Домой Блог Страница 19

Тәуелсіздік жылдары Горький атындағы театр 150-ден аса қойылымның тұсауын кесті

c-1Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры өнер ордасының қызметі барысындағы елеулі оқиғалар туралы көрме ұйымдастырды, онда театрдың академиялық статус алуы, актерлерге пәтер кілттерін табыс ету сияқты оқиғалар қамтылған. Соңғы 25 жылда театр өз қойылымдарына 2 млн аса көрермен жинаған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тәуелсіздік жылдары театрда 150-ден аса премьера өтіп, 8 000 аса спектакль қойылған. Актерлер Людмила Крючкова, Маргарита Мухаметжанова, Александр Корженко, Лариса Лебедева және Сергей Матвеев «Мәдениет қайраткері» атанды. Владимир Иваненко «Кұрмет» орденімен марапатталды.

Ұжым 70 республикалық және халықаралық фестивальге қатысқан. Академиялық театр статусын алуы актерлерді шығармашылық тұрғыда өсуге ынталандырды.

«Біз актерлеріміздің біліктіліктерін шыңдау үшін белгілі ресейлік шеберлерді шақырамыз, өзіміз де Ресейге барамыз. Осының барлығы елімізде мәдениеттің дамуына көңіл бөліп отырған мемлекет, қала әкімдігі көрсетіп отырған қолдаудың арқасы», — дейді театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Хасенов.

Астананда жыл басынан бері 17 263 жаңа жұмыс орны құрылды

cАстана қаласында 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, 17 263 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, 2016 жылы 11 айдың қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 7 357 адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жастар тәжірибесінен өтуге 661 түлек, қоғамдық жұмыстарға 2 137 адам жіберілді, сондай-ақ, жаңа мамандықтар алу мақсатында 699 адам кәсіптік даярлауға жолдама алды.

Сонымен қатар, 121 жұмыссыз адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

Астана қаласында жұмыссыздықпен күресудің белсенді іс-шараларын қолдануда жұмыссыздық деңгейін төмендету мүмкіндігі 4,6%-ды құрады. Елорда жұмыссыздық деңгейінің ең төменгі көрсеткішімен жетекші орында тұр.

Тəуелсіздікке тарту: Түлкібаста үш əлеуметтік нысан пайдалануға берілді

dsc_1606Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа ғимараттардың ашылу салтанатына қатысқан аудан əкімі Əуелхан Тұрғынбеков барша тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтап, облыс басшысы Ж.Түймебаевтың ізгі тілегін жеткізді.Жергілікті халықтың қуанышымен бөліскен аудан əкімі мұндай игі шараның Тәуелсіздіктің арқасында мүмкін болғанын айтып, осынау қастерлі бақты мәңгіге бірлесе сақтауға шақырды.

Осы күні ең алдымен, Т.Рысқұлов ауылдық округі, Азаттық ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Республикалық «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйіне 75 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Нұрлысан» ЖШС-і жүргізді. Төрт мыңнан астам халқы бар ауылдық округ тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Елді мекенде әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан.

Сонымен қатар, аталған ауылда күрделі жөндеуден өткен əкімдіктің ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты əкімдік нысанының тиісті жұмыстарына жергілікті бюджеттен 84 млн. теңге бөлінген. Жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған əкімдікте 14 азамат еңбек етеді.

Мұнан бөлек, Тəуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде ауданда жаңа мектеп салтанатты түрде ашылды. Аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында халық санының өсуіне орай жаңа мектептің қажеттігіне байланысты «Жанкент» шағын ауданындағы 600 орындық жаңа мектептің құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. 3 қабатты білім ошағының қаржы көзі облыстық бюджеттен. Жалпы сметалық құны 669  млн. 500  мың теңге. Ауылдық округте 4 мектеп орналасқан. Халық саны 18902 құрайды.

Биылғы жылы аталған елді мекенде 280 орындық  балабақша, 96 пәтерлі 2  тұрғын үй, 1 спорт кешенінің құрылысы жүріп, ел игілігіне берілді. Сонымен қатар, округтің орталық көшесі абаттандырылып, жаңа шағын ауданға инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді.

 Жалпы, Түлкібас ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, 20 нысанның құрылысы жүріп, жыл соңына дейін ел игілігіне берілмек.

Егемендігімізді алған жылдардан бері Түлкібаста 157 нысанның  құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аудан халқының саны 26 мың адамға өсті. Ширек ғасырда 25 мектеп, 2 бала бақша салынып, 31 білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, мәдениет саласында 9 нысан күрделі жөндеуден өтіп, 2 нысан жаңадан салынды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ауданның жеткен жетістіктерінің бір парасы ғана.

