Домой Блог Страница 18

ОҚО әкімі ҚР Ұлттық гвардиясының мерекелік саптық жиынына қатысты

46157f31-a0dd-42a7-85e7-4b404b592113Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі ҚР Ұлттық гвардиясының 6506 әскери бөлімінде болып, аталған бөлімнің жеке құрамы мен ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметкерлерінің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік жиынына қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бөлімшенің жауынгерлік қызметтік өмір салтымен танысып, әкімдікпен екі жақты ынтымақтастық бағытын айқындау мақсатымен барған аймақ басшысы барша қатысушыларды Егемендік тойымен құттықтап, оларды еліміздің дамуына бірлесе атсалысуға шақырды.

 «Бұл мереке 25 жыл ішінде Қазақстанды әлемге танытып, бүкіл дүние жүзінің алпауыт елдерімен тереземізді тең ұстатқан мейрам. Осынау ширек ғасыр ішінде Қазақстан БҰҰ-на мүшесі болды, әлемнің 120-дан аса елінде дипломатиялық өкілдіктеріміз ашылып, барлығымен тең дәрежеде қарым-қатынас орнады. Өзіміздің ұлттық қорғанысымыз, ішкі істеріміз, ұлттық гвардиямыз қалыптасты. Өз шекарамызды,  тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді қорғайтын осындай деңгейге жеттік. Бұл салада Сіздердің де атқарған үлестеріңіз мол. Осы кезең ішінде ішкі істер қызметкерлері, әскерлері, ұлттық гвардия еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігін сақтауда, тұрақтылықты нығайтуда әрқашан алдыңғы сапта бола білді», — Ж.Түймебаев.

Мұнан соң, аймақ басшысы ұлттық гвардия мен ішкі істер саласында үздік қызмет еткен 15 азаматты облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, қызметіне сәттілік тіледі. Ал мерекелік шара барысы гарнизондық саптық жиынның салтанатты маршымен ұласты.   

«Астананың 25 мезеттері» фильмі

cАстана қаласы әкімдігінің тапсырысымен «Астананың 25 мезеттері» фильмі түсірілді. Фильм Қазақстан елордасы, оның тарихы мен маңызы туралы жалпы түсінік береді. Онда Бозоқ қалашығы заманынан бері бүгінгі күнге дейін елорда тарихы қамтылған. Туындыда Еуразияның орталығында тиімді географиялық орналасуының артықшылықтары баяндалады. Дамудың басты кезеңдері, сондай-ақ, елорданың көшірілуі және оның сәулет тұжырымдамасы, Астананың халықаралық аренадағы жетістіктері, бес көрікті орны туралы айтылады, олардың бірегей ерекшеліктерін ашады, ғимараттар бойынша серуен қызықты түрде жүргізіледі. Астананың жетістіктері, оның көрікті жерлері мен сұлулығы туралы қарапайым астаналықтар әңгімелейді.

«Астананың 25 сәті» фильмін келесі сілтемелер бойынша көруге болады:

http://astana.gov.kz/kk/modules/material/11909

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Жетісу жеріне келді

90e8b139ff692a721c94627af2940b64Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Астана қаласынан жолға шыққан «Тәуелсіздік пойызы» осы күнге дейін еліміздің түкпір-түпкірінде болып, күні кеше Панфилов ауданында орналасқан Алтынкөл стансасына тоқтаған болатын. Онда жаңадан бой көтеріп келе жатқан Нұркент қаласында халықпен кездесіп, мемлекетіміздің 25 жылда қол жеткізген жетістіктері жайында айтып, қажетті әлеуметтік көмектерін көрсетті.

Талдықорған қаласына келіп тоқтаған пойызды облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар бастаған делегация күтіп алды. Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары бұл акцияның халықтың әлеуметтік мәселелерін шешудегі маңыздылығын атап өтті.

Акцияның негізгі мақсаты мен міндеттері туралы «Тәуелсіз Қазақстан» поезының штаб жетекшісі Әміржан Әлпейісов айтып берді. Шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Пойыз бүгін Үштөбе қаласында болып, жұмысын жалғастырады. Одан әрі Матай, Достық, Сарыөзек, Қапшағай станцияларына аялдамақ.

