Домой Блог Страница 196

«Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбайұлы мен Астана қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Сейтжанұлы Елорда жастарымен кездесті

«Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбайұлы мен Астана қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай  Сейтжанұлы Елорда жастарымен кездесті19 мамыр күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тірегім» жобасы аясында «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің төрағасы Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы мен Астана қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай  Сейтжанұлы  Есіловтың жастармен кездесуі өтті.

Шараның мақсаты – жастарда патриотизм сезімдері мен жауапты азаматтық ұстанымдарын қалыптастырып, оларға рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Шара аясында Өмірзақ Озғанбайұлы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру процессіндегі  реформаларына тоқталды.«Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан» зерттеу жұмысының авторы, білім жүйесінің үлгісін құруға үлесін қосқан ғалым Өмірзақ Озғанбайұлы Парламент Сенатының бірінші шақырылым депутаты ретінде Қазақстан Республикасындағы парламентаризмнің қалыптасу үрдісінің куәгері болды. Студенттер танымал қонақтардың әңгімелерін қызыға тыңдап, сұрақтарын қойды.

Шара ұйымдастырушысы – Астана қаласы жастар саясаты мәселелері  басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты.

zhastar.astana.kz

Астанада «Саябақтар маршы» акциясы өтті

Астанада «Саябақтар маршы» акциясы өтті21 мамыр күні Астана қаласында елордалық саябақтарды тазалау мен көгалдандыруға бағытталған жыл сайын өткізілетін «Саябақтар маршы» акциясы бастау алды.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты патриотизм және еңбекті қадірлеу бағытында тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және де Отанға сүйіспеншілік негізінде азаматтық сана-сезімді дамыту.

Акция аясындағы шара барысында белсеңді жастар Алматы ауданындағы саябақтарды тазалап қана қоймай, елорда демалыс аймақтарын көгалдандырып көріктендірді.

«Саябақтар маршы» акциясы еліміздің барлық аймақтарында жыл сайын өткізіледі және акцияға қатысып, саябақ қызметкерлеріне ағаш егу, тазалық жұмыстарын жүргізу және қоршаған ортаны жақсартуға көмектесуге ниет білдіруші жандардың қатары жылдан жылға артуда.

« Саябақтар  – қала адамдары үшін табиғат құшағына батып, демалып, ой сергітетін бірден-бір орын. Сол себепті баршамыз саябақ аймақтарын сақтауға және де көбейтуге ат салысып,  тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуіміз қажет», –  деп атап өтті «Жас Отан» жастар қанаты Хатшылығының басшысы Аян Сакошев.

Шара ұйымдастырушысы – Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты.

zhastar.astana.kz

Ең жас депутат Геннадий Шиповских жастармен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповскихтың жастармен кездесуі өтті. Ең жас депутат өз өмірі туралы баяндап, атқарып жатқан еңбектері мен алдағы жоспарларымен бөлісті. 

Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді. Қарапайым машинист көмекшісінің халық қалаулысы атағына қалайша қол жеткізгені жастар үшін қызық болды.

Аталмыш кездесуді Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастырды.

Қазақстандық бизнесмендер Шымкент қаласының инвестициялық потенциалын бағалады

0

image001

«Rixos Khadisha Shymkent» отелінде Қазақстанның әр аймақтарынан келген бизнесмендер қала әкімдігінің қолдауымен өткен «Шымкент – Қазақстанның үшінші мегаполисі» атты конференцияда аймақ пен облыс орталығының инвестициялық потенциалын талқылады.

image002

Осындай бизнес кездесулер ұйымдастыру туралы бастаманы «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жетістікке жеткен бизнесмендер мен әр түрлі бизнес-құрылымдардың басшылары бірігіп көтерген болатын. Шымкент қаласында алғаш өтіп отырған осы бизнес-конференцияға қатысушылар Қазақстанның түкпір-түкпірінен, атап айтқанда Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Қызылорда және Қарағанды қалаларынан келді.

image003
«Өзінің жұмыс сапарларында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қаланың даму потенциалын бірнеше мәрте атап өткен болатын. Кезекті бір сапарында Елбасы: «Адамға өмір бір рет беріледі, оны Шымкентте сүру керек» деген болатын. Сондықтан да қала әкімшілігінің негізгі мақсаттарының бірі – потенциалды инвесторларға жағымды жағдайлар жасау, оларды қаланың даму жобаларына көптеп тарту болып табылады»,- дейді қала әкімі Габидулла Абдрахимов.