ОҚО-да Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

whatsapp-image-2016-12-07-at-17-04-33Бүгін Оңтүстік Қазақстанда «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ: ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫМЕН БІРГЕ  25 ЖЫЛ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына 26 мемлекеттен 120-дан астам белгілі ғалымдар, сондай-ақ, қазақстандық 30 университеттің ғалымдары бас қосты. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да өткен шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, конференция жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

«Мәңгілік ел идеясының мәні мен мазмұнын жастарымыздың санасына сіңіре отырып, олардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, отаншылдық сезімді, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру біздің басты міндетіміз болып табылады. Мәселен, елімізде жыл сайын «Болашақ» бағдарламасы бойынша үш мыңнан астам жас шетелге білім алуға жіберілуде. Бұл мемлекеттің жас мамандарға жасап жатқан үлкен қамқорлығы деп білемін. Сондықтан шетелде, не болмаса, өзімізде білім алған білікті мамандар отанымыздың, оның ішінде Оңтүстік өңірінің өркендеп, дамуына атсалысулары керек. Бұл ретте, жас ғалымдардың дуальді оқу жүйесімен білім алуы маңызды», — деді аймақ басшысы.

Конференцияда Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы ҚР Тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі, Тәуелсіз Қазақстан мұраты — «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын жүзеге асыру, «Қазақстан -2050» стратегиясы – Қазақстанның әлеуметтік-азаматтық жүйесін жүзеге асырудағы жаңа саяси бағыт, Қазақстанның Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы тенологиялар мен техникалық дамудың өзекті мәселелері сынды тақырыптар талқыланды.

Халықаралық кездесу барысында аймақ басшысы аталған оқу орнының серіктестері болып табылатын “KARLSKRONA LC AB” ЖШС-нің бас директоры Уалихан Ахметов пен ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіровке еліміздің инжеренлік саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстанның құрметті инженері» төс белгісін табыстады. Сондай-ақ, жиында металлургия саласында үш ғылыми жаңалық ашқан техника ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Исламқұловқа Ғылыми жаңалықтар мен  өнертабыстар халықаралық академиясы президенітінің атынан дипломдар берілді.

Мұнан бөлек, жиында дүниежүзілік ғылыми ортаға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдарының, жаңадан танылған ғылыми ашылымдары таныстырылды. Атап айтқанда, алғаш рет Ұлы жібек жолының сауда-экономикалық негізгі орталықтарының бірі болып табылатын Отырар алқабындағы Ежелгі Қаңлы мемлекеті дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің (Бесіншітөбе, Пышақшытөбе қалашықтары және Алтынтөбе қорымы) жәдігерлері таныстырылып, тұңғыш рет Қазақстан-Ресей мұрағат қорынан алынған ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының жаңа құпия құжаттары арнайы көрмеге қойылды. Сондай-ақ, әлемдік маңызы бар ғылыми ашылымдар реті тыңдалды.

Оңтүстікте облыс кубогы сарапқа салынуда

whatsapp-image-2016-12-07-at-15-06-07Бүгін Шымкенттегі «Жеңіл атлетика спорт кешенінде» ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  2000-2001 жылы туған жасөспірімдер арасында «Оңтүстік Қазақстан облысының Кубогының» жалауы желбіреді. 

Жарыстың шымылдығын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ашып берді.

«Жыл басынан бері облыс спортшылары спорттың 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, барлығы 1168 медаль жеңіп алса, осы уақыт мерзімінде Азия чемпионаттары мен Кубоктарында облыс спортшылары барлығы 117 медаль  ұтып алды. Ал Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында барлығы 90 медаль еншілесе, кеше ғана Бразилияда өткен жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетика шебері Жазира Жаппарқұлдың күмісі мен дзюдо шебері Галбадрах Отгонцэцэгтің қоласы облыстың спорт сүйер қауымын бір серпілтіп тастады», — деген облыс басшысы жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Кеше, 6 желтоқсан күні басталып, бүгін ресми түрде ашылған жарыс «Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен өтуде. Облыс кубогіне таласта спорттың 7 түрі — баскетбол, волейбол, грек-рим, еркін, қазақ күресі, дзюдо және жүзуден кіл мықтылар анықталып жатыр.

Еске салсақ, 28 қараша мен 2 желтоқсан күндері «Оңтүстік Қазақстан облысының Кубогінің» бірінші кезеңі аудан, қалаларда өтіп, онда 2 мыңнан астам жасөспірім бақ сынады. Онда жүзден жүйрік шыққан 1600-ден астам спортшы бүгінгі ақтық екінші кезеңге қатысып жатыр.

Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында спорттың баскетбол түрінен 3 мыңнан астам бала тәлім алса, волейбол бойынша 5 мың, грек-рим күресінде 1800-ге жуық, еркін күреспен 4 мыңнан астам, қазақ күресінен 3200-ден аса, дзюдомен 2700 және  жүзу спортымен 600-ге жуық бала шұғылданады.

Студенттер арасында дінге қатысты негізгі мәселелер талқыланды

image-07-12-16-07-40-5Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу залында «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Ұлағат» мәдениет және даму қорының ұйымдастыруымен студенттер арасында мемлекеттің дін саласындағы саясатының басым бағыттары мен дінге қатысты негізгі мәселелерді талқылауға бағытталған интерактивті сабақ өткізілді.

Студенттер үшін сабақтан тыс уақытта қолайлы жағдайда ұйымдастырылған кездесі барысында ғаламтор кеңістігінде діни радикализмнің алдын алуға қатысты бірқатар өзекті сұрақтарды талқылау көзделген. Соңғы уақытта жастардың теріс пиғылды көздейтін дін атын жамылған күштердің жетегінде кету қаупі басым жағдайда шетелдік уағызшылардың әлеуметтік желілерде жүргізетін жұмыстарының  нәтижесі екені көпшілікке мәлім. Осы арада қоғамымыздың тұрақты дамуы мен арман қарай гүлденуінің маңызды шарты рухани және психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуімен тікелей байланысты екенін ескермеске болмайды.

Интерактивті сабақ модераторы Астана қаласы әкімдігінің АТТ мүшесі Жұмақасова қамажан Ғабдрашқызы болды. Дәріскерлер ретінде кездесуге Дін мәселесі жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тартылды. Атап айтқанда, дінтанушы Т.Ф.Мустафина және теолог, Әлжан Ана мешітінің наиб-имамы Б.М.Жанақов жұмыс жасады.

Студенттік жастармен кездеу барысында қойылған негізге мақсат-міндеттерді келесідей жүйелеуге болады:

— Мемлекет және дін қатынастары бойынша діни-құқықтық түсіндірмелер жүргізу;

—  Жастар арасында қордаланып қалған дінтану және теологиялық сұрақтарға мамандар тарапынан толыққанды жауап алуына жағдай туғызу, «сұрақ-жауап» форматындағы кездесулерді жандандыру;

— Жастардың отансүйгіштік түсінігін дамыту және тарихи санасын тереңдетуге бағытталған шаралар арқылы олардың радикалды идеологияның жетегінде ілігу қаупінен құтылуына ықпал ету және т.б.

Интерактивті сабақ барысында студенттік жастармен еліміздегә және әлемдегі діни ахуалдың жай-күйі талқыланды. Дін сұрақтарына қызыға отырып, қазіргі кезде жастардың, оның ішінде қазақстандық азаматтардың да ислам атын жамылған теріс пиғылды ұйымдардың жетегінде кету қаупі жиі байқалатынына баса назар аударылды.

Жастарға дінге қатысты, мемлекетіміздің дін саласындағы жүзеге асырылып отырған саясатына байланыстыақпаратты, дерек көздерін қайдан алуға болатыны жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, іс-шара барысында «Ұлағат» мәдениет және даму қорымен жоба аясында әзірленген тарапта материалдар (буклет, брошюра) студенттердің қолдарына табыс етілді.

Конфессияаралық келісім мәселесі талқыланды

afbafc1acad4ebaa54ef2f391e087a78Бүгін Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Зайырлы қоғам мен конфессияаралық келісім – Тәуелсіздіктің рухани тірегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған облыстық дін істері басқармалараның басшылары, ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мәдениет сарайының фойесінде діни әдебиеттердің және еліміздегі конфессияаралық келісім бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етеетін суреттердің көрмесі ұйымдастырылды. Конференция жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ж. Омар қатысып, кіріспе сөзбен ашып берді.

—  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» аясында маңызды да өзекті мәселеге арнап басқосу өткізіп отырмыз. Бүгінгі әлемдегі тенденцияға қарасақ, түрлі қақтығыстардың түп негізінде діни шиенелістер жатқанын көреміз. Сондықтан Елбасымыздың саясатымен береке-бірлігін сақтап, тұрақты дамып келе жатқан мемлекетімізде дін мәселесіне бейжай қарамай, ерекше мән беріп келеміз.  Еліміздің өз ұстанымы бар, салт-дәстүрі бар, ата дініміз бар, сол түпқазықтан ажырамай, татулығымызды сақтап, келісіммен ғұмыр кешсек, бүгінгіден де биік жетістіктерге жетеріміз анық, — деді Ж. Омар өз сөзінде.

