Домой Блог Страница 14

2016 жылдың соңына дейін Астанада үш денсаулық сақтау нысаны пайда болады

c-3Астанада денсаулық сақтау және білім беру нысандарының қарқынды құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елорданың Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында үстіміздегі жылдың соңына дейін үш денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау жоспарланған: 500 төсек-орынға арналған туберкулезге қарсы диспансер (Железнодорожный тұрғын алабының солтүстік-шығысында), сот-психиатриялық сараптама бөлімі, жедел медициналық жәрдем станциясы (тәулігіне 274 шақыруға бару).

25 күй күмбірі

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be2Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласындағы «Мирас» мейрамханасында облыстық ішкі саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметінің мұрындық болуымен осындай атпен үлкен мәдени шара болып өтті.

…Мейрамхана есігіне кіре берісте батырлардың киімін киген екі жігіт. Ғимарат іші күй әуендерімен тербетіліп тұрғандай. Қонақжай дастарқан үсті бауырсақ, қымыз, құрт-ірімшік сынды ұлттық тағамдарға толы. Сахнадағы лэд-экран арқылы «Күй» туралы  проморолик көрсетіліп тұрды.

Қазақ халқының баға жетпес, біздің заманымызға дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері мен киелі домбырамыздың абыройын асқақтатар «25 күй күмбірі» мерекелік шарасының тізгінін «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жүргізушісі Маралбек Сағынғанов ұстаған болатын.

Домбырадай мұраны,

Қастерлеуге тұрады.

Сонда жатыр даланың,

Үні менен ұраны, — деп басталған кеш бастан-аяқ әдемі де әсерлі өтті.

Алматы облыстық «Көркем-ай» балалар тобының орындауындағы «Домбыра» әнін де меймандар жылы қабылдады.

Тарт күйіңді, домбыра!

Төгіл, төгіл тәтгі күй,

Тау суындай сылдыра,

Желпін, желпін жел соқтыр!

Тауда тұман тұрмасын,

Көкте бұлт ыдыра!

Тыңдамаған қоймасын,

Ойды-қырды қыдыра,

Құлшына тарт, домбыра!, — демекші, ендігі кезек «Күйтартысқа» берілді. Күйшілер Ботагөз Дүнгенбаева  мен Айбол Құдайбергеновтер «Қарқара» күйін, Бауыржан Қанабекұлы «Төремұрат», Базаргүл Шәріпова «Жұртта қалған», Алма Кішікбаева «Науысқы»,  Бақберген Асқарбеков «Аққу» сынды елге белгілі күйлерді орындап, көрермендерді бір серпілтіп тастады. Сондай-ақ, бұл шараға Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары да қатысып, ыстық ықыласқа бөленді. Байсейітов атындағы Талдықорған қаласының саз колледжі Асылбек Гүлiм, Елтай Әдiлбек, Ахметбеков Райымбек, Ерболат Аян, Төлеуғалиева Айтбикелер орындаған шығармалар да талай жүректерді тербеді.

АҒА, ОРТА және ЖАС БУЫН өкілдері қатысқан күйтартыста жүлдесіз қалған адам болған жоқ, қатысушылардың бәріне бағалы сыйлықтар табысталды. Ұлттық салт-дәстүрімізді паш ететін викториналық қызықты сауалдарға жауап берген көрермен-тыңдармандар да сый-сияпатқа ие болды.

Шараның мақсаты дәстүрлі күй және жыраулық өнердің мәртебесін арттырып, ұрпақ санасына сіңіру, ұлттық өнерге деген мақтаныш сезімін ұштау, жас ұрпақты Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу болатын. «25 күй күмбірі» осы үдеден шықты деп ойлаймыз.

Астанада балалар мен жасөпірімдер арасында блицтен шахмат турнирі өтті

c-2ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу құрметіне елорда әкімдігінің қолдауымен Астанада балалар арасында блицтен шахмат турнирінің салтанатты ашылуы өтті., деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Турнирдің ұйымдастырушылары — елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы және қалалық шахмат мектептері.

Шараның салтанатты ашылуына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, ФИДЕ президенті Кирсан Илюмжинов, 12-ші әлем чемпионы Анатолий Карпов, шахмат әлемінің басқа да белгілі тұлғалары қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл — балалардың ынтасын арттыруға бағытталған қалалық ауқымдағы алғашқы турнир. Бірақ шараның басты міндеті ҚР-да шахматты, салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық шеберлікті жетілдіру. Шахмат жарысына 8, 14 және 18 жас аралығындағы алты жас тобында 90-ға жуық бала қатысуда.