Жалпы, пойыздағы штаб құрамында 7 министрліктің білікті басшылары мен мамандары, 3 Ұлттық компанияның өкілдері мен 15 жоғары санатты медициналық қызметкер азаматтарға кәсіби кеңестерін беретін болады.

Ж.Түймебаев: Университеттер облыс экономикасының дамуына өз үлесін қосуы керек

7-1Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін аралап, танысу барысында айтты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарына қанық болған әкім ондағы білім беру-ақпараттық және электронды ресурстық орталығы мен түрлі зертханалық бөлімдерді аралады. Атап айтқанда, университеттің құрылыс материалдары, өсімдік шаруашылығы, тігін цехы, мұнай-газ салаларына қатысты бірқатар орталықтарын көріп, студенттермен және оқытушылармен тілдесті.   

Ғалымдар тобымен болған өңір басшысы жоғары оқу орнының ректоры Ж.Мырхалықовқа жүйелі жұмыс жүргізуде бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, әкім М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдары облыстағы өндіріс орындарында жаңа инновациялық технологияларды ендіру бағытында жұмыс істеп, жергілікті тауарларды шығару арқылы өңір экономикасын дамыту керектігін айтты. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда шығатын табиғи құрылыс материалдарының каталогын жасап, оларды жергілікті құрылыста кеңінен пайдалану мәселесіне атсалысу мен светодиодтардың түрлерін шығаруды ойластыру жайын нұсқады. Болашақта Шымкент қаласында ұйымдастырылатын ашық мұражай байқауына аталған оқу орнының ұжымы мен студенттерін белсенді қатысуға шақырған облыс әкімі бірлескен жұмыстар арқылы өңірімізді көркейту керектігіне тоқталды.

Сонымен бірге, оқу орнын аралау кезінде аймақ басшысы Ж.Түймебаев университеттің «Жеңіл тамақ өнеркәсібі», «Педагогика және өнер» факультеттерінде білім алып жүрген болашақ тігіншілермен, дизайнерлермен тілдесіп, ұлттық нақыштағы киімдердің тек мерекелік кештерге арналғанын ғана емес, күнделікті тұрмыста киюге болатын түрлерін тігуді ұсынды. Қазақ ұлттық киімдерінің маусымдық түрлеріне де назар аудару қажеттігіне тоқталған аймақ басшысы киім-кешектерді өткізу мен тапсырыс беру мәселесінде әкімдік тарапынан барынша қолдаулардың болатынын жеткізді.  

М.Әуезов атындағы ОҚМУ 65 жылдан аса тарихы бар жоғары техникалық және гуманитарлық білім берудің екі үлкен мектебінен құралады. Мұнда 81 мамандық бойынша күндізгі және сыртқы оқу түрлерінде 20 мыңға жуық студент оқиды.  Қазіргі кезде университетте 1461 оқытушы ғылыми-педагогикалық жұмыспен айналысуда. Олардың ішінде 2 Ұлттық ғылым академиясының академигі, 117 ғылым докторлары мен профессорлар, 500-ге жуық ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет етеді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ақтөбеліктер 1094 пәтердің кілтін алады

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында берілген пәтерлердің кілтін тұрғындарға табыстау салтанатына қатысты. Бұл туралы «Ақтөбе-ақпарат» баспасөз орталығы хабарлады.

№18, №36 және №38 үйлердің құрылысы 2015 жылы басталып, 2016 жылдың қыркүйек айында аяқталды. Осы үйлерден пәтерлер «Қолжетімді тұрғын үй», «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары аясында берілді. Бір шаршы метрінің құны 100 мың теңгеге бағаланды. 540 пәтердің жартысынан астамы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларының үлесіне тиесілі болды. Ал қалған бөлігі баспана кезегінде тұрғандарға беріледі. Құжаттарын дайындап үлгерген 25 отбасы бүгін пәтерлердің кілтін облыс әкімінің қолынан алды. Қалған 515 тұрғын құқықтарын растайтын құжаттары дайын болған соң, жаңа қоныстың қожайыны атанады.

— Сіздер Елбасының тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған саясаты туралы жақсы білесіздер. Тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың құрылысы, жолдардың жөнделуі біздің өңірде жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. Болашақта Елбасының тапсырмасына сәкес, ауқымды жұмыстар атқарылады. Облыста 5000 пәтердің кілтін беру жоспарланып отыр, — деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.

Соңғы 5 жылда облыста 2,3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 19 мың отбасыны баспанамен қамтуға мүмкіндік берді. Тұрғын үй құрылысына 163 млрд. теңге инвестиция тартылды. Биыл 580 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Алтын өндіретін фабрика салынады

%d0%b0%d0%bb%d1%82%d1%8b%d0%bd-%d1%84%d0%b0%d0%b1%d1%80%d0%b8%d0%ba%d0%b0%d1%81%d1%8b2017 жылы Ақтөбе облысында алтын өндіру фабрикасының құрылысы басталады. Кәсіпорынның жылдық қуаты 5 млн тонна құрамында алтыны бар кен. Облыс үшін ғана емес, еліміз үшін аса маңызды жоба туралы облыс әкімі Бердібек сапарбаевтың «АltynEx Company» АҚ басшылығымен өткен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды «Ақтөбе-ақпарат» баспасөз орталығы.

«АltynEx Company» компаниясы 2015 жылдан бері Мұғалжар ауданына қарасты Алтынды ауылындағы «Юбилейное» кен орнында алтын өндірісімен айналысады. Кәсіпорын жылына 300 мың тонна кен өндіреді.
Фабриканың құрылысы кезінде 800 адам жұмыспен қамтылады. Ал құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген соң, өндіріске 700-ге жуық адам тұрақты жұмысқа алынады. Жобаның жалпы құны — 100 млрд. теңге.

Мәдениет күндері қорытындыланды

c8792a54188862bc2b52451e98c7000f«Лада Ларгус» автокөлігі мен облыс әкімінің алғыс хаты Қарасай ауданына беріліп, олар аудан, қалалардың мәдениет күндері шарасы бойынша үздік деп танылды. Бұл туралы Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында өткен «Тәуелсіздік — тұғырым» атты қорытынды гала-концерт барысында белгілі болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған түрлі түсті жарық эффектілерімен, ерекше сипатта қойылған театрландырылған көрініспен басталды. Жиналғандарды облыс әкімі А. Баталов құттықтады:

— Мемлекет қолдауының нәтижесінде Алматы облысында мәдениет саласының дамуына ерекше назар аударылады. Жылдан жылға бөлінетін қаржы көлемі артып, соның арқасында мәдени нысандар салуға, күрделі жөндеуге, материалдық-техникалық базаларын жаңартуға, кадрлық құрамын жақсартуға, түрлі шаралар өткізуге мүмкіндік туды. Мұның бәрі біздің бай рухани мұрамызды сақтауға, жаңа таланттардың көзін ашуға ықпал етті. Осыған байланысты Алматы облысында аудан, қалалардың мәдениет күндерін өткізу дәстүрлі шараға айналған. Осы мәдениет күндеріне атсалысып, қатысып, биік деңгейде өнер көрсеткен ұжымдарды бүгін марапаттап отырмыз. Бұл марапат сіздерге Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үлкен сый болады деп ойлаймын, — деді облыс басшысы.

Облыстың аудан, қалаларының мәдениет күндерінің қорытындысы бойынша Қарасай ауданы Бас жүлдеге ие болып, «Лада Ларгус» автокөлігі мен облыс әкімінің алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ алғыс хаттар мен сомасы 550 мың теңгелік сертификаттар өзге де барлық аудан, қалаларға берілді.

Мәдениет күндері барысында көрсетілген үздік нөмірлерден Гала концерт ұйымдастырылып, өнерпаздар көрермендер ризашылығына бөленді.