Мұнан кейін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істер комитеті Дін істері мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті бойынша ғылым магистрі Айнұр Әбдірәсілқызы танымдық тұрғыда баяндама жасады. Ол өз баяндамасында зайырлылық ұғымының мән-мағынасы, зайырлылықтың шетелдік тәжірибесі, шектен шыққан діни ұстанымдардың мемлекетке төндіретін қауіп-қатері сияқты көптеген мәселелерге байланысты жиналғандарға мол мәлімет берді. Жиында басқа да  ғалымдар мен дін қызметкерлері де осы тақырып төңірегінде өз ой-пікірлерін білдірді.

Үздік журналистер марапатталды

cf121566b724bb0ca02aa6f00b281dccҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Талдықорғанда 25 үздік журналист марапатталды. Олардың бәрі де облыс әкімінің жүлдесі үшін жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін журналистер байқауының I орын жүлдегерлері атанып, дипломдар мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар тағы 51 журналист II және III дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Журналистерді құттықтаған облыс әкімі А. Баталов облыстың, соның ішінде Талдықорған қаласының дамуына қысқаша тоқталып, алдағы жоспарлары жайлы айтып берді.

— Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының, мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерде қалай орындалып жатқанын жазып та, көрсетіп те келесіздер, атқарылып жатқан игі істердің ішінде жүрсіздер. Сол үшін сіздерге ризашылығымды білдіремін. Біздің бірлесіп атқаратын іс-шараларымыз әлі деп көп болады деп ойлаймын, — деді А. Баталов құттықтау сөзінде.

Сондай-ақ журналистер атынан «Жетісу» газетінің бөлім меңгерушісі Қуаныш Тұңғатар, «Айқын» газетінің меншікті тілшісі Болат Абаған, «Огни Алатау» газетінің тілшісі Татьяна Демидова сөз сөйледі.

Жалпы байқауға республикалық, жергілікті БАҚ өкілдерінен 114 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 578 мақала, 110 бейнесюжет пен 94 фотоматериал қабылданған.

Бұл байқауда журналистердің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының, Қазақстан 2050 Стратегиясының, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жайлы материалдары сарапқа салынды.

Ақтөбе облысының прокуроры бір топ журналисті марапаттады

%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d1%82Қазақстан прокуратурасының құрылған күніне орай облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, әріптестік байланыста жұмыс жасап жүрген бір топ журналисті марапаттады. Кездесу дастарқан басында еркін форматта, ашық әңгіме түрінде өтті. Нұрғалым Әбдіров тәуелсіздік жылдарындағы прокуратураның қалыптасуын, жемісті кезеңдерін айтып берді.

— Бұл жылдар өсу, жетілу жылдары болды. Жемісті, жеңісті сәттер көп болды. Табиғатты қорғау саласында бірқатар ұтымды жұмыстар атқардық. Ілеспе газды пайдалану кезінде қорғашан ортаға келтірілген залал үшін 20 миллиард теңгеден астам қаражат мемлекет пайдасына өндіріп алынды, — деді облыс прокуроры.

Мемлекеттік қызметті стандарттаудың арқасында соңғы бес жылда азаматтардың арыз-шағымдары 10 есеге қысқарған. Сондай-ақ, облыс прокурорының айтуынша, өңірде ұрлық, пәтер тонау, топ болып қылмыс жасау, балалардың қылмысқа баруы сияқты деректер де соңғы жылдары сиреген.

aktobenews.kz

Шойын өндіру зауытының құрылысы аяқталды

aaa5149688948f98cda18a26da2dc035Кеше Индустрияландыру күніне орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен Жалпыұлттық Телекөпір барысында Текелі қаласында кенді қайта өңдеу кешенінде «OxyCup» инновациялық әдісімен шойын өндіру зауытының құрылысы аяқталғаны хабарланды.

Жаңа зауыт инновациялық әдіспен жылына 400 мың тоннаға жуық шойынды қайта илеуге қауқарлы. Мұнда Қарағанды облысындағы кен орнынан байытылып алынған жергілікті темір концентраты пайдаланылады. «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС директоры Бақыт Шалбаевтың айтуынша зауыт өзінің алғашқы қорытпасын Тәуелсіздікке 25 жыл толған күні өндіретін болады.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарына 650 адам жұмылдырылса, іске қосылуына 500 маман тартылмақ. Жұмсалған қаржы 8 млрд-тан астам теңгені құрайды.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Жобаның негізгі инвесторлары — «Горное бюро» ЖШС және «KSP Steel» Павлодар құбыр илек зауыты» ЖШС.

Мұнан кейін «Алматы — Қапшағай» автокөлік жолы құрылысының аяқталуы туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Берік Желдекбаев баяндады. Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы жол бөлімі» филиалының директоры Съезбек Әлішев «Алматы — Шу» темір жол вокзалы учаскесіндегі екінші жол құрылысының барысы туралы мәлімет берді.