Астана әкімі Әсет Исекешев қатысушыларды ҚР Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, турнирге келген қонақтарға және аты аңызға айналған шахматшы Анатолий Карповқа алғыс білдірді.

«Біз бұл мерекені ерекше атап өтіп жатырмыз, бұл біз үшін мерейтой. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, бүгін осында келгеніңізге қуаныштымын. Біздің балғындар болашақта әлем чемпиондары болатынына сенімдімін. Шахмат  интеллектуалды спорт түрі, интеллект — инновацияларды дамыту үшін Қазақстанға және басқа да елдерге қажет», — деді Әсет Исекешев.

«Баршаңызды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын, бір буын үшін бұл елеулі даму жолы. Осы жылдар ішінде Қазақстанда шахмат жақсы дамыды. Әлем чемпиондары да бар, гроссмейстерлер де бар. Қазақстанда шахматтың қыздар арасында кең тарағаны таң қалдырады, олар бұл салада зор жетістіктерге жетті. Барлығыңызды құттықтаймын, табыс пен жаңа биіктерді бағындыруды тілеймін», — деп мәлім етті журналистерге сұхбат берген белгілі шахматшы Анатолий Карпов.

Шараға әлем чемпиондары Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдумәлік те қатысты. Жансая Әбдумәліктің айтуынша, аты аңызға айналған шахматшылармен бір алаңда болу балаларды жеңіске жетуге ынталандырады, патриоттық сезімге тәрбиелейді. Турнир шеңберінде сұхбат берген Жансая Катарда өтетін әлем чемпионатына дайындалып жүргенін және әлемдік деңгейде Қазақстанның атын шығару үшін бар күшін салатынын жеткізді.

Турнир ФИДЕ ережелері бойынша швейцариялық жүйемен 11 турмен өтті. Жалпы есепте жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері алты жас тобы бойынша бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

ОҚО-да Мəдениеттің 25 танымал тұлғасы марапатталды

f0c4fe73-e2ed-4315-8ee8-b198f84c40b8Оңтүстікқазақстандықтар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күндер акциясы аясындағы «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ» күнін атап өтті.

Осы күні өңірімізге ғана емес, бүкіл республикамыздағы мәдениет және руханият саласына сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін елімізге белгілі 25 қоғам қайраткері облыс әкімінің арнайы сыйымен марапатталды.

Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша жұртшылықты Егемендіктің мерейлі тойымен құттықтап, мерекенің Алаш үшін маңыздылығына тоқталды.

«Еліміздің өркендеуінде оңтүстікқазақстандықтардың алар орны айрықша. Оған ешкімнің де дауы болмауы керек. Ал өңірімізде нақты мәселелерге назар аударылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр деп анық айта аламыз. Жылдан жылға халқымыздың әлеуеті артып, облыс экономикасы қарыштап дамып келеді. Осынау толайым табыстар мен нәтижелі жетістіктерімізде мәдениет және руханият саласында еңбек етіп жүрген Сіздердің де үлестеріңіз мол деп білемін. Еңбек – еленуі тиіс! Осы мақсатта мәдениет пен руханият саласына еңбегі сіңген азаматтарға арнайы сыйлық тағайындап отырмын. Бұл сыйлық жыл сайын мәдениет қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында табысталатын болады», — деді Ж.Түймебаев.

Облыс әкімінің бес жүз мың теңге көлеміндегі арнайы сыйы, атап айтқанда, Сәбит Оразбай, Мұхтар Шаханов, Ерболат Төлепбай, Асанәлі Әшімов, Дулат Исабеков,  Сатыбалды Нарымбетов, Көпен Әмірбек, Нұржамал Үсенбаева, Татьяна Бурмистрова, Еркінбек Тұрысов, Мекемтас Мырзахметов, Мархабат Байғұт, Нармахан Бегалы, Ханбибі Есенқарақызы, Әселхан Қалыбекова, Бақытжан Алдияр, Сүгірәлі Сапарәліұлы, Сапар Өтемісов, Жеңіс Қарғабаев, Абдулла Жұмашев, Ғалия Жомартова, Сәбираш Абдраимова, Құттыбек Жақыпов, Игорь Вербицкий және Жұмабек Есимовтерге табысталды.