Аудан, қала есептерін тыңдау жалғасуда

0e391178fad7aed7e7e4afb2c6404543Бүгін Балқаш, Кербұлақ, Көксу, Ескелді аудандарының әкімдерінің 2016 жылдың 10 айындағы есебі және 2017 жылға арналған жоспарлары тыңдалды.

Балқаш ауданының әкімі Ғ. Тоқпейісов экономиканың барлық салалары бойынша қол жеткен көрсеткіштерге тоқталып өтті. Ауданда мал шаруашылығын дамытудың әлеуеті зор. Атап айтқанда, «Өтес БиоАзия» ЖШС-ның 5 мың бастық мал бордақылау кешені жыл соңына дейін 1200 тонна ет өндірсе, келесі жылдың межесі 1300 тонна болмақ. «Динара Ранч» ЖШС-ның осындай кешені жыл аяғына дейін 1400 тонна, 2017 жылы 1500 тонна ет өндірмек. «Жақсылық» шаруа қожалығы 3 мың басқа арналған құны 835 млн. теңгені құрайтын мал бордақылау кешенінің құрылысын жоспарлап отыр.

Ауданда ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы 3 кооператив құрылған. Жылыжай өндірісін дамыту бойынша биылғы жылдың соңына дейін Бақбақты ауылдық округінде көлемі 0,14 га болатын жерде 2 жылыжай құрылысы аяқталып, іске қосылатын болады.

Ал Кербұлақ ауданының әкімі Б. Әлиевтің баяндауынша,  2017 жылы өңірде «Каз Атомпром Гельюс стартегия» кәсіпорны құны 29,2 млрд. теңге болатын 50 МВт күн электр станциясы салады. Сол сияқты Көктал өзенінде қуаты 50 МВт «Ала цем» ЖШС жылдық қуаты 1200 тонналық жобалық құны 37 млрд. теңгелік цемент шығаратын зауыттың құрылысын бастамақшы.

Көксу ауданының әкімі А. Әділдің айтуынша, Балпық би ауылында 8 га жерге өнеркәсіп алаңы белгіленіп, бүгінгі күнге барлық инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген. Қазір мұнда «Олимп Көксу» ЖШС-ның құрылысқа арналған құрғақ қоспалар мен газоблоктар шығаратын зауыттың құрылысы аяқталған. Сплитерлік блоктар шығаратын «Есмұрзаев» ЖК цехының құрылысына 1 га жер бөлінген. Өнеркәсіп алаңының бос жатқан 4,7 га жеріне тағы 3 кәсіпорынды орналастыру жоспарланып отыр.

2015 жылы іске қосылған «КазАгроСервис» ЖШС-ның 0,8 га жылыжайының аумағы биылғы жылы кеңейтіліп, 1,2 гектарға жеткізілген. Сонымен қатар Балпық би ауылында жеке қаражат есебінен 0,5 гектарлық жылыжай ашылады. Мұқаншы ауылдық округінде көкөніс сақтау қомасы мен Балпық би ауылында 2 га жерге заманауи жылыжай құрылысын жүргізуге инвесторлармен келісім жүргізілуде.

Индустрияландыру картасы бойынша қолданыстағы «Уыз Май Industry» ЖШС-ның өсімдік майын ыдысқа құя отырып дезодорациялау мен рафинадтау желісіне, майлы дақылдарды өңдеу желісіне, ұн тартатын кәсіпорынға жер учаскелері белгіленіп, бизнес-жоспарлары әзірленіп жатыр.

Биылғы жылы ауданда балаларды балабақшамен қамту деңгейі жыл соңына дейін 90,2 % жеткізіледі. Келесі жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Жамбыл және Балпық би ауылдарында мектепке дейінгі мекемелер ашу жоспарланған.

Ескелді ауданының әкімі Ж. Ноғайбеков өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі он айдың ішінде 19,8 млрд. теңгені құрап, жоспарлы межені 1,5 млрд. теңгеге артық орындағандарын айтты. Ауданда өсірілген қант қызылшасы әр гектарына 508 центнерден айналған. Биыл 1484 гектарға тәтті түбір сепсе, келесі жылы оның көлемін 18000 гектарға жеткізуді көздеп отыр.

