғайсыздық, өзгеге жағымсыздық әсерін туғызатыны белгілі. Ал, осы қорылдаудан құтылғыңыз келсе мына кеңестерді қолданып көріңіз.

1. Диета ұстаңыз.

Артық салмағы бар, орта жастағы ер адамдар әдетте, көп қорылдайды. Ал салмақ жоғалту қорылдауды болдырмауға көмектеседі. Ер адамдар өз салмағынан 20%ға семірсе оларда қорылдау пайда болады. Ал бұл жағдай әйелдерде 30-40% артық салмақ қосқан кезде пайда болады.

2. Ішімдіктен бас тартыңыз.

Жатардан алдын алкогольді сусындарды пайдаланбаңыз, олар қорылдауды одан әр арттырады. Ұйықтар алдында ішімдік ішпеңіз, жәй ғана ұйықтаңыз.

3. Темекіні тастаңыз.

“Шылым шегетіндер қорылдауға бейім болады”, — дейді дәрігер Эрл Данн. Сондықтан, шылым шегуді тоқтатыңыз.

4. Жастығыңызды дұрыстаңыз.

Жастығыңыз қаншалықты биік болса, соғұрлым қорылдауыңыздың күші арта түседі. Үлкен жастық қорылыңызды күшейтеді. Сол себепті өзіңізге ыңғайлы кішігірім жастықта ұйықтаңыз.

5. Бір жағыңызбен ұйықтаңыз.

Егер сіз қорылдайтын болсаңыз, арқамен жатып ұйықтауға жол бермеңіз. “Қатты қорылдайтындар барлық жағдайда қорылдайды. Ал, бірқалыпты қорылдайтындар бір жағымен жатқанда қорылдамайды.”, — дейді дәрігер Эрл Данн.

Біз білетін брендтер туралы

Біз білетін брендтер туралыБірдеңе сатып аларда, керек зат пен тауарды таңдағанда біз қандай критерийге сүйенеміз? Кемшілігіміз сол, тауарлар мен брендтердің, оларды шығарып отырған компаниялардың сапа мен нәтиже рейтингіндегі салмағына мән бере бермейміз. Сатушы мақтаған затты ала салатын немқұрайлығымыз тағы бар. Ал оларды танымалдығы ғана емес, жұмыс нәтижесі, инновацияларды қолдануы, еңбек жағдайы, дұрыс басқарылуы, жауапкершілігі, көшбасшылығы, тұтынушысына адалдығы, беделін сақтай білуі деген сияқты көптеген критерийлер бойынша саралайтын рейтингтер баршылық.

«Форбс» журналы жариялаған ең беделді компаниялар бестігіне екі мультиұлттық және үш қазақстандық компания кірген болатын. Мультиұлттық компаниялар – Nestle және Johnson & Johnson. Ал қазақстандықтар – «ФудМастер», «ҚазТрансОйл» және «Эйр Астана». Олар RepTrak™ Pulse рейтингі бойынша үздік компаниялар қатарынан табылды. Бұл рейтингте басқа да қазақстандық компаниялар бар. Мысалы, Халық банкі бұл тізімде 7-орыннан көрінсе, Казком 10-орында, деп жазады korr.kz.

RepTrak™ Pulse индексі бойынша, алғашқы орындағы екі компания ғана «керемет беделге» ие. Үшінші орыннан 1-ші орынға дейінгі компаниялардың да беделі жаман емес. Ал, 18-ден 25-ке дейінгілер – орташа мекемелер. Бұл орайда келесі орындарды иеленген Procter & Gamble, Билайн Қазақстан, Сбербанк, «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», «Қазпошта», «Қазцинк», «Ақсай-нан», «Бахус», «Kcell», «Гелиос», «Алмэкс», «ҚазТрансГаз», Tele2, «БанкЦентрКредит», «Қазақмыс», «Верный Капитал», «Алтел» компанияларын атап өтуге болады. Еліміздегі ең танымал компаниялар – осы аталғандар.

Атап өтетін жайт – Қазақстанда жұмыс істеп тұрған мультиұлттық (халықаралық) компаниялардың беделі өзіміздің компаниялардың деңгейінен жоғары. Демек, беделіңді көтергің келсе, ұлттық элементтерді пайдаланудың қажеті жоқ. Өйткені көбінде шетелдік компаниялардың мерейі тасып, «тасы өрге домалап тұр». Мысалы, Procter & Gamble, Билайн, Сбербанк, Гелиос – бәрі де шетелдікі. Ал тізімнің басында тұрған Nestle (Швейцария) және Johnson & Johnson (АҚШ) – екібастан.

Енді танымал брендтерге келсек. Жыл сайын интернеттегі ең танымал брендтердің рейтингі шығарылады. 2015 жылғы ең танымал қазақстандық брендтердің ішінде бірінші орын «Казком» банкіне тиесілі. Ол – Қазақстан ғана емес, Орта Азиядағы ірі банк мекемелерінің бірі. Рейтингтегі екінші орынды «Қазақтелеком» иеленген. Ол өзінің сенімді әрі сапалы мекеме екенін дәлелдеген ірі телекоммуникациялық компания. Үшінші орынға «Sulpak» дүкендер желісі лайық деп танылды. Электроника мен тұрмыстық техника сатумен айналысатын бұл компания Қазақстан ғана емес, шет мемлекеттерге де біршама танымал. Ғаламтордағы ең атақты брендтер тізімін «АТФ-Банк», «Цесна», «Рахат», «Одари», «ҚазМұнайГаз», «NEO», «Ирбис», «БТА-Банк», «Айналайын», «Альянс Банк», «Рахмет», «Heaven», Kaspі Bank, «Дербес», «Арзан», «Рамстор», Халық банкі жалғастырады.

Бір қызығы, бұл рейтингте Фудмастер 36-орыннан көрінген. Компанияның өзі дүркіреп тұрғанымен, өнімдерін халық онша іздемейтін сияқты. Алдыңғы жылдары ол тіпті 41-42 орындардан көрінген еді, былтыр 36-орынға көтерілген сыңайлы. Байқағандарыңыздай, бұл тізімде халық жиі тұтынатын тамақ өнімдері үлкен компанияларды артқа тастап, көш басына шығып кеткен.