«Оңтүстік Цирк» ғимаратында өткен шарада облыс әкімі цирк ұжымын 5 жылдық мерекесімен құттықтап, нысанның материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында 20 орындық «Mersedes Benz — Sprinter» автокөлігін тарту етті.

Іс-шара барысында Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін шерткен домбырашылардың флэшмобы ойналса, облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің 300 қызметкерінен құралған хор Шәмші Қалдаяқовтың «Отан» әнін айтты.

Салтанатты шара соңында Оңтүстік Қазақстан облысының зиялы қауым өкілдері мен мәдениет қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жазған құттықтау ашық хаты оқылды. Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының жас әртісі Нүркен Орынбековтың оқуындағы хатта Елбасының осынау ширек ғасырда елімізді барлық салалар бойынша дамытудағы сарабдал саясаты мен оның нәтижелі жемісі айта келе, Мәңгілік Ел идеясын ұстанған осы дара жолда ашық хат иелерінің, әрдайым, Ұлт көшбасшысы – Мемлекет басшысымен бірге болуға дайындығы баяндалған.

 

Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қалалық байқаудың қорытындысы шығарылды

c-1ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде елорда әкімдігінің қолдауымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде ұйымдастырылған республикалық және қалалық байқаулардың финалы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Байқау үш номинация бойынша өткізілді: жалпы білім беретін мекемелердің қоғамдық пәндер мұғалімдерінің арасында «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат», «ЭКСПО жылнамасы» — үздік бейнебаянды анықтауға арналған жалпы білім беретін және арнайы ұйымдардың жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған.

Байқаудың ұйымдастырушылары: ҚР Тұңғыш Президенті Музейі, Астана қ. Білім басқармасы және қалалық «Әділет» кәсіподағы.

Қоғамдық пән мұғалімдерінің арасындағы қалалық конкурсқа 27 жұмыс ұсынылды, соның 8-і іріктеуден өтіп, ақтық сында 4 финалист қазылар алқасына берілген тақырып бойынша ашық сабақтар өткізді.

Байқаудың қорытындысы бойынша № 62 мектеп-лицейдің мұғалімі Нұрлан Исасейітов Гран-при иегері атанды. Бірінші орын №17 мектеп-гимназияның мұғалімі Алма Салмақоваға бұйырды. «Көгілдір парус» мектепке дейінгі мекемесінің педагогы Нұргүл Сақауова екінші орын, №17 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ольга Опанасенко үшінші орын алды.

«Алғаш рет байқаулар музейдің қабырғасында елорданың ғана емес, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген ұстаздардың басын біріктірді. Мұғалімдер өздерінің оқыту әдістемелерін таныстырып қана қоймай, креативтілік пен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Мұндай байқаулар экономика, саясат, Астанада ЭКСПО өткізу, «Мәңгілік ел» жаңа ұлттық идеясын насихаттау бағытындағы Мемлекет басшысының бастамалары туралы жаңа және жүйеленген білімдерді оқу-тәрбие процесіне уақытылы енгізуге көмектеседі», — деп атап көрсетті Тұңғыш Президент Музейі директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Қазақстандық оқушылар бағдарламалаудан Бүкілресейлік командалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды

cТарихта алғаш рет бағдарламалаудан компьютер білгірлерінің қазақстандық құрамасы  XVII Бүкілресейлік командалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Санжар Бидайбек, Асхат Жалғасов және Нұрбакыт Мәдибек 200 қарсыласын, соның ішінде Ресейлік олимпиадалық бағдарламалау мектебін артта қалдырып, әлемдегі ең мықты команда атанды. Қазақстандық оқушылар 1-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Астана мен Алматы қалаларындағы қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары он бір есептің тоғызының шешімін тауып, бірінші орынға шықты. Екінші орын «Интеллектуал + СУНЦ МГУ: Вова спит дома» (Мәскеу) командасына, ал үшінші орын «Школа программистов №1» (Мытищи) командасына бұйырды.

Шардара ауданына жаңа әкім тағайындалды

%d1%88%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%b02Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Шардара аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Шардара ауданының әкімі лауазымына Болатбек Дүйсенбекұлы Қыстауов тағайындалды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі Ж.Түймебаев таныстырып, лауазым иесінің жұмысына табыс тіледі.