image004

Бизнес-конференция қонақтары әуежайдан күтіп алынды. Қонақтар банкетте болып, және қонақүйде демалғаннан кейін, оларды қаламен таныстыру мақсатында бірден туристік автобуспен шолу экскурсиясына аттанды. Олар қаланың белсенді даму қарқындарын бағалап, индустриалді аймақтары және инфраструктураларымен жан-жақты танысып шықты.

image005
Бұл күндері Шымкент қаласында ауқымды мәдени шаралар өтіп жатыр еді. Орталық паркте делегаттар «Shymkent Art Days 2016» арт-фестивалінің үстінен түсті.

image006
Фестиваль барысында қала бірнеше күнге ашық рухани құндылықтар алаңына айналған болатын. Суретшілер, дизайнерлер және кез келген қала тұрғындары қазіргі өмірде болып жатқан оқиғаларға өз көзқарастарын білдіріп, фестивальда өз туындыларын көрсетіп жатты.

image007
Сонымен қоса, қала тұрғындары жалпы жүгіру марафонын өткізген болатын. Жарысқа бес мыңнан астам адам қатысып, олар бес километрден астам қашықтыққа жүгірді. Жарыс соңында қала әкімі Габидулла Абдрахимов марафон жеңімпаздарын марапаттап, артынан би флешмобтары мен тай-боксы бойынша мастер-класс өткізілді.

image008
Осылайша, көпшілік мәдени және спорттық шараларға қатысу арқасында шымкенттіктер өздерінің жан-жақты дамып жатқан халық екендігін тағы да дәлелдей білді.

image009
Бұл күндері қалада халықаралық «Ontustik Invest-2016» инвестициялық форумы да өз жұмысын бастаған болатын. Делегаттар оңтүстік қазақстандық тауар өндірушілер көрмесіне қатысып, шетелдік және жергілікті кәсіпкерлермен, мемлекеттік және дипломатиялық миссия өкілдерімен тілдесті.

image010
Мегаполистің даму мүмкіндіктері мен көлемін анықтағаннан кейін, делегаттар бизнес-кездесуге аттанып, сол жерде қаланың мәдени ошақтары мен инфраструктурасын дамытуға арналған өздерінің жобаларын ұсынды. Конференция барысында бизнесмендер ғимараттардың энергия тиімділіктерін жақсартатын, электрондық коммерция сияқты жобаларды, және де Шымкент қаласының инвестициялық мүмкіншіліктеріне жасалған сараптаманы талқылады. Бұл конференцияда Шымкент қаласының әкімдігі де жобаларға өз қызығушылығын танытып, оларды әрі дамытуға ат салысатындығын айтты.

image011
Бизнес-конференциядан кейін қонақтар Шымкент қаласының танымал туристік зоналарының бірі «Eco Village Kaskasu» пансионатына жол тартты. Экологиялық қалашыққа сапар шегу – қонақтар үшін бейресми түрде өзара емін-еркін араласып, шырайлы Шымкенттің таза ауасымен дем алып, сұлу табиғатын аралап, тамашалауға мүмкіншілік берді.

image012
Бұл кездесудің есте қаларлық оқиғасы ретінде Қазақстанның ірі мегаполистерінің бірін тұрақты түрде дамытуға және жетілдіруге жағдай туғызатын Шымкент Экономикалық форумын (ШЭФ) жыл сайын 13-мамырда осы қалада атап өту туралы әкімнің ұсынысын айтуға болады. ШЭФ құру барысында Габидулла Абдрахимов конференцияның барлық делегаттарына осы құрылымның акционерлері болуға, және де соған қатысты басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшелері мен төрағасын сайлау сияқты процедураларды өткізу керектігі туралы ұсыныс тастады.

Шымкент өмірінде болып жатқан осындай кең ауқымды, маңызы аса зор оқиғалар әлеуметтік желілерде де ескерусіз қалмады. Конференцияға қатысушылар осы бизнес-сапар туралы өз қуаныш сезімдерімен әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатты.

unspecified
Ескерте кетсек, биыл Шымкент қаласының инженер-коммуникациялық жүйелерін дамытуға бюджеттен 1,9 миллиард тенге бөлінген болатын, ал инвестиция көлемі 274,6 миллиард теңгені, оның ішінде жеке меншік инвестиция 172,3 миллиард теңгені құрады.