Есеп беру барысында аудан басшылары ауыз су, құрылыс, жерді тиімді пайдалану, ирригациялық жүйелер, жұмыспен қамту, шағын ниеселер бөлу, денсаулық сақтау, білім беру сияқты барлық салалар бойынша толыққанды мәліметтер берді. Сонымен қатар қаржыландыруды қажет ететін, облыс басшылығы тарапынан қолдауды қажетсінетін іс-шараларды, жобаларды атап өтті.

Есептерді тыңдаған облыс әкімі А. Баталов әр ауданның табиғи климаттық және басқа да ерекшеліктеріне қарай маңызды әрі өзекті деген мәселелерге ерекше назар аударды. Инвестиция тарту, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру арқылы егістік алқаптарының көлемін арттыру, ауыл ішілік жолдарды жөндеу, халықты таза ауыз сумен қамту тәрізді істердің қай-қайсысын да құнтты атқарып, нәтижеге жұмыс істеу керектігін қадап айтты.

Жұмыс қорытындылары мен жоспарлары жайлы баяндады

f07b57219e36617390d2c4a8dbb3901aБүгін облыс әкімдігінде аудан, қала әкімдерінің 2016 жылдың индикаторларын орындау және 2017 жылдың жоспарларын нақтылау бойынша есептері тыңдалды. Күннің бірінші жартысында Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Талғар аудандарының басшылары хабарлама жасады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бірінші болып сөз алған Іле ауданының әкімі Қ. Медеуов келесі жылы 29 ірі кәсіпорынның, 3 құс фабрикасының, 2 фармзауыттың есебінен  өнеркәсіп өндірісінің көлемін 200 млрд. теңгеден асыруды жоспарлап отырғанын айтты. Сол сияқты Индустрияландыру картасының нысандары жобалық қуатын толық игеріп, 20 өнеркәсіп орнын ашу мен  қолданыстағы 15 кәсіпорынды кеңейту арқылы 700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады. 18 инвестициялық жобаны жүзеге асыру есебінен 28 млрд. теңге сомасында инвестиция тартылады, оның 11-і — ірі жобалар.

Он айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндай отырып, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Б. Ысқақ 2017 жылдың жоспарларына да тоқталып өтті. Мәселен, келесі жылдың соңына дейін ауданда бірқатар жаңа кәсіпорындар жұмыс істейтін болады. Олардың қатарында тауық етін өңдейтін құны 1,8 млрд. теңге болатын «Нұрлы құс» ЖШС, тәулігіне 2 мың литр шырын шығарып, сұрыптайтын «Apple World» ЖШС, сол сияқты Түрген ауылында қуаты 1,4 МВт болатын 70 млн. теңге инвестиция тарту арқылы ГЭС іске қосылмақ. Осылардың негізінде 300 жұмыс орны ашылады. Тыңдау аяқталғаннан кейін Еңбекшіқазақ ауданының әкіміне өнеркәсіп саласын дамыту, ірі кәсіпорындар ашу, инвесторлар тарту, туристік саланы дамыту туралы тапсырмалар берілді.

Жамбыл ауданындағы маңызды нысандар туралы аудан әкімі Ж.Далабаев айтып берді. Мәселен, 2017 жылы құны 150 млн. теңге болатын, 40 жаңа жұмыс орнымен фанер шығаратын кәсіпорын іске қосылады, жұмыс істеп тұрған «Тексан Қазақстан Инвест» ЖШС кәсіпорны кеңейтіліп, тағы 20 жұмысшымен толғады. Сонымен қатар «Базис А» ЖШС-ның жалпы сомасы 24,0 млрд. теңге болатын аудан аумағында мал азығын дайындайтын инвестициялық жобасы, сүт өндіретін үш мегаферманы құру жұмыстары басталды. Бұдан әрі мегафермалар дамытылып, Жамбыл, Іле аудандары аумағында сүт өңдеумен айналысатын болады. Бұл жоба өсімдік және мал шаруашылығына инновациялық технологиялардың енгізілуне ықпал етпек.