Мемлекеттік қызметте, партия жұмысында мол тәжірибесі бар білікті басшы ретінде жаңадан тағайындалған аудан әкіміне өңір басшысы бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Мәселен, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыруды, туризм индустриясын дамытуды және жол бойындағы сервисті заман талабына сәйкестендіріп дамыту қажеттігін, ауданда жұмыссыздық  деңгейін барынша төмендетуді, мүгедектердің өмір сүру жағдайын  жақсарту үшін қолайлы орта құруды міндеттеді. Сондай-ақ, жақын арада ауданның  даму жоспарын жасап, облыс әкімдігінде таныстыруды тапсырды. Сонымен қоса, ауданның әлеуетін ескере отырып, шағын және орта бизнеске қолдау білдіріп, кәсіпкерлікті дамытуды  және ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды қолдана отырып дамытуды айтты.                                                                             

Айта кетейік, Б.Д.Қыстауов 1973 жылы 15 тамызда туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист.

Еңбек жолын 1990 жылы Ленин ауданы «Күйік» асыл тұқымды зауытының асыл тұқым бөлімінің есепшісі болып бастаған. 1995-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі экономика басқармасының жетекші маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі қаржы басқармасының бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, Төлеби, Қазығұрт аудандық қаржы бөлімдерінің меңгерушісі, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары, Қазығұрт ауданының әкімі ретінде еңбек еткен.

2016 жылдың сәуір айынан бастап «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарып келді.

Шардарада жаңа балық зауыты іске қосылды

029e11e1-d8c7-4be9-95d2-fd6a4793fc73Бүгін Шардара ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жаңадан балық зауыты іске қосылды. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 200 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілген жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Құрметті шардаралықтар! Мереке қарсаңында 40 адамды жұмыспен қамтыған жаңа зауыт ашылып жатыр. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыратын бұл жұмыс орны құтты болсын. Зауыттың іске қосылуына мұрындық болған жеке кәсіпкер Талғат Жалғасбаевқа алғысым шексіз. Ол өз өнімімізді ұқсатып, алыс және шет елге шығарып отыр. Олай болса, жаңа кәсіпорын игіліктеріңізге жұмыс істей берсін дегім келеді, — деген Жансейіт Қансейітұлы бір топ ардагерлермен бірге жаңа ғимараттың лентасын қиды.

Кәсіпорын басшысы Талғат Жалғасбаев облыс әкіміне зауыттың іші-сыртын көрсетіп, балық өңдеу процесімен таныстырды. Теңіз жағасынан бой көтерген балық өңдеу кәсіпорнында балық еті мен тұздалған және қақталған балық өнімдері өндіріледі. Ал жылдық қуаттылығы 600 мың тонна балық өнімдерін құрайды.

Бәсекеге қабілетті балық өнімдерін шығарып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұл зауыттың маңызы зор екенін айтқан аймақ басшысы кәсіпорын жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін ауданда екі балық өңдеу зауыты жұмыс істеп келген болатын. «Хамит» СТК-і мен «Шардара балық – 1» балық өңдеу зауыттары биылғы жылы есепті мерзімде 3700 тн. балық өнімдерін өндіріп, алыс-жақын шет елдерге экспортқа шығарып отыр.

Шардара ауданына жұмыс сапары барысында әкім Шардара су электр стансасының жұмысымен де танысты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

ОҚО-да туризм кластерін дамыту жұмыстары жүйелі жүріп жатыр

20161212083551Туризмдi дамытуға қолайлы аймақтың бiрi — Оңтүстiк Қазақстан облысы. Шетелдiктер ғана емес, отандастарымыздың өздерi де көрмеген орындар мұнда жетерлiк.

Бүгiнде өңiрде Түркiстан, Отырар, Сайрам бағытында мiнәжат ету, тарихи-танымдық туризмi, Ақсу-Жабағылы, Қаратау  мемлекеттiк табиғи қоеттiк табиғи ұлттық паркi аумағында экологиялық туризм және Сарыағаш ауданында емдiк-сауықтыру туризмi қарқынды даму үстiнде.   «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 86-қадамына сәйкес 2014 жылдың 19 мамырында ҚР Үкiметiнiң №508 қаулысымен бекiтiлген  «Қазақстан Республикасында туризм индустриясын 2020 жылға дейiн дамыту» Тұжырымдамасына өзгерiстер енгiзiлiп, оның жобасы қайта әзiрлендi.