Футзалдан Әлем чемпионатында Қазақстан Аргентинамен кездеседі

Футзалдан Әлем чемпионатында Қазақстан Аргентинамен кездеседі2016 жылдың 10 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында Колумбияның үш қаласында — Медельин, Кали және Букарамангада футзалдан Әлем чемпионаты өтеді, деп жазды Sports.kz.

Бүгін түнде жеребе өтті. Оған сәйкес, Қазақстан «E» тобына түсті. Онда Аргентина, Коста-Рика және Соломон аралдары бар.

2016 жылғы Әлем чемпионатындағы топтық кезеңдегі Қазақстан құрамасының ойындар кестесі:

12 қыркүйек, Букараманга
Аргентина — Қазақстан

15 қыркүйек, Букараманга
Коста-Рика — Қазақстан

18 қыркүйек, Медельин
Қазақстан — Соломон аралдары.

Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті

0

index
Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-де ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі Нәзипа Шанаи, ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов және кеңестің мүшелері қатысты.

Басқосуда қазақстандық біртектілік пен жалпыұлттық бірлікті нығайту мен дамытудың іргетасы ретінде отбасылық құндылықтарды нығайту жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар, онда жастар тәрбиесі бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды дамытудың жайы сараланды. Отырыс барысында Аналар кеңесінің жұмысын ауыл-аймақтарда жандандыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Ең қиын мамандық – адам боп қалу…

Ең қиын мамандық – адам боп қалу…Дәл қазіргі кезең еліміздегі мыңдаған жасөспірімнің алаң көңіл күйде жүретін шағы. Себебі, оқу жылы аяқталуға таяу. Орта мектептің тоғызыншы және онбірінші сыныбының түлектерін «Қандай мамандықты таңдасам екен?» сауал үнемі мазалайды.  Бәрі де қай мамандықты таңдайтынын және оны таңдаған кезде қателеспеу керектігін ойлайды. Балаңыздың жаны қалаған мамандықты дұрыс таңдауы ең маңызды іс. Сондықтан осы кезде ата-ананың «Өзің шеш, өзің біл!» деп шеттеп қалуы үлкен қателік. Баланың өзіне салмақ сала, ақылдаса отырып жәрдемдескен жөн.
Ол үшін алдымен балаңыз қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керектігі туралы өзі ізденсін. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап тапсын. Ақпараттарды қайдан алуға болатынын қарастырсын.
Егер балаңыз бір мамандықты ұнатып, соған табан тіресе сол саламен бірге танысуға ерінбеген дұрыс. Мүмкіндігі болса балаңыз таңдаған саланың мамандарына бірге жолығып, бірге қызықтасаңыз тіпті жақсы.  Кәсіби мамандар өз жұмыстары туралы тартымды әңгімелер айтып берсе,  оның өзі таңдаған мамандығына деген қызығушылығы арта түседі.
Әрине, балаға білген ақыл-кеңесіңізді аямаған абзал. Кез келген жұмыс  мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар екенін түсіндіріңіз. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Дүниеде жаны қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар. Дұрысы, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың қатарында болу ғой.
«Ең қиын мамандық – адам болып қалу» депті бір ақылман. Мамандық таңдаушы жасөспірімдер шаруаның барлығы жақсы маман болумен шектеліп қалмайтынын күні бүгіннен түйсінсе жақсы. Бірер жыл озғанда түрлі мамандық иесі атанған жастар тек жеке басына пайда табамын деп емес, ұлтыма, отаныма қандай пайда келтіремін деген ынталы жүрекпен қоғамға араласса нұр үстіне нұр емес пе…

Төлеген Жәкітайұлы,

namys.kz

Қазығұрттағы индустриалды аймақта 4 жоба ашылмақ

0

index

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Т.Телғараев мәлім етті.

Оның айтуынша, индустриялды аймақта бүгінде жалпы құны 1,6 млрд. теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылуда. Осы жеңіл өнеркәсіп бағытындағы жобалардың биыл 4-і іске қосылып, нәтижесінде 100-ден астам азамат жұмыспен қамтылатын болады.

Ауданда өнеркәсіп өндірісі саласын дамыту басты назарда екенін айтқан аудан әкімі ашылатын өндіріс орындарына тоқталып өтті.