Қарасай ауданына келсек, бұл өңір қазірдің өзінде жоспарланған жылдық көрсеткіштерді асыра орындаған. Тек балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту ісін қуазауы қажет, бұл көрсеткіш аудан бойынша 71 % құрап отыр. Аудан әкімі М. Бигелдиевтің айтуынша, келесі жылы ауданда бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, атап айтқанда, жылыжайлар, фруктоза және басқа да өнімдер шығаратын кәсіпорындарды іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ жыл соңына дейін шыны ыдыстар шығаратын «Алматы Стекло» ЖШС-ның екі зауыты және жылыжайларға арналған металл конструкцияларын шығаратын «ХоландГринТек» ЖШС зауыты іске қосылады деп межеленіп отыр.

Талғар ауданының әкімі Р. Садықова 2017 жылы өсімдік және мал шаруашылығының өнімдерін шығару көлемін өсіретінін айтты. Сонымен қатар мал тұқымын асылдандыру ісі жалғастырылатын болады. Мәселен, «Ырыс» бағдарламасы бойынша 300 басқа арналған сүт фермасын құратын 2 жоба жүзеге асырылады. «Құлан» бағдарламасы бойынша 146 бас аналық жылқы, «Алтын асық» бағдарламасы аясында 1510 бас саулық қой сатып алынған. Сонымен қатар жалпы құны 2,8 млрд. теңге болатын 2 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, 500 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы және қуаттылығы 100 тонна болатын жеміс-көкөніс өңдеу цехы пайдалануға берілетін болады. Жалпы, 2016 жылдан ауысқан 8 жобаны есептегенде ауыл шаруашылығында жалпы құны 10,2 млрд. теңге болатын, 269 жұмыс орнымен 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жалпы өнім көлемін арттыруға ықпал етпек.

Тыңдау соңында облыс әкімі А. Баталов басым бағыттарға назар аударуды, әлеуметтік сала нысандарының құрылысы, жол жөндеу, арық жүйелеріне, мәдениет және денсаулық сақтау салаларына күрделі жөндеу жүргізу, сапалы әрі нәтижелі көрсеткішке жұмыс істеу керектігін қатаң тапсырды.

Дүкен сөрелерінде «Қауіпсіз Жаңа жыл» жаңажылдық қорапшалары пайда болады

«Қауіпсіз Жаңа Жыл» акциясы аясында елордалық ТЖ Департаменті «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасымен бірге балаларға арналған жаңажылдық тәттілер қорапшаларының топтамасын шығарады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жаңажылдық мерекелер қарсаңында бүлдіршіндерге арналған 50 мыңға жуық арнайы тәтті қорапшалар дайындалды.

Тәттілері бар қорапшаларда «Қауіпсіз Жаңа Жыл» жазуы бар ТЖ Комитетінің эмблемасы белгіленген, ал оның ішінде тәттілерден бөлек балалар құтқару қызметтерінің телефон нөмірлері мен төтенше жағдайлардың алдын – алу сипатындағы өлең жолдары бар картон сызғыштарды таба алады.

 

Бұл акция астана тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға назар аударту мақсатында ұйымдастырылған.

«Бүгінде біз «Баян Сұлу» АҚ бірлесе жаңажылдық тәтті қорапшаларының топтамасын шығардық. Бізбен серіктес болған «Баян Сұлу» АҚ Президенті — Басқарма Төрағасы Тимур Мейрханұлына алғыс білдіремін. Бірге істеген жұмысымыз қолайлы нәтиже беретініне сенемін. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз», — дейді Астана қаласы ТЖ департаментінің басшысы азаматтық қорғау полковнигі Б.О. Дұзақбаев.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, халық арасында өрт қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін көтеру қоғамдық маңыздылығы бар іс, тек профилактикалық жұмыстарды жүргізу арқылы қайғылы оқиғаларды болдырмауға және адам өмірін құтқарып алып қалуға болады. Балалардың қатысы бар өрттерді болдырмау — Астана қаласы ТЖ Департаменті қызметкерлерінің негізгі жұмыс бағыттарының бірі.