Жобада 6 туристiк кластер құру көзделген. Соның iшiнде Оңтүстiк Қазақстан облысы «Ұлы Жiбек жолын қайта жаңғырту» кластерiне енгiзiлген. Бұған келесi туристiк нысандар кiредi: Түркiстан қаласы және «Әзiрет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайы; Отырар қалашығы; Сауран қалашығы; Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы; «Сайрам-Өгем» МҰТП; «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттiк табиғи қорығы;  «Қасқасу» тау-шаңғы курорты. Тұжырымдамаға сәйкес оңтүстiк өңiрiнiң тарихи-танымдық туризмi бағытында бренд әзiрлендi  — «The Heart of the Silk Way» («Жiбек жолының жүрегi»). Облыстың туристiк әлеуетiн насихаттау, алға жылжыту мақсатында  «Ontustik Tourism Center» туристiк ақпараттық орталығы құрылды. Орталық өңiр тұрғындары мен қонақтарға «бiр терезе» қағидасымен қызмет көрсете отырып, туристерге қажет ақпаратпен қамтамасыз етедi және облыста бизнестiк ортаны дамыту бағытында жұмыс iстейдi. Жалпы, облыста туризмдi дамыту бойынша жұмыстар 3 бағытта  жүргiзiлуде.

Бiрiншi — туристiк инфрақұрылымды дамыту. Екiншi  — туризмдi маркетингтiк iлгерiлету. Үшiншi — туристiк қызмет сапасын арттыру.  Осыған орай,  15 аудан, қала кесiндiсiнде 2-3 күндiк маршруттар әзiрлендi. Оған 84 нысан енгiзiлдi. Әзiрленген маршруттардың бойындағы туристiк нысандарға сараптама жасалды. Нәтижесiнде кiреберiс жолдарын жөндеу, жол сiлтегiштер орнату, әжетханаларды реттеу бойынша аудан, қала әкiмдiктерiне ұсыныстар жолданды. Сала мамандарының ұсынысымен туристер көптеп баратын тарихи және табиғи нысандардың тiзiмi жасалынып, олар орналасатын орындардың паспорттары әзiрлендi.

Сонымен қатар, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлiк дәлiзiнiң бойында қызмет көрсету нысандарын дамыту мақсатында тамақтану, орналастыру орындарына, автокөлiк жанар-жағармай бекеттерiне сараптама жүргiзiлдi. Ұлттық стандартқа сәйкес «В», «С» категориялы нысандарды орналастыру бойынша инвесторлармен тиiстi жұмыстар атқарылуда.

ҚазАқпарат

25 жыл ішінде Мақтаралда 54 білім беру нысаны салынған

20161211142505Тәуелсіздік жылдары мақтаралдықтарға да толағай табыс әкелді. Аудан экономикасы ақ алтын есебінен ондаған есеге артып, өндіріс өркен жайды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында халықтың тұрмысы түзеліп, шағын және орта бизнестің өрісі кеңейген. Азаттық жылдары еліміздің кез-келген аймағына ажар берді. Жалпы, ішкі өнім көлемі артып, бюджет бүйірі томпайды. Мәселен, Мақтаралда 1991 жылы өңірдің өнімі 6 миллион теңге болса, бүгінде бұл көрсеткіш 176 пайызға өскен.

Инвестиция көлемі 280 мың теңгеден 5 миллиард 690 миллион теңгеге жетті. Бюджет түсімі де ауыз толтырып айтарлықтай. 25 жыл ішінде Мақтаралда 54 білім беру нысандары бой тіктеді. Оның 49-ы — мектеп. 5-еуі — балабақша. Апатты білім ошақтарын қайта жөндеп, кәсіпкерлердің есебінен бөбекжайлардың санын арттыру да күн тәртібінен түскен емес. Бұқараның бас ауруына айналған оқушылардың тасымалы да оңтайлы шешімін тауып отыр.

Мақталы өлкеде биыл ақ мамықтан түскен табыс көзі де біршама. 91-ші жылға дейін дихандар ешқандай да инновациялық технологияның көмегінсіз өнім алса, 2011 жылдан бері тамшылатып суару арқасында іс өнді. Тәуелсіздікпен бірге түлеп келе жатқан аймақта жылыжайлардың саны артып, шаруалардың тұрмысы түзелген.