«Аталған аймақта жалпы құны 12 млн. АҚШ долларын құрайтын «Лотус Органикс» ЖШС-ның «Органикалық тыңайтқыш пен құрама жемшығару» жобасы жүзеге асырлады. Жоба үш кезеңнен тұрады осы жылы 5 га, 2017 жылы 1 га және 2018 жылы 2 га жер телімін алу арқылы толық қуаттылыққа шығып, 62 адам жұмысқа тартылатын болады», — деді аудан басшысы.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай индустриялды аймақта тамақ өндірісінде тез әзірленетін тағамдар өндірісі мен құрғақ сүт және сары май шығаратын жобалар және құрылыс материалдарын шығаратын екі жоба іске асырылуда.

Сонымен қатар, Қызылқия ауыл округінен «Salem консалтинг» ЖШС-і «Кіші ГЭС» жобасын салуды көздеп отыр. Сағатына 200 кВт электр энергия шығаратын бұл жобаға магистралды канал жанынан 1 га жер телімі бөлінген.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Түлкібаста «Таупістелі тағылымы» басқосуы өтті

taupisteli
Кеше Түлкібас ауданының Пістелі ауылында «Таупістелі тағылымы» басқосу жиыны өтті. Шараны аудандық «Мархабат –Мирас» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Түркі тілдес халықтардың әдебиетін дамыту, жас қаламгерлерге қолдау көрсету мақсатында алғаш рет ұйымдастырылған жиынға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдері мен Алматы, Астана және ОҚО аумағынан қаламгерлер мен ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты.

Шара барысында Пістелі ауылындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың «Түркі тілдес, түгел бол» қағидасы бойынша түрлі тақырыптарда талқылаулар болды. Сонымен қатар, жас таланттардың шығармашылығы талданып, жаңа кітаптардың тұсаукесерінің таныстырылымы өтті.

Айта өтейік, 2012 жылы құрылған «Мархабат –Мирас» қоғамдық қоры жергілікті әкімдікпен бірлесіп, жас ұрпақты отансүйгіштікке, көркем әдебиетке, «Мәңгілік ел» мұраттарына адалдыққа тәрбиелеуді көздейді. Сонымен қатар, қаламгерлерді қолдауда аудан көлемінде түрлі іс-шаралар өткізіп келеді.
Бұған дейін аталған қор «Шырайлым-Шұбарқызылым» жобасын сәтті өткізіп келген болатын.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

ОҚО-да БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілі жұмыс сапарымен болды

0

dsc_0094
Бүгін БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный бастаған делегация Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс тобы Шымкенттегі балаларға арналған бірнеше медициналық ұйымдарды аралады.

Делегация мүшелері, ең алдымен, «Нұрсат» шағын ауданындағы №4 облыстық балалар перинаталдық орталығында болды. Бас дәрігер Л.Үкібаева делегацияны медициналық ұйымның жұмыс барысымен таныстырып, ондағы нәрестелер мен аналардың жағдайларын көрсетті. Онда мамандар жүкті әйелдер мен нәрестелердің патологиялық бөлімдері туралы сөз етті.

Мұнан соң, делегация облыстық балалар ауруханасына барды. Бүгінде бұл облыс балаларына мамандандырылған және жоғары технологиялық көмек көрсететін ең ірі медициналық орталық болып саналады. Қонақтарды қарсы алған бас дәрігер А.Маймақов аурухананың тыныс-тіршілігімен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарының барысын баяндады. Сондай-ақ, бала жастағы ауруларды ықпалдастыра қарау жөніндегі тренинг-орталықтың қызметі жан-жақты көрсетілді.

Бағдарлама барысында БҰҰ Балалар қоры делегациясы инфекциялық ауруларды емдеу мен алдын алу жөніндегі «Ана мен бала» облыстық оңалту орталығында да болды. Бас дәрігер Б.Шериев мекеменің жұмысындағы басты бағыттарды атап көрсетіп, мекеменің ішін аралатты.

Жұмыс сапары соңында Ю.Оксамитный өз пікірімен бөлісіп, облыста денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, балалар мәселесіне байланысты халықаралық деңгейде бірлесе жұмыс істеуді кеңейте түсуге шақырды.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры – 190-нан аса елді қамтыған, балалардың құқын қорғайтын, олардың басты сұраныстарын қанағаттандыруға және жан-жақты даму мүмкіншіліктерін кеңейтуге ықпал ететін әлемдегі ірі ұйым болып табылады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі